Жыл басы - Наурыз!
Мақсаты: Балаларға ұлыстың ұлы күні туралы мағлұмат беру; Балаларды елін , Отанын сүюге, ұлттық салт-дәстүрін дәріптеуге тәрбиелеу; Имандылық, инабаттылық, ізеттілік қасиеттерін қалыптастыру.
Жүргізуші: Жібек.
Әже:
Наурыз қыз:
Шал:
Мыстан:
Наурызжан:
Достары:
Көрнекілігі: нақыл сөздер, киіз үй керегесі, ұлттық бұйымдар. Барысы: І Кіріспе Мейрам өтетін жер салт –дәстүрге байланысты жабдықталады.Балалар ұлттық киімдерімен келеді. Киіз үй керегесінен сахна жасалынады. Ұлағатты сөздер:
«Наурыз құтты болсын!»
«Жыл басы - наурыз!»
«Наурыз құт әкелсін!»
«Құт береке мейрамы Наурыз жасасын!»
Залда әсем әуен ойнап тұрады.
(Балалар қол ұстасып залға кіреді)
Тәрбиеші: Армысыздар құрметті қонақтар. Ұлыс күндеріңіз құтты болсын!
Келе жатыр жылымыз,
Мейрамдаймыз мұны біз.
Халқы сүйген мейрамды,
Қарсы алайық Наурызды!
(Әжесі мен Наурыз қыз ортаға келеді. Әжесі шашу шашады)
Наурыз қыз: Наурыз тойы-береке,
Наурыз тойы-жыр аңыз.
Қызып дулы мереке
Қызық думан құрамыз.
Тәрбиеші: Қош келдіңіздер. Төрлетіңіздер дастарханнан дәм татып отырыңыздар. Құрметті қонақтар, сіздерге арналған «Бөбекжай» бақшасының бүлдіршіндерінің «Алтын сақа » ертегісінің желісімен қойылған
«Жыл басы- Наурыз» атты ертеңгілігімізді тамашалауға шақырамыз.
Көрініс.
(Шал қолында қамшысы бар, қой жайып жүреді)
Шал: Шек, шеку , ей кебенек! Мына ешкілер әбден мазамды алды. «Қой бақтым қоңырау тақтым, ешкі бақтым еңіреп бақтым » деген осы екен ғой. Уһ, әбден шаршадым, дем алайыншы,- деп молдас құрып отыра кетеді.
Сол кезде артынан Мыстан кемпір келіп шалды қылқындыра бастайды.
Мыстан: Уһ, бәлем қолыма түстің бе?
Шал: Ойбай, ойбай жіберші, қылқынып барамын.
Мыстан: Сен маған не бересің?
Шал: Бір отар қой беремін.
Мыстан: Жоқ маған қой керек емес, балаңды бер әйтпесе жібермеймін.
Шал: Жәрәйді, жалғыз Наурызжан деген ұлым бар еді , соны ал.
Мыстан: Онда келісімін, оны қалай бересің?
Шал: Баламның жақсы көретін алтын сақасы бар , соны саған беріп кетейін, балам алтын сақасын іздеп келгенде өзің ұстап ал. - Міне, алтын сақа,- деп қалтасынан алтын сақасын алып береді де өзі кетіп қалады.
Мыстан алтын сақаның жанында отырады.
( Бала сақасын іздеп шығады)
Бала: Апа, апа анау сақамды алып беріңізші?
Мыстан: Ой, мен отырсам тұра алмаймын, тұрсам отыра алмаймын, өзің ал. Бала еңкейіп сақаны ала бергенде мыстан оны шап беріп ұстап алады.
Осы кезде достары Наурызжанды іздеп шығады.
Достары:Наурызжан, Наурызжан, қайдасың? Біз сені іздеп жүрміз.
Осы кезде ортаға Мыстан атын шығып, қыздарды қорқытады.
Достары қорқып бірінің артына бірі тығылады.
Мыстан: Сендерге Наурызжан керек болса , менің шартымды орындаңдар.
Достары: Орындаймыз, апа орындаймыз.
Мыстан: Онда маған Наурыз туралы тақтақ айтып беріңдер.
(Балалар Наурызға байланысты жаттаған тақпақтарын айтады)
Абзал: Қош келіпсің Наурыз!
Арман тойы халықтың.
Ясмина Әскер: Қуанышы халықтың,
Құтты болсын қадамың!
Нүриса: Би биледік бәріміз!
Егін өңін толқытқан,
Ақниет: Елдің көңілін шалқытқан.
Бас иеміз- Наурыз!
Абдрахман : Сені тойлап қарсы алып,
Бар әлемге жар салып,
Сәлем бердік, біз сізге!
Мыстан: Жарайсыңдар!
Достары: Апа ,енді Наурызжанды жібересіз бе?
Мыстан: Жоқ, маған енді өнерлеріңді көрсетіңдер
( Балалар Наурызға арналған ән, билерін ортаға салады)
Балалар: Ән айтады. «Қош келдің, Наурыз!»
Мыстан: Ой, рахмет, көңілім көтеріліп қалды ғой.
Достары: Енді, жібересіз бе?
Мыстан: Жоқ, менің енді ұлттық ойын тамашалағым келіп тұр. Маған көрсететін ұлттық ойындарын барма?
( Балалар ойын ойнайды. «Кім жылдам» екі топқа бөлініп,
шашылғн асықтарды қоржынға жинайды)
Ойын: «Кім жылдам»
Мыстан: Өй, сендер ойынды жақсы ойнайды екенсіңдер.
Достары: Наурызжанды енді жібересіз бе?
Мыстан: Мен Наурызжанды жібере алмаймын, менің қарным ашты.
(Достары жиналып ақылдасады)
Достары: Апа, мынау ұялы телефон , мұнымен барлық жермен сөйлесе аласың,өлең тыңдайсың, ойын ойнайсың, суретке түсесің.
Мыстан: Қане, әкел бері көрейін.
Мыстан телефонды алып бұрышқа қарай барғанда достары
Наурызжанды алып шығып кетеді.
Мыстан: Әй,әй тоқтаңдар, тоқтаңдар....
Мыстан жүгіре жөнеледі.
Тәрбиеші: Балалар енді ортада отырған әжемізден наурыз құтты болсын бата сұрайық.
(Әже наурызға арнап ақ батасын береді)
Ұлыс оң болсын!
Ақ мол болсын!
Қайда барсаң жол болсын!
Қайғы уайым жоқ болсын!
Қуаныштарын көп болсын!
Тәрбиеші: Наурыз құтты болсын! Дендеріміз сау, мықты болсын! Наурыз тойы келе берсін! Барлық халық бақытты болсын, Қош ,сау болыңыздар, халайық! Көріскенше күн жарық болсын! Барлықтарыңызды Наурыз дастарханына шақырамыз. Көжеден дәм татыңыздар.
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
"Қош келдің Әз-Наурыз"

шағым қалдыра аласыз