400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 13 материал табылды

Қосымша білім беру ұйымдарында тәрбие жұмысын ұйымдастырудың заманауи тәсілдері

Материал туралы қысқаша түсінік
Әдістемелік нұсқаулықта қосымша білім беру ұйымдарындағы тәрбие жұмысын заманауи талаптарға сай ұйымдастырудың негізгі бағыттары, әдіс-тәсілдері мен тиімді педагогикалық технологиялары қарастырылған. Еңбекте балаларға қосымша білім беру жүйесін стратегиялық дамыту, оның мазмұнын жаңарту және заманауи үрдістерге бейімдеу мәселелері кеңінен сипатталған.
Материалдың қысқаша нұсқасы
Page 1

1
Г.Қ.Тыныбекова, Ж.Б.Әбдікәрімова, Қ.Б.Елеуова



ҚОСЫМША БІЛІМ БЕРУ ҰЙЫМДАРЫНДА
ТӘРБИЕ ЖҰМЫСЫН
ҰЙЫМДАСТЫРУДЫҢ ЗАМАНАУИ
ТӘСІЛДЕРІ



Әдістемелік нұсқаулық

Қызылорда
2026 жыл


Page 2

2
ӘОЖ 195.172
КБЖ 246.26
М11
Пікір жазған:
Кусейнов С.А. – «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық
орталығы» акционерлік қоғамының филиалы Қызылорда
облысы бойынша кәсіби даму институты кафедрасының тренері.

Дайындағандар:
Тыныбекова Гүлжанат Қанағатқызы - Қызылорда
облысының білім басқармасының Жалағаш ауданы бойынша
білім бөлімінің «Жалағаш ауданының оқушылар үйі» қосымша
білім беру педагогы.
Әбдікәрімова Жазира Бақтыбайқызы - Қызылорда
облысының білім басқармасының Жалағаш ауданы бойынша
білім бөлімінің «Жалағаш ауданының оқушылар үйі» қосымша
білім беру педагогы.
Елеуова Құндыз Берікбайқызы – Қызылорда қаласындағы
№10 дарынды балаларға арналған «Білім -инновация» лицей-
интернатының «Жас Ұлан» ұйымының жетекшісі.


М11 «Қосымша білім беру ұйымдарында тәрбие жұмысын
ұйымдастырудың заманауи тәсілдері » //Әдістемелік
нұсқаулық// Қызылорда, 2026 жыл. – 72 бет.

ӘОЖ 195.172
КБЖ 246.26


© Г.Қ.Тыныбекова, Ж.Б.Әбдікәрімова, Қ.Б.Елеуова, 2026


Page 3

3
Кіріспе


ХХІ ғасырдың үшінші онжылдығында Қазақстан әлемнің дамыған
елдері қатарына енуді көздеп отыр. Бұл жағдайларда
қазақстандықтардың өскелең ұрпағына зор жауапкершілік жүктелуде,
олардың алдында ұлттық бәсекеге қабілеттілік деңгейін көтеру,
ХХІ ғасырда Қазақстанның өсіп-өркендеуі мен беделінің артуын
қамтамасыз ету міндеттері тұр.
Негізгі қоғамдық капитал – адам капиталын белсенді дамытудың
ең тиімді тәсілдерінің бірі «технологиялық серпінге» әзір жаңа ұрпақты
дайындау, оларды ғылыми-техникалық және инновациялық саясатты
іске асыруға тарту болып табылады. Адам капиталы экономикалық
өсімнің негізгі факторы болып табылатыны айдан анық, ол
денсаулықтың және тұрмыстың жақсаруы сияқты экономикалық емес
пайданың кең спектрімен байланысты.
Мұндай нәтижелерге жету үшін білім беру жүйесін адам
капиталына деген жалпы әлемдік талаптарға жауап беретін,
қазақстандық қоғамның ауқымды міндеттерді шешу үшін жұмылуын
қамтамасыз ететін заманауи құзіреттіліктерді игеруге бағыттау керек.
Сондықтан адам капиталына инвестиция салу – балалар мен
жастардың шығармашылық мүмкіндіктерін кеңейту, оларды өз-өздерін
табысты жүзеге асыруға тарту мұндай инвестициялау үшін маңызды
мүмкіндік және тиімді технология сияқты Қосымша білім беруді
дамыту стратегиясының (бұдан әрі - Стратегия) орталық элементіне
айналуы тиіс.
Қазіргі жағдайда балалардың мектеп білімі аясында үнемі іске
асырыла бермейтін салалардағы танымдық қызығушылықтары мен


Page 4

4
қажеттіліктерін қанағаттандыруға байланысты білім беру іс-әрекеті
кең қанат жайып келеді. Демократиялық реформалар тудырған
отандық білім беру саласындағы жаңа құбылыстар қатарында барынша
маңыздылардың бірі деп толық негізде бала ларға қосымша білім
беруді атауға болады. Балаларға қосымша білім берудің құндылығы
сол, ол жалпы білім берудің вариативті құрамын күшейтеді,
жасөспірімдерге өз-өздерін кәсіби бағдарлауда көмектеседі,
балалардың мектепте алған білімдері мен күш-қуаттарын іске асыруға
септеседі.
Қосымша білім беру жағдайында балалар өздерінің
шығармашылық әлеуеттерін, қазіргі қоғамға бейімделу дағдыларын
дамыта алады және бос уақытты толыққанды ұйымдастыру
мүмкіндігін алады.
Қосымша білім беру міндеттерін іске асыра отырып, мектеп бір
жағынан білім беру стандартын игеру, ал екінші жағынан – білім
беруді жаңғыртудың маңызды ұстанымы ретінде жарияланған білім
беруді ізгілендірудің негізі болып табылатын тұлғаның еркін дамуы
үшін жағдай жасау қажеттігі арасындағы қарама-қайшылықты шешеді.
Балаларға қосымша білім беру мәселесінің өзектілігі бүгінгі таңда
сөзсіз, өйткені ол балаларға білім берудің мәнін жаңаша түсінумен
тікелей байланысты. Балаларға қосымша білім беру жүйесі қазіргі
жағдайларда білім беру кеңістігінің аса маңызды құрамдас бөлігі
ретінде қарастырылады, оны мұқият ойластырылған және тексерілген
талаптар негізінде ұйымдастыру дарынды балаларды қолдаумен және
дамытумен қамтамасыз ете отырып, балалық шақ дағдарысын енсеруге
көмектесуі мүмкін.


Page 5

5
Қазақстандағы қосымша білім берудің жылдар бойғы қалыптасу
тарихы және қазіргі жағдайына талдау оның төмендегі өзара әрекет
етуші элементтер жиынтығынан тұратын белгілі бір жүйе ретінде
қарастырыла алатынын көрсетеді: түрлі деңгейдегі және бағыттағы
білім беру бағдарламалары; балаларға қосымша білім беру ұйымдары;
білім беруді басқару органдары; қосымша білім беру бағдарламаларын
іске асырушы балалар мен жасөспірімдердің қоғамдық бірлестіктері.
Аталмыш Стратегияны әзірлеу қосымша білім беру сапасын
арттыруға, жаңа экономикалық және мәдени -әлеуметтік
жағдайлардағы қазақстандық қосымша білім беру жүйесі алдында
тұрған стратегиялық міндеттерді шешуге бағытталған түбегейлі
өзгерістердің қажеттігінен туындаған.
Стратегия мемлекеттік тәуелсіздікті қалыптастыру мен
нығайтудың, елді ілгері дамытудың іргелі құрамдас бөлігі ретіндегі
білім беру саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттары мен
міндеттерін, оларды іске асырудың тегершіктерін анықтайтын құжат
болып табылады.
Зияткерлік капитал, еңбек адамы, инновациялық ойлау жаңа
Қазақстанның басты құндылығына айналуда. Олар Мемлекет басшысы
Н.Ә. Назарбаевтың «Қазақстандық жол – 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір
болашақ» атты Қазақстан халқына Жолдауында көрсетілген
стратегиялық бағытпен үйлесуі тиіс.
Қосымша білім беруді дамыту стратегиясы елдегі қосымша білім
берудің мүмкіндіктерін кеңейту арқылы өскелең ұрпақты
әлеуметтендірудің және өзін- өзі дамытудың негізгі міндеттерін
шешуге бағытталған және Қазақстан Республикасының
Конституциясымен, «Білім туралы», «Қазақстан Республикасындағы


Page 6

6
бала құқықтары туралы», «Кәмелетке толмағандар арасындағы
құқықбұзушылықтардың алдын алу және балалардың қадағалаусыз
және панасыз қалуының алдын алу туралы» Қазақстан
Республикасы Заңдарымен, Білім беруді дамытудың м емлекеттік
бағдарламасымен және т.б. анықталған Қазақстанның тәрбие беру
саясатының негізгі ұстанымдарын дамытады.
Стратегия атқарушы биліктің мемлекеттік органдарының,
қоғамның, бизнес-қауымдастықтардың балаларға қосымша білім
беруге және тәрбиелеуге деген назарларын күшейтуге, сабақтан тыс
уақытты тиімді ұйымдастыруға, балалар мен жастар ортасындағы жат
құбылыстарға қарсылық көрсетуге, балалар құқығының сақталуын
қасмтамасыз етуге бағытталған.
Ашықтыққа, ұшқырлыққа және икемділікке ие балаларға қосымша
білім беру жүйесі баланың, оның отбасының, қоғамның, мемлекеттің
мүддесіне орай «уақыт талабына» жылдам әрі дәлме-дәл әрекет етуге
қауқарлы. Қазіргі уақытта балаларға қосымша білім беру
«Қазақстандық білім берудің таяу уақыттағы даму аумағы» ретінде
қарастырылады.
Стратегия Қазақстан Республикасындағы балаларға қосымша білім
беруді дамытудың құнды-мағыналық, мақсатты, мазмұнды және
нәтижелі басым бағыттарын анықтайды.
Тұлғаның дамуға және өзін -өзі іске асыруға құқықтарын
қамтамасыз ету, балалар мен жастардың түрлі қызығушылықтарын
қанағаттандыру үшін мүмкіндіктерді кеңейту, олардың мотивациялық
әлеуеттерін, тұлғаның, қоғам мен мемлекеттің бәсекеге
қабілеттіліктерін дамыту мақсаттарында ұйымдастырушылық -
педагогикалық, әдістемелік, ғылыми-зерттеушілік іс- шаралар


Page 7

7
кешенінен тұратын Стратегияны қабылдау қажеттілігі туындайды.
Қазақстанның индустриалдық қоғамнан постиндустриалдық
ақпараттық қоғамға көшу жағдайында адамға қосымша білім беру
жүйесіне, өскелең ұрпаққа қосымша білім беру мүмкіндіктерін кеңейту
арқылы адамды әлеуметтендіруге және өзін-өзі дамытуға талаптар
күшейе түседі. Адамның дамуға және іс-әрекеттің сан түрін еркін
таңдауға деген құқығын барынша толық қамтамасыз ететін ашық білім
беру ретіндегі қосымша білім берудің мұратын қоғамдық түсінудің
қажеттілігіне барынша маңыз берілуде, қосымша білім балалардың,
жеткіншектер мен жастардың тұлғалық және кәсіби тұрғыда өз-өздерін
анықтауларына көмектеседі.
Бүгінде ақпараттың жаңа арналары мен көздері пайда болуымен
мектеп білімді, дағдыларды және жүріс -тұрыс үлгілерін
қалыптастыруға деген монополиядан айырылуда. Формальды білім
беру аясынан шығу, басқа әлеуметтік институттар мүмкіндіктерін
қолдану қажет.
Стратегияны іске асыру қосымша білім беру инфрақұрылымының
тартымдылығын арттыруға және негізгі даму аспектілерін
қамтамасыз етуге, осы саланы мемлекеттік реттеудің жәнее қолдаудың
тиімді тегершіктерін құруға септесетін болады.
Стратегия Қазақстан Республикасы балаларына қосымша білім
берудің сапасын жетілдіру бойынша іс-әрекеттердің мақсаттылығын,
тұтастығын және жүйелілігін қамтамасыз етуге бағытталған.


Page 8

8
Қазақстандағы қазіргі қосымша білім беру
жүйесінің даму ерекшеліктері

Қазақстанда балаларға қосымша білім беру және тәрбие беру
саласы ХХ ғасырдың 90-шы жылдардың басына дейін кеңестік білім
беру жүйесінде зор маңызға ие болды. Балалардың басым көпшілігі
аталмыш үрдіске тартылды. Бұған екі фактор себеп болды: біріншісі –
тегін қосымша білім беру, екіншісі – мамандандырылған білім берудің
таралым кеңдігі.
ХХ ғасырдың соңында – ХХІ ғасырдың басында мектептен тыс
тәрбие берудің балаларға қосымша білім беру жүйесіне
трансформациялануы Қазақстанның демократиялық және құқықтық
мемлекетке, нарықтық экономикаға көшу міндеттерімен байланысты.
Осы көшу үрдісі кезінде тұлға мен қоғам үшін сан түрлі формальды
емес құрылымдардың, бірінші кезекте, қосымша білім берудің мәні
артты, қосымша білім берудің негізгі мақсаты – балалардың үнемі
өзгеріп тұратын жеке мәдени - әлеуметтік және білім беру
қажеттіліктерін қанағаттандыру.
Тәжірибе көрсеткендей, адамның біліміне деген талаптар тек
базалық біліммен ғана қанағаттандырылмайды. База лық білім
қосымша формальды емес білім беруге барынша мұқтаж, қосымша
білім адамның бейімдерін, қабілеттерін және қызығушылықтарын
дамытудың, оның әлеуметтік және кәсіби өзін-өзі анықтауының басты
факторларының бірі болып отыр және болып қала береді.
Республикада алғаш рет балаларға негізгі (базалық) және қосымша
білім беру тең құқылы, бір-бірін өзара толықтырушы компоненттер
ретінде қарастырылуда және осылайша әр баланың толыққанды жеке
дамуы үшін қажет бірыңғай білім беру кеңістігін құруда. Мұндай
жағдайларда мектеп оқушыларды дамытуға зияткерлік
ауықтушылықты еңсеріп, олардың қоғамда табысты әлеуметтенулері
үшін негіз құрай алады.
Жаңа буындағы білім беру стандарттарын енгізу жағдайларында
балаларға қосымша білім беруді негізгі жалпы білім беру
бағдарламаларына енгізудің өзектілігі мектепте алынған білім, іскерлік


Page 9

9
пен дағдыны тәжірибеде қолдануға септігін тигізетін жалпы білімнің
вариативті құрамдас бөлігін күшейту, оқушылардың танымдық
мотивацияларын ынталандыру қажеттігімен байланыстырылады.
Мектеп сабағындағы оқу үрдісінде қосымша білім беру жүйесіне
тән технологияларды қолдануға болады. Бұлар кешенді сабақтар, оқу
жобалары, дискуссиялық технологиялар, ойындар, пәндік
технологиялар болуы мүмкін. Олар, әдетте, сабақтың шеңбер інен
шығуды қажет етеді, мұғалімнің тікелей жетекшілігінде
оқушылардың өз еркілерімен жеке және топтық іс -әрекеттерін
қарастырады. Сондай-ақ, мектеп сабағы материал мазмұнын кеңейту
және тереңдету деңгейінде де және мектеп сабағы мазмұнының
жекелеген эелементтерін сабақтан тыс қызметтің түрлі формаларында
өңдеу есебінен де қосымша білім беру бағдарламасын іске асыру
үрдісіндегі оқу сабақтары аясында жалғасын таба алады.
Сабақтан тыс жұмыс жүйесіне қосымша білім беру
бағдарламаларымен айналысатын балаларды қ осу өзіндік
ерекшеліктерге ие бола алады және түрлі тәрбиелік нәтижелерге шыға
алады, бұл әр нақты мектеп қосымша білім беру мекемелерінің қандай
деңгейін қамтитынына байланысты.
Ол:
1) жұмыстары бір-бірімен аз үйлеетін және толығымен бар
кадрлық және материалдық жағдайларға тәуелді болып келетін
үйірмелердің, секциялардың, клубтардың кездейсоқ жиынтығы;
2) балалар шығармашылық ұжымдары мен бірлестіктерінің
жұмысының ішкі шоғырлануы, олардың қызметінің түрлі
бағыттанушылығы;
3) балаларға қосымша білім берудің мектептің жеке бөлімшесі
ретінде дамуы;
4) балаларға негізгі және қосымша білім берудің бірігуі,
мектептердің негізгі құрылымдарының ұйымдық және мазмұндық
бірлігі бола алады.
Қазіргі уақытта мектептердің тәжірибесінде жоғарыда аталған
барлық ұйымдық үлгілер пайдаланылады.


Page 10

10
Мектептегі қосымша білім беруді ұйымдастырудың алғашқы екі
деңгейіне артықшылық беріледі. Бірігу үрдестерін жүзеге асыру
жағдайларындағы үшінші және төртінші деңгейлер өзіндік тәрбиедік
жүйелерді құруға бағдарланған мектептерге тән.
Әр үлгі өзін жобалап, ары қарай іс-тәжірибеде жүзеге асыратындар
үшін белгілі бір құндылықты білдіреді. Осылайша, негізінде мектептегі
қосымша білім беруді ұйымдастырудың бірінші деңгейі бар үлгілер
белгілі мағынаға ие, себебі балалардың бос уақытын қамтамасыз етеді
және олардың сабақтан тыс қызығушылықтарының спектрін
анықтауға мүмкіндік туғызады.
Екінші деңгейдегі үлгілер балаларды, сондай-ақ, балалар мен
ересектерді біріктіретін жұмысының өзіндік формаларымен бағалы
(қауымдастықтар, шығармашылық зер тханалар, экспедициялар,
шеберханалар және т.с.с.).
Ұйымдық әрекеттестіктің үшінші және төртінші деңгейлеріне
негізделген үлгілер балалардың қосымша білім беруге деген түрлі
сұраныстарын қамтамасыз етуге және осы тұста маңызды
нәтижелерге жетуге мүмкіндік береді.
Әрекеттестіктің барлық субъектілерінің тәрбиелік
бағдарламалардың мазмұнын бірлесе әзірлеу арқылы жұмысының
келісушілігінің есебінде мүмкін болады.
Бірінші жағдайда, тәрбиелік қызметтің жалпы мектептік
бағдарламасының компоненті ретінде қаралатын б ірыңғай
бағдарламаның негізінде жұмыс істеп жүрген қосымша білім берудің
барлық оқытушыларының әрекеттерінің келісушілігінің есебіне.
Екінші жағдайда – қосымша білім беруді мазмұндық деңгейде де,
қызметтің технологиясында да негізгі жалпы білім беру
бағдарламасымен біріктіру есебіне.
Ұйымдық әрекеттесудің үшінші және төртінші деңгейлерінің
есебінде құрылған, бірігудің ішкі де, сыртқы да механизмдерін
пайдаланатын үлгілер басым болып қаралады, себебі олар мектептік
тәрбиелік жүйелерді құруға бағдарланған, ал бұл мектептік білім
берудің барлық деңгейлерінде жаңа ұрпақтың стандарттарымен
қарастырылған.


Файлдың толық нұсқасын материалды жүктеу арқылы көруге болады
Материалды PDF форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
3 қыркүйек
57
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі