Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Қош бол, Бастауыш!

Материал туралы қысқаша түсінік
Қош бол, Бастауыш! Бастауышпен қоштасу ертеңгілігі. 4 сынып
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тақырыбы: «Қош бол, Бастауыш!»

Мақсаты: 1. Білімнің сара жолы мектептен басталатынын, білімнің кең дүниеге есік ашатынын сезіндіру. Білімге деген құмарлығын арттыру. Оқуға, білімді болуға шақыру.

2. Бастауыш сыныбымен, білімнің алғаш есігін ашқан ұстаздармен қоштастыра орытып, сәт сапар тілеу.

3. Білім ордасы – мектепті, ұстаздарды құрметтеп, еңбектерін бағалай білуге тәрбиелеу. Ата – анасының, Отанының адал ұл – қызы болуға жетелеу.
Барысы: Музыка жүріп тұрады.

«Ұстаздарға мың алғыс».
Назерке. «Ұстаз!» Осы бір сөздің өзінде қаншама мән мағына, қасиетті ұғым жатыр. Ұстаз алдынан өтпейтін ешкім жоқ. «Жақсы мұғалім – мектептің жүрегі» - деген Ы. Алтынсарин атамыз. Жүрексіз өмір болмаса, мұғалімсіз білімнің, тәрбиенің іске аспайтыны белгілі, небір данышпан адамдар, қарапайым еңбеккерлер, тіпті арман қуған жеткіншектер де бірі бір адамға қарыздар. Ол – ұстаз! Ұстазсыз өмірдің нақты тұтқасын ұстау мүмкін емес. Адамды тәрбиелеп оны адамзат атандырудың өзі бір үлкен күш, сондықтан да ұстаздың еңбегі – ұлы еңбек.

2-жүргізуші: Бексұлтан

Толқимыз, толқып тұрмыз баршамыз да,
Мұнда күй болған сірә қаншамыз да?
Қол соғып, қошеметтеп шақырайық,
4 «Ә» сыныбын ортамызға.
(Оқушылар ортаға сахнаға шығады)
Сынып түгел адымдап шығады. Жүріп келеді. Ортаға тұрады.

  1. Сыныбымыздың алды, төрбасы: Амина

  2. Ең алғыр Сабина

  3. Сұлуымыз Мөлдір

  4. Тапқыр біздің Дарын

  5. Математика ғалымы Жанболат

  6. Өнерде бәрін озар Ақжан

  7. Нәзік жанды Жұлдыз

  8. Зерделі зерек Руза

  9. Ақылды да сымбатты Аяулым

  10. Мейірімді, нұрлы Дамиля

  11. Каратэнің озаты Бекарыс

  12. Таңшолпан біздің сүйкімді

  13. Спорт сүйгіш Нұрбақыт

  14. Тілге шешен Жасжүрек

  15. Қайсар жігіт Шыңғыс

  16. Сөзге ұста – ойға шебер Ділбар

  17. Сері жігіт Алихан

  18. Әдепті де әдемі Сандуғаш

  19. Білімді біздің Расул

  20. Еңбек сүйгіш Ералы

  21. Жауқазындай құлпырған Гүлжан

  22. Момын жігіт Исатай

  23. Ақылына көркі сай Тамирис

  24. Сегіз қырлы бір сырлы Мансур

  25. Шорт тірек озаты Бексұлтан

  26. Сезімтал, ашық мінезді Назерке

  27. Салмақты да, мейірімді Есіл

  28. Салма мойын, қиғаш қас Дильназ

  29. Сыпайы да, сабырлы Алимжан

1-жүргізуші:

Армысыздар, мұғалімдер , әз жандар,

Білім іздеп инемен құдық қазғандар .

Сан ұрпақты тәрбиелеп оқытқан

Өмір деген үлкен жолда тарландар.

Бүгін, міне ,қоштасады бастауышпен балбұлақ

Әніменен жырына , тарландарым салқұлақ.

Кеше сәби, бүгін, міне, жас ұлан

Лаулап жансың болашағың шамшырақ

 

2-жүргізуші:

Қош келіпсіз, ақ жаулықты аналар

Жүздеріңнен мейірім мен нұр тамар,

Алдарыңда жауқазындай құлпырған

Біз алаңсыз балғын шақты балалар.

Қош келіпсіз, өр тұлғалы әкелер,

Қыран құстай болашағын мәпелер.

Бүгін ,міне, бастауышпен қоштасады

Азамат боп, кешегі сәби- еркелер.

 

Бірге:Қош келіпсіздер, құрметті қонақтар!

1-жүргізуші:

Ал бүгінгі мерекеде құрбыларымызға балалық шақтың келесі бір белесіне қадам басып, білім баспалдағына өрлеген сапарларына сәттілік тілейміз.


2-жүргізуші:

Құлақтан кіріп бойды алар

Әсем әнмен тәтті күй.

Көңілге түрлі ой салар,

Әнді сүйсең, менше сүй-деп Абай атамыз айтқандай, әсем әндер мен күмбірлеген күйлер адамның көңілін көтеріп, бойға шабыт береді. Келесі кезекті әнге береміз.

«Ертегілер» әні


1-жүргізуші:

Біз бүгін бойымызға білімнің жарық сәулесін сыйлаған, көп нәрсені үйреткен ұстазымызбен қоштасқалы  отырмыз.

 

2-жүргізуші:

Ақырын жүріп анық бас,

Еңбегің кетпес далаға.

Ұстаздық еткен жалықпас

Ұйретуден балаға-деп Абай атамыз айтқандай, ұстазымыз білім нәрімен сусындатып, көп нәрсені үйретті. Сондықтан да алғашқы ұстазымызға


Хормен: «Мың алғыс»!


Ән: «Ұстазым»



1-оқушы: Амина

Есімде Ұстаздың алғаш қарсы алғаны

                 Айқара Есік ашып тастағаны.

 Бір мереке думан боп осы маңда,

                 Жетелеп бір сыныпқа ап барғаны.

                 Енді міне, сағымдай боп өте шықты,

                 Төрт жыл уақыт аз ба екен, кім біліпті.

                 Ұстаз- ана жасады мына бізден 

                 Ел таңғалар азамат бір-бір мықты.

Бәрі бірге: Аңсаттырған биікті,

                    Ол ұстазың сүйікті.

2-оқушы:Ералы.

Ұстазым ғой әліпбиді үйреткен,

                  Көкейіме көрік беріп гүл еккен.

                  Мені оқытып , өркенімді өсіріп,

                  Жалындатып жанарымды нұр еткен.


3- оқушы: Алихан.

Мейіріммен бізге жайған құшағын,

                   Қуат берді, көкке самғап ұшатын.

                   Өнегеңді өміріме гүл етіп,

                  Арманымды бір өзіңмен құшамын.

Сабина өз өлеңімен


4-оқушы:Тамирис

Үйретіп бізге алғаш әліппені,
Ұстазым ғылымға жол салып берді.
Адамның ой - арманы мақсаттары,
Оқудың сәулесімен жарық көрді

5-оқушы:Жанболат

Өмірге жол бір өзіңнен бастадым,
Алфавитті алғаш сенен жаттадым.
Ұстаз - ана естен кетпес мәңгілік,
Мейіріммен жаурынымнан қаққаның.
Би

6-оқушы:Бекарыс

Әлі есімде мектепке алғаш барғаным
Өз қолыммен «Әліппені» алғаным.
Санай ашып «Әліппенің» парағын
Әріптерге үнсіз ұзақ қарадым.
 

7-оқушы:Гүлжан

Ұстаздар сіздерді айтып мақтанамыз,
Бейнеңіз жүректерде сақталады.
Біз әлі биіктерден көрінеміз,
Үміт пен сеніміңіз ақталады.

Бәрі: Мың алғыс сізге біздей түлектерден,
Мың алғыс мына отты жүректерден

Ән «Ұстазым»


2-жүргізуші:Көрініс «Не үйрендік бастауышта!»


1-жүргізуші:

Мұғалім, ғазиз ,мұғалім-

Төгілген арай шуағым.

Арманым қонса қолыма

Арқаң деп сенің ұғамын.


2-жүргізуші:

Өнерліге толы болар ел іші,

Өнердің мол кеніші.

Ер ұландар сахнада, қарсы алыңдар,

«Жастар биі» жаңалықтың жемісі


Би: Флэш моб


1-жүргізуші:

Нұр жүзінен жылы шуақ төгілген,

Шәкірттерін сүйген  таза  көңілден.

Тағлым беріп жас ұрпаққа қашанда

Өз соқпағын тапқан мынау өмірден


8- оқушыТаңшолпан

Бастауыштан алдық біз білім нәрін,

                 Бар білімнің жинадық шырын- балын.

                 Бала деген ұстазға тартады екен,

                 Менің осы мектептен ұғынғаным.


Бәрі-бірге: Тәрбиелі білікті

                    Ол- ұстазың сүйікті.


9- оқушы:  Руза

Бірдей біздің ойымыз да , сырымыз,

                   Бір мектептің ұлы менен қызымыз.

                   Бірдей өстік оқуда да еңбекте,

                   Күліп –ойнап бірімізбен- біріміз.


10-оқушыШыңғыс

Жүрегімде ұстаз берген сабағы ,

                 Өн бойыма тамырланып тарады.

                 Ұмытпаймын, салған жолын, ақылын

                 Мәңгі, мәңгі, мәңгі есімде қалады.








11-оқушы: Ділбар

             Байсалды мінезіңнен бір қалыпты,

             Менің де көкейімде із қалыпты.

             Ұстаттың қағаз, қалам қолыма өзің

             Ерінбей үйреттің де әр әріпті  .

             Қоссаңдар бірді екіге  үш болады-

             Деуші едің,-біліммен күш толады.

            Алғыр бол, әдепті бол, сабырлы бол


  12-оқушы:Жанболат

Ақылмен іс істесең іс болады.

Беруші еді бізге айтып өлең, тақпақ

Таласып алушы едік біздер жаттап

Өзіңіз баға қойған күнделікті

Жоғалтпай өмір бойы жүрем сақтап.


13- оқушы:Есіл

Бастаушым-балбұлағым,

Алдым сенен балдың дәмін.

Әріп танып, білім алып,

Рахметімді жаудырам.

Бастауышым – балқұрағым,

Лаулап жансын шам-шырағың.

Өзің берген біліміңмен

Самғап ұшты тау қыраным.


14- оқушы: Жұлдыз


Өтті сенде қызық шағым,

Бастауышым – балбұлағым.

Қоштасар күн жетті міне,

Қимастықпен қол бұлғаймын.


Би


15- оқушы: Расул.

Көрінетін биіктен асқақ іспен
Баулитұғын білімге жас кішіден.
4 жыл бойы біліммен сусындатқан
Қоштасқалы күн келді бастауышпен.
Бастауышты халық та дәріптеген
«Білім көзі» деген сөз анық деген.
Өйткені бастауышта балаң шыбық
Ең алғаш танысады әріппенен.


16- оқушы: Аяулым

Енді міне, сағымдай боп өте шықты,
4 жыл уақыт аз ба екен, кім біліпті.
Ұстаз – ана жасады мына бізден,
Ел таңғалар азамат бір-бір мықты.


17- оқушы: Мөлдір

Білім бар білім десең баста піскен
Қолда оқулық бәрі де тасқа түскен.
4 жыл бойы саялы мекен еткен
Қоштасайық енді біз бастауышпен.

18- оқушы: Дарын
Бастауыш бұнда өткен бала шағың,
Соқпай кетпес бұл жерге қаласа кім?
Еліміздің әу бастан–ақ дайындауда
Саналы азаматын, болашағын.

19- оқушы: Алимжан
Қағылды міне, әуенге бөлеп,
Қағылды соңғы қоңырау.
Қалайша 4жыл тез өтіп кеткен
Шындық па осы, япыр-ау !

20- оқушы:Сабина.

Түзеттіріп шалалықты,
Есейттіңіз балалықты.
Ойламайтын ертеңін
Ойсыз кейбір еркені
Түзеп жөнге салдыңыз
Ел алғысын алдыңыз.
Сабырыңыз құрыштай
Жөн айттыңыз ұрыспай.
Түзедіңіз тентекті
Тұрғызбай-ақ бұрышқа.
Сізден ізгі кішілікті,
Үйрендік біз кісілікті.
Бойлаттыңыз тереңіне ғылымның
Хормен: Алғысымыз сізге біздің шексіз мың!


2-жүргізуші:

Бізді болашаққа не бастайды?


Бәрі бірге: Ұстаздың көрсеткен жолы,

                    Ата- ананың ақылы,

                    Болашаққа деген сенім.


21-оқушы Дамиля

Мектеп, мектеп –ашық жарқын көңілім,

Мектеп, мектеп- шаттық толы өмірім.

Мектеп, мектеп – әнім болып төгілдің,

Мектеп, мектеп- жан анам боп көріндің.


Хор: «Мектебім»


2-жүргізуші:

Біз мектепте білім ала отырып, мектеп, ұстаз, әке , ана, дос, Отан жайлы ұғымдарды санамызға сіңіріп өстік. Егер әр оқушының жүрегінде ізгілік сәулесі болса, ол мұғалімнің еңбегі.


1-жүргізуші:

Сол нұрды жеткіншектің жүрегіне сіңіру үшін қаншама тер төкті десейші! Дүниеде адамды тәрбиелеп, азамат атандырғаннан артық абырой мен құрмет жоқ шығар сірә!


2-жүргізуші:

Құрметті оқушылар біз осы 4 жылда нені үйрендік?


  • : Оқуды, жазуды, есеп шығаруды, ән айтуды, би билеуді үйрендік.


  • : Үлкенді сыйлауды, кішіге қамқор болуды, жерімізге, елімізге жақсылық жасауды.


  • : Халқымыздың салт- дәстүрін, әдет-ғұрпын үйрендік


1-жүргізуші:

Біз неі ажырата аламыз?


  • : Жақсылық пен жамандықты, ақ пен қараны, арамдық пен адалдықты?


2-жүргізуші:Біз нені сүйеміз?


  • : Отанды, ата-ананы, халқымызды, жақынымыз бен алысымызды, құрбы –құрдастарымызды, алтын ұя мектебімізді сүйеміз.


1-жүргізуші:Біз кім боламыз?


  • :- Адал азамат, ақылды ару, оқымысты ғалым, елін сүйген ер, нағыз адам боламыз.


1-жүргізуші:

Ақыл-сана берген білім тереңін,

Алғысы көп мектебіне өреннің.

Ұлағатты ұстаздарға сол үшін,

Ұрпақтары көрсетеді өнерін- дей келе оқушыларымызды өз өнерімен ортаға шақырамыз.


2-жүргізуші:

Ұшырса да бұл өмірдің сан құсын,

Ұстаз –ғалым толастатпас мәңгі ісін.

Тыншымайтын асыл жандар аяулы,

Тыңдаңыздар шәкірттердің алғысын.


_________: Мектепті ойлап өткен айы, жыл-күні,

                  Сондықтанда біздің мектеп көрікті.,

                  Гүлнар апай- дана кісі басшымыз.

                 Тәртіп пенен  мәдениеттің үлгісі.


2-жүргізуші:

Мектебіміздің басшысы  Гульнара Валиевнаға РАХМЕТ.

 

_________: Ақылдың кені маздаған,

                  Барлығын біліп барлаған.

                  Білім мен тәрбиесін ойлар шәкірттің,

                  Күміс апайдай бар ма адам?

 

_________:Көңілдері Сарыарқаның даласындай,

                 Көреді шәкірттерді баласындай.

                Аяулы Ләйла апайымыз,

                Бастауыш мұғалімдерінің анасындай.


_________:Әліппе даңғыл жол ашты

Жаңадан пәндер жалғасты

Әліппе сырын ұқтырған

Рахмет Елайым апайға

 

_________: Санамызда тұрса дағы сан ұғым,

                  Білмеуші едік көп нәрсенің анығын.

                  Тілі менен әдебиетін орыстың,

          Ләззат, Гаухар, Зайра апайлардан таныдым.

Ән: «Учат в школе»

_________:Ағылшын тіл білген орасан зор талабы,

Әрқашанда ашық жарқын қабағы.

Арайлым, Әсем апайлардың сабағы

Мәңгі, мәңгі есімізде қалады


Ән ағылшын тілінде

_________:

Кемшілікті кезінде,

                Кесіп айтар өзіңе.

                Өнеге мол өзінде,

                Өсиет көп сөзінде.

                 Көңілінің хошын-ай,

                 Көп шәкірттің досындай

                 Бастауыштағы апайлар осындай


________: Бояу сырын үйреткен,

                 Шын көңілмен, жүрекпен.

                Мұхтар ағай керемет,

                 Сабақ берген суреттен.


_________:

Айгүл апай анашымдай аялаған,
Нұрланған шуағымсың саялаған.
Айналдық мейірімді жүрегіңізден
Шәкірттен өз бақытын аямаған.


Жасжүрек:

Мынау өмір арнасымен ағады,

Білімді жан әр кез жолын табады.

Сіздерменен бастауыштар қоштасып,

Көгершіндей самғап қанат қағады.

 

Хор: «Бастауышпен қоштасу»

1-жүргізуші:

Үлкенді сыйлау- қазақ халқының ата- салты.Үлкенді сыйлау ең алдымен әке мен шешені сыйлаудан басталады. Өз басын, ата- анасын сыйламайтын ұл мен қыз басқа адамдарды сыйлай алмайды.


2-жүргізуші:

Бала ата-анасының ісінен көпті үйреніп қана қоймай, олардың тәрбиесін де бойға сіңіре білу- әр баланың парызы. Сондықтан, төрт жыл бойы оқығанда ата- ананың да еңбегі зор.


_________:

Жүздеріңнен көркем шаттық арайын,

Болсын солай әрбір күнің, әр айың.

Тойларыңыз құтты болсын, ата-ана,

Тойларыңыз тойға ұлассын ағайын!

 

Бәрі бірге: Ата-ана , сіздерге мың рахмет!


Ән:  «Әке-ана»


1-жүргізуші:

Толқимыз, толқып тұрсыз баршаңыз да,

Мұндай күй болған сірә қаншаңызда.

Бастауыштың  шырқатып соңғы әнін,

Бастауыштың билейміз соңғы биін.

            (Бітірушілер вальсі)

2-жүргізуші:

Бүгінгі кеш әр үйдің той басы деп саналар,

Балалардың есімі әулеттерге таралар.

Ырым етіп сондықтан ертеңгілік соңында

Ақ тілекпен баршаға тілек айтар қонақтар


1-жүргізуші:

Абзал жан бар биік тұлға байсалды, 

Құшақ жая шәкірттерін қарсы алды.

Бүгігідей салтанатты шақта бір,

Құттықтайды мектеп басшысы баршаңды.


Құттықтау сөз кезегі мектеп басшысы Гүлнара Валиевнаға немесе Ләйла Нұрлыбаевнаға беріледі./ Ата –анаға сөз беру/


2-жүргізуші:

Ақыл айтса салмақты,

Ашуы да бар қатты.

Алайда ол басқадан

Абыройлы атақты

Біздің сынып жетекшімізді ортаға шақырамыз.


(Мұғалім сөз сөйлейді)

 

Бәрі бірге : Ұстаз деген ұлы атты сыйлаймыз,

                     Жақсы әдетті сол жандардан жинаймыз.

                     Болашаққа ұмтыламыз үмітпен,

                    Әйтсе де әлі бастауышты қимаймыз.


1-жүргізуші:

Көрмеген артық күліп, артық жүріп,

Шәкірттеріңізді тәрбиеледіңіз тәртіпті ғып.

Бойлаттың тереңіне бар ғылымның,

Адал бол, әдепті бол, ақылды бол,

Деуші едің, сабырменен күлімсіреп

Дей келе ұстазымызға мың алғыс!

 

2-жүргізуші:

Азаматы болсын деп саналы елдің,

Кілтін бердің білімнің, сап өнердің.

Қимай-қимай біздерді аяулы ұстаз,

Ақ жол тілеп, қол бұлғап қала бердің.


Слайд «Мектеп - кеме, білім теңіз (бастауышпен қоштасу)»

Шар ұшыру







































Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
05.02.2019
748
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12