жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
"Қош бол балабақша"
Залға музыка әуенімен кіреді.
Барлығы балалар:
Жақсылыққа құмармыз,
Жақсы адам болып шығамыз.
Таза сәби жүректен,
Қабылдаңыз мың алғыс!
Гимн:
Бақдәулет: Құрметті қонақтар армысыздар.
Бәріңізде есен-аман бармысыздар?
Таусылмайтын ағытып ой арманның
Ал, достарым ақ жол тілеп, сөз бастаған.
Нұрай: Ақтілекті ақытып бір тастайық,
Қоштасатын кешімізді біз бастайық,
Жүздерінен көркем шаттық арайлы,
Болсын солай әрбір күнің, әрайың.
Аяжан: Бүгінгі қоштасу кешімізді бастай отырып, ортаға білі мен тәрбие нәрін сусындатқан апайларымызды ортаға шақырамыз.
Ортаға екі тәрбиеші ән айтып шығады.
Сәлем гүлдей жайнаған балғындарым
Бақшамыздан тәрбие алғандарым
Енді міне ержетіп бәрің бірге
Достарыңмен мектепке барғандарың.
Қ/сы: Балаларым, балапан, балғындарым,
Кілең беске оқыңдар жарқындарым.
Күлерсіңдер әрқашан шаттаныңдар,
Барлығыңда болашаққа аттаныңдар.
Балаларым, балапан, балғындарым,
Кілең беске оқыңдар жарқындарым.
Аттаныңдар жұптарың жазылмасын,
Ешқандайда қиындық жолықпасын. (2рет)
Нұрбибі: Бізге сыйлап сыңғырлаған күлкіңді
Сәбилерім жүздеріңде нұр тұнды.
Бізден ұшып, қанат қағып есейдіңдер,
Өздеріңмен қоштасатын күн туды.
Бізден ұшып талмай қанат қағыңдар,
Жүректерден арман отын жағыңдар.
Жақсы оқып алтын ұя мектепте,
Бұл өмірдн бақыт жолын табыңдар.
Бәріңді де сәбиім деп сүйетін,
Өздеріңді сағынып біз жүрейік.
Құтты болсын қадамдарың аттаған,
Біз сендерге сәтті сапар тілейік!
Қымбатты ата-аналар, балабақша қызметкерлері, қонақтар бүгінгі біздің бірнеше жыл мәпелеп, күтіп, тәрбиелеп өсірген бүлдіршіндерімізді мектеп табалдырығына шығарып салғалы отырмыз. Әрине бұл да үлкен той, тойларыңыз құтты болсын! Кәнекей кішкентай түлектерімізді тағыда бір қошеметтеп қоялық.
1.Биязы мінезімен,
Түрлі рольді сомдайды.
Күлімдеген Таңшолпанды,
Барлық досы қолдайды.
2.Қандайда болсын игі іс,
Онсыз сірә бітпейді.
Гүл жайнаған Даянаны,
Жауқазын гүлге теңейміз.
3.Бойында үлкен намыс бар,
Әрқашан алға ұмтылған.
Сегіз қырлы, бір сырлы,
Намысшыл жігіт Рамазан.
4.Ортамыздың ажары,
Мөлдірдей ерке қызымыз.
Әрқылығын көтеріп,
Еркелете береміз.
5.Ойы ұшқыр Медина,
Математиканы сүйеді.
Қиын есеп болсада,
Ойнап отырып шешеді.
6.Кіп-кішкентай болсада,
Елді аузына қаратар.
Сүйкімді қыз Ұлболсын,
Көркі оның көз тартар.
7.Әнуар деген бала бар,
Бойында түрлі сала бар.
Көпшілікті қуантып,
Үлкен үмітпен қаратар.
8.Біледі ол жақсыменен жаманды,
Өнерменен тамсандырған адамдарды.
Маңғыстау Нұрай ортамызда,
Сұлулығымен бағындырар әлемді.
9.Қане Аяжан тобымның,
Гүлі болып шығағой.
Сені көрген адамның,
Қуанбауы күнә ғой.
10.Өлшеу жоқ өнерінің табысына,
Болашаққа ойдағыдай барысына.
Нұртастай жігіт бар ортамызда,
Көрсеткен күзгі бал өнер сайысында.
11.Қауанам мен тобымның нұрларына,
Балалардың туған ой мен қырларына.
Тәрбиелеп өсірген жемістерім,
Ризамын Бейбарыстай ұлдарыма!
12.Ән салғанда шырқап бір,
Шаршамайды сірә бір.
Айару деген қызымыз,
Сырың терең ұға біл.
13.Айдай сұлуАқниет,
Ардақты біздің қызымыз.
Сыңғырлаған күлкісі бар,
Күлімдеген дауысы бар.
14.Тіл табысқан бәрімен,
Ақжарқын өмірде.
Жақсылықтың жаршысы,
Ақ көңіл біздің Айжулдыз
15.Парасатты ер жігіт.
Ақылменен біледі,
Сегіз қырлы бір сырлы,
Айқын күліп жүр еді.
16.Еңбек сүйгіш, таудай талап бойында,
Барлық істі тыңдау оның ойында,
Қуанамыз кіші топтан кеменіне,
Айбардай асыл жігіт тобымызда.
17.Әрі сұлу әр іигі,
Кішісі Інжу қылықты,
Он бір ұлы бар үйдің,
Жалғыз қызы сияқты.
18.Спортпенен білім жағын бір қосқан,
Кем қалмаған талантпенен табысқан,
Қараңыздар Бағдәулеттей ортада,
Тауды бұзар шын кіріссе намыстан.
19.Айтыскер болу арманы,
Өзі сондай салмақты,
Нұрландырған ортаны,
Біздің Самира жан-жақты.
20.Мына біздің Дильназ
Ибалы да, өнерлі,
Ақылы оның өте көп,
Сүйкімді болып жүр еді.
Балғаным: 1.Жібектейін мінезі,
Тобымыздың жұлдызы.
Мың бұрала билейді,
Талабымен қуантқан,
Мадина біздің қызымыз.
2.Көпшіл, алғыр, әдепті.
Өзі сондай ұқыпты,
Тобымызда көрікті,
Нұрғалидай баламыз.
3.Биікке самғау мақсаты,
Алғыр, зерек, талапты.
Көркем шығарма оқудан,
Алдына жансалмайтын.
Біздің Зере өнерлі.
Нұрбибі:Бүгінгі той бәрімізге құтты болсын,
Мектеп есігі әрқашан ашық болсын.
Біріншіге баратын бүлдіршіндерді,
Балабақша директоры құттықтасын,- дей отыра «Құлыншақ» балабақшасының директоры Құспанова Ақкүміс Жұбанқызына сөз кезегін береміз.
Балғаным:Мерекедесызылтыпәнсалады,
Әнайтып, би дебилепжансалады.
Бұлұлымерекедеәнсалғанда,
Бүкіл ел шапалақтап қарсы алады,- деп отыра бүлдіршіндеріміздің «Біз мектепке барамыз» әнін тамашалаңыздар.
Ән:«Біз мектепке барамыз».
Нұрбибі: Алдындағы балалар,
Тақпақ айтып бір-бірден,
Қимай кетіп барады,- деп отыра балаларымызды өз тақпақтарын айтуға шақырамыз.
Айару: Қош, балалар сәт сапар,
Бақытты бәрің болыңдар.
Жақсы оқып сабақты,
Кілең бестік алыңдар.
Мөлдір: Ойыншықты жинаймыз,
Бөбектерге сыйлаймыз.
Өнер-білім үйреткен,
Балабақшаны қимаймыз.
Медина: Қызық сабақ, тренигтер өткізген,
Үйрендік талай жақсы істер біз сізден.
Психолог Меруерт апай жайдары,
Қабылдасын бүгін алғыс біздерден.
Ұлболсын: Қуанамыз, сыйлаймыз,
Қуаныштың мың гүлін.
Бақшамызбен қимай біз,
Қоштасатын күн бүгін.
Айкөркем: Үлкендей тап-таза,
Жазамыз бормен тақтаға.
Үлгілібала боламыз,
Жүретіндей мақтана.
Балғаным: Теңіздей тербетіліп көл бетінде,
Бишілер билеп кетті тербетіле.
Аққудай қалықтаған теңіздегі,
Бишілер өнерлерін көрсетуде,
Қыздар биін қарсы алыңыздар- деп отыра ортамызға қыздарымыздың «Тостақан» биін тамашалаңыздар.
Би: «Тостақан»
Нұрбибі:Оқимыз, білім аламыз,
Болашақ жолын саламыз.
Бақшаменен қоштасып,
Біріншіге барамыз,- деп балаларымыздың балабақшадағы апайларына өз ризашылықтарын білдірмек.
Нұрай:Бізді баптап қараған,
Күлімдеген жақсы адам.
Ақтөсекке жатқызған,
Басымызды сипаған.
Ақөнер апайға мың рахмет!
Аяжан:Денсаулығы болаттай,
Ауруларды жолатпай.
Күнде болған әбігер,
Қамқоршымыз дәрігер,
Әлия апайға мың алғыс!
Таңшолпан:Гүлдендірген бақшаны,
Меңгеруші апай жақсы адам.
Сондықтан да біз үшін,
Артықсыз сізбасқадан,
Ақкүміс Жұбанқызына мың алғыс!
Даяна:Армандарды аңсаған,
Оқығанда тамсанам.
Тексеру үшін білімді,
Олимпиада дайындап.
Біздер үшін жансалған,
Әдіскер біздің жақсы адам.
Балғаным:Ендігі кезекті бүлдіршіндеріміздің «Попурри» әніне кезек береміз.
Ән: «Попурри»
Нұрбибі: Тілдерінен бал тамған бүлдіршіндеріміздің тақпағына кезек береміз.
Самира:Знать английский, казахский,
Русский тоже надо знать
Чтоб прочесть простую сказку,
Или что-то написать.
Рахат апайға мыңалғыс!
Айжұлдыз:Бізде мұнда әрдайым,
Бәрі-бәрі дап-дайын.
Қамымызды ойлаған,
Қоймашы Зульпия апайға мыңалғыс!
Бағдәулет:Жазу жазып үйреткен,
Әріптерді оқытқан.
Санамақты жаттатып,
Санауды бізге үйреткен.
Жақсы болсақ қуанған,
Қателік болса кешірген,
Нұрбибі, Жұлдыз апайларымызға мыңалғыс!
Ақниет: Талай қазақ той өткіздік,
Бірақ оны бөлекше.
Бақшамызбен қоштасатын,
Бүгінгі той ерекше.
Дильназ:Бұл қуаныш себебін,
Бізге қарап ұғарсың.
Ер жетті деп бөбегін,
Туған отан қуансын!
Зере:Ботақаным бөбектеп,
Еркелеткен ұл-қызын.
Анамызды ерекше,
Қуантатын күн бүгін.
Өсті міне бойымыз,
Толды тағы ойымыз.
Қуанышқа ортақпыз,
Құтты болсын тойымыз.
Нұрғали:Балабақша бесігім,
Тағы бір той жасайық
Ашып мектеп есігін,
Өзіңмен қоштасайық!
Балғаным:Арулар неткен сымбатты,
Ғажайып нұрға бөленген.
Көктемге қыздар үн қатты,
Мың бұралған билеген,- дей отыра биші қыздарымызды қошеметтеп қарсыалайық.
Би: «Орыс» биі.
Нұрбибі:Қиын сынақтан қашпаймыз,
Шынығамыз жастай біз.
Көңілді әуен сазымен,
Жаттауларды бастаймыз,- дей отыра бүлдіршіндеріміздің тақпақтарына кезек береміз.
Рамазан:Оқимыз, білім аламыз,
Болашақ жолын саламыз.
Бақшамызбен қоштасып,
Біз мектепке барамыз.
Мадина:Күліп қарап ісімізге шаттанған,
Дәмді асымен жайған бізге дастархан.
Анамыздай аялаған біздерді,
Айкүміс, Гүлзира, Гүлмира апайлардың
Мінездері бай дархан!
Нұртас:Дене шынықтыру сабағын,
Асыға күтіп тұрамыз.
Ақтолқын апайымызға,
Рахмет бізден айтамыз!
Диас:сүйкімді балғын бала шақ,
Сендердікі болашақ.
Озат болып оқыңдар,
Ойға білім тоқыңдар!
Бейбарыс:Алты жасқа толамыз,
Әдепті бала боламыз.
Қуантып ата-ананы,
Мектепке кетіп барамыз!
Балғаным:Құлақтан кіріп бойды алар,
Әсем ән мен тәттікүй.
Көңілге түрлі ойсалар,
Әнді сүйсең, менше сүй,- деп Абай атамыз айтқандай келесі кезекте Айару қызымыздың әсем әуенін тамашалайық.
Ән: «Қасиетті домбыра»
Нұрбибі: Өнер қуған жасынан,
Өнері судай тасыған.
Келесі біздің бишілер,
Көрінген көштің басынан- деп отыра қыздарымыздың испан биін қошеметтеп қарсыалайық.
Испан биі.
Балғаным:Тілім барда мақтанам,
Тілім менің аппақән.
Бірлігімді бүгінгі,
Анна тілім сақтаған,- деп отыра біздің бүлдіршіндеріміздің тақпағына кезек берейік.
Айқын:Бірге ойнап, бірге жүрген,
Күндерімізді қимаймыз.
Естелік болсын біздерден,
Кітап, дәптер сыйлаймыз.
Айда:Қуанышқа ортақпыз,
Құтты болсын тойларың,
Алыңдартереңбілімді.
Сәтті болсын жолдарың!
Сезімде туған
Баламыз,
Оянды ақылсанамыз.
Адалдықтың бастауын,
Өзіңнен алып барамыз!
Әнуар:Бүгін қызық, бүгін той.
Біздер үшін біліп қой,
Әнге салып би билеп.
Жалғастырсын ойды ой.
Нұрбибі: Дөңгелене билейді,
Әнде айтып береді.
Кең маңдайлы Нұрайым,
Жайраңдаған жарқынжан-деп отыра Нұрай қызымыздың «Үнді» биіне кезек береміз.
Үнді биі.
Балғаным:Ендеше кезекті балаларымызбен ойын ойнап бір көңіл көтерейік құрметті қонақтар.
Ойын. «Кім жылдам». Шарты: Ортаға әртүрлі әріптер тасталады, балалар музыка тоқтағанда әріптердің үстіне тұра қалады. Сол әріпке сөза йтады.
Нұрбибі:Қалай екен балалар қызықты болдымаойын,олай болса мен ойынды сіздермен жалғастырғым келіп тұр. «Ия, ия», «Жоқ, жоқ» ойынын ойнайық.
Мектепке біз барамыз ба?
Кілең бестік аламыз ба?
Айтқан тілді аламыз ба?
Нан жеймін деп жылаймыз ба?
Ақылды бала боламыз ба?
Ертеңгісін тұрамыз ба?
Сабақта отырып ұйықтамаймыз
ба?
Ойыншықтармен ойнаймыз ба?
Екі алғанда жылаймыз ба?
Оқушы біз боламыз ба?
Жарайсыңдар балалар.
Балғаным:Ата-аналардың жарысы,
Дәл осылай басталсын.
Ойын ойнап бір сәтке,
Жастық жағын еске алсын, - дей отыра Нұрбибі апай екеуміз ата-аналармен ойын ойнап көрелік.
Ойын: «Ия, ия», «Жоқ, жоқ»
Балаңызға әрқашан тірексізба?
Сабақ оқып сіз есепке жүйріксізба?
Тамағын уақытылы бересізба?
Сериал көріп жатасызба?
Ұрып, нұқып үйретуге барасызба?
Төзімділікке әруақытта төзесізбе?
Оқыту мұғалімнің жұмысы деген керітартпа сөзді айтасызба?
Балаңыз үшінбалаларды соғасызба?
Бала үшін асулардан асасызба?
Керемет ойынболды ата-аналармен. Сіздерге көп-көп рахмет.
Нұрбибі:Енді кезекті «Алтын күн»
«Алтын күн»
Балғаным:Қоштасу ертеңгілігіміздің «Вальс» биіне кезек береміз.
«Қоштасу вальсі»
Нұрбибі:Мәртебесі тілімнің,
Биік болсын халайық.
Достығымыз жарасып,
Қосылып әнсалайық,- деп отыра бүлдіршіндеріміздің«Көктудың желбірегені» әніне кезек береміз.
Хор: «Көк тудың желбірегені»
Марапаттау.
Нұрбибі:Бүгінгі той бәрімізге құтты болсын,
Дендеріңіз сау аман есен мықты болсын,
Мектеп есігі әрқашанда ашық болсын,
Біріншіге баратын қадамдарың құтты болсын!
Балғаным: Ата-аналарға алғыс сөз кезегін беру.Қоштасу аяқтау.
МККҚ «Құлыншақ» балабақшасы
Қоштасу
«Өркен тобы»
«Біз мектепке
барамыз»
Өткізген: Мирманова Н
2017ж
шағым қалдыра аласыз



Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген