Материалдар / Қош келдің, Жаңа жыл!
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Қош келдің, Жаңа жыл!

Материал туралы қысқаша түсінік
Жаңа жылдық мерекеге арналған дайын сценарий
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
19 Желтоқсан 2023
180
1 рет жүктелген
450 ₸
Бүгін алсаңыз
+23 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +23 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Жүргізуші: Аппақ бүгін қыр далам

Ақ дастархан жапқандай.

Жаңа жылда айналам

Аппақ алқа таққандай деп құрметті ата-аналар, қонақтар сіздерді Жаңа жыл мереклеріңізбен құттықтаймыз.

(Балалар әуенмен залға кіреді)

Ән «Жаңа жыл»

Жүргізуші: Балалар залымыз қандай әдемі! Шыршамыз да жайқалып тұр! Бірақ неге шырша шамы жанбай тұр?

1.Шыршамыз қандайй тамаша!

Көз тартады қараса

Шырша шамын жағайық

Шапалақты соғайық!

Жүргізуші: Қателікті түзетейік! Қане балалар шыршамызды жағайық!

Бір, екі, үш!

Қане шырша таңырқат,

Шамдарыңды жарқырат!

Ертегі «Жыл басына таласқан хайуанаттар»

(Үй жануарлары бір жерден,жабайы жануарлары бір жерден шығады)

Жүргізуші: Бұрынғы ерте заманда хайуандар жыл басына таласыпты. Бұл оқиға былай болған екен...

( Орман ортасында ұйықтап жатқан қоян есінеп, ұйқыдан жаңа оянғандай, жан- жағына қарап, біреулерді іздейді.)

(Қоянның билеп жүргенін көрген орманның түрлі хайуанаттары жиналады. Оларда билеп қоянға қосылып кетеді.)

Сиыр: Мууууу «Бұл не? Иә, бұл – келе жатқан жаңа жыл ғой. Ал, жыл басы кім болады». Мен болсам ғой ә, қалай болар екен? Мен бәрін сүтке, қаймаққа, майға, айранға тойдырар ем. Әй кім бар мында? Келіңдер! Мен жыл басы болайын деп жатырмын!

Қоян : Қардай аппақ қоянмын, Жазда сұрға бояндым, Жылды өзім бастайтын боп, Тәтті ұйқыдан ояндым. Сол түсімде , сен болшы деп, Бәрің мені сұрадыңдар.

Не? Таңдана қарайсың? Соған билеп, қуандым.

Сиыр мен қоянның хоры: Жылды қарап тұрайық, ойын – сауық құрайық. Таңды бұрын көргенді, жыл басы деп ұғайық.

Тышқан: Достар, достар жыл басы болғыларың келеді ме? Ал «Неге мен емес? Мен кімнен кеммін?» Менде жыл басы болғым келеді.

Сиыр: «Мөөөө» деп мөңіредім Молшылық төңірегім. Жыл басы боламын деп Ертерек келіп едім. Көгалда тұрағым, Дайын тұр құрағым Етіммен, сүтіммен Адамға ұнадым.

Жылқы: Достар, неге жиналдыңдар? Неге шулап жатырсыңдар?

Сиыр: Мен жыл басы боламын десем, Тышқан да болғысы келіп тұр. Сол жыл басы болу үшін талас болып жатыр бұл жерде.

Жылқы: ӘӘӘӘ солай ма?! Жыл басы болуға екеуңіз де лайық емессіңдер!

Тышқан: Неге?! Неге лайық емеспіз. Нағыз лайық мен!

Жылқы: Ұлықбек: Әй, тышқан сен әрі тұр!

Алысқа шауып барамын.

Адамның бабын табамын,

Пайдасы мол жылқының.

Жыл басы мен боламын,

Әсем десең әсеммін,

Кең далада көсіліп,

Самал желдей есемін.


Түйе: Әй жылқы! Тым мақтанып кеттің ғой! Менде болғым келіп тұр! «Мен бәрінен ақылды да сұлумын, бойым да биік, жыл басын тек мен бастауым керек».

Түйе: Түйе, түйемін,

Жануармын киелі

Кім таласар бойыма

Жыл басына иемін.

Жан – жағыма қараймын

Күн мен түнді санаймын.

Мен өзімді даланың Кербезіне балаймын.


Барыс: «Ырр, ырр» Не шу?! Жыл басы мен боламын! Өйткені мен бәріңізден де мықтымын!

барыспын, барыспын,

Бәріңе де таныспын.

Айналама сыйлымын.

Күшіме сенемін, бәріңді де жеңемін.

Жыл басы болуға шіреніп келемін.

Ұлу : Жоқ достар! Жыл басы болуға тек мен лайықпын!

Ұлу деген мықтымын,

Жарқын – жарқын шықты үнім.

Ойым озар өзімнен, ақыл, ой бар сөзімде.

Үйім бірге өзіммен,

Сабыр етем төзіммен

Күш пен көріп құлпырар салиқалы сөзімде.

Жылан биі ( музыка)

Жылан СССССС! Бұл не шу?! Жыл басына нағыз лайық тек менмін!

Өйткені мен сұлу жыланмын,

Күштімін де, жылдам десе жылдаммын.

Шағады деп бекер жала жабады,

Адамды мен умен емдей аламын. СССССССССССССССССС!

Маймыл : Эй, достарым, бекер дауды қойыңдар, Бір шындықты қайсың болсаң мойында, Бәріміздің ішімізден - мен ғана Ұқсаймын ғой, ұқсаймын ғой адамға. Қараңдаршы сұлу десе сұлымын, ақылдымын, бәріңіздің ішінен тек мен ғана жыл басы болуға лайық пын!

(Маймылдың биі)

Қой «Бә,бә,бә» ӘӘ қой маймыл! Қайдан сен ақылдысың? Нағыз ақылдының ақылдысы менмін!

Мен қоймын, көк шөпке тойдым.

Жыл басы болуға кетіп тұр ойым.

Қараңдаршы қандаймын,

аппақ болған таңдаймын.

Жыл басына ылайық, жарқырап тұр маңдайым.

Тауық: : ОООО достар, қалайсыздар? Неге таласып жатырсыз дар?

Қой- Аяжан: Ой Тауық, сен жетіспей тұрсың тек. Жыл басы болуға таласып жатырмыз. Бәрі өздерін мақтап, тек өзін лайық деп санайды екен. Бірақ бәрінен де мен лайықпын десем, маған құлақ аспайды.

Тауық - : Әрине саған құлақ аспайды. Өйткені сендердің бәріңізден тек мен иғана лайық пын жыл басы болуға!

«Қо,қо, қо, қоқ» жыл әлі неге жоқ.

Жұмыртқамды жеген соң, барлық бала тоқ.

Құрт – құмырсқа жемтігім, жоқ ешбір кемтігім.

Бәрінде бос мақтанып, шаршамаңдар ентігіп.


Ит : Әй Тауық, сен босқа қоқылдама. Жыл басы болуға тек мен лайықпын.

Абалап үремін, үйді қарап жүремін ,

Адамның көмекші, досының бірімін.

Ит болған соң үремін,

Сергек өмір сүремін.

Жеті қазынаның бірімін,

Адамды қорғап жүремін

Доңыз : Достар, достар! Сабыр етіңдер, бос айқаламаңдар! Жыл басы мен боламын!

Қорс, қорс етемін, Қорсылдақпын онсы рас,

Жылдың басы мен болмасам,

Сонда өзі кім болмақ?

Мен адамды мазалап, сұрамаймын тұнық су,

Тамақты да талғамай жей беремін хрю-хрю.


Жылқы : Маған бір ой келді. Бос шуламайық! Бәріміз де лайықпыз жыл басы болуға. Оған көзіміз жетті. Бәріміз ақылдымыз, қажетпіз, бірақ былай болсын – кім күнді бірінші көреді сол болсын жыл басы! Келісезіздер ме?


Бәрі бірге: Ия келісеміз! Солай болсын! Сол дұрыс!


(Жануарлардың биі)


Тышқан : Алақай, алақай, күнді көрдім алақай. Қулығыммен, ақылыммен бәрін жеңдім алақай! Жыл басы мен! Тышқан бастайды, алақай!

Жүргізуші: Барлығың да қараңдар, енді үйге тараңдар, Жылды көрген тышқанды жыл басы деп санаңдар. Сол кезден бері жылды Тышқаннан кейін Сиыр, Барыс, Қоян, Ұлу, Жылан, Жылқы, Қой, Мешін, Тауық , Ит, Доңыз көрген екен. Ал түйе болса аузы ашылып таңырқап, ештеңені түсінбей қала береді. Сөйтіп жыл атауларынан құр алақан қалыпты.

Жануарлардың соңғы хоры: Тышқан, сиыр, барыс, қоян, ұлу, жылан, жылқы, қой, Мешін, тауық, ит, доңызды санап, жаттап біліп қой.

Ұлу: Келдім міне, жаңа жыл ортаңызға

Құт- береке әкелдім баршаңызға

Аңсаған армандарың орындалсын

Өміріңіз бақыт пен нұрға толсын. Биыл менің жылым! 2023 жыл құтты болсын!!!!!

Жүргізуші: Балалар, Жаңа жыл ортамызда. Олай болса Аяз ата да жақындап қалды. Кәнеки, шақырайық Аяз-атамен Ақшақарды

(Балалар дауыстап Аяз-атаны шақырады)

Аяз-ата: Құтты болсын, балалар

Келген Жаңа жылдарың

Алаңдамай өсіңдер

Еркелеп қыз, ұлдарым

Өткен жылы келіп ем

Бәріңді де көріп ем

Жыл өткізіп келем деп

Уәдемді беріп ем.

Ақшақар: Мінекей жасыл шырша,

Қуаныш жалпыға.

Құлпырған сүйікті шырша,

Жарқыра,жарқыра, жарқыра!

Ән: «Жасыл шырша жанында»Хоровод.

Жүргізуші: Бізде әсем әнде, би де бар

Отыр ата , сәл демалыңыз. Ал балалар сіздерге тақпақтарын, билерімен дайындадысоны тамашалаңыз.

Аяз Ата: Жарайсыңдар! Менің көңілім көтеріліп қалды.

Ақшақар: Балалармен «Буги вуги» биін билейміз

(Би «Буги-вуги»)

Жүргізуші: Құрметті қонақтар, балалар! 2023 - ші жаңа жылға арналған мерекеміз аяқталып қалды. Жаңа жыл сіздер үшін зор жетістіктерге қол жететін, ой мақсаттар жүзеге асатын, арман тілектер ақталатын жыл болсын!

Жаңа жыл құтты болсын, отбастарыңызға тек бақыт пен қуаныш әкелсін!!











Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!