«Қош келдің, Алтын күз»

Тақырып бойынша 11 материал табылды

«Қош келдің, Алтын күз»

Материал туралы қысқаша түсінік
тәрбиешілерге, мұғалімдерге
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Қош келдің, Алтын күз»

Мақсаты : Күз мезгілі туралы түсініктерін кеңейте түсу, күзді басқа жыл мезгілдерімен салыстыра отырып, айырмашылығын ажырата білу.Мерекелік көңіл-күй орнату.Балаларды ән айтуға,би билеуге ойларын қалыптастыру.

Музыка ойнап ,әсем безендірілген залға балалар кіреді.

Жүргізуші:

Қарсы алайық бәріміз,

Жасымыз бен кәріміз,

Қырдан кетіп қыдырып,

Алтын күзге нұр төгіп.

Тілегім аман ел іргесі,

Алтын күз қайта келді берекесі

Молшылықтың жаршысы бола білді,

Алтын күз- ырыс, береке бірлік ала келді.

Жүргізуші: Армысыздар ата –аналар! Сәлеметсіздерме, қадірлі қонақтар! Бүгінгі мерекеліде ырысты Алтын күз мерекесіне қош келдіңіздер!

Құрметті қонақтар «Қош келдің, Алтын күз» атты ертеңгімізді бастауға рұқсат етіңіздер.

Ән: « Көнілді жаңбыр».

Тосын сәт: залға «күз ханшайымы» кіреді.

Күз ханшайымы : Сәлеметсіңдер ме балалар!

-Мені таныдыңдар ма?

-Не тойлап жатырсыңдар?

-Күз туралы және оның ерекшеліктері туралы кім біледі?

-Ой жарайсыңдар балалар ал енді күз айларын және күз ерекшеліктері кім маған жырға қосып айта алады?

Балалардың тақпақтары (Ерназар, Нурсултан,Батухан,Нурасыл,Қазына, Қ Айзере, О Айсултан , Аяла, Аружан Алинур Жұмакен, П.Айзере)

Ерназар .

Көк майсалы көрікті

Алқаптағы көп егін

Бұл күндері киіпті

Сары жібек көйлегін

Нұрсултан.

Жел тынымсыз гуілдеп

Болып кетті тым бұзық

Шуылдайды тал терек

Жапырағын жұлғызып

Батухан

Қуанышқа маужырап

Жатыр еді аптырап

Ағаштардан жамырап

Ұшты кенет жапырақ

Нурасыл

Әй алақай тамаша

Шашу шашты жапырақ

Бақтың іші алаша

Аунарма еді жатып ап.

Қазына.

Алтын,сары, қызыл,көк

Алуан-алуан жапырақ

Күзгі бақта күлімдеп

Көз тартады жапырлап

О.Айсултан.

Ұшты талдан жапырақ

Сары көбелек секілді

Аспанда жай шатырлап

Тамшы жерге секірді

Қ.Айзере.

Береке бақ дарыған

Жомарт көңіл жарқын жүз

Сары алтынға малынған

Жетті міне алтын күз

Аяла

Қоңыр күз келдіңбе

Қабағың түйіліп

Қауындар, жемістер

Қалыпты жыиылып.

Аружан

Қызды қайнап ел ісі

Қызыл қырман жер үсті

Елдің тоймен жүргені

Еңбегінің жемісі

Жұмакен Алинур

Сары жапырақ төгілген

Тоғайдыда көрдім мен

Енді сары бояумен

Күз суретін салам мен.

П.Айзере

Келістіріп бар сәнін

Берген өзі табиғат

Алтын күзді ал қане

Қар салайық жамағат

Жүргізуші : Күз ханшайымы біздің балаларымыздың өнерлері бұнымен шектелмек емес балаларымыз өте талантты қане төрлетіңіз біздің өнерімізді тамашалаңыз.

Би «Қолшатыр »


Күз ханшайымы: «Көкөністер мен жемістерді ажырат» ойыны

« Иісін, дәмін ажыратып көр» ойыны

Өте өнерлі,тапқыр екенсіңдер енді мен сендірдің білімдеріңді тексергім келіп тұр.Олай болса мен сендерге жұмбақ жасырамын.

Жұмбақ

1.Ағайынды бәрі,

Шықса жасыл,

Түссе сары.( жапырақ)

2.Көк ала костюм киеді,

Күннің көзін сүйеді. (қарбыз)

3.Қалың киімді ұнатады,

Шешіндірсен жылатады. (пияз)

Жүргізуші : Ал ,күз ханшайымы сізге рахмет!Енді біздің балалардың тыңдап көріңіз.

Күз ханшайымы : Балалар сендер тағы да күз туралы өлең білесіңдер ме?

Балалар : иә, білеміз!

Жүргізуші: Балалар қанекей өлең шумақтарымызды айтып берейікші.

Балалардың тақпақтары (Еркеайым,Т. Айсултан, Амир, Айша, П.Айзере,Жайна, Максим,Бексултан, Абдурахман,Бекасыл, Жұмабек Алинур,Әли, Нурым)

Еркеаиым

Ой балалар,балалар

Қоңырқай күз болыпты

Қурап жапырақ солыпты

Ел егінін алыпты

Т.Айсултан

Жетті міне алтын күз

Жеміс жинау салтымыз

Жеміс жтнап болған соң

Той –тойлайды халқымыз

Бекасыл

Таудан салқын жел соқса

Сыбдырлайды қалтырап

Жақын қалды желтоқсан

Жабырқайды жапырақ

Қыркүйек Жұмабек Алинур

Бір-бірімен жер аспан

Мейіріммен қарасқан

Ұстсз- шәкірт жүздескен

Қош келіпсің күздескен

Қазан Әли.

Қазан айы болыпты

Қамбаға астық толыпты

Сары даланы сәндетіп

Думандатып әндетіп

Қараша Нұрым

Күн суытып барады

Малдар қолға қарады

Қарашы ауыл даламыз

Қысқа дайын боламыз

Амир

В небесах высоких тает,

Одинокий тонкйй луч,

Улетают птичьи стаи,

Прилетают стаи туч.

Айша

Падают с ветки

Желтые монетки.

Это осень золотая

Дарит листья ,не считая.

П,Айзере

Заглянула осень в сад

Птицы улетели.

За окном с утра шуршат

Желтые метели.

Жайна.

Как осенние грибы,

Зонтики мы носим,

Потому что на дворе

Наступила осень.

Максим

Листопад! Листопад!

Лес осенний конопат.

Налетели конопушки,

Стали рыжими орушки.

Абдурахман

Қайтқан құсты көрдің бе,

Қаптай ұшқан әуелеп,

Күткен, күзім, келдің бе,

Сыңсып бағың мәуелеп.

Бексултан

Қамба толды астыққа,

Алғыс саған , алтын күз!

Бір уыс дән шаштық та,

Қап-қап қауын алдық біз.

Жүргізуші : Жер берді жемісті

Күз келді келісті

Күз байлық, береке.

Алтын күз мереке –дей келе бүгінгі ертеңгілігімізді Жексембиева Айшаның орындауында «Жау жау жаңбыр » әні

Күз ханшайымы : Балалар ақылды,білімді екенсіңдер.Маған өте қатты ұнады.

« Жапырақтар » биі.

«Қоныр күз» ән

Жүргізуші : Ал күз ханшайымы енді балаларға өз жеміс жидектеріңізді тарту етіңіз.

Күз ханшайымы : Ия, дұрыс айтасыз ендеше мен балақайларыма жеміс жидегімді тарту етейін.

Жүргізуші : Құрметті ата –аналар осымен біздің ертеңгілігіміз аяқталады.Келіп тамашалағандарыңызға рахмет.













































Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
09.01.2019
460
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі