Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

"Қош бол балабақша"

Материал туралы қысқаша түсінік
қош бол балабақша сценарий
Материалдың қысқаша нұсқасы

Нұрайлы: Құрметті қонақтар армысыздар?!

Бәріңізде есен-аман бармысыздар?

Таусылмайтын ағытып ой арманын,

Ал, достарым ақ жол тілеп сөз бастағын.



Айшуақ: Ақ тілекті ағытып бір тастайық,

Қоштасатын кешімізді бастайық.

Жүсдерінен көркем шаттық арайлы,

Болсын солай әрбір күнің, әр айың.



Нұрайлы: Бүгінгі қоштасу кешімізді бастай отырып, білім мен тәрбие нәріне сусындатқан апайларымызды ортаға шақырамыз!

\Ортаға екі тәрбиеші шығып өлең айтады.\

1-тәрбиеші: Өтті қызық көп күндер

Бес жасқа сендер жеттіңдер.

Барасыңдар мектепке,

Бір белестен өттіңдер!

Өсті ақыл ойларың,

Өсіпті міне бойларың,

Қуанышты бүгінгі

Құтты болсын тойларың!

2-тәрбиеші: Қымбатты ата аналар, ұлағатты ұстаздар және де бал күлкілі бүгінгі мектеп бітіруші түлектер! Бүгін біздің мәпелеп күтіп, тәрбиелеп өсірген бүлдіршіндерімізді мектеп табалдырығына шығарып салғалы отырмыз. Әрине бұл да үлкен той! Тойларыңыз құтты болсын! Қанекей кішкентай түлектерімізді ортаға қошеметпен қарсы алайық!



1-тәрбиеші: Мерекеде сызылтып ән салады,

Ән айтып, би де билеп жан салады.

Бұл ұлы мерекеде ән салғанда,

Бүкіл ел шапалақтап қарсы алады.

Хор: «Жас ұландар жыры»

2-тәрбиеші: Алдыңдағы балалар

Мектепке кетіп барады.

Тақпақ айтып бір-бірден,

Қимай кетіп барады –дей отырып ортаға балаларымызды өз тақпақ айтуға шақырамыз.

\Нұрсая,Нұрасыл, Ақниет, Рауан, Мансур, Гулзира, Айшабибі,Ұлжанат\

1-тәрбиеші: Құлақтан кіріп, бойды алар,

Әсем ән мен тәтті күй.

Көңілге түрлі ой салар,

Әнді сүйсең менше сүй,- деп Айшабибі қызымыздың орындауында «Достар» әнін қабыл алыңыздар!

\Ән біткен кезде ортаға Жалқаубек келеді. Усті лас.\

2-тәрбиеші: Ау, Жалқаубек сенің мұның не? Мерекеге киініп келмейсің бе, сен де биыл мектепке барасын ғой. Міне біздің балаларды қарашы қандай әдемі киінген.

Жалқаубек: Менің мектепке барғым келмейді. Балалар да менің қасымда қалады. Біз үшін біздің ата-анамыз оқи берсін. Кім оқыса да бәрі бір емес пе?

1-тәрбиеші: Жоқ, Жалқаубек сенің мұның дұрыс емес. Барлық бала міндетті түрде мектепке баруға тиіс.

Жалқаубек: Ой , апай сіздің балаларыңыз мен сияқты жалқау ғой. Мектепте оқығысы келмейді. Солай ғой балалар?!

Жалқаубек: Онда мен сендермен ойын ойнайын. Қане кім шығады? Мынау менің дорбамда неше түрлі дүниелер бар. Солардың қайсысы мектепке керек екенін білесіңдер ме екенін тексеріп жіберейін.

Ойын «Жылдам жинаймыз»\ Мансур, Бейбарыс, Нұрболат, Нұрасыл\

Жалқаубек: Жарайсындар балалар! Сендер дап –дайын оқушы екенсіңіз. Жолдарың болсын! Апай менің де мектепке барғым келіп кетті. Достарыммен бірге барсам бола ма?

1-Тәрбиеші: Үйренгенбіз өнерді,

Шетімізден шеберміз.

Ән де айтып береміз,

Мың бұрала билейміз - деп ортаға биші қыздарымызды «Гүлдер» биімен қарсы алыңыздар!

2- тәрбиеші: Қазір біз балалармен «Ия, ия-жоқ, жоқ» ойынын ойнаймыз.

1.Біз мектепке барамыз ба?

2.Жақсы оқушы боламыз ба?

3.Ойыншықпен ойнаймызба?

4.Ақылды бала боламыз ба?

5.Нан жейміз деп жылаймыз ба?

6.Таңертең ерте тұрамыз ба?

7. Сабақта отырып ұйықтаймыз ба?

8. Аналарымызға ойыншық алып бер деп сұраймыз ба?

9. Біз оқушы боламыз ба?

10. Жақсы азамат боламыз ба?



1-тәрбиеші: Енді дә осындай ойынды ата-аналарымызбен ойнап көрсек қалай болар екен Көрейік!

1.Балаңызды жақсы көресіз бе?

2.Тамағын уақытымен бересіз бе?

3.Балаңызға сабақ оқытасыз ба?

4. Сериал қарап жатасыз ба?

5. Шыдамды боласыз ба?

6.Балаңызды тентек болса ұрасыз ба?

7.Ұрып, нұқып үйретуге барасыз ба?

8. Балаңызға мейірім төгесіз бе?

9. Сабақты өзің оқы деп, сотка шұқып отырасыз ба?

10. Бала үшін асулардан асасыз ба?

2-тәрбиеші: Енді ортаға биші балаларымызды «Карандаш» биімен шақырамыз!

\ Айшуақ,Нұрасыл,Нұрболат, Бейбарыс, Рауан, Бейбарыс\

1-тәрбиеші: Қолыма алып портфельді,

Мен мектепке барамын.

Ата-анамды қуантып,

Жақсы оқушы боламын- деп келесі кезекті балалар дайындаған «Портфель» көрінісіне береміз!

Жүргізуші: Көрініс «Портфель»

Биік те емес , аласа

Бір портфель тұр жараса

Қызыққандар кіре алмай,

Сыртында жүр таласа.

Сонда бұны кім алған?

Ішіне оның не салған?

Құлпын ашып көрейік,

Нелер барын білейік.

Тук, тук, тук

Кіруге бола ма?

Әлде біреу тұра ма?

Әрине ешкім тұрмайды.

Тұрса үнсіз болмайды.

Әне пенал келеді.

Мүмкін пенал кіреді.

Пенал: Пай, пай, пай

Түсім бе, әлде өңім бе?

Жай портфель емес тегінде,

Болса болар, тек қана

Ертегілер елінде!

Жақынырақ барайын

Ішіне көз салайын.

Кім тұрады бұл жерде ?

Жайын біліп алайын.



Тук, тук, тук

Болар ма екен кіруге?

Кім тұрарын білуге.

Жауапсыз қалды сұрағым ,

Онда өзім тұрамын. \Ішіне кіріп кетеді\

Жүргізуші: Енді әліппе келеді,

Портфельді ол да көреді.

Әліппе: Ашық екен есігі,

Ішіне жайлап кірейін,

Кімдер барын білейін.

Жақсы достар болса егер,

Бірге өмір сүрейін.



Жүргізуші: Есікті ашып осы сәт

Пенал шықты ақылды.

Әліппені өзімен

Бір тұруға шақырды.

Пенал: Кір әліппе бас қосайық,

Бірге тұрып достасайық!

Жүргізуші: Жүгіріп дәптер келді де,

Кіргісі келіп ішіне

Қарайды ол да көз тіге.

Дәптер: Жазу жазар болса кім,

Онда мен де керекпін.

Кіргізіңдер мені де,

Бір тұрайық демекпін.

Жүргізуші: Әліппе де жөн көрген адал досты,

Қатарына дәптерді жедел қосты.

Әліппе: Кел дәптерім , келіңіз,

Портфеліме кіріңіз.

Оқушы үшін әрқашан,

Керекпін деп жүріңіз!

Жүргізуші: Түрлендірген бір-бірін,

Достарды күтіп алыңдар.

Келіп жетті жүгіріп,

Түрлі-түсті қаламдар.

Пайда болды 4-ік те,

Пайда болды 5-тік те,

Айтып жатты жарысып,

Өз ойларын естірте.

5-тік: Оқушының бәрі де,

Мені жақсы көреді.

Портфельдің дәл төрінен

Маған орын береді!

4-тік: Жақсы оқитын балалар,

4-5 ті алады.

Ұқыпты өзі ынталы

Тәрбиелі болады.

Қызыл қалам: Әрине, әрине

Керексіңдер бәріңде.

Көңіл сиса сиямыз,

Тар болса да ұямыз!

Көк қалам: Тәртібінен сабақтан

4-5 алып жарыссын.

Кіріңдер жақсы бағалар,

Оқушылар таныссын!

Жүргізуші: Міне осылай портфельдің

Лезде іші толып кетті.

Арттарынан жүгіріп

2-лік пен 3-те жетті.



2-лік: Жалқауларды жалдап алам!

Аңқауларды алдап алам!

Көшпей қалса сыныпта

Досым үшін мен де қалам!

Жүргізуші: Сұрланып босағадан пенал шықты,

Ұрысып 2 мен 3-ті жерге тықты.

Пенал: Сөздеріңді жөн көретін,

Бізді аңқау деп пе едің?

Балалардың досы мықты

Сендерсіз-ақ күн көретін.

Еңбек етпей ерінсе,

Ол оқушы бола ма?

Достарымыз 4пен 5

Кетіңдер бізге жолама!

Жүргізуші: Кіргізбей 2 мен 3-ті

Сарт етіп есік жабылды.

Сыйқырланып портфель

Иесін өзі іздеді.

Оқушы екен иесі,

Міне өзі келеді.

Оқушы: Мен іздеген портфель

Іздеп жүрсем алыстан,

Шыға келдің алдымнан.

Ант беремін, уәде айтып,

Жақсы оқушы боламын,

Кілең бестік аламын.

Тәрбиелі, үлгілі

Қазақстан азаматы боламын!

Жүргізуші: Сөйтіп біздің портфель

Өз иесін табады.

Барлық біздің балалар

Жақсы оқушы болады.

1-тәрбиеші: Уайымдайтын баланы,

Дана ғой неткен әжелер

Қуанады балаша

Бестік әкелсе немере – деп ортаға бүгінгі ертеңгілігімізге келген әжелерді шақырамыз! Әжелерге арналған ойын-«Тәп-тәтті немере».

2-тәрбиеші: Қуанамыз сыйлаймыз,

Қуаныштың мың гүлін.

Апайларды қимаймыз

Қоштасатын бұл күні –дегендей балалардың тәрбиешілеріне арнаған әні «Тәрбиеші» хор.

1-тәрбиеші: Оқимыз, білім аламыз,

Болашақ жолын саламыз.

Бақшаменен қоштасып

Біз мектепке барамыз-деп біздің балаларымыз балабақша апайларына өз шумақтарын арнайды.

\Әсемай, Нұрболат,Айтжан, Нұрсая, Айдын Таңатов, \

2-тәрбиеші: Бүгін біздің топтың балалары білімге қанат қаққалы тұр. Тобымыздан түлектеріне Салтанат қызымыздың арнаған тақпағын қабыл алыңыздар!

1-Тәрбиеші: Балаларымыз да Салтанатқа өз сыйларын табыстамақшы.

\Айшабибінің тақпағы\

Хор «Мен мектепке барамын»

2-тәрбиеші: Бүгінгі балабақшадан түлеп ұшқалы тұрған балаларға өзінің жүрекжарды тілегін білдіріп, мақтау қағаздарын тапсыру үшін ортаға «Аяла» балабақшасының басшысы Айман Алмабекқызын ортаға шақырамыз!

1-тәрбиеші: Ата-ана тәрбиелеп балапанын,

Әлдилеп аялаған ботақанын,

Болашақта бақ тілеп тұрасыңдар

Ойлауменен алдағы бала қамын.

Бүгінгі кеш әр үйде той басы саналар,

Балалардың есімдері жүректерге таралар.

Ырым етіп ертеңгілік соңында,

Ақ тілекпен балаларға шашу шашың аналар!-деп келесі кезекте балапандарына өз тілектерін білдіру үшін ортаға ата-аналарды шақырамыз!

2-тәрбиеші: Бізге сыйлап сыңғырлаған күлкіңді,

Балаларым жүздеріңде нұр тұнды.

Бақшадан ұшып, қанат қағып барасың,

Өздеріңмен қоштасатын күн туды.

1-тәрбиеші: Шаттыққа толы жанары

Сыйлайды нені кім білсін?

Мектепке кетіп барады

Талабы таудай бүлдіршін.

Баласыңдар барлығың да баптаған,

Мақтаныш қып біз сіздерді жүрейік.

Құтты болсын қадамдарың аттаған,

Сендерге енді сәтті сапар тілейік! – дей отырып, балабақшаман қоштасу ертеңгілігін аяқтаймыз, сау болыңыздар!

















































Тақпақтар:

Нұрсая: Балабақша, балабақша

Шаңырағы шаттықтың,

Балабақша қорғанышы

Балғын сәби жастықтың.

Нұрасыл: Балабақша есігін

Үшке тола ашқанбыз.

Едік аппақ нәресте,

Көп-көп бөбек көргенде

Жұбанғаным есімде.

Ақниет: Ботақаным бөбек деп

Еркелеткен ұл-қызын.

Анамызды ерекше

Қуантатын күн бүгін.

Рауан: Бұл қуаныш себебін

Бізге қарап ұғарсың.

Ержетті деп бөбегің

Туған Отан қуансын.

Гулзира: Оқимыз, білім аламыз,

Болашақ жолын саламыз.

Бақшаменен қоштасып

Біріншіге барамыз.

Айшабибі: Балабақша базарлы үй

Көшедегі ажарлы үй.

Шаттығы бар шуақты

Өз үйіміз сияқты.

Ұлжанат: Қанша қимай тұрсақ та

Амал жоқ бізде басқаша.

Ұмытпаңдар апайды

Жүздерінен нұр шашқан.

Әсемай: Бақшаны біздің басқарған

Айман апай адал жан.

Рахмет сізге, мың алғыс

Жүріңіз күліп әрқашан.

Нұрболат: Ұстаздардың ұстазы

Тәрбиенің ұстасы.

Ырза сізге бәрі де

Әдіскерге көп рахмет!

Айтжан: Тамақ берген бақшада

Аспазшы апай жақсы адам.

Басымызды иеміз

Орны бөлек басқадан.

Нұрсая: Тамағын ішіп қолынан

Өскен сәби баламыз.

Айнагүл апай сізге де

Алғыс айтып барамыз.

Салтанат: Ұмытпаңдар біздерді

Ұмытпаймыз сіздерді.

Жыл өткенде арада

Қосыламыз қатарға.

Айшабибі: Бақшада қалған достарым

Біз сіздерді сағынамыз.

Келер жылы мектепте

Алдыңыздан қарсы аламыз.

Бейбарыс Әб: Үйреткен бізге өлеңді

Мың бұралған билерді.

Ақерке апай сізге де

Айтамыз біз мың алғыс!



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
06.02.2019
448
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12