Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

"Қош бол балабақша"

Материал туралы қысқаша түсінік
көмекші құрал
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Қош сүйікті балабақша»

Жүргізуші:

Армысыздар құрметті қонақтар,ата-аналар,балабақша қызметкерлері.Міне бүгін «Құлыншақ» балабақшасының бір топ бүлдіршін қарлығаштарымыз ұшып, мектеп табалдырығын аттағалы отыр.Бұл әрине ата-ана үшін зор қуаныш болса,тәрбиеші үшін үлкен мерей.Баршаңызды осынау қуаныштарыңызбен құттықтаймын. «Өркен» тобының бүлдіршіндерінің «Қош сүйікті балабақшам» атты мерекелік қоштасу ертеңгілігіне қош келдіңіздер.

Бүгін міне қоштасады бақшаменен бал-бұлақ.

Әні менен жырына тыңдармандар сал құлақ,

Кеше сәби міне бүгін ұл мен қыз,

Лаулап жансын болашағың шамшырақ.

Толқимыз толқып тұрсыз баршаңызда

Мұндай күй болған сірә қаншаңызда.

Қол соғып қошеметпен шақырамыз.

Балдырған бүлдіршін түлектерді дей келе ортаға «Өркен» тобының балдай тәтті бүлдіршіндерін шақырамыз.

Жүргізуші: Ұрпақпен өміржолы жалғанады,

Көңілді күндер тусын алдан әлі.

Әсем бимен түрлі өнер.

Бүгінгі күндер сіздерге арналады дей отырып кезекті бүлдіршіндеріміздің Вальс биіне береміз.

Би: «Вальс» биі

Жүргізуші:

Құлақтан кіріп бойды алар.

Әсем әннен тәтті күй,

Көңілге түрлі ой салар.

Әнді сүйсең менше сүй деп Абай атамыз айтқандай Сәкен Мейрамбектің орындауында «Қазағым» әнін қабыл алыңыздар.

Ән: «Қазағым»

Жүргізуші: Алуға терең білімді,

Мектепке енді кеттеңдер

Өсті міне бойларың

Өсті міне ойларың

Қуанышқа ортақпыз

Құтты болсын тойларың

Сәтті болсын жолдарың

Айналайын гүлдерім

Ақ шуақты күндерім

Ерекше қызық тілдерің

Естен кетпес үндерің

Сүйкімді балғын бала шақ

Сендердікі болашақ

Озат болып оқындар

Ойға білім тоқыңдай-дей келе келесі кезекті бүлдіршіндеріміздің тақпақтарына береміз

Иманғали

Біз бақытты баламыз

Жетіліп ой санамыз

Бақшамызбен қоштасып

Мектепке кетіп барамыз

Бал күндерді қиялдап

Сағынамыз әлі ақ біз

Ағырыс

Бақша біздің панамыз.

Мектеп біздің анамыз,

Ұлағатты ұстазбен

Оқып білім аламыз.

Рақымжан:

Сезімді туған баламыз.

Оянды ақыл санамыз.

Адамдықтың бастауын

Өзіңнен алып барамын.

Інжу:

Біздер бес жастамыз

Сәбиліктен асқанбыз

Мектеп бізді шақырды

Қош бол әсем бақшамыз.

Тикош:

Оқимыз білім аламыз.

Болашақ жолын саламыз.

Бақшаменен қоштасып.

Біріншіге барамыз.

Ғазиз:

Күннен күнге өсіп біздер келеміз.

Үлкен болып қиындықты жеңеміз.

Сіздің де біздер үшін сіңірген

Еңбегіңізге бас иеміз.

Аманбек:

Мектепке енді барамыз.

Үлгілі оқушы боламыз

Жақсы оқып сабақты,

Кілең бестік аламыз.

Жүргізуші: Бірге ойнап бірге жүрген

Күндерімді қимаймыз.

Естелік болсын біздерден

Украин биін сыйлаймыз.

Ортада 2015жылы өткізілген «Жауқазын» балалар фистивалінің 2-ші орын иегері биші қыздарымызды шақырамыз.

Би: Украин

Жүргізуші: Оқимыз білім аламыз

Болашақ жолын саламыз

Бақшаменен қоштасып

Біріншіге барамыз деп енді бүлдіршіндеріміз балабақша қызметкерлеріне өз ризашылықтарын білдірмек.

Аслан:

Гүлдендірген бақшаны

Меңгеруші жақсы адам.

Сондықтанда біз үшін.

Артықсыз сіз басқадан.

Ақкүміс Жұбанқызына мың алғыс.,

Майра:

Жайдары жүз ай қабақ.

Жүреді бізді аймалап.

Тобымызға жиі кеп.

Білгеніңді сұрайтын,

Ақыл айтып тұратын

Сайлаубайқызы Анарға мың алғыс.

Күмісай:

Үйренгенбіз өнер біз.

Шетімізден шеберміз.

Бал татыған әндерді.

Мың бұралып билерді.

Үйреткен Жұлдыз апайға мың алғыс.

Гүлсая:

Тәтті тамақ пісірген.

Айран сүтін ішкізген.

Гүлзира Саржан Айкүміс апайларға.

Айтамыз біз мың алғыс.

Жансая:

Жазу жазып үйреткен.

Әріптерді оқытқан.

Санамақты жаттатып.

Санауды бізге үйреткен.

Жақсы болсақ қуанған.

Қате болсақ кешірген.

Гүлнар Шынар апайларға

Айтамыз біз мың алғыс.

Мерей:

Бізде мұнда әрдайым.

Бәрі-бәрі дап дайын.

Бізді әрқашан ойлаған.

Қоймашыға мың алғыс.

Нұркен:

Төсек орын тап таза.

Аппақ жуған сүлгісі

Айгүл апайға

Сіздерге балалардан мың алғыс.

Мейрамбек:

Шет тілдерді үйреткен

Самал апа әдемі.

Ақылыңыз дария

Бағыт берер бәріне.

Әрқашанда құлпырып.

Әдемі боп жүріңіз.

Ақмаржан:

Біздерді баптап қараған.

Күлімдеген жақсы адам.

Ақ төсекке жатқызып.

Басымыздан сипаған.

Фарида апайға мың алғыс.

Алхам:

Денсаулыққа болаттай.

Ауруларды жолатпай.

Күнде болған әбдігер.

Қамқоршымыз дәрігер.

Меруерт апайға мың алғыс.

Жүргізуші: Балабақша келгенімде

Тәрбиешім қарсы алды

Енді міне қоштасарда

Қимастықпен ән салдым дей отырып бүлдіршіндеріміздің «Сәлем саған мектебім» әнін қабыл алыңыздар.

Ән: «Сәлем саған мектебім»

Жүргізуші: Бір ата,бір ананың тірегіміз

Бірге болсын қайда жүрсек тілегіміз.

Бірлік барда,тірлік бар деген бабам,

Бірлікпенен біргн соқсын жүрегіміз дей отырып келесі кезекті бүлдіршіндеріміздің қазақ биіне береміз.

Би: Қазақша ұлдар биі.

Жүргізуші: Балабақша базарлы үй

Көшедегіажарлы үй,

Шаттығы бір шуақта

Өз үйіміз сияқты.

Ортада Аслан Інжу Алмас бүлдіршіндеріміз

Ән: «Құлыншақ»

Жүргізуші: Алдындағы балалар

Мектепке кетіп барады

Тақпақ айтып бір-бірден

Қимай кетіп барады-дей

келе кезекті бүлдіршіндеріміздің тақпақтарына береміз.

Нұрислам:

Балабақшам сүйікті.

Ән салдырды билетті.

Шынықтырып денеңді.

Шымыр болуға үйретті.

Жасұлан :

Қуанышымыз біздің мол.

Мектепке біз тарттық жол.

Ұмытпаймыз өзіңізді.

Балабақшам қош сау бол.

Албина:

Тәрбиеші апай төзімді.

Мейірімді балажан.

Балалықтың қылығына

Кешіріммен қараған.

Ерасыл:

Бізде мүлде әрдайым.

Бәрі бәрі дап дайын.

Бізді әрқашан ойлаған.

Қоймашыға мың алғыс.

Әмина:

Қызық күндер өткіздік.

Балабақша бағында.

Көп оқыдық көп білдік.

Ел мен Отан жайында.

Алмас:

Ботақаным бөбек деп.

Еркелеткен ұл қызын.

Анамызды ерекше.

Қуантатын күн бүгін

Өсті міне бойымыз.

Қуанышқа ортақпыз.

Құтты болсын тойымыз..

Алан:

Қош балалар бақшасы.

Естен кетпес есімің.

Қош балалар бақшасы.

Алғаш ашқан есігім.

Аңсар:

Талай талай баспалдақты аттармыз.

Ата-ананын үмітінде ақтармыз.

Тәрбиеші апайлар сізден алған ақылды.

Есімізде өмір бойы сақтармыз.

Елжас:

Оқимыз білім аламыз.

Болашақ жолын ашамыз.

Бақшамызды қимай.

Қоштасу әнін саламыз.

Жүргізуші: Біздің бүлдіршіндер орыс тілінде жақсы меңгеріп алған.

Ән: «Мамочка моя » ән қабыл алыңыздар.

Жүргізуші: Мың бұралып билеген

Қыздарды кім сүймеген

Күміс көмек қыздарға

Кімдер басын имеген-демекші ортада қазақ биімен қыздарымызды қарсы аламыз.

Би: «Қазақ биі»

Жүргізуші: Жақсылыққа құмармыз.

Жақсы адам болып шығамыз.

Таза сәби жүректен

Аналарға мың алғыс дей отырып ортаға «Анашым »әнімен бүлдіршіндерімізді қошеметпен қарсы аламыз.

Ән: Анашым әні

Жүргізуші: Бірге болсын тойымыз

Құтты болсын тойымыз

Қыздарымыз шаттана

Би билейді тамсана дей отырып ортада « Ақ көгершін»әнімен Майра Күмісай Гүлсая қыздарымызды шақырамыз.

Ән: Ақ көгершін

Жүргізуші: Осыдан бір ай бұрын ауданымызда Жауқазын балалар фистевалы болған.Содан біздің Нұрболған Аңсар бүлдіршіндеріміз қазақ тілі өлеңін оқып 2-ші орынға ие болды. Сол қуанышымызбен сіздермен бөлісе отырып, ата-анасына мың алғыс айтамыз. Сол тақпағын сіздерге де ұсынсақшы

« Қазақ тілі »

Тағыда бір айта кететін қуанышты хабарымыз Ұлы отан соғысның 70-на жылдығына орай өткізген балабақша арасында сырттай байкаудан Нұрғали Майра қызымыз 3-ші дәрежелі дипломмен марапатталды. Нұрғали Майра, «Майданнан хат»

Жүргізуші: Мектеп деген білім кені,жыр кені.

Мектеп деген ғылымның ең үлкені.

Мектеп деген тәрбиеші адамға.

Мектеп деген даналардың мекені.дегендей бүлдіршіндеріміздің «Біз мектепке барамыз»әнін қабыл алыңыздар.

Жүргізуші:

Бізге сыйлап сыңғырлаған күлкіңді.

Сәбилерім жүздеріңнен нұр тұнды.

Бізден ұшып қанат қағып есейдіңдер.

Өздеріңмен қоштасатын күн туды.

Бізден ұшып талмай қанат қағыңдар.

Жүректерден арман отын жағыңыздар.

Жақсы оқып алтын ұя мектепте.

Бұл өмірде бақыт жолын табыңыздар.

Бәріңді де сәбиім деп сүйетін.

Өздеріңді біз сағынып жүрейік

Құтты болсын қадамдарың аттаған

Біз сендерге сәтті сапар тілейік дей отырып келесі құттықтау сөз кезегін балабақшамыздың меңгерушісі Құспанова Ақкүміс апайға береміз.







































МКҚК «Құлыншақ» балабақшасы





«Өркен» тобы





«Қош сүйікті балабақшам»



Дайындаған: Акимжанова Ш









2015ж

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
05.02.2019
346
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12