Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

"Қош бол,балабақша!"

Материал туралы қысқаша түсінік
Білімділік: Балалардың жыл бойы алған білімдерін,ой-өрістерінің жемісін, өнерлерін ортаға сала отырып көрсету. Дамытушылық: Балалардың ой-өрістерін, сөздік қорларын, қиялын дамыту. Тәрбиелік: Достыққа, ұйымшылдықққа, бауырмалдыққа тәрбиелеу.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Бекітемін:

Зайсан қала әкімі аппаратының

«Зайсан қаласындағы «Еңлік»

бөбекжай-бақшасы КМҚК

меңгерушісі: А.М.Досбаева



«Қош бол, балабақша!»



Топ: Ортаңғы «Б» Ботақан

Орындаған: Сагдолдина А.К

Садыкова А.К

Тексерген: Боржикова Л.Ж













Зайсан қаласы

2018-2019 оқу жылы


«Қош бол,балабақша!»

Мақсаты:

Білімділік: Балалардың жыл бойы алған білімдерін,ой-өрістерінің жемісін, өнерлерін ортаға сала отырып көрсету.

Дамытушылық: Балалардың ой-өрістерін, сөздік қорларын, қиялын дамыту.

Тәрбиелік: Достыққа, ұйымшылдықққа, бауырмалдыққа тәрбиелеу.

Көрнекіліктер: Сан жазылған атрибуттар ,дәптер,пенал, қарындаш,қалам

Кейіпкерлер:

Білімпаз: Аскарова Інкар

Жалқаубек: Далелханқызы Айдана

Тәрбиеші:

Ақ тілекті ағытып бір тастайық,

Қоштасатын кешімізді бастайық.

Жүздеріңнен көрем шаттық арайын,

Болсын солай әрбір күнің,әр айың.

Тәрбиеші:

Өтті қызық көп күндер,

Бес жасқа да жеттіңдер,

Барасыңдар,мектепке,

Бір белестен өттіңдер.

Тәрбиеші:

Толқимыз,толқып тұрсыз ,баршаңыз да,

Мұндай күй болған,сірә, қаншаңызда

Қол соғып, қошаметтеп шақырайық

Бақшамыздан бүгінде ұшқай тұрған

Әдемі ханзада мен ханшаларды!

2016-2019 жылғы «Ботақан» тобының түлектерін ортаға шақырамыз!


Өнер қуған жасынан,

Өнері судай тасыған,

Біздің сүйкімді бүлдіршіндер

Диляра- Алан, Қ Айшаны - Әлімжан А

Қошаметтеп қарсы алайық,


Суретті жақсы салатын,

Еркелеп қана күлетін

Айтолқын - Нұрсұлтан, Б Айшаны- Сұлтан

Қошаметтеп қарсы алайық,





Сабырлы әрі салмақты

Және өнерлі жан жақты

Інжу А - Әли ,Жібек - Алимжан Е

Қол соғып қошаметтеп, қарсы алайық.


Шығады мың бұралып,

Өнерді олардай бәрін сүйші,

Талапты да талантты биші қыздарымыз бен ұлдарымызды

Қол соғып қошаметтеп, қарсы алайық.

Аяла – Ералы, С Зере - Ақжолды.


Қуантады білімімен бізді

Арманына жетсін деп,қанат қағып,

Қол соғып оларды қарсы алайық.

Дильшат - Аделя , Инабат – Рүстем.


Жақсы адам кімге болсын болар пана,

Мол оның тал бойында,ақыл сана,

Көркіне ақылы сай келетін,

Ерназ - Зере З

Қол соғып оларды қарсы алайық.


Әдемі ән айтатын,

Көңілді боп үйге қайтатын

Бақшамыздың көңілді бүлдіршіні,

Раяна - Абайды

Қол соғып оларды қарсы алайық.


Әрбір сөзі салмақты,

Ақыл толы сөздеріне,

Жетеді олар арманға,

Кәне қарсы алайық.

Жангир - Інжу Ш - Мақсатты

Тәрбиеші:

Қуаныштан шаттанып

Той тойлайық алақай.

Көңілденіп шаттанып,

Би билейік балақай!




Балаларымыздың орындауында тамаша биді қабыл алыңыздар.

Би «Школьная полька»

Ортаға: Сұлтан ,Зере З, Мақсат, Аделя, Дильшат ,Айша Б, Әли , Аяла Әлімжан А, Жібек келе қойыңдар.

Келесі кезекте балаларымыздың тақпақтарын қабыл алыңыздар.

Ерназ

Өсті міне бойымыз,

Өсті ақыл,ойымыз,

Қуанышқа ортақпыз,

Құтты болсын тойымыз.

Аделя:

Праздник не простой у нас,

Он бывает только раз,

И сегодня в детский сад

Гости к нам не зря спешат.

Этот праздник наш веселый,

Потому что скоро в школу.

Только жаль прощаться надо

Нам с любимым детским садом.

Жангир:

Қоштасып мен бүгін балалықпен,

Қоштасамын сиқырлы балабақпен.

Танысып мектеп деген әлемменен

Достасамын біліммен, даналықпен.

Раяна

Балабақша базарлы үй,

Көшедегі ажарлы үй.

Шаттығы бар шуақты,

Өз үйіміз сияқты.

Сұлтан

Баулып,баптап өсірдіңіз,

Балалық етсек кешірдіңіз.

Ұмытпаймыз сөзіңізді,

Ұмытпаймыз өзіңізді.

Күтпеген сәт: Қолында кітабы бар білімпаз келеді.

Білімпаз: Сәлеметсіңдер ме,балалар! Сендерге ақжол тілегім келіп,сендердің мерекелеріңе құтты болсын айтқалы келдім.Сендердің барлықтарың да,ақылды,саналы,білімдісіңдер.Мен сендерді өз әлеміме шақырамын.Менің достарым боласыңдар бізді алда көп биік асулар күтіп тұр.

Сол кезде самокатпен жалқаубек келеді.



Жалқаубек: Ой мында не болып жатыр, кеттік балалар ойнауға, не істеп жатырсыңдар,далада қызықты ойындар ойнаймыз,жүріңдер балалар.

Тәрбиеші: Ау Жалқаубек сенің мұның не? Мерекеге киініп келмейсің бе, сенде биыл мектепке барасың ғой,қарашы мына білгішпек қандай бала болғанын,сенде талпынуың керек емеспе?

Жалқаубек: Ой мына Білгішпек мұнда не істеп жүр, бар өзіңнің мектебіңе,балалар менің досым болады,біз мектепке бармаймыз,аналарымыз бен әжелеріміз оқиды, басымызды ауыртпаймыз.

Тәрбиеші: Қой Жалқаубек біздің балалар мектепке дайын, бүгін балабақшамен қоштасып жатыр,сен анаңнан қалмай жылап балабақшаға келмей жүргенде, біздің балалар бәрін оқып, біліп алған, қане отыра ғой, біздің балаларымыздың білімдерін тамашала.

Білгішпек: Мен балалармен ойын ойнап көрейінші, балалар мектепке дайын ба?

Ойын : «Тез тұратын сандар»

Шарты: Балаларға бірден беске дейінгі сандар беріледі, музыка тоқтағанда балалар бір қатарға тез тұруы керек.

Тәрбиеші: Білгішпек саған көп рахмет, сен жалқаубекті дұрыс жолға салдың ғой.Біздің балаларымыздың тағы да көптеген өнерлері бар, соны тамашалайық.

Тәрбиеші:

Думандатып бақшада,

Қызықты той басталсын.

Балабақша түлектері,

Әдемі ән шырқасын.

Келесі кезекте біздің сүйкімді бүлдіршіндеріміздің әніне берсек.

Ән : Мен бақшаға барамын

1.Мен бақшаға барамын,

Ойнаймын ән саламын.

Тәрбиеші әпкелер

Досы барлық баланың.

Досы барлық баланың.

2. Араздықты білмейміз

Тамақты да бір жейміз

Жаман бала секілді

Жұлқылысып жүрмейміз

Жұлқылысып жүрмейміз.

3.Достарым көп басқа да,

Көңілдіміз бақшада.

Бізге тақпақ үйреткен

Анар апай жақсы апай

Айгул апай жақсы апай.





Тәрбиеші:

Келесі кезекті балаларымыздың тақпақтарына берсек

Мақсат:

Сен үйреттің сөйлеуді,

Сенде ойым есейді.

Мектепке барам мен енді,

Балабақшам қош енді.


Зере С:

Қоштасатын күн бүгін,

Ботақандай бөбек деп.

Еркелеткен ұл-қызын,

Анамызды ерекше,

Қуантамыз біз бүгін.

Абай:

Біз балдырған баламыз,

Оттай лаулап жанамыз.


Айша Қ

Ойыншықты жинаймыз,

Бөбектерге силаймыз.

Өнер білім үйреткен,

Өзіңізді қимаймыз.

Әлімжан А

Балабақшам сүйікті,

Ән салдыртты,билетті,

Шынықтырып денеңді,

Шымыр болуға үйретті.

Келесі кезекте балаларымыздың биіне берсек

«Ойыншықтар» биін қабыл алыңыздар

Ортаға Алан, Жәңгір, Ералы, Абай, Айша Қ, Инабат, Раяна, Інжу Ш, Нұрсұлтан келе қойыңдар.

Тәрбиеші: Бұл балалардың өнерлі боп өсуіне көп көмек берген осы балабақшаның апайлары.Ендеше, балдай тәтті балаларымыздың осы балабақша қызметкерлеріне арнаған жыр шумақтарын тыңдайық.



Айша Б

Меңгеруші апай жақсы адам,

Сондықтан да біз үшін,

Артықсыз сіз басқадан,

Айнур Мұратқызына мың алғыс!


Инабат:

Жайдары жүз, ай қабақ,

Жүреді бізді қарайлап.

Тобымызға жиі кеп,

Білгеніңді сұрайтын.

Ақыл айтып тұратын,

Ләйла апайға мың алғыс.

Ақжол:

Үйренгенбіз өнер біз,

Шетімізден шеберміз.

Бал татыған әндерді,

Мың бұралған билерді

Үйреткен Арай апайға мың алғыс!

Дильшат:

Бізге тәртіп,үйреткен,

Ән салдыртып,билеткен.

Таныстырып ең алғаш,

Әріптермен суретпен

Тәрбиеші апайға мың алғыс!

Рүстем:

Бізді баптап қараған,

Күлімдеген жақсы адам,

Ақ төсекке жатқызған,

Басымыздан сипаған,

Бақыт апайға мың алғыс!

Тәрбиеші: Олай болса келесі кезекте ән тыңдайық.

Учат в школе

1.Түрлі әріп жазуға

Терең білім алуға

Үйренеміз әлі талай 2 рет

Кітаптарды оқуға,

Бәрін ойға тоқуға

Үйренеміз, үйренеміз біз мектептен.


2.Буквы разные писать

Тонким перышком в тетрадь

Учат в школе 3 рет

Выучить и умножать

Малышей не обижать

Учат в школе 3 рет

3.They are teaching us to read

They are teaching us to write

They are teaching 3рет


They are teaching us to know

More are more from books at school

They are teaching 3рет

Тәрбиеші: Балалар Жалқаубекпен бір ойын ойнап жіберейік, Жалқаубек те мектепке барады.

Ойын: «Мектеп құралдарын сөмкеге жинау»

Тәрбиеші: Жалқаубек саған біздің балалардың ойыны ұнады ма?

Жалқаубек: Иә, маған сендердің ойындарың қатты ұнады.Менің асығымнан, фишкамнан, добымнан да қызық ойын екен, мен де үйге барып мектепке дайындалайын,балалар сау болыңдар, күзде мектепте кездесейік.

Білімпаз: Балалар мен сендердің мерекелеріңе қызыққаным соншалық,уақыттың қалай өткенін де байқамай қалыппын. Сендер өте білімді де алғыр екенсіңдер. Мен де рұқсат болса Жалқаубектен қалмай үйіме қайтайын .Ал сендер мерекені ары қарай тойлай беріңдер. Ендеше сау болыңдар,балалар!

Балалар: Сау болыңыз!

Тәрбиеші: Олай болса келесі кезекті сүйкімді бүлдіршіндеріміздің тақпақтарына берсек

Інжу А:

Тәтті тамақ пісірген,

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
29.05.2019
358
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12