жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Қош келдің, Жаңа жыл!
Тақырыбы: «Қош келдің, Жаңа жыл!»
Мақсаты: Балалардың жаңа жыл мерекесі туралы түсініктерін қалыптастыру Мерекелік көңіл-күй ортасын ұйымдастыру. Образдық бейнелерді сомдай білуге үйрету, хормен ән айту шеберліктерін арттыру. Би қимылдарын
қызығушылықпен, ырғақты сақтай орындауға бейімдеу.
Тәрбиеші: Құрметті балалар, ата – аналар, әріптестер, қонақтар. Сіздерді келе жатқан Жаңа жыл мерекесімен шын жүрегімізден құттықтаймыз! Жаңа жыл әр біріңіздің отбасыңызға жаңа нұр, жаңа шуақ, табыс пен береке, қуаныш пен мереке алып келсін дейміз. №6 ересек топ балаларының жаңа жыл
мерекесіне арналған «Қош келдің, Жаңа жыл» атты ертеңгілігімізді бастауға
рұқсат етіңіздер.
(Жаңа жылға арналған мерекелік ертеңгілік өткізілетін, әсем безендірілген залға балалар келіп кіреді)
Балалар:
1-бала
Жаңа жыл, жаңа жыл.
Жаңа жылда-жаңа жыр.
Жасыл
шырша жанында
Жадырап бар бала
жүр.
2-бала
Тамаша.тамаша!
Шыршамыз
тұр жараса.
Басында әсем жұлдызы
Көз
тоймайды қараса.
3-бала
Жасыл
желек жамылған,
Асыл моншақ
тағылған,
Miнe, сұлу шыршамыз.
Көптен
күтіп, сағынған,
Кел, балалар,
келіңдер,
Тамашаны көріңдер.
Тәрбиешіге
бәpi қосылып:
-Қала
нұр, дала нұр
Құтты болсын Жаңа жыл!
Ән: «Жаңа жыл» (Дәрібаевтар)
Көк шыршамыз ырғалып,
Жатыр дала- қыр нағып
Жылым келді аппақ жүзі нұрланып !
Жарасатын еліме,
Төрлет жылым төріме !
Бейбіт жатқан қазағымның жеріне !
Қайырмасы- 2 рет
Жаңа жыл ! Жаңа жыл ! Жаңа жыл !
Ақ көрпесін жамылды ғой дала - қыр .
Жаңа жыл ! Жаңа жыл ! Жаңа жыл !
Шалқытайық шаттық ән мен жаңа жыр.
Шыршамызға шам жағып,
Қараймыз ғой тамсанып,
Би билейік, ал кәнекей ән салып !
Аяз ата әніміз,
Ақшақарың сәніміз,
Қарсы алайық жаңа жылды бәріміз !
Қайырмасы- 2 рет
Күлімдесін күніміз,
Жалындасын жүзіміз,
Қуанышпен келсін Жаңа жылымыз !
Жаңа жылым шаттығым,
Арайланып атты күн,
Тілейікші елімізге сәтті күн !
Тәрбиеші:
Келіңдер
жас ұландар,
Ертегімді тыңдандар.
Ертегімде
сан қилы
Қызық- қызық сырлар
бар.
Жаңа жылдың
кешінде
Аңдар келіп 6ip шешімге
Достаспақшы
ниетпен
Жиналыпты барлығы.
(Мерекелік
музыка ойналады.)
Шыршаның артынан
қоян ceкірin шығады да:
Қоян:
-Ау,
жарандар, ал қараңдар
Жауып тұр қар
себелеп.
Көкке толды, жерге қонды
Сансыз
аппақ көбелек.
Тым алыстан,
Марстан.
Келеді Аяз атамыз
Ceкipin
билеп жүрген қоянның алдынан аю шығады.
Қоян сасқалақтап қалады.
Қоян:
-Сәлематсыз
ба, Қорбаңбай аю!
Аю:
-Амансың ба?
Жаңа жылдың
алдында
Тойды еске алдым да
Ұйқымды
ашып, сергідім
Ұйықтамаймын мен
бүгін!
Жылды қарсы алайық
Би билеп,
ән салайық.
(Eкeyi қол ұстасып, билейді.
Сол кезде қуана кутындап тулкі
келеді.)
Түлкі:
-Қоянжанға
бір сәлем!
Қорбаңбай
аюға мың сәлем!
Аю,
қоян:
-Аман
ба, тулкі, кел мұнда!
Түлкі:
-Достарым, жыл келеді
Сыйлығын
ол береді
Жұмбақ шешкіш тулкінің
Өнерін
жұрт көреді
Ән
саламын, билеймін.
Аю,
қоян:
-Рахмет,
түлкіжан
Жүрген жерің күлкілі ән!
(Аю,қоян,түлкі
6ipre
билей,
жөнеледі.
Осы кезде орталарына кipni
келеді)
Kipпi:
Сәлем,достар,аман
ба?
Нұр берді шырша алаңға
Жылға
шашу шашайық,
Тойлап, көңіл ашайық.
Қоян
Келші биге басайық!
(Бәрі
билеп жатқанда, тиін
келеді.)
Тиін:
-Тра-ля-ляй!Тра-ля-ляй!
Өнершіл
аңдар-ай
Жаңа жылға
әнім бар
Қол ұстасып, биге басып,
Жыл
әніне салыңдар
Бәріңізге 6ip
сәлем.
Бәpi:
-Сәлем,тиін!
Жақсы-ақ
биің!
(Бәpi
қосылып, билейді. Енді орталарына қасқыр
қосылады.)
Қасқыр:
-Армысыңдар!
Бармысыңдар,ағайын! Кәне құшақ ашайық,
достық тойын жасайық.
Бәpi:
-Жаңа жыл қүтты
болсын ! Достығымыз мықты болсын!
Би-билейік тамаша.
Би:
«Полька»
(аңдар «Полька» биін
билейді)
Бәрі:
-Жаңа - жылдарыңызбен!
(балалар
орындарына отырады)
Тәрбиеші:
-Жарайсындар, балалар! Енді кім бізге жұмбақ жасырады?
1-бала
-Мен
сендерге жұмбақ жасырайын.
Жұмбақ:
Ақсақалды
атамыз.
Жылына
бip рет келеді.
Балаларды
қуантып.
Сыйлықтарын береді.
(Аяз
Ата)
Тәрбиеші:
-
Ендеше балалар, жаңа жылдық
мерекемізге Аяз атаны шақырайьқ. Ол
орманда жүріп адасып кеткен болар.
Балалар:
-Аяз
Ата! Аяз Ата! - деп айғайлап шақырады.
(Аяз
Атаның орнына мыстан кемпір ұшып кipeдi
де, шыршаны 6ip айналып барып, қонақтардың
алдына келіп тұра қалады.)
Мыстан:
-Пай-пай!
Мен қайда келдім өзі. Мына шыршаның
кереметін-ай! Уйге алып кетсем бе екен?
(Осы
кезде мыстан төменге еңкейіп, шыршаның
түбірімен жұлып алғысы келеді.)
Тәрбиеші:
Мыстан кемпір! Сәлематсыз ба?
(Мыстан оған мән бермейді де шыршаны жұлуын тоқтатпайды)
Тәрбиеші:
Біз
«Жаңа жыл»
мейрамын тойлап жатырмыз, тимеңіз біздін
шыршамызға! (Мыстан сөзге мән бермей,
былай дейді:)
Мыстан:
-Т-у-у! (Маңдайдағы терін сүртіп, тұрып) Мына шыршаның тамырының терең отырғызылғанын-ай, жұлынбайды ғой.
(Сол кезде шыршадағы жылтыраған кілтті көріп қалады)
-Мынау қандай қызық кілт өзі, осы кілт бағанағы менің ұшып келе жатып көрген, сандықтың кілті болар. Сол сандықтан 6ip керемет дәмнің иici шығып еді, мүмкін ақша да бар шығар. Мен шыршаға тимей-ақ, осы кілтті алып барып сандықты ашайын, мүмкін тамағына тойып, ақшасына бip байып қалармын!
(Мыстан Keмпip кeтiп қалады. Сол кезде қалтасынан бip таяқ түседі)
Тәрбиеші:
-Балалар,
Кәне тойды жалғастырайық, Аяз ата
кешікті ғой. Мүмкін адасып кеткен болар.
Аяз ата келгенше біз тамаша би билейік
тұрайық.
Би:
«Аяздар биі»
Eciктің сыртынан дауыстар
естіліп, іле-шала залға Аяз ата мен
Ақшақар кіреді. (Аяз ата бір қолымен
сандық қойылған шананы сүйрей келеді)
Аяз Ата Ақшақарды қолынан тартып,
жетелейді,ол кipгici келмейді.
Ақшақар:
-Ата
жіберіңізші мені ! Кірмеймін мұнда,үйге
кетемін.
Аяз
Ата:
-Айналайыным-ау,
не болып қалған саған, ауырып қалған
жоқсың ба өзі?
Ақшақар:
-
Жоқ, жоқ. ауырып тұрған жоқпын. Ешқайда
да барғым келмейді, үйге қайтамын.
Аяз
Ата:
-Қызым-ау,
не айтып тұрсың!
Қарашы,біз тойға
келдік!
Кәне, балалармен амандасайық.
Қандай
жарқын жүздері,
Асау желмен жарысып.
Өздеріңе
асығып,
Шаршап келдім алыстан.
(Балалармен
амандасады)
Аяз Ата:
-Амансыңдарма?
балаларым! Кәнекей қызым! Балалардан,
ұят болады, басынды көтер. (Ақшақар басын
көтермей тұрады.)
-Қарашы, балалардың
киімi қандай әдемі. Шыршада әсем
безендірілген екен. Бәрі де тым сұлуланып
кетіпті.
Шырша шамын жағайық.
/Сол
кезде Ақшақар жылап
тұрып/
Ақшақар:
-Мен
шырша шамын жағатын, сиқырлы таяғымды
жоғалтып алдым! Осы кезде Аяз Ата оны
жұбатып тұрып: қазір мен-ақ өзімнің
таяғыммен жағамын- дейді.
Ақшақар:
-Қойыңыз
ата! Сіз бұл таяғьңызбен бүкіл шыршаны
қатырып тастайсыз.
Тәрбиеші:
-Ақшақар,
сиқырлы таяғьң қандай еді?
Ақшақар:
-
Менің таяғым жып-жылтыр,
әдемі еді. Сіздер оны көрмедіңіздер
ме?
Тәрбиеші:
-Жаңа мұнда
Мыстан кемпір болған, ол ұшып бара жатып,
қалтасынан жылтыраған
бip затын түcipiп алды, сол емес пе екен?
Кәне, аңдар,іздеп көріңдерші, сол затты
мүмкін тауып берерсіңдер.
/сөйтіп
жатқанда тиін сиқырлы таяқты тауып
алады/
Аяз
Ата:
-Жарайсыңдар,
балапандарым! Рахмет.
Тәрбиеші:
-Кәне,бізде
шырша жағуға көмектесейік, әнімізді
айтайық.
Балалар шам жағу сөздерін
айтып жатқанда. Аяз Ата Ақшақарды қасына
шакырып, шыршаны жаққызады.
(Ақшақар шыршаны жағады)
Тәрбиеші:
-Ал балалар шыршамызда жанды, енді көңіл көтерсек болады әндетейік.
Ән: «В лесу родилась елочка»
В лесу родилась елочка,
В лесу она росла,
Зимой и летом стройная,
Зеленая была.
Метель ей пела песенку:
«Спи, елочка, бай-бай!»
Мороз снежком укутывал:
«Смотри, не замерзай!»
Трусишка зайка серенький
Под елочкой скакал.
Порою волк, сердитый волк
Рысцою пробегал.
Чу! Снег по лесу частому
Под полозом скрипит,
Лошадка мохноногая
Торопится, бежит.
Везет лошадка дровенки,
А в дровнях старичок,
Срубил он нашу елочку
Под самый корешок.
Теперь она, нарядная,
Hа праздник к нам пришла
И много, много радости
Детишкам принесла!
Тәрбиеші:
-Аяз
ата мен Ақшақарға тақпақтарымызды
айтайық.
1-бала
Жылдың
әнін бастайын,
Аяз- Ата кеп қалды.
Майысады
жас қайың,
Көтере алмай көп қарды.
2-бала
Лучший
праздник на планете
Любят взрослые
и дети,
Все сияет огоньками,
Двор
покрыт снеговиками.
3-бала
Бақша
іші мереке,
Ойын күлкі асқақ ән.
Жақсы
әпкелер жаңа кеп,
Мерекені
бастаған.
4-бала
В
этот праздник даже елка
Нарядила все
иголки.
Каждый спляшет и споет.
Здравствуй,
здравствуй, Новый Год!
5-бала
Жаңа жылды
қарсы алдық,
Мініп
алып күймеге.
Мен де бүгін ән
салдым,
Араластым биге де.
6-бала
Будем
прыгать мы у елки,
Не страшны ее
иголки,
Станем дружно в хоровод:
Здравствуй,
здравствуй, Новый год!
7-бала
Оралдың
өлкеме,
Жаңа жыл армысың.
Оранды
ақ көрпеге,
Асқартау, қарлы шың.
8-бала
Безендіріп
шыршаны
Жыл қуантты баршаны.
Той-маскарад
басталды,
Аяз оны басқарды.
9-бала
Аппақ
тонға оранып,
Базарлықты мол алып.
Келді
алыс сапардан,
Аяз ата оралып.
Аяз
ата:
-Ой! Бәрекелді, жарайсыңдар балалар! Аталарыңды бip куантып, тастадыңдар. Қысқы аязға шығуға әзірсіздер ме?
Тәрбиеші:
-Әрине Аяз ата қысқы аязға әзірлігімізді қазір көрсетіп береміз.
Ойын: «Кім тез пиманы киеді?»
Шарты:
Екі бұрышта қарама-қарсы екі орындықтар
қойылады, әр қайсысының қасында екі
жұп пимадан тұрады. Музыка әуені
аяқталғанша екі бала аяқтарына пималарды
киіп үлгерулері қажет.
Аяз
- Ата:
-Ой!
Бәрекелді, жарайсыңдар балалар! Қысқы
аязға шығуға әзір екенсіздер.
Тәрбиеші:
-АязАта!
Сіз біздің балаларға сыйлықтар әкелдіңіз
бе?
Аяз
- Ата:
-Әрине,
барлық сыйлық мына сандықтың ішінде!
Ақшақар сандықтың кілті қайда ?(Ақшақар
иығымен білмеймін дегендей шара
жасайды.)
Тәрбиеші:
-Қандай
кілтті сұрап тұрсыз? Бағанағы шыршадағы
ілініп тұрған кілт пе?
Аяз-
Ата:
-Иә,сол
кілт шығар.
Тәрбиеші:
-Аяз
Ата, ол кілтті Мыстан кемпір алып кетті.
Ол тіпті шыршамызды ала кеткісі
келген.
Аяз-
Ата:
-Қап,
әттеген-ай! Кәне, біз Ақшақар екеуміз
оны іздеп келейік.
(Осы кезде залға
Мыстан кіреді.)
Мыстан:
-А-а,бәлем!
Таптым, сандық мында тұр екен ғой (оны
ашайын деп жатканда еріксіз бip күш оны
артқа қарай итереді)
Аяз-
Ата:
-Мына
ұрлықшы мұнда жүр ғой. Кәне кілтті маған
бер, балалар сыйлықтарын күтіn
қалды.
Мыстан:
-Ей
мыналар тағы, не дейді. Сыйлық өзіме де
керек.
Аяз-Ата:
-АҺ, бәлем! Олай болса өзіңнен көр. Мен ceнi қатырып тастайын.
«Кәне
таяғым мына Мыстанды қатырып таста!»
(Мыстан
кемпір тұрған бойында қатып қалады.)
Мыстан:
-Әй,
Аяз ата! Керегі жоқ, қалпыма келтір! Ой,
не icтeceм екен?
Аяз-Ата:
-Бересің
ба сандықтың кілтін?
Мыстан:
-Жоқ,
бермеймін.
Аяз-Ата:
-А-а,
онда осылай тұра бер. Мен кеттім.
Мыстан:
-Жоқ,Аяз-Ата!
Кетпеші,беремін кілтіңді, тек балалар
менің қояр тілегімді орындасын,
жұмбақтарымды шешсін.
(Осы кезде
мыстан қалпына келеді)
Балаларға
жұмбақ жасырады:
Қыста
ғана болады,
Ұстасаң қолың
тоңады.
(Қар)
Терезеге
қонады,
Әсем ою ояды.
(Қырау)
Тікен,тікен
тік пістe.
Қысы жазы бip тусте
(Шырша)
Мыстан:
-Жарайсыңдар,балалар, жұмбақты жақсы шешеді екенсіңдер.Сандықтың кілтін қайтарамын.
Тәрбиеші:
-Кілтті алдық, сандықты ашпай тұрып бәріміз бірге тамаша бір ән шырқайық.
Ән: «Шырша жыры»
Кәне достар тұрмайық,
Қарсы алайық жыл басын.
Қызықтан бос қалмайық
Шырша жыры самғасын.
Қайырмасы
Ал достарым келіңдер,
Келді аяз атамыз.
Биге билеп беріңдер,
Шырша жырын айтамыз.
Шырша жырын айтамыз.
Құтты болсын жаңа жыл,
Шыршамыз тұр жараса.
Жанында аяз ата жүр
Қуанады балаша.
Қайырмасы
Аппақ қардай береке.
Даламызда самғасын.
Жаңа жылдай мереке,
Таба берсін жалғасын.
Қайырмасы
Аяз-Ата:
-Жарайсыңдар балаларым! Сандықты ашайын. Meнi бүгін бip куантып, алыс жерден шаршап келгенде көңілімді көтердіңдер. Барлықтарың да ақылды, білімде де өнерлі екенсіңдер. Сыйлықтарыңды ала қойыңдар.
(Сыйлықтар
таратылады) (Аяз ат мен Ақшақар қоштасып
кетеді)
Аспандарың ашық болсын! Қош
болыңдар! (қолдарын бұлғап шығып кетеді.)
Балалар:
-Сау
болыңыздар!
Тәрбиеші:
-Құрметті қонақтар, балалар! 2020-шы жаңа жылға арналған мерекеміз аяқталып қалды. Жаңа жыл құтты болсын, отбастарыңызға тек бақыт пен куаныш әкелсін!
Ақтау қаласы әкімдігінің білім бөлімінің «№35 «Балдырған» бөбекжайы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны.
«Бекітемін»
№35 «Балдырған» бөбекжай директор
_____________М.М. Кабдрахманова
« » 2019 жыл
«Қош келдің, Жаңа жыл!»
/№8 ересек топ балаларының ертеңгілігі/
Дайындаған: №8 ересек топ тәрбиешісі
Оразшаева У.О.
Өткізген: №8 ересек топ тәрбиешісі
Оразшаева У.О.
Ақтау қаласы
2019-2020 оқу жылы

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген