жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
"Қош бол балабақша"
«Бейбарыс» шағын орталығы, «Еркетай» тобының
«Қош бол, балабақшам!» атты балабақшамен қоштасу ертеңгілігінің өтілу жоспары.
Мақсаты:
1.Балалардың бір жылдық алған білімдерін тиянақтау,мектепке деген көзқарасын қалыптастыру.
2.Балалардың тілін,шығармашылық қабілетін дамыту.
3.Үлкендерге құрмет,кішіге ізет көрсете білуге тәрбиелеу.
Зал безендірілген.
Ашылуы: вальс. Балалар жарты шеңберге тұрады.
1-тәрбиеші: -Армысыздар, құрметті ата-аналар,қонақтар,әріптестер! Бүгін бізде үлкен мереке! Балабақша табалдырығын тәй-тәй басып кішкене ғана сәби болып келген балаларымыз міне,бүгін сүйікті ұяларымен қоштасқалы отыр. Бүгінгі бүлдіршіндеріміздің «Қош бол, балабақшам! » атты ертеңгілігіне қош келдіңіздер!
2-тәрбиеші:
Бізге сыйлап сыңғырлаған
күлкіңді ,
Сәбилерім жүздеріңде нұр
тұнды .
Бізден ұшып, қанат қағып
есейдіңдер,
Өздеріңмен қоштасатын күн
туды.
1-тәрбиеші:
Бізден ұшып талмай қанат
қағыңдар ,
Жүректерде арман отын
жағыңдар.
Жақсы оқып алтын ұя
мектепте,
Бұл өмірден бақыт жолын
табыңдар .
2-тәрбиеші:
Бәріңді де сәбиім деп
сүйетін
Өздеріңді сағынып біз
жүрейік
Құтты болсын қадамдарың
аттаған
Біз сендерге сәтті сапар
тілейік!
Хор: «Бейбарыс-ғажайып ертегі»
1-жүргізуші: Абылай
Құрметті қонақтар, армысыздар
Бәріңізде есен – аман бармысыздар?
Таусылмайтын ағытып ой арманың
Ал, достарым ақ жол тілеп, сөз бастағын
2- жүргізуші: Арай
Сегодня день весений светлый,
Такой волнующий для нас.
Промчится лето не заметно
Нас всретит школа первый класс.
3-жүргізуші.Ж. Нұрдәулет:
Ағылшын тілінде:
Ю а уелком!Тудей уй сей «Сэнк ю! Гут бай!»
Ай сей хеллау,
Ай сей гут бай,
Киндергадн бай-бай!
Ән: «Біз бақытты баламыз» Қыздар тобы.
1-бала. Нұрсәт:: Балалар, естеріңде ме, ең алғаш балабақшаға келген күндерің? Біз ата-анамыздан қалмай жылаушы едік қой. Енді міне, сол бақшамызбен қимай қоштасқалы тұрмыз.
2-бала – Бекарыс :Иә, қасық ұстауды да білмеуші едік.Енді қолға қалам ұстап , сурет салып,әріптерді де жазатын болдық.
3-бала: Шадияр:Біз дұрыс сөйлеуді де білмейтін едік, енді міне ән айтып, тақпақ жаттайтын болдық.
4-бала: - Қарақат : біз сүрінбей жүре алмайтын едік, енді міне , мың бұрала би билейтін болдық.
5-бала- Нұрдәулет : Менің есімде , өзіміз киініп,жуына алмайтынбыз. Ал,қазір өзіміз киініп, жуынып, төсегімізді де жинайтын болдық.
Жүргізуші-Арайлым: Ендеше, осындай жағдайға жеткізген апайларымызға арнап ән жолдайық.
Ән: «Ақылшым мұғалім» А.Нұрдәулет, Ж.Нұрдәулет, Ернұр,Абылай, Бахон.
Би: «Қуыршақпен қоштасу» Қыздар тобы
1-бала А.Нұрдәулет
Сезімді туған
баламыз,
Оянды ақыл
санамыз.
Адамдықтың
бастауын,
Өзіңнен алып
барамыз.
2-бала Әділжан
Балабақшам
сүйікті,
Ән салдыртты,
билетті,
Шынықтырып
денеңді
Шымыр болуға
үйретті.
3-бала- Нұрали
Тәрбие берген
ұямыз,
Тәртіпті бала
боламыз.
Қоштасып
балабақшамен,
Біз мектепке барамыз.
4—бала Мирас
Оқимыз, білім
аламыз,
Болашақ жолын
ашамыз .
Бақшамызды
қимай біз,
Қоштасу әнін
саламыз .
Ән: «Прощай детский сад » Арайлым мен Нұрсәт, Нұрдәулет,Жаншырай,Айжан.
«Би: «Радуга » Қыз балалар мен тәрбиешінің көмекшісі Бақыт
Абылай: Біз апайларымызға деген жылы лебізіміз бен алғысымызды тақпақтар арқылы жеткізгіміз келеді.
5-бала: Ж.Нұрдәулет
Қуансақ бірге қуанған,
Күлімсіреп қараған.
Әдіскері бақшаның
Жанат апайды сағынам.
6-бала: Нұрсәт
Спасибо нежно говорим,
Мы воспитателям своим
Еще признаемся мы вам,
Похожи вы на наших мам.
7-бала:Дәулет
Маңдайымызды ұстайды,
Жүрегімізді тыңдайды.
Аузымызға қасық сап,
«А» деп айт деп ымдайды.
Медбике апайға мың рахмет!
8-бала Қ. Нұрдәулет
Бізде мұнда әрдайым,
Бәрі,бәрі дап-дайын,
Қамымызды ойлаған,
Қоймашы Әсия апайға мың рахмет!
Ән: «Бала қиялы» орындайтын: Қарақат, Жаншырай,Іңкәр.
9-бала—Бекнұр:
Тәрбие берген
ұямыз
Тәртіпті бала
боламыз
Қоштасып
психологпен
Біріншіге
барамыз
Гүлнұр
апайға
Мың алғыс
айтамыз.
10-бала Қарақат
Күй сандықтан күй төгілткен,
Әр мейрамда ән үйреткен.
Мың бұралтып би билеткен,
Рахмет сіздерге
Базаркүл апай,Самал апай!
11-бала: Ернұр
Тәтті тамақ
пісіретін,
Айран сүтін
ішкізетін,
Аспазшылар
сіздерге
Айтамыз бізден мың
алғыс!
12-бала: Шадияр
В группах чисто и красиво,
Все игрушки по местам.
Помощник воспитателя,
Спасибо большое вам.
Ән: «Бала тілегі» Серікбай Арайлым орындауында.
Би: «Пупсик»
2-жүргізуші-Арайлым: Алдарыңызда «Кішкентай жайдарманшылар»
Ж.Нұрдәулет: Жайдарманшы аға –әпкелеріне ұқсағысы келетін кішкентай жайдарманшылар, біз бастаймыз!
1. Абылай:-«Еркетай» тобы оқу іс-әрекеті үстінде.
Айдана (апай):- Балалар, кәне «Қ» дыбысынан басталатын сөздер айтыңдаршы.
1-бала:-Қауын, 2-бала: -Қарбыз, 3-бала: Алма.
Апай:- Нұрдәулет, «Қ» дыбысының алмаға қандай қатысы бар?
Нұрдәулет: --А-а-а, онда құрттаған алма.-дейді.
2.Абылай: « Әжесі мен немересінің әңгімесі»
Немересі: --Әже,әже уайфай деңізші!
Әжесі: -Тфәй,тфәй!- дейді.
3.Абылай: ««Еркетай» тобы мектепке дайындалуда.»
Шадияр: - Абылай, мектепке барамыз дейсіңдер, мектеп туралы не білесіңдер?
Абылай: Мен тақпақ білемін:
- Мектебің,мынау класың,
Осында он жыл тұрасың,
Қоңырау болғанда кіресің,
Қоңырау болғанда шығасың.
«Кішкентай жайдарманшылар» әні.
1-жүргізуші Абылай: -Достар , «Мектеп –кеме,білім-теңіз» деген, ендеше, біз бүгін сол теңізге саяхатқа шығуға дайынбыз ба?
Білім ханшайымы : -Сәлеметсіңдер ме, балалар?
Өтті қызық көп
күндер
Бес жасқа енді
жеттіңдер.
Барасыңдар
мектепке
Бір белестен өттіңдер! Өсті
ақыл-ойларың Өсті,міне бойларың Қуанышқа
ортақпыз Құтты болсын тойларың!
-Мен «Білім» ханшайымы, сендердің білімдеріңді сынағалы келдім. -Балалар, сендер білесіңдер ма, «Білім» теңізіне тек білімді, өнерлі,тәртіпті,ақылды балалар ғана бара алады.Ал, жолдамалар сендердің дайындықтарыңа қарай беріледі.Ендеше, жолдамалар мынадай:
1-жолдама: «Әріптер әлеміне» беріледі. Ол үшін берілген әріптерден сөз құрау керек.
2-жолдама: «Есептер еліне»беріледі. Ол үшін тақтада берілген есепті кім шығарып береді алады және 1-10ға дейін тура және кері санау, үш тілде санап беріңдерші.
3-жолдама: «Жұмбақтар еліне саяхат». Жұмбақ шешуге қалай екенсіңдер, көрейік.
шағым қалдыра аласыз



Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген