Материалдар / Қош келдің, Жаңа жыл!
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Қош келдің, Жаңа жыл!

Материал туралы қысқаша түсінік
"Қош келдің, Жаңа жыл!" атты мектепалды даярлық топтарына арналған ертеңгңлік сценарий. Ертеңгілік желісі өте қызықты, балалардың жасына лайықты етіп жасалған. Ән, тақпақтар, би, ойын бәрі қамтылған.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
16 Қараша 2024
133
1 рет жүктелген
450 ₸
Бүгін алсаңыз
+23 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +23 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Жаңа жыл мектепалды даярлық тобы

2 жүргізуші бала креді.

Құтты болсын ағайын!

Жаңа жылым тағыда

Қол соғып қарсы алайық

Шақырайық ортаға

Ертеңгілік басталсын

Ересектер тобын да.

Балалар кіреді үш қатарға тұрады

Би: «Жалпыға»

Жаңа жылым мол болсын

Басқан қадам оң болсын

Төрлет төрлет жаңа жыл

Бізге құтты жыл болсын.

Жаңа жылды біз күтіп

Шаттанамыз бәріміз

Жаңа жылды біз тойлап

Қуанамыз бәріміз



Ауыл маңы қар аппақ

Қызықтар көп не түрлі

Ақ дәптерді парақтап

Қыс отырған секілді.



Жаңа жылға арналады жаңа жыр

Жаңа жылда шақырады бар өмір

Бақыт болып жаңа жылым келді ғой

Құтты болсын, құтты болсын жаңа жыл.

Ән: «Қыс күні».

Жүргізуші бала: Кел, балалар, тұрмаңдар

Бізде қызық думан бар.

Жаңа жылдың тамаша

Ертегісін тыңдаңдар!

Музыка әуенімен залға айқай шумен қарақшылар кіріп келеді.

(Қолдарында тапаншалары бар,тапаншаларынан барлығы қорқып кетеді.)

Қарақшылар: Бұл жерде не болып жатыр? Неге бәрің сәнді болып киініп алғансыңдар?

Жүр. бала:

Біз келе жатқан Жаңа жыл мерекесін қарсы алайық деп жатырмыз. Сіздер кімсіздер?

Сіздер чикагоға келдіңіздер.

Би: «Танго»

Қарақшы: Сендер мерекені дұрыс қарсы алуды білмейді екенсіңдер. Қазір балалар мерекені бізбен бірге дұрыс қарсы алуды үиретемін. Мына шыршаны түбінен кесіп, отқа жағамыз. Бір жағынан жылы болады, бір жағынан қызық болады.

Қарақшы: Аяз ата мен Ақшақар мүлдем керек емес. Онсызда қызық болайындеп жатыр.

Жүр. бала: Тоқтаңыздар! Сіздер балалардың өнерлерін байқап көріңіздер. Бәлкім балалар сіздерден де қызықты өткізетін шығар. Сіздер от жағып қызықтайын деп отырсыздарғой, оданда біздің балаларымыздың би, ән дері мен қызықтайық.

Қарақшы: Олай болса балалардың өнерін сынап көрейік.

Қарақшы: Бізге ұқсаған бұл жер де кішкентай ганстер бар екен. Бұлар біз сияқты билей алама? Билерін тамашалап көрейік!

Би: «Қарақшылар»

Қарақшы: Ой бәрекелді! Өте көңілді би екен!

Қарақшы: Енді былай істейік, мен сендерге жұмбақ жасырамын, егер жұмбақтың шешімін таба алсаңдар кетеміз.

Жүр. қыз: Кел, балалар ойнайық

Ойнайықта ойлайық

Қандай жұмбақ болсада

Шешпей оны қоймайық.



Қарақшы: Жасыл ине киемін

Жайлаймын тау биігін

Жаңа жылды тойласақ

Төріндемін әр үйдің. (Шырша)





Әуре болма теріп бекер

Ұстай қалсаң еріп кетер (Қар)



Қолы менен қаламы жоқ

Бірақ сурет салады көп (Аяз)



Суда қалқиды

Жылыда балқиды (Мұз)



Зулап түсті төменге

Менсіз шықпас төбеге (Шана)



Қыста шыны болып қатады

Жылыда су болып жатады (Мұз айдыны)

Қарақшы: Бұл балалар бәрін біледі екен. Енді не істесек екен? Қарақшы: Онда ойын ойнайық. Ойында жеңсе шыршаны да, мына екі баланыда қалдырамыз. Біз кетеміз өз жөнімізбен.

Жүр. бала: Балалар қалай ойлайсыңдар, кешіремізбе? Жаңа жыл келе жатыр, бәріміз тату болайық.

Балалар: Ия. Жүр. қыз: Балалар олай болса қарақшылар мен ойын ойнайық

Ойын: «Қаршық»

Қарақшы: Ой балалар сендер жаңа жылды өте көңілді қарсы алады екенсіңдер, маған өте ұнады. Саған ше?

Қарақшы: Маған да ұнады, балалардың жаңа жылдары өте көңілді екен. Билері қандай керемет. Бұл балалардан үйренетін нәрселеріміз көп екен. Балалар сендер бізді кешіріңдер, енді бұзақылық жасамаймыз ұят болды. Келесі жылғы мерекеге келерде бізде дайындалып келеміз. Сау болыңдар балалар! Сендерді жаңа жыл мерекесімен құтықтаймыз!

Балалар: Сауболыңыздар!

Жүр. бала:

Жаңа жылда қуанбаған жан қалмайды.

Бәрінің жүздерінде күлкі мен шаттық.

Әлемнің әр жерінде от шашулар атылып,

Жаңа жылдық шыршалар бой көтеріп,

еңбектеген баладан еңкейген қарияға,

дейін бақыттың құшағында жүреді екен!

Тақпақтар:

Жаңа жыл, жаңа жыл

Жаңа жылға жаңа жыр

Жасыл шырша жанында

Билеп барлық бала жүр



Тілеймін мен бар әлемге

Дос көп болсын жанашыр

Ата әже ана әке

Құтты болсын жаңа жыл

Жүр. бала:

Балалар қараңдаршы бір хат ілініп тұр. (хатты алып оқиды)

Хатта: Амансыңдар ма балалар! Мен келе жатқанда абайсызда құлап қалдым, сыйлықтарды шашып алдым. Мен сыйлықтарды жинағанша ақшақарды сендерге жібердім. Көп ұзамай сендерге келемін. Аяз ата.

Музыка әуенімен ақшақар болып киінген Мыстан кемпір кіріп келеді.

Мыстан: Сәлем достар! Міне менде жетіп қалдым.

Жүр. қыз:

Сен кімсің?

Мыстан: қалай кіммін? Мен ақшақар деген бикеш.

Жүр. қыз: ааа, солай ма, сен аяз атаның немересі боласың ғой. Аяз ата қайда?

Мыстан: ол сендерге асығамын деп еріп кетті.

Жүр. қыз:

Жоқ сен бізді былай алдама, өз жөніңмен кет. Біз мұнда жаңа жыл мерекесін тойлаймыз.

Мыстан: сендерге аяз ата хат жіберді ғой. Менің ақшақарымды қарсы алыңдар деп.

Жүр. қыз: Балалар мүмкін бұл шынымен де ақшақар шығар.

Балалар: жоооооқ.

Жүр. қыз:

Онда кім бұл?

Балалар: Мыстан кемпір.

Жүр. қыз:

Мен де солай ойлаймын.

Мыстан: сендердің ақшақарларың менде, мен оны жібермеймін.

Жүр. қыз: Қалай сізде? Біздің ақшақарымызды жіберіңіз.

Мыстан: Жоқ жібермеймін, мен оған монша жақтырып қойамын.

Жүр. қыз:

Енді не істедік? Ақшақарымыз еріп қалады ғой. Мыстан әже бізден не қалайсыз?

Мыстан: Мен сендермен жаңа жыл мерекесін тойлағым келіп тұр.

Жүр. қыз: Жарайды! Онда сіз біздің ақшақарымызды алып келіңіз. Біз сізге әсем қыздардың киім үлгісін көрсетейік.

Мыстан: мына ойларың дұрыс екен. (деп шығып кетеді)

Қыздардың мерлин монро дефилесі.

Жүр. қыз: Мұздан мойыншақ тағылған

Күміс қырау жағылған

Ақшақарым келіңіз

Көптен күтіп сағынған.

Балалар бәріміз ақшақарды шақырайықшы, мәз болып жатқанымызды білсін. Балалар: Ақшақар! Ақшақар! (Музыка әуенімен ақшақар кіріп келеді.) Ақшақар: Нурай жаңа жылдарың мен! (көңілсіз айтады) Жүр. қыз: Ақшақар саған не болды, неге көңілсізсің? Ааа мен білемін, сені мыстан кемпір сиқырлап тастаған ғой. Енді не істедік? Мүмкін балалар ақшақардың көңілін әнмен, бимен көтерерміз?

Ән: «Ақшақар»

Ақшақар: Нурай.

Армысыздар қонақтар, ата аналар,

Жаңа жылдарыңыз құтты болсын.

Жаңа жыл бірлік пен татулық жылы болсын,

Әр отбасы үшін ырыс пен береке жылы болсын.

Жүр. қыз:

көңілді өскен баламыз

Бойымызға сән берер

Биде билей аламыз

Тойымызға мән берер!

Жүр. бала:

Балалар Аяз атамыз кешікті ғой. Мүмкін адасып кеткен болар! Кәнекей барлығымыз шақырайықшы! Қуаныңдар, ағайын, тамсаныңдар. Сүйініш пен маңайға жар салыңдар. Аяз ата келеді Ақшақармен, Қол соғып қошеметпен қарсы алыңдар! Балалар: Аяз ата! Аяз ата! Аяз ата!

Музыка әуенімен аяз ата кіріп келеді.

Аяз ата:

Жаңа жылдарыңмен!!! Балалар балғындарым Тілегенім жыл бойы сендердің денсаулығың Амансың ба ұлдарым Амансың ба қыздарым Мен сендерге әкелген Құтты болсын жылдарың!

Жүр. бала: Достар аяз атамен ән айту үшін шыршамыздың шамдарын жағып алайық. Қәне балалар барлығымыз қол соғайық.

Қуант бізді таңырқат,

Шамдарыңды жарқырат.( 2 рет)

Ақшақар: Достар, шыршаның шамын жақтық, енді шыршаны айналып ән айтайық.

Ән: «Шырша жыры»

Аяз ата:

Жарайсыңдар балалар! Өркендерің өссін.

Жүр. қыз: Жаңа жылда жаңа бақыт тыныштық,

Жаса, жаса достық бірлік туыстық.

Құттықтайық жаңа жылды өнермен,

Қуаныштың әр минуты тым ыстық.

Аяз ата:

Рахмет балалар! Енді тағы да қандай өнерлерің бар?

Жүр. бала: Жаңа жыл жаңақадам, жаңа бағыт,

Болашақ сыйлайтындай жаңа бақыт.

Тышқан жылы келіп қалды ортамызға,

Жақсылықпен жалғассын жаңа уақыт.

Тақпақтар:

Аппақ тонға оранып Базарлықты мол алып Келді алыс сапардан Аяз ата оралып.

Тамаша! Тамаша! Шыршамыз тұр жараса Басында әсем жұлдызы Көз тоймайды қараса.

Әкем таңдап әкелді Ең үлпілдек шыршаны Иісі аңқыған шыршаны Жарқыраған шыршаны. Жұпар исі аңқыды.



Апамдыда мәз қылды.

Ақ қар жапты даланы

Ақ жамылды айнала

Жарқыратып шамдарын.



Шырша келді ортаға

Қол ұстасып бәріміз

Шырша жаққа келейік

Аяз ата жанында

Өлең айтып берейік.



Сақалы аппақ күмістей

Тістері аппақ күріштей

Қызыл ала шапаны

Сағындым аяз атаны.



Жаңа жылда барлық үйге

Аяз ата келеді

Жаңа жылда сәбилерге

Сыйлық әкеп береді



Келді аяз атамыз

Қызыққа әбден батамыз

Оянды әне ақшақар

Қарсы аламыз бәріміз.



Аяз ата кел кел

Ақшақарды ала кел

Келмесеңіз болмайды

Мына шырша жанбайды.



Әдемілеп біз ілген

Ойыншықтар тізілген

Қандай жақсы шыршамыз

Ән шырқаймыз баршамыз.



Жапалақтап ақша қар

Жауды күнде қайталап

Қырға шықты балалар

Шаңғыларын арқалап.



Жасыл желек жамылған

Асыл моншақ тағылған

Міне сұлу шыршамыз

Көптен күтіп сағынған.



Ақ қырауға малынған

Сақалы да мұрты да

Аяз ата сағынған

Сәлем берді жұртына



Кәне, досым Әнге қосыл

Әнге қосыл, қалыспа!

Қол ұстасып, Құшақтасып,

Үйренейік жаңа жыр,

Құтты болсын, құтты болсын,

Құтты болсын жаңа жыл.

Аяз ата:

Жаңа жылда барлық әлемге сыйлық сыйлаймын. Сендерге де өзімнің әдемі тамаша сыйлықтарымды арқалап келдім. Қане қызым қапшығымды әкел.

(Аяз ата қапшығын ашса сыйлықтар жоқ екен, таң қалады).

Қаршақыз: Енді не істедік?

Аяз ата: Мен білемін менің сиқырлы суымды әкелші.

( қапшыққа суды құйып сиқырлы сөздерін айтады)

Сыйлықтар пайда болады. Аяз ата Сыйлықтарды таратады.



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!