Қорытынды аттестаттау емтиханына дайындық

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Қорытынды аттестаттау емтиханына дайындық

Материал туралы қысқаша түсінік
Қазақстан тарихынан қорытынды аттестаттау емтиханына дайындықмақсатында 9-сыныптар үшін тапсырма үлгісі
Материалдың қысқаша нұсқасы

]

[2

Қазақ өнері

Қазақ әдебиеті



Shape1

Қорытынды аттестаттау емтихан материалдары

Пән: Қазақстан тарихы

Сынып: 9

















1-нұсқа

А бөлімі

Берілген A, B, C және D төрт мүмкін жауаптардың ішінен дұрыс бір жауапты белгілеңіз.


1. Түріктердің алғашқы мемлекеті қалыптасқан аймақ

А) Іле өзенінен солтүстік-шығысқа қарайғы аймақ

В) Іле өзенінен оңтүстік-шығысқа қарайғы аймақ

С) Іле өзенінен солтүстік-батысқа қарайғы аймақ

D) Іле өзенінен оңтүстік-шығысқа қарайғы аймақ

[1]


2. Қазақ қоғамында хандық билік Шыңғыс ханның қай ұлынан тараған ұрпақтарына ғана тиесілі болды?

А) Төле

В) Үгедей

С) Жошы

  1. Шағатай

[1]


3. «Қазақ» газеті басылымының басым бөлігі осы мәселелерге арналды

А) Жер, әйел мәселесі, тарих, этнография

В) Жер, тіл, тарих, этнография

С) Тіл, әдебиет, тарих, этнография

D) Тіл, әдебиет, тарих, әйелдер мәселесі

[1]


4.Қазақтарда тамыр болған адамдар

А) Бата береді

В) «Қалау» жасайды

С) Асар жасайды

D) «Ерулік» береді

[1]


5. Х ғасырдың географы әл-Макдиси «4 қақпасы бар, мешіті бар, халқы тығыз қоныстанған, ормен қоршалған әдемі бау-бақшаға толы» деп суреттеген қаласы.

А) Тараз

В) Түркістан

С) Испиджаб

D) Сауран

[1]


6. Абай өзінің борышы ретінде санады

А)Қоғамдағы жағымсыз әрекеттермен күресу

В)Адам жанының сұлулығын өлеңмен мүсіндеу

С)Жаңа көркемдік әдіске қол жеткізу

D)А.С.Пушкин, М.Ю.Лермонтовтың өлеңдерін халыққа жеткізу

[1]


7. Әл-Фараби Шығыстан басқа мәдениеттің арасындағы байланыстың дамуына өзіндік үлес қосты

А) Қытай-Парсы

В) Парсы-Грек

С) Грек-Рим

D Қытай-Грек

[1]


8. Ресейдегі селолық старостамен құқықтары бірдей болған.

А) Аға сұлтан

В) Ауылдық старшын

С) Болыстық сұлтан

  1. Билер

[1]


9. Орал казак әскерлері Кіші жүз қазақтарынан 4000-нан астам жылқыны тартып алған жылдар аралығы

А) 1781-1782

В) 1780-1784

С) 1782-1783

  1. 1783-1784

[1]

10.Республиканың егемендігін бекітуге қажетті мемлекеттік құқықтық нормалар бекітілген құжат.

А) Конституция

В) Жарғы

С) Қаулы

  1. Декларация

[1]


11. Днепрден алғашқылардың бірі болып өтіп, қарсы шабуылға шыққан жас қазақ

А) Бауыржан Момышұлы

В) Қойгелді Аухадиев

С) Талғат Бигельдинов

  1. Жәнібек Елеусізов

[1]


12.Төрт түліктің тобы түйеде қалай аталған

А) Үйір

В) Келе

С) Табын

  1. Отар

[1]


13.Тартып алынған жерлердің ең жоғары мөлшері Қазақстанның қай аймақтарында болды?

А) Оңтүстік

В) Батыс

С) Солтүстік

D) Шығыс

[1]

14.Тарихи деректер бойынша ірі сауда орталықтары ретінде өркендеген қалалар

А) Сауран, Түркістан, Тараз

В) Түркістан, Тараз, Испиджаб

С) Испиджаб, Сауран, Түркістан

D) Сауран, Отырар, Испиджаб

[1]


15.Мұнай өндіру ісі шетелдік кәсіпкерлердің, ең алдымен қай елдің қолында болды

А) Ағылшын

В) Француз

С) Қытай

  1. Неміс

[1]



В бөлімі

16.Әлихан Бөкейхан туралы кестені толықтырыңыз.

Қоғамдық-саяси және публицистикалық қызметі

Идеялық көзқарасы

Ғылыми-зерттеу жұмыстары








[3]

17.Суреттерді пайдаланып кестені толтырыңыз.

Берілген суреттерден қандай тарихи оқиға туралы мәлімет алуға болады?

1-сурет

2-сурет

Мәлімет

1.

2.


[3]





Дереккөздерді пайдалана отырып, Ахмет Байтұрсыновтың қазақ тіл білімінің негізін салушы, қоғам қайраткері ретіндегі қызметін бағалап, аргумент және дәлел келтіріңіз.

А дереккөзі: «АХМЕТ БАЙТҰРСЫНОВТЫҢ ӘЛІПБИ РЕФОРМАСЫ»

А. Байтұрсынов қазақ балаларының өз ана тілінде сауат ашуына көп күш жұмсады. Жас ұрпақтың сауатын қазақша ашатын ұлттық жазу таңбасының керектігін ұғады. Оған дейінгі мұғалімдер баланы өз ыңғайларына қарай не орыс, не араб жазуларын пайдаланып, түрліше оқытатын. Сондықтан, ол оқу жүйесін бір қа-лыпқа келтіру мақсатымен, балаларды оқытуда, әріп үйретуде жеңіл болуы үшін жас ерекшеліктеріне, ой-өріс, сана-сезімдерінің қалыптасу ыңғайына қарай әліппе оқулық кітабын жазуды қолға алады. Ол үшін ең алдымен алфавиттегі әріптердің қолданылу ретін, жұмсалу орнын анықтауды мақсат етеді. Екінші орынға оқыту жүйесі мен мектеп, медресе, оқулық, т. б. Мәселелерді қояды. Шамамен 1910 жылдан бастап, араб жазуы таза сол күйінде қазақ тілі үшін жайлы еместігін байқап, оны қазақ тілінің дыбыстық жүйесіне икемдеп, қайта түзетуді қолға алады. 1913 жылғы «Қазақтың» № 35 санында жарияланған “Жазу мәселесі» деген мақаласында А. Байтұрсынов дауысты дыбыстарды таңбалау жөнінде өз ұсыныстарын айтты. Ол өзінің айтқан пікірлерін Ғ. Мұса мырзаның айтқан пікірімен салыстыра отырып, араб графикасы негізіндегі қазақ жазуында о, у, ы, е әріптерінің қалай таңбалануы жөнінде өз концепциясын ұсынады.

А. Д. Малдыбай



В дереккөзі: «Қазақ» газеті.

Сурет ғаламтордан алынған

  1. Жоғарыда берілген деректерді пайдаланып, А.Байтұрсыновтың қазақ тіл білімнің негізін салушы, қоғам қайраткері қызметіне 2 аргумент жазып, оған 2 дәлел келтіріңіз.



А.Байтұрсынов

Аргумент

Дәлел

1.

1.

2.

2.



[4]









  1. Ә.Қашаубаев және Қ.Мұнайтпасовтың қазақ халқын әлемге танытудағы қосқан үлесі туралы аргумент жазып, оған дәлел келтіріңіз.

Ә.Қашаубаев, Қ.Мұнайтпасов

Аргумент


Дәлел




[2]





  1. ХХ ғасырдың 20-30 жылдарындағы қазақ әдебиеті және өнердегі өзгерістерді анықтаңыз.

Shape2



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
14.01.2026
0
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі