Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

"Қош келдің, төрлет Наурызым"

Материал туралы қысқаша түсінік
Тәрбиешілерге
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тақырыбы: «Қош келдің, төрлет наурызым!».

Мақсаты: Ұлыстың Ұлы күні Наурыз мерекесі туралы түсінігін молайту

туған елге деген сүйіспеншілікпен бірге салт-дәстүрді

құрметтеуге үлкендерді, бірін – бірі сыйлауға тәрбиелеу.

Ойлау қабілетін, тілдерін дамыту, мерекелік көңіл – күйлерін

көтеру.

Керекті құралдар: Арқан, қағаздан қиылған теңгелер.

Кейіпкерлер: Мыстан,Қыдыр ата.

Ұлттық киім киген балалар әдемі әуенмен кіреді.

Жүргізуші: Құрметті қонақтар балалар! Бүгін күн мен түнді теңеген, бәрімізді қуанышқа бөлеген, Наурыз мерекесі, Ұлыстың Ұлы күні – Наурыз құтты болсын! Тауық жылы әр отбасына құт-береке,шаттық әкелсін. Бұл күні адамдар ауласын тазалап, тал егеді. Бір-бірімен құшақтасып көрісіп, амандық – саулық тілейді.

Армысың Наурыз мереке ,ырыс береке,

Қош келдің, сені күтуде бүгін кең өлке!

Армысың Наурыз! Қуаныш болып кір , төрлет

Ел болып саған көрсетіп жатыр сый-құрмет!

Осы Наурыз мерекесіне арналған «Наурыз тойы» атты ертеңгілігімізді бастайық. Балалар осы мерекеге арнаған тақпақтарын айтып береді.


1. Ақжайнақ: Наурыз келіп , көктем сазы білінер.

Ойнап – күлген жас балалар жүгірген.

Жаңа жылы қазақ деген ұлы елдің ,

Наурыз айы шаттықпенен гүлденер,


2. Медина: Армысыздар аңсаған дана халқым.

Сәлем беру ежелгі ата салтым

Ұлыстың ұлы күні наурызбенен,

Сіздерді құтықтаймыз шын жүректен.


Ән – хор : « Наурыз біздің Жаңа – Жыл! »

Мыстан кемпір келді. Сәлемдесіп , құттықтайды.

  • Сәлеметсіздер ме қонақтар , балалар! Ұлыстың ұлы күні Наурыз құтты болсын! Еліміз тыныш, бақытты болайық. Мына алтын асықты тауып алдым. Қәзір осы асықтың иесі іздеп келетін шығар. Оны мен ұстап алып орманға өзіммен бірге алып кетемін.

Атпен шауып , Бақтияр кіреді. Сәлемдеседі!

  • Сәлеметсіздер ме қонақтар , менің достарым. Наурыз мересі құтты болсын! Достар мен алтын асығымды жоғалтып алдым сендер асығымды көрмедіңдерме ?

Балалар: Біз асығыңызды көрдік . Ол әне Мыстан апада сен абай бол.

Бақтияр: Мен мыстан ападан асығымды алайын.

Сәлеметсіз бе, мыстан апа! Асығымды алып беріңізші.

Мыстан: Сәлеметсің бе! Балам мен кәріліктен тұрсам отыра алмаймын, отырсам тұра алмаймын. Өзің ал. Мен алып бере алмаймын.

Бақтияр: Апа мен жастықтан еңкисем түзу тұра алмаймын. Тұрсам еңкейе алмаймын.

Мыстан: Мен алып бере алмаймын. Өзің ал .

Бақтияр: Апа анау ат басындай алтынды қараңызшы .

Мыстан: Ат басындай алтын қане, қане !

Ол алтынды іздеп тұрғанда , Бақтияр асықты алып қашпақшы болды. Бірақ оны ұстап алды .

Мыстан: Қарай гөр , мені алдап қашып кетпекші болды. Енді мен сені үйіме апарамын. Сен үйдің барлық тірліктерін істейтін боласың.

Балалар: Мыстан апа, біздің досымыз Бақтиярды жіберіңізші.

Мыстан: Жоқ жібермеймін . / Сәл ойланып/ Егер сендер менің үш шартымды орындасаңдар мен Бақтиярды жіберемін .

Балалар: Ия, шартыңызды орындаймыз.

Мыстан: Ал онда менің бірінші шартым. Осы сендер қазақтың ұлттық аспаптарын білесіңдер ме ?

Балалар: Ия білеміз . Ұлттық аспаптары: домбыра , қобыз , дауылпаз , жетіген , асатаяқ , сыбызғы , сазсырнай тағы басқа .

Мыстан: Ұлттық аспаптардың бірі – домбыра жайлы ән тыңдағым келеді.

Жүргізуші: Қәзір Ақжайнақ , Медина , Анвар « Домбырасыз ән қайда » әнін айтып береді.

Мыстан: Әнді жақсы айтады екенсіңдер.

Ал келесі шартым : Бұл шартты орындай алмайсыңдар. Егер орындай алмасаңдар мен достарыңды өзіммен бірге алып кетемін.

Осы домбырамен би билеп беріңдер.

Жүргізуші : Қазақтың қасиетті домбырасы жайлы ән де көп , домбырамен билер де аз емес. Біздің қыздарымыз « Домбыра » биін билеп береді.

Мыстан : Қыздар биді жақсы биледі . Енді үшінші шартымды орындай алмайсыңдар балалар, қазақтың ұлттық ойынын білесіңдер ме?

Балалар: Ұлттық ойындар « Арқан тарту » , « Бәйге » , « Көкпар » , « Тақия тастамақ » , « Соқыр теке » , « Теңге ілу » , « Қыз қуу » тағы басқа.

Мыстан: Ойындарды атай білдіңдер. Енді « Теңге жинау » ойынын ойнасақ қайтеді.

Ойын шарты: 2 топқа бөлініп « Теңге жинау ».

Жүргізуші: Мыстан апа сіздің үш шартыңызды орындадық.

Енді біздің Бақтиярды жіберіңіз.

Мыстан: Жоқ , жібере алмаймын. Балалар мен кәрімін , белім ауырады, Бақтияр менің үйімді тазалап, тамағымды пісіріп береді.

Балалар : Досымыз Бақтиярды жіберіңізші.

Жүргізуші: Мыстан апа, бұныңыз жарамайды. Сіздің үш шартыңызды орындадық. Енді сөзіңізде тұрып, Бақтиярды жіберіңіз.

Мыстан: Жоқ,жібермеймін.(Қыдыр атаны көріп қорқып).Қыдыр ата келеді, қазір ол маған ұрысып, бәле қылады. Бар Бақтияр, бара ғой!

Қыдыр ата кіріп, сәлемдесіп, мерекемен құттықтайды.

Қыдыр ата: Амансыңдар ма, балалар, қонақтар.

Ұлыстың ұлы күні – Наурыз құтты болсын!Ақ мол болсын!

Балаларды шулатып жатқан, сен бе?

Мыстан: Сәлеметсіз бе, Қыдыр ата!Жоқ , балаларға мен тиіскен жоқпын. Олар өздері шулап жатқан.

Жүргізуші: Сәлеметсіз бе, Қыдыр ата! Келіңіз, төрлетіңіз!Сіздің келгеніңіз жақсы болды. Мыстан апа сізді көріп, Бақтиярды жібере салды.

Қыдыр ата: Мыстан,Ұлыстың ұлы күні бір – бірімен араз адамдар татуласып, құшақтасып, бір – біріне деген өкпесін кешіреді. Қатал , қайырымсыз адамдар мейірімді, шыншыл болады.

Жүргізуші: Қыдыр ата , Мыстан апа ,төрлетіп балалардың өнерін тамашалап көңіл көтеріңіздер наурыз мерекесіне арналған тақпағын айтып береді.

Бақтияр: Келіңдер,наурыз тойын карсы алайық.

Билейік, жыр-жырлайық, ән салайық,

ҚаҺарлы қыстан өтіп,наурыз келіп,

Арқаңды кеңге салшы , уа халайық!


Ақниет: Жаңа жылым келіп қалды,

Басқа ұлттармен татулыққа жол ашқан,

Дәстүрімен мақтанамын елімнің,

« Мен қазақ »деп дүниеге жар саламын.


Жүргізуші: «Тойдың көркі ән» дейді халқымыз. Олай болса әнге кезек берейік. Бақтияр , Даша « Көктем келді » әнін айтып береді.

Мыстан: Балалар өте өнерлі екен. Қыдыр ата, 2 топқа бөлініп,

« Арқан тарту» ойынын ойнасақ қайтеді.

Ойын: « Арқан тарту ».

Жүргізуші: Біздің ұлдарымыз « Батырлар » биін билеп бергісі келеді.

Жүргізуші: Мыстан апа, мың бұралған қыздарымыз сізге арнап

« Әжелер » биін билегісі келеді.

Би: « Әжелер »

Жүргізуші: « Батаменен ел көгереді» дейді, Қыдыр ата өзіңізден бата сұраймыз.

Қыдыр ата: Өте өнерлі, жақсы балалар екенсіңдер. Би билеп, ән айтыңдар. Ойынды да жақсы ойнадыңдар . Сендерге ақ батамды беремін.

  • Жас ұрпақ өмірлі болсын!

Тұрмысы көңілді болсын!

Ата – анаға мейрімді болсын!

Өнерге , білімге зейінді болсын!

Ұлыстың ұлы күні оң болсын!

Ақ мол болсын!

Қайда барсақ жол болсын!

Дастарханың кең болсын!

Уайым – қайғың жоқ болсын! ( Әумин )

Жүргізуші: Рахмет, сіздерге.

Мыстан: Балалар , Наурыз мерекесінде қандай тағам пісіреді. Оған неше тағам қосады?

Балалар: Наурыз көжеге 7 дәм қосады. Арпа, бидай, сүр ет, су, тұз, сүзбе, май.

Мыстан: Жарайсыңдар, барлығын біледі екенсіңдер. Жүріңдер біздің үйден Наурыз көже ішіңдер.

Жүргізуші: Осымен ертеңгілігіміз аяқталды. Наурыз құтты болсын. Сау болыңыздар.

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
05.01.2019
671
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12