Қош келдің, Жаңа жыл!

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Қош келдің, Жаңа жыл!

Материал туралы қысқаша түсінік
балаларға Жаңа жылдық көңіл күй сыйлау
Материалдың қысқаша нұсқасы

Кел, Жаңа жыл, жаңа жыл! (жаңа жылдық сценарий 2019 жыл)


Музыка ойналып ортаға шырша шығады. (шығу әуені)
1 жүргізуші: (Шырша)
Айнала қоршап шыршаны,

Шашылар шашу жыр әні.

Мынау әсем шыршаға,

Қош келдіңдер, балалар!

Төрлетіңдер, төрлетіңдер!

Шырша сәнін көріңдер.

Әсем әнмен би билеп,

Күй жырларын төгіңдер!

Сәлеметсіңдер ме, балалар! Сендер бүгін сәнді киініп, әдемі болып кетіпсіңдер! Ал, бүгін балалар, қандай мереке?

Балалар: Жаңа жыл!

Ендеше бізді бүгінгі мерекемен құттықтау үшін қонақтарымыз келіп тұр. Олай болса сөз____________________________________________беріледі.

2 жүргізуші: Енді әсем шыршамызды айналып ән айтайық.

(Хоровод "Жаңа жыл" әнімен)

1 жүргізуші: (Шырша)Балалар мен мерекені досыммен бірге жүргізбекші едім.Алайда досымды таппай тұрмын. Маған көмектесесіңдерме?

Қане мен сендерге сұрақ қояйын со арқылы досымның кім екенін тауып көріңдерші.

Оның мұрны өтірік айтқан сайын өседі. Мұрыны да, бас киімі де ұзын. Ол кім деп ойлайсыңдар?

Балалар: Буратино!

Музыкамен ортаға Буратино келеді.

Буратино: Сәлеметсіңдер ме, балалар! Мерекені тойлауға дайынсыңдарма?

Балалар: Иә!

Буратино: Олай болса барлығымыз би билейік.

(Би біткеннен кейін Буратино шыршаның жанындағы үлкен сыйлықты көріп, ашып көрмек болып жақындайды) Қораптың ішінен Малиисента шыға келеді

Малиисента



Түу мыналар неғып жүрген балалар, маған кедергі жасап. Мен демалатын жер іздеп жүрмін. Көп күннен бері зұлымдығымды іске асырамын деп ұйықтаған жоқпын. Барыңдар үйлеріңе кетіңдер ашуыма тимей.

1 жүргізуші Буратино:

-Құрметті Малиисента ханым! Сіз бұл жерде демала алмайсыз, өйткені бізде мереке болып жатыр. Сіз басқа жаққа барып демалыңыз.

Малиисента (ашуланып,атып тұрып)

- Сен кімсің өзі маған қарсы шығатын. Қайдағы мереке? –Айтыңдаршы бұл қайдағы мереке? Қайдағы мереке? (деп балаларды таяғымен түртіп-түртіп сұрайды, балалар жауап береді)

- Жаңа жыл!

- Жаңа жыл дейді ха-ха-ха.Қайдағы жаңа жыл сендерге бүгін жана жыл тұрмақ ескі жылда болмайды. Мен қазір сиқырлы таяғымды алып келіп барлықтарыңды қырып саламын. Қазір сендерге көрсетемін. Қарашы өздерін, маған ұйқы бермей. (ААА деп есінейді) Тезірек ұйықтасам ғой шіркін!

Осы кезде балалрдың арасынан Мая шығып:

- Қорқынышты апай! Бізге тимеші. Біз шуламай ақырын ғана жүреміз. Мереке болсыншы. Бұл мерекені біз 1 жыл күттік қой, ия балалар. Біз қазір сізге өлең айтайық. Сіз ұйықтап алыңыз. Сосын мерекемізде болыңыз. Аяз ата келеді көп кәмпит әкеледі. Біз сізге де береміз. Береміз бе балалар!

Балалар: Иә, иә

Малиисента

- ООО кәмпит дегенді біз жақсы көремін. Жарайды келістім. Сендер бір әдемі өлең айтыңдар. Мен ұйықтап алайын.

(Малиисента жатып ән айтылғанда қорылдап ұйықтап кетеді.)

Балалар шыршаны айналып өлең айтады.

Ән: Жасыл шырша жанында

Шырша (жүргізуші):

Балалар енді біздің мерекемізде кім жоқ

-Аяз ата мен Ақша қар

-Ия, дұрыс. Бірақ, оларды қалай шақырамыз. Айқаласақ мына қарақшылар оянып кетеді ғой. Қап енді не істесеке екен а. Аяз Атаны айқайлап шақырмасақ келмейді ғой. Балалар не істейміз?

Музыкамен ішке Лунтик жүгіріп кіреді

-Сәлеметсіңдер ме балалар. Сыртта келе жатып қарасам осы жақта мереке болып жатыр екен. Мерекелерің қалай өтіп жатыр?Жақсы ма?

Буратино (Жүргізуші): Жоқ.Мерекеміз көңілді өтпей жатыр. Мына қорқынышты апай келіп шыршамыздың түбіне жатып алды. Енді Аяз атаны шақыра алмай жатырмыз. Лунтик сен бізге көмектесші.

Осы кезде Малиисента оянып кетеді:

-Бұл не айқай шу? Түу түк ұйқым қанбады ғой. Неге шулайсыңдар А. Мынау кім өзі ааа Аяз ата ма? Әй Әкел кәмпитіңнен. Сенде көп кәмпит бар деп айтқан.

Шырша (Жүргізуші): Жоқ, жоқ бұл Аяз ата емес. Аяз ата келу үшін біз қатты айқайлау керекпіз. Біз сізден қорқып айғайлай алмай тұрмыз.

Малиисента:

-Дұрыс-дұрыс менен қорқу керек. Сонда мынау кім? Кім болсаң ол бол маған кәмпит алып кел!

Лунтик: Кәмпитті Аяз ата мен ақшақар әкеледі. Оданда олар келгенше бізбен бір билесең қайтеді. Билейміз бе балалар?

Балалар: Иә

Малиисента: Жақсы билесек билейік! Ұйқым да ашылсын.

Би: Буги-буги

(Иттің дауысы)

1-жүргізуші: Балалар, бұл ненің дауысы?

Балалар: Иттің.

Ит (ескі жыл): Балалар мен Аяз атадан рұқсат сұрап кетейін деп едім. Аяз атаны таба алмай жүрмін. Сендер көрген жоқсыңдарма?

Спан Боб қуанып хат алып шығады: Хат келді! Аяз атадан хат келді!

Малиисента шап беріп хатты тартып алып, шарт қояды.: Хатта не жазылғанын білгілерің келсе, маған ір ән айтып беріңдер!

Ән: Хоровод

Малиисента:

Пах-пах-пах! Жарайсыңдар! Әнші екенсіңдер.

Буратино жүргізуші: Балалар біз көңілдіміз, солайма?

Балалар: Иә

Буратино жүргізуші: Өйткені бізге қазір көмекке келеді.Оған дейін бәріміз би билейік. (ойын)

(Шаңғымен залға Аққала келеді, аю Аққаланың артынан Маша қар атып еріп келеді).

Қардың түйіршігі Ұйқыдағы аруға тиіп , ол ұйқысынан оянады.


Ұйқыдағы ару: Балалар,ортамызда әдемі шырша тұр екен, бірақ ол неге көңілсіз? Шамдарын жағу үшін барлығымыз бірге сиқырлы сөздерімізбен оның шамдарын жарқыратайық!

Қуант, бізді таңырқат

Шамдарыңды жарқырат (3 рет қайталау) (шырша жанады)

Шырша жанғаннан кейін барлығы қуанып достасады

Қане, әсем шаршамызға арнап ән айтайық.

(Хоровод. Ән «Шырша жыры»)

Шырша жүргізуші: Балалар, шыршамыз жанды, енді ортамызға кімдер жетіспейді

Балалар: Аяз ата мен Ақшақар

Шырша жүргізуші: Қане, бәріміз бірге шақырайық.

Балалар: Аяз ата, Ақшақар аууу (1 рет айту керек)

Аяз ата мен Ақшақардың шығуы (Музыка ойналып шанаға дорбасын салып, Аяз ата

мен Ақшақар, ит пен мысық келеді)

Аяз ата:

Армысыңдар, қарақтарым!?

Армысыңдар, құлындарым!?

Жаңа жылды алып келдім,

Ақ шырақты жағып келдім!

Сендерге мына балаларым,

Тәтті сыйлық алып келдім!

Ақшақар:

Сүйсіндірер маңайды,

Ақшақармын арайлы.

Жалт-жұлт етке жүзімнен,

Күміс сәуле тарайды.

Шырша жүргізуші: Балалар, барлығымыз Аяз атаға арнап ән айтайық.

Ән "Шыршаға бардық"

(Музыка ойналып, Маша Жаңа жылды арбаға салып алып шығады) (Шошқаның шығуы)

Шошқа: Ескі жылға сәлем бердім,

Жаңа жал доңыз мен келдім.

Балаларға базарлық,

Мол етіп мен ала келдім.

Ит: Келді, міне, Жаңа жыл ортаңызға,

Құт- береке әкелсін баршаңызға.

Аңсаған арманыңыз орындалып,

Өміріңіз бақыт пен толсын нұрға.

(Ит пен мысықтың биі)Дуэт

Сау болыңыздар!

(ит кетеді)

Балалар: Сау болыңыз, ескі жыл!

2-жүргізуші: Ал, қанекей, балалар барлығымыз Жаңа жылға қосылып би билейік.

Би: Балықтар

Аяз ата: Ал, қанекей, балаларым!

Кімнің әні, күйі бар?

Кімнің әсем биі бар?

Өнерліге арналған,

Менің берер сыйым бар.

(Әр сынып өздерінің дайындап әкелген өнерлерін көрсетеді)

Аяз ата: Ой, бәрекелді, жарайсыңдар, балалар! Аталарыңды бір қуантып тастадыңдар.

(Шықыр-шықыр конфеттің ашылған дауысы естіледі)

Доңыз: Бұл не дыбыс?

Аяз ата: Ойбуй-ой, қап! есімнен шығып кетіпті ғой. Бұл балаларға әкелген сыйлығымыз. Барлық сыйлық мына дорбаның ішінде.Балаларым менің қасыма келіңдер, сыйлығымды берейін.

(Аяз ата мен Ақшақар сыйлықтарын тарата бастайды)

Жаңа жыл әнін жаймен қосып қою

Доңыз: Ел байлығын, жер байлығын сақтаймыз,

Бабалардың аманатын ақтаймыз.

Буратино: Қазақстан мәртебесін көтеріп,

Адалдықты, алғырлықты жақтаймыз.

Шырша: Жаңа жыл, жаңа бақыт, жаңа жыр,

Ізгілік, бірлік дәнін ортаға ысыр

Маша мен аю: Құт болып, береке бер халқымызға,

Мерейін, мәртебесін биікке асыр

Хормен: Қош келдің, Жаңа жылым қазағыма!

(Сыйлық таратылып жатқанда, өлең жолдары оқылып аяқталады)













Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
05.02.2019
471
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі