жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
"Қош бол, балабақша" ертеңгілік сценарий.
|
Тәрбиелі боламын, жұлдыз болып жанамын! Жүргізуші: Баршамызды бала тілмен
баурайтын, Жүргізуші: -Қымбатты қонақтар, ата-аналар, балабақша қызметкерлері! Бүгін бізде үлкен мереке. Яғни, бұл мереке қуанышы мен қызығы мол балалардың «Балабақшамен қоштасу»мерекесі. Олай болса, бүгінгі кешімізді бастауға рұқсат етіңіздер. Бала-біздің болашағымыз. Ал әр бала ол-болашақ жарық жұлдыз. Бүгін біздің балабақшамыздан ұшқалы отырған бүлдіршіндер де болашақта еліміздің мақтанышына айналатын жарқын жұлдыздар болатынына сенеміз. Олай болса ортаға түлектерімізді шақырамыз! Әуеннің ырғағымен балалар ортаға шарларымен шығады. Ал ендеше құрметті қонақтар біздің балаларымыздың құрметті әріптестерге арнаған тақпақтарын қабыл алыңыздар: Тақпақтар Алуа: Орын берген бақшадан Меңгеруші жақсы адам Сондықтан да біз үшін Артық өзі басқадан Дина Набиқызына мың алғыс! Әдіскер бар бақшада Талапты, әрі әдемі Сәндігул апайдың байқасақ Әрбір сөзі мәнерлі Зере Денсаулыққа болаттай, Ауруларды жолатпай. Күнде болған әбігер Қамқоршымыз дәрігер Галина Иванқызына мың рахмет! Арсен: Тәтті тағам пісірген Айран сүтін ішкізген Азпазшы апайлар Өздеріңе мың алғыс! Арман: Үйренеміз өнер біз Шетімізден шеберміз! Бал татыған әндірді Үйреткен Айгул Марсқызына мың алғыс! Айкөркем: Ақ төсекке жатқызған Тәтті тамақ жасаған. Бала болып ойнаған Айгул Саматқызына мың алғыс! Айару: Балабақша үйіміз Сені жақсы көреміз. Үлкен болып өскенде Еске алып жүреміз. Тәрбиеші апайым Болдың бізге анамдай Ақ жүзіңнен шуақ шашып Мейірім төгіп тұрғандай! Жүргізуші: -Балалар,балабақшада не үйренгенімізді тақпақтарымызбен жеткізе білдік иә,ал мектепте не үйренеміз білесіңдер ма? Балалар: Бізге нені үйретеді? -Мектеп бізге не үйрететінін әнмен айтсақ бола ма? Ән: «Біз мектепке барамыз!» Жүргізуші: -Иә,балабақшаны ,апайларымызды қимаймыз,әрі ұмытпаймыз.Әсіресе, бақшадағы әрбір апайдың есімі біздің жүрегімізде мәңгі жатталып қалатыны сөзсіз. Олай болса, бізге қонақ келе жатқан сияқты. Залға жүгіріп Жел аяқ келіп залды бір айналып шығып кетеді.. Залға қайта жүгіріп келіп шығып бара жатқанда жүргізші ұстап тоқтатады. Жүргізуші: -Жел аяқ сізге не болды,қайда асығып барасыз? Жел аяқ: -Мен білім ханшайымды іздеп жүрмін. Санауды да білмеймін,жазуды да білмеймін. Мен мектепке барғым келеді. Мен тоқтамай тез жүгіру үшін 10-ға дейін санау керек. Ал сендер енді мектепке бара жатқан балаларсыңдар, санап білмейтін боларсыңдар? Жүргізуші: -Жел аяқ сіз неге олай дейсіз біздің балалар 10-ға дейін санап,танып та,есеп те шығарып біледі. Ойын: «Сандарды орналастыр». Балалар 10-ға дейін санаған кезде Жел аяқ балалармен қоштасып жүгіре жөнеледі. Тақпақтар: Жалғасбек: Біз сабақты бастаймыз, Қайталаудан аспаймыз. Есептен де қашпаймыз Жазуды енді бастаймыз! Нұрғиса: Мектепке енді барамыз Үлгілі оқушы боламыз Жақсы оқып сабақты Кілең бестік аламыз. Балабақша бесігім, Қайсысын айтып бітейін. Қабыл алшы гүлімді Сіздерге сыйлап кетейін! Ади: Не раз мы вспомним как играли, И сколько было здесь затей. Как рисовали вечерами И лес,и маму, и ручей Адал: До свидания, Вам игрушки Повзрослел так быстро Я До свидания подрушки, И любимые друзья Данайым: Ойыншықты жинаймыз, Бөбектерге сыйлаймыз. Оқу білім үйреткен Өзіңізді қимаймыз. Жеті жасқа толамыз, Қуантып ата- ананы Мектепке кетіп барамыз! Аяна: Наш сад сегодня приуныл И мы грустым совсем немного. Вот день прощанья наступил И ждет нас дальняя дорога!
Музыка ырғағымен білім ханшайымы келеді: |
-Білім ханшайымы: Сәлеметсіңдер ме балалар! Мен музыка әуенін естіп сендерге келіп тұрмын.Қандай әдемі балалар, қандай әдемі безендірілген.Мен қай жерге келдім? Кешігіп қалған жоқпынба?Мереке құтты болсын!
-Жүргізуші: Бұл «Гүлдер» балабақшасының «Ақбота» тобы. Біздің бүлдіршіндеріміз балабақшамен қоштасқалы жатыр ал сіз кімсіз қайдан келдіңіз?
-Білім ханшайымы: Мен білім елінен келдім.Сендердің білімдерінді тексеруге.
Жүргізуші: Онда төрлетіңіз бізге қонақ болыңыз біздің балалардың өнерін тамашалаңыз.Ендеше әсем биімізді қабыл алыңыз.
Би : «Ақ гүлдер»
Білім ханшайымы: Жарайсыңдар балалар!Мен сендерге бос қол келген жоқпын, менің сендерге дайындаған сыйлығым бар. Мынау сандықты сендерге сыйға тартамын осы сандықтың ішінде сендерге тапсырма бар мүмкін сол тапсырмалар арқылы сендер білімдеріңізді жетілдірерсіздер!
Жүргізуші:Балалар осы тапсырмаларды орындайық
1-тапсырма: Ойын берілген екен:
Ойын: «Портфельді жинау»
Шарты: 2 бала шығады және үстел үстінен тек оқуға қажетті заттарды фортфельге салады.Кім тез жинайды сол жеңімпаз.
2 тапсырма: Бұл жерде балалар ән айтып берулерінді сұрайды.Балалар мектепке баратын болғандықтан ендеше «Оқуда озат боламын!» әнің орындап берейік.
Ән «Оқуда озат боламын!»
3 тапсырма:
.Білім ханшайымы:Өте жақсы балалар ал ендеше мен сендерге жұмбақ жасырамын ал сендер оны шешіп көріндер.
1. Қабат – қабат қаттама,
Ақылың болса аттама. (Кітап)
2. Бір нәрсе ала – шұбар, қара тұмсық,
Қарасан басқан ізі қисық – қисық.
Өзі жансыз жандының күшіменен,
Борайды ат үстінде желдей есіп. (Қарандаш)
4 тапсырма: Біздің оттай жалындап тұрған түлектеріміздің орындауында «Ұлдар .» биін қабыл алыңыздар.
5тапсырма: Балалар бізге арнап тақпақ айтуларыңызды сұрайды
Ерсұлтан.
Қош балалар бақшасы
Естен кетпес есімің.
Қош балалар бақшасы
Алғаш ашқан есігім!
Дарын:
Балабақша ,балабақша,
Шаңырағы шаттықтың.
Балабақша қорғанышы
Балғын сәби жастықтың.
Қуанамыз, сыйлаймыз,
Қуаныштың мың гүлін
Бақшамызбен қимай біз,
Қоштасатын күн бүгін!
Камшат:
Ботақаным, бөбөк деп,
Еркелеткен ұл қызын.
Анамызды ерекше
Қуантатын күн бүгін!
Өсті міне бойымыз,
Қуанышқа ортақпыз
Құтты болсын тойымыз!
Жанерке:
Бақша біздің панамыз,
Мектеп біздің анамыз.
Ұлағатты ұстаздан,
Оқып білім аламыз!
Жүргізуші: Біздің балаларымыз шет -шетінен өнерлі, әнші,биші. Балаларымыздың флешмоп биін тамашалаңыз
Би :Флешоп: «Әйгөлек»
Жүргізуші: Біздің тобымыздың түлегі, жезтаңдай әнші Зерені ортаға шақырамыз!
Ән: «Ұстазым»
.
Жүргізуші:
Жаңа өмір басталсын,
Үміт, сенім ақталсын.
Ұмытылмай бақша вальсі,
Көңілде мәңгі сақталсын.
-Балалар бүгін соңғы рет балабақша вальсін билейік .Ұлдарымыз қаздарымызды биге шақырады.
Би: «Қоштасу Вальс»
Осы кезде желаяқ жүгіріп келеді.
- Балалар Білім ханшайымының осы жаққа кеткенін естіп, өздеріңе қайтып келдім.
Жүргізуші:
-Дұрыс айтасың, Желаяқ сен қатты жүгіріп ,алысқа ұзап кетіпсің, Сол кезде білім ханшайымы келіп, балаларымызға тапсыраларын беріп , өнерлерін тамашалады. Енді сен де Білім ханшайымынан біліміңді жетілдір!
- Білім ханшайымы: Рахмет сендерге балалар өте өнерлі екенсіңдер енді мен кетейін басқа да баратын жерлерім бар сау болыңдар! Желаяқ сен менімен бірге саяхатқа аттан. Сол сапарда мен саған жазуды, санап, есеп шығаруды үйретін боламын. Сау болыңдар!
Балалар:
Сау болыңыздар!
Жүргізуші: Енді сөз кезегін балабақшамыздың меңгерушісі Дина Набиевнаға береміз.
Балабақшамыздың әдіскері Сәндігул Құлымбетовнаға береміз.
Жүргізуші:
Қимай сынған ойыншығын
Деп жылайтын тастама
Қиып, сыйлап жап-жаңасын
Бара жатыр жас бала
Ұстамайды етектен де
Өзі жүре алады.
Өйткені ол азамат боп,
Білім іздеп барады.
Екінші жүргізуші:
Адалдықты жүктеп алып
Сүрінбейтін сенімге
Жаңа қадам басқан балам,
Қуантады елінде.
Таудай талап арқалауы
Бекер емес тегінде.
Өйткені ол ақтамақшы
Үмітімді менің де!
Осымен «Тәрбиелі боламын, жұлдыз болып жанамын!» атты ертеңгілігімізді жабық деп жариялаймыз.Бүлдіршіндерге сәт сапар тек биіктен көріне берсің!Сау болыңыздар!
шағым қалдыра аласыз



Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген