Тақырып бойынша 11 материал табылды

ҚОСЫМША БІЛІМ БЕРУ АРҚЫЛЫ ЖАСӨСПІРІМДЕРДІҢ КӨШБАСШЫЛЫҚ ҚАСИЕТТЕРІН ДАМЫТУ

Материал туралы қысқаша түсінік
Жасөспірімдердің көшбасшылық қасиеттерін дамыту жайында ақпарат.
Материалдың қысқаша нұсқасы

ҚОСЫМША БІЛІМ БЕРУ АРҚЫЛЫ ЖАСӨСПІРІМДЕРДІҢ КӨШБАСШЫЛЫҚ ҚАСИЕТТЕРІН ДАМЫТУ

КІРІСПЕ:

Жаңартылған білім беру бағдарламасының алға қойған мақсаты – оқу бағдарламасының құрылымын, ондағы материалдардың күрделілігінің өсу ретін, мазмұны және мақсаттарымен танысып, педагогикалық тәсілдерді түсіне отырып қолдану, оқу мақсаттарына қол жеткізуде критериалды бағалау жүйесін тиімді пайдалану арқылы оқушылардың тілдік дағдыларын, көшбасшылық қабілеттерін қалыптастыру. Бүгінгі күні Қазақстандық білім беру жүйесіндегі жаңғырту мен инновациялық үдерістердің жалғасуына ықпал етудің маңызды факторының бірі – мұғалімнің кәсіби шеберлігі. «Педагогтік шеберлік – дарынды талант емес, үйрену, ізденудің нәтижесі. Мұғалім шеберлігі жайлы жазылған дайын қағида жоқ, болуы да мүмкін емес.

Мұғалімге тән ең бірінші қасиет – баланы құрметтеу. Оның адамшылық ар-ожданын, намысын, тұлғасын жасына қарамай сыйлау, құрмет тұту. Бұл мұғалімнің терең дүниетанымы мен үлкен жүрегінен келіп шығады». Демек, білім мазмұнын жаңарту тікелей шығармашылық ізденістегі мұғалімнің кәсіби шеберлігіне байланысты. «Мұғалім көп әдісті білуге тырысуы керек. Оны өзіне сүйеніш, қолғабыс нәрсе есебінде қолдануы керек», – деп Ахмет Байтұрсынов айтқандай, қазіргі заман талабына сай білім беру мәселесі сол қоғам мүддесіне сай болуы керек. Бұл жолда өз ісінің шебері ғана жоғары жетістіктерге жетеді. Білімнің бастауы, қайнар көзі – мектеп болса, келешек ұрпақтың алғашқы баспалдағы – бастауыш білім беру саласы екені баршамызға аян. Осы тұста Мұхтар Шаханов ағамыздың мына бір сөзі ойға оралады. «Бала жүрегі кішкентай күй сандық. Сол сандықтың кілтін тапсаң ғана ашылады. Мұғалімнің қолында үнемі сол кілт жүруі керек» дегендей, педагогтар үнемі ізденісте болуы керек. Бүгінгі күні әлемдегі барлық елдер жоғары сапалы білім жүйесіне ұмтылуда. Өйткені қазіргі заманда елдің бәсекеге қабілеттілігі экономикасының дамуына қатысты болса, ал оның дамуы мемлекет азаматтарының білімділігі мен біліктілігіне байланысты. Сондықтан білім беру жүйесін болашақтың талабына сәйкес дамыту тиіс.

НЕГІЗГІ БӨЛІМ:

Көшбасшылар адамзат тарихының барысында барлық мәдениетте орын алған. Египет иероглифінің арқасында «көшбасшыны» білдіретін символдың бес мың жыл бұрын болғанын біле аламыз.

«Көшбасшы» (лидер) сөзі ағылшын тілінен аударғанда «жетекші, бірінші, алда жүруші» деген мағынаны білдіреді.

Көшбасшылық туралы түсініктердің дамуы, осы бағыттағы эксперименттік еңбектер көшбасшылық түсінігінің төрт негізгі тәсілінің туындауына, қалыптасуына ықпалын тигізеді. Алдыңғы тұжырымға сүйеніп жасалған еңбектер, алғашқысына қарағанда жетілдіре түсті. Олар келесі тәсілдер:

1) тұлғалық қасиеттері тарапынан;

2) мінез-құлықтық;

3) жағдаяттық;

4) эмоциялық зият негізіндегі көшбасшылық

Тұлғалық қасиеттері позициясының тәсілі (1930 жж.) барлық көшбасшының жеке тұлғалық қасиеттері арналған белгілі бір жинағы бар көшбасшылықты түсіндіреді: атаққұмар, энергиялы, адал және тік, өзіне сенімді, бейімделгіш, қабілеттілік және білім. Әсіресе, бұл қасиеттер атақты көшбасшыларда байқалады (атақты адамдар теориясы). Дегенмен, жеке қасиеттер жетістікке кепілдік бермейді, олардың маңыздылығы көбінесе басқа факторларға байланысты. Осы тәсілдің аясында алғашқы қадам жасалды және қызметкерлерді жеке қасиеті бойынша іріктеудің ғылыми базасы жасалды. Жеке мінездемелердің 9 концепциясы қызметкерлердің іскерлік қасиеттерін бағалау мен дамытудың түрлі бағдарламасында көрініс табады.

Мінез-құлықтық тәсілі (1940-1950 жж.) көшбасшылықты басшының қарамағындағыларға деген қатынасы бойынша мінез-құлық үлгілерінің жинағы ретінде, яғни басшының басқару процесінде қолданатын тәсіл мен әдістерінің жинағы ретінде қарастырады. Көшбасшылықтың стилі өз қарамағындағыларға деген басшының бөлінген көшбасшылық деңгейін, қолданатын билік типін, сыртқы ортамен жұмыс әдісін, қызметкерге ықпал тәсілін, қарамағындағыларға деген басшының әдеттегі әрекетін көрсетеді.

Көшбасшылықтың ең танымал теорияларының бірі К. Левиннің (1938 ж.) көшбасшылық теориясы болып табылады. Ол көшбасшылықтың үш стилін бөлді:

• көшбасшылықтың авторитарлық стилі – қатаңдығымен, талапшылдығымен, бір өзі басқаруымен, қатаң бақылауы және тәртібімен, нәтижеге бағытталғанды-ғымен, әлеуметтік-психологиялық факторларды ескермейтіндігімен сипатта-лады;

• көшбасшылықтың демократиялық стилі – алқалық сенімге, бағынушылардың хабардарлығына, бастамашылдығына, шығармашылығына, өзіндік тәртіпке, саналылыққа, жауапкершілікке, мадақтауға, жариялылыққа, нәтижеге ғана емес, оған жетудің тәсілдеріне бағдарлануына сүйенеді;

• көшбасшылықтың либералдық стилі – төмен талапшылдығымен, салғырттығымен, тәртіп пен талаптың жоқтығымен, басшының қарамағындағыларға еркіндік беруімен айрықшаланады.

К. Левиннің зерттеуі еңбектің жоғары өнімділігі жеткізетін басқару стилін іздеуге негіз болды.

Р. Лайкерттің еңбектерінде 1961 ж. басқару стилінің континумын ұсынған басқарудың стилін зерттеуге көп назар аударды. Оның позициялары басқару, жұмысқа жұмылу, адамға бағытталу, басқа көшбасшылық мінез-құлық типтері болып табылады.

Эмоциялық зият негізіндегі көшбасшылық (1990-шы жж.). Бүгінде бұл ең жас, танымал теория болып саналады, оны ХХ ғасырдың 1980-1990 жж. Чикаго университетінің профессоры Д.Гоулман жасақтады. Аталған теорияға сәйкес тиімді көшбасшылық басқа адамдардың эмоциясын басқаруды білдіреді. Д.Гоулман тиімді көшбасшылар эмоциялық зиятқа ие екенін анықтады. Оның зерттеулері мен еңбектері «Эмоциялық зият – көшбасшылықтың міндетті атрибуты» екенін көрсетті.

Көшбасшылардың еңбек ұжымындағы эмоцияның рөлін түсінуі оларды басқалардан айрықшалайды. Айналадағылардың сезімдеріне ықпал ету іскерлігі қызметкерлердің жұмыс нәтижесі мен адалдығының артуына, жақсы еңбек тәртібіне, жоғары ынталануға және шын ықыласпен жұмыс жасауына әсер етеді. Жоғары эмоциялық зитқа ие көшбасшы өзінің және басқалардың сезімдерін сезінуге, оны басқара алуға қабілетті.

Д.Гоулман, Р.Бояцис және Э.Макки бойынша көшбасшының көңіл-күйі және айналадағылардың сезіміне ықпал етуі әрқашанда маңызды рөл атқарады.

Олар көшбасшылық қабілеттің төрт түрін және осыған байланысты 19 дағдыны бөледі:

Тұлғалық дағдылар: бұл қабілеттер өзімізді қалай басқаратынымызды анықтайды.

Өзіндік сана (өз сезімін сезіну):

Эмоциялық өзіндік сана: өз эмоциясын талдауы және оның өзімізге деген әсерін сезіну; шешім қабылдауда интуицияны қолдану;

Нақты өзіндік баға: өзінің мықты жақтарын және өзінің мүмкіндігінің шегін түсіну;

Өзіне деген сенімділік: өзінің қадір қасиетін сезіну және өзінің дарындылығын адекватты бағалау. Өзін бағалау (өз сезімдерін басқару):

Эмоцияны жүгендеу: жағымсыз эмоциялар мен ішкі түрткіні бақылай алу іскерлігі;

Ашықтық: адалдық, тура айтушылық, сенімділік көрсету;

Бейімділік: өзгерген жағдаятқа бейімделе алу және кедергіні жеңе білу;

Жеңіске деген еріктілік: сапаның ішкі стандартына сәйкес өнімділікті жақсартуға табанды түрде ұмтылу;

Бастамашылдық: белсенді әрекетке дайын болу және мүмкіндікті жіберіп алмау іскерлігі;

Оптимизм: жағдайға позитивті қарау – бүлдіретін ішкі түрткіні жеңу және жағымсыз эмоцияны бақылай алу іскерлігі; жағдаятқа бейімделу, өзін қажетті арнаға, яғни жеңіске бағыттау және т.б.; Әлеуметтік дағдылар: бұл қабілеттер өзіміздің адамдармен қарымқатынасымызды қалай басқаратынымызды анықтайды. Әлеуметтік қайырымдылық (басқа адамның сезімін сезіну):

Жанашырлық: өзге адамдардың сезіміне назар аудара білу іскерлігі, олардың позициясын түсіну және олардың мәселесін шешуде белсенділік таныту;

Іскерлік хабардарлық: жағдаяттарды, ұйымдастыру деңгейіндегі жауапкершілік иерархиясын және саясатты түсіну;

Сыпайылық: қарамағындағылардың қажеттіліктерін мойындау және оны қанағаттандыру қабілеті. Қарым-қатынасты басқару (басқа адамдардың сезімдерін басқару):

Жігерлендіру: болашақты жүректі жаулап алатын етіп суреттеп, өзімен еліктіріп әкету;

Ықпал ету: көзін жеткізудің, сендірудің бірнеше тактикаларын меңгеру;

Өзін жетілдіруге көмектесу: пікірдің көмегімен басқа адамдарды көтермелеу қабілетін дамыту;

Өзгерістерге әсер ету: қайта құрылым жасай алу қабілеті, басқару әдістерін жетілдіру және қызметкерлерді жаңа бағытқа апара алу;

Кикілжіңді реттеу: келіспеушілікті шешу

Жеке өзара қатынасты жетілдіру: культивация және әлеуметтік желіде тұрақты болу;

Топтық жұмыс және бірлесу: басқа қызметкерлермен өзара байланыс жасау және топ құру.

Көшбасшы болуға оқушыларды ұмтылдыру үшін мұғалімдерге көшбасшылықтың теориясын білу қажет. Бұл оларға көшбасшылықтың не екенін толық және терең түсінуге мүмкіндік береді. Өз кезегінде көшбасшы қандай болуы және не істей алуы қажеттігі туралы дұрыс пікір қалыптастырады.

Көшбасшылыққа тәрбиелеудің ерекшеліктері

Қазіргі уақытта көшбасшылық саласы бойынша жасалған негізгі әлемдік жасақтамалардың көп бөлігі шетелдік әдебиеттерде ұсынылған. Қазіргі таңдағы ғаламдану үрдісі білім беруге ықпалын тигізуде.

«Қазақстан әлемде жоғары білімді, халқы үш тілді де: қазақ тілін – мемлекеттік тіл ретінде, орыс тілін – ұлтаралық қатынас тілі ретінде және ағылшын тілін – жаһандық экономикаға нәтижелі өтудің көмекші тілі ретінде еркін меңгерген ел болып танылуы керек»[5]. Бәсекеге қабілетті маман даярлау – оқу орындарына жаңа міндеттер, жаңа талап, жаңа мақсаттар қойып отыр дегенді түсіндіреді.

Джон Максвелл: «Жетістікке жету үшін, артыңыздан қолдаушыларды ертіңіз, жетістікті еселеп көбейткіңіз келсе - Көшбасшыларды ертіңіз!» деген.Олай болса, артымыздан елім дейтін,елінің болашағы үшін елеңдейтін, ғылымға қызығушылығы оянған, білім алуға бейім, сенімді, жауапты, сын тұрғысынан ойлай алатын, өзгелермен еркін тіл табысатын, сандық технологияларда құзыреттілігін көрсететін,топты артынан ерте білетін көшбасшы оқушылар ерте білейік дегім келеді.

ҚОРЫТЫНДЫ:

1) Оқушылардың көшбасшылық қабілетін, тұлғаны дамыту процесінің нәтижесі ретінде, өзін-өзі жетілдіруде, өз өмірі мен іс-әрекетінің субъектісі ретінде өзін-өзі қалыптастыруда, туындап отыратын мәселелер бойынша дербес шешімдерді қабылдауда, еліміздің әлеуметтік-экономикалық, қоғамдық-саяси дамуына дербес, белсенді қатысуда басқару тәжірибесін табысты және тиімді жүзеге асыруға мүмкіншілігін сипаттайды.

2) Оқушылардың көшбасшылық қабілетінің қалыптасуында, өзін-өзі басқару ұйымының маңыздылығы жоғары. Себебі, студенттердің өзін-өзі басқару ұйымы – ол студенттердің дербес, шынайы өзіндік бастамаларына, шығармашылық және өнімді іс-әрекетіне негізделген бірлестіктің жоғары ұйымдасқан түрі. Ал, студенттердің шығармашылық және өнімді іс-әрекеті, дербес, шынайы өзіндік бастамалары негізінде басқару іс-әрекетін жүзеге асыруы, студенттің көшбасшылық қабілеттілігі қалыптасуының маңызды және тиімді шарты болып табылады.

Біздің басты міндетіміз – оқушылардың белсенділіктерін арттыру, олардан белсенді, көшбасшы тұлғаны қалыптастырудың психологиялық-педагогикалық механизмдерін анықтау. Оқушылар  бойында көшбасшылықты қалыптастыру тек қана шара, үйірме, клуб жұмыстарымен шектеліп қалмауы тиіс.

Сонымен, қазіргі жағдайда мұғалім оқушылардың әрқайсысына жеке тәсіл іздеуі керек. Жаңартылған білім беру мазмұнына сәйкес мұғалім сыныпта оқитын балалардың әрқайсысының жеке тұлғалық дамуына ықпал етуі керек. Оқушылардың әрқайсысында белгілі бір әлеует пен қасиеттер бар, оларды дұрыс дамыту керек және ешбір жағдайда жойып жібермей, барлық балаларда бірдей дүниетанымды қалыптастырады. Ал көшбасшылық қасиеттер - баланың жеке басының ажырамас бөлігі.

Мұғалімнің алдында сыныптағы балалардың әрқайсысын өзін көшбасшы рөлінде сынап көруі үшін жағдай жасау, тіпті мұғалімнің өзі кіші оқушылардың қайсысы туа біткен көшбасшы екенін, ал кім жақсы болатынын анықтай алатындай етіп, бүкіл команданы басқарудан гөрі күшті тұлғаға ерту міндеті тұр.



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
30.04.2026
0
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12