Қош келдің, Әз Наурыз!

Тақырып бойынша 31 материал табылды

Қош келдің, Әз Наурыз!

Материал туралы қысқаша түсінік
Наурыз айының шығыс халықтарында жыл басы саналатындығын сәбилер санасына жеткізу. Наурыздың 22-сінде күн мен түннің теңелетіндігін, одан кейінгі күндері күннің ұзарып, түннің қысқаратындығын айтып түсіндіру. Балаларды Наурыз мерекесін қалай атап өтетіндігімен таныстыру. Ұлттық салт-дәстүрлерді құрметтеп, оларды мақтан етуге тәрбиелеу
Материалдың қысқаша нұсқасы


Тақырыбы: Қош келдің, Әз Наурыз!
Мақсаты: Наурыз айының шығыс халықтарында жыл басы саналатындығын сәбилер санасына жеткізу. Наурыздың 22-сінде күн мен түннің теңелетіндігін, одан кейінгі күндері күннің ұзарып, түннің қысқаратындығын айтып түсіндіру. Балаларды Наурыз мерекесін қалай атап өтетіндігімен таныстыру. Ұлттық салт-дәстүрлерді құрметтеп, оларды мақтан етуге тәрбиелеу.


Жүргізуші: - Құрметті қонақтар, балалар!
Ілесіп Наурызбен көктем жетсін,
Көңілін үлкен - кіші көкке өрлетсін.
Еңсесі көтеріліп ер азамат,
Ескі жылмен реніш өкпең кетсін - дегендей наурыз жыл басы құтты болсын! Жаңа жыл тек қана жақсылығын, жаңалығын әкелсін! Ақ мол болсын! Халық

тоқ болсын, Еліміз тыныш болсын! Баршамызға бақ қонсын!Ұлыстың ұлы күні құтты болсын!

«Ұлттық киім сән үлгісі» тақырыбында балалар ұлттық киім сән үлгісін көрсетті.

Жүргізуші:
Наурыз айы жүректерге нұр сепкен,
Мандайымнан сүйіп жатыр нұр көктем
Жарығымен, шуағымен Күн - Ана
Алып келдің жер бетіне нұр көктем!

Олай болса, бүкіл тіршілік атаулыны жаңартып, жақсартқан Наурызға шын ниетпен «Қош келдің, Әз Наурыз!» дейік.
Бүгінгі Ұлыстың Ұлы күніне арналған ертеңгілігімізді бастаймыз. Сөз кезегі балабақша меңгерушісі
Дина Жолмирзиовнаға беріледі.

Жүргізуші:
Досқа құшақ ашайық
Өлең жырға басайық
Қазақтың бір салты деп
Тойға шашу шашайық!
Ортаға әже шығып  шашу шашады.
Жүргізуші: - Ұлыстың ұлы күнін, яғни төл мейрамымызды қазақ халқының ұлттық биімен ашқымыз келіп отыр. Олай болса тәрбиешілердің орындауында «Шашу» биі.

Жүргізуші:
Жер шарын мекендеген ұлттар мен елдердің сан түрлі мейрамы бар. Ал Наурыз - қазақ халқының шын мағынасындағы ұлттық мейрамы. Бұл күн мен түн теңелетін мереке. Сондықтанда халқымыз Наурызды «Жыл басы», «Ұлыстың ұлы күні» деп атайды. Қазақ халқының күнтізбесі бойынша Наурыз мерекесі көктеммен бірге келеді. Өйткені көктемде жер дүние жасарып, жаңарады, өмірге қайта келеді. Осы тіршілікпен бірге, адамдардың да өмірі жанданады, жайнай түседі.




Жүргізуші: 

Жүріңдер Наурызға басып аяқ,
Қалыс қадам болмасын мекен-саяқ.
Ән шырқап би билейтін қауым болып,
Тұрмайық уақыт келді өнерді аяп.


Жүргізуші:
Басталыпты өмірдің көші  міне,
Бөлейікші бөбекті бесігіне.
Ұлттық ойнынын біліп өссін,
Жігіт болсын лайықты есіміне демекші

Ұлттық ойын: «Ат жарыс»

Бүгінгі «Қош келдің, Әз Наурыз!» атты ертеңгілігіміз осымен аяқталды.









































26 «Үміт»бөбекжай балабақшасы МКҚК







Ертеңгілік

Қош келдің, Әз Наурыз!

«Ақбота» кіші топ













Тәрбиеші: Абдуллина З.









2025 оқу жылы

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
07.00.2025
131
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі