400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Қосымша білім беру жүйесін қалыптастыру жағдайында оқушыларды кәсіби бағдарлау

Материал туралы қысқаша түсінік
Орта мектеп мұғалімдеріне арналған
Материалдың қысқаша нұсқасы

Қосымша білім беру жүйесін қалыптастыру жағдайында оқушыларды кәсіби бағдарлау

Бурисова Бибигуль Нарзилдаевна

«Өрлеу» БАҰО АҚФ Түркістан облысы және Шымкент қаласы бойынша ПҚБАИ «Менеджмент және ақпараттық технологиялар» кафедрасының аға оқытушысы



Елбасы Н.Ә.Назарбаев атап өткендей: «Егер біздің еліміздің әрбір азаматы талапқа сай білім мен білікті игеріп, әлемнің кез-келген еліне қажетті маман бола алған жағдайда, ол еліміздегі білім реформасы жетістігінің басты белгісі».

Елімізде жүріп жатқан терең әлеуметтік-экономикалық және саяси өзгерістер адамдардың бір-біріне деген көзқарасын өзгертіп, келеңсіз жағдайлардың өрбуіне, рухани құндылықтардың төмендеуіне әкеліп соқтырды. Ол өз кезегінде жас ұрпақ тәрбиесін жаңаша жүргізуді талап етеді. Бүгінгі күннің жаңа талаптары зор. Солардың қатарында: тұлғаның жеке басын дамыту, денсаулығын нығайту, салауатты өмір салтын қалыптастыру, кәсіптік бағдарын айқындау, өз қабілетін іске асыра білу, қоғам өміріне бейімделу, бос уақытын мазмұнды ұйымдастыру, өз әрекеттері үшін жауапкершілікті сезіну, әлеуметтік бейімделу, азаматтық тұрғыда қалыптасу, көшбасшылық қасиеттерін дамыту және тағы басқа да талаптар бірінші кезекте. Аталған қасиеттердің барлығын қалыптастыру тәрбие кешені болып табылатын қосымша білім беру ұйымдарына артылар үміт көп.

Олай дейтініміз, қазіргі таңда жастар қоғам дамуының маңызды стратегиялық ресурсына айналып отыр. Осы мақсатта бүгінгі таңда жастардың бастамаларын қолдау, білім беру жүйесін әлемдік стандарттарға сай жетілдіру, жастарды әлеуметтік қамтамасыз ету сияқты маңызды жұмыстар жүргізілуде. Қосымша білім беру ұйымдарының басты міндеті «білімді, дарынды, тәрбиелі және бәсекеге қабілетті, қарқынды дамып жатқан ортада өмір сүруге бейім, өз мүддесін, сол сияқты қоғам мүддесін қорғауға дайын тұлға қалыптастыру» болып табылады. Өз кезегінде ата-аналар бала тұлғасын дамытудағы өздерінің сұранысын баланың білімінің толығуы, тәжірибелік іскерлігінің жетілуі, өнегелі құндылығының байытылуы, өзіндік талпынысы мен ізденісінің анықтығы, білім, дағды, белгілі бір іс-әрекеттеріне қажетті сапаларды толық меңгеру, өзінің қабілеттерін дамыту мүмкіндіктеріне ие болу, қоғамдық өмірге бейімделу ынтасы зор. Қосымша білім беру ұйымдары уақытында кешенді тәрбие жұмысын қамтамасыз етуге міндетті.

Мамандық таңдау мәселесі жоғары сынып оқушыларының алдында әрдайым маңызды болады, ал қазіргі уақытта бұл мәселе біздің қоғамымызда болып жатқан өзгерістерге байланысты өте өзекті болуда.

Заманауи экономикалық және саяси жағдай адамның жеке психофизиологиялық ерекшеліктеріне өте жоғары талаптар қоюға мәжбүрлейді. Нарықтық қатынас еңбек мақсаттары мен сипаттарынтүбегейлі өзгертеді: оның қарқындылығы өседі, шиеленісі күшейеді, жауапкершілікті, төзімділікті және жоғары кәсіби шеберліктіталап етеді.

Көптеген жаңа кәсіптер туралы оқушыларда ақпарат жоқ, оған қоса дәстүрлі кәсіптер де елеулі өзгерістерге ұшырады. Адамға кәсіптің қажеттілігіжәне оның жеке ерекшеліктері, еңбек нарығының сұранымы сияқты факторларды ескере отырып,кәсібитаңдаужасау, мамандықтытабысты игеру, еңбек қызметіне үйлесімді кіру, маманның бәсекеге қабілеттілігінқалыптастырудағы маңызды шарты, сонымен бірге оның отбасының амандығы болып табылады.

Кәсіби бағдарлау – бұл тұлғалық ерекшеліктерді есепке ала отырып, әлеуметтік-экономикалық жағдайдағы еңбек нарығында мектеп оқушыларына кәсіби өзін өзі анықтауына және жұмысқа орналасуына көмек көрсетуге бағытталған ғылыми негізделген ісшаралар жүйесі. Балаларға қосымша білім беру – көпқырлы тұлға тәрбиелеудегі, оның біліміндегі, ерте кәсіби бағдарлануындағы маңызды бөлім. Балаларға қосымша білім беру саласы алуан түрлі, түрлі бағдарланған, көп вариативті. Балаларға қосымша білім берудің құндылығы жалпы білім берудің вариативті құрамдас бөлігін күшейтеді және балаларға кәсіби өзін өзі анықтауына көмектеседі, базалық құрамда алынған білімдерін, күштерін жүзеге асыруға ықпал етеді. Балаларға қосымша білім беру балалық шағын толыққанды өткізу үшін балаға жағдай жасайды. Егер бала әлеуметтік маңызы бар міндеттерді шешіп, өзін өзі жүзеге асырып, тіпті қызметтің кәсіби өрісіне шығып, толыққанды өмір сүрсе, онда оның есейген шағында қатесіз таңдау жасауына, үлкен нәтижелерге жетуіне көптеген мүмкіндігі болады. Балаларға қосымша білім берудің негізгі мазмұны – тәжірибеге бағдарланған қызмет: мұнда бала іздеу жағдайында өзі әрекет етеді, мәдени ескерткіштермен, табиғатпен, еңбек нысандарымен және т.б. өзара әрекеттен білім алады; балаға қоршаған ортадан өзі білім алуы керек кезінде жағдайлар жасалады. Балаларға қосымша білім беру – бірыңғай шығармашылық жағдайы, себебі балаға өз жолын табуға түрткі болады. Бала қосымша білім беру саласында өмірдің ең маңызды мәнін ұғынады – өмірдің мағынасын және болу мүмкіндігін іздейді. Және де әрбір жаңа балаларға қосымша білім беру ұйымдарының ашылуы балалардың амандығы кеңістігін ұлғайтады. Қазіргі заманның балаларына енді бала тұлғасының қалыптасуына мектеп монополиясы жайлы түсініктер өзгергенін түсіндірудің қажеттігі жоқ; балаларға қосымша білім беру ұйымдарының беделі өсуде, олардың білім алу әлеуеті кеңеюде; «ыңғайсыз» (қалыпсыз) балалар өздеріне жаңа орындар табуда. Жеке тұлғаға бағдарлау негізінде қосымша білім беру ұйымдарында балаларды кәсіби бағдарлаудың табыстылығы келесі педагогикалық шарттар арқылы қамтамасыз етіледі: Табиғи және мәдени сәйкестілік, пәнаралық байланыстар, жеке тұлғаға бағдарланған технологиялар қағидаттарын есепке алу және жүзеге асыру. Белгіленген шарттарды сақтау тәрбиеленушілерге жеке қорларын дамыту мен қалыптасуда, табуда көмек көрсететін, олардың табысты кәсіби өзін өзі анықтауын қамтамасыз ететін; келешектегі кәсіпті саналы түрде таңдауға дайындығын дамыту үшін нақты тұлғаның, елдің, өңірдің сыртқы мәдени жағдайларын; тәрбиеленушілердің жыныстық және жас ерекшеліктерін және жеке мүмкіндіктерін жүзеге асыру мен есепке алу жолымен кәсіби бағдарлаудың табыстылығын қамтамасыз етеді. Оқушыларды кәсіби бағдарлау жұмысы қосымша білім беру ұйымы жағдайында ақпараттық-ағарту, диагностикалық, кеңес беру және оқыту бағыттары бойынша жүргізіледі. Ақпараттық-ағарту бағыты. Бұл бағытты іске асыра отырып, қосымша білім беру ұйымдары нақты-үгіттік нысанда мамандықтар әлемін ұсынады, осы немесе басқа кәсіптің түрлі тараптары бойынша дәрістер топтамасын дайындайды. Олар оқушылардың көңілін тақырыптық көрмелерге аударады, психологиялық және жас ерекшеліктерін есепке ала отырып, олардың сұранымдары бойынша қажетті әдебиетті таңдайды, арнайы қор бөлімін қалыптастырумен шұғылданады. Бұл бағыттың мақсаты – балаларда кәсіптің негізгі тұрпатының барынша айқын және нақты кейпін құру. Бұл келешекте ең саналы және байыпты таңдау жасауға көмектеседі. Диагностикалық бағыт. Бұл бағыт екі жоспарда жүзеге асырылады: өзін-өзі тану, баланың белгілі кәсіптің мәнмәтінінде өзінің жеке қасиеттерін зерделеуі; кәсіптік таңдауда ескерілетін осы немесе басқа да кәсіптік маңызды сапалар және басқа да ресурстарды білдірудің деңгейін анықтау, өз мүмкіндіктерін бағалау. Бұл бағытты дамытуда қосымша білім беру ұйымдарына қандайда бір кәсіптік маңызды қасиеттерді дамыту деңгейін анықтауға көмектесетін, әртүрлі сауалнама және сынақтамалар жиынтығын қолдану пайдалы болушы еді. Олар бойынша сынақтаманы сауатты 10 өткізуді және білікті ұсынымды тек қана маман жасай алады, бірақ оқушы өзін-өзі тану мақсатында қандай да бір сауалнаманы толтырса, ешқандай зияны болмайды. Егер материалдық-техникалық базаның мүмкіндігі болса, онда мүмкін болар кәсіби жолды анықтау үшін көптеген компьютерлі бағдарламалардың біреуін орнатуға болады. Бұл бағыттың арнасында бала икемділіктері бар нақты қызмет жасаушы ретінде қабылданады: мамандықтар әлемін талдау; мамандық таңдау жағдайындағы өзінің мүмкіндіктері мен шектеулерін талдау; кәсіби өзін-өзі іске асыру жолдарын іздеу және жұмыс іздеу стратегиясын білу. Яғни, арнайы ұйымдастырылған дәрістерде қосымша білім беру педагогі балалар құзыретін жалпы әлеуметтік құзырет ретінде кәсіп таңдау саласында үйретеді. Бұл бағыт шеңберінде қосымша білім беру педагогі кәсіби өзін өзі анықтау саласында балалардың жеке тұлғасын белсендіруге бағытталған арнайы тұлғаға бағдарланған дәрістер өткізуі, сонымен қатар оқушылардың психологиялық ерекшеліктері туралы білімді есепке ала отырып жұмыс құруы мүмкін. Қосымша білім беру ұйымы қызметіндегі балаларды кәсіби бағдарлау саласындағы негізгі бағыттар: мамандықтар нарығының маңызы және келешегімен танысу; кәсіби біліктіктің өсуінің мүмкіндігі, адамға ұсынылатын кәсіби талаптар, оларды игеру нысандары және жағдайлары; экономиканың білікті кадрларға мұқтаждығын, еңбек нарығындағы жағдайлар туралы балаларды ақпараттандыру, кәсібиографикалық материалдар тарату; заманауи өндіріс түрлерімен танысу; балаларды кәсіптік бағдарлау, оларда кәсіпке деген қызығушылығын қалыптастыру бойынша жұмыс жүргізу; кәсіптік, өндірістік және әлеуметтік бейімделу бойынша шаралар іске асыру болып табылады.

Оқушыларды кәсіби бағдарлауды ұйымдастыру бойынша қосымша білім беру педагогінің қызметі

Қосымша білім беру педагогі және оның қызметінің сипаттамасы Қосымша білім беру педагогі –әр түрлі бағыттағы қосымша білім беру бағдарламаларын тікелей жүзеге асырушы ең маңызды мамандардың бірі. Ол оқушылардың қабілеттері мен дарындарын, оның ішінде көркемөнер, ғылыми-техникалық, туристік-өлкетану және т.б. әрекеттерін дамытумен шұғылданады. Ол шығармашылық бірлестіктер құрамын жинақтайды, оқыту бағдарламаларын жүзеге асыруға, оқушылар контингентін сақтауға көмектеседі, тиянақты нысандар, әдістер, әрекет мазмұнын таңдауды қамтамасыз ете отырып, балалармен нақты шығармашылық бірлестікте тікелей оқыту әрекеттерін жүргізеді. Авторлық білім беру бағдарламаларын әзірлеуге қатысады, олардың сапалы іске асырылуына жауапты болады. Қосымша білім беру педагогы балалардың алуан-түрлі шығармашылық әрекеттерін дамыту маманы болып табылады. Ол өз қызметі шеңберінде білім алушылардың шығармашылық ерекшеліктерін анықтайды, оларды дамытуға көмектеседі, дарынды және талантты баллаларды қолдайды, ата-аналарға кеңестік көмек көрсетеді. Қазіргі уақытта қосымша білім беру педагогінің кәсіби бағдарлау жұмысының жүйесіне келесі бағыттар бойынша қызметтер енгізіледі. Оқушыларды кәсіби бағдарлау саласындағы қосымша білім беру педагогі: Кәсіби кеңес беру бойынша қосымша білім беру педагогының жұмыстарын бірнеше бағыттар арқылы көруге болады:

1. Кәсіби үгіттеуді және кәсіби насихаттауды, кәсіби ақпаратты енгізетін кәсіби ағарту.

2. Белгілі бір мамандыққа немесе басқа кәсіпке тұлғаның қызығушылығы мен ерекшеліктерін анықтауға бағытталған алдын ала кәсіптік диагностика. 3. Кәсіби кеңесшілер-мамандар тарапынан мамандық таңдауға негізінен жекеше көмек көрсетуге бағытталған кәсіби кеңес.

4. Ең үлкен мүмкіншілікпен сол кәсіпті табысты меңгере алатын және оған байланысты еңбек міндеттерін орындай алатын тұлғаларды таңдау мақсатында кәсіби іріктеу (таңдау).

5. Әлеуметтік-кәсіби бейімделу.

6. Балаларда кәсіби абырой мен құндылық, жауапкершілік, парыз сезімін қалыптастыруды өз мақсатына қоятын кәсіби тәрбие.

профессиографиялық материалдарды дайындауға қатысады;

кәсіби бағдарлау кабинеттерін жабдықтауға қатысады;

қала және өңірлік еңбек нарығындағы жағдай туралы, тұтас алғанда еңбек нарығында сұранымға ие кәсіптер және оларды облыс және өңірлік оқыту мекемелерінде, оның ішінде мемлекеттік жұмыспен қамту қызметі органдарының бағыты бойынша алу мүмкіндігі туралы ата-аналар және мұғалімдер, жалпы білім беру мектептерінің түлектері мен жоғары сынып оқушыларын кәсіби ақпараттандыруды жүзеге асырады;

балаларға топтық және жеке кәсіби кеңес беруді жүргізеді;

білім органдарымен, жастар қоғамдық бірлестіктері және ұйымдарымен бірлесе бұқаралық және тақырыптық кәсіби бағдарлау шараларын өткізуге қатысады;

кәсіби бағдарлаудың мамандандырылған кабинеттерін құрады және білім ұйымдарында олардың жұмысын ұйымдастырады.

Қосымша білім беру педагогінің балаларға кәсіби кеңес беру кезеңдерінің әрқайсысы түрлі сипатқа ие. Бірінші кезеңде мамандық таңдауға дайындық тұлғаның жағымды қасиеттері мен өзін-өзі бағалауын дамытусыз мүмкін емес. Сонымен бірге, кәсіби кеңес беру ең алдымен дамыту сипатына ие. Егер балада әлдеқашан оның икемділіктеріне жауап беретін қызығушылықтар қалыптасқан болса, онда қосымша білім беру педагогінің міндеті оны әрекетке бағыттау болып табылады. Екінші кезеңде кәсіби бағдарлау ұсынымдамалық сипатқа ие және мынадай негізгі міндеттерді шешеді: таңдалған кәсіп талаптарына денсаулықтың сәйкестігі, сол кәсіпті игеруге тұлғаның психологиялық дайындығы, еңбектің мазмұны мен сипаты, арнайы білім алу мүмкіндігі, кәсіби дайындығы және жұмысқа орналасуы туралы анықтамалық ақпарат. Осы міндеттерге сәйкес кәсіби кеңес берудің үш кезеңі болады: психологиялық-педагогикалық, медициналық және анықтамалық. Психологиялық-педагогикалық кеңес жүргізу үшін қосымша білім беру педагогтері балалардың алдын-ала жеке тұлғалық кәсіби диагностикалық мәліметтерін қолданады. Медициналық кәсіби кеңес беруді адамға кәсіп талап ететін өзінің денсаулығы мен талаптары жағдайынан шыға, жасөспірімге өз бетінен дұрыс кәсіп таңдауына мүмкіндік беру үшін алдын ала өткізеді. Бұл жұмыс дәрігердің және басқа да медициналық қызметкерлердің қатысуымен жүзеге асады. Қосымша білім беру педагогінің кәсіби ағарту жұмысында сұхбат маңызды орынға ие. Оларды қандай да бір кәсіппен, ұқсас кәсіби топтармен, адам үшін оны дұрыс таңдау мәнділігі мәселелерімен танысуға арнауға болады. Сонымен бірге сұхбат тақырыбы оқушылардың жас ерекшеліктеріне жауап беруі және балаларды қызықтыратын бір топ мәселелерді қамтуы керек. Сұхбат барысында балалардың кәсіптермен танысу жоспары Мұндай сұхбаттарды қосымша білім беру педагогі кәсіби бағдарлау орталықтарында, жалпы білім беру мектептерінде, қосымша білім беру ұйымдарында өткізе алады. Қосымша білім беру педагогінің кәсіби бағдарлау көмегінің негізгі ұйымдастыру нұсқалары.

1. Қосымша білім беру ұйымы кездесулер, ойындар, саяхат түрінде оқыту дәрістерін өзі өткізеді.

2. Қосымша білім беру педагогі нақты мектепте жұмыс істейді және тек сол мектептің оқушыларымен жұмыс жүргізеді.

3. Қосымша білім беру педагогінің нақты мектепте негізгі базасы (кабинет) болады, бірақ бірнеше жақын мектептерге қызмет жүргізеді.

4. Сырттай кәсіби бағдарлау көмегі, мысалы, хат жазысу арқылы (жеткіншек пошта арқылы сауалнаманың бланкісін қабылдайды, өз жауаптарын жолдайды, содан соң оған нәтижелері мен ұсынымдар жолданады). Қазіргі уақытта компьютерлік техниканың енгізілуіне байланысты (көбінесе «Ғаламтор» жүйесі) кең келешегі ашылуда.

5. Бұқаралық ақпарат құралдары арқылы көмек

Сонымен кәсіби даярлауда Елбасының Қазақстан халқына Жолдауында айтқан XXI ғасырдың деңгейіндегі жоғары білікті кадрлардың кәсіби дайындығы мен білім беруді дамытудың міндеттерін басшылыққа алады.

Жоғары оқу орындары мен колледждердегі жоғары технологиялық өндірістің кәсіби кадрларын дайындау міндеттері талапкерлерінің жоғары жалпы білім беру және бастапқы кәсіби деңгейдегі дайындықтарына байланысты.

Осылайша, балалар қозғалысы, балаларды кәсіпке бағдарлау жұмыстары балалардың бос уақытын ұйымдастырудың құралы ғана емес, сондай-ақ, балалар мен жасөспірімдердің әлеуметтену ортасы болып отыр. Ендеше, тұлғану әлеуметтендірудің маңызды факторының бірі болып табылатындықтан мемлекет пен оның билік құрылымдарынан қолдау мен қамқорлыққа әбден лайық.

Қолданылған әдебиеттер тізімі:

  1. Қазақстан Республикасының мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты -2006.

  2. Қазақстандағы балалар қозғалысының даму тенденциясы. Республикалық ғылыми-практикалық конференция конференция материалдары – Алматы, 2006.

  3. Т.В. Белова, И.А. Волошина, В.А. Солнцева және т.б. Бастауыш кәсіби кеңес берушінің анықтамасы. - М., 2008.

  4. М.А. Бендюков. Кәсіби бағдарлау әліпбиі. Еңбек нарығында жас адам қалай табысқа жете алады? 2-ші басылым, қосымша / М.А. Бендюков, И.Л. Соломин, М.И. Ткачев. «Литера плюс», 2007.

  5. Жастарды кәсіби бағдарлауда арнайы оқу мекемелері және жалпы білім беру мектептерінің өзара қатынасы: Ғылыми еңбектердің ЖООаралық жинақтамасы. - Ярославль: К.Д. Ушинский ат. ЯМПИ, 2004.

  6. Н.Н. Захаров. Оқушылардың кәсіби бағдарлануы: студенттер үшін оқу құралы. - М.: Ағартушылық, 2008. 5. Е.А. Климов. Кәсіпті қалай таңдау керек. 2-ші бас., қосымша

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
27 желтоқсан
1209
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі