Ашық сабақ, ҚМЖ, көрнекілік, презентация жариялап
2 млн. ₸ табыс табыңыз!
0 / 1
Материалға шағымдану
Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Шағым жылдам қаралу үшін барынша толық ақпарат жіберіңіз
Сіздің сұранысыңыз сәтті жіберілді!
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
1 бонус = 1 теңге
Бонусты сайттағы қызметтерге жұмсай аласыз. Мысалы келесі материалды жеңілдікпен алуға болады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
Түсінікті
2024-2025 оқу жылына арналған
қысқа мерзімді сабақ жоспарларын
Жүктеп алғыңыз келеді ме?
Қоршаған ортаны қорғау және адам денсаулығы.
Материал туралы қысқаша түсінік
Қоршаған ортаны аялау оны қорғай білуге үйрету
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады.
Толығырақ
22 Желтоқсан 2017
1441
1 рет жүктелген
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
Күні:Сынып:8Пән: БиологияСабақтың тақырыбы: Қоршаған ортаны қорғау және адам денсаулығы.Мақсаты: Білімділігі:Оқушылардың табиғат туралы білімдерін молайту, қоршаған ортаны қорғай және сүйе білетін адамгершілікті, экологиялық білімдерін толықтыру. Дамытушылығы: ойлау, есте сақтау және танымдық қабілеттерін дамыту. Тәрбиелілігі:сыни тұрғыдан ойлау дағдыларын қалыптастыра отырып, ойларын жүйелі, нақты жеткізе білуге тәрбиелеу.Сабақтың түрі: Ашық сабақСабақтың әдісі: түсіндіру, іздену, сұрақ - жауап, топпен жұмыс, жеке жұмысСабақтың көрнекіліктері: сөз басы, сурет, карточкалар, сұрақ-жауап, бағалау парағы,слайдтарСабақтың барысы:I. Ұйымдастыру. (1 мин)II. Үй тапсырмасын тексеру (2 мин)III. Жаңа сабақ (7 мин)1.Карточкалармен жұмыс (4 мин)2.Мақал-мәтел. Жалғасын тап. (3 мин)3.Ой-пікір.( 3 мин)4.Жағдаятты шешу. (5мин)5. “Теру” стратегиясы (2 мин)6.“Гандбол” ойыны. (3 мин)7.Сөзжұмбақ шешу. (7 мин)IV. Бекіту.( Ситуациялық сұрақтар) (5 мин)V. Үйге тапсырма беру. («Нашақорлық ғасыр індеті тақырыбына эссе жазу.») (1 мин)VI. Бағалау (2 мин)I. Ұйымдастыру.Оқушыларды түгендеп, сабаққа бейімдеу.II. Үй тапсырмасын тексеру. «Менен сұрақ, Сізден жылдам жауап»1.Ұйқы қандай кезеңдерден тұрады.2. Ұйқы гигиенасы?3 Түс көру дегеніміз не? Жауаптары: 1.Ми қыртысында баяу және ірі электр толқындары пайда болатын баяу ұйқы кезеңін ажыратады. Бұл құбылыс терең ұйқы жағдайына тән. Екінші кезеңді тез ұйқы дейді. Бұл кезеңде мидың биоэлектрлік белсенділігі қисығында өте ұсақ және жылдам толқындар пайда болуына байланысты. Тез ұйқы кезеңінде көз қимылдайды, қан қысымы жоғарылайды, тамырдың соғуы және тыныс жиілейді, зат алмасуы күшейеді. Мұның барлығы сергек адам миының күйін еске түсіреді. Таңғаларлық жағдай – адам ұйықтайды, ал оның миы сергек сияқты көрінеді. 2.Ұйқы гигиенасы. Ұйқы бұзылуының көп таралған түрі – ұйқысыздық. Ол, әдетте, жүйкенің жұқаруы, ұзақ уақытқа созылған ауыр ақыл-ой еңбегі, мазасыздық, шуылы көп ойын немесе ұйықтар алдында кітап оқу салдарынан пайда болады. Спиртті ішімдіктер ішу және темекі тарту ұйқының қатты бұзылуына әсер етеді. Ұйықтататын дәрі ішу – ұйқысыздықты емдемейді. Ұйқысыздықты болдырмаудың ең жақсы жолы – дұрыс демалыс және еңбек режімі, таза ауада серуендеу, дене жұмысы мен ақыл-ой еңбегін тиімді үйлестіру. 3.Түс көру. Түс көру – тез ұйқы кезіндегі мидың қалыпты жұмысы. Егер адамды осы кезең соңына қарай оятса, ол міндетті түрде түсінде көргенін айтады.III. Жаңа сабақҚОРШАҒАН ОРТА- табиғи обьектілердің,оның ішінде өзара қарым-қатынастағы атмосфералық ауаны,суды,топырақты, жер қойнауын,табиғи ресурстардың жиынтығын айтамыз.ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ – табиғат пен адамның өзара үйлесімді іс-қимылына, қоршаған ортаның сапасын жақсартуға,табиғи ресурстарды тиімді пайдалану мен толықтыруға бағытталған мемлекеттік және қоғамдық шаралар жүйесі.
1.Карточкалармен жұмыс.Берілген сөздерден сөйлемдер құрастыру.Қоршаған, біз, жауаптымыз, үшін, орта.(Қоршаған орта үшін біз жауаптымыз.)Өздері, мәселелерге, адамдар, экологиялық, кінәлі.(Адамдар экологиялық мәселелерге өздері кінәлі.)Болу, таза, қоршаған, керек, орта, дені, адамның, сау, үшін.(Таза қоршаған орта адамның дені сау болу үшін керек.)Дүниежүзілік, қоршаған, қорғаудың, ортаны, күні, 5 маусым.(5 маусым дүниежүзілік қоршаған ортаны қорғаудың күні.)
ДенсаулықДенсаулық – баға жетпейтін жалғыз ғана асыл дүние. Ол жақсы болу үшін не уақытты, не күш – жігерді, не еңбекті, тіпті барлық дүниені аямай жұмсау керек.
Ғасырдың өлім тұзақтары
3.Ой-пікір”Есірткі – жас өмірді улаушы” бұл туралы пікіріңіз. (1-2 оқушы ой пікірін айтады.)Ішімдік туралы жалпы мағлұматтар
Ішімдіктің миға зияны: спиртті сусындарға мидың жүйке жасушалары өте сезімтал.Созылмалы мас күнемдік кезінде кейбір ми жасушалары өледі. Соның салдарынан мидың жұмысы бұзылады, есте сақтау, зейін ойлау процестеріне зиян келеді.Ішімдік және жүктілік: жүктілік кезінде әйел іщімдікке әуес болса, онда құрсақтағы бала дұрыс дамымайды. Кеміс болуы мүмкін.Ойланайық !!!..... Ішімдікке жол жоқ!
4.Жағдаятты шешу.1-тапсырма. Ата-анасы ішімдікке салынған. Үйінде өмір сүрүге жағдай жоқ, қара нан мен қара шайдың өзі сирек кездеседі. 2-тапсырма. Ата-анасынан айырылған. Отбасында жетекшілері жоқ. Өмір сүрудің жолын білмейді. Өлімнен басқа жол жоқ деп ойлайды. 3-тапсырма. Тірлігі басқалардан төмен. Жұртпен бірдей киініп, ойнап күле алмайды. Достарымен бірге жүрмейді. Осыны өзінің кемшілігі деп санайды. Досы жоқ жалғыз қалады. Шешімі қоштасу болады.Жауабы: 1.Осы балаға берер кеңесіміз өмірден түңілмеуі керек, әке-шешесінің жолына түспеу керек. Осы өмірдің бір қадамы болуы керек. Өзінің бар өмірі алда екенін түсініп, өзінің әке-шешесіне ермей, өзінің жақсы өмір сүруіне талпыну керек. Егер әр адам басына түскен қиыншылықты жене алмай, өз-өзіне қол жұмсаса, адамзат әуелі құрып кетер еді. 2.Ата-анасынан айырылған адамдар қазіргі заманда өте көп. «Жетім көрсең, жебей жүр» деген сөз бар. Ол өзін ешқашан жетім деп санамауы тиіс. Бұл да өмірдің бір сынағы. Басыңды тік көтеріп, тек қана алға қара. Қиындықтың бәрін өліммен шешуге болмайды. Өзіне жақын адамдарды таба аласың, сондықтан еңбек етіп, өмірде өз орныңды тап. Данышпан Абай айтқандай «Сен де бір кірпіш дүниеге, кетігін тап та, бар қалан!» 3 Біздің ойымызша бұл жалғыздық. Жалғыздық тек құдайға тән қасиет. Ол бала өмірдің қызығы тек киініп, ішіп-жеу деп ойлайды. Біз оған өзіне жақын дос табуына тілектеспіз және өзін-өзі бағалай білу керек. Өмір үшін қандай ма болса да қиындыққа тәуелді болмай күресуі керек.
Темекі туралы жалпы мағлұмат
Темекі құрамындағы улы заттар:
5.“Теру” стратегиясы1.Темекіде көптеген улы заттар болады. 5. Темекіні тастау өте қиын.2. Темекі шегу – ақыл-ойды өсіреді. 6. Никотин бәрімізге пайдалы.3. Зияны жоқ темекі болады. 7. Темекі шегу – зиянды әдет.4. Темекіге көп қаржы жұмсалады. 8. Темекі – сенімді дос,көмекші. Дұрыс: 5,7. Бұрыс:1, 2 ,3, 4, 6, 8.Ойланайық !!!..... Темекіге жол жоқ!
6.“Гандбол” ойыныБұл ойында темекі құрамындағы улы заттарды атау керек. (никотин,синильді қышқыл,стирол,смола,бензопирен,улы газ.)
7.“Никотин” сөзжұмбағы1. Бірінші байлық.2. Темекі құрамында болатын улы зат.3. Темекінің отаны.4. Үндістер темекі өсімдігін қалай атаған?5. Темекі тартушыларды ұрылармен теңестіріп, оларды көшеде мойнына арқан салып жүргізу туралы заң қабылдаған кім?6. Зиянды жәндіктерге қарсы зәр ретінде қолданылатын улы зат.7.Темекі жапырағында кездесетін улы зат?ЖАУАПТАРЫ:

- Денсаулық үшін өмірдің бір бөлімінде қиюға болады.
- Денсаулық – адам өміріндегі ең жоғары бағалы дүние болғандықтан, әр адам баласы өз денсаулығына көңіл бөлуі, қарауы қажет, оны орынсыз ысырап етпеу керек, үнемі денсаулықтың қорын көбейтіп отыру керек .
- Денсаулық механизмі бар екені белгілі, ал, денсаулық өзі АЛТЫ АСПЕКТІДЕН тұрады:
- а) физикалық денсаулық.
- б) психикалық және интеллектуалды денсаулық.
- в) жеке.
- г) рухани денсаулық.
- д) эмоционалды денсаулық.
- е) әлеуметтік денсаулық.
- ФИЗИКАЛЫҚ ДЕНСАУЛЫҚ келесі түсініктерден тұрады: біздің денеміз қалай құрылған және қалай жұмыс жасайды, ешқандай дене аурулары жоқ, ол жаттыққан немесе шыныққан.
- ПСИХИКАЛЫҚ ЖӘНЕ ИНТЕЛЛЕКТУАЛДЫ ДЕНСАУЛЫҚ - бұл психикалық аурудың және кем ақыл-дылықтың болмауымен түсіндіріледі.
- ЖЕКЕ ДЕНСАУЛЫҚ - бұл адам өзін-өзі адам ретінде сезінуі, талпынысы, өзін көрсетуі, жетістігі, негізгі құндылықтары.
- РУХАНИ ДЕНСАУЛЫҚ - бұл адам өмірінің орталығы, бұл - мораль, тәртіп.
- ЭМОЦИОНАЛДЫ ДЕНСАУЛЫҚ - бұл өз сезімдерін түсіну және бақылау.
- ӘЛЕУМЕТТІК ДЕНСАУЛЫҚ - бұл ең алдымен өзін қоғамның бір бөлшегі ретінде сезіну, қоғамда және қоғам өмірінде өз жетістіктерін сезіну.
Ғасырдың өлім тұзақтары
- Оқушылардың зиянды заттар туралы білімдерін тереңдету. Оқушыларды салауатты өмір салтына және имандылыққа тәрбиелеу.
- Өзара ой бөлісу, ойлау, қорытындылау қасиеттерін дамыту.
- Өз денсаулығының бағалы байлық екендігіне жағдай жасау.
- Бауыр, өкпе, миларға нашақордың зияны.
- Грек тілінде “ ұйқы” мағынасын білдіредіретін “ Narke” сөзі ағылшын тілінде “Narkotik” деген сөзге айналған.
- Құрамында мастандыратын, ашуландыратын, тыныштандыратын, сергітетін заттар бар.
- Адамның орталық жүйке жүйесіне әсер етіп, рухани және физикалық тепе-теңдікті бұзады.
- Түрлері өте көп.
- Білімсіздік;
- Қызығу;
- Ойын-сауық орындары;
- Қысым;
- Әуестік;
- Мода; т.б.
3.Ой-пікір”Есірткі – жас өмірді улаушы” бұл туралы пікіріңіз. (1-2 оқушы ой пікірін айтады.)Ішімдік туралы жалпы мағлұматтар
- Ішімдік – “этил спирті” немесе “этанол” деп те аталады.
- Әр түрлі жеміс- жидектерден, тұқымдардың ашытқысынан жасалады.
- Этил спирті- мөлдір әрі түссіз болып келеді.
- Ішімдіктің кейбіреулерінде спирттің мөлшері 40 % градусқа жетеді.
Ішімдіктің миға зияны: спиртті сусындарға мидың жүйке жасушалары өте сезімтал.Созылмалы мас күнемдік кезінде кейбір ми жасушалары өледі. Соның салдарынан мидың жұмысы бұзылады, есте сақтау, зейін ойлау процестеріне зиян келеді.Ішімдік және жүктілік: жүктілік кезінде әйел іщімдікке әуес болса, онда құрсақтағы бала дұрыс дамымайды. Кеміс болуы мүмкін.Ойланайық !!!..... Ішімдікке жол жоқ!
4.Жағдаятты шешу.1-тапсырма. Ата-анасы ішімдікке салынған. Үйінде өмір сүрүге жағдай жоқ, қара нан мен қара шайдың өзі сирек кездеседі. 2-тапсырма. Ата-анасынан айырылған. Отбасында жетекшілері жоқ. Өмір сүрудің жолын білмейді. Өлімнен басқа жол жоқ деп ойлайды. 3-тапсырма. Тірлігі басқалардан төмен. Жұртпен бірдей киініп, ойнап күле алмайды. Достарымен бірге жүрмейді. Осыны өзінің кемшілігі деп санайды. Досы жоқ жалғыз қалады. Шешімі қоштасу болады.Жауабы: 1.Осы балаға берер кеңесіміз өмірден түңілмеуі керек, әке-шешесінің жолына түспеу керек. Осы өмірдің бір қадамы болуы керек. Өзінің бар өмірі алда екенін түсініп, өзінің әке-шешесіне ермей, өзінің жақсы өмір сүруіне талпыну керек. Егер әр адам басына түскен қиыншылықты жене алмай, өз-өзіне қол жұмсаса, адамзат әуелі құрып кетер еді. 2.Ата-анасынан айырылған адамдар қазіргі заманда өте көп. «Жетім көрсең, жебей жүр» деген сөз бар. Ол өзін ешқашан жетім деп санамауы тиіс. Бұл да өмірдің бір сынағы. Басыңды тік көтеріп, тек қана алға қара. Қиындықтың бәрін өліммен шешуге болмайды. Өзіне жақын адамдарды таба аласың, сондықтан еңбек етіп, өмірде өз орныңды тап. Данышпан Абай айтқандай «Сен де бір кірпіш дүниеге, кетігін тап та, бар қалан!» 3 Біздің ойымызша бұл жалғыздық. Жалғыздық тек құдайға тән қасиет. Ол бала өмірдің қызығы тек киініп, ішіп-жеу деп ойлайды. Біз оған өзіне жақын дос табуына тілектеспіз және өзін-өзі бағалай білу керек. Өмір үшін қандай ма болса да қиындыққа тәуелді болмай күресуі керек.
Темекі туралы жалпы мағлұмат
- Құрамында никотин және 4 мыңға жуық улы зат бар.
- Темекінің елі Америка болып табылады.
- Колумб және достары 1511 жылы Petrus (Tabaccoc) атымен Испанияға және Португалияға әкелді.
- Темекі жапырағында танин, желім, шайыр, крахмал және алколоидтер бар өсімдік.
- Ас қорытуға
- Асқа деген тәбетті қайтарады.
- Ас қорытуды қиындатады.
- Тісті сарғайтып, ауызды сасытады.
- Асқазанда жара пайда болады.
- Ерін, тіл және өңеш рагына жол ашады.
- Тыныс алуға
- Темекі
- Жөтел және қақырық пайда болады.
- Созылмалы тыныс жолдары қабынуына әкеліп соқтырады.
- Көмекей және өкпе рагына тап болушылардың 90 пайызының себебі темекіден.
Темекі құрамындағы улы заттар:
- Никотин жүйке жүйесін тітіркендіреді, қан қысымын жоғарылатады, ұсақ қан тамырларын тарылтады, ас қорыту жүйесі бездерінің секрециясын күрт арттырады. Ауыз, тамақ, қолқа, кеңірдектің сілекей қабатын тітіркендіреді.
- Темекі ең алдымен өкпеге зиянын тигізеді, темекіден адам өкпесіне улы зат смола жиналады. Смола – темекі құрамындағы заттар күйгенде түзілетін қоспа. Смоланың құрамында ауру туғызатын реактивті элементтер бар. Смола өкпедегі ауа алмасу жолдарын бекітеді.
- Темекі түтініндегі улы газ көмірсутектің сіңірілуін нашарлатады, ағзадағы “С” дәруменінің азаюына әкеп соғады. Сонымен бірге улы газ гемоглабинмен бірігеді, нәтижесінде гемоглабиннің бір бөлігі қарапайым демалу процесінен алынып, ағзада оттегі жетіспеушілігі дамиды
- Бензопирен, яғни канцерогендік шайыр тіс эмалының бүлінуіне әкеліп соқтырады.
- Стирол адамның көру, дәм және иіс сезу қабілетін төмендетеді.
- Темекі құрамындағы синильді қышқыл жүйке жүйесін улайды, оның жұмысын бұзады.
5.“Теру” стратегиясы1.Темекіде көптеген улы заттар болады. 5. Темекіні тастау өте қиын.2. Темекі шегу – ақыл-ойды өсіреді. 6. Никотин бәрімізге пайдалы.3. Зияны жоқ темекі болады. 7. Темекі шегу – зиянды әдет.4. Темекіге көп қаржы жұмсалады. 8. Темекі – сенімді дос,көмекші. Дұрыс: 5,7. Бұрыс:1, 2 ,3, 4, 6, 8.Ойланайық !!!..... Темекіге жол жоқ!
6.“Гандбол” ойыныБұл ойында темекі құрамындағы улы заттарды атау керек. (никотин,синильді қышқыл,стирол,смола,бензопирен,улы газ.)
7.“Никотин” сөзжұмбағы1. Бірінші байлық.2. Темекі құрамында болатын улы зат.3. Темекінің отаны.4. Үндістер темекі өсімдігін қалай атаған?5. Темекі тартушыларды ұрылармен теңестіріп, оларды көшеде мойнына арқан салып жүргізу туралы заң қабылдаған кім?6. Зиянды жәндіктерге қарсы зәр ретінде қолданылатын улы зат.7.Темекі жапырағында кездесетін улы зат?ЖАУАПТАРЫ:
- Денсаулық
- Никотин
- Америка
Материал ұнаса әріптестеріңізбен бөлісіңіз
Ашық сабақ, ҚМЖ, көрнекілік, презентация
жариялап табыс табыңыз!
Материалдарыңызды сатып, ақша табыңыз.
(kaspi Gold, Halyk bank)