Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Қош келдің-жаңа жыл

Материал туралы қысқаша түсінік
сенарий іздеген адамға жаңа жылдық
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Қош келдің Жаңа жыл»


Клоун:Жаңа жылдың таңы неткен арайлы

Ақ мамыққа бөлеп алды маңайды.

Жаңа жылмен құттықтаймын бәрінді

Бақыт шаттық молшылық әкелсін

Бәрімізге мына жыл арайлы

Құтты болсын ағайын

жаңа жылың тағыда

Қол соғып қарсы алайық

Шақырайық ортаға

Ертеңгілік басталсын

«Балауса»тобында

Олай болса ортамызға «балауса» тобының кішкентай бүлдіршіндерін шақырайық.

Бүгінгі жаңа жылдық кешімізге ыстық лебізін білдіру үшін сөз кезегін балабақша меңгерушісі Қарымсақова Рабиға Көптілеуқызына береміз.

Ал ендеше кешімізді бастайық. Жаңа жыл десе қыс ызғары, аппақ қар, шырша ма неше түрлі сыйлықтар есімізге түседі .Ал осы мерекені н басты рөлін сомдаушы Аяз ата мен ақшақарсыз елестету мүмкін емес.Олай болса мерекеміздің басты кейіпкерлері Аяз ата мен Ақшақарды шақырайық.

Аяз ата

Құтты болсын балалар

Келген жаңа жылдарын

Алаңдамай өсіңдер

Еркелеп қыз үлдарым

Өткен жылы келіп ем

Бәріңдіде көріп ем

Жыл өткізіп келем деп

Уәдемді беріп ем

Ойларың мен бойларын

Бірдей өсіп қалыпты

Құтты болсын тағыда

Келіп жеткен жылдарың.

Ақшақар :

Сәлеметсіздер ме балалар

Жаңа жылдарын құтты болсын

Сүйсіндіріп маңайды

Ақшақармын арайлы

Жалт-жұлт еткен жүзіммен

Күміс сәуле тарайды

Ақшақармын аппақпын

Қалай тыныш жатпақпын

Менсіз қыстың сәні жоқ

Әнмін жырмын тақпақпын

Клоун:Аяз ата Ақшақар балаларымыз бен бірге қослып Шырша жырын жырлайық.

«Шырша жыры»

Клоун:арамызда ескі жылда жүр бірер сағаттардан кейін ескі жылмен қоштасмамыз ескі жылдың бізге арнаған биі бар кішкентай күшіктерімен бірге қарсы алайық.

Би «Күшіктер»

Тақпақтар:

Шұғыла:

Жасыл желек жамылған

Асыл моншақ тағылған

Міне сұлу шыршамыз,

Көптен күтіп сағынған.

Нұрсұлтан:

Шаттық жыр, шаттық жыр

Дидарыңда шаттық нұр

Аяз ата ортада

Арқасында қапшық тұр.

Аделья:

Аппақ тонға оранып,

Базарлықты мол алып

Келді алыс сапардан

Аяз ата оралып.

Ән «Шыршаға бардық»

Ескі жыл күшіктерін қандай өнерлі өзінмен қоштаспай тұрып жаңа жылды ортамызға шақырып алсақ

ӘН «Жаңа жыл»

ИТ:Міне ортамызға жаңа Доңыз жылы келді олай болса балалар мен сендермен қоштасайын.

Доңыз:барлықтарыңызды мерекелеріңмен құттықтаймын.мерекеге арнап кішкетай торайларымнын ән би тақпақтарын қабыл алыңыздар.

«Доңыз» биі.

Ән «таяғы бар қолында»

Тақпақтар:

Балнұр:

Келді міне жаңа жыл

Қарсы алайық бәріміз

Күліп ойнап би билеп

Ән салайық бәріміз

Айша:

Ақ қырауға малынған

Сақалы да мұртыда

Аяз ата сағынған

Сәлем берді жұртына

Әлинұр:

Аяз ата келіп тұр

Бізге сәлем берәп тұр

Өлең айтөан балаға

Сыйлықтарын беріп тұр

Айбар:

Келіңдер келіңдер

Тақпақ айтып беріңдер

Жомарт аяз атадан

Сыйлық алып көріңдер

Қоян: оййй қандай керемет барлықтарыңыз өз өнерлеріңізді көрсетіп жатырсыздар менінде көжектеріммен өз өнерімізді көрсетейік.

Ән «Ұзын құлақ сұр қоян» Айзере ,Аян,Аят

Клоун: Ой бәрекелді жарайсыңдар мен мына кішкентай аңдармен би билегім келіп тұр олай болса аяз ата аңдар биін қабыл алыңыз

Би «Аңдар»

Қасиет:

Тамаша тамаша

Шыршамыз тұр жараса

Басында әсем жұлдызы

Көз тоймайды қараса



Аяна:

Қараңдар мына шыршаға

Неткен әсем көрікті

Жаңа жылдық думанға

Аяз ата келіпті

Жұлдыз:

сақалы аппақ күмістей

Тістері аппақ күріштей

Қызыл ала шапаны

Сағындым аяз атаны

Асылай:

шыршаға бардық

Әсем ән салдық

Аяз атадан сыйлықтар алдық

Ән «жаңа жыр»

Ақшақар: Аяз ата балаларымыздың барлығы өнерлі екен мен енді осы балалардың аналарыммен ойын ойнағым келіп тұр.

Ойын:Ата-аналармен бірігіп ойнатылады.

Аяз ата:жарайсыңдар балаларым.Мені бүгін бір қуантып алыс жерден келгенде көңілімді бір қуантып тастадыңдар.Барлықтарыңда өнерлі екенсіңдер. Біз енді жолға шығайық, ал балаларым сендер өсе беріңдер өркендей беріңдер. Аспандарын ашық болсын.Қош болыңдар.

Клоун: Құрметті ата-аналар Жаңа жылға деген ыстық лебіздеріңізді білдеірсеңіздер.

Рахмет бүгінгі «Балауса» тобының «Қош келдің Жаңа жыл»атты ертеңгілігіміз осымен аяқталды.



















Тақырыбы: «Асыл-Анашым»


Мақсаты:-мерекелік көңіл-күйінқұру;-әнжәне қозғалыс орындаушылық дағдыларын қалыптастыру; -балалардың назарын жалпы әрекетте қатысу тілегін қалыптастыруға эмоциялық қабылдауын ынталандыру; -өзінің жақын адамдарын қуанта білуге мейірімділікке тәрбиелеу. Ертеңгілік өткізуге қажетті құрал-жабдықтар: Безендірілген әсем зал, гүлдер сыйлықтар әсем әндер жазылған үнтаспа т.б


Ертеңгіліктің барысы:

Балалар залға қол ұстасып жұптасып әдемі әуенге вальс ырғағында айналып билеп өтеді. (Анашым әуенімен)

Гүлзат: -Құрметті аналарәжелер сіздерді әйел жанымен байланысты тамаша көктем мерекесі 8-Наурызбен шын жүректен құттықтаймыз! Алғашқы көктем мерекесі жер бетіне өмір сыйлаушы нәзік ақылды сымбатты мейірімді жандарға айналғаны қандай тамаша мереке! Әлемдегі ең асыл жан ол-Ана десек жүрегімізде сүйікті жанға деген махаббат сезімі оянады. Ана бұл аяулы да мейірімді жан. Баланың тілі шыққаннан-ақ бірінші сөзін «Ана» деп айтады. Өмірдің есігін ашқаннан соң осы өмірдегі өзіңнің жан анаңды көресің. Осы бір «Ана» деген үш әріптің аясында адамзат баласын қуаныш сыйлар қаншалықты қасиет бар десеңші!

Олай болса бүгінгі аналарға әжелерімізге арналған «Балауса» тобы бүлдіршіндерінің «Асыл-Анашым» атты ертеңгілігімізді бастамас бұрын тамаша көңіл-күймен балабақша әдіскері: Нұргүл Шорақызына сөз кезегін береміз.

-Лебізіңізге рахмет!

Хор: «Құттықтаймын мама»

(Әдемі әуен ойналып құстардың дыбысы шығады)

Тосын сәт:Көктем аруы келеді.

Армысыздар балақайлар

Әзиз әже назды апайлар

Мол шуақты ала келдім

Қуаныңдар балақайлар

Мен құлпырған бәйшешекпін

Келіп жеттім көктемменен

8 Наурыз биылғы жыл көктемі

Қыстың кетті аязының өктемі.

Мерекеңіз құтты болсын ханымдар

Күндей болып жарқыраңдар көктегі!

Шаттаныңдар мейірімді аналар

Бұл мереке тек сіздерге арналар.

Би:«Көбелектер»

Гүлзат:«Ананың әрбір сөзі жылылыққа толы. Ананың көз нұры тастай мұзды да жібітеді»-демекші балаларымыздың аналарына арнаған тақпақтарын қабыл алыңыздар!

Юлдуз:Наурыздың сегізі

Сұлулықтың негізі

Әдемі сөз баланың

Анаға айтар лебізі.

Нұрсұлтан: Ана біздің күніміз

Ананың біз гүліміз

Балаларды қуантып

Ұзақ өмір сүріңіз.

Шұғыла: Анам болса қасымда

Басқа бақыт не керек

Анашымның жүрегі

Мейірімді ғой керемет.

Ән:«Қошақаным»

Би: «Құмырсқалар»

Тақпақтар:

Қасиет: Жанымызды жайнатқан

Өзіңізғой аналар

Зор денсаулық мол бақыт

Тілейміз біз аналар.

Аделья: Жүзімізге қараңыз

Бал күлкілі баламыз

Бізге қымбат күн шуақ

Бізге қымбат анамыз.

Асылай:Аналарды сүйеміз

Ақылын ойға түйеміз

Әжені де ардақтап

Әдеппен бас иеміз.

Ән:«Айналайын Анашым»

Би: «Аралар»

Тақпақтар:

Айша: Еркелеймін шаттанам

Жарқын күлкің бақ маған

Ақ бетіңнен сүйемін

Келші келші ақ мамам!

Әлинұр: Баланың да тірегі

Дананың да тірегі

Ауырмасын ешқашан

Анамыздың жүрегі

Ән: «Көктем келді»

Ойын: Ата-аналамен бірге

Би: «Шөшелер»


Адам барма ана сүтін татпаған

Алуан-алуан ауыр сынды аттаған

Адалдықтың ар намысын сақтаған

Мен анамның сонысына мақтанам – деп бүгінгі «Балауса» тобының «Асыл - Анашым» атты ертеңгілігімізді аяқтаймыз. Сіздерге зор денсаулық отбастарыңызға бірлік пен татулық тілейміз.


Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
19.10.2020
318
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12