Материалдар / Қош келдің әз Наурыз буклет
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Қош келдің әз Наурыз буклет

Материал туралы қысқаша түсінік
әз-Наурыз мерекесіне буклет көрнекілік құжат
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
10 Наурыз 2024
136
1 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
1300 тг 975 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

ҚОШ КЕЛДІҢ
әз НАУРЫЗ!

Мерекелердің төресі және ең көнесі, жер
ананың омырауы иіп, тұла бойы исінетін, табиғат
жан-дүниесімен жадырап, өзегінен қауашақ
жарып, көкөрім өмірдің нәрін көктететін, тіршілік
біткеннің
тулай
аққан
қанын
жаңаша
жасартатын,
ең
бастысы
жасанды
емес,
табиғаттың өзі, Тәңірдің қалауымен тойланатын
текті мереке.

Наурыз – жеті дәмнен нәрлі көже жасап,
жаттың да жақынның да бір-біріне дәм
татқызатын, ақ дастарқан басында алқа-қотан
бірге ас ішетін ынтымақ пенбірліктің мерекесі.
Наурыз – жыл бойы өткен-кеткен ренішті кешіріп,
ән-күймен, ойын-сауықпен жанды жадыратып,
сананы серпілтетін көңіл-күйдің мерекесі. |
Материалды көшіріп бассаңыз

1 наурыз
Алғыс айту күні.Алғыс айту күні – күрделі
заманда иық тіресе бірге еңсеріп, қысқа мерзім
ішінде Елбасының басшылығымен Тәуелсіз
Қазақстанды құру жолында аянбай тер төккен
еліміздің барлық азаматттарының бір-біріне
құрмет білдіретін күн.

Сізге алғыс
білдіремін!

Алғысым шексіз!

14 наурыз
Көрісу мейрамы. Көрісу күнінде халық қыстан
аман-есен шыққанына қуанып, бір-бірімен қол
алысады.
Таң
сібірлеп
атысымен,
көрісу
мерекесін асыға күтіп отырған әрбір отбасы
алдын ала дайындалып қойған дастарханын
жаяды.
Міндетті
түрде
бауырсақ
пісіріп,
дастарханға тәтті-пәттісімен қосып үйіп қояды.
Отбасының кішілері үлкендеріне қос қолын беріп,
көрісіп шығады. Бір–біріне «Бір жасыңмен!»
дейді. Ол «Бір жасқа есеюіңмен! Осы жылға аманесен жетуіңмен!» дегенді білдіреді.

15 наурыз
Жайлау күні

Ұлыстың ұлы күнін қарсы алуға әзірленіп
жатқан қазақстандықтар Жайлау күнін атап
өтуде. Бұл – табиғат анаға жанашырлық пен
қамқорлық
күні.
Оның
аясында
өскелең
ұрпақтың экологиялық мәдениетін дамытуға
және денсаулығын жақсартуға ықпал ететін
аумақты
абаттандыру
мен
көгалдандыру
жұмыстарына көп көңіл бөлініп, сенбіліктер
ұйымдастырылады. Бұл шаралар жастарды
ізгілікке шақырып, саналарына жақсылықты
сіңіруге бағытталған.

16 наурыз
Шежіре күні
Бұл күні отбасының, ел-жұрттың, жеті атаның
тарихы айтылып, шежіресі таратылады. Сонымен
қатар, жұртшылық мал сойып, өткен-кеткен атабабаларына құран бағыштайды. Ағайын-туған,
көрші-қолаң таяуда ғана жақынынан айырылған
отбасылардың үйіне барып, «марқұмға тие
берсін» айтып дастарханынан дәм татады. Әр
отбасының
үлкендері
өмірден
өткен
атабабаларының, ағайын-бауырдың жақсы істерін,
қуанышты сәттерін кейінгі ұрпаққа әңгімелеп
береді. Елдің, өлкенің тарихы, ерлігі баяндалады.

17 наурыз
Тарихқа тағзым күні
Бұл күні жастарды ұлттық құндылықтарға
баулу, ұлттық рухта тәрбиелеу, туған өлкенің
тарихы туралы ойларын кеңейту, қалыптастыру
мақсатында ұлттық, тарихи, өлкетану, көркем
мұражайларға экскурсиялар ұйымдастырылады.

18 наурыз
Игі істер күні
18 наурыз - Игі істер күні. Бұл күні мұқтаж
жандарға көмек көрсету, ағаш отырғызу,
қайырымдылық жинау сияқты игі істер жүзеге
асырылады.

19 наурыз
Шымырлық пен шеберлік күні
Бұл күні қазақтың ұлттың ойындары өте көп
ойналады. Арқан тартыс, кір тасын көтеру, қазақ
күресі, аударыспақ, көкпар осының барлығы да
жыл сайын Наурыз мерекесінің құрметіне
ұйымдастырылады. Ләңгі тебу, асық ойнау
әсіресе балалар арасында жиі өтеді.

20 наурыз
Шымырлық пен шеберлік күні
Қазақ халқында балалардың ой-санасын
жетілдіру, зияткерлік қабілетін дамытуда ауыз
әдебиетінің алар орны ерекше. Батырлар жыры
балаларды Отансүйгіштікке, адалдыққа, ерлікке
тәрбиелесе, шешендік өнер табан астында сөз
тауып айтуға, аталы сөзге тоқтауға үйретеді.

21 наурыз
Ұлттық тағамдар күні
Халықтың өмір салты, оның күнделікті жұмысы,
адамдардың өзара қарым-қатынасы, халықтық
әдет-ғұрыптар
мен
салт-дәстүрлер
ұлттық
тағамдар, қонақтарды қабылдау және сыйлау
арқылы айқын танылады.
Ұлттық тағамдар күні әр үйде ет, қуырдақ,
бауырсақ, құрт, сүзбе, ірімшік, қымыз, шұбат,
айран сияқты ұлттық тағамдар әзірленеді.
Көктем мен жаңару мерекесінің басты тағамы –
Наурыз көже.

22 наурыз
Ұлыстың ұлы күні
Күн мен түннің теңеліп, жан-дүниені тірілткен,
шаруаның бір малы екеу болып, арқа-басы кеңіп,
аққа аузы тиген, қытымыр қыстың ызғарынан
құтылып,
алдағы
шуақты
күндерден
үміттендірген Наурыз мерекесі Тәуелсіз еліміздің
зор ықыласпен тойланатын нағыз халықтық
сипаттағы салтанатына айналды.

23 наурыз
Жоралғы күні
Бұл күн ұлттық салт-дәстүрлеріміздің қадірі мен
құрметін көтеруге арналған күн.
Мерекенің мақсаты - біздің өміріміздегі әдетғұрыптардың
маңыздылығын
жас
ұрпаққа
жеткізу және оларды ұлттық код құрамдас бөлігі
ретінде сақтап қалу.

Жаңа жыл – Ұлыстың ұлы күні Наурыз
мерекесі
құтты
болсын!
Баршаңыз
адамдық игіліктердің ең құтты да
қуанышты,
ырысты
да
тынысты
жақсылықтарымен қауышыңыздар! Әз
Наурыз құтты болсын, Қазақ елі!
Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!