Материалдар / "Қош келдің Жаңа жыл"

"Қош келдің Жаңа жыл"

Материал туралы қысқаша түсінік
көмекші құрал
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады

«Төрлет бізге Жаңа Жыл»

ЖүргізушіБарлық жандар бір білікке қосқан үн
Бақытты боп бастады жыл дастанын
Қуанышпен келді той деп жаңа жыл
Құтты болсын жаңа бақыт достарым
Жүргізуші: Армысыздар құрметті , ата - аналар, бүлдіршіндер, қонақтар.Міне ортамызға 2015 жаңа қой жылы да жақындап қалды.  Жаңа жыл тек қана денсаулық, отбасымызға бақыт, жұмыста жаңа жетістіктер мен табыс әкелсін. Елбасымыз аман болып, елімізде тыныштық болсын. Бүгінгі жаңа жылдық ертеңгілікте жақсы әсер алып бүлдіршіндеріміздің өнерін тамашалаңыздар. Жаңа жыл мерекесіне арналған«Төрлет бізге Жаңа жыл» атты ертеңгілігімізге қош келдіңіздер.

Құтты болсын ағайын!
Жаңа жылың тағы да
Қол соғып қарсы алайық
Шақырайық қол соға
Ертеңгілік басталсын
«Өркен» тобы ортада
(балалар келіп шыршаны айналып тұрады)

Жүргізуші: Құрметті ата-аналар жүрекке жылылық ұялатар алғашқы Жаңа жылдық құттықтау сөзді ақыл ойы жетілген саналы ұрпақты сезімі сергек, арманшыл дана ұрпақты тәрбиелеп жатқан балабақшамыздың басшысы Құспанова Айкүміс Жұбанқызына береміз береміз.

Жаңа жылға арналады жаңа өмір

Жаңа жылда шақырады бар өмір

Бақыт болып жаңа жылым келді ғой

Құтты болсын құтты болсын жаңа жыл дей келе ортаға жаңа жылдық тақпақтарымен бүлдіршіндерімізді шақырамыз.

Жансая

Тамаша тамаша

Шыршамыз тұр жараса

Басында әсем жұлдызы

Көз тоймайды қараса

Тілекқабыл

Жаңа жылың жаңа нұр ала келсін

Қуанышқа құшағың тола берсін

Ескі жылың есіркеп көкейіңде

Қимас шақтың бірі боп қаласың

Жалғас

Жаңа жылмен жаңа жылмен

Құтықтаймыз әрине

Әкемізді анамызды

Қонақтаодың бәрінде

Абзал

Тілеймін мен бар әлемге

Дос көп болсын жанашыр

Ата әже ата әже

Құтты болсын жаңа жыл

Мейрамбек

Жасыл желек жамылған

Асыл моншақ тағынған

Міне сұлу шыршамыз

Көптен күтіп сағынған

Кел балалар келіңдер

Тамашаны көріңдер

Жүргізуші Балалар біз шыршамызға арнап әдемі тақпақтар арнап жатырмыз,ал сендер қараңдаршы біздің шыршамыздың шамы жағылмаған Ол үшін бізге кім көмектесу керек

Балалар жауабы: Аяз ата.

Жүргізуші:Қане ендеше бәріміз бірге ортаға Аяз атамен Ақшақарды шақырайық

Аяз ата аууууу,аяз ата ауууууу

Осы кезде ішке Ақшақар келеді

(Ақшақардың көңіл күйі түсіп кеткен)

Жүргізуші: Ақшақар неге сенің көңіл күйің түсіп кеткен Қарашы мына сұлу шыршаға әдемі киінген балалар. Ал біздің аяз атамыз қайда.

Ақшақар: Біз ата екеуміз шырша тойына келе жатқанда мен аяз атадан орманның ішінде адасып қалдым. Енді мына әсем шыршаның шамын кім жағады.

Гномдар: Ақшақар сен жылама. Біз саған көмектесеміз

Тамаша тамаша

Шыршамыз тұр жараса

Басында әсем жұлдызы

Көз тоймайды қараса

Таңырқат таңырқат

Шамдарыңды жарқырат.

(шырша шамы жанады)

Жүргізуші: Енді біздің Ақшақарымыздың көңілін көтеру үшін «Гномдар» биін қабыл алыңыздар

(Газиз Мейрамбек Нурислам Аңсар Тикош Аслан)

Осы кезде ішке қоянды қуып қасқыр кіреді.

Қоян: Құтқарыңдар.құтқарыңдар.Мені қасқыр қуып келе жатыр.

Қасқыр: Тоқта бәлем мен сені жеймін.

(қасқыр шыршаға соғып құлап қалады.)

Қоян: Ой қасқыр есінен танып қалды Енді мен не істеймін Қасқыр қасеке тұршы Қоян қасқырды үрлеп тұрғызып алады.

Қасқыр: Ойй қандай әсеш шырша,неткен әдемі балалар. Сендер жаңа жыл мерекесін тойлап жатырсыңдарма.

Ақшақар: Ия қасқыр Сен қоянды жеме Жаңа жыл болса келіп қалды. Мен аяз атаны таба алмай адасып қалдым.Оданда бәріміз бірігіп Аяз атаны іздейік.

Қасқыр: Оооо жаңа жыл дейсіңбе. Жарайды қоян мен сені жемеймін. Екеуміз дос болайық

(екеуі ортада билейді)

Жүргізуші: Жарайсыңдар екеуін шынымен дос болсаңдар біздің бүлдіршіндермен бірігіп жаңа жыл тойын тойлаңдар.

Ендеше балалармен бірігіп ән шырқайық

Ән: «Аққарлатып борандатып.»

Жүргізуші: Балалар қараңдаршы біздің бәріміздің көңіл күйіміз көтеріңкі ал Ақшақарымыз болса мұңайып тұр. Оған аяз атаны табуға қалай көмектесеміз.

Қасқыр қоян: Ақшақар сен мұңайма біз саған атаны табуға көмектесеміз.

(қасқырмен қоян шығып кетеді)

Жүргізуші:

Әдемілеп біз ілген

Ойыншықтар тізілген.

Қандай әсем шыршамыз

Ән шырқайық баршамыз.

Ортада жаңа жылдық тақпақтарымен бүлдіршіндерімізді шақырамыз.

Аңсар

Құтты болсын жаңа жыл барша қауым.

Құтқа орынсын кең байтақ дархан елім

Қазақтың пейіліне тарту етсін

Табиғат ашық аспан таң шапағын.

Қарақат

Жаңа жылды қарсы алдым

Мініп алып күймеге

Менде бүгін ән салдым

Араластым бигеде

Майра

Қуаныңдар ағайын тамсаныңдар

Сүйінішпен маңайға жар салыңдар

Аяз ата келеді Ақшақармен

Қол соғып қошеметпен қарсы алыңдар.

Рақымжан

Аппақ тонға оранып

Базарлықты мол алып

Келді алыс сапардан

Аяз ата оралып

Қоян қасқыр: Алақай алақай біз аяз атаны таптық Бірақ аяз ата сендердің дауыстарыңды естімей жатыр Қане бәріміз бірге шақырайық

Аяз ата аууу аяз ата аууу

Осы кезде ішке аяз ата кіреді.

Аяз ата: Естідім естідім дауыстарыңды Менде міне келе жатырмын.

Амансыңдарма халқым.

Амансыңдарма ұлдарым.

Жаңа жылдарың құтты болсын.

Қандай жарқын жүздерің

Қандай әсем көздерің

Алып келдім сіздерге

Жаңа жылдың жылуын.

Ақшақар : Ата мен сізден адасып қалып мына бүлдіршіндер арасына тап болдым.Олар өте көңілді екен. Қоян қасқыр достарыма көп рахмет.

Жүргізуші: Қош келдіңіз аяз ата. Төрлетіңіз. Бүлдіршіндеріміздің өнерін тамашалаңыздар.

Елжас:

Далада қар борайды.

Ақ мамыққа орайды.

Мұз болады қатады.

Жып жылтыр боп жатады.

Газиз

Жаңа жыл Жаңа жыл

Жаңа жылда жаңа жыр.

Жасыл шырша жанында

Билеп барлық бала жүр.

Нурислам

Ертедегідей бір нағыз

Жайнасын деп шыршамыз.

Ойыншықты көп ілдік

Қарашы өзің қарша қыз.

Нуркен

Жылдың әнін бастайын

Аяз ата кеп қалды.

Майысады жас қайың

Көтере алмай көп қарды.

Аслан

Жаңа жылға арналады жаңа жыр

Жаңа жылда шақырады бар өмір.

Бақыт болып жаңа жылым келді ғой

Құтты болсын құтты болсын жаңа жыл

Жүргізуші: Рахмет балалар қане енді бәріміз бірге аяз атамен ән салайық

Ән: «Аппақ аппақ жапалақтап»

Осы кезде ортаға шауып ескі жыл жылқы келеді.

Ескі жыл: Жылқы жылы мен болам.

Қойға беріп тізгінді

Кететін келді уақытым.

Жылы мені қарсы алған

Барша жұртқа рахмет.

Қой жылында береке

Болсын ырыс мереке.

Жүргізуші: Сен асықпа жылқы жылы Балаларымыздың өнерін тамашалап жаңа жылды бірге қарсы алайық.

Қане бәріміз ортаға жаңа жылды шақырайық.

Жаңа жыл жаңа жыл.

Ортаға қой жылы келеді.

Қой: Сәлеметсізбе балалар.

Мен мерекеден кешігіп қалған жоқпынба.

Жүргізуші: Жок жаңа жыл қош келдің төрлет қане ортаға.

Қадамың құтты болсын. Бізбен бірге балалардың өнерін тамашала

Жүргізуші: Ақшақармен «Ұлпақарлар биі»

Жарайсыңдар ұлпа қарлар сендерге көп рахмет. Қане енді бәрі міз орнымыздан тұрып буги буги биін билейік

«Буги буги»

Жүргізуші. Біздің аяз атамыздың алып келген ойыны бар екен. Қане ата ортаға.

(Ортаға 3 ата ана шығып ақ қағаз бетіне карандашпен аяз атанын суретін салады.көздері байлаулы болады.)

Ақшақар ойын ойнатады.

(Ойын шарты: Ортаға екі бала шығып себетке қарды лақтырып жинайды. )

Жүргізіші. Ойын өте қызықты болды. Ендігі кезекті тақпақ тарға берейік.

Жасулан

Ақ таяғын таянып

Таңмен бірге оянып

Аяз ата келеді

Ақ күпіге оранып.

Ал балалар билейік.

Ойнайықта күлейік.

Амина

Жаңа жыл жаңа қадам.жаңа бақыт.

Болашақ сыйлайтындай жаңа уақыт

Қой жылы кеп қалды ортамызға

Жақсылықпен жалғасын жаңа уақыт.

Кумисай

Келді міне жаңа жыл ортамызға

Құт береке әкелсін баршаңызға

Аңсаған арманымыз орындалып

Өміріміз бақыт пен толсын нұрға.

Еркебулан

Келді тагы жаңа жыл

Қуантуға біздерді

Құтты болсын қуаныш

Құтықтаймыз сіздерді.

Гулжайна

Жылдың әнін бастайын

Аяз ата кеп қалды.

Майысады жас қайың

Көтере алмай көп қарды.

Жүргізуші: Жаңа жылда алдағы

Көңіл өсіп кеңейсін

Ортақ ойы арманы

Жаксы достар көбейсін. Дей келе ортаға қуыршақтарымызды қарсы аламыз.

Би: «Қуыршақтар биі»

Жүргізуші: Міне балалар біз аяз ата ақшақармен бірге ән салып би биледік. Бізге қоянмен қасқырдыңда көп көмегі тиді,енді біздің атамызды басқада балалар күтіп қалған болар.

Сау бол Аяз ата Ақшақар

Ән: «Аяз беттен өбеді»

Міне, Жаңа 2015жыл да келіп қалды . Ал 2014 жыл біздің тарихымыздың бір бөлшегіне айналды. Жаңа жыл біздің әрқайсымыз үшін ең қуанышты да тебіреністі мереке. Біз алдағы күндерге артқан үмітімізді онымен тығыз байланыстыра отырып, жаңа жылдың міндетті түрде аса мол жарқын және бақытты күндер сыйлайтынына біздің барлық бастамаларымызға сенімді серпін беретініне сенеміз.
Жаңа жыл әр біріңіздің отбасыңызға жаңа нұр, жаңа шуақ, табыс пен береке, қуаныш пен мереке алып келсін. Әрдайым қажырлы қайратыңыздан күш, жылы жүздеріңізден нұр кетпесін. Жаңа жыл баршамыз үшін берекелі, мерекелі жыл болсын.
ЖАҢА ЖЫЛ ҚҰТТЫ БОЛСЫН 



МКҚК «Құлыншақ» балабақшасы







«Өркен»

Ересектер тобы





«Төрлет бізге

Жаңа жыл»









Дайындаған: Акимжанова Ш











2014-2015ж















05 Ақпан 2019
270
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі