Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Қош келдің Жаңа жыл

Материал туралы қысқаша түсінік
ертеңгілік
Материалдың қысқаша нұсқасы



Армысыздар халайық

Бармысыздар халайық

Жаңа жылда жұп жазбай

Бірге қарсы алайық.



Ертегі әлемі

Қандай өзі әдемі,

Жасыл шырша алдында,

Барлық достар жиналды.

Кәне,балақай,байқашы,

Мән беріп қарашы!

Достардың барлығы,

Үлгерді ме,санашы.

Мына келген жаңа жыл

Жанарда ойнап жаңа нұр.

Барлығыңа бақ қонсын

Алға тартып тәтті үміт.

Бола берсін жақсылық

Жаңа жылда бәріңізді

Жебей берсін сәттәләк

Құрметті ата-аналар.

Балалар, қараңдаршы қандай әдемі шырша.

Біз шыршамызға тақпақ, ән айтып берейікші.

Аспан жерге төгеді

Ақ күмісін уыстап

Жаңа жылда келеді

Бізге қарай жылыстап

Ән «Аппақ, аппақ»

Жүргізуші: Балалар, естідіңдер ме, біреу келе жатыр. Олай болса сол қонақпен біздер тығылыспақ ойнайық. Кәнеки, бәріміз шыршаның арғы жағына тығылайық. ( Балалар тығылады, Ақшақар келеді)

Ақшақар: Балабақшаға балалардың Жаңа жыл мейрамына келе жатыр едім. Енді мен қайда келдім? Осы жаңа ән естіген сияқты едім, ал енді ещкім жоқ, қызық екен. (Балаларды іздейді. Мысықтың даусы шығады). Жоқ ол жерде мысық екен, әрі қарай іздейін (жақындаса иттің дауысы шығады). Жоқ ол жерде ит екен, әрі қарай іздейін(Балаларды табады). Сәлеметсіздер ме балалар! Балабақшаның қасынан өтіп бара жатып әдемі әнді естіп қалдым, сіздерге мейрамға келдім.

Жүргізуші: Сәлеметсіз бе Ақша қар! Біз саған өте қуаныштымыз, төрлет. Біздің қонағымыз бол! Ақшақар, қарашы қандай әдемі шырша, қаншама ойыншықтар. Ал неге шыршада шамдар сөніп тұр? Балалар шыршамен ойнайықшы, өз шамдарын жақсын, сөндірсін. Шамдарды жағу үшін біз шапалақтаймыз.

Ойын: «Шырша» (Балалар шапалақтайды) шамдар жанады. Ал енді шамдарды сөндірейік, қатты, қатты үреміз. (Балалар үреді, шамдар сөнеді) ойын 2-3 рет ойналады.

Ақшақар: Қандай сиқыршымыз бәріміз. Бірақ шыршада шамдар жанып тұрсын, сонда ғана шырша әдемі.

Жүргізуші: Ақшақар бізде тағы да сиқыршы бар. Бәріміз сол сиқыршының өнерін тамашалаймыз. (Сиқыршы бала фокус көрсетеді- жәшікке кішкентай куыршақ салады, үлкен Айқызды шығарады).

Ақшақар: Қандай керемет, мынау кәдімгі Айқыздың өзі ғой. (Айқыз би билейді). Балалар, мен сендерге сыйлық әкелдім ол жаңа жылдық сақиналар, осы сақиналармен ойнайықшы.

Ойын «Сақиналар». Сақиналарды Ақшақардың таяқшасына кигізу керек. (Ойын 2-3 рет ойналады. 3 рет Ақшақар сақинамен билеуге шақырады. Аюдың дауысы шығады.)

Жүргізуші: Мынау кім екен?

Ақшақар: Қорықпаңдар балалар, ол аю. Қыста аю үйықтайды, ал біздер оны оятып жібердік. (Аюдың қасына барып) Аю оян, Жаңа жыл келді. (Аюдың дауысы шығады). Оянғысы келмейді. Аю, сен Жаңа жылды көргім келеді деп айтатын едің, тұр, Жаңа жыл келді. (Аю оянды).

Жүргізуші: Сәлеметсіз бе аю. Бізбен ойнашы.

Аю: Сәлеметсіздер ме, балалар, қонақтар. Сәлеметсіз бе Ақшақар. (Көзін уқалап, аузын ашып, керіліп) мен сендермен ойнамаймын, одан да мен үйықтаймын (шыршаның алдына жатады да үйықтайды).

Ойын «Аюды оятайық». Балалар аюдың қасына жаймен барып топылдатады. Аю балаларды қуады да қайтадан жатады. Ойын 2 рет ойналады.

Аю (оянып): Ақшақар, ал Аяз Ата қайда?

Ақшақар: Білмеймін Аю. Аяз Атада жұмыс көп қой: шыршаны әдемілеу, балалардың барлығына сыйлықтар дайындау.

Аю: Мен орманға барып Аяз Атаны іздеп келейін. (Аю шығып кетеді).

Жүргізуші: Аю мен Аяз Ата келгенше Ақшақарға арнап ән айтып берейік.

(Ән «Ақшақар»).

Ақшақар: Рахмет балалар, қандай көңілді, керемет ән айтып бердіңдер. Ал неге Аяз Ата мен Аю кешігіп жатыр. Канеки балалар, шақырайық оларды.

Балалардың бәрі: Аяз Ата! Аю! (Аяз Ата мен Аю келеді).

Аю: Балалар мен Аяз Атаны таптым. Сендер шақырмағанда біздер адасып кетеді екенбіз.

Аяз Ата: Сәлеметсіздер ме балалар! Сәлеметсіздер ме қонақтар! (Балалар амандасады).

Мен сендерге өзімкелген жоқпын,өзіммен бірге осы жылды Ұлуды алып келдім

Қоян Жаңа жыл бірлік береке берсін елімізге

Береке ырыс келсін жерімізге

Ұлу жылын кең пейілмен қарсы алайын

Қуаныш шашып тұрмын төрінізге

Ақшақар: Сәлеметсіз бе, Аяз Ата. Біздер балалармен ойнадық, биледік. Ал енді балалар сізге ән және тақпақтар айтып орындап береді.

Сақалы аппақ күмістей

Тістері аппақ күріштей

Нұр жайнаған ажары

Сағындым Аяз атаны



Аспан жерге төгеді

Ақ күмісін уыстап

Жаңа жылда келеді

Бізге қарай жылыстап



Шаттық жыр, шаттық жыр,

Дидарыңда шаттық нұр.

Аяз ата ортада,

Арқасында қапшық тұр.



Келді тағы жаңа жыл

Қуантумен біздерді

Құтты болсын қуаныш

Құттықтаймыз сіздерді.



Жаңа жылды қарсалып,

Жасаймыз той жылда бір.

Жарқын,жарқын ән салып

Жалғасады жырға жыр.

. (Ән «Жаңа жыл»).

Ақшақар: Аяз Ата, ал сен балаларға қандай ойын әкелдің?

Аяз Ата: Мен ойынға қар әкелдім, қазір қармен ойын ойнаймыз. (Аяз Ата шашады, ал балалар жинап алады. Ойын 2 рет ойналады).

Жүргізуші: Аяз Ата, Ақшақар, Аю қараңдаршы мына жерде қандай үлкен қар жиналып тұр. (Ақшақар мен Аю барып қарайды).

Ақшақар: Қараңдаршы балалар, ол қар емес, сендерге дайындаған Аяз Атаның сыйлығы. Аяз Ата да сиқыршы екен.

Аяз Ата, Ақшақар, Аю сыйлықтарды таратады. Содан кейін балалармен қоштасады.

Тәрбиеші: Құрметті қонақтар, балалар! 2019-шы жаңа жылға арналған мерекеміз аяқталып қалды. Көріп тамашалағандарыңа рахмет. Жаңа жыл құтты болсын, отбастарыңызға тек бақыт пен куаныш әкелсін!!!







Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
doc
05.02.2019
326
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12