Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 30 материал табылды

Қош бол бастауыш

Материал туралы қысқаша түсінік
Бұл бастауыш сынып мұғаілмдеріне интернеттен алған дайын сценариден гөрі мынау өзімнің құрастырыып дайындаған керемет мерекелік жоспар деп ойлаймын. Сценариде оқушылардың бастауыш сыныппен қоштасуы сөздері әр оуқшыға төр жыл бойы берілген жақсы сөздер, мерекелік ән шашулар. Сондықтан пайдасы тиері сөзсіз.
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Қош бол, бастауыш сынып»

Жүргізуші: Құрметті ұстаздар, ата-аналар, оқушылар!

Бүгінгі біздің «Қош бол, бастауыш сынып» бастауыш сыныппен қоштасу кешімізге

қош келдіңіздер!


Ортаға 4 сыныпты тәмамдаушыларды шақырамыз.

Аманкулов Даурен Маратұлы Отбасында бірінші бала. Оқу екпіндісі. Мінезі жайлы, бірқалыпты берілген тапсырманы үнемі орындайды. Сүйікті пәні математика денешынықтыру.

Болашақта банкте жұмыс жасауды армандайды.


Байболатов Ерсұлтан Ерболұлы. Отбасында екінші бала. Өзінен кейін сүйікті қарындасы бар. Оқу үлгерімі орташа. Сынытағы ең сабырлы да салмақты оқушылардың бірі. Берілген тапсырмаларды асықпай орындайды. Жақсы көретін пәні математика және денешынықтыру. Болашақта бақылаушы болуды армандайды.


Батырханова Айдана Ғаламатқызы. Отбасында екінші бала. Оқу екпіндісі. Мінезі салмақты, бір қалыпты. Өз ойын ашық айта алады. Бақылау сын жазба жұмыстарын жазғанда таза қатесіз әдемі жазады.Жақсы көретін пәндері қазақ тілі, әдебиеттік оқу және музыка. Домбыра үйірмесіне қатысады. Анасының үнемі қамқоршысы.Болашақта дәрігер болуды қалайды.

Ғабдығалиев Нұрсұлтан Нығметоллаұлы. Жанұяда екінші бала. Оқу үлгерімі орташа.

Ансының ерке баласы. Мінезі ақ көңіл, жайдарлы, қолы ашық, тым қозғалғыш.

Жақсы көретін пәндері әдебиеттік оқу және музыка, денешынықтыру.Болашақта жеміс ағаштарын өсіріп бағбаншы болғысы келеді.


Данагулов Алишер Қайыржанұлы. Отбасында бірінші бала. Оқу үлгерімі орташа. Бірақта мінезі өті жайлы, салмақты. Өз ойын сыртқа көп білдірмейді.Анасының қамқоршысы.

Жақсы көретін пәндері математика және денешынықтыру мен орыс тілі.Болашақта ауданымызды көркейтіп үлкен құрылысшы болығыс келеді.

Джумагалиева Алма Рашидқызы. Отбасында бірінші бала.Оқу озаты. Мінезі салмақты, тапсырманы үнемі уақытымен орындап келеді.Өз ойын еркін ашық жеткізе алады.

Жақсы көретін пәндері математика және әдебиеттік оуқ, бейнелеу өнері, еңбекке баулу.

Әсіріесе Алма өз қиялынан суретттерді жақсы салады. Соныме қатар балалар шығармашылық жанындағы шебер қолдар үйірмесіне қатысады.Болашақта журналист болғысы келеді.

Жанғалиева Гүлназ Мерғалиқызы.Отбасында үшінші бала. Оқу озаты. Мінезі жайлы . Ақ көңіл

жауапкершілігі мол өз ісіне тыңғылықты., сенім артуға болады. Сүйікті пәндері қазақ тілі, әдебиеттік оқу, еңбекке баулу, бейнелеу өнері.Болашақта


Зейнетолла Құбай Мұратұлы. Отбасында екінші бала. Оқу үлгермі орташа. Мінезі қалыпты. қимылдағыш, бірақта тез ретке келтіруге тырысады.Жақсы көретін пәні орыс тілі, әдебиеттік оқу және денешынықтыру.Күрес үйірмесіне қатысады. Болашақта өз елін қылмыскерлерден қорғап арашалайтын полиция қызметкері болғысы келеді.


Исентаев Артур Еркінұлы. отбасында бірінші бала. Оқу үлгерім орташа. Мінезі бір қалыпты. Ақ көңіл, тіл алғыш, Қолы ашық,тым қозғалғыш. Жақсы көретін пәндері денешынықтыру және әдебиеттікоқу музыка. Күрес үйірмесіне қатысады.Болашақта олда Құбай сияқты полиция қызметкері болғысы келеді.


Қалиев Еркебұлан Сапарғалиұлы. Отбасында үшінші бала. Оқу озаты. Мінезі қалыпты, тез қимылдағыш.Көп сөйлемейді. Өз ісіне тыңғылықты. Берілген тапсырманы толығымен орындайды. Сүйікті пәні математика , бейнелеу өнері және денешынықтыру.Спорт мектебіндегі күрес үйірмесіне қатысады.Бірнеше жүлделі орындарға ие болды.Болашақта құрылысшы болғысы келеді.

Құдиярова Дильназ Алпамысқызы. Отбасында үшінші бала. Оқу екпіндісі. Мінезі ашық, пысық, өзін ортада еркін ұстайды. Жақсы көретін пәндері; әдебиеттік оқу, қазақ тілі, музыка. Тақпақтарды мәнерлеп дауыс ырғағына келтіріп тамаша оқиды. Мектепішілік мәнерлеп оқу сайыстарында жүлделі орындарға ие болып жүр. Болашақта дәрігер болғысы келеді.

Мақсотова Ақкүміс Имашқызы. Отбасында екінші бала. Оқу озаты. Мінезі өте пысық, алғыр. Өз ойын ашық айта алады. Жақсы көретін пәндері қазақ тілі , әдебиеттік оқу, музыка. Аудандық бастауыш сыныптар олимпиадасында қазақ тілінен жүлделі орындарға ие болып жүр.Сонымен қатар аудандық мәдениет үйінің жанындағы вокаль үйірмесіне қатысып, сахнада тамаша ән айтып жүр.Болашақта танымал әнші болғысы келеді.


Сайфеденова Алина Қайратқызы. Отбасында бірінші.Оқу озаты.Мінезі жайлы, салмақты, сабырлы.Тұйық көп сөйлемейді.Бірақта берілген тапсырманы уақытылы орындайды. Сүйікті пәндері қазақ тілі, әдебиеттік оқу, дүниетану, еңбекке баулу.Шығармашылық жұмыспен шұғылданғанды жақсы көреді.Болашақта дәрігер болғысы келеді.

Сағын Жарас Исатайұлы отбасында екінші бала. Оқу үлгерімі орташа. Мінезі бір қалыпты.

Тұйық көп сөйлемейді. Сүйікті пәндері бейнелеу өнері, музыка, әдебиеттік оқу.Әсіресе Жарастың бойынан сурет салуға құштарлығы басым. Мектепішілік суреттер байқауында бірнеше жүлделі орынға иеболып жүр.Күрес үйірмесін қатысады.Болашақта елімізге танымал суретші болғысы келеді.

Сарсенгалиев Тілеген Тілекұлы. Отбасында бірінші бала. Оқу екпіндісі. Сыныбымызға оқу жылының ортасында келсе де, тез үйреніп жақсы қарым-қатынаста болып кетті.Мінезі тез қозғалғыш, еркелігі басым. Сүйікті пәндері математика, денешынықтыру, орыс тілі,еңбекке баулу. Болашақта болғысы келеді.



Шалекей Ерасыл Атымтайұлы. Отбасында бірінші бала. Оқу үлгерімі орташа. Мінезі жайлы, қалыпты.Сыныпта ең кішкентайы.Кішкентай болса да,өз ойын ашық айтады. Жақсы көретін пәндері әдебиеттік оқу, денешынықтыру, дүниетану.Болашақта полиция қызметкері болғысы келеді.

Хабибуллин Арсен Ерболұлы.Отбасында бірінші бала. Оқу үлгерімі орташа.Мнеізі өте жайлы.Салмақты, сабырлы. Денсаулығына байланысты көп ауырады. Ақ көңіл ,ашық, қайырмы мол. Сүйікті пәндері:денешынықтыру,бейнелеу өнері, еңбекке баулу.Күрес үйірмесіне қатысады.Болашақта полиция қызметкері болғысы келеді.


Хайруллина Зяида Маратқызы. Отбасында екінші бала. Оқу озаты. Сыныптағы ең белсенді озат оқушылардың бірі.Мінезі жайлы ,салмақты. Берілген тапсырманы ұқыпты орындайды. Жауапкершілігі мол. Үлкен сенім артуға болады. Аудандық, облыстық байқаулардың жеңімпазы.

Болашақта



Жүргізуші:

Өош келіпсіз құрметті ата-аналар

Жүздеріңненмейәрәм мен нұр тамар

Алдарында жауқазындай құлпырған

Біз бақытты балғын шақты балалар

Құттықтау сөз: Мектеп директоры: Құрматова Г.Б


Жүргізуші:

Төрт жыл бойы оқыған

Ойға білім тоқыған

Құрметті біздің балалар

Орындалды ойыңыз

Құтты болсын тойыңыз!


Жүргзіуші:

Ұшырса да бұл өмірдің сан құсын

Ұстаз-ғалым толастатпас мәңгі ісін

Тыншымайтын асыл жандар аяулы

Тыңдаңыздар шәкірттердің алғысын.



«Қош бол, бастауыш» әнін қабыл алыңыздар!

Гүлназ: жаттау

Ғылым иесі де ел қорғаған батыр да, тілінен бал тамған ақын да тегеуріні темір балқытқан жұмысшы да, егін салған диқан да, мал бағып терін төккен малшы да, көк күмбезінен әрі өткен ғарышқер де, бәрі-бәрі ұстаздан білім тәлім алған. Сондықтан ұлағатты ұстаздар сіздерге бүкіл адам баласы құрметпен бас иеді!


Арсен: жаттау

Әліппемен аштым өмір есігін

Тербетемін білім бөбек бесігін

Өмір деген өрлі өзенге шомылып

Жаттап өстім ұстазымның есімін


Алишер: жаттау

Балғын шақта келіп едім

Бал қызыққа еніп едім

Тағдырымның билігін де,

Сеніп сізге беріп едім


Ерсұлтан: жаттау

Есімде ерен ұстазым

Шашымнан сипап өткенің

Аянбай бізге қыс-жазы

Молынан мейірім төккенің


Айдана: жаттау

Ақылшым асыл ұстазым

Жолымды айқын нұсқадың

Қасыма кеп қаншама сен

Қамқор боп қалам ұштадың



Алма: жаттау

Үйретіп өмір уставын

Үлгілі іске нұсқадың

Ақ көңіл, іскер қашан да,

Ақылшым менің ұстазым


Алина:жаттау

Өткенде біздің тағаттық

Байсалдылықпен тағат қып

Байыппен баурап өсірген

Үлгілі әр кез ұстамды

Сабырлы ізгі ұстазды

Анадай көріп сыйлаймыз

Айырлар кезде қимаймыз


Артур: жаттау

Арманым болып аңсаған

Мәңгілік қалдың мекендеп

Өзіңе арнап ән салам

Ардақтап сізді өтем деп

Хор: «Мұғалім ол біздің»

Жүргізуші:

Құрметті үстаздар біз сіздер оқып жүрген барлық пәндерді ардақтаймыз. Сөздеріңізді ықылас қоя тыңдап зер салып, оқып, үйреніп жүрміз. Әрбір пән мұғаліміне біздерге жан-жақты білім бергені үшін алғысымыз шексіз.

Дәурен: жаттау

Анашымдай сыр шерткен

Ақыл білім үйреткен

Ана тілін оқимын

Ерекше зор құрметпен


Еркебұлан: жаттау

Математика сабағын

Жақсылап ұғып аламын

Сәулесі д е сананың

Мәнінен ой табамын



Зияда|:жаттау

Ой жіберсек мәніне

Дүниетану пәні де

Өмір сырын үйретер

Пәннің жақсы бәрі де


Нұрсұлтан: жаттау

Әлемде бар талай тіл

Үйретуге құмармын

Ағылшын тілі қажет тіл

Тез үйреніп аламын.


Жарас: жаттау

Шыңдап күнде мен сені

Шынықтырам денемді

Сүйемін ән-күй сабағын

Суретті сәндеп саламын


Ақкүміс: жаттау

Жазуларды қаттаған

Жақсыны көріп мақтаған

Ардақты ұстаз жақсы адам

Айтқанын ұғып жаттағам

Жеткізген бізді мұратқа

Ұлағат ісін сүйемізщ

Басымызды иеміз


Ерасыл: жаттау

Ұсынғаны адалдық

Үйреткені адамдық

Бар ұстазға адамдық

Бақыт табыс амандық


Тілеген: жаттау

Жүрегімде ұстаз берген сабағы

Өн бойыма тамырланып тарады

Ұмытпаймын салған жолын ақылын

Мәңгі мәңгі, мәңгі есімде қалады

«Мектебім » әні: орындайтындар: Ақкүміс, Еркебұлан, Тілеген, Гүлназ.

Жүргізуші:

Ақыл сана білім тереңнің

Алғысы көп мектебіне өреннің

Ұлағатты ұстаздарға сол үшін

Ұрпақтары көрсетеді өнерін

Сынып жетекшісіне арнау: Дильназ

Түзеттіріп шалалықты

Есейттіңіз балалықты

Ойламайтын ертеңін

Онсыз кейбір рекені

Түзеп жөнге салдыңыз

Ел алғысын алдыңыз

Сабырлысыз құрыштай

Жөн айттыңыз ұрыспай

Түзедіңіз тентекті

Тұріызбай ақ бұрышқа

Сізден үлгі кішілікті

Үйренеміз кісілікті

Денешынықтыру пәніннің мұғалімі Нұрдаулет Тыныштық ұлына арнаймын

Кемшілікті кезінде

Кесін айтар өзінде

Өнеге мол өзінде

Өсиет көп сөзіде

Көңілінің хошын-ай

Көп шәкірттің досындай

Нұрдаулет ағай осындай.


Ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Брекеева Асел Сабитқызына.


Сөз сөйлесе жарқын ақ

Күніміздей жарқылдап

Қызық өтіп сабағы

Өсіреді ой сананы

Біздермен ойнап күледі

Сырымызды біледі

Асель апай қашанда

Қамқор болып жүреді


Хор: «Бринг бәг»

Орыс тілі пәніннің мұғалімі Амна Исмагуловнаға

Сырлары көп бұл пәннің

Шешілмеген әлі де

Тереңдігі білімнің

Керек бәріне

Өз аузына қаратқан

Амина апайды ұғамыз

Сөәтіп әрбәр сабақтан

Сәл есейіп шығамыз

Тақпақ: орыс тілінде: Родина

Музыка пәнінің мұғалімі Гүлім Маратқызына арнаймын.

Баулыған әрбір өренді

Гүлім апай өнерлі

Ісем әннің шебері

Әрбәр сөзі мәнерлі

Қызықтырып ән күйге

Бізді үйретіп келеді

Мінезі сондай сабырлы

Сізге ұқсағым келеді.


Бейнелеу өнері пәнінің мұғалімі: Айдана Аманшақызын арнаймын

Шіркін сурет сабағы

Ауылды еске алады



Өзін-өзі тану пәніннің мұғалімі: Аселт Маратқызына арнаймын










Әкелерге арнау: Нұрсұлтан

Әкелерді құрметтеп

Сүйеміз шын жүректен

Әке асқар тауымыз

Көңілдерге гүл еккен

Өсіреді сананы

Тура жолға салады.

Әкелерге мың алғыс!

Әлпештеген баланы


Аналарға арнау: Айдана

Ойыңда меірім ақ тілек

Бойыңда ақ сүтті тәтті леп

Анадай пейіл қайда бар

Бәріне тұрған бақ тілеп

Ақылы дария құятын

Бүкіл әлем сияқты.

Ән: Ақкүміс «Мерекем»

Жүргізуші:

Бізге шаттық әкеледі

Басшы болып әр істе

Ұстаз ана әкені

Шақырамыз вальске

«Мектеп вальсі» би

Сыныптың қзат оқушысы: Мақсотова Ақкүміс

Бар білгенін аямаған

Өз гүліндей аялаған

Мың рахмет ұстаздарға

Қамқор әкем аяулы анам

Төрт жыл бойы нұрын төккен

Аттандырған ақ тілекпен

Ұстаз үмітін аяқтаймыз депБәрі хормен: Серт береміз шын жүректен!

Хор: «Қош бол бастауыш сынып»

Оқу ісінің меңгерушісі: Айнагүл Байғалиқызына сөз:

Марапаттау. 4-шә сыныпты бітіру туралы куәліктерін тапсыру


Ұстаз сөзі –Ақмарал Мұрадымқызы: Қымбатты шәкірттерім, теңіздей терең білім ап болашаққа бет алған желкенді қайықтарыңыз ешқашан да тоқтамасын. Асау толқынды Өмірдің небір қиындықтарын жеңе біліп, ұстаз берген білім мен тәрбиені қару етіп талмай жүзе берулеріңізге шын жүректен тілектеспін.


Шәкірттердің естелік суреттерін табыстайын. Қабыл алыңыздар (Сурет тапсыру)
Сәт сапар, шәкірттер! Жолдарыңыз болсын!

Ата-аналарға алғыс хат тапсыру.

Алғашқы ұстазы Сандуғаш Беркінқызын сөз:

Алмагүл нұрбергенқызына сөз:

Ата-аналар комитетінен сыныптағы озат оқушылардың ата анасы:Гүлайым апайға сөз беріледі.

Келесі оқу жылында Сынып жетекшілік ететін мұғалім:

Сабақ беретін пән мұғалімдері:математикадан: Хайырова Айнагүл Хабиболлақызы

Қазақ тілі мен әдебиетік оқудан:

Жартылыстанудан Қазиханов Білікбай Құбайысұлы.

Еңбек пәнінен: кубашева Саиха Сағынғалиқызы











Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
09.01.2019
358
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12