Қоршаған орта

Тақырып бойынша 31 материал табылды

Қоршаған орта

Материал туралы қысқаша түсінік
Қоршаған ортаны аялау
Материалдың қысқаша нұсқасы

Бөлім

Табиғатты пайдалану және геоэкология

Педагогтың аты-жөні


Күні


Сынып 11 «Ә»

Қатысушылар саны

Қатыспағандар саны

Сабақтың тақырыбы

Қоршаған ортаның антропогендік өзгеруі

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

11.3.2.1 - қоршаған ортаның антропогендік өзгерістерін жіктеу

Сабақтың мақсаты

- қоршаған ортаның антропогендік өзгерістерін жіктеу;

Бағалау критерииі

қоршаған ортаның антропогендік өзгерістерін жіктейді.

қоршаған ортаның антропогендік өзгерістерін талдайды.

Сабақтың кезеңі/ уақыты

Мұғалімнің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Басы

. Қызығушылықты ояту үшін миға шабуыл.

  • Суреттердің қиындылларында сан жасырылады, топтарға бірігеді;

  • Суреттерінде не бейнеленгенін сипаттайды

Сыни тұрғыдан ойлауға «Түрткі, сынақтан өткізу, қайта бағыттау» сұрақтары

1.Географиялық білім не үшін қажет?

2.Неліктен?

3.Географиялық білімдерді алған жағдайда қандай мамандықтарға қол жеткізуге болады?

Сабақтың тақырыбы мен мақсатымен таныстыру

Оқу мақсатымен, тілдік мақсатпен танысады;

Жетістік критерийлерін болжайды;

Жетістік критерийлерімен танысады.

Сабақты түсіндіру видеоролик арқылы.

Оқушы өз жұбын табады

Әдіс арқылы қайталау

Сұрақ жауап орындайды






http://bestreferat.kz/extra_rkd/show/59



Ортасы

Сабақтың мақсаты мен бағалау критерийі анықталады.

Мақсаты: қоршаған ортаның антропогендік өзгерістерін жіктеу

Мұғалім әрекеті:

  • Тақтадан графикалық органайзерді көрсетеді;

  • Графикалық органайзермен жұмыстану нұсқаулығын түсіндіреді;

Оқушы әрекеті:

  • Графикалық органайзерді «Инсерт» әдісі бойынша талдайды;

  • «Ойлан-жұптас-бөліс» әдісі бойынша жұбымен талқылайды;

  • Жұмыстарын келесі жұппен бөліседі;

  • Жұптар бір-бірін бағалайды.


Бағалау критерийі:

Қолдану

қоршаған ортаның антропогендік өзгерістерін жіктейді.

Талдау

қоршаған ортаның антропогендік өзгерістерін талдайды.

Дескриптор:

  • Қоршаған ортаға әсер ететін антропогендік факторларды жіктейді;

  • Антропогендік факторларды зерттейді;

  • Жаңа ұғымдарды түсіндіреді;

  • Қорытынды жасайды.

Бағалау критерийлері:

1.Антропогендік факторлардың түрлерін анықтайды,жаңа терминдермен танысады

2.Антропогендік факторларды жіктейді,графикалық түрде ұсынады

3.Антропогендік факторлардың біреуін таңдап,рекультивация жасап,ландшафтық дизайнын ұсынады

Мәтінді инсерт әдісі арқылы талдау

Озоносфераның бұзылуы

1980 жылдары Антарктидадағы ғылыми жұмыс станцияларында жүргізілген зерттеулерден атмосферадағы озон құрамының төмендегені байқалған. Осы құбылыс- «озон тесігі» деген атау алды. 1987 жылдың көктемінде Антарктиданың үстіндегі «озон тесігі» барынша үлкейіп, оның ауданы шамамен 7 млн км² -ді құрады .Алайда озон қабаты үшін ең қауіпті заттар - үй тұрмысы мен өнеркәсіпте пайдаланатын мұздатқыштар мен аэрозольді баллондарда пайдаланатын фреондар. Осы заттар атмосфераның жоғарғы қабаттарына көтерілгенде қарқынды түрде озонды бұзатын хлор немесе басқа галогендердің атомын түзетін фотохимиялық ыдырауға ұшырайды, ал олар әрі қарай озонның оттегіне айналу процесін жылдамдатады. Дүние жүзі бойынша шамамен 1,3 млн тонна озон ыдыратушы заттар өндіріліп отырған. Оның 35%-ын АҚШ, 40%-ын Европа елдері, 10-12%-ын Жапония, 7-10%- ын Ресей өндіреді.Озон қабатының бұзылуы адам денсаулығы мен қоршаған ортаға өте зиян екендігі ресми түрде де айтылуда.Озоносфераның бұзылуы орны толмас жағдайларға, тері ісік ауруының күрт көбеюіне, көз катарактасына, жүйке жүйесінің әлсіреуіне, мұхиттағы планктонның жоғалуына, өсімдіктер мен жануарлар әлемінің мутациясына алып келеді.Озон қабатын сақтау үшін халықаралық келісімдер қажет. 1987 ж. Монреаль хаттамасында фреондарды өндіру және пайдалануды бақылау жайында 70 мемлекет арасында келісім жасалды. Ол құжат бойынша озон қабатына қауіпті фреондарды өндіру 2010 жылға дейін тоқтатылуы керек болатын.

Парникті эффект (жылу эффекті).

Жанғыш қазбаларды өртеу және басқа да өнеркәсіптік процестер әсерінен бөлініп, атмосферада жинақталатын көмір қышқыл газ (С02 ), көмірсутектер, яғни, метан (СН4), этан (С2Н6) және т.бгаздары парникті эффектінің пайда болуына алып келеді. Бұлтсыз ауа райы ашық кезде күн сәулелері Жер бетіне оңай жетіп топырақ, өсімдіктер жамылғысымен сіңіріледі. Жер беті қызған соң жылу энергиясын ұзын толқынды сәулелену түрінде атмосфераға қайта береді. Алайда бұл жылу энергиясы атмосферада шашырамай жоғарыда айтылған газдардың молекулаларымен сіңіріліп,молекулалардың қарқынды қозғалысына және температураның көтерілуіне алып келеді. С02-нің концентрациясы жыл сайын 0,8-1,5 мг/кг-ға көтерілуде. Зерттеулер бойынша СО2-нің мөлшері ауада екі есе көбейсе, орташа температура 3°С-5°С-қа көтеріледі. Бұл өз кезегінде климаттың ғаламдық жылуына, яғни, Антарктидадағы мұздықтардың жаппай еруіне, Әлемдік мұхиттың орташа деңгейінің көтерілуіне, көптеген жердің су астында қалуына және басқа да жағымсыз жағдайларға алып келеді.1997 ж. Киото хаттамасынасәйкес, өнеркәсібі дамыған елдер 2008-2012 жылдары 1990 жылмен салыстырғанда парникті газдардың атмосфераға бөлінуін 55%-ға дейін азайту керек. 2000 жылы Гаага қаласында өткен конференцияда әрбір индустриалды елде зиянды заттарды атмосфераға бөлуді азайтудың ұлттық саясаты жүргізілу керектігі туралы шешім қабылданды.

Қышқыл жаңбырлар.

Ғаламдық негізгі экологиялық проблемалардың бірі атмосферадағы ластаушы заттардың ұзақ қашықтықтарға тасымалдануы. Күкірт диоксиді мен азот оксидтерінің жуылуы күкірт жөне азотқышқылдарының түзілуіне әсер етеді. Түзілген қышқылдар және олардың қосылыстары жауған жауын- шашынның құрамында, қардың, жер бетіндегі су айдындарында және топырақтың құрамында кездесіп экожүйелерге жағымсыз әсер етуде. Қышқыл жаңбырлардан қылқан жапырақты ормандар қатты зардап шегеді. Қышқыл жаңбырлар топырақ қышқылдығын тудырады.Атмосфераны күкірт диоксидінен қорғау, оларды ауа бассейнінің жоғары қабаттарында шашырату арқылы жүзеге асыруға болады. Ол үшін жылу электр орталықтары мұржаларының биіктігі 180, 250, тіпті 370 м биіктікте болуы керек. Одан басқа жолы - отынды пайдаланбас бұрын құрамындағы күкіртті отынды бөліп алу қажет.

Әлемдік мұхит проблемалары.

Әлемдік мұхиттың зиянды және улы заттармен, мұнаймен және мұнай өнімдерімен, радиоактивті заттармен ластануы үлкен алаңдатушылық тудырып отыр. Жағалаудағы суларға жыл сайын 320 млн тонна темір, 6,5 млн тонна, фосфор, 2,3 млн тонна қорғасын бөлінуде. 1995 жылы тек Қара теңіз бен Азов теңіздерінің өзіне ғана 7,7 млрд/м3 лас тұрмыстық және өнеркәсіптік ағын сулар төгілген1945-1947 жылдары кеңес, ағылшын және американдық команда басқармалары қолға түскен және өздерінің улы заттары бар (иприт, фосген) 300 мың тонна оқ-дәрілері суға батырылды. Суға батыру операциялары асығыс, экологиялық қауіпсіздік нормалары сақталмай жасалды. Мұнаймен ластанудың екі түрлі қаупі бар: біріншіден, су бетінде теңіз фаунасы мен флорасына қажетті оттегіні жібермейтін пленка түзіледі; екіншіден, мұнайдың өзі жартылай ыдырауы ұзақ уақытқа созылатын улы зат болып есептеледі. Судың құрамында мұнайдың мөлшері 10- 15 мг/кг жағдайда планктон мен майда шабақтар қырылып қалады. Үлкен танкерлердің апатқа ұшырауы кезінде мұнай өнімдерінің суға төгілуін нағыз экологиялық катастрофа деп айтуға болады.Соңғы уақытта Әлемдік мұхитты қорғауға арналған бірнеше құжаттар қабылданды. 1972 жылы Лондонда жоғары және орташа деңгейдегі радиациялар қалдықтарымен теңіздерді ластауды тоқтату бойынша Конвенцияға қол қойылды. 70-ші жылдардың басынан бері 10 теңізді бірге игеретін әлемнің 120 мемлекетін біріктіретін БҰҰ-ның «Аймақтық теңіз» экологиялық бағдарламасы жұмыс жасап келеді.Қара теңізді ластанудан қорғау бойынша Конвенция (Бухарест, 1992 ж.)

«Террикондар» - шахтадан кен қабатына жеткенге дейінгі шыққан бос жыныстардың үйінділері. Қарағанды шахталарының төңірегінде мұндай террикондар көп. Террикондар түтіндеп маңайдағы ауаны ластайды.Қазір өркениетті елдерде бұл көрініске өзгеріс ене бастады. Бірқатар террикондар мүлде жойылды.Көмірі таусылған ескі шахталардың орнын бос тау жыныстарымен толтырады.Бірқатары тегістеліп,террасарларға айналдырылады. Ол жерге құнарлы топырақ төгіліп,ағаш,бұта,шөп егіледі.Террикондардың біразы шахтер ауылына көрік беретін жасыл желекке айналды.

Карьер-Ашық карьерлерден өндірілген пайдалы қазбалар орнында орасан зор шұңқырлар қалады. Беткі қабатын ашқандағы тау жыныстары төңірегінде тау-тау болып үйіледі. Мұндай карьерлердің орнына қолдан көл жасап, айналасына ағаш отырғызған тиімді.Ондай жерлерді демалыс орны ретінде пайдалануға болады. Мұнай мен газ өндіргенде жер беті қандай өзгеріске ұшырайтынын ешкім ойлаған емес.Мұнай мен газ өндірген жер қойнауында қалған орасан зор қуысқа жер беті шөге бастағанысебеп болғаны анықталған. 60-жылдары жер беті кей жерде 8 м дейін шөккен.Нәтижесінде қалалар көп зиян шекті. Жер бетінің шөгуі тездеп,жылына 80см. жеткен.Ғалымдар бұл залалдан құтылу жолын жедел іздестірді. Ақыры бос орынға су айдап толтыруды шешті. Тәжірибе бірден оң нәтиже берді.Жер бетінің шөгуі бірден тоқтады. Ендігі жерде газ бен мұнай өндірілетін аймақтарда жер қойнауында міндетті түрде су жіберілетін болды.


Тапсырма 1


Таңдауың бойынша қоршаған ортаға әсер еткен антропогендік факторға кластер құру және оны шешу мәселесін ұсыну.


1-топ. Қоршаған ортаға әсер ететін антропагендік факторларды жаз

2-топ. Қоршаған ортаға әсер ететін антропагендік факторлардың шешу жолын ұсыну

3-топ. Қоршаған ортаға әсер ететін антропагендік факторлардың неліктен көп екенін жаз.


Тапсырма

2.Географиялық дереккөздермен жұмыс




3-тапсырма

Кім жылдам –әдісі арқылы тапсырма беріледі

Сурет қиындыларын біріктіреді.

Бағалау критерийлері

Тап-сырма

Дескрипторлар

+

-

Білім алушы орындай алды

1.Антропогендік факторлардың түрлерін анықтайды, жаңа терминдермен танысады


1

Антропогендік факторлардың түрлерін біледі, терминдерге байланысты сәйкестендіру кестесін дұрыс толтыра алады


2.Антропогендік факторларды жіктейді,шешу ұсынады

2

Антропогендік факторларды жіктеді ұсынды


3.Антропогендік факторлардың біреуін таңдап,неліктен көп екенін ұсынады

3

Антропогендік фактордытаңдап,көптігін түсіндіріп ұсына алды




Слайдта көрсетілген ресурстарды талқылайды



Видеороликтан тақырыпқа сай берілген түсініктерді дамыту арқылы, мәтіндегі тапсырмаларды орындау барысында ой өрісін жетілдіру арқылы бәсекелеседі













Слайдта берілген сұрақ жауапты орындайды

Сұрақ жауап арқылы сұраққа жауап береді, логикалық ойлай білуі мен сыни көзқарасы таныта білу дағдылары қалыптасады

Смаликтер арқылы

ҚБ өзін өзі бағалау







































ҚБ «Бәрекелді,әттеген-ай»




Бағалау парақшасын толтырады.



ҚБ Бағдаршам



1. Ф липчарт, фломастер

Сабақтыңсоңы


Сабақты бекіту:

1.Географиялық білім көздеріне нелер жатады?

2.Жергілікті жерді танып білу үшін қандай құралдарды қолданамыз?

3.Жергілікті жердің табиғатын білу қаншалықты маңызды деп ойлайсың?

Қаншалықты түсінгенін, түсінбеген жерін, жіберген қателіктерін күнделікке толтыру. (5мин)

Не үйрендім?

Не қиын болды?

Түсінбеген жерім




Бақылаушының бағалау парағы

Рефлексия

Оқушы мен мұғалім кері байланысы.

Өз-өзін бағалау ауызша жүзеге асады.

Оқушылар мына сұрақтарға жауап бере отырып, сабақта туындаған ойларын тізбектейді:

  • Алдымен біз былай деп ойладық.....

  • Одан кейін біз мына проблемаға тап болдық.............

  • Проблеманы шешу үшін......жасадық.

  • Бұдан біз..................көрдік.

  • Демек, бұл мынаны білдіреді.................

Сонымен біз.................деген шешімге келдік

Бағалау

Жетістік критерийлері бойынша

Үй жұмысы

мазмұндау

Бүгінгі сабақтан түйген ойлары мен тұжырымдарына байланысты кері байланыс жасайды.


Рефлексия парағы

Қосымша ақпарат

Саралау –оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндетқоюдыжоспарлапотырсыз?

Бағалау - оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық пен қауіпсіздік техникасының сақталуы



Мұғалімнің ауызша кері байланысы

Ақпарат іздестіру кезінде қауіпсіздік ережелерін сақтау










1-ТОП





2-ТОП





3-ТОП





Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
20.10.2025
65
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі