«Қош келдің, Жаңа
жыл»
Жүргізуші:
Барлық жандар бір тілекке
қосқан үн,
Бақытты боп бастады жыл
дастанын.
Қуанышпен келді той деп жаңа
жыл,
Құтты болсын жаңа бақыт
достарым!
Жүргізуші:Құрметті ата-аналар, балалар,
ұстаздар, қонақтар! Жаңа жыл мерекесіне арналған «Қош келдің Жаңа
жыл» атты мерекемізді бастауға рұқсат
етіңіздер.
Құрметті халайық жүрекке
ұялатар алғашқы Жаңа Жылдық құттықтау сөзді ақыл-ойы жетілген
саналы ұрпақты сезімі сергек, арманшыл да дана ұрпақты тәрбиелеп
жатқан, білім ұясының білікті басшысына береміз! (мектеп
директорының құттықтау сөзі)
Жүргізуші:Осындай ғажап тілектен біз
енді ертегілер еліне саяхат жасап, жаңа жылымызды ары қарай
мерекелейік.
1-Сайқымазақ: Армысыздар,
халайық!
2-Сайқымазақ: Жақсы жайғастыңыздар ма,
қымбатты достарым? Бәрі естіліп, бәрі көрініп тұр
ма?
1-Сайқымазақ: Сендермен кездескендерімізге
өте қуаныштымыз. Біз бүгін жаңа жылдық мерекені тойлағалы
отырмыз.
2-Сайқымазақ:Бүгінгі мерекемізді көңілді
әуенмен шыршыны айналып өтуден бастайық.
(Шыршаны айналып ән айтады
)
1-Сайқымазақ:Біз мұнда жай отыру үшін емес,
ән айтып, би билеуге келдік. Сондықтан кеөңіл
көтерейік.
2-Сайқымазақ: Мен сендерге шығыстың түні
қандай болатынын көрсетейін бе? Оны көру үшін бір көзіңді жұмасың,
ал екінші көзіңмен мына жәшіктегі тесікке қарайсың. сонымен,
ғажайып басталады... (ойынға қатысушының үстіне қара плащ жабады,
ойыншы тесікке қарайды, бірақ ештеңе
көрмейді.)
1-Сайқымазақ.Қалай көрдің бе? (ойыншы
ештеңе деп жауап береді)
1-Сайқымазақ
(ашуланып) Бұны қалай түсінуге
болады? Бұл не сұмдық сен ештеңе көрген жоқсың ба? Сен қараңғылықты
көріп тұрсың. Ғажайып жұмбақ шығыс түні дегеніміз енді қара сонда
көресің. Жәшікке қарайды. (ар жағынан биші қыздар шыға
келеді)
Жүргізуші:
Бұрыннан болған екен Аяз
ата
Тосады екен балалар қысқы
шақта
Ақшақарды қасына ертіп
алып
Жер бетін шарлайды екен дамыл
таппай.
Жүргізуші:Бәріміз қосылып бар
дауысымызбен Аяз ата мен Ақшақарды ортаға
шақырайық.
2-Сайқымазақ:Қане бәріміз қол шапалақтап
қарсы алайық! (Аяз ата мен ақшақар бірге
келеді)
Аяз
ата:Амансыздар ма , аяулы
ата-аналар, ардақты ұл қыздар бүлдіршін
балалар!
Қандай жарқын
жүздерің,
Қандай әсем
жырларың
Асулармен
алысқан,
Асау желмен
жарысқан
Аталарың
сендерге
Шаршап келді алыстан. (балалар
амандасады)
Ақшақар:Амансыздар ма, балалар,
ұстаздар, ата-аналар. Өздеріңізді сағынып келдік, жаңа жылдарыңыз
құтты болсын, ескі жылымызға амандық тілеп, келер Жаңа жылымызға
табыс, береке, бірлік әкелсін деп тілейік.
Ақшақар:Аяз ата қарашы, балалардың
киімі қандай әдемі. Шырша да әсем безендірілген екен. Бәрі
сұлуланып кетіпті. Шырша шамын жағайық, Жаңа жыл тойын ашайық!
Барлығымыз «Шырша шамы жан» «Шамдарыңды жарқырат» деп айтайық.
(барлығы айқайлайды, шырша шамдары
жағылады)
Аяз
ата:Бәрекелді, балалар! Шыршамыз
жарқырап, айналаға қуаныш сыйлауда. Шыршаның құрметіне ән айтып,
шыршаны айналып өтейік.
(осы кезде ортаға ескі жыл ит
шығады)
Ит
жылы:Мен ескі жылмын сіздерге
молшылық, бақыт әкелдім. Мына келер жылға айтар
тілегім.
Қуанышты ортамыз сазға
ұласқан
Тілегім болсын мәңгі ашық
аспан
2019 жыл қадам
басқан
Гүлденіп көркейе бер
Қазақстан.
Келесі жыл бастауын доңызға
берем. (ортаға доңыз шығады)
Доңыз:Сәлеметсіздер ме, кешіккен
жоқпын ба, мен сондай асықтым, сондай жүгірдім, кешігем деп қатты
қорықтым, уақытында жеттім бе?
Ит
жылы:
Мен тағы бір
қонақпын
Он екі жылда
оралар
Үлкендерге ақ
ниет
Сіздерге де
ақниет
Сіздерге мың
алғыс.
Барлығы: қош бол, ит, қош
бол!
Ақшақар:Қош келдің, Жаңа
жыл.
Аяз
ата:Ал, айналайын жаңа жыл, келген
қадамыңа нұр бітсін. Мынау менің менің ұлдарыммен қыздарым, мынау
халқым саған аманат. Он екі ай бойы бағып қағу сенің мойныңда.
Жақсы жыл бол, Жаңа жыл.
Ән: «Қош келдің жаңа
жыл»
Аяз
ата:Бәрекелді, жаңа жылым.
Төрімізге шық. Бірімізге жаңа бақыт, жаңа қуаныш ала
кел.
Доңыз:Құрметтеріңізге рахмет. Шын
көңілмен жаңа жылдарыңызбен құттықтаймын. Байқаймын, барлықтарыңыз
да меркеге жақсы дайындалыпсыздар.
Жүргізуші:Иә, барша балалар
жаңа жылды қарсы алуға келіп тұр.
Аяз
ата:Ал енді біз келместен бұрын
бүлдіршіндеріміз бізге тағы неәзірледі екен соны
көрейік.
Жүргізуші: 1-сынып оқушыларының
орындауында: «Жаңа жылдық би» қарсы
алыңыздар.
Жүргізуші:2-сынып оқушыларының
орындауында : «Саңырауқұлақтар биі»
Жүргізуші: 3-сынып оқушыларының
орындауында: «Би»
Жүргізуші:Қане балалар Аяз атамызды
ортаға алып, өзіміздің дайындаған тақпақтарымызды айтайық.
(балаллардың сыйлықтарын береді)
Аяз
ата:Ал ақшақар қызым, алда барар
ауылымыз бар, шанамызға мінейік. Жаңа жылдарың құтты болсын,
балаларым, баршаңызға қуаныш шаттық
әкелсін!
Ақшақар:Барлықтарыңызға жақсылық
тілеймін!
Барлығы: Қош бол, Аяз ата,
Ақшақар.......
Жүргізуші: Міне, қымбатты балалар,
бірлесіп, достасып өткізген мереке қашанда қуанышты
өтеді.
Жаңа жылдарыңыз тағы да құтты
болсын! Қош сау болыңыздар.