Қосымша білім беру жүйесіндегі ынтымақтастықты нығайту тетігі ретіндегі жобалық қызмет

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Қосымша білім беру жүйесіндегі ынтымақтастықты нығайту тетігі ретіндегі жобалық қызмет

Материал туралы қысқаша түсінік
Қазіргі білім беру кеңістігінде қосымша білім беру жүйесі оқушылардың шығармашылық, зияткерлік және тұлғалық әлеуетін дамытуда маңызды рөл атқарады. Осы жүйенің тиімді қызмет етуі білім беру ұйымдары, мәдени мекемелер, қоғамдық ұйымдар және әлеуметтік серіктестер арасындағы өзара ынтымақтастықтың деңгейіне тікелей байланысты. Осы тұрғыда жобалық қызмет қосымша білім беру жүйесіндегі ынтымақтастықты нығайтудың тиімді тетігі ретінде қарастырылады.
Материалдың қысқаша нұсқасы

АВТОРЛЫҚ БАҒДАРЛАМА


Тақырыбы: Қосымша білім беру жүйесіндегі ынтымақтастықты нығайту тетігі ретіндегі жобалық қызмет


Іске асыру мерзімі: 1-10 жылға дейін........


Түсіндірме жазба:

Жобалық қызметтің мақсаты мен міндеттері

Мақсаты:

Облыстық балет мектебінде жобалық қызмет арқылы білім беру ұйымдары мен әлеуметтік серіктестер арасындағы ынтымақтастықты жүйелі түрде дамыту, оқушылардың кәсіби және тұлғалық құзыреттерін арттыру.


Міндеттері:

серіктес ұйымдармен бірлескен шығармашылық және білім беру жобаларын іске асыру;

пәнаралық және салааралық ықпалдастықты дамыту;

оқушылардың сахналық, әлеуметтік және коммуникативтік дағдыларын қалыптастыру;

инновациялық білім беру бағдарламаларын енгізу;

әлеуметтік серіктестікті нығайту арқылы білім беру сапасын арттыру.


Өзектілігі

Қазіргі білім беру жүйесі білім беру ұйымдары арасында ынтымақтастықты күшейтуді, оқушылардың кәсіби және тұлғалық құзыреттерін кешенді дамытуға бағытталған жобалық қызметті талап етеді. Қосымша білім беру жүйесі оқушылардың шығармашылық, мәдени және әлеуметтік әлеуетін дамытудың маңызды тетігі болып табылады.

Облыстық балет мектебінде жобалық қызмет оқушылардың кәсіби шеберлігін ғана емес, олардың әлеуметтік дағдыларын, командалық жұмыс қабілетін, бастамашылық және жауапкершілік дағдыларын қалыптастыруға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, мектептің басқа мәдени, білім беру және спорт ұйымдарымен ынтымақтастығы білім беру процесін пәнаралық сипатқа ие етеді, оқушылардың жан-жақты дамуына жағдай жасайды.

Осы тұрғыдан, жобалық қызметтің қосымша білім беру жүйесінде ынтымақтастықты нығайтудағы рөлі қазіргі білім беру саясаты мен мәдени даму мақсаттарына толық сәйкес келеді.


Жаңалығы

Бұл тақырыптың жаңалығы бірнеше аспектіден көрінеді:

1. Пәнаралық интеграция: жобалық қызмет арқылы балет оқушыларына өнер, спорт, тіл, мәдениет бағыттарын біріктіретін бірегей білім беру тәжірибесі ұсынылады.

2. Серіктестік модельдері: ҚББ мекемелері, мектеп пен сыртқы ұйымдар (театрлар, мәдени орталықтар, ЖОО, спорт мектептері, қоғамдық ұйымдар) арасындағы ынтымақтастық үлгілері тәжірибелік тұрғыда жүйеленіп, тиімділікті арттыруға бағытталған.

3. Инновациялық тәсілдер: авторлық бағдарламалар, модульдік оқу, цифрлық технологияларды қолдану және шеберлік сыныптарын біріктіру жобалық қызметтің жаңа формаларын енгізеді.

4. Тұлғалық дамуға бағыт: оқушылардың шығармашылық, әлеуметтік және кәсіби дағдыларын біртұтас дамытуға арналған кешенді жүйе ұсынылады.


Ерекшеліктері

Тақырыптың ерекшелігі мынада:

1. Жүйелі сипат: ынтымақтастық тек жеке іс-шаралармен шектелмей, жобалық қызмет арқылы тұрақты және мақсатты түрде ұйымдастырылады.

2. Қолданбалы мәні: әрбір жоба нақты нәтиже береді – спектакль, концерт, шеберлік сыныбы, бірлескен курс немесе тренинг.

3. Оқушылардың бастамашылығы: жобалық қызмет оқушыларға шешім қабылдау, идеяны жүзеге асыру, жауапкершілік алу тәжірибесін береді.

4. Көп деңгейлі ынтымақтастық: ҚББМ – мектеп, мектеп – мәдени орталық, мектеп – ЖОО, мектеп – спорт ұйымдары, мектеп – қоғамдық ұйымдар деңгейінде жүзеге асады.

5. Бағалау мен мониторинг: жобалық қызметтің нәтижелілігі критерийлер, есеп және талдау жүйесі арқылы бағаланады, бұл оның ғылыми негізделгендігін және практикалық тиімділігін көрсетеді.

«Қосымша білім беру жүйесіндегі ынтымақтастықты нығайту тетігі ретіндегі жобалық қызмет (Облыстық балет мектебі тәжірибесінде)»

Қазіргі білім беру кеңістігінде қосымша білім беру жүйесі оқушылардың шығармашылық, зияткерлік және тұлғалық әлеуетін дамытуда маңызды рөл атқарады. Осы жүйенің тиімді қызмет етуі білім беру ұйымдары, мәдени мекемелер, қоғамдық ұйымдар және әлеуметтік серіктестер арасындағы өзара ынтымақтастықтың деңгейіне тікелей байланысты. Осы тұрғыда жобалық қызмет қосымша білім беру жүйесіндегі ынтымақтастықты нығайтудың тиімді тетігі ретінде қарастырылады.

Жобалық қызмет білім беру үдерісіне қатысушылардың ортақ мақсатқа бағытталған бірлескен әрекетін ұйымдастыруға мүмкіндік береді. Қосымша білім беру ұйымдарында жобалық қызмет арқылы әртүрлі сала мамандарының тәжірибесі тоғысып, білім беру мазмұны пәнаралық және тәжірибелік сипат алады. Бұл өз кезегінде оқушылардың нақты өмірлік жағдайларда қолдануға болатын құзыреттерін қалыптастыруға жағдай жасайды.

Облыстық балет мектебінің қызметін тәрбиелік жүйемен кешенді түрде толықтыру және білім алушылардың кәсіби қалыптасуын кезең-кезеңімен қамтамасыз ету мақсатында мектеп тәжірибесіне бірқатар авторлық шығармашылық жобалар енгізілді. Аталған жобалар білім алушылардың сахналық тәжірибесін жетілдіруге, орындаушылық мәдениетін қалыптастыруға, сондай-ақ мектеп түлектерінің кәсіби құзыреттілігін айқындауға бағытталған.

Атап айтқанда, «Балеринаға арнау», «Бітіруші жұлдыздар», «Щелкунчик», «Фея кукол» жобалары оқу-тәрбие процесінің ажырамас құрамдас бөлігі ретінде жүйелі түрде жүзеге асырылып келеді.

«Балеринаға арнау» жобасы – жаңадан қабылданған оқушылардың балет өнеріне бейімделуін қамтамасыз ететін, олардың эстетикалық талғамын, сахналық мәдениетін және ұжымдық жауапкершілігін қалыптастыруға бағытталған тәрбиелік алаң. Бұл жоба арқылы жас бишілердің кәсіби ортаға сәтті кірігуі мен өнерге деген тұрақты мотивациясы қалыптасады.

«Бітіруші жұлдыздар» жобасы – түлектердің көпжылдық оқу нәтижесін қорытындылайтын, олардың орындаушылық шеберлігін, техникалық дайындығын және сахналық даралығын айқындайтын шығармашылық есеп беру формасы. Жоба түлектердің кәсіби құзыреттілігін дәлелдеуге, әрі қарайғы шығармашылық жолына бағыт-бағдар беруге мүмкіндік береді.

«Щелкунчик» (П. И. Чайковскийдің балеті) және «Фея кукол» (Й. Байердің балеті) қойылымдары – классикалық балет мұраларын меңгеру арқылы оқушылардың академиялық техникасын, ансамбльдік үйлесімін және сахналық тәртібін жетілдіруге бағытталған ірі сахналық жобалар. Аталған қойылымдар білім алушылардың кәсіби өсу динамикасын айқындап, олардың классикалық репертуарды игеру деңгейін көрсетеді.

Жобалардың мазмұндық және құрылымдық жүйесі мектептің оқу-тәрбие жұмысының сабақтастығын, яғни баспалдақ тәрізді (кезеңдік) даму моделін айқын көрсетеді. Әрбір жоба білім алушылардың жас ерекшелігі мен дайындық деңгейіне сәйкес құрылып, кәсіби шеберліктің біртіндеп күрделене түсу қағидасына негізделеді.

Осылайша, аталған жобалар Облыстық балет мектебінің білім беру үдерісін жүйелеп қана қоймай, оның тәрбиелік әлеуетін арттыруға, кәсіби бағыттылығын нығайтуға және шығармашылық орта қалыптастыруға ықпал етеді.


Жобалық қызметтің негізгі ерекшелігі – серіктес ұйымдар арасындағы өзара жауапкершілікті, жоспарлылықты және нәтижеге бағдарланған әрекетті қамтамасыз етуі. Мысалы, өнер, спорт және мәдениет ұйымдарымен бірлесіп жүзеге асырылатын жобалар оқушылардың шығармашылық қабілетін дамытып қана қоймай, командалық жұмыс, коммуникация және әлеуметтік бейімделу дағдыларын қалыптастырады. Мұндай жобаларда әрбір серіктес өз кәсіби құзыреті аясында үлес қосып, ортақ нәтижеге қол жеткізуге мүдделі болады.

Сонымен қатар, жобалық қызмет қосымша білім беру жүйесінде инновациялық бағдарламалар мен авторлық жобалардың пайда болуына ықпал етеді. Бірлескен жобалар барысында жаңа оқыту әдістері, заманауи технологиялар және шығармашылық тәсілдер енгізіледі. Бұл білім беру үдерісінің сапасын арттырып, қосымша білім беру ұйымдарының бәсекеге қабілеттілігін күшейтеді.

Облыстық балет мектебі білім беру кеңістігінде әлеуметтік серіктестік қағидатына сүйене отырып, бірқатар ұйымдармен жүйелі ынтымақтастық орнатқан. Атап айтқанда, жоғары оқу орындары (ЖОО), жалпы білім беретін орта мектептер (ЖББОМ), қосымша білім беру (ҚББ) ұйымдары, театрлар, музейлер, Қазақстан халқы Ассамблеясы, мәдениет үйлері және өзге де мәдени-білім беру мекемелерімен тығыз байланыс орнатылған.

Бұл серіктестік қатынастар білім алушылардың жан-жақты дамуына бағытталған бірыңғай тәрбиелік-білімдік кеңістік қалыптастыруға мүмкіндік береді. Әрбір ұйым өз қызметінің ерекшелігіне сәйкес жұмыс жүргізгенімен, олардың барлығын біріктіретін ортақ стратегиялық мақсат – баланың тұлғалық дамуын қамтамасыз ету, оның қабілетін ашу, кәсіби бағдар беру және сапалы білім нәтижесіне қол жеткізу.

Аталған мекемелермен өзара тәжірибе алмасу, бірлескен жобалар, концерттік бағдарламалар, көрмелер, шығармашылық кездесулер мен ғылыми-тәжірибелік іс-шаралар ұйымдастыру арқылы біздің жобаларымыз кеңейтілген форматта жүзеге асырылады. Яғни әрбір серіктес ұйым баланың білім алу және шығармашылық даму үдерісінде өзіндік рөл атқарады, бірақ мазмұндық тұрғыдан барлығының бағыты – бір арнада.

Біздің ұстанымымыз бойынша, бала білім беру ұйымының табалдырығын алғаш аттаған сәттен бастап оның қабілетін қолдау, шығармашылық әлеуетін дамыту және кезең-кезеңімен нәтижеге жеткізу – барлық серіктес мекемелердің ортақ миссиясы. Сондықтан әртүрлі форматта жұмыс атқарылғанымен, түпкі нәтиже – білім алушының сапалы дайындықпен оқу орнын аяқтауы және өмірлік жолына сенімді қадам басуы.

Осылайша, әлеуметтік серіктестік моделі мектептің тәрбие жүйесін толықтырып қана қоймай, білім алушының үздіксіз дамуына жағдай жасайтын тұтас мәдени-білім беру экожүйесін қалыптастырады.


Жобалық қызмет оқушылардың тұлғалық дамуына да елеулі әсер етеді. Жоба аясында оқушылар бастамашылық танытып, өз пікірін білдіру, жауапкершілік алу, шешім қабылдау сияқты маңызды өмірлік дағдыларды меңгереді. Сонымен бірге, әлеуметтік серіктестермен бірлескен жобалар балалардың қоғаммен байланысын күшейтіп, азаматтық ұстанымын қалыптастырады.

Әлеуметтік серіктестік аясында аталған ұйымдармен бірлесе отырып ғылыми-әдістемелік семинарлар, шеберлік сыныптары (master class), конференциялар, дөңгелек үстелдер, шығармашылық кездесулер, іріктеу кезеңдері және мерекелік мәдени іс-шаралар тұрақты түрде ұйымдастырылып келеді. Аталған іс-шаралар білім алушылардың кәсіби көкжиегін кеңейтіп қана қоймай, педагогтердің тәжірибе алмасуына, білім беру үдерісіне инновациялық әдістерді енгізуіне және білім сапасын арттыруға мүмкіндік береді.

Осыған байланысты қазіргі уақытта Облыстық балет мектебінде бірқатар маңызды жобалар жүзеге асырылуда. Атап айтқанда, «Бала болашағы – сахна баспалдағы» жобасы мәдениет бөлімімен, театрлармен, мәдениет үйлерімен және басқа да мәдени ұйымдармен бірлесе отырып өткізілетін шығармашылық іс-шараларды қамтиды. Жоба аясында білім алушылардың кәсіби сахнада тәжірибе жинақтауына және өнер саласының білікті мамандарымен бірлескен жұмыс жүргізуіне мүмкіндік жасалады.

Сонымен қатар «Ортақ білім – ортақ бағытымыз» жобасы әртүрлі облыстардың хореографиялық училищелерімен, қосымша білім беру ұйымдарымен, шығармашылық ансамбльдермен, қала және аудан өнер-мәдениет мекемелерімен тәжірибе алмасу мақсатында жүзеге асырылады. Жоба шеңберінде ғылыми-тәжірибелік кездесулер, семинарлар, шеберлік сабақтары, шығармашылық кездесулер ұйымдастырылып, педагогтер мен білім алушылардың кәсіби дамуына жағдай жасалады.

Ал «Бала қабілеті – болашақ есігі» жобасы Қазақ ұлттық хореография академиясымен, қала мектептерімен және білім беру ұйымдарымен бірлесіп, дарынды балаларды анықтау, іріктеу, олардың шығармашылық қабілеттерін дамыту және кәсіби бағыт-бағдар беру мақсатында ұйымдастырылады.

Аталған бағыттағы жұмыстар бұған дейін де жүргізілгенімен, қазіргі уақытта оларды жүйелеп, ресми жобалық құжаттар негізінде іске асыру көзделуде. Осыған байланысты жобалар алдағы жылдарға арналған жұмыс жоспарына енгізіліп, тұрақты әрі жүйелі түрде жүзеге асырылатын негізгі жобалар қатарына енгізіледі. Бұл бастамалар Облыстық балет мектебінің шығармашылық және білім беру қызметін дамытуға, сондай-ақ мәдениет және білім беру ұйымдары арасындағы ынтымақтастықты нығайтуға бағытталған.

Мұндай өзара әрекеттестік білім беру үдерісінің мазмұнын байытып, авторлық және шығармашылық жобалардың тиімді жүзеге асуына қолайлы орта қалыптастырады. Әсіресе сахналық қойылымдар, есеп беру концерттері, ғылыми-тәжірибелік конференциялар мен тәжірибелік сабақтар жобалардың практикалық маңызын күшейтіп, олардың нәтижелілігін арттырады.

Ынтымақтастық негізінде жүзеге асырылатын іс-шаралар білім алушылардың кәсіби құзыреттілігін дамытуға, коммуникативтік мәдениетін қалыптастыруға және шығармашылық бастамаларын қолдауға ықпал етеді. Сонымен қатар, бұл жүйе ұйымдардың ресурстық әлеуетін тиімді пайдаланып, бірлескен жауапкершілік қағидатын жүзеге асыруға мүмкіндік береді.

Осы тұрғыдан алғанда, әрбір білім беру ұйымының басшысы стратегиялық басқару моделі ретінде әлеуметтік серіктестік механизмдерін тиімді қолдануы қажет. Себебі ынтымақтастық – тек тәжірибе алмасу алаңы ғана емес, ол білім сапасын арттырудың, тәрбиелік жүйені жетілдірудің және ұйымның кәсіби беделін нығайтудың маңызды тетігі болып табылады.

Осылайша, жобалық қызмет қосымша білім беру жүйесіндегі ынтымақтастықты нығайтудың тиімді әрі нәтижелі тетігі болып табылады. Ол білім беру ұйымдары мен әлеуметтік серіктестер арасындағы өзара әрекеттестікті жүйелеп, оқушылардың жан-жақты дамуын қамтамасыз ететін біртұтас білім беру кеңістігін қалыптастыруға мүмкіндік береді.

Қазіргі таңда қосымша білім беру жүйесінде жобалық қызмет білім беру ұйымдары арасындағы ынтымақтастықты дамытудың тиімді тетігі ретінде кеңінен қолданылуда. Облыстық балет мектебінде жобалық қызмет кәсіби хореографиялық дайындықты жетілдірумен қатар, білім беру, мәдениет, спорт және әлеуметтік сала өкілдерімен өзара әрекеттестікті нығайтуға бағытталған. Бұл тәсіл оқушылардың кәсіби, шығармашылық және тұлғалық дамуын кешенді түрде қамтамасыз етеді.


Жобалық қызметті жүзеге асырудың негізгі бағыттары

Облыстық балет мектебіндегі жобалық қызмет бірнеше өзара байланысты бағыттар бойынша жүзеге асырылады:


1. Білім беру ұйымдарымен ынтымақтастық

ЖОО, орта білім беретін (училище, колледж т.б.), жалпы білім беретін мектептермен, музыка және өнер мектептерімен бірлескен жобалар балет оқушыларының музыкалық есту қабілетін, ырғақ сезімін және сахналық мәдениетін дамытуға бағытталады. Бірлескен ашық сабақтар мен шығармашылық шеберханалар оқу үдерісінің мазмұнын байытады.


2. Мәдени ұйымдармен серіктестік

Театрлармен, филармониялармен және мәдени орталықтармен жүзеге асырылатын жобалар оқушылардың сахналық тәжірибесін кеңейтіп, кәсіби ортаға бейімделуіне мүмкіндік береді. Бірлескен спектакльдер мен концерттік бағдарламалар жобалық қызметтің маңызды нәтижесі болып табылады.


3. Спорт және денсаулық сақтау ұйымдарымен байланыс

Спорт мектептерімен және медициналық ұйымдармен бірлескен жобалар балет оқушыларының физикалық дайындығын арттыруға, жарақаттың алдын алуға және кәсіби денсаулық мәдениетін қалыптастыруға бағытталады.


Жобалық қызметтің инновациялық сипаты

Облыстық балет мектебінде жобалық қызмет инновациялық білім беру бағдарламаларын енгізуге негіз болады. Авторлық курстар, модульдік бағдарламалар, шеберлік сыныптары және цифрлық технологияларды қолдану арқылы оқыту үдерісі жаңғыртылады. Онлайн форматтағы бірлескен жобалар оқушылардың халықаралық тәжірибемен танысуына жол ашады.

Оқушылардың тұлғалық дамуына ықпалы

Жобалық қызмет аясында оқушылардың жауапкершілік, бастамашылық, өзін-өзі таныту және командалық жұмыс дағдылары қалыптасады. Қоғамдық және әлеуметтік жобаларға қатысу арқылы балет оқушылары азаматтық ұстанымын нығайтып, мәдени құндылықтарды құрметтеуге үйренеді.


Басқару және ұйымдастыру тетіктері

Жобалық қызметті тиімді іске асыру үшін Облыстық балет мектебінде серіктестік туралы келісімдер, жылдық жоспарлар, жол карталары және жауапты тұлғалар жүйесі енгізіледі. Бұл жобалардың тұрақтылығы мен нәтижелілігін қамтамасыз етеді.


Күтілетін нәтижелер

білім беру ұйымдары арасындағы ынтымақтастықтың нығаюы;

балет оқушыларының кәсіби және тұлғалық құзыреттерінің артуы;

инновациялық білім беру бағдарламаларының енгізілуі;

Облыстық балет мектебінің мәдени-білім беру кеңістігіндегі беделінің өсуі.


Қорытынды

Осылайша, жобалық қызмет Облыстық балет мектебінде қосымша білім беру жүйесіндегі ынтымақтастықты нығайтудың тиімді тетігі ретінде қызмет атқарады. Ол білім беру үдерісін жаңғыртып қана қоймай, оқушылардың жан-жақты дамуын қамтамасыз ететін тұрақты серіктестік моделін қалыптастырады.


Қосымша білім беру жүйесіндегі ынтымақтастықты нығайту тетігі ретіндегі жобалық қызметте қолданылатын құжаттар


1. Нормативтік-құқықтық құжаттар

1. Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңы.

2. Қазақстан Республикасының «Мәдениет туралы» Заңы.

3. Қазақстан Республикасының «Баланың құқықтары туралы» Заңы.

4. Қосымша білім беру ұйымдарының қызметін реттейтін нормативтік актілер.

5. Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттары (МЖМБС).

6. Қауіпсіздік техникасы және еңбек қауіпсіздігі бойынша нормативтік құжаттар.

7. Балалардың денсаулығы мен қауіпсіздігін қамтамасыз етуге арналған санитарлық-эпидемиологиялық талаптар.

2. Серіктестік құжаттары

8. Ынтымақтастық туралы меморандум (екеу немесе бірнеше тарап арасында).

9. Ынтымақтастық келісімшарты (жеке немесе көпжақты).

10. Бірлескен қызмет туралы келісім.

11. Әлеуметтік серіктестік туралы келісім.

12. Серіктес ұйымдармен өзара әрекеттестік регламенті.

3. Жобалық қызмет құжаттары

13. Жобалық қызметтің тұжырымдамасы.

14. Жобаның жылдық/кезеңдік жоспары.

15. Жол картасы (Road map) – жобаны кезең-кезеңімен жүзеге асыру жоспары.

16. Іске асыру кестесі.

17. Жобалық топ құрамы туралы бұйрық.

18. Жауапты тұлғаларды бекіту туралы бұйрық.

4. Білім беру және шығармашылық құжаттар

19. Бірлескен оқу бағдарламасы немесе авторлық курс.

20. Модульдік бағдарламалар мен шеберлік сыныптарының жоспары.

21. Ашық сабақтар мен тәжірибелік сабақтардың сценарийлері.

22. Шығармашылық жобалар мен қойылымдардың тұжырымдамасы.

23. Оқушылардың жетістіктерін бағалау критерийлері.

5. Ұйымдастырушылық-әкімшілік құжаттар

24. Облыстық балет мектебі директорының бұйрықтары.

25. Ішкі нормативтік құжаттар (ереже, нұсқаулық, норма).

26. Ата-аналардың келісім хаттары (қатысуға рұқсат).

27. Қатысушылар тізімі.

28. Медициналық және психологиялық бақылау актілері.

6. Қаржылық және материалдық қамтамасыз ету құжаттары

29. Жобаның сметасы.

30. Қаржыландыру келісімдері (грант, демеушілік).

31. Материалдық-техникалық ресурстарды пайдалану актілері.

32. Қызмет көрсету шарттары.

7. Ақпараттық және имидждік құжаттар

33. Пресс-релиздер, ақпараттық хаттар.

34. Медиа-жоспар, жарнамалық материалдар (афиша, буклет).

35. Фото-бейне материалдарды пайдалану келісімдері.

36. Жобалық іс-шараларды жариялау туралы хаттамалар.

8. Мониторинг және есеп беру құжаттары

37. Аралық және қорытынды есептер.

38. Жобаның тиімділігін бағалау көрсеткіштері (KPI).

39. Талдау анықтамалары.

40. Кері байланыс сауалнамалары.

41. Қорытынды талдау есептері.

9. Қорытынды және бекіту құжаттары

42. Бірлескен іс-шаралар туралы акт.

43. Қорытынды хаттама.

44. Серіктестік мерзімін ұзарту немесе аяқтау туралы келісім.

45. Алғыс хаттар және марапаттау құжаттары.

? Ескерту:

Барлық құжаттар жобалық қызметтің әр кезеңінде қолданылады: жобаны жоспарлау, іске асыру, бағалау және нәтижелерді ресми бекіту. Бұл құжаттар серіктестік қатынастардың ашықтығын, заңдылығын және тиімділігін қамтамасыз етеді.


Пайдаланылған әдебиеттер тізімі (ГОСТ бойынша)

1. Абдрахманова А.К. Қосымша білім беру жүйесіндегі инновациялық педагогикалық технологиялар. – Алматы, 2020. – 148 б.

2. Айтқалиева М.Т. Хореографияны оқыту әдістемесі. – Алматы: Өнер, 2018. – 180 б.

3. Әбдіғалиева Г.Қ. Қосымша білім беру жүйесіндегі тұлғалық даму мәселелері. – Алматы, 2019. – 156 б.

4. Баренбойм Л.А. Музыкальное воспитание и хореография: интеграция искусств. – Москва, 2016. – 168 с.

5. Бондаревская Е.В.

Личностно-ориентированное образование: опыт и перспективы. – Ростов-на-Дону, 2018. – 224 с.

6. Ваганова А.Я. Основы классического танца. – Москва: Искусство, 2016. – 192 с.

7. Галеева Р.Х. Социальное партнерство как фактор развития образовательной организации. – Казань, 2020. – 174 с.

8. Давыдов В.В.

Теория развивающего обучения. – Москва: Интеллект-Центр, 2019. – 240 с.

9. Жұмабаева Н.К.

Өнер бағытындағы білім беру ұйымдарында оқушылардың тұлғалық дамуын қалыптастыру. – Алматы, 2019. – 162 б.

10. Исмаилова К.Р. Балет өнерін оқытудың заманауи үлгілері. – Алматы, 2017. – 164 б.

11. Климов Е.А.

Психология профессионального самоопределения. – Москва: Академия, 2019. – 304 с.

12. Кузнецова Л.В.

Социальное партнерство в системе дополнительного образования. – Москва, 2019. – 168 с.

13. Кузьмина Н.В.

Профессионализм педагогической деятельности. – Санкт-Петербург, 2017. – 192 с.

14. Мәдениет және өнер саласындағы білім беру мекемелерінің тәжірибелер жинағы. – Алматы, 2021. – 136 б.

15. Назарбаев Н.Ә.

Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру. – Астана, 2017.

16. Поляков С.Д.

Личностно-ориентированный подход в образовании. – Москва, 2018. – 214 с.

17. Скаткин М.Н.

Проблемы современной педагогики. – Москва: Педагогика, 2017. – 256 с.

18. Сүлейменова Р.А.

Өнер біліміндегі пәнаралық ықпалдастық және инновациялық тәсілдер. – Алматы, 2020. – 142 б.

19. Фокин В.П.

Сценическая практика в системе хореографического образования. – Москва, 2020. – 156 с.

20. Хореографиялық білім беру ұйымдарындағы оқу бағдарламалары мен әдістемелік құралдар жинағы. – Алматы, 2021.

21. Хореографиялық өнерді оқытудағы заманауи әдістемелер: әдістемелік жинақ. – Алматы, 2022. – 180 б.

22. Өнер мектептері мен балет мектептерінің үздік тәжірибелері: республикалық жинақ. – Алматы, 2023. – 200 б.

23. Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңы. – Астана, соңғы редакция.

24. Қазақстан Республикасында қосымша білім беруді дамытудың тұжырымдамасы. – Астана.

25. Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың мемлекеттік бағдарламасы. – Астана.

26. Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігінің бұйрықтары:

Қосымша білім беру ұйымдарының тәрбие және шығармашылық жұмыстарын ұйымдастыру бойынша әдістемелік ұсынымдар. – Астана, 2021–2022 жж.

27. Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінің нормативтік құжаттары:

Мәдениет және өнер саласындағы білім беру ұйымдарының қызметін реттеу. – Астана, 2021.

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
12.03.2026
0
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі