Тақырып бойынша 31 материал табылды

Қош келдің Жаңа-жыл!

Материал туралы қысқаша түсінік
Жаңа жылға арналған ертеңгңлңкке сценарий
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тақырыбы: Қош келдің Жаңа жыл!

Мақсаты: Балаларға Жаңа жыл мерекесі туралы мағлұматты жетілдіру. Жаңа жыл мерекесінің қызықтарын, әдемі көріністерін тамашалау арқылы қоршаған ортаға қызығушылығын арттыру. Балаларды бір - біріне деген достық сезімге, сүйіспеншілікке тәрбиелеу. Қажетті құралдар: Жаңа жылдық көрініс, ертегі кейіпкерлері, ойын құралдары Әдіс – тәсілдері: Ән айту, би билеу, көркем сөздер оқу, ертегі көріністерін сахналау.Зал Жаңа жыл мерекесіне сай безендірілген.

Жүргізуші: Құрметті біздің бөбектеріміз, қонақтар, ұcтаздар! Барлығыңызда бүгінгі Жаңа жылдық ертеңгілігімізге қош келдіңіздер!

(Мерекелік әуен ойналып балалар кіреді)

1.Жүргізуші: Балалар, мереке қонақтары қош келіпсіздер! Барлығыңызды Жаңа жыл мерекесімен құттықтаймыз! Әрбір адам Жаңа жылдан жаңалық күтіп, үмітпен қарайды. Осы мерекеге жиналған әр біріңіздің үміттеріңіз ақталып, әрбір отбасында арман - тілектеріңіз орындалсын! «Қош келдің, Жаңа жыл» атты мерекемізді бастауға рұқсат етіңіздер! 2.Жүргізуші:Қош келдіңіз бүгінгі кешімізге, Жаңа табыс тілейік ісімізге. Келе жатқан жаңа жыл құт әкелсін, Мына отырған барша жан бәрімізге.

1.Жүргізуші: Міне керемет,ендеше қол ұстасып әнімізді шырқайық.

«Хор» Аппақ қар әнің қабыл алыңыздар... 2.Жүргізуші: Мен білемін бір ойын: Үйретейін сендерге
Мен бастаймын,
ал, сендер аяқтаңдар ойынды.
Хормен жауап айтыңдар!

Қарға мүлгіп дала тұр,
Келе жатыр....
Балалар:
Жаңа жыл!

Қызыл мұрын, ақ мұртты
Білсең атын тез ата,
Келеді бізге....
Балалар:
Аязата!

Көп рахмет,балалар біздің Аяз атамыз бен Ақшақарымыз кешігіп жатыр. Ертегілер еліне саяхат жасау арқылы қайда жүргенін іздеп көрейік.

Сахна ашылып, (көрініс) қасқыр қоянның үйін торуылдап жүреді.

Қоян себетін арқалап орманға кетіп бара жатады.Балалар орман ішін аралап келе жатып көріп қалады.

2.Жүргізуші:- Ей қасқыр, әлі торуылдап жүрсің бе? Жаңа жылда барлық әлемде жақсылық, достық орнауы тиіс. Сондықтан, сен бұл қылығыңды қой. Жүр менімен, балалар күтіп отыр, мерекеге барайық.

Қасқыр: - Жарайды, сіздің айтқаныңызды тыңдайын. Жолда келе жатып, ағаштың түбінде тығылып отырған түлкіні көріп қалады.

1.Жүргізуші: - Ей, қу түлкі енді кімді алдасам деп отырсың ба? - Жүр бізбенен шырша тойына барайық, балалармен көңіл көтерейік.

Түлкі: -Айтқаныңыз болсын.

Музыка ойналып Аяз ата ертегі кейіпкерлерімен шырша жанына келеді.

2.Жүргізуші:Балалар бізде шыршамыз бар,әдемі киінген балаларымыз бар, ата аналарымыз бар, енді біздің жаңа жылдық мерекемізге кім жетіспейді Балалар:»аяз ата мен ақшақар» Аяз атаның кіруі(музыка)

АЯЗ АТА: Құтты болсын, балалар
Келген Жаңа жылдарың
Алаңдамай өсіңдер
Еркелеп қыз, ұлдарым
өткен жылы келіп ем
Бәріңді де көріп ем
Жыл өткізіп келем деп
Уәдемді беріп ем
Ойларың мен бойларың да
Бірдей өсіп қалдыңдар ма?
Ал, мен кіммін айтыңдаршы
Мені тани алдыңдар ма?
1.Жүргізуші: Сәлеметсіз бе, Ата! Балалар сізді асыға күтіп отыр. Балалар мына шыршамыз көңілсіз тұрған сияқты ғой кәне сиқырлы сөздерімізбен оның шамдарын жарқыратайық! Қуант бізді таңырқат. Шамдарыңды жарқырат 3-рет

АЯЗ АТА: - Балалар! Мен орман ішінде келе жатқанда, Ақшақар қызымнан адасып қалдым. Сіздер көрген жоқсыздар ма? - Кәне бәріміз қарша қызды дауыстап шақырайық.(Балалар дауыстайды Ақ-ша- қар3)

Әсем әуен ойналып Ақшақар кіреді.

АҚШАҚАР: - Сәлеметсіздер ме балалар, қонақтар! Сіздерге келе жатқанда орман ішін қызықтаймын деп, Аяз атамнан адасып қалдым. Рахмет балалар!Сендердің дауыстарыңды естіп келдім.

2.Жүргізуші – Ақшақар, балалар сізді асыға күткен еді. АТА, сіз шаршаған боларсыз, дем алыңыз. Біздің балаларымыздың сіздердерге арналған тақпақтарын билери коптеген өнерлері бар тамашалап демалыңыз,.(Аяз ата тағына отырады).

Аппақ аппақ жапалақтап Қар жауады тынбастан Қалың орман қар жамылған Маужыраған түнгі аспан Кең пейілді мол мейірлі Сағынышпен табысқан Ниетқабыл

Оралдың өлкеме Жаңа жыл армысың Оранды ақ көрпеге Асқар тау қарлы шың Малика

Аяз ата ақ сақалды Ақ таяқты паң ата Асып өтіп асқар тауды Жеттің бізге таң ата! С.Алихан

Тамаша тамаша! Шыршамыз тур жараса Басында әсем жұлдызы Көз тоймайды қараса Айару

Жаңа жылды қарсың алдың Мініп алып күймеге Менде бүгін ән салдым Араластым биге де Нұрислам

Безендіріп шыршаны Жыл қуантты баршаны Бал маскарад басталды Аяз оны басқарлы Аймира

Аяз ата: - Мен секілді балалар көп екен ғой, менің билегім келіп тұр.

1.Жүргізуші:Дұрыс айтасыз аяз ата біздің балалар сіздерге арнап би дайындап қойды

«Жасұлан»тобы ұлдарының орындауында «Санта клаус» биін қарсы алыңыздар!

Ақ қырауға малынған Сақалы да мұрты да Аяз ата сағынған Сәлем берді жұртына Иманали

Ән айтамын би билеп Мен көңілді баламын Шаршауды да билмеймін Тақпақ айтып би билеп Аяз атадан сыйлық аламын О.Айзере

Қалып едік сағынып Күтіп алдық жабылып Жолын қойдық жарық қып Шыршаларға шам іліп Ануар

Аппақ тонға оранып Базарлықты мол алып Келді алыс сапардан Аяз ата оралып Көзайым

Жаңа жылым мол болсын Басқан қадам оң болсын Төрле төрле жаңа жыл Бізге құтты жол болсын Құрмет



Оралдың өлкеме Жаңа жыл армысың Оранды ақ көрпеге Асқар тау қарлы шың Б.Алихан

Күтпеген сәт...

Аю: Балалар қыста жейтін азығым таусылып қалды. Сендер бауырсақты көрген жоқсыңдар ма? Сендер неге әдемі болып киініп алғансыңдар?
2.Жүргізуші: Ооооооой аю, қараңызшы біздің балалар әп - әдемі киініп алған, себебі олар Жаңа жыл мерекесін тойлап жатыр. Келіңіз, төрлетіңіз.
Балалардың әдемі биімен көңіліңізді көтеріңіз.

Аю:Жо-жооқ менің ұйқым келіп тұр,кетім мен.

1.Жүргізуші: Ендеше келесі кезекті балаларымыздың дайындаған «Қоянның үйшігі» атты көрінісіне берейік,қабыл алыңыздар!

2.Жүргізуші:Жаңа жылдың таңы неткен арайлы, Ақ мамыққа бөлеп алды маңайды. «Жаңа жылмен құттықтаймын» деген үн, Қанаттана кең алқапқа тарайды – дегендей,

Келесі кезекте«Жасұлан»МАД тобының құттықтауын қабыл алыңыздар.

О, алақай, Аяз ата,
Келе жатыр алыстан!
Кел билейік, үйренейік,
Ол келгенше жаңа жыр.
Құтты болсын, құтты болсын,
Құтты болсын жаңа жыл!
Ақылбек

Қалып едік сағынып,
Күтіп алдық жабылып.
Жолын қойдық жарық қып,

Шыршаларға шам іліп Ақбота


Аппақ тонға оранып,
Базарлықты мол алып.
Келді алыс сапардан,
Аяз ата оралып.
М.Айзере


Безендіріп шыршаны
Жыл қуантты баршаны.
Той - маскарад басталды,
Аяз оны басқарды.
Томирис

Тілеймін мен бар әлемге Дос көп болсын жаңа-жыл Ата-әже.ата-ана Құтты болсын жаңа жыл Нұрсұлтан

Оралдың өлкеме Жаңа жыл армысың Оранды ақ көрпеге Асқар та қарлы шың Б.Алихан

Ән: хор «Шырша» әні

АЯЗАТА:
- Ой жарайсыңдар!, мына балалардың барлығы өнерлі екен! 1.Жүргізуші: Ия аяз ата біздің балаларымыздың барлығы да өнерлі Қошеметпен, құрметпен қарсы алайық. Бишілерімізді ырғалтып би билетіп, Қол соғып биік шыңға самғатайық»- дей келе,

«Жасұлан» МАД тобының қыздарының орындауында «Ақшақарлар» биі қарсы алыңыздар...

2.Жүргізуші:Аяз ата, Ақшақар, балалармен ойын ойнаңызшы! ( Аяз ата балалармен жаңа жылдық ойындар ойнап, сыйлықтарын үлестіреді).

Ойын: Жаңа жылдық тілектер сайысы .Ойын шарты: 5 баланы ортаға шақырамыз. Олардың әрбіреуі кезекпен бір жаңажылдық тілек айтуы тиіс.

1Жүргізуші: Жарайсыңдар балалар сендерге ойын ұнадыма? Ендеше келесі кезекті баллардың тақпақтарына берейік

Жапалақтап ақша қар Жуды кунде қайталап Қырға шықты балалар Шаңғыларын арқалап Інжу

Тілеймін мен бар әлемге Дос көп болсын жаңа жыл Ата-әже әке-шеше Құтты болсын жаңа-жыл Әбілмансұр

Жасыл желек жамылған Асыл моншақ тағынған Міне сұлу шыршамыз Көптен күтіп сағынған Кел балалар келіңдер Тамашаны көріңдер Раяна

Аяз ата келіп тұр Бізге сәлем беріп тұр Сақалының ұзыны-ай Кесіп алсам шіркін-ай Нұрдаулет

Аяз ата ақ сақалды Ақ таяқты паң ата Асып өтіп асқар тауды Жеттің бізге таң ата Нұрбақыт

Бақша іші мереке Ойын күлкі асқақ ән Жақсы әпкелер жаңа кеп Мерекені бастаған Рауан

2.Жүргізуші:- балалар, жаңа жыл болса кеп қалды, біздің қоштасатын жыл барыс жылы. Балалар, барыс қалай дыбыстайды? Дауысы естілмейді ме?
«Жаңа жыл жарылқасын, ескі жыл есіркесін» деп ескі жылымыз қош саубол деп айтайық.

Бәрі. Қош, қош, Ескі жыл!

Шыныменен, балалар, біз бір жасқа үлкейдік. Ескі жыл Жаңа жылға орнын сыйлағысы келіп тұр, олай болса, сау болыңыз, біз сізге ризамыз!

(Жолбарысты сипаттайды)
Балалар құлақ түріп тыңдандаршы,  бір дүрсіл естілетің сияқты!
Барыс:Ырр.. Мен барыспын, барыспын,
              Бәріне мен таныспын, таныспын.
              Айналама сыйлымын, сыйлымын,
              Сезімсізбен алыстым,алыстым.
              Күшіме мен сенемін, сенемін,
              Бәрін де  де женемін, женемін.
              Жыл басы болуға, шіреніп мен келемін.  

1.Жүргізуші:Салеметсің бе ,Қоян, қош келдің! Жаңа жыл құтты болсын! Біздің балаларымыздың өзіне дайындаған өнерлерін көріп тамашалап қайт.

АҚШАҚАР: Қош келдің Жаңа жыл!

АЯЗАТА: Ал айналайын, Жаңа жыл, келген қадамыңа нұр бітсін! Мынау менің ұлдарыммен қыздарым, мынау халқым саған аманат! Он екі ай бойы бағып қағу сенің мойныңда. Жақсы жыл бол, Жаңа жыл!

2Жүргізуші: Балалар қане ендеше Жаңа жылымызға арнап барлығымыз біре ән шырқап берейік

Ән: «Жаңа-жыл!» хормен

АЯЗ АТА: Ой, бәрекелді, балаларым! Әсем ән шырқап, би билеп аталарыңды бір қуантып тастадыңдар. Көп - көп рахмет! Өркендерің өссін! Енді Ақшақар екеуміз жолға аттанайық! Баршаңызбен қоштасамыз, сау болыңыздар!

1.Жүргізуші: Аяз ата Ақшақар сіздер біздердің балаларымыздың сыйлықтарын қашан бересіздер?
Аяз ата: Ой - буй, ұмытшақ басым ай, әрине қазір, қазір....
(барлығыңа сыйлық үлестіріледі)

АҚШАҚАР: Сау болыңыздар балалар, келесі жаңа жылда кездескенше!

Барлығы: Сау болыңыз Аяз ата! Сау болыңыз Ақшақар! (Әсем әуенмен, Аяз ата мен Ақшақар қоштасып, шығып кетеді)

2.Жүргізуші: Міне, жаңа 2023-қоян жылы да келді. Ал 2023 жылы елімізге тыныштық болып, ырыс - құтымыз арылмасын!Жаңа жыл - әрбіріңіздің отбасыңызға жаңа нұр, жаңа шуақ, табыс пен береке, қуаныш пен мереке алып келсін! Жаңа жыл баршамыз үшін берекелі, мерекелі жыл болсын! Келесі жаңа жылда кездескенше аман - сау болайық! Бірге: Жаңа жылдарыңыз құтты болсын!
1.Жүргізуші: Бүгінгі шырша тойымызда да көптеген қызықты әндер де, билер де, күтпеген таңғажайып оқиғалар болуы мүмкін. Құрметті қонақтар жүрекке жылылық ұялатар алғашқы жаңа жылдық құттықтау сөзді ақыл ойы жетілген, саналы ұрпақты сезімі сергек, арманшыл дана ұрпақты тәрбиелеп жатқан «Әлия»бөбекжай бақшамыздың директоры: Узакбаева Гүлдер Суюновнаға сөз береміз.




Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
12.01.2023
271
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12