400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 26 материал табылды

Қорытынды ұйымдастырылған іс-әрекет, кіші топ

Материал туралы қысқаша түсінік
кіші топ балаларына арналған, қорытынды ашық сабақ алған білімін көрсету, ұлттық құндылықты дәріптеу
Материалдың қысқаша нұсқасы

Дағдылар тізбесі: Физикалық қасиеттер, коммуникативтік дағдылар, танымдық және зияткерлік дағдылары, шығармашылық дағдыларын зерттеу іс-әрекетінің дамуы, әлеуметтік эмоциональды дағдыларды қалыптастыру.

Бөлімі: сөйлеуді дамыту, сенсорика, қоршаған ортамен танысу, дене шынықтыру, сурет салу

Мақсат: балалардың бойындағы ұлттық құндылықты жаңғырту, тіл байлығын, еліне, жеріне және достарына сүйіспеншілікті дамыту, бағалау,ойлау, қабілеттерін арттыру, ірі және ұсақ моторикасын дамыту, үйренген білімін көрсету

Әдіс тәсілдері: көрсету, түсіндіру, мақтау, сұрақ-жауап

Ұйымдастырылған іс әрекеттің барысы:

Тәрбиеші: саламатсыздарма балалар! Бүгінгі оқу іс – әрекетімізге қош келдіңіздер! Қәне қонақтарымызбен амандасайық!

Шаттық шеңбер:

Қайырлы таң ашық аспан

Қайырлы таң нұрлы жер

Амансызба ?

Есенсізбе достарым?!

Тәрбиеші: Балалар қазір қандай мезгіл? – қыс мезгілі

Қыс мезгілінің қандай ерекшеліктері бар? – қар жауады, күн суық аяз болады

Қыс айларын атайықшы? – Желтоқсан, қаңтар, ақпан

Тәрбиеші: Ал енді балалар біз саяхатқа шығайық. Онда біз сонау әтно-ауылда тұратын достарымыз Ая мен Саятқа қонаққа барайық.

Тәрбиеші: Балалар қазір қыс мезгіліғой сол себепті жылы киініп жолға шығайық. Астымызға комбинзон, үстімізге күртеше, басымызға баскиім, аяғымызға етік, қолымызға қолғап киіп, жолға шығайық.

Біз аялдамаға барып, автобусқа мінейік

Тәрбиеші: балалар әтно – ауылдағы достарымыздың үйіне де келіп жеттік, қане түсейік. Ой, Ая мен Саятқа не болған олар қатып қалыптығой

Қыс ханшайымы: Сендер кімсіңдер мында не істеп жүрсіңдер?

Тәрбиеші: Саламатсызба, Қыс ханшайымы біз Ая мен Саят достарымыз. Біз достарымызға қонаққа келіп едік. Олар неге қимылдамайды, оларға не болған?

Қыс ханшайымы: Бұлар менің тапсырымаларымды орындай алмады. Сол себепті оларды қатырып тастадым. Оларды ерітесіңдерма?

Тәрбиеші: Балалар достарымызға көмектесемізбе? – Ия

1 – тапсырма

Қыс ханшайымы: мына киіз үйге қарыңыз, оның оюлары бар. Солар суықтан сынып қалған соны құрастырып беріңдер!

Д-ойын : «оюды құрастыр»

Мақсат: қазақтың ұлттық оюларымен таныстыру,атап үйрету, қол моторикасын дамыту

2 – тапсырма

Қыс ханшайымы: Достарыңның үй құстары жабайы құстармен адасып кетіпті. Соларды орындарына жайғастырыңдар

Д – ойын «Үй және жабайы құстар»

Мақсат: үй және жабайы құстарды ажыратып, атап, үйрену. Қайда өмір сүретіні туралы мағлұмат алу


Сергіту сәті (Көңілді әуенмен қимылдар жасау)


3 – тапсырма

Қыс ханшайымы: Менің сарайымдағы сиқырлы кілемшем жыртылып қалыпты. Соны жамап беріңдер!

Д – ойын: «Адасқан пішіндер»

Мақсат: пішіндерді ажыратып үйрену, жер бетінде бағдарлау дағдыларын, есте сақтау, ойлау қабілеттерін дамыту

4 – тапсырма

Қыс ханшайымы: Менің мына жануарларымның суретін салып беріңдер (Әр түрлі жануарлардың суретін дәстүрлі емес сурет салу арқылы көрсету)

Қыс ханшайымы: Жарайсыңдар балалар сендер өте ақылды, тапқыр екенсіңдер! Мен уәде бергендей достарыңды ерітейін. (Сиқырлы музыка қосылып, екі бала қимылдайды, балаларға келіп рақмет айтады). Сау болыңыздар!

Қорытынды:

Тәрбиеші: Балалар біз қайда бардық? Кімді кездестірдік? Достарыңа қалай көмектестіңдер? - Балалар жауаптары

Тәрбиеші: Балалар жарайсыңдар, осымен барлығымен қоштасайық





Бекітемін:

44 «Шаттық» бөбекжайы

жедел басқару құқығындағы МКҚК

директоры м.а.________Кошмурзаева А.А.







Ұйымдастырылған іс – әрекеті

«Ая мен Саятқа қонаққа барамыз»




Тәрбиеші: Арманд Эльвира Жақсыбековна







Ақтау қаласы

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
13 ұстаз жүктеп алған
01.02.2023
2841
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі