Қосымша білім алудың маңызы

Тақырып бойынша 12 материал табылды

Қосымша білім алудың маңызы

Материал туралы қысқаша түсінік
Жалпы қосымша білім алудың маңызы зор екені жөнінде. Соның ішінде, өнердің орны ерекше екенін жеткізу.
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Қосымша білім алудың маңызы»

«Өнер алды қызыл тіл», «Өнерлінің өрісі кең»,-деген сынды нақыл сөздерді қазақ халқы тектен-текке айтпаған. Өнер-адам баласының ойы арқылы жүзеге асып, қолымен жасайтын ішкі құндылықтан туындайтын саласы. Өнердің түрі өте көп. Атап айтар болсам: әнші, биші, суретші, музыкант, тігінші, сәулетші, аспаз,ақын, жазушы т.б. Аталмыш саланың өкілдерінің бәрінің дерлік бойында рухани шығармашылыққа деген қызығушылықпен өзгеше дарындылық болады. Өне бойын кернеген икемдері арқылы өзі қалаған өнер түрімен айналысады, яғни шығармашылықтың адамы үнемі қиялшыл, іздемпаз, жан-жақтылықпен өзгеден дараланып тұрады. Осы тұста жасөспірімдер мен балаларды бойындағы өнерін қолдап, әрмен қарай дамытуға сүбелі үлесін қосатын нәрсе ол қосымша «өнер мектебі» және сол бағытта жұмыс жасайтын білікті ұстаздар болып саналады. Адам баласы жаратылысын бастағаннан- ақ заманына қарай өнері арқылы, өсіп-өркендеп отырған. Тарихта аты аңызға айналған барша ұлы тұлғалардың артына қалдырған үлкен мұрасы ол-өнері. Дамып, жетіліп отыру сатысында әр адамның дарыны мен білікітілігі мен білімінің арқасында бүгінгі күні өнер саласы үлкен жетістіктерге өте бай. Қоғамды өнердің қай түрінен болса да елестету мүмкін емес, өнерсіз ел болмайды. Осы орайда қазақ өнер түрлері мен өнер мектептеріне тоқталсам. Қазақстандай-ғажапстанымыз өз егемендігін алғалы бері сан қилы оқиғаның куәгері болды. Еліміздің ел болып қалыптасуына ең бірінші үлкен септігін тигізген ол-қазақ мәдениеті мен өнері. Біз өнердің қай саласында болмасын жүрген аға-әпкелерімізді аса құрметтейміз. Қазақ өнері ақын мен жыршыларға, әнші мен күйшілерге аса бай. Ата-бабамыз ертеден -ақ түрлі-түсті ою-өрнектермен киіз басып, текеметтерді жарыққа әкелген. Әрбір қазақ отбасының қыз баласы бойжете келе ине ұстап, тоқыма тоқыған. Жастайынан дәмді тағамдар жасап, түскиіз, кілемдер тоқи білген. Ал қазақ жігіттері неше түрлі металлдардан қару жарақтар мен шаруашылыққа қажетті жұмыс заттарын жасаған. Киелі санаған үй жануарларының ер тоқымдары мен белбауларын тігіп, қыштан құмыра жасап, кірпіш өрген. Мұның бәрі үлкен өнер, үлкен еңбек. Қазақтың өнерінде қазақтың иісі сіңген, ұлттық колоризімнің иісі аңқыған ұлттық құндылықтар бар. Ол құндылықтар үлкен өнерден туындаған. Біздің ұлттық киімдеріміз, ұлттық музыка аспаптарымыз, ұлттық тағамдарымыз, ұлттық сәулет өнеріміз, ұлттық ою-өрнектеріміз, ұлттық спортымыз бар. Қазақтың қазақ екенін дәлелдейтін өнерлері осылар. Осы орайда қосымша білім алудың маңызы тақырыбының қандай қатысы бар? Өнердің ше? деген сұрақ туындайды. Иә, тақырып жалпы өнер туралы түсіндіріп келіп, оның ішіндегі қосымша өнер мектептеріне тоқталу. Өнер мектебі-жас дарынның бойындағы қабілетін дамытатын,шыңдайтын қосымша білім беру ордасы. Әр ата-ана баласының жан-жақты тұлға болып қалыптасуы үшін, бала бойынан икем мен дарынды іздеу арқылы бір өнердің түріне бағыттайды. Бала жақсы көріп, сүйіп өзі қалаған нәрсемен айналысу арқылы болашақта нық сеніммен мамандық таңдай алады. Бұл ретте өнер мектебінің берер маңызы зор. Қосымша білім беру, қосымша білім алу ешқашан аздық етпейді. Білім жолында болсын, мейлі өнер жолында. Бүгінгі өнер мектептері әр түрлі бағыттарда жұмыс жасайды. Ән,музыка, вокал, поэзия, сахыналық қойылым, актерлік шеберлік, әр түрлі музыкалық аспаптарды үйрету, би оның неше түрлі бағыты, сурет бейнелеу өнері, спорт, тігін үйірмесі, оқу үйірмелері, т.б. өте көптеген бағытта сабақ береді. Өнер мектептерінде балаларға барлық жағдай жасалынып, жасаған керемет еңбектерімен түрлі сайыстарға қатысуға, бағын сынап сыйлықтар мен марапаттарды алуға жағдай жасалынады. Білікті өз мамандығының майталман ұстаздары өнер жолының барлық қыр сырымен балаларды таныстырып, машықтандырады. Бүгінгі заман талабы қосымша білім алуды көздейді. Себебі, бір ғана мектеппен шектелу заман ағымының сұранысына тура келмейді. Өнердің қай-қайысы болмасын қыз балаға да ұл балаға да артықтық етпейді. Керсінше көптеген пайдасын тигізеді. Қазақтың ұлттық өнерін дәріптейтін жастар көбейеді, қазақ ұрпағы шетінен дарынды, икемді, қабілетті болады. Қазақ өнері жаңа форматта жанданады, қосымша өнер мектептері көбейеді. Бүгінгі күні жыртығы жамалып, бүгіні бүтінделген тәуелсіз Қазақстанды әлем ареналарында өнеріміз арқылы танытып келе жатқан дарынды жастарымыз өте көп. Көк туымызды көкте желбіретуге үлесін қосқан әрбір өнер иесі еліміздің мақтанышы, бәрі де түрлі өнер мектептерінің түлегі. Міне, қосымша білім алу, қосымша жетістікке жеткізеді деген осы болар.

Гинаятова Гайни Болатқызы

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
28.02.2025
165
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі