Материалдар / қош келдің әз наурыз
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

қош келдің әз наурыз

Материал туралы қысқаша түсінік
Мақсаты: «Наурыз» мейрамы туралы түсінік беру арқылы қазақ халқының салт - дәстүрін көрсету және оны құрметтей білуге тәрбиелеу.: Наурыз мерекесінің қазақ даласындағы орны, наурыз мерекесі туралы түсінік беру, Наурыз мерекесін ұлттық салт - дәстүрімізбен, әдет-ғұрпымызбен байланыстыра насихаттап, ұрпақтардың өз ұлтына деген сүйіспеншілігін арттыру.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
07 Сәуір 2022
487
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

«Қош келдің, әз Наурыз!»


Мақсаты: «Наурыз» мейрамы туралы түсінік беру арқылы қазақ халқының салт - дәстүрін көрсету және оны құрметтей білуге тәрбиелеу.: Наурыз мерекесінің қазақ даласындағы орны, наурыз мерекесі туралы түсінік беру, Наурыз мерекесін ұлттық салт - дәстүрімізбен, әдет-ғұрпымызбен байланыстыра насихаттап, ұрпақтардың өз ұлтына деген сүйіспеншілігін арттыру.


Тойла бүгін, тауларым мен боз далам,

Тойла бүгін, қарттарым мен бозбалам.

Қайта оралған намысымдай Наурызым,

Жаңа жыл боп қош келіпсің, Наурызым


жүргізуші: Қайырлы күн, мейрамға жиналған барша қауым. Бүгінгі Ұлыстың ұлы күні - ата - баба сөзімен айтқанда ақ түйенің қарны жарылған күн. Наурыз мейрамы - бұл көктем мен еңбектің мерекесі, күн мен түн теңесетін күн. Бұл мейрам 22 наурыздан 19 сәуірге дейін тойланатын ұзақ мейрам. Көктем мен Жаңа күн мерекесі.

Олай болса, бүгінгі «Қош келдің, әз Наурыз!» атты мерекелік думанымызды ашып беру үшін сөз кезегі колледж директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Тәжібаев Шалғын ағайға беріледі.


Жүргізуші

Наурыз тойын жұп жазбай

Қошеметпен қарсы алайық.

Досқа құшақ ашайық.

Өлең-жырға басайық.

Қазақтың бір салты деп

Тойға шашу шашайық

ШАШУ ШАШЫЛАДЫ.



жүргізуші:

Наурыз мейрам жүректерге нұр сепкен,

Маңдайымнан сүйіп жатыр күн көктем.

Жарығыңмен, шуағыңмен Күн - Ана,

Алып келдің жер бетіне гүл көктем.

Жыр сыйлайық, нұр сыйлайық тірлікке,

Қастерледік қадіріңді білдік де.

Құтты болсын ұлыс күн жұмылдырған,

Бәрімізді ынтымақ пен бірлікке.

Алқа - жұртым, той - думан,

Ортамызда ашайық.

Ән мен күйді төгіп біз,

Інжу маржан шашайық!

Күй:


жүргізуші:

Келіңдер, Наурыз тойға бәрің бүгін,

Аямай өнерпаздар ән мен жырын.

Тойлайық халық тойын Наурызымның,

Шуағын жерге төккен бақыт күнін.

Келіңдер, Наурыз күнін қарсы алайық,

Билейік, жыр жырлайық ән салайық,- дей келе ортада

Би:



жүргізуші:


Біз қазақ халқы әулет дәстүрін қастерлеп, дәстүрлік мұраларды насихаттап жүрген халықпыз.

Дәстүрдің озығы бар, жазығы бар,

Өткеннен бізге жеткен асылы бар.

Сәбидің кейбір кезін қызықтайтын,

Қазақта «Тұсау кесер» рәсімі бар.


Тұсау кесу дегеніміз 1 жасқа толып, еркін жүре бастаған балбөбектің басқан қадамы құтты болып, одан әрі жаны жамандық көрмей, жүріп кетуіне тілек білдіретін салт.


Әлбетте, баланың тұсауы ала жіппен, қойдың майлы шегімен немесе өрілген көк шөппен кесіледі: Ала жіп ақтық пен адалдыққа жол ашады, майлы шек байлыққа, тоқтыққа жетелейді, көк шөп көбеюге, өсуге, өнуге шақырады.


Бүгінгі күні Аяулым кішкентай қызы Мединаның «Тұсау кесер» рәсімін Ұлыстың ұлы күні наурыз мерекесімен тұтастырып, қалың жұрттан бата алу мақсатында осы жерде «Тұсау кесер» рәсімін өткізбекші.


(баланы көтеріп келе жатып айтатын өлеңі:)

Тәй-тәй балам, тәй балам,

Шақырып тұр айналаң,

Жүруге алғаш талпындық

Құтақандай жан балам,

Қаз-қаз тұрып талпындың,

Қуантасың, күлесің.


Аман болсаң аз-ақ күнде

Алшаң басып жүресің.


Шынар апайдың сөзі:

(Мединаның тұсауы кесіледі, ақ жайманың алдын кең ғып ашып баласына жол ашады, шашу шашылады, құттықтаулар айтылады.)

Би:

«Тұсау кесер» рәсімінің құрметіне би:



жүргізуші:

Білесіңдер ме? Наурыз тойының өзіне тән үлкен ырым асы – Наурыз көже. Наурыз көже жеті түрлі дәмді астың құрамынан жасалады. Оның мәні жаңа жылда тойымшылық, молшылық, татымды өмір болсын деген ырымды, тілекті паш етеді. Наурыз тойындағы тағамдарда көбінесе ақ тамақ басым болады. өйткені бұл кезде төрт түлік төлдеп, ақ молайған кез.

Ата салтын бабамның,

Алып келді ұлыс күн.

Бір анадан туғандай,

Бір ұядан ұшқандай.

Бір аспанның астында,

Бір дастархан басында.

Береке - бірлік болсын деп,

Көп көжеден дәм татып,

Күшейтейік бірлікті.

Барлықтарыңыздың наурыз көжеден дәм татуға шақырамыз! Мереке құтты болсын!

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!