қоршаған ортамен танысу 0 сынып

Тақырып бойынша 11 материал табылды

қоршаған ортамен танысу 0 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
қоршаған ортамен танысу
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Бәйтерек» ересектер тобының 8 наурыз мерекесіне арналған

«Ана –өмір шуағы»атты мерекелік бағдарламасы.

Жүргізуші сөзі:Құрметті аналар,апалар,әжелер 8наурыз мерекесіне арналған мерекелік бағдарламаны қабылыңыздар.

Гүл көтеріп көшеде сайраңдаймыз,

Самалы боп көңілдің жайраңдаймыз,

Сегізінші наурыздың көктем тойын

Аналардың тойы деп мейрамдаймыз.

Дала гүлін сыйлық үшін жинаймыз.

Кейде оны жұлуға да қимаймыз,

Бұл гүлдерді қуанышты сәттерде,

Шын жүректен аналарға сыйлаймыз.

Фанфари :Ұлдар кіреді.Біздің жігіттер(музыка)

О.Алинұр: -Жігіттер қыздар қайда? Көрінбейді ғой.

Омар: -Көркем,Аяла,Мәриям қыздар аналарды құттықтауды ұмытып кетті ма екен?

Машина сигнал береді.

Музыка ойнайды.Қыздар музыкамен кіреді.Қазақ қыздары.(Музыка)

Жалпы би.Көңілді әуенмен.

Хормен : «Құттықтаймын анашым!!»

Тақпақтар:

1.Диас:Ақ қабақты анашым,

Күн сәулелі анашым.

Әлпештеген баласын

Айналайын анашым.

Анам,Анам,ақ анам

Мен өзіңдей ақ балаң,

Айтқан тілді аламын.

Жұмсағанда барамын.

2.Аяла:Жарқын жүзді жан анам

Сендей болсын бар адам

Сендей болса бар адам

Шаттық кетпес баладан.

Әр сөзімді жаттаған,

Жүрегімде сақтаған.

Анашым деп мақтанам

Айналайын ақ мамам.

3.Ерасыл:

Анам менің сүйіктім.

Тек өзіңе табынам.

Қасымда жүрсең биікпін.

Алыстасаң сағынам.

Анаң болса қасыңда Басқа бақыт не керек

Аналардың жүрегі.

Мейірімді ғой керемет.

4.Мәриям:Көктем күні керемет

Жаңбыр жауар себелеп

Күн ашылса болғаны

Көлбеңдейді көбелек.


5.О.Нұрәлі:

Бөбегіңнің сыйлығын.

Қабыл алшы анашым

Ұзақ өмір жүз жасап,

Ауырмашы анашым.

Жанымызды жайнатқан.

Сіздер гой аналар.

Зор денсаулық мол бақыт.

Тілейміз біз балалар.

Би: «Көктем вальсі»

Көктем ханшайымы кіреді.

Көктем ханшайымы:Сәлеметсіңдерме балалар аналар,әжелер,қыздар бүгінгі көктемнің мерекесі құтты болсын.Мен мына сарайға өзімнің жылуымды ,шуағымды ала келдім.Мына сарай түрленсін деп көбелектерімді ерте келдім.

Би: «Көбелектер»

Мен сендерге өзімнің сүйікті ойынымды ойнағым келеді.Келіңдер бірге ойнайық.

Ойын көктеммен. «Гүл тасу»

Жүргізуші сөзі: Ардақты ана , аяулы ана қымбаттым.

Тәтті ұйқыңды бөліп үн қаттың,

Өміріме нәрін берді ақ сүтің

Кең құшағы аясындай гүл бақтың.



Би: «Көңілді балалар» жұппен

Көктем ханшайымы:Балалар көңілдерің көтеріңкі болсын ,шуақты мереке құтты болсын енді мен сендермен қоштасатын сәтте жетті .Сау болыңдар балалар.

Тақпақтар орыс тілінде:Мадияр,Көркем,Қ.Нұрәлі.Амира,Жәния

Рустам: Сольнышко,для мамы

Радостно свети!

В день 8 марта

Счастие подари.

Алажар : Мұқағали Мақатаев «Шеше сен бақыттысың»

Би: «ЧА-Ча»

Тақпақтар:Ақкербез: Ақ анашым аппағым

Өзің жайлы тақпағым

Өзің жайлы әнім де,

Арнадым саған бәрін де

Шашымды өріп тараған.

Қабағыма қараған.

Үлкен кіші демейді.

Сыйлайды оны бар адам.

Сұңқар:Өзің мені өсірген

айналайын ақ әжем.

Тентек болсам кешірген .

Ауырмашы,ай әжем.

Әже деген көп шығар

Әжемдей менің жоқ шығар.

Мейірімді бұл кісі

Қандай ғажап күлкісі

Фархат:Мен мұғәлім анамның,

Өнегесін аламын.

Ертең менде анамдай,

Оқытушы боламын.

Айда: Біз доспыз гүлдермен

Текке оны жұлмаймыз.

Той күні бір-бірден.

Аналарға Сыйлаймыз.

Сенен өскен балалар

Батырлар мен даналар

Құттықтаймыз мейраммен.

Құрметті аналар.!!!

Кеңес.Нұрәлі: Мен гүлдерді жұлмаймын.

Торғайларды қумаймын.

Айтқан сөзді тыңдаймын.

Анашымды сыйлаймын.



Балалар жарты шеңберде тұрады.(қолдарында жазу )

Жүргізуші: Сөзімді дұрыстайтын, әже.

Айғайлап ұрыспайтын әже,

Қыдырса ерте кететін әже,

Ылғи да еркелететін әже.

Ән: «Сағындым әже,сағындым»

Аналарға сыйлық тапсыру.

Жүргізуші сөзі:Құрметті аналар балалардың сіздерге арналған мерекелік бағдарламасы аяқталды сау болыңыздар.








































Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
13.03.2023
254
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі