Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 12 материал табылды

Қош бол даярлық сенарий

Материал туралы қысқаша түсінік
Даярлық сынып мұғалімдеріне керек
Материалдың қысқаша нұсқасы


«Қош бол, даярлығым».
Мақсаты: Оқушылардың жыл бойғы алған білімдерінің, үйренген жұмыстарының нәтижесін көрсету, сөздік қорын, тілін, ой - өрісін кеңейту.

Отан сүйгіштікке, имандылыққа тәрбиелеу.
Сахна ертеңгілікке сай безендіріледі, қанатты сөздер, шарлар, гүлдер ілінеді.
Музыка ойналып тұрады, сахнадағы гүл қауызының ішінде гүл боп киінген балалар бөлініп отырады.
Тәрбиеші: Құрметті ата - аналар, ұстаздар! Мектепалды даярлық сыныбының «Қош бол, даярлығым» атты ертеңгілігіне қош келдіңіздер!
Тәрбиеші: ортада гүл боп киінген даярлық тобының балалары отырады, тәрбиеші - бағбан оларға су құйғышпен су сеуіп жүріп былай дейді/
Мен ұстаз атты - бағбанмын, менің кішкентай ғана гүлзарымда жұпар иісті, нәзік те үлбіреген, әдемі де сүйкімді 5 тал раушан гүлі өсіп, өніп, жайқала түсті. Мен оларға күн болып жылуымды төгіп, жел болып маңдайларынан сипап, жаңбыр болып білім нәрімді сеуіп, алақаныма салып аялап, болашақта бұдан да әрі биікке талпынып, өмірге құштар болып өсе түсу үшін мейіріміді құйдым. Олар құлпыра түсті, олар еркелей жайқалды, олар сүйкімділіктерімен баурап алды. Ал бүгін сол кішкентай да нәзік гүлдерімді жиып алып, бұдан әрі төрт жыл бойы мәпелеп, баптап өсіретін тәжірибелі, талантты, білімді, «Бастауыш»дейтін жаңа гүлдер бағына табыстамақпын. Менің нәзік гүлдерім күннен күнге құлпыра түсетініне, күннен күнге ажарланып, бойларына жиған барлық нәрімен өз бағбандарының еңбегіне сызат түсірмей жайқалатына еш шүбәм жоқ. Балалар орындарынан тұрып музыка әуенімен билеп ортаға шығады
Олай болса, сіздердің құрмет, қошеметтеріңізбен осы кішкентай гүлдерімді ортаға шақырмақпын.
Тәрбиеш

Айналайын, балалар,

Сендерде ой - сана бар
Өздеріңнен шығады
Өнерлілер, даналар
Өтті қызық көп күндер,
7жасқа жеттіңдер
Барасыңдар мектепке
Бір белестен өттіңдер.
Өсті міне, ойларың,
Өсті міне, бойларың
Қуанышқа ортақпын,
Құтты болсын тойларың - дей келе ендігі кезекті түлектеріме бермекпін.


1 – оқушы;Шыңғыс
Айтып шаттық өлеңін, Алақай дер күн бүгін!
Басамыз алға бір қадам, Арқалап ұстаз сенімін.
Даярлықпен қоштасып, Оқулықпен достасып.
Үлгілі шәкірт боламыз, Дәл осылай топтасып.
2 – оқушы; Медина
Оқимыз білім аламыз,
Болашақ жолын саламыз
Бір жасқа өсіп жасымыз,
Біріншіге барамыз
Жақсылыққа құмармыз,
Жақсы адам боп шығамыз
Біздер үшін шаршаған,
Ұстазым сізге мың алғыс!
3 - оқушы Көркем
Үлкендердей тап - таза,
Жазамыз бормен тақтаға.
Үлгілі бала боламыз,
Жүретіндей мақтана.
Қаламды ұстап жазуды,
Сандарды қосып, алуды
Үйретті бізге ұстазым,
Әдепті бала болуды.!
Ән: «Біз өмірдің гүліміз»,

Би: Қыздар тобы «Қазақ елі»

Көрініс: «Төлдер айтысы»
Тәрбиеші: Баланы өмірге әкеліп, бағып - қағып, өсіріп, тәрбиелеп, жақсылығына сүйініп, жаманына күйінетін, баласы үшін отқа да, суға да түсуге даяр тұратын әрине, ардақты ата - аналар. Олар ең алғаш мектепке өз бөбектерін жетелеп келіп тұрып, ұстазға жетектете тұрып олардың болашағына үлкен үміт күтеді. Ендеше келесі бөлімімізді ата - аналарымызға арнайық.

Исра;
Бізді осындай шаттықты күнге жеткізген ата - анамыз. Олар біз үшін аспандағы айды әперуге даяр! Олар біз үшін қымбатты да, аяулы жандар! Бұл ардақты жандар біздің әр қадамымызға шаттана қарайды, әр жетістігімізге жүректері жарылардай қуанады. Біз олардың алдында мәңгілік қарыздармыз және де үміттерін ақтауға бар күшімізді саламыз.

Ақерке
Құрметтейміз әкелерді, ананы,
Біздер үшін қымбат ана жанары.
Мақтанады ата - анасы әрдайым,
Әдепті боп, жақсы оқыса баласы
Мектеп - ана, ұстаз - ана және де бар өз анам,
Тәрбие алып сол анадан өсті бір жас - ой санам
Қабыл алшы аналарым бұл қуаныш тойымды
Әсен ән - жыр өздеріңе арнаған.
Ән: «Ақ мамам»
Тәрбиеші:
Біздерде бар бишілер,
Көрсең жаның сүйсінер.
Ортамызға шықсыншы
Туысқан ұлт – үнділер - деп үнді халқының әсем биімен бишілерімізді шақырамыз
Би: Көркем,Исра
Тәрбиеші:
Ұлымыз бар өнерлі
Ән де айтып береді
Бойға жиып жақсылық
Азамат боп келеді.
Ән: «Тұлпарым» орындайтын: Шыңғыс

Ақерке:

Тәрбие берген ұямыз,
Тәртіпті бала боламыз
Қоштасып даярлықпенен
Мектепке кетіп барамыз
Жаздық, сыздық, оқыдық
Жақсыны бойға тоқыдық.
Бір сәт өмір белестің
Жол ашқан бізге даярлық..
Ән: «Жау-жау жаңбыр»/
Тәрбиеші
: Балалар, сендердің даярлықпен қоштасып бірінші сыныпқа баратындықтарыңды естіп ортамызға білім елінің ханшасы келіпті. Ол сендердің бірінші сыныпқа баруға қаншалықты дайын екендіктеріңді білгісі келеді екен. (Ортаға білім ханшайымы кіреді)


Білім ханшайымы:
Армысыңдар, балдырғандар! Мен білім ханшайымы боламын. Мен сендердің 1 - сыныпқа қаншалықты дайын екендіктеріңді білгім келеді. Мен білімге құштар балаларды жақсы көремін, жалқауларды ұнатпаймын. Түрлеріңе қарасам бәрің де білімді, ақылды, алғыр сияқтысыңдар! Олай болса, сендердің қаншалықты білімді екендіктеріңді сынап көргім келеді, қалай келісесіңдер ме?

Слайдтағы тапсырмалар.
Ойын ойнатады «Оқу құралдарын тез жина»/, «Әріп тастамақ», «О», «М», «С», «Қ» әрпінен «сөз ойла,тез ойла» сөйлем құра,буынға бөл

Ойын: «Кім есімін тез жазады?»
Білім ханшайымы: Жарайсыңдар, балақандар! Өте білімді, алғыр екендіктеріңді көрсеттіңдер! Менің сендерге арнаған сый - сияпатым бар. (Ол балаларға қаламсап сыйлайды). Сендер өз білімдеріңді ортаға салып мені қатты қуанттыңдар, мен сендерді 1 - қыркүйекте Білім елінде қарсы алатын боламын!
Тәрбиеші: Білім ханшайымына «Біз мектепке барамыз» әнін орындап берейік.
Ән: «Біз мектепке барамыз»

Слайдтағы тапсырмалар.
Ойын ойнатады «Оқу құралдарын тез жина»/, «Әріп тастамақ», «О», «М», «С», «Қ» әрпінен «сөз ойла,тез ойла» сөйлем құра,буынға бөл

Ойын: «Кім есімін тез жазады?»
Білім ханшайымы: Жарайсыңдар, балақандар! Өте білімді, алғыр екендіктеріңді көрсеттіңдер! Менің сендерге арнаған сый - сияпатым бар. (Ол балаларға қаламсап сыйлайды). Сендер өз білімдеріңді ортаға салып мені қатты қуанттыңдар, мен сендерді 1 - қыркүйекте Білім елінде қарсы алатын боламын!
Тәрбиеші: Білім ханшайымына «Біз мектепке барамыз» әнін орындап берейік.
Ән: «Біз мектепке барамыз»

Барлық бала бірге: Қуанышымыз біздің мол,
Мектепке біз тарттық жол!
Ұмытпаймыз өзіңді,
Даярлығым қош - сау бол!

Ән: «Әрқашан күн сөнбесін!»
Құрметті менің бүлдіршіндерім!
Әрқайсысың өзгешесің, дарасың
Бүгінен бастап алыстап менен барасың.
Білім деген теңіздің шығып бетіне
Өріне жүзіп, тұнығына қанасың!
Еркелікті бәрінде енді қоясың,
Білімнің шәрбәт сусынына тоясың
Білімнің кілтін талмастан іздеп талпынсаң,
Өмірде мынау толық адам боласың – дей келе бүгінгі ертеңгілігімізді аяқтаймыз. /балаларға сыйлықтар беру/
Ендігін сөз кезегін мектеп директоры М. Л.Аскерханқызына беремін.
Ата - аналарға сөз кезегін бер
Бекітемін:





Келісемін:

Мектеп директоры: Л.А. Молдаханова . Тәрбие ісінің меңгерушісі: М.С. Адиханова












«Қош бол, даярлығым!»


























2017-2018 оқу жылы

«Берел орта мектебі»КММ

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
02.02.2019
392
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12