Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

"Қош келдің, Жаңа жыл!"

Материал туралы қысқаша түсінік
1- жүргізуші: Армысыздар, құрметті ата-ана, қымбатты ұстаздар, оқушылар! 2-жүргізуші: Жаңа жыл мерекелеріңіз құтты болсын! 1-жүргізуші: Жаңа Жыл – қайсарлық пен жүректілік, Баратын болашаққа білек түріп. Біз Жаңа Жылдарға қол соғамыз Әлемге жақсылықтар тілеп тұрып. 2-жүргізуші: Айнала қоршап шыршаны, Шашылар шашу жыр-әні. Мынау әсем шыршаға Қош келдіңіздер, оқушылар,- дей отырып ортаға жаңа жылдық шыршаға келіп отырған оқушыларды шақырайық Хоровод
Материалдың қысқаша нұсқасы

1- жүргізуші: Армысыздар, құрметті  ата-ана, қымбатты ұстаздар, оқушылар!

2-жүргізуші: Жаңа жыл мерекелеріңіз құтты болсын!

1-жүргізуші: Жаңа Жыл – қайсарлық пен жүректілік,

Баратын болашаққа білек түріп.

Біз Жаңа Жылдарға қол соғамыз

Әлемге жақсылықтар тілеп тұрып.

2-жүргізуші: Айнала қоршап шыршаны,

Шашылар шашу жыр-әні.

Мынау әсем шыршаға

Қош келдіңіздер, оқушылар,- дей отырып ортаға жаңа жылдық шыршаға келіп отырған оқушыларды шақырайық

Хоровод


1-жүргізуші: Кел, жаңа жыл,

Төрле, төрле жеріме,

Құт береке  әкелгейсің еліме,

Үміт артып армандарға аяулы

Шаттығыңа бөлегейсің бізді де,- дей отырып ауыл әкімі Саухимова Сауле Толегеновнаның  балаларға деген ыстық лебізін қабыл алайық.

1-жүргізуші:  “Жақсы сөз – жарым ырыс!” – деп дана қазақ айтқандай, жүрекке жылылық ұялатар алғашқы Жаңа жылдық құттықтау сөзді ақыл ойы жетілген саналы ұрпақты сезімі сергек, дана ұрпақты тәрбиелеп жатқан білім ұясының білікті басшысы  Бибігүл Төлешовнаға  береміз.
Шыршаның артынан қоян ceкірin шығады да:
Ceкipin билеп жүрген қоянның алдынан аю шығады. Қоян сасқалақтап қалады.

Қоян: Амансыз ба, аю паң!
Аю: Сәлем, қоян!
Ұйқымды ашып, сергідім
Ұйықтамаймын мен бүгін!
Жылды қарсы алайық
Би билеп, ән салайық.

Eкeyi қол ұстасып, билейді. Сол кезде қуана кутындап тулкі келеді.

 
Түлкі
Қоянжанға бір сәлем!
Аю паңға мың сәлем!
Аю, қоян: Аман ба, тулкі, кел мұнда!


Тулкі

 
Достарым, жыл келеді
Сыйлығын ол береді
Жұмбақ шешкіш тулкінің
Өнерін жұрт көреді

Аю, қоян: Рахмет, түлкіжан
Жүрген жерің күлкілі ән!


Аю,қоян,түлкі 6ipre билей,жөнеледі Осы кезде орталарына кipni келеді

 

Kipni:

Сәлем,достар,аман ба?
Нұр берді шырша алаңға
Жылға шашу шашайық,
Тойлап, көңіл ашайық.

Бәpi қосылып, билейді. Енді орталарына қасқыр қосылады.

 
Қасқыр
Армысыңдар!Бармысыңдар,ағайын! Кәне құшақ ашайық, достық тойын жасайық
Бәpi: Жаңа жыл қүтты болсын ! Достығымыз мықты болсын

1 Жүргізуші: Балалар, ортамыздағы әсем не нәрсе? 
Балалар: Шырша! 
2Жүргізуші: Шыршамыз қандай әдемі! Ойыншықтары неткен көп еді! 
1 Жүргізуші: Достар, біздің шыршамыз алыстан тоңып келді. Ал енді әдемі киініп осы мерекеде бізді құантып тұр. Шыршаға бір әдемі ән арнайық. 

«Шырша» әні

Жаңа жыл – жаңа әннің тербелуі

Жаңа жыл – ақ арманның өрленуі.

Жаңа жыл – партадағы лүпілдеген,

Кішкентай шәкірттердің ержетуі


Мұз ханшайымы:

Соқ, соқ боран қаттырақ

Бүкіл әлем мұзға айналсын.

Алай- дүлей соқ боран

Барлық дүние шайқалсын.

Жүргізуші:-Сәлеметсізбе, Мұз ханшайымы. Бұл сіздің сарайыңыз екенін білмеппіз. Шыршаны безендіріп, жаңа жылды тойламақшы едік. Енді қайттік?

Мұз ханшайымы: Менің сан жылдар бойы ешкім еріте алмаған,тек менің мектебіме айналған сарайымда ойнамақшы болдыңдар ма, солайма?

Жүргізуші:Жоқ, жоқ біз мында балалармен бірігіп Аяз ата мен Ақшақарды қарсы алмақшы едік.

Мұз ханшайымы: Мен ешқандай кідіре алмаймын .Тезірек сарайымды босатыңдар! Әйтпесе, осында келген қонақтардың барлығын бір мезетте мұз қып қатырамын.

Кетіп қалады

Жүргізүші: бұл жер Мұз ханшайымдықі екенін білген жоқпыз гой. Қазір келетін Аязата мен Ақшақарды да қатырып тастаса не болады? Енді қайттік балалар?

(сақ- сақ күлген дауыстар естіліп, сахнадан сайқымазақ жүгіріп кіреді)

Сайқымазақ: 

Уа,халайық,жарандар

Айналаға қараңдар.

Қызық көріп шат болсын,

Шалқып күліп тараңдар.

Жүргізуші:Армысыз, балаларға шаттық сыйлаушы күлкі патшасы.Жаңа мұз ханшайымы келіп,көңілімізді түсіріп кетіп еді. Сіздің келгеніңіз қандай жақсы болды. Балалардың көңілін көтеріп тастайтын болдыңыз ғой.

Ойын «Екі кәмпит»

Қатысады екі бала. Еденге үш кәмпит қойылады. Музыка тоқтаған кезде кім екі кәмпитті алады, сол жеңімпаз.

Жақсы жаңа жыл келді,
Асқар таумен тұлғалас.
Біз осылай жылды енді,
Қарсы алайық бәріміз.

2,3-сыныптардың өнерлерін тамашалаңыздар

Балалар, біздің мерекемізде одан сайын көңілді болу үшін кім жетіспейді?

Аязата мен Ақшақарды шақырайық, қол соғайық.

Балалар: Аяз Ата, Ақшақар!

 Аяз Ата: Уа, жұртым, жиналған.
Көңілдерің дүр маржан
Айналайын ұлдардан
Айналайын қыздардан
Аяз ата, Ақшақар
Жетті жолдан қиналған
Ештеңе емес барлығы,
Алдымыздан күлді арман
Мықтылығым мәлім ғой.
Өтіп кеткен жылдардан

Жаңа жылдарың құтты болсын, қарақтарым. Асу-асу бел асып, асқар-асқар тау асып, өздеріңе әрең жеттім-ау!

Ақшақар: Қардан шыққан Ақшақармын,

                     Сұлу айдай қиылып.

                      Жаңа жылмен құттықтап,

                       Сәлем берем иіліп.

                    Есенсіз бе, балалар,

                   Бүгін міне ортаға,

                     Келіп қалды жана жыл,

                      Жаңа жылда алдағы,

                      Көңіл өсіп, кеңейсін.

                   Ортақ ойы, арманы,

                       Жақсы достар көбейсін.

Жүргізуші: Қош келдіңіздер Аяз ата, Ақша қар! Келгендеріңіз қандай керемет болды! Енді кешіміз әсемдене түседі!

Жүргізуші: Қош келдіңіздер, аяз ата, ақшақар! Біздің балалар сіздерді сағына күтіп отыр.

Аязата:      Балалар, мына шыршамыз көңілсіз тұрған сияқты ғой. Кәне, сиқырлы сөздерімізбен оның шамдарын жарқыратайық!

1-2-3,  шырша шамы жана түс!     (3 рет айту керек)

Балалар: 1-2-3,  шырша шамы жана түс!    

Шырша жарқырайды.

Аяз Ата: Ал, енді балалар, мына шыршаға арналған, маған, Ақшақарға арналған өнерлерің болса, аямаңдар!

Ақшақар: Балалар барлығыңызда өнерлі екенсіздер. Ендеше бізбен бірге әсем шыршамызды айналып өлең айтайық

Хоровод «В лесу родилась елочка

Би «Дракоша»

Ойын:

1-ші бала бас киім киеді, жүгіріп барып шыршаға ойыншық іледі, қайтып келеді, басқа да балалар соны жасайды

Аяз:  Ал балалар, маған көрсетер тағы қандай өнерлерің бар?

Мектепалды даярлық тобының көрінісін қабыл алыңыздар!

Музыка ойналып мұзханшайымы келеді.

Мұзханшайымы: Мына балалар әлі жүрме.Тезірек сарайымды босатыңдар ! Сендерге келер жаңа жылдарыңды мен қатырып кеттім.

Аяз ата:

 О ханшайым сабыр сақтаңыз,

Ханшайым дәл бұлайша қатал болмас.

Жамандықпен ешкім сізді ескере алмас,

Мұз қылып қатырғанмен мына жұртты,

Жаныңыздың мұз жарасы жазылмас.

Мұз ханшайымы: Солайма, жарайды сендердің жылы сөздерің жаныма жағып кетті. Олай болса сендермен бірге көңілді би билеп сергіп қалайын. Менің мұз жүрегімді жібіте алар ма екен.

Мұз ханшайымына арнап ән айтайық

1-сыныптың әні «Дед Мороз»

 Жүргізуші:  біздің балалардың өнерлері көп, әрі қарай даярлық тобының биін тамашалайық.

Жүргізуші: Аяз Ата, балалар сізге арнап тақпақтар айтып берсін..

Ақшақар: Көңілді кешімізді әрі қарай қызықты ойындармен жалғастырайық.

Ойын: «Сыйлық»

Барлық жандар бір тілекке қосқан үн
Бақытты боп бастады жыл дастанын
Қуанышпен келді той боп Жаңа жыл
Құтты болсын Жаңа Бақыт достарым!...

Санжар мен Айлананың орындауында «Шыршаға бардық» әні

Аяз - Ата: Жарайсыңдар балаларым! Meнi бүгін бip қуантып, алыс жерден шаршап келгенде көңілімді көтердіңдер. Барлықтарың да ақылды, білімде де өнерлі екенсіңдер.Киген киімдерін қандай әдемі! Солай емес пе қызым? Біздің сыйлығымызға риза болыңдар. Қазіргі мына жаңа заманда енді әрине бәріміз фотоға түспейміз бе? Кәне менің жаныма жиналып естелікке суретке түсейік, ия қызым?– деп немересіне бұрылады.

Ақша қар: Ия, ата, бұл балалармен суретке түсіп қалайық.

Суретке түсу рәсімі өтіледі.

Аяз Ата: Ар бол, Жаңа жыл!
Бар бол, Жаңа жыл.
Қадамың құтты болсын, Жаңа жыл.
Бейбітшілік жылы бол, Жаңа жыл.
Құт-береке жылы бол, Жаңа жыл.

Ақшақар: Жаңа жылда, балалар, 
Тек жақсылық көріңдер.
Жылау, ауру, жамандық
Қастарыңда болмасын.

Аяз ата: Ал енді біз жолға шығайық. Басқа да балалардың өнерін тамашалайық. Ал, балаларым, сендер өсе беріңдер, өркендей беріңдер. Аспандарың ашық болсын! Қош болыңдар! (қолдарын бұлғап шығып кетеді.)

Ақшақар:Сау болыңдар, балалар,

Аман – есен болыңдар!

Әр таңды қуанышпен,

Қарсы алып тұрыңдар!

(қолдарын бұлғап шығып кетеді.)

Балалар: Сау болыңыздар! Рақмет сіздерге!

Жүргізуші:Құрметті қонақтар, балалар! «Қош келдің, Жаңа жыл!» жылға арналған мерекелі бағдарлама.аяқталып қалды.

Жүргізуші: Жаңа жыл! Осы жыл барлық отбасыларымызға бақыт пен шаттық әкелсін. Еңбектеріңіз жемісті болсын Жүздерің әрқашан жарқын, көңілдерің шат, өмірлерің думанға толы болсын. 
















 Аяз Ата: Уа, жұртым, жиналған.
Көңілдерің дүр маржан
Айналайын ұлдардан
Айналайын қыздардан
Аяз ата, Ақшақар
Жетті жолдан қиналған
Ештеңе емес барлығы,
Алдымыздан күлді арман
Мықтылығым мәлім ғой.
Өтіп кеткен жылдардан

Жаңа жылдарың құтты болсын, қарақтарым. Асу-асу бел асып, асқар-асқар тау асып, өздеріңе әрең жеттім-ау!



Аязата:      Балалар, мына шыршамыз көңілсіз тұрған сияқты ғой. Кәне, сиқырлы сөздерімізбен оның шамдарын жарқыратайық

Аяз Ата: Ал, енді балалар, мына шыршаға арналған, маған, Ақшақарға арналған өнерлерің болса, аямаңдар!



Аяз:  Ал балалар, маған көрсетер тағы қандай өнерлерің бар?



Аяз ата:

 О ханшайым сабыр сақтаңыз,

Ханшайым дәл бұлайша қатал болмас.

Жамандықпен ешкім сізді ескере алмас,

Мұз қылып қатырғанмен мына жұртты,

Жаныңыздың мұз жарасы жазылмас

Аяз - Ата: Жарайсыңдар балаларым! Meнi бүгін бip қуантып, алыс жерден шаршап келгенде көңілімді көтердіңдер. Барлықтарың да ақылды, білімде де өнерлі екенсіңдер.Киген киімдерін қандай әдемі! Солай емес пе қызым? Біздің сыйлығымызға риза болыңдар. Қазіргі мына жаңа заманда енді әрине бәріміз фотоға түспейміз бе? Кәне менің жаныма жиналып естелікке суретке түсейік, ия қызым?– деп немересіне бұрылады.



Аяз Ата: Ар бол, Жаңа жыл!
Бар бол, Жаңа жыл.
Қадамың құтты болсын, Жаңа жыл.
Бейбітшілік жылы бол, Жаңа жыл.
Құт-береке жылы бол, Жаңа жыл.



Аяз ата: Ал енді біз жолға шығайық. Басқа да балалардың өнерін тамашалайық. Ал, балаларым, сендер өсе беріңдер, өркендей беріңдер. Аспандарың ашық болсын! Қош болыңдар! (қолдарын бұлғап шығып кетеді.)







Ақшақар: Қардан шыққан Ақшақармын,

                     Сұлу айдай қиылып.

                      Жаңа жылмен құттықтап,

                       Сәлем берем иіліп.

                    Есенсіз бе, балалар,

                   Бүгін міне ортаға,

                     Келіп қалды жана жыл,

                      Жаңа жылда алдағы,

                      Көңіл өсіп, кеңейсін.

                   Ортақ ойы, арманы,

                       Жақсы достар көбейсін.


Ақшақар: Балалар барлығыңызда өнерлі екенсіздер. Ендеше бізбен бірге әсем шыршамызды айналып өлең айтайық

Ақшақар: Көңілді кешімізді әрі қарай қызықты ойындармен жалғастырайық.


Ақша қар: Ия, ата, бұл балалармен суретке түсіп қалайық.


Ақшақар: Жаңа жылда, балалар, 
Тек жақсылық көріңдер.
Жылау, ауру, жамандық
Қастарыңда болмасын.



Ақшақар:Сау болыңдар, балалар,

Аман – есен болыңдар!

Әр таңды қуанышпен,

Қарсы алып тұрыңдар!





Мұз ханшайымы:

Соқ, соқ боран қаттырақ

Бүкіл әлем мұзға айналсын.

Алай- дүлей соқ боран

Барлық дүние шайқалсын.


Мұз ханшайымы: Менің сан жылдар бойы ешкім еріте алмаған,тек менің мектебіме айналған сарайымда ойнамақшы болдыңдар ма, солайм


Мұз ханшайымы: Мен ешқандай кідіре алмаймын .Тезірек сарайымды босатыңдар! Әйтпесе, осында келген қонақтардың барлығын бір мезетте мұз қып қатырамын.


Мұзханшайымы: Мына балалар әлі жүрме.Тезірек сарайымды босатыңдар ! Сендерге келер жаңа жылдарыңды мен қатырып кеттім.



Мұз ханшайымы: Солайма, жарайды сендердің жылы сөздерің жаныма жағып кетті. Олай болса сендермен бірге көңілді би билеп сергіп қалайын. Менің мұз жүрегімді жібіте алар ма екен.












Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
12.01.2019
361
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12