Тақырыбы:
Қош
келдің, Әз-Наурыз!
Мақсаты:
Наурыз мейрамы туралы түсінік беру
арқылы қазақ халқының салт-дәстүрін
көрсету және оны құрметтей білуге
тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Нақыл, қанатты
сөздер, киіз үй жабдықтары,
дастархан.
Жүрісі:
І.
Ұйымдастыру бөлімі.
Кіріспе.
Мұғалім:
Армысыздар, ұстаздар,
оқушылар,қонақтар!Дәстүрімізге айналған
Ұлыстың ұлы күні –Наурыз құтты
болсын!
Күлімдеген шуақты көктеммен бірге қазақ
даласына жер әлемді жайнатып, әнші
құстарды сайратып, Наурыз тойын тойлатып
жаңа жыл келді.
НАУРЫЗ
- бұл ежелгі түркі халықтарының жаңа
жыл мейрамы.
Парсы
тілінен аударғанда «наурыз» сөзі «жаңа
күн» деген мағынаны білдіреді. Оны
барлық түркі халықтары:
қазақтар, қырғыздар, өзбектер, тәжіктер
және т.б. атап өтеді. Бұл
мейрам күн мен түннің теңелген мерзімі
22 наурыз күніне сәйкес келеді. Наурыз
кезінде наурыз-көже дайындалады.
Той
құтты болсын! Ұлыс оң болсын! Ақ мол
болсын! Ұлы мереке сіздерге тек жақсылық
әкелсін! Ұлыстың ұлы күні деп аталған
Наурызда денсаулықтарыңыз мықты болсын,
тілектеріңіз қабыл болсын!
Ал,
балалар, тұрмайық
Әндетейік
шырқайық
Ортамызды
ашайық
Думандатып
би билеп
Ән
мен күйді төгітіп
Інжу
– маржан шашайық. Олай болса, тойымызды
«Қара жорға» биімен ашайық.
Би:«Қара
жорға» оқушылар бір мезгілде билейді.
1-жүргізуші:
Тыңдаңыздар!
Тыңдаңыздар!
Босқа
қарап тұрмаңыздар!
Наурыз
тойы басталды.
Көргендер
де арманда,
Көрмеген
де арманда
Қызықтан
тыс қалмаңыздар!
Армысыңдар
ағайын!
Бармысыңдар
ағайын!
Ұлыс
оң болсын!
Әр
күніміз жақсы болсын!
1-жүргізуші:Наурыз
– көктем мерекесі.
Наурыз – жыл
басы.
Наурыз - жаңа серпін, жаңа
леп.
Наурыз – шаруаның мерекесі,
Бақыт
пен шаттық мерекесі.
Ортада
9 «А» сынып оқушысы Курбангалиев Азамат
ақын Ибрагим Исаевтың «Наурызым» өлеңін
мәнерлеп
оқу.
1-Жүргізуші:
Ендеше сынып
оқушыларының
тақпақтарына кезек берейік.
1-
оқушы:
Қыс
өтіп, қар кетіп,
Шырайлы
жаз жетіп,
Шаруаның
кенелген
Мейрамы
ежелден
Құтты
болсын, Наурыз!
2-оқушы:
Ұлы
күні кәрі- жас,
Құшақтасып
көріскен.
Жаңа
ағытқан қозыдай,
Жамырасып
өсірген.
Наурыз
той құтты болсын!
3-оқушы:
Сағынтып
келген жыл басы
Бізбен
бірге жырлашы.
Дастарқанға
елімнің
Береке,
ырыс сыйлашы.
1-Жүргізуші:Наурыз
көже – Наурыз тойына тән, көпшілікке
арналған мерекелік тағам. Жеті түрлі
дәмнен: сүт,ет, су, тұз, тары, құрт, жеміс
тағы сол сияқты тағам түрлерінен жасап,
оған қазы, шұжық сияқты сыйлы мүшелер
қосып, мерекемен құттықтауға келгендерге
ықыласпен ұсынады. Наурыз көженің
тәрбиелік мәні зор. Ол адамдарды
жомарттыққа, ізгілікке, ұйымшылдыққа,
татулыққа, бірлікке шақырады.
1-Жүргізуші:
Наурыз
тойы тамаша,
Наурыз
тойы жаңаша.
Әр
жүректен ән тарап,
Шаттанады
шартарап –дей келе қазақтың ертеден
келе жатқан салт-дәстүрлеріне байланысты
видеороликке назар аударайық
Видеоролик
қазақтың салт-дәстүрлері.
1-Жүргізуші.
Наурыз
тойы – береке,
Наурыз
тойы – мереке.
Наурыз
тойы – жыр – аңыз,
Қызық
думан құрамыз.
Ұлттық
ойындардан
«Арқан
тарту» «Қол
күрес»
ойындарына кезек берейік.
Қорытынды:
Мұғалім:
Ән
қосылсын әніңе,
Сән
қосылсын сәніңе!
Ырысты
боп жаңа жыл,
Бақ
дарысын бәріңе!
Ой
қосылып ойыңа,
Бой
қосылсын бойыңа!
Аман
–есен жетейік.
Келер
Наурыз тойына!
Наурыз
құтты болсын!!! Қазақстанымыз гүлдей
берсін!
Барлықтарыңызға
жақсы көңіл-күй, ашық аспан тілеймін!
Өмірлеріңізде куантатын сәттер көп
болсын!!!
Осымен
«Қош келдің, Әз-Наурыз!» атты ашық
тәрбие сағаты аяқталды. Көңіл қойып
тыңдағандарыңызға рахмет!