400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 30 материал табылды

Қорқыттың нақыл сөздері

Материал туралы қысқаша түсінік
Қорқыттың нақыл сөздері 8-сынып қазақ әдебиеті пәнінен сабақ беретін ұстаздарға көмекші құрал
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сабақ:

Қазақ әдебиеті

Мектеп: Алматы облысы Көксу ауданы «Медеубай Құрманов атындағы

№ 2 орта мектеп» КММ


Күні:

Мұғалім: Алимбаланова Нурила Динислямовна

Сынып: 8

Қатысқандар саны:


Қатыспағандар саны: жоқ

Ұзақ мерзімді жоспардың тарауы

І бөлім: «Дананың сөзі – ақылдың көзі»

Сабақ реті:


Сабақтың

тақырыбы

«Қорқыт ата кітабының» құндылықтары


Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары

8.3.1.1. Шығарманың тақырыбы мен идеясын осы тектес басқа шығармалармен салыстырып, тарихи және көркемдік құндылығын бағалау.

Сабақ мақсаттары




Барлық оқушылар істей алады:

Шығарманың мазмұнын толық түсініп, тақырыбы мен идеясын анықтай алады.

Оқушылардың көпшілігі істей алады:

Ұқсас басқа шығармалармен салыстырмалы талдау жасай алады.

Кейбір оқушылар істей алады:

Шығарманың тарихы және көркемдік құндылығына баға бере алады.

Бағалау критерийлері


Шығарманың мазмұнын толық түсініп, тақырыбы мен идеясын анықтай алады.

Ұқсас басқа шығармалармен салыстырмалы талдау жасай алады.

Шығарманың тарихы және көркемдік құндылығына баға бере алады.

Ойлау дағдыларының деңгейі

Қолдану.

Тілдік мақсаттар

1.Сөз маржан.

«Қорқыт» сөзінің этимологиясы құтты адам, құт әкелетін адам.

Бөз-мақтадан тоқылған мата түрі;

Жабы-қазақтың күнделікті қолданыстағы жылқысы;

Бақыл-1.Бақұл бол,қош айтысу;

2.Риза,ықтияр;

3.Үн,дауыс,дыбыс;

Көріпкел-алдағыны болжағыш,адал,рухани таза адам;

Гәуірлер-көне сөз: кәпір деген ; ауыспалы мағынада ұрсу деген сөз.

Жәдігер- ескерткіш,мұра,жақсының көзі,тұяғы;

Мүсәпір-жоқшылықты,қиындықты көп көрген адам;

Болысу-көмектесу,өол ұшын беру;

Жұрым-көне сөз: жұлын,өмір;

2. Шығарманың тақырыбы мен идеясын салыстыруға арналған

пайдалы тілдік бірліктер:

... осы шығарманы басқа шығармалармен сәйкестендіре аласыз ба?

... байланысты ... құра аласыз ба?

... көркемдік құндылығына баға бере аласыз ба?

Құндылықтарға баулу

тарихтың, мәдениет пен тілдің біртұтастығы

Пәнаралық байланыс

Қазақстан тарихы, география пәнімен байланыстырамын.

Алдыңғы білім

Қорқыт ата туралы аңыздармен таныс

АКТ

Мәтіннен үзінді, презентация

С а б а қ т ы ң б а р ы с ы:

Жоспарлан-ған уақыт

Жоспарланған жаттығу түрлері

Ресурстар

І. Сабақтың

басы:



/1 минут /

















/2 минут /



























/2 минут/




Сыныптағы оқушылармен сәлемдесемін.

Сыныпта психологиялық ахуал қалыптастыру мақсатында «Шаттық шеңбері» әдісін пайдаланамын.

Қол алысып, қәне, біз, достасайық бәріміз!

(қол ұстасады)

Айтарым бар сендерге,тез тұрыңдар шеңберге.

(шеңбер болып тұра қалады)

Қандай жақсы достармен !

(қолдарын алға созады, саусақтары күн сияқты)

Қуанышты бөліскен.

(қолдарын екі жаққа созады).



Үй тапсырмасын тексеру мақсатында «Сәлем-сауқат» әдісін қолданамын. Сұрақтар қоржынынан шығатын ауыз әдебиеті, Қорқыттың дүниеге келуі туралы, мәңгілік өмірді іздеуі туралы сұрақтарға оқығандарымен бөліседі.


№№№№№№



Оқушыларды ұлттық аспаптар бейнеленген сурет қиындыларымен «Қобыз», «Шертер», «Домбыра» тобы деп

3 топқа топтастырамын.

Оқушыларға бүгінгі тақырыпты болжату мақсатында «Артығын тап» әдісін пайдаланамын.



Суретте бейнеленген ақын жазушылардың қазақ әдебиетінің негізін қалауда алатын орындары ерекше екенін, қазақ әдебиетінде артық тұлға еместігін айтамын.Сонда да болса оқушылар 7-сыныпта өткен ақын, жазушыларды есімізге түсірейік деп айтамын.

Оқушылар 7-сыныпта өткен ақын, жазушыларды еске түсіре отырып, берілген суреттерден ұлы ғұламалардың аттарын атап, мәліметтерімен бөліседі.

1. Жамбыл Жабаев – қазақ халық поэзиясының әйгілі тұлғасы, өлең сөздің дүлдүлі, жырау, жыршы.

2.Мұхтар  Әуезов – қазақтың ұлы жазушысы, қоғам қайраткері деп жауап береді. Сұрақ қоя отырып суретте бейнеленген үшінші тұлға кім екенін анықтаймын.

1. Суретте кім бейнеленгенін айтсаңыздар?

2. Қазақтың ұлттық аспабы қобыз туралы не айтар едіңіз?

Оқушы жауабы: Қорқыт ата - түркі халықтарына ортақ ұлы ойшыл, жырау, қобызшы, сонымен қатар ұлттық аспабы қобыздың авторы деп жауап береді.

«Дананың сөзі – ақылдың көзі»-дегендей ендеше бүгінгі сабағымыздың тақырыбы Қорқыт ата кітабының құндылықтары туралы болмақ.

Сабақтың мақсатымен таныстырамын.

Шығарманың тақырыбы мен идеясын осы тектес басқа шығармалармен салыстырып, тарихи және көркемдік құндылығын бағалау.





«Шаттық шеңбері» әдісі







«Сәлем-сауқат» әдісі

















Ұлттық аспаптар бейнеленген сурет қиындылары.







«Артығын тап» әдісі



Ақын,жазушы,

жыршылар суреті

ІІ. Сабақтың

ортасы:

/30 минут/

Топтармен жұмыс

Шығарманың мазмұнын түсініп, тақырыбы мен идеясын ұқсас басқа шығармалармен салыстырмалы талдау жасау үшін «Графикалық органайзерді» қолданамын.

Тапсырма «Қобыз» тобы:

Қорқыттың «Бәмсі Байрақ» шығармасының үзіндісі мен «Алпамыс батыр» жырының үзіндісін мұқият оқып, шығармалардың ортақ тақырыбы мен идеясын анықтатамын.

Шығарма атауы

Тақырыбы

Идеясы

Ортақ белгілері

«Бәмсі Байрақ»




«Алпамыс батыр»



Дескриптор:

- Қорқыттың «Бәмсі Байрақ» шығармасының үзіндісі мен «Алпамыс батыр» жырының үзіндісін мұқият оқиды;

- шығармалардың ортақ тақырыбын анықтайды;

- шығармалардың ортақ идеясын анықтайды;

ҚБ " Басбармақ" әдісін қолданамын.

«Жарайсың! Бәрекелді! Өте жақсы!» сөздерін тапсырманы орындау барысында қолданамын.

Шығарманың тарихи құндылығын бағалату үшін

«Төрт сөйлем» әдісін пайдаланамын. Оқушылар шығарманың тарихи құндылықтарын атап айтады:

  • бір перзентке зар болу;

  • бата тілеу;

  • той жасап қуанышын бөлісу;

  • құдалық дәстүрі;

Құндылықтар туралы білгендерін 1 сөйлеммен жаздырамын.

Тапсырма «Шертер» тобы:

  1. Пікір

  2. Дәлел

  3. Мысал

  4. Қорытынды

Дескриптор

- шығарманың ортақ құндылығын біледі.

- шығарманың ортақ құндылығына сөйлемдер жазады.

ҚБ " Басбармақ" әдісін қолданамын.

«Жарайсың! Бәрекелді! Өте жақсы!» сөздерін тапсырманы орындау барысында қолданамын.

Шығарманың көркемдік құндылығын бағалату үшін

«Қос диаграмма» органайзерін пайдаланамын.

Тапсырма «Домбыра» тобы:

Бәмсі –Байрақ пен Алпамыс батыр жырын салыстыра отырып оқып ортақ қасиеттерін табыңдар.



Shape1

Алпамыс батыр

Shape2

ортақ қасиет

Shape3

Бәмсі Байрақ батыр













Дескриптор

  • Бәмсі –Байрақ пен Алпамыс батыр жырын салыстыра отырып оқиды.

  • ортақ қасиеттерін табады.

ҚБ " Басбармақ" әдісін қолданамын.

«7 неге» әдісін басшылыққа ала отырып бүгінгі сабаққа байланысты оқушыларға қорытынды жасатамын.

1. Шығарманың идеясын анықтау үшін неге сүйендіңіз?

2. Шығарманың тарихы неге құнды деп ойлайсыз?

3. Біз неге шығармадағы кейіпкерлердің ерлігін өмірде қолданбаймыз?

4. Бану шешекке құда түсу үшін неге бірінші ағасы Қаршардың алдынан өту керек?

5. Байбөрі неге өкіріп жылады?

6.Жалпы оқиға желісі неге Сыр бойында болған?

7.Бәмсі Байрақтың алтын кесесі неге қолынан түсіп кетеді?

Дескриптор:

- оқушылар сабақтан алған әсерін толық ашып айтады.

Қ.Б.: «От шашу» әдісі арқылы бағалаймын.



«Графикалық органайзер»

































ҚБ " Басбармақ" әдісі



«Төрт сөйлем» әдісі



























ҚБ " Басбармақ" әдісі





«Қос диаграмма» органайзері

























ҚБ " Басбармақ" әдісі



«7 неге» әдісі



«От шашу» әдісі

ІІІ. Сабақтың

соңы:

/5 минут/

Оқушы үнін есту,білу мақсатында кері байланыс ретінде «Ашық хат» әдісін қолдана отырып,

"Мұғалімге хат" жаздырамын.

Тапсырма критерийі :

1. Мұғалімге бағытталуы

2. Ойын жүйелі жеткізе білуі

3. Алған әсерін сипаттауы

4. Тапсырмаларды орындау барысында түсінбеген сұрақтарын

нақты жеткізуі

Дескриптор:

1.Тарихи және көркемдік құндылығын бағалайды.

2.Берілген критерий бойынша алған әсерін сипаттап хат жазады.

3.Тапсырмаларды орындау барысында түсінбеген сұрақтарын

нақты жеткізеді.



«Ашық хат» әдісіОбъект 3





Үйге тапсырма:

«Ер елі үшін туады...» тақырыбнда 0эссе жазып келу.








Саралау – Сіз қандай тәсілмен

көбірек қолдау көрсетпексіз?

Сіз басқаларға қарағанда

қабілетті оқушыларға қандай

тапсырмалар бересіз?

Бағалау– Сіз

оқушылардың

материалды игеру

деңгейін қалай тексеруді

жоспарлап отырсыз?

Денсаулық және

қауіпсіздік техникасын

сақтау


Орта деңгейдегі оқушыға тапсырма.

1.Бәмсі Байрақ жырынан алған әсерлеріңе «Синквейн» әдісін қолданып бес жолды өлең құрастыртамын.

Дескриптор

1.Жырдың мағынасын оқиды.

2.Синквейн әдісіне салып,бес жолды өлең құрастырады.

Дарынды оқушыға тапсырма. 1.Жырда қандай салт-дәстүрлер көрініс табады?

Жырдағы салт-дәстүрлердің бүгінгі таңдағы маңыздылығы қандай?

1-пікір

2-сын

3-ұсыныс

Дескриптор

1. Жырда салт-дәстүрлерді біледі.

2.Салт-дәстүрлердің бүгінгі көрінісімен таныс.

3.Жырды салыстырады.

2. Бәмсі батырдың ерлігі сендерге қандай ой салды ?

5-5-1 әдісі арқылы өз ойын тұжырымдайды. Сабаққа байланысты 5 сөйлем құрастырады, сабақтың мақсатына байланысты 5 сөзді тауып алып, соның ішінен

1 түйінді сөзін бүкіл сыныппен бөліседі.

Дескриптор

1.Сабаққа байланысты 5 сөйлем құрастырады,

2.Сабақтың мақсатына байланысты 5 сөзді табады.

3.Түйінді сөзді бүкіл сыныппен бөліседі.

ҚБ: Одағай сөздер арқылы бағалаймын

1." Басбармақ" әдісін қолданамын.

Мұғалім тарапынан мадақтау.

Мадақтау сөздерді

«Жарайсың! Бәрекелді! Өте жақсы!» сөздерін тапсырманы орындау барысында қолданамын.

2.«От шашу» әдісі арқылы бағалаймын.

3. Одағай сөздер арқылы бағалаймын.

Сынып ішінде асықпай жүру.

Желім,түрлі-түсті фломастерлер,қарындаштар, қайшы,сызғыштармен жұмыс жүргізгенде оқушылар өте абай болуы керек.


Сабақ бойынша рефлексия

Мен үшін сабақ мақсаттары немесе оқу мақсаттары шынайы, қолжетімді болды ма? Барлық оқушылар оқу мақсатына қол жеткіздім бе? Егер оқушылар оқу мақсатына жетпеген болса, неліктен? Сабақта саралауды дұрыс жүргіздім бе? Сабақ кезеңдерінде уақытты тиімді пайдаландым ба? Сабақ жоспарынан ауытқулар болды ма және неліктен?


Жалпы бағалау

Сабақта ең жақсы өткен екі нәрсе (оқыту мен оқуға қатысты)?

1:

2:

Сабақтың бұдан да жақсы өтуіне не оң ықпал етер еді (оқыту мен оқуға қатысты)?

1:

2:

Осы сабақтың барысында мен сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістіктері/ қиыншылықтары туралы нені анықтадым, келесі сабақтарда не нәрсеге назар аудару қажет?


































1- қосымша


«Байбөрі баласы Бəмсі Байрақ» туралы жыр

«Байбөрі баласы Бəмсі Байрақ туралы жыр» — əлем əдебиетінен өзіндік орын алған батырлық эпос «Қорқыт ата кітабындағы» негізгі жырлардың бірі. Қазір біздің қолымызда «Қорқыт ата кітабының» қазақ тіліндегі екі аударма нұсқасы бар. Бірі — филология ғылымдарының докторы, профессор Əуелбек Қоңыратбаевтың орыс тілінен аударған нұсқасы. Бұл 1986 жылы Алматыдағы

«Жазушы» баспасынан жарық көрген. Енді бірі — Мəжит Əбузарұлының түрік тілінен аударған Шыңжан «Жастар-өрендер» баспасынан 1988 жылы жарық көрген нұсқасы. Біздің пайымдауымызша, екі нұсқанның аудармасында үлкен айырмашылық жоқ, негізінен ұқсас. Бірақ Қазақстанда жарық көрген басылымның тілі бізде жарық көрген нұсқаға қарағанда көнелеу, яғни байырғы сөздер молырақ, кейбір салтқа байланысты дүниелер де бұрынғы кезге жуықтау алынған. Ал Мəжит Əбузарұлының аудармасында исламдық түс өте басым, сондықтан біз Қазақстандағы аудармасын негіз етіп пайдаландық.

Тегін тектей келсек, «Қорқыт ата кітабы» — оғыздар мен қыпшақтарға тəуелді жыр, яғни оғыздар мен қыпшақтардың өмірі мен тұрмыс-тіршілігін, қоғамдық жағдайын, шаруашылық өмірін, олардың діни сенім-нанымдарын, салт-саналарын, оғыз ерлерінің өскен ел, туған жерін жат дұшпандардан, сыртқы шапқыншылықтардан қорғау сынды əлеуметтік тіршілікті бейнелеген жыр. Əйтсе де Қорқыт жөніндегі аңыздар қазақ халқында мол сақталған, əрі Қорқытты дүйім жұрт қазақ деп түсінеді (оғыз-қыпшақ түбі бір, ал қазақ-қыпшақ — бір ел). Сол себептен біз «Қорқыт ата кітабын» қазақ əдебиеті тарихына тəуелдеп келеміз. Кітапқа жазылған кіріспе сөзде профессор Əуелбек Қоңыратбаев: «Жырдағы таза көшпелі өмір суреті, тотемизм, шаманизм сарындарына қарасақ, Қорқыт жырларының алғашқы сюжеттері фольклор стилінде ерте замандарда Сыр бойында туған болады. Бұл тек селжүк (əзербайжан), түркімен (баяндүр) ортасында ғана туған жыр емес, сонымен бірге алғашқы арқауы Х ғасырдағы Сыр (Түркістан) тайпалары ортасында туып, кейін Кавказ, Анатолия жерінде хатқа түскен сюжеттер болмақ. Қорқыт жырлары Орта Азия, Кавказ, Қазақстан тайпаларына ортақ» деген пікірді ортаға салған [1].

Қорқыт жəне «Қорқыт ата кітабы» жайында сонау ХХ ғасырдың басынан тартып көптеген зерттеулер жарық көргені үшін жалпы кітаптың мəн-жайына біз тоқталып отырмаймыз. Ескертетін бір жайт, түрік ғалымы Ж.Б.Паксой көрсеткеніндей, «Алпамыс жəне Бамсы-Байрақ екеуі бір дастан» [2]. «Алпамыс» дастанының қазаққа тəуелді екені де — көптеген зерттеудің негізінен туындаған тұжырым. Сондықтан біз бұл дастандардың ортақтығы, варианттары, зерттелу барысы, тағы сол сияқты түйіндерге тоқталып отырмай, көтерген тақырыбымызға көшеміз.

Дастанда бейнеленген үйлену тойына қатысты салттар.

Үйлену — адамзат өміріндегі ең ізгі істің бірі. Ол ұзақ тарихтан бері жеке адамдардың, отбасының, сондай-ақ қоғамның көңіл бөлетін зор ісіне айналып келеді. Солай болғандығы үшін той қуанышына қатысты əр тарихи дəуірде ұлттардың діни сенім-нанымдарына, ұлттық психикасына, өмір сүріп жатқан қоғамдық ортасына қарай түрліше салт-дəстүрлер қалыптасып отырған. Айталық, бел құдалық, бесік құдалық, қызға ұрын бару, үкі тағу, қалың мал беру, əмеңгерлік т.б. Осыларға байланысты алып барылатын алуан түрлі ырым-жырымдар тағы бар. Бұлардың кейбіреулері ұзақ тарихтың көшінде, əр дəуірдің талғам-таразысының сұрыптауында қатардан қалса, кейбіреулері жалғасып бүгінге жетіп отыр. Ұмыт болып кеткен салттың кейбір үлгілері біз сөз қозғап отырған «Байбөрі баласы Бəмсі-Байрақ туралы жырда» кездеседі.

Қазақтың дəстүрлі салтында үйлену тойының басы құдалық, айттыру яки құда түсуден басталады. Екі жақ келіскеннен кейін күйеу ұрын барады, қалғаны осыдан кейін өз заңдылығы бойынша жалғаса береді. Енді осы салтқа байланысты баяндарды дастаннан іздеп көрейік.

Дастандағы баяндауға сүйенсек, тəңірден тілеу тілеп көрген балаларын Байбөрі бек пен Байбыжан бек бесікте атастырады. Байбөрінің ұлы Бəмсі Байрақ, Байбыжанның қызы Бану Шешек болатын. Күндерде бір күн Бəмсі Байрақ аң аулап жүріп, қызыл шатыр тігіп серуен құрып жүрген Бану Шешекке кездеседі. Бұрын бірін-бірі көрмеген екеуі жөн сұраса келіп, іштей біліскеннен кейін Бану Шешек өзінің кім екенін айтудан бұрын Бəмсі Байраққа шарт қояды.Ондағы шарты мыналар: аңға шығып жарысу, садақпен жамбы ату, күресіп сынасу. Бұл үшеуінде де Бəмсі Байрақ жеңеді. Сонымен қыз өзінің Бану Шешек екенін айтады. Оны білген Бəмсі Байрақ «қыздың бетінен үш рет сүйіп, бір рет тістеп алады. Одан соң біздің қосылатын тойымыз сəтті болсын деп саусағындағы алтын жүзігін алып қыздың қолына кигізеді».

Дүниеге келмеген балаға немесе бесіктегі нəрестеге ата-анасының келісімі бойынша құда түсу — қазақ халқында ертеде (негізінен бардам адамдарда немесе өте жақсы араласқан адамдар арасында) болған салт. Бұның нақтылы бір мысалы халқымыздың байырғы ғашықтық дастаны «Қозы Көрпеш — Баян Сұлуда» кездеседі. Онда Қарабай мен Сарыбай дүниеге келмеген балаларына құда болады. Кейін Қозының əкесі қаза болғандығы себепті, «баламды жетімге бермеймін» деп қыздың əкесі басқа жаққа қоныс аударады. Дастандағы трагедия осыдан басталады. Бұны біз əдебиет дей тұрсақ та, онда ежелгі салт-дəстүрдің бейнеленгендігін теріске шығаруға болмайды. Ал сүйген қалыңдығымен алғаш кездескенде оның бетінен сүю, бетінен тістеу салты өте ерте кезден келе жатқан салт-дəстүр үлгісі деп қарауға əбден болады. Бəлкім бұл беттен сүю немесе тістеу, одан соң белгі ретінде жүзігін жігіттің қызға беруі серт-уəденің айғағы болуы мүмкін. Бірақ бұл салт кейінгі заманға түбірінен жетпеген.

Дастанда құдалық сөйлесу, қалың мал беру жөнінде баяндар кездеседі. Айталық, Бəмсі Байрақ Бану Шешекпен кездесіп уəделескеннен кейін, Байбөрі құдалыққа сөйлесуге оғыз бектерінің ұйғарымы бойынша Қорқыт атаны жібереді. Қыз ауылына барған Қорқыт атадан қыздың ағасы Қарашар оның неге келгенін сұрайды. Сонда Қорқыт тұрып: «Мен сенің аспанмен таласқан қара тауыңның басына шықсам деп келдім, суы гүрілдеп аққан мөлдір суыңнан өтсем деп келдім, мен сенің кең етегіңнен еніп, тар қолтығыңа сыйсам деп келдім. Көктің бұйрығы, тəңірдің жолы деп мен сенің айдан ақ, күннен сұлу қарындасың Бану Шешекті Бəмсі Байраққа алып келсем деп келдім» деп жауап береді. Сонда қыздың ағасы Қарашар Қорқыттан қалың мал сұрайды. Ол қалың малдың түрі мынадай: келеге түспеген мың улек, үйірге түспеген мың айғыр, саулық көрмеген мың қошқар, құйрығы мен мойыны жоқ мың ит, мың бүрге. Бұны Қорқыт құп көреді, əрі тауып береді.

Құдалыққа сөйлесуге тілді-жақты, көпті көрген, шежіре-шешен, салттан хабары мол қарт адамды жіберу, ол адамның қарсы жаққа барғанда өз мақсатын төте айтпай, орағытып, астарлап, мақал-мəтелдеп айтуы, қалың мал сұрап, қалың мал беру — қазақ халқында ертеден жалғасын тауып келе жатқан дəстүр. Оны былай қойғанда, қазақ халқында бертінгі кезге дейін қыран тазы сұрайтын жігіттер болған, ондай жағдайда жігіт жағы берген тазының қарғыбауын алып қалады, дастандағы «құйрығы мен мойыны жоқ мың ит» сұрауы осымен қатысты деп мөлшерлеуімізге болады.

Қалың малдың арғы дерегі сонау бір заманда хан патшалығымен құда болған үйсіндер жайлы жазбалардан кездеседі. «Өздерімен жауласып отырған ғұндарға қарсы одақтас табу үшін, заманымыздан бұрынғы 119 жылы Хан Ұди патша Жаң Чяньды батыс өңіріне екінші рет аттандырғанда үйсін күнбиіне сəлем айтып, құдаласу ойы бар екенін білдіреді. Үйсін күнбиі басында қабылдамайды, бірақ кейін ғұндардың қысымынан сақтану үшін 109–110 жылдары елші жіберіп, жылқы тарту етіп, Хань хандығының ханшасын алып, олармен құдандалы болатындығын білдіреді, қалың малға мың жылқы береді [3]. Ал бертінгі кездегі деректер Ыбырай Алтынсарин, Н.И.Гродеков, Л.Ф.Баллюзек, Қ.Халиди қатарлылардың ХІХ ғасырдағы жазбаларында бірқатар егжей-тегжейлі баяндалады. Лев Федорович Баллюзек «Кіші Орда қазақтарында заң ретінде жүретін, тіпті қазірде кездесетін халықтық дəстүрлер» деген мақаласында қазақтардың құда түсу салтына тоқтала келіп, қалың мал жөнінде төмендегідей мазмұндарды көрсетеді.

Бірінші, бас жақсы, яғни ең асыл. Қазақтар күйеу жігіттен сол кездерде аса өмірлік мəні болған төрт түрлі зат алатын: а) құралайды көзге ататын мылтық; ə) сол кездегі барымта, өзара қырғи-қабақ жағдайда мейлінше қажет қару-жарақ; б) талай қиын-қыстау заманда ілдіртпей алып шығатын, қашса көз жаздырып, қуса құтқармайтын текті арғымақ; в) тұлғасы, түрі мен күші жағынан өте сирек кездесетін көшпелі тұрмысқа, əсіресе басын бəсекеге тігіп бір жерден екінші жерге ауысып із кестіріп жүретін жортуылшылар мен барымташыларға өте ыңғайлы мая.

Екінші, қара мал, күйеу жігіттің нақ құда түскен кезде төлейтін шығыны, яғни қалыңдықтың құны іспетті қазіргі айтылып жүрген қалың малдың ең ірі, іргелі бөлігі. Бұрынғы Кіші Ордада қалың малдың осындай бөлігі, жоғарыда айтылғандай, жиырма, дəлірек айтқанда, он алты ірі қара, ал қалған төртеуі осы он алтының ішінде міндетті түрде болуға тиіс. Аналық малдың алдағы төлдері есебінен толықтырылатын жиырма ірі қараға теңестіріледі.

Үшінші, ілу — күйеу жігіттің қалыңдығына алғаш барып, алғаш көрісуіне жол ашатын жол кəдесі. Ол ұрын келу деп те аталады. Орал облысында ілу он түйеге дейін жетеді.

Төртінші, той мал — неке қиярға дейінгі салтанатқа жұмсалатын кəде. Оның мөлшері түйе не малдың басқа бір түрі бастаған қыз жасауына сəйкес келеді.

Бесінші, сүтақы — ана сүтінің өтемі. Ол бір түйеден жеті түйеге дейін жетеді.

Алтыншы, жігіт түйе, қалым түйе, яғни қос түйе. Осының үстіне қалыңдықтың ата-анасы күйеу жігіттен өте сəнді тігілген той көйлегі мен ер-тұрман алады.

Аталған қалың малдың ең ауқаттылар мен орташалар арасында жүретіні мəлім [4]. Осының барлығы да халқымыздың тарихында қалың мал берудің салттық негізге ие екендігін аңғартады. Қалың мал қазір де бар, бірақ қоғам жаңаланды, заман өзгерді, адамдардың санасы оянды, үйленетін жастарға өкімет орындары жауапкершілікпен қарайтын болды. Сол себептен қазір қалың малға мылтық, сауыт, тазы қатарлыларды сұрау бүтіндей жоқ. Бірақ қалың мал салты түрлі формалар арқылы ел арасында жалғасын тауып келеді.

Дастанда тағы мынадай баяндар кездеседі: «Оғыз заманында жігіт үйленетін болса, əуелі садақтан оқ атып, сол оқ түскен жерге қалыңдық шатыры тігілуші еді. Байрақ та сондай оқ атты. Сол оқтың барып түскен жеріне оңаша отау тігілді. Қалыңдықтан оның пəктігін, тəн тазалығын білдіретін бір қызыл шекпен келген еді, оны Байрақ өзі киіп алды». Садақтан оқ атып, оқ түскен жерге отау тігу, ұзатылатын қыздың өз пəктігін білдіріп жігітке қызыл шекпен беру салты тым ерте кездің салты болса керек. Бəлкім, бұл жосын əдеттегі адамдар емес, ел батырлары сынды əйгілілерге қатысты жүрілетін болуы да мүмкін. Бұндай салтқа қатысты дүниелерді біз көбіне ауыз əдебиеті нұсқаларынан кездестіре аламыз. Одан бөлек «қыздың ерге шығу үшін үлкен тойдан бұрын мөлтек той өткізуі, үлкен тойда зүрне шалып, кепшік қағу (бұл музыка аспаптарының аты қазір кездеспейді, бəлкім, сырнай, даңғара болуы мүмкін), бикештердің айырым отырып қолдарын шапалақтап би билеп, өлең айтуы, оған қобыз қосып сүйемелдеу» сияқты мазмұндар кездеседі. Тойда бөлек отыру ертеден келе жатқан салт, онда өлең айту, күй шерту, би билеу болады. Бірақ шапалақ ұрып билейтін би қазір жоқ, оның қандай сипаттағы би екені бізге беймəлім. Бұл баяндаудан көз алдыңа өзгеше бір көрініс елестейді. Бұл сонау оғыздар заманында халық арасында жалпылық сипат алған, кейінгі замандардағы ұзатылатын қыздың сырын, сыңсыма айтуы я болмаса аужар, беташар сияқты салттық үлгіге қатысты ойын түрі болуы да мүмкін. Бұл жайында қазірше кесіп бір нəрсе айта алмаймыз, ол үшін түркі тілдес халықтардың ерте кездегі ғұрыптарына тереңдей ізденіс жасау қажет.

Дастанда бейнеленген өлім-жітімге байланысты салттар.

Өлім жөнелту əрқандай бір ұлт халықтары үшін алғанда мəңгілік өшпейтін салт болып есептеледі. Ол дəуірден дəуірге жалғаса бермек. Өлім болса, оған қатысты жоралғылар іске асып отырады. Осы жолғылар, бір жағынан, діндік сипат алса, енді, бір жағынан, ұлттық психикамен, ұлттық дүниетаныммен, салттық ғұрыптармен тіке байланысып жатады. Бұның ішінде діни наным- сенімнің алатын орны ерекше. Сондай болғандығы үшін қазіргі кезде қазақ, ұйғыр, қырғыз, татар, өзбек т.б. ислам дініне сенетін түркі тілдес халықтардың өлім-жітімге қатысты салттарын исламяттан бұрынғы жəне исламияттан кейінгі салттар сынды екі қайнардан қарастырады. Қазіргі кезде біздің ұстанған жолымыз — сол исламдық салт. Десе де, қазақ халқы ислам дінін қабылдағаннан кейін де бұрынғы салттардың кейбір факторларын қағыс қалдырмай жалғап келген. Мəселен, қара салу, қаза болушыларға арнап шырақ жағу, ат тұлдау, ас беру, жоқтау айту т.б. Осы салттардың арғы тегі біз сөз етіп отырған дастанда бейнелеу тапқан.

Дастанда Қорқыт ата Бану Шешектің аулына барып құдалық сөйлесіп қайтқаннан кейін, Байрақ оқ атып оқ түскен жерге отау тігеді. Отауда Байрақ қырық жігітімен той тойлап отырғанда оларды гаурлер басып алып, Байрақты тұтқындап кетеді. Бұл хабарды естіген Байрақтың əке-шешесі, қарындастары, достары қатты қайғыға батады. Байрақтың əкесі өзінің үлкен бөркін жерге ұрып, «оұлым, ұлым» деп еңірей бастайды. Байрақтың ақ шашты кəрі анасы да еңіреніп жылап, көздерінен ащы жас шықты, өткір тырнақтарымен бетін тырнады, маңдайын төбелеп, қарғаның қанатындай қап- қара шаштарын жұлды. Беті қып-қызыл қан болған еді. Байбөрінің бойжеткен қыздары да ойнап- күлмейді, ақ саусақтарына қына жақпады. Байрақтың жеті қарындасы ақ киімін тастап, қара киді. «О бегім менің, алтын ағам! Өзінің дегеніне жетпей кеткен, жалғыз ағам», — деп жылады. «Бану Шешек өзінің ақ көйлегін тастап қара киім киді. Құздың піскен алмасындай қып-қызыл беттерін жұлды»,— деп баяндалады. Бұдан өзге Байрақтың өлі-тірісін біліп келем деп кеткен Жалғаншы Жарташақ Байрақ өліпті деп хабар əкелгенде, қанды көйлекті көрген оғыз бектері ой бауырымдап, көрісіп жылай бастайды делінеді. Дастанда баяндалған қара жамылу, бет жыртып жылау, ой бауырымдап көрісу «Қорқыт ата кітабындағы» ең ақырғы дастан — сыртқы оғыздардың ішкі оғыздарға қарсы бас көтеруі жəне Байрақтың қалай өлтірілгені туралы жырда да кездеседі. Мəселен, Байрақтың қаза болғанын естігенде: «Бұл хабар Байрақтың əке-шешесіне жетті. Олардың ақ үйлері жылаған елге толды. Байрақтың шұбар атының құйрығын кесті. 40–50 жігіт қара киді. Байрағым, асыл туған ерім деп еңіреді»— деп, баяндалады.

Қазаға қайғыру, қазаны естірту, қара салу, ат тұлдау, ас беру, қамығып жоқтау айту — барлығы да қазақтың ежелден келе жатқан салты. Өлімге ой, бауырымдап бару, Іле, Тарбағатай өңірінде қазір де қаз қалпында сақталып келеді. Ертедегі бет жырту, күйеуі өлсе əйелін, сондай-ақ мінген атын, тірісінде істеткен қару-жарақтарын қоса көму салты бізге жетпеген, оған негізгі себептің бірі ислам дінінің ықпалы болса керек. Ислам дінінде қазаға қан төгіп жылауға тыйым салынған. Олай істеу қаза болған адамға ауыр келеді деп қараған.

Енді осы салтқа қатысты деректерге қарап көрелік. Солтүстік əулеттер тарихы 99 бума, 87 баяндағы түріктер жөніндегі баянда мынадай деп жазылған. Оларда өлген адамның мəйіті киіз үйге жайғастырылады. Балалары, немерелері, туыс-туғандары, ер-əйел демей, құрбандыққа жылқы, қой шалып, етін аруаққа атап, есіктерінің алдына жаяды да атқа мініп, үйді жеті айналып шығады. Содан үйге кірерде беттерін жыртып, дауыс қылады. Қан мен жас қосыла төгіледі. Жоқтау рəсімін осылай жеті рет қайталанғанда ғана аяқтайды. Содан соң, күннің сəтін таңдап өлген адамның тірісінде өзі мінген атын, тұтынған мүлкін денесімен бірге өртейді де белгілі бір мезгілде жерге көмеді. Жерлеу кезінде өлген адамның туыстары дəл өлген күндегідей тасаттық беріп, атпен шабады, беттерін жыртады. Қабірдің басына үй тұрғызылып, оның ішіне өлген адамның бейнесі салынған жəне оның тірі кезінде өткерген шайқастары жайлы белгі орнатылады. Əлбетте, егер ол бір адам өлтірсе, онда бір тас (бал) қойылады, кейбіреуінде ондай тастар жүзге, тіпті мыңға жетеді. Құрбандыққа шалынған қой мен жылқылардың басы қадаға ілінеді [5]. Сонымен қатар — еліміздің Ханзу жазбаларында сақталған дерек. Бұл дерек қазақтың ауыз əдебиетінен де орын алған. Қазақ халқының өлім-жітімге қатысты жырлардың бірі — жоқтау. Жоқтау — атадан балаға жалғасып келе жатқан салт. Ел арасында сақталған, оң жақта қалған əйелінің күйеуін жоқтаған мына бір жоқтауында біз сөз етіп отырған бет жырту, шаш жұлу сынды жағдайлар өте анық көрініс тапқан.

...Бас-бас елім, бас елім,

Басыңа келген осы өлім.

Бұл істі салған құдайым,

Қара бір шашым жаяйын,

Жаяйын да жылайын,

Күнəлі бармақ, жезтырнақ,

Күнінде қанға бояйын,

Албыраған ақша бет,

Сүйегіне таяйын,

Мөлдіреген қара көз,

Жаспен оны ояйын,

Алшаңдап жүрген жас төрем,

Орныңа кімді қояйын,

Орқаш та, орқаш, орқаш тау,

Бауыры толған көк бастау,

Топ ішінде қиын-ды,

Жалғыз енді сөз бастау,

Бастамасқа шарам не,

Басыма салған қарам не

Мен жыламай кім жылар,

Бетімдегі жарам не?... [6].

Ендеше, өлімде бетін тырнап қанату, жағасын жырту, шашын жұлу, оған қайғырып жоқтау айту

— өте ерте кездің салты. Бұл тек қазақ халқы ғана емес, түркі халықтарына ортақ. Осы сұраққа қатысты бейнелер дүнхуаң, кұчар мың үйлеріндегі там суреттерінде де бейнесін тапқан. Махмұт Қашқари «Түркі тілінің сөздігі» деп аталатын еңбегінде «ұлышды» деген сөзді түсіндіргенде, алып Ер Тоңғаның қазасы жайындағы жырдан «ерлер бөріден ұлып, жағаларын жыртып жылап еңіреді, үн шығарып жоқтап жырлады, жылап-сықтаудан көзі көрмей қалды» [7] деген мысалды келтіреді. Осының барлығы да «Бəмсі Байрақ» дастанындағы қазалы күймен ұқсас. Зерттеушілердің пікіріне сүйенсек, тірі адамның өз денесін зақымдап қан шығару арқылы қаза болушыға қайғыруы сынды бұл құбылыстың сипаты — аруақтың азабын жеңілдетіп, қорқынышты бəсеңдету, қаза болушыға арнайы адалдық, жақындық білдіру, қаза болушы мен тірілердің физиологиялық жақтағы қандастық қатынасын жалғастыру, тірілер өздерінен аққан қан арқылы қаза болушының о дүниеге баруына қуат беруі. Өйткені, ертедегі діни түсінік бойынша, адамның тəні өлгенімен, жаны өлмейді, ол қайта айналып, басқа формада дүниеге келеді деп есептеген. Бұл ерте кездегі шамандық дүниетанымның нəтижесі болатын. Иə, біз тілге тиек етіп отырған «Байбөрі баласы Бəмсі-Байрақ» туралы жырда халқымыздың салт-дəстүріне қатысты факторлар өте мол. Біз соның ішінен тек той жəне өлім-жітім салттарына қатысты кейбір баяндауларды ғана бөліп алып сөз қозғадық. Бұл тек осы дастан жайындағы жүйеден «Қорқыт ата кітабы жайындағы» ой толғанысымыздың бастамасы, үлкен ізденіске алғашқы беталыс деп білеміз. Себебі халқымыздың дəстүрін тану, ертедегі салт-сананы білу, сондай-ақ өшуге таяған іздерге қайтадан үңілу халық даналығына құрмет еткендіктің, ұлт мəртебесіне сүйенгендіктің, ата салтын ардақтағандықтың белгісі болып саналмақ. Ұлттық салт- дəстүрдің төркініне назар аудару келешек ұрпақтың бабалар басып өткен жолдарға, олардың сол бір сайранды да азапты күндерінің мəнін түсінуіне ауадай қажет.













































2-қосымша


АЛПАМЫС БАТЫР ЖЫРЫНАН ҮЗІНДІ

Бұрынғы өткен заманда Жиделі байсын деген жерде, Қоңырат деген елде Байбөрі деген бай өмір сүріпті. Ол қайыры мол, қолы ашық жан екен. Аш-арыққа ас-ауқатын беріп, кедей-міскінге қарайласып тұрыпты. Соның шарапатынан төрт түлігіне береке дарып, көбейе береді. Келе-келе түйесі сексен мыңға жетеді. Тоғай сайын мың жылқысы жайылып жүрді. Бірақ байдың көкірегінде бір арманы бар еді. Ол арманы бір перзент сүю екен. Байбөрі қартайғанша өз кіндігінен бала көрмепті. Жалғыз Құлтай деген немере інісі ғана болыпты. Жасы сексенге келген Байбөрі бір баланың жоқтығына налып:

– Уа, Құдайым! Сонша байлықты, ырыс-дәулетті еншіме берсең де, бәрінің құны бір ұлға татымады. Тілегімді берсең, жалғыз перзенттің жолына құрбан етер едім. Менің шаңырағымнан шақалақтың үні қашан шығар екен? – деп жалбарынды. Күні-түні еңіреп, кісесін мойнына салды. Мұңын естіген жандар оны аяп:

– Тәңірім, осы байға бір перзент бере гөр. Қайыр-сахауаты асқан кісі еді. Жұртына көп жақсылық қылып еді. Кеудесінде арман кетпесін, – деп қосыла тіледі. Осылай бай қапаланып жүргенде, інісі Құлтай ұлды болды. Байбөрі Құдайдың бұл бергеніне зор шүкіршілік етті. Шерлі жүрегін жұбатты, жабыққан көңілін демдеді. Ат шаптырып той жасап, баланың атын Сұлтан деп қойды. Бірақ күңнен туған баланың келбеті адам шошитындай еді. Кеудесі кепедей, мұрны төбедей, тістері кетпендей ақсиып тұратын. Ол иба-әдеп дегеннен жұрдай болып өсті. Байбөрі мен Құлтайға ақырып:

– Алжыған немелер! Малда не ақыларың бар? Көрге бірге алып кетейін деп пе едіңдер? Бұлар бәрібір маған қалады, – деп кеудесін соғатын. Көрші-қолаңды бездіріп, ақсақалдан именуді білмеді. Үлкеннің алдында айылын жимай, абыройсыздыққа белшеден батты. Бірде Байбөрінің жары Аналық жылап отырып:

– «өзіңнен тумай, ұл болмас» деген. Мұндай баланың барынан жоғы игі. Табан ет, маңдай теріңмен жинаған дәулет құл-құтанға қор бола ма деп қорқамын. Мақұл десең, Әзірет Сұлтанға түнеп, Алладан бір ұл тілейік. Әулиенің шарапаты тисе, ұлық Алла бір перзентін беріп қалар. Құдай момын пендесін құр қалдырмас, – деді. Байбөрі:

– Бәйбіше, сөзің жөн. Әулиеге барып зиярат етелік. Құрбандық шалып, қаріп-қасірге садақа берейік, – деді.

Ол қойдан қошқар, түйеден бура, жылқыдан айғырды таңдап сойып, жұртқа үлестірді. Алтын мен күмісін халыққа таратып, мұқтаж жандарды жарылқады. Сөйтіп бәйбішесімен сәрсенбінің сәтті күні жолға шықты. Арып-ашып сапар шекті. ұшқан құстың қанаты талатын шөлден жаяу өтті. Біраз күннен соң Әзірет Сұлтанның кесенесіне де жетті. Әулие басындағы шырақшыларға алып шыққан қазынасының жартысын таратты. Кесенеде жеті күн түнеп, Құдайдан тіледі. Аян болмай, қатты зарықты. Байбөрі:

– Алланың рахметінен үміт үзбелік. Әзіреті Қаратау әулиенің кені ғой. Бәрінің басына қонып тілесек, Құдай қабыл етер, – деді.

– Олай болса, жүрелік, – деді бәйбіше. Екеуі жүріп отырып, Бабатаға келді. Мұнда да үш күн қонып, перзент тіледі. Баптардың басын зиярат етті. Арада тоқсан күн өтті. Ешқандай нышан келмеді. Сонда да күдер үзбеді. Бір күні Жылыбұлақ деген көлдің жағасына жетті. Қалың шеңгелдің ішіне кіріп:

– Біздей мұңлық бар ма екен? Қартайғанда қубас атанам деп ойлап па едім? – деп егілді Байбөрі.

– Тәңірім, жұртқа берген бір шикі өкпені бізге де қисаңшы, – деп жалбарынды Аналық. Сол кезде бір шеңгелдің шыбығы бәйбішенің маңдайына қадалып қала жаздады. Бірақ сонда да қан шықпады. «Бұл бір керемет шеңгел екен» деп ойлады Аналық. Ол жаулығын жыртып, әр шеңгелдің басына ілді. Құптан уақыты да келді. Қатты шаршаған екеуі ұйқыға кетті. Таң сарғайып атып келе жатқан кез еді.

Сол уақыттар болғанда,

Көк есегі астында,

Ақ сәлдесі басында,

Сырлы асасы қолында,

өзі ақтың жолында,

Бір диуана келді де,

Асамен түртіп оятты.

Көкірегін оятып,

Бетіне бетін қаратып,

Есектен түспей тіл қатты:

«Ей, бишара, мүгедек,

Жаныңызға не керек?

Дейсің ғой: «Маған ұл керек!»

Әулиені қыдырдың,

Жердің жүзін сыдырдың,

Маңдайыңа төбелеп.

Әрқайсысының әртүрлі

Мәртебесі бір бөлек.

Сен үшін бәрі қиналды,

Бір жерге тегіс жиналды.

«Бір ұл бер, – деп, – осыған»

Бір жаратқан Құдайдың

Дәргейіне жылады.

Мен де тұрдым ішінде,

Әулиенің күші де.

Жаратушы жалғыз-ақ,

Дәргейіне ұнады.

ұнағанын сонан біл:

Бір қыз қосып сыйлады.

Сексен сегіз серулер,

Тоқсан тоғыз мың машайық –

Бәрінің көңілін қимады.

Менің атым – Шашты Әзіз,

Қыламын десең ықылас,

Жарылқады Жаратқан,

Ей, бишара, көзіңді аш!

ұлыңның аты – Алпамыс,

Қызыңның аты – Қарлығаш,

Атса, мылтық өтпейді,

Шапса, қылыш кеспейді,

Қалмақтармен болар қас.

Түрегел де, қолың жай,

Болады өзі өмір жас!»

Мұны естіген екеуі орнынан тұрып, диуананың қолынан сүйді. «Тәбәрік» деп, тонынан тұмарлық мата кесіп алды. Диуана бата бергеннен кейін ғайып болды.

– өңім бе, түсім бе? – деді Байбөрі.

– Шүкір, шүкір. Жабыққан көңілім жұбанды, тарыққан көңілім қуанды, – деп бәйбіше жылап жіберді. Олар елдеріне қайтты. Біраз күннен соң Аналық:

– Отағасы-ау, бойыма бірдеңе біткен сияқты. Қабыланның етін жегім кеп тұрғаны. Жүрегін қуырып жесем, жерігім басылар еді, – деді. Мұны естіген Байбөрінің қуаныштан есі шықты.

– Онда менімен бірге жүр. Сәті түссе, олжаға жолығармыз, – деп, қолына қара мылтығын алды. Аралға барып, қабылан атып алды. Бәйбіше қабыланның етін жеп, жерігін басты. Сөйтіп шат-шадыман қалыпта елге де келіп жетті. Қалың Қоңырат алдарынан шықты. Байбөрі ат шаптырып, той жасады. Жиылған кісілер құрсақ шашу жеп тарасты. Бәйбішенің босанатын сәті де жақындады. Қыз-келіншектер жарыс қазан жасады. Дүниеге іңгәлап шекесі торсықтай, маңдайы кере қарыс ұл келді. Ақ түйенің қарны жарылды. Ел-жұрт сүйінші сұрап, Байбөрінің шаңырағына ағылды:

– Алла әрдайым ісін оңдасын, Әулие-әнбиелер қолдасын, – деді абыз-қариялар.

– Ел-жұртына тірек болсын, дұшпанына түнек болсын, – деді ағайын-туыстары.

– Басына бақ қонсын, жүрегі нұрға толсын, – деп тілесті қоңсы жақындары. Баршасы ақ пейілмен баталарын берді. Сәбиге Алпамыс деп ат қойды. Бөбек отбасына құт болып, үш жылдан кейін бәйбіше бота көзді бір қыз туды. Баба түкті шашты Әзіздің өсиетімен оны Қарлығаш деп атады. Байбөрі арманына жеткендей болды.

Шекті елінде Сарыбай деген бай бар еді. Ол да перзентсіз болғандықтан, Байбөріге мұңдас еді. Бір-бірімен сөйлесіп, іштегі шерлерін тарқататын. Байбөрі:

– Біріміздің ұлымыз, біріміздің қызымыз болса, мың жылдық құда болар едік. Қыз бен ұлды қосып, тойларын жасап берсек, отауын тігіп беріп, қызығын көрсек, көңілде қиял қалмас еді-ау, – дейтін. Сарыбай да:

– Рас айтасың. Екеуміз құда болсақ, одан артық қандай бақыт бар? – дейтін. Алпамыс дүниеге келген кезде Сарыбайдың әйелі де бір қыз туды. Оның атын Гүлбаршын деп қойды. Екі бай бірінен бірі сүйінші сұратты. Төс түйістіріп, құда болды. Бірақ бірде Сарыбайдың кеудесіне «Алпамыс атадан жалғыз ғой. Егер жазатайым өліп кетсе, қызым ұлтан құлға қор болар. Ол тексізге қор еткенше, көшіп кетейін»деген арам ой түсті. Құдай алдындағы сертін бұзды. Шектіні де тегіс көшіріп әкетті. Бұл кезде Алпамыс он жасқа толған еді. Жас та болса, ақылымен Қоңырат еліне бас болды. Күш-қуаты тасып, майданға түсуге асық боп жүрді. Ойнап жүріп, біреуге қолы тисе, оны майып қылатын. Сондықтан барлық бала онымен ойнаудан қашты.

Бір күні Алпамыс өрмек тоқып отырған кемпірдің қасында ұйықтап жатқан баланы көріп:

– Ей, бала, тұр, ойнаймыз, – деп түртіп қалды. Бала оның түрткенін көтере алмай жан тапсырды. Кемпір:

– Ойбай, қу шешек! Жалғызымның түбіне жеттің-ау! Ойының осылғыр неме! Балаларға батырсынғанша, қашып кеткен қалыңдығың Гүлбаршынды қайтарып алмайсың ба? – деп зар иледі. Алпамысқа бұл сөздер қатты батты. Бойын ұят пен намыс билеп, «қайтсем де, қалыңдығымды алып келемін» деп, жылқыға жөнелді. Сол кезде жарап жүрген Байшұбар ат:

– Батырым, сенің жорықта көлігің, қиналғанда серігің боламын. Мені мін, – деді. Оның көркіне Алпамыстың көңілі толмады.

– Сендей лақса кімге керек? Мінбеймін, – деді ол. Көлденеңдеп кетпей қойғасын, ашуланып, құйрығынан ұстап лақтырды. Ат құламай, тақыр жерге төрт тағандап тұра қалды. Бала мұнда бір сыр бар екенін біліп, атқа жүген салды. Ерттегенде, сегіз жасар ат болды. Бала Шұбарға қарғып мінді.

– Аллам, өзің жар бола гөр. Жал-құйрығы жоқ жалғыз едім. Тілегіме жеткіз, досқа күлкі, дұшпанға таба қылма. Баба түкті шашты Әзіз пірім, өзің медет бер, – деді. Қайын жұртына қарай шауып ала жөнелді. Он екі айлық жолды он екі күнде басып өтті. Ел шетіне жеткенде, тасқа жазған хатты көрді. Қараман деген қалмақ батыры Гүлбаршынды аламын деп ауылды қоршап жатыр екен. Осының бәрін Гүлбаршын тасқа жазып кеткен екен. Бұдан кейін Алпамыс қайраттанып, аттың басын қоя берді. Қызыл найзасын қолына ұстап, жауға келіп тиді. Оның келгенін Гүлбаршын да біліп, сүйсініп тұрды. Ғайып ерен, қырық шілтен қолдап, Алпамыс жауды бет қаратпай қырды. Қараман да аттандап, қарсы шапты. Күркіреп сөйлей берді:

– Уа, бала! Қабырғаң қатпаған, бұғанаң бекімеген екен! Әуре болмай, үйіңе қайтсайшы, – деді.

– Аса сөйлеме, Қараман! Намысымды ит қалмаққа таптатып қоя алмаспын. Одан да тұрысатын жеріңді айт! – деді Алпамыс.

– Олай болса, кезегімді бер.

– Ал, ендеше,кезегіңді. Аянып қалма!

Қараман келген бетте Алпамысты шоқпарымен ұрып өтті. Алпамыс Аллаға жалбарынып, көмек сұрады. Орайы келген сәтте Алпамыс қалмақтың батырын соғып өтті.

Қараманды Алпамыс

ұрып-ұрып кетеді.

Қаршығадай қайрылып,

Ителгідей сүзіліп,

ұрып-ұрып өтеді.

ұрған сайын Қараман

Қарақұстай қалбаңдап,

Құрбаң-құрбаң етеді.

Алпамыс әккі қимылмен ұрыс салып, Қараманды өлтірді. Мерейі тасып, сән-салтанатпен Гүлбаршынды өзіне жар етті. Қалмақтарды бағындырып, атасы Сарыбайды сол елге хан сайлады. Бірнеше ай жатқасын, бір күні еліне қайтуды ойлады. Халқын жинап, рұқсат сұрады. Қайын жұрты ақылдасып, қырық нарға зер артып, алтын отаумен екеуін шығарып салды. Бірнеше күн жол жүріп, өзінің еліне келді.

Алпамыс батыр еліне келсе, әкесінің жылқысын Тайшық хан деген қалмақ шауып әкетіпті. «Мал ашуы мен жан ашуы бір» дегендей, Байбөрі бұл қорлыққа төзбеді. Баласы мен келініне қуанбады, келген дүниеге көңілі алданбады. Алпамыстың алдынан шығып:

– ұлым, қалмақта кегім кетті. «Ежелгі дұшпан ел болмас» дейтін еді. Мал-мүлкімді талапайлап, асылымды атына өңгеріп әкетті. Аттан түспей, тез аттан! Тарыққанда Баба түкті шашты Әзіз медет берсін. Ғайып ерен, қырық шілтен шылауыңда жүрсін, – деді. Алпамыс Тайшықтың артынан қумаққа бекінді. Үйіне түсіп, бір кесе сусын ішпеді. Халқы жиналып келіп:

– Ей, шырағым, Алпамыс, жалғыздың үні шықпас, жаяудың шаңы шықпас. Үйіңе түсіп, беліңді шеш. Намысқа тұрар ерлер көп, бәрін жинап бар! – деді. Алпамыс:

– Жұртым, жалғыздың жары бір Құдай емес пе?! Бір Алла қолдаса, мың дұшпаннан бағым асар. «Ер жолдасы – тәуекел» деп аттандым. Маған шын жандарыңыз ашыса, ата-анама қамқор болыңыздар. Әйелімнің ішінде жеті айлық бала қалып барады. ұл туса, атын Жәдігер қойыңыздар, – деді.

Осыны айтып, Алпамыс батыр Тайшыққа қарай жол тартты.

Қалмақтың ханы Тайшық түнде түс көрді. Түсінен шошынып, ел-жұртын жинап:

– Мен бір түс көрдім. Түсімде жаман іс көрдім. Басымдағы тәж, дәулетім жерге құлады. Бір арыстан шаћарымды талады. Қаламды қанға бояды, ұлдарымды құл, қыздарымды күң қылды. Бір жас батыр шұбар атқа мініп келе жатқан тәрізді. Сол тұлпардың дүбірі құлағыма келіп тұр. Оған қызымды берсем, бәледен құтыла аламын ба? – деді.

Көріпкелдер:

– Е, тақсыр, «түс – түлкінің боғы» деген, қорықпаңыз, ешнәрсе етпейді, – деп жұбатты. Тайшық хан:

– Жоқ, оларың болмайды. Ойласып, бұл бәледен құтылар жолды табыңдар! – деді. Ешкім амал таба алмады. Сол кезде жасы үш жүзге жеткен, көрінгенмен ұрысқан, қабағы қатып тырысқан бір мыстан кемпір келді. Ол:

– Сіз өзіңіз патша бола тұра, жалғыз қызыңыз Қаракөзайымды жауға беремін дегеніңіз қалай? Менің самайынан ірің аққан таз балам бар. Соған қызыңды берсең, дұшпаныңды өзіңе құл етемін, – деді. Тайшық:

– Жаудың сағын сындырсаң болды. Тілегіңді орындаймын, – деді. Мыстан қырық отау, қырық шөлмек шарап алды. Ханның қызы Қаракөзайымды бас қылып, қырық қыз алды. Қырық отауды Алпамыстың жолына тіктіріп, қырық қызды келіншекше киіндірді. Сөйтіп Алпамыстың жолын тосты.

Алпамыс көп ұзамай мыстанға келіп жолықты. Мыстан батырды көре салысымен, шеңгелді құшақтап зарлап жата кетті. Алпамыс одан:

– Не қылып жүрген жансыз? – деп жөн сұрады. Кемпір еңіреп қоя берді:

– Ойбай, шырағым, менің күткенім сен едің. Байбөрінің жылқысын Тайшық хан айдап алып кетіп еді. Менің қырық балам бар еді. Бәрі де сол жылқыны құтқарып аламыз деп өлді. Сен малыңды іздеп, кегіңді алуға келе жатыр екенсің. Талабыңа нұр жаусын! Алдымен, отауға кіріп, деміңді ал. Қырық келінім саған қызмет көрсетсін, – деп алдады. Байшұбар ат оның арамдығын біліп, кемпірді қос аяқтап тепті. Сонда мыстан азғырып:

– Алпамысжан, шұбардың басын кесіп таста. Басқа жүйрік ат тауып берейін, – деді. «Батыр – аңқау, ер – көдек» деген. Оның сөзіне ерген батыр қанжарын көтеріп, аттың басын шапты. Сол сәт пірлері қолын қағып жіберді. Қанжары қара тасқа кіріп кетіп, әрең алды. Кемпір оны отауға кіргізіп, шарапқа әбден тойдырды. ұйықтаған соң, отаудың бәрін үстіне жығып өртеді. Баба түкті шашты Әзіз Алпамыстың тәніне қалқан болып, еш жерін күйік шалмады. Болмағасын, мыстан от ішінен байлап алып, Тайшық ханның қолына берді. Батырды атса, оқ өтпеді, шапса, қылыш кеспеді. Кәміл пірлері демеп тұрды. Көрген кісілер «Батырға оқ дарымайды, батылға жау жоламайды» деген осы екен-ау» деп аңыз етісті. Амалы таусылған Тайшық оны зынданға тастатты. Алпамыс есін жиғаннан кейін алданғанын білді. Құдайдан жәрдем тіледі:

– Жаратқан Ием, өзің пана болмасаң, халім мүшкіл. Бір өзіңді жадыма алып, жәрдем сұраймын. Мені дұшпанның тұзағынан құтқара гөр. Кәміл пірлерім сендерден медет тілеймін, – деді. Мұңын шағып, жалғыздығын айтып налыды. Оған күнде бір мысық таба нан әкеліп тастап жүрді. Соны жеп, Алпамыс батыр аш болмады. Бұл кезде Шұбар ат ешкімге әл бермей, алдына келгенін тістеп, артына келгенін тепті. Ақыры патша ұсталарға темір үй соқтырып, Шұбарды соған қаматты. Мыстан ханға келіп қызын сұрады. Тайшық жиырмаға толғанда, қызын мыстанның ұлына ұзатпаққа уәде берді. Хан қызының арманы Алпамыстың қайда жатқанын білу еді. Әкесінен тоғыз жыл өткенше, сауық-сайран құруға рұқсат сұрады. Бәсіре етіп жүз серке беруін өтінді. Хан оған қуанып, рұқсат берді. Сөйтіп, Қаракөзайым қасына қырық қыз нөкерін ертіп, сауық құрды. Серкелерді Кейқуат атты бір құл бағып жүрді. Бірде бір серке ойнақтап жүріп, зынданның ішіне түсіп кетті. Кейқуат ордың басына, Алпамыстың қасына келіп, айқай салды:

– Ей, Алпамыс, қайдасың, серкем түсіп кетті, шығарып бер, әйтпесе Қаракөзайым ұрсады, – деді. Алпамыс:

– Сен маған серкеңнің күніне біреуін беріп тұр. Егер ордан аман шықсам, өзімнен бұрын сені мұратыңа жеткіземін, – деді. Кейқуат ашуланып:

– Жеті қабат жердің астында жатып, мақсатқа жеткіземін дейсің. Сенің қолыңнан не келеді? Одан да өзіңді жоқ қылайын, – деп, бір диірмен тасты дөңгелетіп әкеліп, үстіне тастап жіберді. Алпамыс тасты қағып алып, қайта лақтырып жіберді. Тас Кейқуаттың басынан асып кетті. Кейқуаттың зәресі ұшып кетті. Ол сасып қалды. «Осының айтқанын қылайын, өлсем – өлейін, өлмесем – жақсылығын көрейін» деп ойланды. Серкенің күніне біреуін беріп тұрды. Сөйтіп жүріп серкенің бәрін тауысты. Алпамысқа келіп:

– Ей, Алпамыс, серке таусылды, не қыламын? – деді. Алпамыс:

– Мен серкелердің мүйізі мен қабырғасынан сырнай істеп қойдым. Соны қыздардың жолына барып тарт, сені олар ұстап алып: «Сырнайды кім жасады?» – деп сұрайды. Сен жауап берме. Қаракөзайымға ғана жеткіз, – деді. Кейқуат сырнайды алып, қыздар жүретін жолға келіп тартты. Сырнайдың сазды үні қыздарды баурап алды. Қыздар естіп, оған келіп: «Ей, Кейқуат, мұны кім жасады, қайдан алдың?» – деп сұрады. Кейқуат айтпады. Қаракөзайым «Маған шынын айтатын шығар» деп, оңаша шығарып сұрады. Алпамыстың аман екенін естіп, жүрегі алып-ұшты. Кейқуатқа жалынып жүріп, зынданға жетті.

Қаракөзайым зынданға үңіліп:

– Алпамыс, бармысың? – деді. Алпамыс:

– Бармын, – деп жауап берді. Қаракөзайым:

– Сені іздеп жүргеніме жеті жыл болды. Саған қандай көмек бере аламын? – деді.

– Сен мені құтқара алмассың. Шұбар атым қайда? Сол ғана шығара алады, – деді Алпамыс.

– Атың патшаның қолында, жеті қабат темір үйде. Сыртынан көп адам бағады. Мені оның маңайынан да жүргізбейді, – деді Қаракөзайым. Алпамыс:

– Қамзолыма неше жылдан бері терімнің иісі сіңіп еді. Осыны ішіңнен киіп, шашыңды түй. Диуана кейпінде барып, атты үйрете аламын де. Сонда олар Шұбарды еркіңе береді, – деді. Қыз:

– Айтқаның болсын, – деп, қамзолды киіп, шашын түйіп алды. Дәруіш кейпінде әкесінің ордасын аралап жүрді. Иесінің иісін сезген Шұбар ат темір үйді теуіп, талқан қылды. Бағып тұрған қалмақтар қашып кетті. Тұлпар оқыранып келіп, диуананың қойнына тұмсығын тығып тұра қалды.

Тайшық мұны көріп таңғалды. Ол:

– Ей, диуана, сен Алпамыстың өзімісің, болмаса, көзімісің? – деп сұрады. Диуана:

– Е, патша, Алпамыс менен он есе үлкен емес пе? – деді. Патша:

– Иә, Алпамыс сенен үлкен. Сен кімсің? – деді. Диуана:

– Байшұбар құнан кезінде ит тиіп ауырған еді. Мен үшкіріп жазған едім. Содан маған бауыр басып қалған болатын. Енді басындағы мұңын шағып жылап тұр, – деді. Патша:

– Ей, диуана, осы Шұбарды үйретіп берші! Қалағаныңды берейін, – деді. Диуана келісіп, Алпамыстың қару-жарағын сұратты. Патша бәрін түгендеп берді. Диуана Алпамыстың қару-жарағын, киім-кешегін алып, Шұбар атты жетектеп, орға келді. Зынданға арқан салып, бар қуатымен Алпамысты шығарып алды. Алпамыс атқа мініп, «Алла» деп есін жинады. Құдайға мінәжат қылды.

Қысылғанда қолдай көр,

Әкеме берген аруақ!

Түп қара ағашы қасында,

Ақ шеңгелдің басында

Жылы бұлақ, бір бұлақ,

Армандамын бара алмай,

Басыңа жағып жұп шырақ!

Қолдай көр бүгін балаңды,

Сіздер жарсыз, біздертақ.

Ол бөгелмей, ханның ордасын шапты. Тайшық хан Алпамысқа қарсы жүз мың әскер шығарды. Алпамыс жүз мың әскерді жайпап өте шықты. Тайшықтың жалғыз ұлын жекпе-жекте өлтірді. Аллаға жалбарынып, пірлерге сыйынды.

Қаланың аузын қан қылды,

Қақпаның аузын шаң қылды,

Айдарлысын құл қылды,

Тұлымдысын тұл қылды,

Көрген түсін Тайшықтың

өтірік емес, шын қылды.

Алпамыс өзін алдаған мыстанды сүңгіге түйреді. Сұрапыл соғыста найзасы қысқарып, таяқ болды, қылышы қысқарып, пышақ болды. Қанша күн сүргін салып, жауды тұқыртты. Қалмаққа Кейқуатты патша етіп қойды. ұлан-асыр той жасап, Қаракөзайымға үйленді.

Алпамыс бір күні түс көрді. Түсінде Алла аян берді. Елінің жаны айдауда, малы қамауда екен. Қасірет шеккен ата-анасын көріп, ұлтан құлдың зобалаңын білді. Оянған соң екі көзі жасқа шыланды. Байшұбар атты ерттеп алып, еліне қайтуды ойлады. Қаракөзайым үзеңгіге асылып:

– Шынымен де кеттің бе, батырым? Жолыңа жаным құрбан болсын. Сенімен еріп, еліңе мен де барайын. Тастамашы мені, – деп жалынды. Оған Алпамыс:

– «Әйелдің шашы ұзын, ақылы қысқа» деген осы-ау. Мен қайрылмай кетіп бара жатқан жоқпын ғой. Айналып келер алтын қазығымның бірі өзің емес пе едің?– деп жұбатты. Жүрегі шаттыққа толған Қаракөзайым оған ақ жол тіледі. Осылайша Шұбар ат күніне тынбай шауып отырып, елдің шетіне де ілінді. Алпамыс батыр келе жатса, жолында бір шатыр тұр. Шатырға келсе, ішінде бес бек ұйықтап жатыр. Біреу мосыға шай қайнатып отыр. Біресе жылайды, біресе қалғып кетеді. Қараса, Тортай деген ағайыны екен. Бес бек Алпамыстың жылқысын бағатын бес құлы екен. Бұл бесеуін танығасын, диуана кейпінде:

– Аға, бұл кімнің жылқысы? – деп сұрады. Тортай:

– Бұл – Байбөрінің жылқысы. Бірақ ұлтан құл бәрін өзі иеленіп алды. Алпамыс деген ұлы бар еді. Арыстан туған ұлан еді. Жауда кеткен кегімді аламын деп майданға аттанған. Содан бері хабар-ошар жоқ, – деп көзіне жас алды. Бұл сөзді естіген бес бек:

– Ей, қақпас, Алпамысты бізден сұра, Алпамыс қалмақтың қолында өліп кеткен. Ел қыдырған диуана не біледі? Шайыңды қайнат! – деп ұрсып тастады. Алпамыс батыр араша түсіп:

– Бектер, бұларың қалай? Мені сыйлаңдар. Қарт адамға тиіспеңдер, – деді. Бектер оның сөзіне құлақ аспады. Алпамыс бес құлды қылышпен шауып өлтірді. өзінің Алпамыс екенін айтып, ағасымен жылап көрісті. Елдің жайын сұрағанда ағасы:

– Несін сұрайсың, шырағым? Құлдың дәурені жүрді. Әкеңе түйе бақтырып, атаң Құлтайды қойдың соңына салды. ұлың Жәдігерді жалаң аяқ, жалаң бас қозы бақтырып қойды. Гүлбаршынды әйелдікке аламын деп жүр. Тілімді алсаң, ертерек бар, – деді. Алпамыс мұны естіп, дереу аттанып кетті. Әкесі Байбөрімен, атасы Құлтаймен көрісті. Жәдігермен қауышып, мауқын басты.

Алпамыс диуана кейпінде елге келді. Гүлбаршынға өзінің Алпамыс екенін айтты. Ешкім тигізе алмай жатқан жамбыны садақпен көздеп атып, ұлтан құлға: «Бәйгемді бер!» – деп келді. Сонда ғана Алпамысты таныған ұлтан құл қаша жөнелді. Жәдігер оны қуалап жүріп, найзасымен шаншып өлтірді. Сөйтіп Алпамыс жау мен құлда кеткен кегін қайтарды. Жұртымен табысып, қуанышқа кенелді.

Тозып кеткен ел-жұртын

Тегіс жиып алады.

Тентегі мен телісін

Түзетіп, жөнге салады.

Атасы мен анасын

Боз биенің сүтіне

Шомылдырып алады.

Әкесін таққа мінгізіп,

Сыртынан өзі қарады. Осылайша Алпамыс барлық мақсат-мұратына жетті.

 






Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
6 ұстаз жүктеп алған
16 ақпан
1443
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі