"Қош келдің, Жаңа жыл!" ертеңгілігі, Бастауыш сыныптарға арналған.

Тақырып бойынша 11 материал табылды

"Қош келдің, Жаңа жыл!" ертеңгілігі, Бастауыш сыныптарға арналған.

Материал туралы қысқаша түсінік
Ертеңгілік сценарийі бастауыш сынып мұғалімдеріне қажет деп ойлаймын.
Материалдың қысқаша нұсқасы


«Қош келдің, Жаңа жыл!»

Бастауыш сынып оқушыларымен өткізілетін сценарий


Мақсаты: Балаларға Жаңа жыл мерекесі туралы мағлұматты жетілдіру. Жаңа жыл мерекесінің қызықтарын, әдемі көріністерін тамашалау арқылы қоршаған ортаға қызығушылығын арттыру. Балаларды бір - біріне деген достық сезімге, сүйіспеншілікке тәрбиелеу.
Қажетті құралдар: Жаңа жылдық шырша, ертегі кейіпкерлері, ойын құралдары
Әдіс – тәсілдері: Ән айту, би билеу, көркем сөздер оқу, ертегі көріністерін сахналау.
Зал Жаңа жыл мерекесіне сай безендірілген.


Жүргізуші: Армысыздар, құрметті ата-аналар, қымбатты  ұстаздар, оқушылар, қонақтар ! Сіздерді Жаңа жыл мерекесімен құттықтаймын. Міне, сол күн, сол  мереке биыл  да келіп  жетті. Жаңа жыл тек қана жаңа табыс, береке, бірлік  әкелсін деймін.

 Жүргізуші : Жаңа жылым жаңа бақыт сыйласын,

Көгімізде бейбіт құсы самғасын.

Төрлетіңдер,  жаңа жылдың  жақсы әнін,

Қуанышпен арайлансын  ақ таңың ! – дей келе ортаға, бастауыш сынып оқушыларын шақырамын. Қол соғып, қарсы алыңыздар!


( Музыка әуеніне балалар кіреді, шыршаны айналып, дөңгелене тұрады)


Жүргізуші:  Айнала қоршап шыршаны,
Шашылар шашу – жыр әні.
Мынау әсем шыршаға,
Қош келдіңіз, балалар!

- Балалар, бүгінгі мерекемізге арнап «Жаңа жыл» әнін айтсақ қайтеді ?


«Жаңа жыл» әні (хоровод)

Жүргізуші: - Бүгінгі шырша тойымызда да көптеген қызықты әндер де, билер де, күтпеген таңғажайып оқиғалар болуы мүмкін. Құрметті жамағат, жүрекке жылылық ұялатар алғашқы жаңа жылдық құттықтау сөзді ақыл ойы жетілген, саналы ұрпақты сезімі сергек, арманшыл дана ұрпақты тәрбиелеп жатқан білім ұясының білікті басшысы Ашимова Жанат Абзалқызына береміз.

Құттықтау сөз (Ж.А.)

Жүргізуші: Осындай ғажап тілектен кейін, біз енді ертегілер еліне саяхат жасап, жаңа жылымызды әрі қарай мерекелейік.

-Балалар, сендер ертегі оқығанды, көргенді ұнатасыңдар ма ? Ертегілер әлеміне саяхатқа барғыларың келе ме ? Ендеше, ертегілер әлеміне кеттік, балалар!

Жүргізуші: Ерте, ерте, ерте, ертеде Үш көжек дос болыпты. (Осы кезде музыка әуеніне көжектер кіріп келеді. Шыршаны айналып билеп, секіреді).
Олар сондай тату, бір-бірінен ажырамас, көңілді достар болыпты. Бірақ олар тек бір нәрседен қорқыпты. Ол не деп ойлайсыңдар, балалар? Дұрыс айтасыңдар, олар өлердей зұлым қасқырдан қорқыпты. (Осы кезде музыка әуеніне зұлым Қасқыр кіреді).

Қасқыр: - Әй, қайдасыңдар? Менің қарным ашып тұр? Қане, бері шығыңдар. Мына екі күн аязда бәрі тығылып қалып, мені аш қалдырды. Не болса да, жеп қоюға дайынмын. Сендерді де жеп қояйын ба ?! (балаларға сес көрсетеді).

-Айтпақшы, балалар, сендер үш көжекті көрген жоқсыңдар ма ? Бағана осы жаққа қарай секіріп кетіп бара жатыр еді ? Көптен бері оларды ұстай алмай жүрмін. Өздері сондай жүйрік, ұстатпай қойды емес пе! Әрі сондай семіз еді, шіркін, ұстап алсам, бір-ақ қылғытып жеп қояр едім, бір тояр едім (қарнын сипайды).

Балалар: - Жоқ, көргеніміз жоқ!

Бір бала: -Әне, олар шыршаның астында жасырынып отыр.


(Қасқыр музыка әуенімен оларды қуып жүріп ұстап алады).

Қасқыр: - Әп, бәлем, ұсталдыңдар ма ? Қазір мен сендерді жеп қоямын.

1-көжек: -Қасқыр аға, бізді жемеші, жіберші бізді. Жаңа жыл мерекесі келді, біз мерекені тойлағымыз келеді.

2-көжек: -Айналаға қарашы, қандай әсем, әдемі. Балалар да әдемі киініп алған.

3-көжек: - Қазір Аяз ата мен Ақшақар келеді. Көп кәмпит әкеледі. Соны жеп тоясың.

Қасқыр: -Сендерге кім айтты, мені кәмпит жейді деп ? Қазір мен сендерді әтәт қыламын (сес көрсетіп).

Көжектер (бір - бірін құшақтап, қол ұстасып алады): Ай-ай-ай, құтқарыңдаршы бізді, балалар! Қасқыр аға, біз сенің кез келген шартыңды орындаймыз, тек бізді жемеші.

Қасқыр: - Солай ма? Кез келген шартымды орындайсыңдар ма ? (басын сипап, ойланып тұрады). Жарайды, олай болса, менің шартымды орындасаңдар, мен сендерді жемейтін боламын.

1-көжек: - Балалар, бізге көмектесесіңдер ғой?

2-көжек: Мына зұлым қасқырдан құтылуға көмектесіңдерші, жарай ма ?

Балалар: - Жарайды.

Қасқыр: -Мыналарға не істетсем екен? (ойланғандай болады). Алдымен қарнымды тойдырып алайын, содан соң барып мерекені тойлайын. (жан-жағына қарайды, балапандарды көреді). Ой, мұнда балапандар көп екен ғой. Гриль жегім кеп тұр. Барыңдар, ана тұрған балапандарды ұстап әкеліңдер (көжектерге бұйырып сөйлейді, көжектер музыка әуенімен балапандарды ұстап әкеледі).

Балапандар: - Қасқыр аға, бізді жемес бұрын, биімізді тамашалашы. Жаңа жыл мерекесіне дайындалып едік.

«Балапандар» биі. (1 – сынып оқушылары)

Жүргізуші:-Қасеке, қандай тамаша би! Осындай биден кейін қайтіп мына шөжелерді жемекшісің ? Қой, сен одан да, балалармен бірге мерекені тойлап, Аяз атаны күт. Мүмкін, Аяз атада тіске басарлық базарлық болатын шығар саған.

Қасқыр: - Жарайды, ешкімді жемей-ақ қояйын бүгін. Бірақ көжектер менің шарттарымды орындай берсін. Әйтпесе, жеп қоямын оларды (сес көрсетіп). Менің екінші шартым – енді бір әсем ән тыңдағым келіп тұр.

Жүргізуші: - Ой, ән айту бізге сөз болып па! Біздің арамызда небір бишілер, небір әншілер, өнерлі балалар көп!

Жаңа жылды қарсы алып,
Жасаймыз той жылда бір.
Жарқын - жарқын ән салып,
Жалғасады жырға жыр,
- дей келе, ортаға 4 – сынып оқушысы Тасқынбек Күлсүнді шақырамын. Әсем әнді қабыл алыңдар.


Тасқынбек Күлсін. Ән «Кел, Жаңа жыл!».


Жүргізуші: Ал, балалар, босқа қарап тұрмайық. Би билеп, әсем ән айтып, мерекемізді жалғастырайық.

Мектебіміздің бишілерін шақырайық,
Қошеметпен, құрметпен қарсы алайық.
Бишілерімізді ырғалтып би билетіп,
Қол соғып биік шыңға самғатайық»- дей келе, 2- сыныптың оқушыларының құттықтауларын қарсы алыңыздар!


«Санта Клаус» биі. 2-сынып оқушылары.


Қасқыр: - Көжектер, қайдасыңдар? Мен енді ойын ойнағым келіп тұр. Қане, мені ойнатыңдар.


«Аққала» ойыны ойнатылады.


Жүргізуші: -Ойынның шарты мынадай: ойынға 4 бала шығады (2 ұл, 2 қыз), мына қағаз қиындыларынан аққала қрастыру керек. Кім тезірек құрастыра, сол балалар жеңіске жетеді.

Жүргізуші: - Ал, балалар, шын аққалаларды көргілерің келе ме ? Ендеше, «Аққалалар» биін қабыл алыңыздар. Ортада 4 – сынып оқушылары. Қошемет!

«Аққала» биі. 4 – сынып оқушылары


Қасқыр: - Би биледік, әнді тыңдадым, ойын ойнадым. Аяз ата қашан келеді? Базарлық алып келеді деп едіңдер. Қарным шыдатпай, шұрылдап барады.

Жүргізуші: - Ой, Қасеке, Аяз атамыз Ақшақарымен, ескі жылымыз Итпен, Жаңа жылымыз Доңызбен келе жатыр. Естуімше, жанында аңшылардан құралған оққағарлары да бар екен.

Қасқыр: - Аңшы деймісің, қой, онда мен лезде табанымды жалтыратайын. Қарнымды тойдырамын деп, өзім аңшының қолына түсіп қалып жүрмейін. Қой, мен кеттім (залдан қашып шығып жөнеледі).

Жүргізуші: - Туһ, мына қасқырдан әзер дегенде құтылдық қой. Мерекеміздің шырқын бұзып өзі.

Жүргізуші:  - Жаңа жылда  біздерге қай қонақтар  келуі керек еді?  Неге келмей жатыр екен?  Балалар  кімдер  келуі керек  еді?

Балалар: - Аяз ата, Ақшақар.

Жүргізуші : Балалар есік сықырлайды , кім екен келе жатқан? (осы кезде Аяз ата мен Ақшақардың киімін киген Қасқыр мен Қоян кіреді. Билерін билейді).


«Ну, погоди!» мультфильм кейіпкерлерінің билері.


Жүргізуші: - Балалар, бұлар шын Аяз ата мен Ақшақар емес қой. Бізге шын Аяз ата мен Ақшақар керек. Барыңдар, алдамаңдар бізді. Ал, біз Аяз ата мен Ақшақарды шақырайық.

Балалар : Аяз ата! Ақшақар!    3 рет шақырады

Жүргізуші: Аппақ тонға оранып,

Базарлықты мол алып

Келеді алыс сапардан

Аяз  ата оралып.

 

Келеді Аяз атамыз

Қасында Ақшақары бар.

Қызыққа әбден батамыз

Қарсы аламыз  баршамыз.


Аяз ата мен Ақшақардың келуі.

 Аяз Ата: Ассалаумағалейкум,

жұртым, жиналған!

Көңілдерің дүр маржан!

Айналайын ұлдардан,

Айналайын қыздардан!

Аяз атаң мен Ақшақар

Келді, мінеки, алыстан!

Жүргізуші: - Бәрекелді, алақай, Аяз ата мен Ақшақар келді, қол соғып, қошеметтеп, сәлемдесейік баршамыз! 1,2,3! (Барлығы сәлемдеседі)

Ақшақар: Сәлем бердім баршаға,

Сіздермен қауышқаныма қуана!

Неткен нұрлы жүздерің,

Неткен сұлу шыршаларың!

Бірақ, ата, қараңызшы,

Шырша шамдары жанбаған.

Аяз ата: - О, не дегенің қызым!?

Шыршаның шамын жағамыз,

сиқырлы сөзді айтып,

шыршаны лезде жайнатамыз!

Кәнеки, балалар, бәріміз бір дауыспен :

Шырша, шырша таңырқат,

Шыршамызды жарқырат! – дейік. 1,2,3!

Шырша, шырша таңырқат,

Шыршамызды жарқырат!

Жүргізуші: - Мәссаған, мына шырша жанбады ғой. Аяз ата, Ақшақар, шыршаны жандыру үшін біздің қыздарымыз бір әдемі би дайындап қойды. Мүмкін, сол биді билеген соң шыршаның шамдары жанар? Қалай ойлайсыздар ? Ендеше, «Шырша» биін қабыл алыңыздар.


«Шырша» биі. 2-сынып қыздары.


ШЫРША ШАМДАРЫ ЖАНАДЫ


Ақшақар: Таң қалдырып баршаны,

Шыршамыз жарқырап жайнады.

Құбылтып, құлпыртып айналаны

Сиқырлы сәулелер жан-жаққа тарады.

Кәнеки, бәріміз қол ұстасып, сұлу шыршаны айналып ән шырқайық!


Хоровод «Кел, жаңа жыл!»


Жүргізуші: -Аяз ата, сіз алыс сапардан келе жатырсыз. Жолда небір қиындықтарға тап болып, шаршаған боларсыздар. Сіздер тынығып алыңыздар, балаларымыздың өнерін тамашалап, әкелген тәтті кәмпиттеріңізді беріп отырыңыз.

Мың  бұралған ақ қайыңдай

Бишілер шықсын ортаға

Ал  ендеше қол соғайық,

Қошеметпен  қолқала.


Жүргізуші: - Балалар, Аяз ата және Ақшақар бірге тәтті кәмпиттер ала келіпті. Әлемдегі ең үлкен кәмпиттерді біздің мектебімізге арнайы сендерге алып кепті. Сенбей тұрсыңдар ма маған ? Ортаға ең тәтті, дүниежүзіндегі ең үлкен кәмпиттерді шақырамын, Келіңдер, тәттілер, өнерлеріңді көрсетіңдер!

Дөңгеленіп  тұрайық

Ойын – сауық  құрайық.

Биден  шашу шашылсын


«Кәмпиттер» биі. 3 – сынып оқушылары.

Жүргізуші: - Балалар, сендер шын кәмпиттер жегілерің келе ме ? Ендеше, біраз еңбектеніп, тәттілер жинап алайық.

Ойын. «Ғажайып кәмпиттер»

  Аяз ата: -Бәрекелді, тамаша! Биді керемет биледіңдер, жарайсыңдар! Енді өздерің көріп тұрғандай құр алақан емеспіз, Ақшақар екеуіміз сендерге арнаған сый-сияпаттарымыз бар. Кәне, қызым, мына бүлдіршіндерді қуантып сыйлықтарын таратып берейік.

Ақшақар: - Ата, бар ғой, ең кішкентай бүлдіршіндерімізден бастасақ қайтеді?

Аяз ата: -Әрине, балам, тек тізімді алып шық, бірде-бір бала құр қалмасын.Ал, бастайық! (1,2,3,4 сыныптарына кезекпен сыйлықтарын береді.) Балам, бәріне бердік пе? Енді ең негізгі сыйлығымды әпере ғой, баршаға табыстайық.

Ақшақар: -Ой, ата, ол сыйлық мұнда жоқ.Ол қайда? Бағана болған.

Аяз ата: -Қой, дұрыстап қарадың ба? Енді қайттік?

Ақшақар: -Дұрыстап қарадым, мұнда жоқ. Енді қайттік? Онсыз жаңа жыл келмейтін болды ғой, ата -деп жылайды.

Аяз ата: -Қой, жылама, қызым, бір амалын табамыз.Балалар, сендер көрген жоқсыңдар ма?

Балалар: -Жоқ, көрген жоқпыз.

Жүргізуші: - Көмекке Ескі жыл Итті шақырайық. Ол иісінен-ақ лезде тауып береді ( Ескі жыл – Ит болып киінген бала шыршаның түбінде жатқан бір қорапты тауып әкеледі).

Ақшақар: - Балалар, бұл қорапта не бар деп ойлайсыңдар ? (балалардың жауаптарын тыңдайды, қораптан Доңыздың мүсінін алып шығады). Иә, балалар, бұл бізге келе жатқан Жаңа жылымыз – Доңыз ғой.

Қуаныңдар, ағайын, тамсаныңдар,

Сүйінші!-деп маңайға жар салыңдар!

Жаңа жыл келді, жаңа жыл,

Қол соғып, қошеметтеп қарсы алыңдар! (осы кезде Доңыз кіреді)

Доңыз: Жаңа жыл  болып келдім міне  жерімізге,

Әкелермін құт , береке жерімізге.

Жақсылық пен қуаныш  жылы болсын ,

Қиындықты  жолатпаймын біздерге.

АҚШАҚАР: Қош келдің Жаңа жыл!

АЯЗАТА: Ал айналайын, Жаңа жыл, келген қадамыңа нұр бітсін! Мынау менің ұлдарыммен қыздарым, мынау халқым саған аманат! Он екі ай бойы бағып қағу сенің мойныңда. Жақсы жыл бол, Жаңа жыл!

АЯЗ АТА: Ой, бәрекелді, балаларым! Әсем ән шырқап, би билеп аталарыңды бір қуантып тастадыңдар. Көп - көп рахмет! Өркендерің өссін! Енді Ақшақар екеуміз аттанайық!
Жаңа жыл жаңа бақыт, әкелсін далама құт . 
Тілектерің ақ болсын, бастарыңа бақ қонсын. 
Келер жылы келермін, өнер тағы көрермін. 
Сыйлық әкеп сендерге, көптен - көптен берермін. 
Үнемі жақсылыққа толыңдар, тек биікке ғана қоныңдар. 
Келесі жылы көргенше, амандықта болыңдар. 

Ит жылы: Ой балалар, менің де мерекеде көңілім көтеріліп қалды! Сендермен қоштасатын кез де келіп қалыпты. Менің жылымда сіздерге молшылық, бақыт әкелдім. Мына келер жылға айтар тілегім бар.
Қуанышты ортамыз сазға ұласқан,
Тілегім болсын мәңгі ашық аспан.
2019 жылға қадам басқан
Гүлденіп көркейе бер, Қазақстаным!
Келесі жыл бастауын доңызға беремін.
Сау болыңыздар! /
Ит, Аяз ата, Ақшақар қоштасып, шығып кетеді./


Жүргізуші: Жаңа жылдың таңы неткен арайлы,
Ақ мамыққа бөлеп алды маңайды.
«Жаңа жылмен құттықтаймын» деген үн,
Қанаттана кең алқапқа тарайды – дегендей, құттықтау сөз кезегін тәрбие ісінің меңгерушісі Аштаева Дәмеш Сәрсембайқызына беріледі.


Құттықтау сөз


Жүргізуші: Зеңгір көкте жұлдыз болып жанайын,

Ай жүзіндей айшықтанып, арайың.

Жанға шуақ, бойға қуат әкелген.

Жаңа жылың құтты болсын ағайын!

Жүздескенше қош сау болыңыздар!



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
06.01.2019
1756
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі