Материалдар / Қорқыттың нақыл сөздері Қазақ әдебиеті 8 сынып
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Қорқыттың нақыл сөздері Қазақ әдебиеті 8 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Нақыл сөздерге өз көзқарасын білдіреді, үзінділерді өңдеу тәсілін меңгереді, креативті жазба жұмысын орындайды
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
25 Қаңтар 2020
715
5 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Қысқа мерзімді сабақ жоспары

Ұзақ мерзімді жоспардың тарауы : « Дананың сөзі - ақылдың көзі »

Күні: 11.10.2019

Мектеп: Казталов ауданы, Қарасу орта жалпы білім беретін мектебі

Мұғалімнің аты жөні : Харесова Зульфат Танатаровна

Сынып : 8

Қатысқандар : 11

Қатыспағандар: 0

Сабақтың тақырыбы:

Қорқыттың нақыл сөздері

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары ( оқу бағдарламасына сілтеме)

8.2.4.1.Шығармадан алған үзінділерді қайта өңдеп креативті жазу.

Сабақ мақсаты:

Нақыл сөздерге өз көзқарасын білдіреді, үзінділерді өңдеу тәсілін меңгереді, креативті жазба жұмысын орындайды .

Бағалау критерийлері :

1.нақыл сөздердің мағынасын ашады.

2.үзінділерді қайта өңдеп, креативті жаза алады, өзіндік пікір білдіре алады.

Тілдік мақсаттар :

Пәнге қатысты сөздік қор мен терминдер: нақыл сөздер, мақал -мәтелдер, креативті жазу, афоризмдер, даналық ойлар.

Талқылауға арналған сұрақтар :

1. Не себепті Қорқыттың нақыл сөздері бүгінгі күнге дейін құнын жоғалтпаған ?

2.Қорқыттың нақыл сөздері арқылы болашақ жастарға қандай тәрбие береміз?

Құндылықтарды дарыту :

Тарихи, мәдени құндылықтарды бойына сіңіріп, қадірлеп, қастерлеуге баулу.

Пәнаралық байланыс

Тарих, музыка, қазақ тілі.

Тақырып бойынша алдыңғы білім

Қорқыт ата туралы біледі, Қорқыттың нақыл сөздерін оқып танысты, өз көзқарастарын білдіре алады.

Сабақтың кезеңдері

Жоспарланған жұмыс түрлері

Дереккөз

Сабақтың басы

Ұйымдастыру бөлімі :

Қызығушылықты ояту

Психологиялық ахуал. Шаттық шеңбері . Оқушылар тақта алдына шығып, шеңберге тұрып, көңіл – күйлерін көтеру мақсатында « Жүректен жүрекке » тренингін орындайды. Содан кейін қоржыннан кесінді парақшалар алып, парақшада көрсетілген сөздер бойынша топқа бөлінеді, парақшадағы сөздер : «ҮЛГІ», «ӨНЕГЕ». Берілген сөздерді өткен тақырыппен байланыстыра талдау арқылы бүгінгі тақырып

« Қорқыттың нақыл сөздері » екені таныстырылады.

Оқушыларға оқу мақсаты мен бағалау критерийі таныстырылады.

«Арқа мен арқа » әдісі арқылы арқасымен тіресіп тұрып, Қорқыт өмірі туралы сұрақ- жауап арқылы ой бөліседі.

« Болжау » әдісі . Талқылау сұрақтары

  • Нақыл сөздер дегеніміз не?

  • Қорқыттың нақыл сөздері дегенді қалай түсінеміз?

ҚБ: Мұғалімнің мадақтама сөзі: « Керемет! », « Жарайсың! », «Тамаша!»

Сабақтың ортасы



























































Сабақтың соңы


І топ . Тапсырма . « Екі жақты түсініктеме күнделігі » әдісі бойынша Қорқыт атаның нақыл сөздері мен мақал - мәтелдерді салыстыру.

Қорқыттың нақыл сөздері

Қазіргі қолданыстағы Қорқыт нақыл сөздерінің мәнін ашатын қазақтың мақал -мәтелдері

1. Қыз анадан көрмейінше, өнеге алмас, Ұл атадан көрмейінше, сапар шекпес.

2. Ананың көңілі балада болар.

3. Баба атын шығармаған жігерсіз ұл баба белін бүгілткенше, бүгілтпегені игі.

4.Жат баланы қанша сақтасаң да ол ұл болмас, ол ішіп жер, киер де кетер, бірақ көрдім демес.

5. Бас аман болса, бөрік табылады.

6.Қыз анадан көрмейінше, өнеге алмас, Ұл атадан көрмейінше, сапар шекпес.

7. Ажал жетпей, өлмек жоқ.






1. Әке көрген оқ жонар, Шеше көрген тон пішер.

2. Ананың көңілі балада, баланың көңілі далада.

3Жақсы бала әкесінің есіктен басын төрге сүйрер, Жаман бала әкесінің төрдегі басын есікке сүйрер.

4.Кісі баласы кісендесең де тұрмайды. Ер - туған жеріне, Ит - туған жеріне.

5. Бас аманның малы түгел.

6. Анасын көріп, қызын ал,

Аяғын көріп асын іш.

7.Ажал жетпей, жан шықпас.

Дескриптор :

- нақыл сөздердің мазмұнын ашады.

- мазмұнына сәйкес өздері мақал - мәтелдерді тауып, салыстырады.

ҚБ: «Жетістік критерийі » бойынша топтағы оқушылар бір- бірін бағалайды.

ІІ тапсырма .

« Кувертка » әдісі бойынша А 4 парағы екіге бүктелініп, жұпта кезек- кезек идеялар жазылып, ой бөліседі, креативті пікірді анықтайды.

Дескриптор:

- нақыл сөздердің идеясын анықтайды

- өзіндік ой пікірлерін айтады

- ерекше креативті пікірді ортаға ұсынады. .

ҚБ : «Екі жұлдыз, бір тілек» әдісі бойынша.

Саралау. « Диалог және қолдау ».
























3-тапсырма . Екі топқа да бірдей . « Даналық бұрышы» стратегиясы.

Оқушылар « Даналық бұрышында » жазулы тұрған нақыл сөздердің ішінен бір тақырыпты алып, өзіндік креативті пікір білдіріп, өңдеп жазады.

Дескриптор: 1. Нақыл сөздердің ойын анықтайды.

2. Нақыл сөздердің құндылығына баға береді.

ҚБ : « От шашу » бойынша топтағы оқушылар бір- бірін бағалайды .



Рефлексия .

Кері байланыс. « 3,2,1 » әдісі бойынша . Бүгінгі сабақ бойынша оқушылар үшін

« 3 » - үш аспект ( үш маңызды ақпарат)

« 2 » - бүгінгі сабақта қиындық туғызған 2 әрекет

« 1 » - ұнаған іс - әрекет











Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!