жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
қорытынды сабақ
Ұйымдастырылған оқу әрекетінің конспектісі
20.11.2018
Тәрбиеші: Cадыкова А.С
Топ: «Балбөбек» ІІ сәбилер
Білім беру аймағы: «Қатынас»
Бөлімдер: «Көркем әдебиет»
Тақырыбы: «Ертегі еліне саяхат»
Бағдарлама мазмұны: Ертегілерді сахналау барысында кейіпкерлердің мінез-құлқын жеткізе білуге үйрету. Суретке көңіл қойып мазмұнын түсіне білуге үйрету. Ертегідегі кейіпкерлердің сөз мәнерін, қимыл-қозғалысын келтіріп ойнауға үйрету. Сөздерді анық айтуға, есте сақтау қабілетін дамыту.
Таныс ертегінің соңын басқаша құрастыру, көркем-тілдік және орындау қабілеттерін қалыптастыру, халық шығармашылығына қызығушылықтарын таныту.
Сөздік жұмыс:«Саяхат»
Үштілдік компонент: Саяхат - путешествие, ертегі – сказка.
Заттық-дамыту орта: «Шалқан» ертегісіне арналған костюмдер, «Шалқан» муляжі, «Айлакер түлкі», «Бауырсақ» - доп, Аю мен Маша , шырша мен ағаштар.
Тәрбиеші: Балалар келген қонақпен амандасып, шаттық шеңберіне тұрайық.
Шаттық шеңбері:
Армысың, Алтын күн!
Армысың,Жер Ана!
Армысыздар, қонақтар!
Армысыңдар Достарым!
Қазір жылдың қай мезгілі?
Күз жайлы тақпақ:
Берекесін сыйлауға,
Өлкемізге күз келді
Жемістерін жинауға
Шақырады біздерді.
Ойын «Көкөністер»
Бүгін бізде өзгеше сабақ болады, біз сиқырлы пойызға отырып барлығымыз ертегілер еліне саяхатқа барамыз. Қане, бәріміз пойызға отырып, кетейік.
Балалар бір-бірінің иығынан ұстап «Пойыз» өлеңін айтып жүреді.
I аялдамаға келдік. «Шалқан» ертегісінің кейіпкерлері, модельдері
Балалар жарты шеңбер құрып отырады.
II аялдама. «Сергіту сәті» - балалар «Қуырмаш» сергіту сәтінің сөзіне қимылдар жасайды.
III Ертегілердің үзінді аялдама сұрақтар қояды.
Мынау аялдамаға қызықты суреттер ілініп тұр. – Бұл қандай ертегі?
«Айлакер түлкі» ертегісі
Балалар тағы да пойыз құрып келесі аялдамаға барады.
IV аялдама. «Орман», «Үш аю». Сол орманда Аю мен Маша тұрады
Тәрбиеші: Аю, сен неге ренжіп тұрсын?,
-
Машаға не болды? – деп балалардан сұрайды.
Тәрбиеші: Маша , саған біздің балалар үйіңді табуға көмектеседі.
Тәрбиеші: Жылама Аю, біздің балалар саған көмектеседі Бізбен бірге сиқырлы пойызға отырып келесі аялдамаға барайық, сол жерде біздің балалар көмек береді.
Аю мен балалар пойыз құрып келесі аялдамаға жетеді.
V аялдама. «Шұбар тауық».
Сол аялдамада оларды Шұбар тауық күтеді. Олармен сәлемдеседі. Мнемотаблицаны көрсетеді.
- Балалар, сендер мынау мнемотаблица бойынша ертегіні айтып бере
аласыңдар ма?
Бір-екі бала мнемотаблица бойынша ертегіні айтып береді.
Аю мен Шұбар тауық балаларға рақмет айтады, ал балалар сиқырлы пойызға отырып, өз тобына кетеді.
VI Сюрприз. Бауырсақ секіріп топқа кіреді.
Балалардан сұрайды:
- Мен кіммін?
- Мен кімнен қаштым?
Балалар: Сен бауырсақсын, атадан, әжеден, қояннан, қасқырдан, аюдан қаштын.
Тәрбиеші: Ал сені түлкі жеп қоймады ма?
Бауырсақ: Мен оны алдадым, түлкінің тұмсығына отырмадым деп айтып береді. Сіздің балаларыңыз өте ақылды екен, олар маған қайда барғандарын айтып бере алады ма? Сендер не көрдіңдер, не істедіңдер? Егер сендер маған толық жауап берсендер, мен сендерге сыйлық беремін.
Балалардың жауабы:
- Біз сиқырлы пойызға отырдық.
- Ертегілер еліне саяхатқа бардық.
- «Шұбар тауық», «Шалқан», «Үш аю» ертегісін еске түсірдік, сергіту сәтін
орындадық, қайтадан топқа келдік.
Бауырсақ: Мен өз ертегіме барайын, ал есіктің артында сендерге сыйлығым бар, ол сендерді күтіп тұр.
Күтілетін нәтиже
Білу:Суретке қарап мазмұнын түсіне білу. Таныс ертегінің соңын басқаша құрастыру
Меңгеру:Ертегідегі кейіпкерлердің сөз мәнерін, қимыл-қозғалысын ойнап келтірді, конструктардан өз еріктерімен жұмыс дағдыларын көрсетті.
Істей алу:Сөздерді анық айтып, есте сақтау қабілеттерін дамытты.
КМҚК «Дәншік балабақшасы»
Қорытынды сабақ
(көркем әдебиет)
«Балбөбек» 2 сәбилер тобы
Тақырыбы: «Ертегі еліне саяхат»
Тәрбиеші: Садыкова А.С.
Самар ауылы 2018 жыл
КМҚК «Дәншік балабақшасы»
Қорытынды сабақ
(бейнелеу өнері)
«Балбөбек» 2 сәбилер тобы
Тақырыбы: «Күз ханшайымына сый»
Тәрбиеші: Садыкова А.С.
Самар ауылы 2018 жыл
шағым қалдыра аласыз



Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген