Қош бол менің - балабақшам

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Қош бол менің - балабақшам

Материал туралы қысқаша түсінік
Балабақша тәрбиешілері мен әдіскерлеріне әдістемелік көмек
Материалдың қысқаша нұсқасы

Қош бол менің -Балабақшам!

Жүргізуші. Елбасымыз Н.Ә. Назарбаев өз жолдауында"Білім беруді балабақшадан бастау керек" деп атап кеткен болтын әрине "Балапан" бағдарламасы арқасында сендер мектеп табалдырығын нық аттап бара жатсыңдар. Талаптарыңа нұр жаусын!

Армысыздар құрметті қонақтар

Бәріңізде есен - аман бармысыздар

Таусылмайтын ағытып ой арманның

Ал, достарым ақ жол тілеп, сөз бастаған

Ақ тілекті ағытып бір тастайық

Қоштасатын кешімізді біз бастайық

Жүздеріңнен көркем шаттық арайлы болсын

Солай әрбір күнің, әр айың деп - енді ортаға бүлдіршіндерді шақырайық. "Қуыршақ" биі.

"Нұрдаулет - С" балабақшасының директоры Божбанбаева Баян апайға, осы балабақшаның әдіскері Шеримова Қалдыгүл апайға сөз берейік.

Жүргізуші. Алдындағы балалар

Мектепке кетіп барады

Тақпақ айтып бір - бірден

Қимай кетіп барады - дей отырып ортаға балаларымызды өз тақпақтарын қазақша - ағылшынша айтуға шақырамыз.

Бердібек. Балабақша, балабақша

Шаңырағы шаттықтың

Балабақша қорғанышы

Балғын сәби жастықтың

Қуанамыз сыйлаймыз

Қуаныштың мың гүлін



Бақшамызбен қимай біз

Қоштасатын күн бүгін.

Ақерке. Ботақаным бөбек деп

Еркелеткен ұл қызын

Анамызды ерекше

Қуантатын күн бүгін

Өсті міне бойымыз

Қуанышқа ортақпыз

Құтты болсын тойымыз.



Арай. Оқимыз білім аламыз

Болашақ жолын саламыз

Бақшаменен қоштасып

Біріншіге барамыз.



Хор. "Мектепке біз барамыз"



Жүргізуші. Әнім де саған, биім де,

Құт қонақ өзің үйімде.

Қуаныш сыйлар еліме,

Күлімде, сен күлімде. деп ортаға "Болашақ" тобының "Кукарела" биін қарсы алайық.


Жүргізуші. Ортаға Уабекова Индираның орындауында"Перзент парызы" әнін қарсы алайық.

Ойын. "Ретімен тұратын сандар"

Шарты. Балаларға 1 -10 ға дейін сандар беріледі. тақтаға ретімен тез іліп шығу керек.



Жүргізуші.Біздің ел қорғайтын нағыз қаһарман ұлымыз Бердібекті "Ел қорғауға әзірміз" әнін қарсы алайық.



Жүргізуші. Бірге ойнап, бірге жүрген

Күндерімізді қимаймыз

Естелік болсын біздерден

"Өзбек" биін билейміз

"Болашақ" тобының қыздарын шақырайық ортаға қарсы алайық.


Жүргізуші. Өздеріңді ұмытпай

Есімізге аламыз

Ұмытпас деп ұясын

"Біз мектепке барамыз" әнін сыйлаймыз.

Ақерке, Бердібек, Нурсила, Мирас, Арай,Көркем, сейілжан, Алмагүл.


Жүргізуші. Бүгінгі той бәрімізге құтты болсын

Дендеріңіз сау аман есен мықты болсын

Мектеп есігі әрқашан ашық болсын

Біріншіге баратын қадамдарың құтты болсын . деп Сау болыңыздар











Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
01.02.2019
341
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі