Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
«Қош келдің, Жаңа жыл!»
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
Қостанай аудан әкімдігінің «Білім бөлімі» МККҚ «Гүлдер»
балабақшасы
«Қош келдің, Жаңа жыл!»
Ортаңғы «Жұлдыз» тобы
Тәрбиешілер: Садырбекова Г
Нурбаева Ж.Е.
2017 жылы
Тақырыбы: «Қош келдің, Жаңа жыл!»
Мақсаты: Балаларға мерекелік көңіл күй тудыру; шыршаның қалай әдемі де сәнді безендірілгеніне, образдық бейнелерді сомдай білуге үйрету, хормен және жеке ән айту шеберліктерін арттыру. Би қимылдарын қызығушылықпен,ырғақты сақтай орындауға төселдіру.
Қатысушылар: Жүргізуші, Аязата, Ақшақар, Қоян, ата - аналар..
Балалар әуенмен ішке
кіреді
Ән хоровод ««Аппақ, апппақ жапалақтап»»
Балалар орындықтарға жайғасып отырады.
Жүргізуші: Армысыздар, құрметті
ата-аналар, балалар, тәрбиешілер және қонақтар. Сіздерді келе
жатқан 2018 жаңа жыл меркесімен шын жүректен құттықтаймыз! Сіздерге
зор денсаулық, мол бақыт, отбасыңызға береке-бірлік, ырыс
тілейміз.
Даламызға,қаламызға,
Жаңа жыл кіріп келеді.
Қартыңызға,балаңызға
Жалынды сәлем береді.
Тыңдаңыздар,тыңдаңыздар,
Таңырқанып тұрмаңыздар.
Келіңіздер,келіңіздер,
Би де билеп беріңіздер.
Қызығы мол жаңа жылдың
Тамашасын көріңіздер.
Жүргізуші: Балалар бүгін біз қандай
мерекені қарсы алуға жиналдық?
Дұрыс айтасыңдар, Жаңа жыл мерекесін тойлауға жиналдық. Жаңа жыл
мерекесіне кім келеді қонаққа?
Балалар: Аяз ата, Ақшақар
Әуен қосылады.
Жүргізуші: Тыңдаңыздар балалар біреу келе
жатқан сияқты, мүмкін Аяз ата мен Ақшақар келе жатыр
алыстан.
(Осы уақытта Қоян залға кіріп келеді.)
Қоян: (ортаға билеп шығады)
-Сәлеметсіңдер ме,балалар!
Жаңа-жыл келді о, міне,
Далама, қалама, жеріме.
Шатыққа бөлеп әр үйді,
Шыға ғой менің төріме.
Балалар, мен орманнан түлкіден
қашып кеттім, қу түлкі мен қуып зорға қашып кеттім. Ал сендерде
мұнда не болып жатыр?
Балалар: Жаңа жыл мерекесі болып
жатыр
Қоян: Менде сендермен бірге жаңа жыл
мерекесін тойлағым келеді.
Сендермен бірге қалып сендердің өнерлерін көрсем бола
ма?
Жүргізуші: Әрине қоян бізбен бірге
қал. Біздің балаларымыздың
өнерлерін тамашала. Қане ендеше балалар біз бүгін
біздің қонаққа қоянға бір әнді тарту
етейік.
Ән:
«Зырлайды
шанамыз»
Қоян: Жарайсыңдар әңді біледі
екенсіңдер. Бірақ Аяз ата мен Ақшақар әлі
көрінбейді.
Әуен қосылады.
Жүргізуші: Тағы да біреу келе жатыр. Ол
Аяз ата мен Ақшақар секілді. Қане айқалайықшы Аяз ата Ақшақар
(2-рет)
(залға билеп түлкі келеді)
Жүргізуші: Сен өзі қайдан шықтың? Біз
Аязатаны шақырып едік қой?!
Түлкі: Ал, мені мерекеге неге шақырмайсындар? Аяз ата сендерге бәрібір келмейді, өйткені мен ормандағы жол көрсететін белгіні алып тастадым, енді ол жол таба алмайды ха - ха - ха (деп секіреді)
Жүргізуші: неге олай еттің? Аязата,
Ақшақарсыз қандай жаңа жыл келмек?
Түлкі: Аяз ата мен Ақшақар келу үшін
сендер менің бір шартымды орындайсындар
ма?
Жүргізуші: Әрине орындаймыз
Түлкі: Ендеше мен сендерге бір қызықты ойын ұсынамын. Ойынды ойнаға
жақсы көресіңдер ме?
Ойын: «Мандарин
жинау»
Жүргізуші: Көрдің бе түлкі біздің балалар ойынды да ойнады.
Жарайсыңдар балалар.
Түлкі: Ә, бәлем, солай ма екен!
(осы кезде боранның гуілдеген дыбысы
естіледі)
. Түлкі тоңа бастайды да, біреулердің киімдерінің астына кіріп, ата - аналарға тығылып, соңында шыршаның астына тығыла бастайды )
Алыстан Аязатаның дауысы естіледі.
Жүргізуші: Аязата, Ақшақар келе жатыр ғой деймін, шақырайық, қол соғайық, болған қиындықтарды ұмытайық!
Балалар: Аязата,
Ақшақар!
Аяз
ата: Сәлематсыңдар ма,
балалар!
Күнтізбеде қалыпты жалғыз ғана бір парақ,
Дайындалдым жыл бойы,
Жолға шығар келді уақ!
Шақырымды жүздеген
Басып өту мен үшін
Жаңа жылдың түнінде
Жасыл шырша түбінде.
Кездессем деп сендермен,
Тарасам екен сыйлықтар,
Одан асқан не сый бар.
Қуаныш сыйлау балаға
Одан зор бақыт бола ма!
Сендерді көргеніме сондай бақыттымын!
Жүргізуші: Аяз ата қош
келдіңіз, балалар сізді күтіп қалды, ал Ақшақарыңыз көрінбейді
ғой?
Аязата: Мынау қу түлкі ормандағы жол
көрсететін белгіні алып тастап, ақшақар адасып қалды. Қане қу түлкі
ақшарды бізге барып тауып бер, әйтпесе мен өзімнің сиқырлы таяғымен
сені қатырып тастаймын.
Түлкі: қорқып орманға қашып кетеді.
Жүргізуші: Балалар біздің Аяз ата
көңілсіз екен, қане Аяз атамызға дайындаған тақпақтарды
айтайықшы.
Тақпақтар:
1) А.Айша
Даланың да,қаланың да
Думандатып отбасын
Тағы міне Жаңа жыл
Қақты әр үйдің қақпасын
Кел Жаңа жыл,жаңа жыл!
Далама,қалама,жеріме
Жаналықтармен жағымды
Шыға ғой әлем төріне!
2) А.Ернур
Жаңа жыл Жаңа жыл
Жаңа жылға жаңа жыр
Жасыл шырша жанында
Билеп барлық бала жүр
3) А.Жанель
Жаңа жыл келгенде
Қуанып қарсы аламыз.
Аяз Ата келгенде
Билейміз, ән
саламыз.
4) А. Адиль
Тамаша, тамаша!
Шыршамыз тұр жараса.
Басында әсем жұлдызы
Көз тоймайды қараса.
5) А.Бекмұхаммед
Әкем таңдап әкелді
Ең үлпілдек шыршаны,
Иісі аңқыған шыршаны,
Жарқыраған шыршаны...
Жұпар иісі аңқыды,
6) А.Наз
Ақ қар жапты даланы
Ақ жамылды айнала
Жарқыратып шамдарын,
Шырша келді ортаға
7) Ә.Дінмұхаммед
Аспан жерге төгеді
Ақ күмісін уыстап
Жаңа жылда келеді
Бізге қарай жылыстап
8) Б.Айлана
Шыршамыз тұр алаңда
Оған шашу шашайық
Тойлап көңіл ашайық
Қуанысып күлейік
Тақпақ айтып берейік
9) Б. Айзара
Жылдың әнін бастайын,
Аяз- Ата кеп қалды.
Майысады жас қайың,
Көтере алмай көп қарды.
10) Б.Ерік
Жаңа жылды бар тілде
Жаңа жылға балайды
Жаңа жылға әр кімде
Жақсы үмітпен қарайды
Нұрландырып маңайды
Шырша шамы жағылсын
Жаңа жылдың құрметіне
Ақ тілектер ағылсын!
11) Б. Ясмин
Безендіріп шыршаны
Жыл қуантты баршаны.
Той-маскарад басталды,
Аяз оны басқарды.
Жүргізуші: Жарайсыңдар Аяз ата
сендерге риза.
Балалар біздің Аяз атамызға арнаған ән бар ғой, бәріміз ән
айтайық.
Ән: «Ақ
таяғын»
Би: Ұлдар «Санта»
биі
Жүргізуші: Ұлдарымызға үлкен рахмет. Балалар қараңдар Ақшақарымыз әлі көрінбейді, ендеше біз оған арнап бір ән айтайық, әнді қаттырақ айтайық, сонда Ақшақар алыстан біздің дауысымызды естіп бізге жетеді.
Ән: «Ақшақар әні»
Балалар ақшақар біздің айтқан әнді тыңдап енді
келе жатқан секілді.
Қане бәріміз бірге: Ақшақар, Ақшақар,Ақшақар
( музыка қосылады) Ақшақар келеді
Ақшақар: Сәлеметсіздер ма, балалар!
Орманды көктей өтіп сендердің дауыстарын естіп жеттім - ау
сендерге.
Шыршаларың керемет қой, өзі сондай әдемі екен, бірақ шамдары сөніп
тұр ғой.Кәне, сиқырлы сөздерімізбен оның шамдарын
жарқыратайық!
Қуант бізді, таңырқат шамдарыңды жарқырат! (3 рет айту керек)
Балалар: Қуант бізді, таңырқат шамдарыңды жарқырат.(қолдарын шапалақтатады) Шырша жарқырайды.
Жүргізуші: Міне шыршамыз да жаңды. Қане шыршамызды айналып бір әнді шыршаға айтайық.
Ән: «Тауда туып, тауда
өскен»
Жүргізуші: Жарайсыңдар балалар енді Аяз
ата мен Ақшақарға арнап тақпақ айтып берейік:
Тақпақтар:
12) Б.Бексултан
Құтты болсын Жаңа жыл, барша қауым,
Құтқа орансын кең байтақ дархан елім.
Қазақтың пейіліне тарту етсін,
Табиғат ашық аспан, таң шапағын!
13) Г.Анеля
Кел,балақай,шырша дайын
Қол ұстасып ән салайық
Жаңа жылдың жарқын айын
Ән мен бимен қарсы алайық
14) Д.Жандос
Тамаша, тамаша
Шыршамыз тұр жараса
15) Е.Назым
Жасыл желек жамылған,
Асыл моншақ тағылған,
Miнe, сұлу шыршамыз.
Көптен күтіт, сағынған,
Кел, балалар, келіндер,
Тамашаны көріңдер.
16) Е.Айдана
Тілеймін мен бар әлемге
Дос көп болсын жаңа-жыл
Ата-әже, әке - шеше
Құтты болсын Жаңа жыл
17) Ж.Нурай
Жаңа жыл, Жаңа жыл
Тамаша тойымыз
Алақай, алақай
Өседі бойымыз
18) Ж.Нұрасыл
Далада аппақ қарлар үлбіреген,
Қуаныш келе берсін күлімдеген,
Сіздерді бақыт тілеп құттықтаймыз,
Алдағы келе жатқан жаңа жылмен.
19) К.Жігер
Бар баланың қонағы
Төрлет Ата жоғары
Енді дала алақай
Ақ күміске толады
Жұрттың бәрі атадай
Қашан жомарт болады
20) К.Әбілмансұр
Аппақ тонға оранып,
Базарлықты мол алып.
Келді алыс сапардан,
Аяз ата оралып
21) Қ. Даулет
Аяз –ата ақ сақалды,
Ақ таяқты паң ата,
Асып өтіп асқар тауды
Жеттің бізге таң ата
Жүргізуші: Балалар жарайсыңдар, Аяз ата
мен ақшақарға сендердің айтқан тақпақтарын қатты ұнады. Ал енді
келесі кезекті биге берейік. Қарсы алыңыздар «Жұлдыз» тобының
қыздары
Би: «Ақшақар»
биі
Жүргізуші: Аяз ата мен Ақшақар
көрдіңіздер ме біздің балалар қандай өнерлі, балалар ендеше тағы да
қане тақпақтарға жол берейік:
Тақпақтар:
22) М.Қайсар
Шаттық жыр,шаттық жыр
Дидарыңда шаттық нұр
Аяз ата ортада
Арқасында қапшық тұр
23) М.Әділ
Келіңдер, келіңдер
Тақпақ айтып беріңдер
Жомарт Аяз атадан
Сыйлық алып көріңдер
24) С.Аңсар
Қыс қызығы тамаша
Ойнаймыз біз таласа
Думанымыз жалғассын
Жаңа жылға тамаша!
25) С.Мансур
Қалып едік сағынып,
Kүтіп алдъқ жабылып.
Жолын қойдық жарық қып,
Шыршаларға шам іліп
26) Т.Мадияр
Жасыл шырша орманнан
Бізге арнайы келіпті
Ойыншығын балалар
Шыршаға әсем іліпті
27) Т.Дінмұхаммед
Жаңа жылда жол болсын!
Әрбір үйде той болсын!
Берекелі жыл болсын!
Ақ дастарқан мол болсын!
28) У.Алдияр
Аяз Ата ойды қырды
Аралап жүр түгел шолып.
Қарсы алғалы жаңа жылды,
Ол да көптің бірі болып.
29) Ф.Григорий
Жаңа жылым мол болсын
Баскан қадам он болсын
Төрле Төрле Жаңа жыл
Бізге Құтты жыл болсын
30) Ш.Арсен
31) Б.Кумар
Жаңа жыл құтты болсын!
Жүргізуші: Балалар Аяз ата мен Ақшақар
қайтатын уақыт болды, біз оларға бәріміз бірге флэшмоб биін билеп
берейік.
Флэшмоб
биі
Аязата мен Ақшақар сыйлықтар таратады.
Ақшақар: Мінекей, балалар, сендермен қоштасатын да кез келді.
Сендерді қимай тұрмыз, барлығың да көңілді, әдемі бала екенсіңдер.
Аязата:
Жаңа жылда, балалар, тек қуаныш көріңдер.
Ауырмаңдар ешқашан, мықты болу өзіңнен.
Ақшақар:
Жаңа жылда, балалар, тек жақсылық көріңдер.
Жылау, ауру, жамандық қастарыңда болмасын.
Сау болыңдар, балалар
Жүргізуші: Ал, құрметті қонақтар! «Қош келдің, Жаңа жыл!» атты
ертеңгілігіміз аяқталды. Біздің осындай өнерлі, сүйкімді, ақылды,
тәп-тәтті бүлдіршіндеріміздің өнерін тамашалағандарыңызға көп-көп
рахмет. Сау-саламат болыңыздар!
Марапатау
Қорытындылау