Материалдар / Қош бол сүйікті әліппем
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Қош бол сүйікті әліппем

Материал туралы қысқаша түсінік
қощ бол сүйікті әліппем сценариі
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
24 Қаңтар 2023
210
1 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады


43 жалпы орта білім беру мектебі.









Әліппемен қоштасу ертеңгілігі



Тақырбы: Таныстырған 42 әріппен

қош бол менің қасиетті Әліппем!









«А »сынып жетекшісі:Сыздыкова К М





















2021 – 2022 оқу жылы







Таныстырған 42 әріппен қош бол менің қасиетті Әліппем!

Мақсаты:
Оқушылардың сауат ашу пәнінен оқу барысында алған білімдерін тиянақтау;

өз – өнерлерін ата – аналарға көрсету, эстетикалық талғамдарын тереңдете түсу, өзін өзі басқаруы мен ана тілін сүйіп, қастерлеуге тәрбиелеу.

Өту барысы:

Мұғалім: Құрметті ата – аналар, ұстаздар, оқушылар! Бүгін біздің қуанышымызда шек жоқ. Бүгін сіздер 1 «Ә» сынып оқушыларының Әліппемен қоштасу ертеңгілігіне келіп отырсыздар.

Өсті міне бойларың,
Өсті ақыл – ойларың.
Қуанышқа ортақпын,
Құтты болсын тойларың!

Мұғалім: - Балалар, мына сұраққа жауап іздеп көріңдерші.
Іші толған әріпке,
Білімдегі жарық не?

Хормен: Болашаққа жол ашқан,
Ол сүйікті Әліппе!

Мұғалім: - Олай болса, бәріміз білім бағын бастаушы Әліппені ортаға шақырайық.

Хормен: Әліппе, Әліппе, Әліппе!

Әліппе: Менің атым – Әліппе,
Мені анаңдай дәріпте.
Мені оқып ер жеткен,
Ағаң менен әпкең де.
Армысыздар, жас достар!
Армысыздар, ата - ана!
Болашаққа жол бастар,
Әліппең келді ортаға.
Мерекеңмен құттықтаймын
Бүлдіршіндер, балғындар!
Не үйреніп, не білдік
Кәне, ортаға салайық!

Айдын : Төрлетіңіз, Әліппе.

Әліппе: - Ал, балалар сендер қандайсыңдар?

Айым : Мың бұралған бишіміз

Нұрқанат: Біз қызықпыз, қызықпыз.
Сәл еркелеу бұзықпыз.

Лаура : Біз шеберміз, Ақылдымыз. Өнерліміз.

Раяна : Үлкенге ізеттіміз
Кішіге қамқоршымыз

Дархан : Жанып тұрған шырақпыз
Толқынды су бұлақпыз.


Айлин : Елімізді өркендетін
Қазақ тілін көркемдететін

Бабаларға тағзым ететін
Аналарға бас иетін.

Нұртас : Елтаңбасымен еңселі
Туымен тұғырлы
Әнұранмен айбатты

Хормен: «Біз қазақ елінің болашағымыз!»

ӘН: «Әліппе».
Жалқаубек: бұл неғылған ән.

- Ой мұнда неге көп балалар жиналған? Өздері шеттерінен әдемі екен. Бұл жерде не болып жатыр өзі, а?

Инкар : Біз бүгін Әліппемен қоштасып жатырмыз.

Жалқаубек: Әліппе деген не?

Ильнар Іші толған әріпке,

Мынау әйбат әліппе.

Барлық ілім – білімнің,

Атасы осы - әліппе.

Жалқаубек: Сонда сендер барлық әліппені білесіңдер ме?

Хормен: Әрине.

Жалқаубек: Ал мен білмеймін!
Әріптер шығады.

Әліппе: Жарайсыңдар, балалар! Менің тағы сұрақтарым бар.

- Сөз неден құралады ?

А) Дыбыс деген не ? Әріп ше ?

Ә) Дыбыс нешеге бөлінеді ?

Әліппе: Өте жақсы.

Мұғалім: Ал сендер әліппе туралы тақпақтар білесіңдер ме?

Оқушылар: Ия


Нұрқанат : Әліппем менің Әліппем

Сені қолға алып мен,
Есігін аштым мектептің 
Ертеңгі сәуле жарықпен. 

Аяулым : Әліппе –білім анасы,
Әліппе кітап данасы.
Әліппе бетін ашпаған
Адам барма баласы. 

Ильнар : Бұрқыраған білімнің 
Қайнар көзін көріп пе ең?
Том-том болған кітаптың
Басы болған Әліппем. 

Дархан :Ыстық әрбір беттерің,
Жазуыңды ұғамын.
Ақыл бердің Әліппе.
Ақылшым сен – мұғалім.

Айдын : Ізгілікті ойға тоқитын,
Шәкірт боп үздік оқитын.
«Әліппе» атты кемемен,
Кеземін білім мұхитын.

Нұртас : Үйреттің бізді Әліппе
42 дербес әріпке.
Сөз, сөйлем құрап әріптен
Лайық болдым дәріпке. 

Раяна : Оқитын, әрі жазатын,
Білімге қол созатын.
Оқушы болдық сауатты,
Білімнің тегін қазатын.

Инкар : Бәр әріпті үйреткен.
Міне, менің Әліппем.
Жақсы оқимын сабақты,
Әріптерді танып мен.

Лаура : Бар кітапқа бас болған,
Әліппе ғылым анасы
Әліппеден басталған,
Даналық тың данасы. 

АрУ : Білім деген-ғажаптың
Әліппесін меңгерген.
Келешегі қазақтың
Басталады біздерден. 

Тамирис : «Әліппе» даңғыл жол ашты,
Жаңадан пәндер жалғасты.
«Әліппе» сырын ұқтырған,
Рахмет, ұстаз алғашқы.

Айым : Алғаш рет қолыма ұстадым
Әліппені сыйлаған ұстазым.
Білім атты әлемге аштың жол,
Рахмет саған, Әліппе,

Мұғалім: - Балалар, Әліппе сендерді оқуға, жазуға үйретті.

Сол үшін Әліппе достарыңа не айту керек?

Хормен: Балаларға ақ тілек,
Болашаққа бақ тілеп.
Біздерге білім үйреткен,
Әліппе, саған рақымет!

Әліппе: - Балалар, сендер менімен ғана достасып қойған жоқсыңдар, сонымен бірге қандай негізгі пәндерді оқыдыңдар?

Оқушылар: Математика, дүниетану, ән сабағы, бейнелеу өнері, еңбекке баулу.

Мұғалім: Балалар бізге тағы да қонақ келе жатқан сияқты. Бұл кім болды екен?

Әліппе: О- о-о, бұл менің досым Математика ғой.

Математика: Сәлеметсіңдер ме, балалар!

Хормен: Сәлеметсіз бе, Математика.

Жалқаубек: Математика деген не?

Математика:

Сәлемет пе достарым,

Сабағы боп жоспардың.

Төрт амалды қолданған

Математика достарың мен боламын.

Есептеуге  жүйрік  болсаң  жасыңнан

 Математикаға  орын  берсең  басыңнан

 Барлық  ғылым  саған  үйір  болады,

Досың  солар  табылатын  қасыңнан.

Балалар, мені әліппе сияқты төрт ай бойы оқыдыңдар. Мені қалай меңгергендеріңді тексеріп көрейін:

1. Кім 1-10 дейін оң және кері санап береді ?

2. 5 санының, 7 және 9 сандарының құрамдарын кім атап береді?

3. Бақшаға, жақсы аға

Көп ойыншық келді алып.

Бір балық, екі ешкі,

Үш үйрек, төрт түлкі

Барлығы қанша ойыншық ?

4. Оң қолымда екі шар

Сол қолымда үш шар

Барлығы қанша шар?

Математика: Ретімен тізбелі,
Әрбір санды даралап.
Қайсың барсың бізге енді,
Айтып берер санамақ?
Алдияр:
1 дегенім – бесік, Шықтың содан өсіп.
2 дегенім – елім, Далам, тауым, көгім.
3 дегенім – үміт, Үміт артар жігіт.
4 дегенім – төзім, Төзе білем өзім.
5 дегенім – бақыт, Бағалайтын уақыт.
6 дегенім – ақыл, Тыңдағаның мақұл.
7 дегенім – жалау, Жүректегі алау.
8 дегенім – сөзің, Серт беретін кезің.
9 дегенім – тоқтау, Елдің жоғын жоқтау.
10 дегенім – Отан, Қорға еліңді ботам.
Ал, мамырға дейін санап үйреніп кел. (Сандардың барлығын Жалқаубекке береді)

Толғанай: Көңілді өскен баламыз,
Шырқатып әнге саламыз.
Тойымызға сән берер,
Би де билей аламыз.
Би: «Аралар биі» Қабыл алыңыздар.

Әліппе: Балалар, рақмет сендерге! Мен сендерге өте ризамын. Менің кететін уақытым болды.

Мұғалім: Балалар, ендеше біз әріптердің иесі, Әліппені құрметтеп шығарып салайық.

Айша:
Қош бол, құтты Әліппем!
Көп нәрсені үйреткен.
Таныстырып әріппен,
Тақылдатып сөйлеткен.
Қасымхан:

Әліппем менің әліппем
Өмірді келем танып мен
Қайталап айтам мың рет
Өзіңе көп-көп рахмет

Хормен:

Бәрімізді сүйіп өткен,
Балаларға үйреткен.

Әліппе мен ұстазға
Бас иеміз құрметпен.
Ән: Рахмет саған, «Әліппе»
Әліппе: Енді мен сендермен қоштасайын.

Кір шалмасын беттерін,
Таза болсын оқулық пен дәптерің.
Оқығандарың есте болсың,
Күнделіктерің 5 – ке толсын!

Әліппе:

Балалар, енді менен алған білімдеріңді «Ана тілімен» ұштайсыңдар. Балалар, сендерге мен ризамын, мені жақсы меңгеріпсіңдер. Әріптер елінен іздеген қымбат, асыл қазыналарыңды ертіп келдім. Ол – «Ана тілі» кітабы. Міне, міне өзі де келіп қалыпты, қарсы алыңдар. Ана тілі оқулықтарыңды жақсы оқыңдар, үлгілі оқушы болыңдар.

Ана тілі: Сәлеметсіңдер ме, балалар!

Хормен: Сәлеметсіз бе?

Әліппе: Балалар сендерді Ана тілі кітабымен таныстырдым, енді кетейін. Қош сау болыңдар!

Бірге: Қош сау бол, құтты Әліппе! (Әліппе кетеді)

Ана тілі: Армысыңдар жас достар!

Туған елдің тілімін Ақылы мен танымын,

Түсіндірер бәріңе Ана тілі пәнімін.

Ана тілім-елдігім, Ана тілім болмаса,

Бүтінделмес кемдігі. Шарықтап қиялың,

Зердеңе ой құямын. Бір-бір мектеп-Ыбырай,

Абай, Ахмет зиялым Табыстырам бәрімен.

Өлең-жыры, әнімен Өрісіңді кеңейтіп,

Шежіре айтып әріден Қысқы ілім-білімнің

Бәрі, бәрі, бәрі –мен.

-Балалар, енді сендер мені оқитын боласыңдар, ынтамен оқысаңдар, көп нәрсені үйренесіңдер.

Ана тілі:

Өтірік айтпа, ұрлық жасама.
Әдептілік, ар – ұят.
Адамдықтың белгісі,
Тұрпайы мінез, тағы жат,
Надандықтың белгісі,
Үйрен жақсы әдеттен,
Жирен жаман әдеттен!
(Жалқаубектің тұрысын, киімін жөндейді)

Жалқаубек: Мен өз қатемді түсіндім, мен де сендер сияқты ақылды да,

тәртіпті болғым келеді. Мен өз атымды Ақылбекке ауыстырып

ендігі жылы әліппені меңгеріп келемін.
Оқушылар: Біз саған сенеміз, Жалқаубек. Қош сау бол! (Жалқаубек кетеді)
Мұғалім: Өздеріміз білетін «Ана тілі» туралы тақпақтарымызды айтып берейік. Енді білімімізді Ана тілі оқулығымен жалғастырамыз.

Аружан: Ана тілің – арың бұл,
Ұятың боп тұр бетте.
Өзге тілдің бәрің біл,
Өз тіліңді құрметте.

Оразали: Ана тілін ақтандар,
Ана тілін сақтандар.
Ана тілмен безеніп
Ата берсін ақ таңдар.

Мұғалім: Менің балалар, енді әліппеден басқа да қызықты кітаптарды оқи алады.

Бізге қонаққа кітапханашы Жұлдыз апайымыз келіп отыр. Жұлдыз апайды ортаға шақырайық.



Ана тілі: Балалар, енді басқа да қызықты кітаптар оқитын боласыңдар.

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!