Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Қош келдің Әз Наурыз. "Айгөлек" тобы

Материал туралы қысқаша түсінік
Қош келдің Әз Наурыз. Ұлыстың ұлы күні Наурыз мерекесіне арналған ертеңгілік. "Айгөлек" ортаңғы тобы. Наурыз мерекесі турлы мағұлмт беру.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Күні: 20.03.2021ж

Тобы: ортаңғы «Айгөлек»

Тақырыбы: Қош келдің, Әз Наурыз!

Мақсаты: Наурыз айының шығыс халықтарында жыл басы саналатындығын сәбилер санасына жеткізу. Наурыздың 22 - сінде күн мен түннің теңелетіндігін, одан кейінгі күндері күннің ұзарып, түннің қысқаратындығын айтып түсіндіру. Балаларға Наурыз мерекесін қалай айтып түсіндіру. Балаларға Наурыз мерекесін қалай атап өтетіндігін таныстыру. Ұлттық салт - дәстүрлерді құрметтеп, оларды мақтан етуге тәрбиелеу.

Тәрбиеші:
Наурыз айы жүректерге нұр сепкен,
Мандайымнан сүйіп жатыр нұр көктем
Жарығымен, шуағымен Күн - Ана
Алып келдің жер бетіне нұр көктем!

Ұлыстың ұлы күні құтты болсын!

Жер шарын мекендеген ұлттар мен елдердің сан түрлі мейрамы бар. Ал Наурыз - қазақ халқының шын мағынасындағы ұлттық мейрамы. Бұ күн мен түн теңелетін мереке. Сондықтанда халқымыз Наурызды «Жыл басы»,
«Ұлыстың ұлы күні» деп атайды.
Қазақ халқының күнтізбесі бойынша Наурыз мерекесі көктеммен бірге келеді. Өйткені көктемде жер дүние жасарып, жаңарады, өмірге қайта келеді. Осы тіршілікпен бірге, адамдардың да өмірі жанданады, жайнай түседі. Олай болса, бүкіл тіршілік атаулыны жаңартып, жақсартқан Наурызға шын ниетпен «Қош келдің, Әз Наурыз!» деп атайық.

Балалар хормен: «Қош келдің, Әз Наурыз!»
Тәрбиеші: Ұлыстың ұлы күнін, яғни төл мейрамымызды қазақ халқының ұлттық биімен ашқымыз келіп отыр
Би: «Адай» Ұлдар биі

Тәрбиеші:

Наурыз келді, жайраң қақты таң күліп,

Жап-жасыл боп кетті дүние жаңғырып.

Жақсылыққа жаршы болған Наурызым,

Сен өмірдің көктемісің мәңгілік. деп «Айгөлек» тобының бүлдіршіндерін қабыл алыңыздар!


Т:- Балалар біздер қандай мерекені тойлап жатырмыз?
Б: - Наурыз мерекесін тойлап жатырмыз.
- Балалар бізге Наурызда келіп қалыпты.
Тәрбиеші: Келесі кезекті осынау қасиетті мерекеге арналған тақпақтарға береміз.

Нұрсая: Шапағатын аямай бұл жақта аспан,
                Жадырайды әр адам мұң шақпастан.
                Ал ағайын, келіңдер! Бүгін бізде –
                Наурыз көже құрт – қатық, бұршақ  қосқан.

Әлинұр:
Құтты болсын Наурыз
Жалқаулық қос жауымыз
Дала толы егіске,
Малға толсын тауымыз

Қарлығаш:
Наурыз тойы әдемі,
Әжем еске түсірді
Біздерге арнап әдемі,
Наурыз көже пісірді.
Ғасыржан:
Кел балалар ойнайық,
Наурыз тойын тойлайық
Баянды боп мереке
Қыр гүліндей жайнайық
Сырым:
Ұлыс оң болсын.

Ақ мол болсын!
Қайда барсаң, жол болсын
Төрт түлік ақты болсын,
Ұлыс береке берсін,
Бәле – жәле жерге енсін
Тәрбиеші: Ой балалар жарайсыңдар, бәрекелді. Осындай мереке күні

Бізге қонаққа келген әжемізді қарсы алайық. (әжей келіп шашу шашады, қонақтарды мерекесімен құттықтайды).

Тәрбиеші: Рахмет әже, қош келдіңіз. Балалармен бірге төрге жайғасыңыз. Әже, Наурыз көже қалай дайындалады?
Әже: Қарақтарым. Наурыз көже Наурыз мейрамының негізгі тамағы.
Оған 7 түрлі тағам қосылады. Олар: қыстан қалған сүр, айран, сүт, тұз, құрт, тары, бидай. 7саны киелі сан. Ал наурыз көже тоқшылық белгісі.
Тәрбиеші: Әже, біздің балаларымыз наурыз көже туралы тақпақ айтқылары келіп тұр екен, олай болса кезекті балалар тақпақтарына берейік.

Асыланбек:
Арпа, бидай, тары бар
Қатық, малта, тағы бар
Ішілетін, жейтінің
Бұл көжеде бәрі бар.
Мағжан:
Бата беріп атамыз,
Бата беріп әжеміз
Тәтті болып жасаған
Көжеден дәм татамыз
Қ.Сандуғаш:
Құт бауырсақ шашылып,
Наурыз тойы ашылсын
Бір бірімен мына жұрт
Көрімдігін асырсын
Тәрбиеші: Қасиет еткен халқымыз,
Жаңғыртар дәстүр салтымыз
Сән салтымен ел көрікті
Салт дәстүрді сыйлау үлкен міндет.
Әжелер, Халқымыз Жаңа жыл табалдырықтан аттағанда жалғыз сәуле жарық болмас деп төрге қос шырақ жаққан екен. Жыл бойы «ақ мол, дән таусылмасын, жауын шашын көп болсын» деген ниетпен Қыдыр күні ыдыс атаулыны ырысқа (тары, бидай), аққа (сүт, айран), кәусар бұлақ суына толтырады екен.
(Әжелер ортаға шығып шырақ жағып көрсетеді, алдын ала дайындаған ыдыстарға қажетті тағамдар мен суға толтырады.)

Би: Әзілхан Нұрсая «Аққу»
Тәрбиеші: Біздің халқымыз осындай тамаша, тәрбиелік мәні зор салт дәстүрге бай халық. Ал біз кезекті халқымыздың, яғни мұсылман халықтарының төл мерекесі Наурыз мейрамына арналған тақпақтарға береміз.
Д.Сандуғаш:
Күттіріп келген жыл басы
Бізбен бірге жырлашы
Дастарханға елімнің
Береке ырыс сыйлашы
Анел:
Ой, халайық, халайық
Әсем әнге салайық
Наурыз тойын көңілді
Бірге қарсы алайық
Әсет:
Осыншама жақсылық
Алып келген Наурызым
Төрлет бізге нұр беріп,
Шуақ шашып ақ жүзің!
Нұрлыайым:
Бәйшешек гүл ашады
Мұздар сайға қашады
Суға толып өзен көл
Кемерінен асады.
Тәрбиеші: Балалар, қонақтар сүйінші Қыдыр ата келе жатыр.
Қыдыр ата: Армысыздар халайық. Ұлыстың ұлы күні құтты болсын!
Тәрбиеші:
Қош келдіңіз
Ұлыс күні қазан толса
Ол жылы ақ мол болар
Ұлы кісіден бата алсаң
Сонда олжалы жол болар, деп өзіңізден бата сұраймыз.
Қыдыр ата бата береді.

Қыдыр ата:

Ұлыс оң болсын,

Ақ мол болсын!

Төрт түлік ақты болсын,

Ұлыстың ұлы күнінде

Ұлыс оңға қонсын.

Азамат боп ержетіңдер,
Ақылды болып ержетіңдер
Азамат болыңдар  көрікті,
Ғұмырың  болсын берікті
Азамат болыңдар ардақты
Мінездерің болсын салмақты
Өнер болыңдар  жан – жақты
Осы айтқанның бәрі қабыл болып
Алла берсін сендерге зор баққты! Аумин.


Тәрбиеші:
Айтқаныңыз келсін, Қыдыр ата!
Ал келіңдер қонақтар
Досқа құшақ ашайық
Өлең жырға басайық
Қазақтың бір салты деп
Тойға шашу шашайық! деп кезекті «Әз Наурыз» әніне береміз.
Ән: «Әз Наурыз»
Сырым мен Әлинұрдың орындауында қабыл алыңыздар!
Тәрбиеші: Наурыз қазақ халқының ұлттық мейрамы. Сондықтан да халқымыздың ұлттық аспаптарына тоқталып өткен жол болар.
Соның ішінде бәрімізге жақсы таныс домбыра. Домбыра қазақ халқының мақтан ететін киелі аспабы. Сондықтан да халқымыз «Нағыз қазақ қазақ емес, нағыз қазақ домбыра» деп бекер айтпаса керек.
Шерхан:
Домбырасыз сән қайда
Домбырасыз ән қайда
Ән мен күй бар өмірде
От та лаулап жанбайма
Жұпар:
Құрманғазы Тәттімбет
Домбырамен сайраған
Жүрекке от жақсын деп
Елге күйін арнаған

Би: «Домбыра» биі
Тәрбиеші: Халқымыздың ұлттық өнерінің тағы бір керемет түрі бұл айтыс. Наурыз мейрамында ақындар айтысы болып отырған. Ақындар жақсылық пен жамандық, суық пен жылының күресін жырлаған.
Халқымыздың ежелден келе жатқан бұл төл өнері бүгінгі ұрпақ бойында да өз жалғасын табуда. Осындай тамаша өнерді жалғастыру өз парызымыз деп түсінген кішкентай айтыскерлерімізді қошеметтеп қарсы алайық:
Айтыс:
Мағжан мен Сандуғаш айтысы
Мағжан:  Мағжан ұлың мен болам.
                  Әке шешем мақтаған,
                   Жарыс десе жайнаймын
                   Намысымды қорғаймын.
Сандуғаш:    Өнердің ашып есігін
                    Шешендік сөзбен көсілдім
                   Таныстырсам өзімді
                    Сандуғаш менің есімім
Мағжан:    Ал Сандуғаш сұлу қыз
                   Қандай  күшті бұрымың
                    Қасыңдағы қыздардың
                    Ішіндегі сұлу қыз
Сандуғаш:     Мені мақтап не істейсің
                    Білем өзім сұлумын
                    Дайынсың ба  мектепке
                    Соны айтып білдіргің.
Мағжан:     Білім, ғылым өнерге
                     Қанат қағар кезім ғой
                    Ата – салтын ертеңге
                     Жеткізетін өзім – ғой
Сандуғаш:     Ой жігітім арманшыл
                      Орындалсың арманың
                      Жұмыртқаны қақ жарып
                      Пілге ұқсап жатырсың.
Мағжан:     Көріп тұрсың сұлуым
                    Жігіт деген атым бар
                     Болашақта халқыма
                    Президент болу арманым
 Сандуғаш:      Әнде айта аламын
                       Биде билей аламын
                       Өзім бала болсамда
                      Таудай үлкен талабым.

Бірге:           Еркем , еркем еркем- ай
                      Еркелеген ертең – ай
                     Бүгін болған мереке
                     Болсын тағы ертең ай.

Тәрбиеші: Наурыз тойы салтымыз
Аман болсын халқымыз

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
21.07.2021
392
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12