жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
"Қош келдің,Жаңа жыл!"
Өткізілетін күні: 25.12.2017ж
Өткізілетін орны: Музыка залы
Тобы: «Балдаурен» ересектерт тобы
Тақырыбы: «Қош келдің,Жаңа жыл!»
Мақсаты: Қыс мезгілінің көріністері,оның кереметтері жайлы мәлімет беру. «Жаңа жыл» ертеңгілігіне қатыса отырып,балалардың көркем сөйлеу қабілеттерін арттыру,шығармашылық шеберліктерін шыңдау.Көпшілік ортада өзін дұрыс ұстауға,әдептілікке тәрбиелеу. Кейіпкерлермен бірге мерекені қарсы алып, балаларға жаңа жылдық көңіл-күй сыйлау.
Кейіпкерлер: Аю,Маша, Сиқыршы,Мыстан,Аяз ата,Ақшақар.
Музыка әуенімен залға ата-аналар кіреді. Осы кезде сиқыршы шырша артынынан шығып ата-аналарды қатырып тастайды.
Сиқыршы: Жана жылға менөзім келмесемменіешкім шақыратын ойы жоқ! Менсіз ешкімде мерекені тойламайды. Енді бәрін осылайқатырып тастаймын ал өзім шыршаны айналып тойлай беремін.
Зал ішіне екі жүргізуші кіреді.
1-жүргізуші Айбын: Мұнда не болған.Неге барі қатып қалған (ата-аналардытүртіп көреді)
2-жүргізуші Димаш: Мұнда бір гәп бар. Мына қонақтар бекерден бекер қатпаған. Біреу сиқырлап тастағанғой.
(Сиқыршы шырша артынан атып шығып) Ердос:ЕЕЕЕ сендерде келген екенсіңдер гой мен сенерді жылда осы жерде мереке тойлағандарыңды көріп жүрмін. Мені арнайшақырмағандарың үшін сендерді де сиқырлап тастаймын.
1-Жүргізуші Айбын: Жоқ сиқыршы бізге ол қажет емес неге біз барлығымыз осы мерекені бірге тойламаймыз сен бізді кешір біз айыптымыз біздің мына сыйымызды алда қонақтарымызды қайта қалпына келтір қанеки мерекені бастайық!
Сиқыршы Ердос: Жарайды мен келістім ал келесі жылы мені шақырмасаңдар қайта мерекені тойлмаймыз. (Таяғымен сиқырдың күшін жояды)
Ата ана сойлейді:Қанай керемет өзімізді бір балалық шаққа саяхат жасағандай болдық. Қане,ата-аналар біз енді бүлдіршіндердің өнерін тамашалайық.
Ата-аналар орындарына жайғасады.
2-жүргізуші Димаш:Құрметті ата-аналар біз сіздерді сиқыршының сиқырынан құтқардық енді тамаша көңіл күймен мерекені бастайық! Жаңа жылдарыңыз құтты болсын! Жаңа жыл барша отбасына тек жақсылығымен келсін Ескіжыл есіркеп-Жаңа Жыл барлығымызды жарылқасын.Ендеше ертеңгілікті бастай отырып біздің балдаурен тобын ортағы барша қошеметпен шақырамыз.
Сиқыршы Ердос: Жаңа жыл келді
Азаймасын ән мен жыр
Ел көңілін көтерсін құтты болсын жаңа жыл
Құттықтаймыз сіздерді
Тезірек тездетіп мұнда жиналыңдар
Басталады жаңа жылдық карнавал
Маскада бар би де бар асығыңдар
Аяз ата шақырғанның бірінде қалмайды
Басталады басталады жаңа жылдық карнавал
Карнавалдың иелерін қарсы алыңыздар
Музыка әуенімен балалар кіреді.
1-Жүргізуші Айбын: Достар біз бәріміз осында жиналдық Киімдерімізде келген қонақтарда бәрі тамаша Бірақбіздің шыршамыз көңілсіз оны жағу үшін бізге кімнің көмегі қажет?
Барлығы: Аяз атаның
2-жүргізуші Димаш: ендеше неге тұрмыз шақырайық аяз атаны
Барлығы: Аяз ата Аяз ата
Музыка әуенімен аю келеді:
Аю (Анет) :Салем достар! Жана жылдарынмен!Здравствуите друзия! Сновым годам!
Мен қысқы ұйқыда болатынмын қатты айқай шу тасыр түсір шошып ояндып не болып қалды деп ормандағы достарымнан сұрап едімбәрінің айтатыны біреу: жаңа жыл келді жаңа жыл келді диді.Менде Маша досыма куыршак алып едим жогалтып алдым. Машага не сыйлаймын енди.
1-жүргізуші Айбын: Мәссаған достар бұл Маша мен аю мультфильіміндегі аю ғой Аю біз сені емес Аяз атаны шақырған едік.
Осы кезде жүгіріп Маша келеді.
Маша: Ой,қандай керемет Алақай, әдемі шырша екен!
Аю Анет: Ой Маша мен сені іздемеген жерім жоқ. әрең таптымғой жүр кеттік мерекені үйде тойлаймыз.
(Кетіп бара жатады)
2-жүргізуші Димаш:тоқтаңыздар кетпеңіздер бізбен бірге болыңыздар! (екеуі қуанып балалардың жанына келеді)
2-жүргізушіДимаш:: Достар біз бәріміз осылай шырша шамын жақпай мерекені тойлай беремізба Қане Аяз ата мен ақшақарды шақырайық.
Барлығы Аяз ата,Ақшақар
Біз сіздерді сағындық
Тез келіңдер ортаға
Аяз ата Ақшақар 3 рет
Аяз ата: Құтты болсын балалар
Келген жаңа жылдарың
Алаңдамай өсіңдер
Еркелеп ұл қыздарым
Өткен жылы келіп едім
Бәріңді де көріп ем
Жыл өткізіп келем деп
Уәдемді беріп ем
Ойларың мен бойларың да
Бірдей өсіп қалдыңдар ма
Ал мінеки Аяз ат келіп қалды алдарыңа
1-жүргізушіАйбын:Аяз ата Ақша қар ұзақ жолдан шаршаған боларсыздар біздің әсем әнді тыңдап бір дем алып алыңыздар.
Ән:«Аяз ата Ақша қар»
2-Жүргізуші Димаш: Достар мына қорап бағанадан бері тұр қане бәріміз осы сыйлықты бөлісіп алайық!
Қорап қимылдайды. Ішінен сайқымазақ шығады.
Би: «Сайқымазақтар»
Аяз ата сөзі:Қандай керемет менің бар шаршағаным басылып бір серігіп қалдым солай емеспа ақшақар бұл би сағанда ұнаған болар.
Ақшақар: Әрине аяз ата би өте керемет рахмет сендерге балалар.
1-Жүргізуші Айбын:Достар ендеше неге тұрмыз бұл мереке біздің мереке сондықтан аяз ата мен ата аналар біздің \өнерлі екенімізді көрсін. Өз жыр шумақтарын айтуға мен достарымды шақырғым келеді.
Жыр шумақтар: 8 бала
1.Нұрсат:
Шеберін айаяздың
Әйнектерді қағаз
Әшекейлеп қойыпты
Бірнеше ою ойыпты
Суреттерді әр үйге
Әйнектерге әрине
Түнде салып береді
Көзі қалай көреді?
2.Бақберген:
Көңілде көп қуаныш
Әр көңілде жақсы үміт
Кетер жылға мың алғыс
Әкелген көп жақсылық
Жаңа жылда алдағы
Көңіл өсіп кеңейсін
3.Руслан:
Жасыл желек жамылған
Асыл моншақ тағылған
Міне сұлу шыршамыз
Көптен күтіп сағынған
Келді келді жаңа жыл
Қуанып қарсы ала біл
Аяз ата сыйлығын
Алайық айтып жаңа жыр
4.Абылай:
Аяз келді қаһарлы
Айналаны қар жапты
Ақ тон киіп орман тұр
Дәл атамдай салмақты.
5.Мейіржан:
Жүзімізге күлкі ойнап
Қанаттанды жанымыз
Жаңа жылды біз тойлап
Шаттанамыз бәріміз.
Жаңа жылға сәніміз
Біздің айтар әніміз
Келдің бе аман алыстан
Сәлем аяз атамыз.
6.Досымжан
Жылдың әсем бұл шағы
Шыр айналдық шыршаны
Шоқ жұлдыздай көктегі
Шыныны қағып тұр шамы.
7.Нұрлыхан
Жүімізге күлкі ойнап
Қанаттанды жанымыз
Жаңа жылды біз тойлап
Шаттанамыз бәріміз
8.Әмірхан
Аспан жерге төгеді
Ақ күмісін уыстап
Жаңа жылда келеді
Бізге қарай жылыстап
Көрсін біздей балғынды
Шырқатайық ән жырды
Мыстан: Шырша тойларыңды шығарайын сендердің,Қайда сиқыршы,сиқыршы мен сені не үшін ерте жібердім.Жаңа жыл тойларын менсіз бастамасын деп едім ғой.
1-Жүргізуші Айбын: Мыстан әже ашуыңызды басыңыз мерекелік көңіл-күйді бұзбаңыз.Келіңіз сізде бізбен бірге жаңа жылды тойлаңыз.
Мыстан: Жарайды. Бірақ мен жынымды ойын ойнап шығарып алайын.
Ойын: «Кім жылдам» (атаналар мен балалар)
Би:«Гномдар биі»
2-Жүргізуші Димаш:: Келесі кезекті тағы да жаңа жылдық жыр шумақтарға береміз.
Жыр шумақ: 5 бала
1.Санжар
Жасыл шарша орманнан
Бізге арнайы келіпті
Ойыншығын балалар
Шыршаға әсем іліпті
Әсем шырша сәнденген
Өз аңдарын күтеді
Жаңа жылмен бірге біз
Әсем әнді шертеді.
2.Расул.
Ақшақарға малынып
Аппақ тонын жамылып
Сақалы мен мұртына
Күміс моншақ тағынып
Аяз ата келеді
Балаларды сағынып
3.Нұрмұхаммед.
Далда қар борайды
Ақ мамыққа орайды
Мұз болады қатады.
Жып жылтыр боп жатады.
4.Асылжан
Шыршамызды әсемдеп
Ән шырқаймыз билейміз
Өзімізде күлімдеп
Жабырқауды білмиміз
5.Ислам
Сақалы аппақ күмістей
Тістері аппақ күіштей
Қызыл ала шапаны
Сағындым аяз атаны.
Әлде қарлы боранда
Тау басынан түстіме
Аяз ата оралды
Ақ тон киіп үстіне.
Сиқыршы Ердос : Достар,менде мыстан әже сияқты сендермен ойнағым келіп тұр.Менімен ойнайсыңдар ма?
Ойын:(Балалармен)Ердостың анасы
Сиқыршы Ердос: Достар,білесіңдер ме, мен залға ең бірінші келгенде қуыршақ тауып алдым,сол қуыршақ аюдыкі екен ғой,бірақ мен аюға айтуға қорықтым.
Аю Анет:Мммм сен тауып алған екенсің ғой.
1-Жүргізуші Айбын:Аю сен ренжіме Сиқыршы қуыршағыңды өзіңе қайтарады,бірақ сен біздің достарымыздың әдемі қуыршақ биін тамашала.
Аю Анет: Жарайды,бірақ қуыршағымды қайтар сиқыршы,оны мен Машаға алғанмын.
Сиқыршы береді.
Ән: «Замела метельица»
2-Жүргізуші Димаш:Міне аюда сиқыршыда мәз мәйрам керемет көңіл күймен мерекені тойлап жатыр.Ендеше осы мерекедегі әдемі,сұлу, көрікті кішкентай қуыршақтарымызды ортаға өз өнерлерін көрсетуге шақырамыз.
Би:«Қуыршақ биі»
1-Жүргізуші Айбын: Қандай керемет қуыршақтар, аяз ата ақшақар біз қуыршақтардың тамаша биін тамашаладық енді достармызбен бір ойын ойнасақ қалай болады:
Ашақар ойын сөйлемді аяқтау.
2-Жүргізуші Димаш: Бұл мереке біздің есімізде қалактын үлкен мереке болды ендігі кезек әдемі қуыршақтардың жыр шумағына ұсынбақшымыз
Жыр шумақтар 9 бала
Сәуле:
Шыршмызда керемет
Ойыншықтар тағылған
Алыс жақтан келіп тұр
Аяз ата сағынған
Кезектесіп балалар
Тақпақ айтып береміз
Сұрақ қойса ақшақар
Ойланып жауап береміз
Айару:
Мұздан моншақ тағынып
Күміс қырау жамылып
Ортада тұр ақшақар
Көптен күтіп сағынып
Кел билейік сенімен
Деймін тартып жеңінен
Еріп кетпе ақшақар
Адамдардың демімен
Жания:
Міне тағы келіп тұр
Жаңа бір жыл балалар
Жадыратып жер үстін
Төрімізге ол шыққан
Аспан жерге төгеді
Ақ күмісін уыстап
Жаңа жылда келеді
Бізге қарай жылыстап
Алтынай:
Жамылған ақ мамық ұлпа қар
Нұрланар кең байтақ Отаным
Бала жоқ сыйлықтан құр қалар
Сыйлығы көп аяз атаның
Нұрсая:
Төбемізде қарғалар
Әрлі берлі жүрді ұшып
Шыршамыз тұр жарасып
Ойыншықтар тізіліп
Көз алмай біз тамсанып
Қарап тұрмыз қызығып
Каусар:
Ақ сақалды таяқты
Қалың қырау қабақты
Аяз ата аямай
Бізге сыйлық таратты
Ойыншығы шекері
Орасан көп сияқты
Айзере:
Жасыл шырша жанында
Айнала ойнап ән саламыз
Өзіміздің бақшада
Жаңа жылды қарсы аламыз
Мейірім:
Жаңа жылды біз тойлап
Шаттанамыз бәріміз
Өлеңде әзір ән әзір
Ойында әзір бәрі әзір
Кел жаңа жыл біздерге
Кел жаңа жыл жаңа жыл!
Нұрай:
Игрушки разноцветные
Она для нас развесила
И все глядет на елочку
И всем сегодня весело
1-Жүргізуші: Айбын: Бізде биде бар ойында бар, керемет әнде бар .Біздің тамаша әнімізді тыңдаңыздар.
Ән:«Жаңа жыл»
1-Жүргізуші Айбын: Құрметті біздің ата-аналар апайлар достар сізздерді Жаңа 2018 жаңа жылдарыңызбен құттықтаймыз.Сіздергі жаңа жылда жаңа табыс, бақыт тілейміз.
2-жүргізуші Димаш: Міне қымбатты достар құрметті қонақтар бірлесіп өткен мереке қашанда қуанышты өтеді. Достық пен бірлік әрқашанда бірге болмақ.
Барлық жандар бір тілекке қосқан үн
Бақытты боп бастады жыл дастанын
Қуанышпен той болып клді жаңа жыл
Құтты болсын жаңа бақыт достарым!
Екі жүргізуші: Мерекелеріңіз Жаңа жылдарыңыз құтты болсын!
Аяз ата сыйлық таратады.
«Айналайын бөбекжайы» КМҚК
Тақырыбы:
«Қош келдің,Жаңа жыл!»
Тобы: «Балдәурен» ересектер тобы
Тәрбиешілері: Баймишева Н
Әліпбаева А
Әдіскер КМҚК: Тоқсанбаева И
2017-2018 оқу жылы
шағым қалдыра аласыз



Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген