400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 11 материал табылды

"Қош келдің, Жаз!" спорттық іс шара

Материал туралы қысқаша түсінік
Ересектер тобына арналған спорттық іс-шара
Материалдың қысқаша нұсқасы

Спорттық ойын-сауық: «Қош келдің, Жаз!»

Мақсаты: Салауатты өмір салтын насихаттауға және спортпен шұғылдануға шақыру.

Ұйымшылдыққа баулып, қимыл-әрекетке жаттықтыру.

Ептілікке тәрбиелеу.

«Болашаққа спортпен» атты ойын-сауыққа қош келдіңдер.

Балалар, айтыңдаршы, спорт дегеніміз не?

Спорт дегеніміз денсаулықты нығайту, шынықтыру. Спортпен айналысқан адамның уақыты босқа өтпейді екен және ауырмайды. Ал, бізге денсаулық не үшін керек? Денсаулық – адам өміріндегі ең жоғары бағалы дүние. Денсаулық адамның саулығы. Дені сау адамның көңіл-күйі көтеріңкі болады және өзін-өзі жақсы сезінеді, еңбекке әрқашан құлшына кіріседі. Әрбір адам өз денсаулығының мықты болу жолдарын қарастыру керек. Балалар денсаулыққа судың пайдасы бар ма? Бар екен. Адамның ағзасында 70-80% су құрайды екен. Біз бүгін сумен ойнай отыра денсаулығымызды нығайтамыз. Дайынбыз ба! Балалар екі топқа бөлінеді.

1- сайыс: «Су тасы» Шарты: Балалар бір-бірден қасықпен су тасиды. Қай топтың суы көп болады, сол топ жеңіске жетеді.

2-сайыс: «Шар ату» Шарты: балалар белгіленген жерге дейін қаппен секіріп келеді де, суы бар шарды атады. Қай топ көп шар жарса, сол топ жеңіске жетеді.

3-сайыс: «Қайық» Шарты: 5 бала екі шығыршық арқылы көлдің арғы жағына барып қайтуы керек. Кім тез келеді сол топ жеңіске жетеді.

4-сайыс: «Шар үрле» Шарты: Ыдыстағы суды шелекпен апарамыз да мына ыдысқы құямыз. Су құйған соң ыдыстың ішіндегі шар қалқып бетіне шығады. Сол шарды үрлеу арқылы келесі ыдысқа түсіреміз. Сайыс осылай жалғаса береді. Қай топ бірінші болады сол топ жеңіске жетеді.

5- сайыс: «Суретті аяқта» Шарты: мольбертте суреттер тұрады сол суреттерді жүгіріп барып аяқтау қажет.

Балалар бүгінгі мереке сендерге ұнады ма? Иә.

Балалар бүгінгі мерекеміз өз мәресіне жетті. Бұл ойында кім жеңді деп ойлайсыңдар? Жеңімпаздарды мадақтау.



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
2 ұстаз жүктеп алған
17.06.2024
188
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі