Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

"Қош келдің Жаңа жыл" атты ертеңгілігі

Материал туралы қысқаша түсінік
тәрбиешілерге аналған
Материалдың қысқаша нұсқасы

Жаңа жыл мерекесіне орай безендірілген, залға музыка ырғағы мен сәнді киінген

балалар кіреді.

Жүргізуші: Сәлеметсіздер ме, қүрметті қонақтар,ата-аналар, ұжымдастар осы бөбекжайымыздың «Жұлдыз» тобының Жаңа жыл мерекесіне арналған ертеңгілігімізге қош келдіңіздер Сендерді кележатқан жаңа жылдарыныз бен шын жүректен құттықтаймын. Әр бірлеріңіздің отбасыларыңа аманшылық, дендеріңізге саулық, келер жылы молшылығы мен келсін деп тілеймін.


Жаңа жылдың таңы неткен арайлы,

Ақ мамыққа бөлек алды маңайды.

Бақыт, шаттық, мылшылық пен тыныштық,

Бәрімізге әкелсін мына арай жыл.


Ән: «Шыршаға бардық»

Тақпақ:

Тамаша, тамаша,

Шыршамыз тұр жараса.

Басында әсем жұлдызы,

Көз тоймайды қараса. (Ұлмекен)

Жасыл желек жамылған,

Асыл моншақ тағылған

Міне, сұлу шыршамыз,

Көптен күтіп сағынған.

Кел балалар, келіңдер,

Тамашаны көріңдер. (Ұлағат)

Қалып едік сағынып,

Күтіп алдық жабылып.

Жолын қойдық жарық қып.

Шыршаларға шам іліп. (Гүлназым)

Оралдың өлкеме,

Жаңа жыл армысың

Оранды ақ көрпеге

Асқар тау, қарлы шың. (Мирас)


Би: «Кукарелла»

Жүргізуші: - Ит саған не болды? Соншама тыпырлап кеттің ғой?

Ит: Мына үйшікте бір дауыс естіледі, тыңдаңдаршы!

Жүргізуші: Ия, расымен де, біреу қорылдап жатқан сияқты. Мүмкін бұл біздің жаңа жыл қонағымыз шығар. Бұл өзі кімнің үйі болды екен. Кірген шыққан із көрінбейді.

Ит: Онда жақынырақ барып көрейік. (Екеуі тың-тыңдайды, қорылдаған дауыс естіледі, олар есікті қағады) (үйшіктен ұйқылы ояу аю шығады)

Ит: ее бұл аю екенғо, мен келер жылы доңыз екен деп қалсам.

Аю: бұл не қылған тықыр, не шу? Мені ұйқымнан ояттыңдар ғой.

Жүргізуші: Сені ұйқыдан оятып жіберсек ренжіме. Біз шырша тойын тойлап жатырмыз. Бізге жаңа жылымыз, Аяз ата мен ақша қарды сағына күтіп отырмыз.

Аю: Жаңа жыл дейсің бе? Жаңа жыл деген кім? Аяз ата деген кім?

Ит: Балалар, аю жаңа жылдың не екенін білмейді екен.

Жүргізуші: Әрине ол қайдан білсін, үнемі қыста тәтті ұйқыда жатады ғой. Онда мен айтып түсіндірейін. Аю аға! Жаңа жылда балалар бір жасқа өседі, ал біз ортамызға сәнді шырша құрып, безендіреміз. Осы шырша мерекесіне Аяз ата мен Ақшақар келеді. Өнер көрсеткен балаларға сыйлық береді. Жаңа жыл деген осы, аюжан.

Аю: мен қысқы ұйқыда жатқанда сендер керемет мерекені тойлайды екенсіңдер ғой.

Жүргізуші: Аю ағасы! сен оған ренжіме, аюлар қыста ұзақ күндерін ұйқыда өткізеді емес пе, ақыры оянып кеткен екенсің, мерекені бізбен бірге тойлайық.

Ит: Ал, балалар менің де кететін уақытым келді. Алдымыздағы келер жылы молшылығымен келсін. Қош сау болыңыздар!

Жүргізуші: Қане балалар, аюдың ұйқысын ашып, онымен ойын ойнайық.


Ойын: «Кім жылдам»

Аю: Ооо міне енді ұйқым шайдай ашылды. Ал енді маған жаңа жылды, Аяз атаны көрсетіңдер. Аяз ата деген өзі қандай болады?

Жүргізуші: Балалар, қане бәріміз Аяз атамен Ақшақарды ортаға шақырайық (айғайлап шақырады).

Аяз атаның орнына мыстан кемпір ұшып келеді де, шыршаны бір айналып барып қонақтардың алдына келіп тұра қалады.

Мыстан: Пай-пай! Мен қайда келдім өзі? Мына шыршаның кереметінін ай! Үйге алып кетсем бе екен? (осы кезде мыстан төменге еңкейіп, шыршаның түбімен жұлып алғысы келеді).

Жүргізуші: Мыстан кемпір! мыстан оған мән бермейді де шыршаны жұлуын тоқтатпайды. Біз «Жаңа жыл» мейрамын тойлап жатырмыз, біздің шыршамызға тимеңіз! (мыстан сөзге мән бермей былай дейді: «Туу-у!») Маңдайдағы терін сүртіп тұрып, мына шыршаның тамырының терең отырызылғанын-ай, жұлынбайды ғой. Сол кезде шыршадағы жылтыраған кілтті көріп қалады да: Мынау қандай қызық кілт өзі, осы кілт бағанағы менің ұшып келе жатып көрген сандықтың кілті болар. Сол сандықтан бір керемет дәмнің иісі шығып еді, мүмкін ақша да бар шығар. Мен шыршаға тимей-ақ, осы кілтті алып барып сандықты ашайын, мүмкін тамағына тойып, ақшасына бір байып қалармын!

Мыстан кемпір кетіп қалады сол кезде қалтасынан бір таяқ түседі.

Жүргізуші: балалар қане тойды жалғастырайық. Аяз ата кешікті ғой мүмкін адасып қалған шығар. Мерекемізді әрі қарай жалғастырайық.

Тақпақ:

Ақ көйлегін киіп ап

Жердің аппақ көрпесін

Қыстың айы қаңтардан

Басталады жыл басы (Гаухар)

Бізбен бірге ойнайды

Жаңа жылды тойлайды

Барлық бала бақытты

Болса екен деп осы айды. (Бекжан)

Қараңдаршы далаға

Дала аппақ ақша қар

Тал мен үйлер қалада

Жамылыпты ақшатыр. (Дана)

Ақ қырауға мамылан

Сақалы да, мұрты да

Аяз ата сағынған

Сәлем берді жұртына. (Әлихан)


Ән: «Шырша жыры»

Би: «Көңілді қыздар»


Есіктің сыртынан дауыстар естіліп, залға Аяз ата мен Ақшақар кіреді. Аяз ата Ақшақарды қолынан тартып, жетелейді, ол кіргісі келмейді.

Ақшақар: ата жіберіңізші мені, кірмеймін мұнда, үйге кетемін.

Аяз-ата: Айналайыным-ау, не болып қалған саған, ауырып қалған жоқсың ба?

Ақшақар: Жоқ-жоқ, ауырып тұрған жоқпын, ешқайда барғым келмейді, үйге қайтам.

Аяз-ата: Қызым-ау, не айтып тұрсың! Қарашы біз тойға келдік! Қане балалармен амандасайық.

Аяулы аналарға, ардақты ұл-қыздарға, бүлдіршін балаларға бір сәлем!

Қандай жарқын жүздерің

Қандай әсем жырларың

Асаулармен алысқан

Асау желмен жарысқан

Аталарың сендерге

Шаршап келді алыстан

(Балалар амандасады)

Аяз-ата: Рахмет балаларым! Қанекей қызым! Қонақтардан ұят болады, басыңды көтер (Ақшақар басын көтермейді)

Аяз-ата: Қарашы балалардың киімі қандай әдемі, шыршада әсем безендірілген екен. Бәріде керемет

Шырша шамын жағайық

Жаңа жыл тойын ашайық

Сол кезде Ақшақар жылап тұрып: Мен шырша шамын жағатын сйқырлы таяғымды жоғалтып алдым. Осы кезде Аяз-ата оны жұбатып тұрып: қазір мен-ақ өзімнің таяғыммен жағамын – дейді.

Ақшақар: Қойыңыз Аяз-ата! Сіз бұл таяғыңызбен бүкіл шыршаны қатырып тастайсыз

Жүргізуші: Ақшақар сиқырлы таяғың қандай еді?

Ақшақар: Менің таяғым жылтыр, пішіні жүрекке ұқсайды , сіздер оны көрмедіңіздер ме?

Жүргізуші: Жаңа мұнда мыстан болған, ол ұшып бара жатып, қалтасынан жылтыраған бір затын түсіріп алды, сол емес пе екен? Қане барлығымыз іздеп көрейікші? (Сөйтіп жатқанда бір бала сиқырлы таяқты тауып алады.)

Аяз-ата: Жарайсың балапаным!

Жүргізуші: Қәне балалар, шыршаны жағуға көмектесейік! Үшке дейін санайық..1-2-3

Тақпақ:

Аппақ тонға оранып,

Базарлықтан мол алып.

Кейде алыс сапардан

Аяз ата оралып. (Камила)

Аппақ берін қыр далам

Ақ дастархан жапқандай

Халық біткен қарбалаң

Қонақ күтіп жатқандай. (Ерасыл)

Жаңа жылда жаңаша

Болсын қызықтамаша

Билеп ән сап Атамызды

Қуандайық балаша (Дильназ)

Көңілде көп қуаныш

Әр көңілде жақсылық

Кетер жылға мың алғыс

Әкелген көп жақсылық (Сырым)

Жылдың әнін бастайын

Аяз ата кеп қалды

Майысады жас қайың

Көтере алмай көп қарды. (Раяна)


Ән: «снег снежок»

Би: «Аңдар» биі

Жүргізуші: Аяз-ата сіз біздің балалардың өнерін тамашаладыңыз,сізге ұнады ма? Балаларға сыйлық әкелдіңізба?

Аяз-ата: Әрине,барлық сыйлық мына сандықтың ішінде! Ақшақар мына сандықтың кілті қайда?(Ақшақар иығымен білмеймін дегендей шара жасайды)

Мына мерекенің басты қонағы Жаңа жылымызды шақырайық мүмкін доңызда болар.

(ортаға жаңа жыл кіреді)

Жүргізуші: Келіңіз аумин айтқаныңыз келсін. Аяз-ата Мына сандықтың кілтін мыстан кемпір алып кетті. Ол тіпті шыршамызды алып кетпекші еді.

Аяз-ата: Қап, әттеген-ай!Қәне біз Ақшақар екеуміз мыстанды іздеп табайық.

(Осы кезде залға мыстанның өзі кіріп келеді)

Мыстан: А-а бәлем іздеген, таптым сандығым мында екен ғой!

Аяз-ата: Мына ұрлықшы мында жүр ғой! Қәне кілтті маған бер, балалар сыйлықтарын күтіп қалды.

Мыстан: Ойбай-тағы не дейді? Сыйлықтар өзіме де керек.

Аяз-ата:Ах бәлем!олай болса өзіңнен көр. Мен сені қатырып тастаймын. « Қәне таяғым мына мыстанды қатырып таста» (Мыстан кемпір тұрғанм жерінде қатып қалады)

Мыстан: Әй Аяз шал! Керегі жоқ, қалпыма келтір. Ой, не істесем екен?

Аяз-ата: Бересің ба сандықтың кілтін?

Мыстан: Жоқ бермеймін.

Аяз-ата: А-а онда осылай тұра бер!Мен кеттім!

Мыстан: Жоқ Аяз-ата! Кетпеші, беремін кілтіңді, тек мына балалар менің қояр тілегімді орындасын, Жұмбақтарымды шешсін!(Осы кезде мыстан қалпына келеді, балаларға жұмбақ жасырады)

Жұмбақтар:

Мыстан: Жарайсындар балалар! Жұмбақты жақсы табады екенсіндер. Ендеше Мына қонақтар мен ойын ойнағым келіп тұр

Ойын: « Пародия»

Жүргізуші: Олай болса балалардың басқа да өнерлерін тамашалаңыз!

Тақпақ:

Қырау қатып жағаға

Аяз бетті өбеді.

Бірі- мініп шанаға,

Бірі-шаңғы тебеді. (Балнұр)

Далада қар борайды

Ақ мамыққа орайды

Мұз болады қатады,

Жып-жылтыр боп жатады. (Ақжол)

Ақшақарға жамылып,

Аппақ тонын жамылып

Сақалы мен мұртына

Күміс моншақ тағынып

Аяз ата келеді

Балаларды сағынып. (Жания)

Тақпақтарды жаттадық,

Биде үйрендік көрсін деп

Аяз ата шаттанып

Бізге риза болсын деп. (Айзере)


Би: «Ақшақарлар» биі

Аяз-Ата:Жарайсындар балаларым! Міне бүгін ерекше қуанып , алыс жерден шаршап келгенде сендердің өнерлеріңді көріп, көңлім бір марқайып қалды. Енді сендерге сыйлықтарымды таратайын, сандықтың кілтін бұрайды ашылмайды. Мына кілтке не болған мені ұятқа қалдырмақшығой.

Жүргізуші: Ата мына балалар жаңа жылға арнап ән айтып берсін, мүмкін сол кезде ашылар


Ән: «Жаңа жыл»

Аяз ата:өте жақсы балалар әнді жақсы айтады екенсіндер. Енді кілтімді салып көрейін. Сандық ашылады, сыйлықтарды таратып береді.

Ал енді балалар, біз кетейік, басқа балалар бізді күтіп қалған болар, қош сау болыңдар

Жүргізуші: «Жұлдыз» тобының жаңа жыл мерекесіне арнаған ертеңгілігі осымен аяқталды. Келер жаңа жылда барлықтарыңның отбасыларыңа аманшылық, дендеріңе саулық тілейміз. Қош сау болыңыздар.

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
04.02.2019
336
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12