Тақырып бойынша 31 материал табылды

«ҚОСЫМША БІЛІМ БЕРУ ҰЙЫМЫНДА ОҚУШЫЛАРДЫҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ҚАБІЛЕТТЕРІН ДАМЫТУ»

Материал туралы қысқаша түсінік
Білім – шығармашылықтың тірегі. Оқушылардың көркем шығармашылық қабілеттері оның білімінен тысқары кете алмайды. Бастауыш сынып оқушыларында көркем шығармашылық қабілеті басталуға дейін жұмысты орындауға қажетті білімі жетіспей жатады. Сондықтан олар тек бірегей шығармашылық ғана емес, жалпы кез-келген өнімді жасай алмайды. Демек, балаларды қажетті негізгі білімдер мен шығармашылық өнімдерді жасауға керек болатын дағды, әдістерге үйрету керек. Ол пәндерді оқыту барысында жан-жақты іске асады. Кіші мектеп жасындағы балалардың өзіндік дербес мүдделері, қабілеттері, икемдері болса, онда оқу процесінде еңбектің түрлі саласын енгізіп, олардың шығармашылық ынтасын көтермелеп отыру керек. Бастауыш сынып жасындағы оқушылар көп нәрсенің бәрін бірдей меңгеріп кете алмайды. Егер оқытылатын материал мөлшері оның ақыл-ой, ерік- жігер мүмкіншілігінен асып кетсе, онда бала артық білімді игермек түгіл, өз мүмкіндігіне сай келетін қалған материалды іріктеген кезде балалардың белгілі бір уақыт өлшемінде
Материалдың қысқаша нұсқасы

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ОҚУ-АҒАРТУ МИНИСТРЛІГІ

ЖАМБАЛ ОБЛЫСЫ ӘКІМДІГІНІҢ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ

ТАЛАС АУДАНЫНЫҢ

БАЛАЛАР МЕН ЖАСӨСПІРІМДЕР ОРТАЛЫҒЫ






ӘДІСТЕМЕЛІК ҚҰРАЛ


«ҚОСЫМША БІЛІМ БЕРУ ҰЙЫМЫНДА ОҚУШЫЛАРДЫҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ҚАБІЛЕТТЕРІН ДАМЫТУ»



Автор:

Абрен Балжан Миатбекқызы

Қосымша білім беру ұйымының педагогы

«көркем оқыту» үйірмесі







Shape1 2026ж.



Бұл әдістемелік құрал қосымша білім беру ұйымдарында бастауыш сынып оқушыларымен шығармашылық бағытта жұмыс жүргізетін педагогтерге арналған. Құралдың мақсаты – бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық қабілеттерін дамыту жолдарын айқындау және педагогтердің тәжірибесінде тиімді қолдануға болатын әдіс-тәсілдерді ұсыну.

Әдістемелік құралда бастауыш жастағы балалардың жас ерекшеліктері ескеріле отырып, көркем оқыту үйірмесін ұйымдастырудың мазмұны, формалары мен әдістері қарастырылған. Оқу-тәрбие үдерісінде қолданылатын шығармашылық тапсырмалар, практикалық жұмыстар, ойын элементтері мен көркемдік іс-әрекеттер жүйеленіп берілген.

Құрал мазмұны балалардың қиялын, эстетикалық талғамын, бейнелеу дағдыларын және шығармашылық ойлауын дамытуға бағытталған. Ұсынылған материалдар қосымша білім беру педагогтеріне, әдіскерлерге, сондай-ақ бастауыш сынып оқушыларымен жұмыс істейтін мамандарға практикалық көмек ретінде пайдалануға ұсынылады.

Әдістемелік құрал балалардың шығармашылық қабілеттерін, оның ішінде ойлау операцияларын, қиял белсенділігін, «объект», «кеңістік», «объектінің белгілері» ұғымдарын, сондай-ақ логикалық ойлау мен бағытталу қағидаттарын жетілдіруге бағытталған әдістеме жүйесі ұсынылған.




МАЗМҰНЫ



КІРІСПЕ

1

ҚОСЫМША БІЛІМ БЕРУ ҰЙЫМЫНДА ОҚУШЫЛАРДЫҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ҚАБІЛЕТТЕРІН ДАМЫТУ

1.1

ОҚУШЫЛАРДЫҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ҚАБІЛЕТІН АРТТЫРУДА ЖАҢА ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯНЫҢ МАҢЫЗЫ

1.2

ИННОВАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ҚОЛДАНУ ДАЯРЛЫҒЫ

1.3

ОҚУШЫЛАРДЫҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ҚАБІЛЕТТЕРІН ДАМЫТУ ЖҰМЫСЫНА ПЕДАГОГИКАЛЫҚ-ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ҚОЛДАУ

2

ҚОСЫМША БІЛІМ БЕРУДІҢ БАСТЫ МАҚСАТЫ – ШЫҒАРМАШЫЛ ТҰЛҒА ҚАЛЫПТАСТЫРУ

2.1

ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ҚАБІЛЕТТІ ДАМЫТУ ӘДІСТЕРІ

2.2

ОҚУШЫЛАРДЫҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ҚАБІЛЕТТЕРІН ДАМЫТУ ЖҰМЫСЫНА ПЕДАГОГИКАЛЫҚ-ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ҚОЛДАУ

2.3

ОҚУШЫЛАРДЫҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ҚАБІЛЕТТЕРІН АРТТЫРУ ЖОЛДАРЫ

2.4

ҮЙІРМЕ САБАҒЫНДА ЖАҢА ТЕХНОЛОГИЯНЫ ПАЙДАЛАНА ОТЫРЫП, ОҚУШЫЛАРДЫҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫН ДАМЫТУ

2.5

ОҚУШЫЛАРДЫҢ ЛОГИКАЛЫҚ ОЙЛАУЫН ДАМЫТУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ


ҚОРЫТЫНДЫ


ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР















Кіріспе

Білім – шығармашылықтың тірегі. Оқушылардың көркем шығармашылық қабілеттері оның білімінен тысқары кете алмайды. Бастауыш сынып оқушыларында көркем шығармашылық қабілеті басталуға дейін жұмысты орындауға қажетті білімі жетіспей жатады. Сондықтан олар тек бірегей шығармашылық ғана емес, жалпы кез-келген өнімді жасай алмайды. Демек, балаларды қажетті негізгі білімдер мен шығармашылық өнімдерді жасауға керек болатын дағды, әдістерге үйрету керек. Ол пәндерді оқыту барысында жан-жақты іске асады. Кіші мектеп жасындағы балалардың өзіндік дербес мүдделері, қабілеттері, икемдері болса, онда оқу процесінде еңбектің түрлі саласын енгізіп, олардың шығармашылық ынтасын көтермелеп отыру керек. Бастауыш сынып жасындағы оқушылар көп нәрсенің бәрін бірдей меңгеріп кете алмайды. Егер оқытылатын материал мөлшері оның ақыл-ой, ерік- жігер мүмкіншілігінен асып кетсе, онда бала артық білімді игермек түгіл, өз мүмкіндігіне сай келетін қалған материалды іріктеген кезде балалардың белгілі бір уақыт өлшемінде тиімді игере алмайтын материал санына шек қоямыз. Ал бірақ іс-әрекетін оның дербестігімен бірлікте қараймыз. Өйткені, олар бір-бірімен тығыз байланысты және бірінің дамуына екіншісі ықпал жасайды. Баланың еңбекке деген бейімділігі бала күннен бастап қалыптаса бастайды.Оқу және еңбек үстінде ол әрі қарай дамып нығаяды. Дарындылық оқу және шығармашылық болып екіге бөлінеді. Бұл екеуі егіз ұғым секілді. Өмірді танып білу әдетте оқып үйренуден басталады. Сонан соң бала сол білімін шығармашылықпен пайдалануға ұмтылады. Яғни, оқушы бір деңгейден екінші деңгейге көтеріліп, әрі қарай толыса түседі. Оқу және көркем шығармашылық қабілетінің арасындағы байланыстарды ескеру өте маңызды. Адамның ақыл-ойы биіктеген сайын көркем шығармашылық қабілеті де жоғарылай түспек. Америка психологі М.Корненің пайымдауынша олар былайша тұжырымдалады:

1.Бағдарлама талабына сәйкес келмейтін оқу үрдісі;

2.Оқу бағдарламасының әлсіздігінен туындап жатқан сабаққа деген

салқын көзқарас және тәртіптің нашарлығы;

3.Дарынды балалар әдетте күрделі істер мен ойындарды ғана ұнатады. Сондықтан оларды орта дәрежедегі құрбы – құрдастарының іс – қимылдары қызықтыра қоймайды.Олар стандартты талаптарды қабылдай білмейді.Өйткені, оларға қызғылықсыз болып көрінеді;

4.Өз шама – шарқын бағалай білмеу, өз кінәсін өзгеге аудара салуға бейім тұру;

5.Алдына орындалмайтын мақсат қою, қиялға берілушілік;

6.Өзара сенімсіздік;

7.Өзіне сын көзбен қарауды білмеушілік

Қабілет, дағды, білім және икемділік арасындағы байланыс жай сөз еткенде осы байланыстың екі жағы туралы айтпасқа болмайды. Психологияда білімдарлық – қабілеттілікті анықтаудың бірден – бір параметрі. Н.А.Менчинскаяның пайымдауынша білімді игеруге деген қабілеттілік білімдарлықтың негізі болып табылады. Білімділіктің қасиеттері ретінде біз мыналарды негізге аламыз:

1.ойлау қызметін жинақтап қорыту;

2.іс-әрекет пен ойлаудың ұғынықтылығы

Бұл білімдарлық оқушының мектепте оқу пәндерін барынша мол игеруге деген құлшынысы.

Білім берудің дәстүрлі қалыптасқан жүйесінде оқу бағдарламалары,

негізінен, фактілерді жинақтап есте сақтауға, басқа да шығармашыл емес әрекет түрлеріне құрылған. Сондықтан мектепте жақсы оқыған оқушылардың көпшілігі, егер одан кейінгі оқуы немесе жұмысы одан шығармашылықты талап етсе, бұған барынша қарсылық көрсетеді. Егер көркем шығармашылық қабілетке білім беру курсының басынан бастап, тіпті, мектепке дейінгі мекемеден бастап, баланың бүкіл көркем шығармашылық қабілетінде дем беріп отырса, мұндай қиыншылықтарды жоюға болады.

Баланың еркін шығармашылықпен ойлауына, оның қабілеттерін жан – жақты дамытуға, өз күші мен мүмкіндігіне деген сенімінің болуына әрқашан жағдай жасап отыруымыз қажет. Бұл проблеманы шешуде жоғарыда айтылған педагог – психологтардың пікірлері мен тұжырымдарын басшылыққа аламыз. Сонда ғана бала шығармашылығын дамытудағы еткен еңбегіміз өз жемісін бермек. Оқыту жұмысының табысты болуы, оқытудың озық әдістерін қолдануға ғана байланысты болып қоймай, оқушылардың көркем шығармашылық қабілеттерінің әртүрлілігін ескеруге де байланысты болатындығы ғылыми тұрғыдан дәлелденген. Оқушыларда жас ерекшеліктеріне және психикалық даму дәрежесіне қарай белсенділіктің бірнеше түрі қалыптасып дамиды: қимыл, сөйлеу, ойлау, таным, өзін-өзі тәрбиелеу т.б. белсенділіктер. Оқушылардың өздігінен жасайтын түрлі оқу жұмыстары балалардың белсенділігін арттырады және оқу мен ойлау әрекетінің тиімді амал-тәсілдерін қалыптастырады, басқаша айтқанда, оқу материалымен белсенді түрде жұмыс істеуге үйретеді. Мысалы: материалдың негізгі ұғымдары мен тұжырымдарын айыру, жаңа материалды өткен материалмен салыстыру, оларды белгілі жерге келтіріп топтастыру және қорытындылар жасау сияқты т.б. амалдарды қолдану.

 Оқу   материалымен  жұмыс  істеудің   тиімді  жолдарын  білетін   оқушы   оны  тек   есте  қалдыру  үшін   жаттап  алмайды,  ол   өзінің  белсенді  ойлау   әрекеті  арқылы   материалдың   негізгі  жақтарын  айырып,   оларды  белгілі  жүйеде   байланыстыра  түсінуге  тырысады.   Мұндай  оқушылар  кейбір   екінші  дәрежелі  жақтарына   көңіл  аудармай,  оның   жетекші мүддесі  мен  заңдылықтарын   ұғып  алуға  күш   жұмсайды  және  басқа   материалды   солармен  байланыстыра   қарастыратын  болады.  Оқушы   өзінің  ұққанын,  оқыған   материалдың  ең  маңызды   жерлерін  қысқша  жазып   алады.  Схема,  таблица,   модельдер  сияқты  графикалық   жұмыстарды  да  пайдаланады.   Оқу  материалын  терең   меңгеру  үшін,  теориялық   материалдардан  нақтыға  және   керісінше,  нақтыдан  теориялық   материалдармен  жұмыс  істеуге   үйренеді.

 Мынадай  тапсырмаларды   орындату  пайдалы:

1.Салыстырудың  мақсатын   анықтау.

2.Нәрселерді  қандай   белгілері  бойынша  салыстыруға   болады?

Бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық қабілетін дамыту іс-әрекет үстінде, соның ішінде оқыту процесінде ерекше дамиды.Ол шығармашылық қабілетке ие оқушының іс-әрекетінен байқалады. 

Бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық қабілеттерін танып-білу дамыту үшін 

1) оқушылардың қабілет деңгейі, құрылымы әр алуан болатынын ескеру керек. Оны анықтауға психологиялық тестілер, зерттеу, бақылау, дамыту жұмыстары көмектеседі; 

2) әр адамда қабілеттің бірнеше түрі болатынын ескере отырып, баланың жетекші қабілетін анықтап, арнаулы жаттығу жұмыстарын жүргізе білген жөн. Тәуелсіз мемлекетіміздің болашағын дайындауда, олардың дүниетанымын, өмірлік бағдарын кеңейтіп, жан-жақты жетілген азамат етіп шығару талабы тұр. Көп уақыт орта білім беретін мектептің негізгі міндеті – білім беру, дағды мен біліктерін қалыптастыру болып келсе, қазіргі мектептің негізгі міндеті – біршама күрделі ойы ұшқыр, шығармашылық қабілеті жоғары, өмірге икемді, жан-жақты дамыған жеке басты тұлға тәрбиелеу. Әр заманның ұсынары бар және қалай болғанда да заман ағымынан қалмай, ілгері жүру - ұлы мұрат.

Сондықтан бастауыш сынып оқушыларын дамытудың маңызды факторы олардың білімі мен дағдыларының қалыптастыруға мүмкіндік беретін бүкіл оқу барысын жолға қою болып табылады. Шығармашылық – бала бойындағы дарындылығын дамыту, тәрбиелеу бүгінгі күннің өзекті мәселесі болып отыр. Баланың қызығушылық қабілетін арттыру арқылы шығармашылық қабілетін де дамыту қажет. Қызығу – бұл адамның саналы әрекеті. Қызығушылық қалай пайда болады? Баланың қызығуы үшін – оның көңіл-күйі көтеріңкі, көңілді болуы тиіс. Бала бір нәрсеге қызығу үшін қызығатын нәрселер адамға жағымды сезімдер тудыруы керек. Жалпы адамның қызығуы бірнеше түрге бөлінеді. Қызығу туралы психологтар, педагогтар көптеген еңбектерін жазып, дәлелдеген, зерттеген. Олар мыналар: Э.Парондайк, У.Мак Дугал. Бұл ғалымдар қызығушылықты зерттеп, оның жемістерін де атап өтті. Мысалы:

А) қызығушылық қабілетті арттыра отырып оқушының шығармашылық қабілетін оятуға;

Ә) бала бойында шығармашылық заңдылықтарды дамытып, тәрбиелеуге; т.б.

«Шығармашылық» – адам баласының өмір сүруге деген ұмтылысы, ізденісі. «Шығармашылық» – адам бойындағы қабілеттерін дамытып, олардың өшуіне жол бермеу, адамның рухани күшін нығайтып, өзін-өзі табуына жәрдемдеседі. Адам әрдайым өзін жетілдіруге, ұмтылуға, өсуге қабілетті болады, сол арқылы оған толыққанды өмір сүру үшін жаңа рухани күш беру білімнің ең негізгі мақсаты болып табылады деп - Қазақстан орта білімді дамыту тұжырымдамасының жобасында. Сонымен қатар қазақтың ұлы ойшылдары да өз еңбектерініде адамның жеке басының қабілеттерінің дамуын қарастырып, тиімді жақтарын пайдаланған.

Шығармашылық - күрделі психологиялық үрдіс. Ол іс-әрекеттің түрі болғандықтан тек адамға ғана тән. Ұзақ жылдар бойы шығармашылық барлық адамның қолынан келе бермейді деп қарастырылып келсе, қазіргі ғылым жетістіктері қабілеттің мұндай дәрежесіне белгілі бір шарттар орындалған жағдайда кез келген баланы көтеруге болатындығы жайлы көп айтуда. Кез келген бала оқу әрекетінде адамзат баласының осы кезге дейінгі жинақталған тәжірибесін меңгерсе екіншіден кез келген оқушы шығармашылық әрекеттер орындау арқылы өзінің ішкі мүмкіндіктерін дамытады. Оқу әрекетінен шығармашылық әрекеттің айырмашылығы – ол баланың өзін-өзі қалыптастыруына өз идеясын жүзеге асыруына бағытталған жаңа әдіс – тәсілдерін іздейді. Біздің ойымызша, бүгінгі бастауышсынып оқушыларының кез-келгені шығармашылық тапсырмалар шешуді табыспен меңгере алады. Тек ол жұмысқа дұрыс басшылық, шебер ұйымдастырушылық қажет.

Қосымша білім беру педагогтарын оқу үдерісінде ақпараттандыру технологияларын пайдалануға даярлаудың дидактикалық негізі оқыту мазмұнына, әдістеріне, оқыту мақсатына жетуге бағытталған оқытуды ұйымдастыру пішімдеріне қойылатын талаптарды айқындайтын дидактикалық принциптерден құралады.

Сонымен қатар ақпараттық жалпы қасиеттерін, оның түрлерін, адамды дамыту және тәрбиелеудегі ықпалық талдау негізінде, ақпарат оқу үрдісінің нақты сатысында, оқушымен әрекеттерінің әрбір мезетінде ықпалды қолданылуы тиіс екендігі анықталады. Бұл жерде мұғалім оқу-тәрбие үрдісінің жалпылай мақсатын ғылыми тұрғыдан қарастыруды түсіндіре отырып, оқушылардың шығармашылық дайындығын, тапсырманы орындау тәсілдерінің сәйкестігін анықтап отырады.

Білім меңгеруде мұғалім мен оқушының біріккен еңбектері қажет. Қазіргі заманғы педагогикалық ой тұжырымдамада гуманизм идеялары, еркін білім беру, оқушының жеке тұлғалық күшін дамыту, оның шығармашылық потенциялының дамуы басты рөлді атқарып отыр. Олай болса қазіргі ұстаздар қауымының алдындағы белсенді, шығармашылық іс-әрекетіне қабілетті, еркін және жан-жақты жетілген тұлғаны дамыту. Бүгінгі күні мемлекетіміздің өркениетке жету жолындағы өр талабына тұғыр боларлықтай ұрпақ оқыту, тәрбиелеу ісін жаңа сапалық өзгерістер деңгейіне көтеруді талап етіп отыр. Мектеп құрылымында болып жатқан өзгерістер, білім беру мақсаттарының алмасуы, оның дамытушылық сипаттарының бекітілуі, көпнұсқалық оқытуға көшу сияқты мәселелер орындаушылардан шығармашылық бастамалық, жұмыстың жоғары сапасын және кәсібилікті талап етеді.

1.ҚОСЫМША БІЛІМ БЕРУ ҰЙЫМЫНДА ОҚУШЫЛАРДЫҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ҚАБІЛЕТТЕРІН ДАМЫТУ

1.1 ОҚУШЫЛАРДЫҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ҚАБІЛЕТІН АРТТЫРУДА ЖАҢА ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯНЫҢ МАҢЫЗЫ


Бүгінгі білім беру жүйесінде шығармашылық қабілеттерді дамыту – ең өзекті міндеттердің бірі болып табылады. Осы мақсатқа жетуде қосымша білім беру ұйымдарының рөлі ерекше. Олар бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық әлеуетін арттыруға бағытталған қосымша құрал ретінде қызмет етеді. Қосымша білім беру ұйымында педагогтар тек білім беруші ғана емес, сонымен бірге шығармашылықты дамытуға жол ашушы жетекші болып табылады. Бұл жерде басты назар жеке тұлғаның ерекшеліктерін ескеріп, оқу-тәрбие процесін жеке бағыттау мен шығармашылық іс-әрекеттерге жағдай жасауға аударылады. Шығармашылық қабілет дегеніміз не?

Шығармашылық қабілет – адамның жаңа идеяларды ойлап табу, проблемаларды шешу, қиялын еркін қолдану және өзін-өзі жаңаша көрсету мүмкіндігі. Бастауыш сынып жасында бұл қабілет ерекше қарқынмен дамиды, өйткені бала қиялы белсенді, ойлау қабілеті икемді. Қосымша білім беру педагогының міндеті – осы мүмкіндікті тиімді бағыттап, шығармашылық іс-әрекетке тарту.

Шығармашылық қабілетті дамыту барысында білім алушылар:

өз ойын ашық жеткізуге үйренеді;

өз қателіктерін талдай біледі;

әртүрлі тапсырмаларды орындау арқылы логикалық ойлау мен қиялды дамытады;

топтық жұмыс арқылы әлеуметтік дағдылар мен ынтымақтастық қабілетін меңгереді.

Қосымша білім беру педагогының рөлі.

Қосымша білім беру педагогы шығармашылық қабілеттерді дамытудың негізгі ұйымдастырушысы болып табылады. Оның негізгі қызметі:

білім алушының жеке ерекшеліктерін ескере отырып, оқу-тәрбие процесін жоспарлау;

шығармашылық іс-әрекеттер мен ойын түрлерін қолдану;

заманауи ақпараттық және педагогикалық технологияларды тиімді пайдалану;

білім алушылардың жетістіктерін бақылау, кері байланыс беру.

Қосымша білім беру педагогтары шығармашылық белсенділікті арттыруда түрлі әдістерді қолданады: көркемдік тапсырмалар, жобалық жұмыстар, ғылыми зерттеу жобалары, ойын және эксперименттер. Мұндай жұмыстар білім алушыны ынталандырып, өз қабілетін сынауға мүмкіндік береді.

Шығармашылық қабілеттерді дамыту әдістері.

Көркемдік іс-әрекет. Бала сурет салу, аппликация жасау, мүсін жасау арқылы өз қиялын дамытады. Педагогтың міндеті – әр оқушыға жеке тапсырма беру, олардың қиялын шектемей, кең ойлауға мүмкіндік жасау.

Жобалық жұмыстар. Қысқа жобалар мен зерттеулерді орындау балаларды жоспарлауға, нәтижеге жетуге және топпен жұмыс істеуге үйретеді. Мысалы, табиғатқа қатысты шағын жобалар немесе шағын ғылыми тәжірибелер.

Инновациялық технологияларды қолдану. Қосымша білім беру педагогы компьютерлік бағдарламалар, интерактивті тақта, мультимедиа және интернет-ресурстар арқылы шығармашылық тапсырмаларды әрлендіріп, білім алушылардың қызығушылығын арттыра алады.

Ойын әдісі. Дамытушы ойындар арқылы балалар белсенді қатысады, өз шешімдерін табуға, қателіктерін түзетуге және топтық ойлауды дамытуға үйренеді.

Білім алушыға қойылатын талаптар. Шығармашылық қабілетті дамыту барысында қосымша білім беру педагогы білім алушыға мына қабілеттерді меңгертуді мақсат етеді:

қоршаған ортаны байқау, себеп-салдарын талдау;

ойлау, талдау, қиялдық қабілеттерін дамыту;

өз мақсатын қою және оған жету;

өзін-өзі талдау және бағалау дағдыларын меңгеру;

заманауи технологияларды (интернет, электрондық ресурстар) қолдана білу;

топтық жұмыс және әлеуметтік дағдыларды дамыту.

Қосымша білім беру ұйымындағы шығармашылық бағыттағы жұмыстар білім алушылардың жан-жақты дамуына үлкен үлес қосады. Педагогтар әрбір балаға жеке көзқарас танытып, шығармашылық тапсырмалар арқылы олардың потенциалын ашуға мүмкіндік береді. Білім алушының дарынды болуы педагогтің кәсіби шеберлігіне, әдістемелік дайындығына және шығармашылық ынтасына байланысты. Қосымша білім беру педагогтары өз ісінде инновациялық әдістерді қолданып, оқушылардың шығармашылық қабілетін арттыруға бағытталған іс-әрекеттерді жүйелі түрде ұйымдастыруы қажет. Бұл арқылы мектеп оқушыларының білім сапасы артып, олардың қиялы мен танымдық белсенділігі дамиды.

Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңының 5-тарауының 41-бабының 1-бөлімінде «педагог қызметкерлер өз біліктілігін арттыруға міндетті» деп көрсетілуі қосымша білім беру педагогтары алдында да оқу-тәрбие үдерісіне жаңа педагогикалық және ақпараттық технологияларды енгізу арқылы білім алушылардың білім сапасын арттыру, шығармашылық қабілеттерін дамыту мәселесінің өзектілігін айқындайды.

Қосымша білім беру ұйымы – білім беру жүйесінің маңызды құрамдас бөлігі. Сондықтан қосымша білім беру педагогының негізгі мақсаты – білім алушылардың жеке ерекшеліктерін ескере отырып, шығармашылық әлеуетін дамытуға бағытталған оқу-тәрбие жұмысын тиімді ұйымдастыру. Бұл үдеріс тұлғаны жан-жақты дамытудың алғышарты ретінде саралап және жеке бағытта оқытуды жүзеге асырумен тығыз байланысты.

Қосымша білім беру педагогының міндеттері ретінде мыналарды атауға болады:

оқу-тәрбие үдерісіне диагностикалық талдау жүргізу;
– білім алушының жеке тұлғалық дамуын бақылау және мониторинг жасау;
–оқу-тәрбие үдерісін ізгілендіруді қамтамасыз ету;
– білім алушылардың білім сапасын және шығармашылық белсенділігін арттыру.

Білім алушыларға қойылатын негізгі талаптар:
–қоршаған ортаны сезіне білу, құбылыстардың себеп-салдарын түсініп, ізденіс жасау;
–ойлау, талдау, сезімдік қабілеттерін дамыту;
–алға мақсат қоя білу және оған жетуге ұмтылу;
–өзін-өзі талдау мен өзін-өзі бағалау дағдыларын меңгеру;
– қарым-қатынас мәдениетін қалыптастыру және заманауи технологияларды (интернет, электронды ресурстар) пайдалана білу;
– қоғамда өз орнын, жеке рөлін анықтай алу.

Осыған орай қосымша білім беру педагогының қызметі нәтижеге бағытталуы тиіс. Педагогтің кәсіби шеберлігін дамытуға қолайлы жағдай жасау арқылы білім берудің жаңа парадигмасына сай ғылыми-әдістемелік жұмыс ұйымдастыру көзделеді. Қосымша білім беру педагогтары шығармашылық ізденіске дайын болып, кәсіби дамуға ұмтылуы қажет. Президенттің жолдаулында атап көрсетілгендей, болашақта жоғары технологиялық және ғылыми әлеуеті жоғары өндірістер үшін білікті кадрлар даярлау маңызды. Осы міндетті жүзеге асыруда қосымша білім беру ұйымдарының рөлі ерекше. Білім алушылардың ғылыми-зерттеу жұмыстарына қызығушылығын арттыру, шығармашылық қабілеттерін дамыту, заманауи технологияларды қолдану мәдениетін қалыптастыру – қосымша білім беру педагогының негізгі бағыттарының бірі болып табылады. «Баланың шығармашылық қабілетін ашу және дамыту үшін ең алдымен қолайлы жағдай жасау қажет». Білім алушының дарындылығы мен қабілетінің ашылуы көбіне қосымша білім беру педагогының кәсіби біліктілігіне және оның тұлғалық қасиеттеріне тікелей байланысты. Кейбір педагогтер дарынды білім алушыларды тек үлгерімі жоғары, тәртіпті балалармен ғана байланыстырады. Алайда шығармашылық қабілет көбіне стандарттан тыс ойлайтын, тәуелсіз көзқарасы бар, қиялы дамыған білім алушылардан байқалады. Сондықтан қосымша білім беру педагогы әрбір білім алушының даралығын ескеріп, оның шығармашылық әлеуетін ашуға бағытталған жұмыс жүргізуі тиіс. Дарынды білім алушылармен жұмыстың негізгі мақсаты – олардың шығармашылық іс-әрекетте өз мүмкіндіктерін толық жүзеге асыруына жағдай жасау. Бұл мақсатқа жету танымдық белсенділікті арттыру, жеке шығармашылық тапсырмалар мен жобалық жұмыстарды ұйымдастыру арқылы іске асады.

Қосымша білім беру жүйесінде педагог білім алушының болашақ кәсіби бағытына ықпал ететін негізгі тұлға болып табылады. Сондықтан жаңашыл педагогтердің инновациялық тәжірибесін шығармашылық тұрғыда меңгеру және қолдану қосымша білім беру педагогын даярлаудың маңызды бағыты болып саналады. Жаңашыл қосымша білім беру педагогтары білім алушының жеке тұлғалық қадір-қасиетін құрметтеуге, оның шығармашылық қабілеттері мен дербес ойлауын дамытуға, жағымды эмоционалдық-педагогикалық орта қалыптастыруға бағытталған ізгіліктік ұстанымдарымен ерекшеленеді.

Олардың тәжірибесі мына ережелерге негізделеді:

   оқытуды педагог мен оқушының өзара шығармашылық қарым-қатынасы ретінде қабылдау.

    күрделі мақсат идеясы (оқушының алдына барынша күрделі мақсат қойылып, оны орындай алатындығына сенімін нығайту);

   өзіндік талдау (оқушылардың жұмыс нәтижелерін жеке және ұжымдық талдау);

   ерікті таңдау (мұғалімнің оқу материалының жақсы меңгерілуі мақсатында сабақ уақытын өз бетінше пайдалануы);

  оқушылардың өзін- өзі шығармашылық басқаруы;

   тәрбиеге жеке тұлға тұрғысынан қарау;

   ата- аналармен ынтымақтастық құру;

Сонымен, жаңашыл педагогтердің инновациялық тәжірибесі тұлғаны дамытуда ізгілік және шығармашылық көзқарасқа негізделген әдістер мен жүйесін құрайды.

Педагогке біліміне қойылатын талаптар:

   өзінің сабақ беретін пәнін мемлекеттік стандарт деңгейінен жоғары деңгейде білу;

   оқушы дарындылығының моделін білу;

   қазіргі заманға сай оқытудың жаңа технологияларын білу;

   дарынды оқушыны оқыту, тәрбиелеу үрдісінде үлгірімге ғана көңіл бөлмей оның басқа да көрсеткіштерімен байланысына да көңіл бөлу;

   дарынды оқушылардың ерекшелігін ескере отырып, оларға шығармашылықпен жұмыс жасайтын тапсырмалар дайындай білуі.

Педагогке іскерлігіне қойлатын талаптар:

   дарынды оқушыны анықтау әдістерімен жұмыс жасай алуы;

   дарынды оқушыларды (жекелей және топпен)оқытуға арналған бағдарлама құрастырып, сонымен тұрақты жұмыс істей білуі;

   оқушы дарындылығын дамытуға қажетті зерттеу жұмыстарын жүргізе алуы;

   дарынды оқушыны оқытудың нәтижесін нақты бағалай білуі;

  дарынды оқушының ғылыми –ізденіс жұмыстарымен айналысуына жетекшілік етуі;

   дарынды оқушыны олимпиадалар мен сайыстарға дайындауда жетістікке жете алатындай деңгейде жұмыс жасауы.

Сондай-ақ дарынды оқушылармен нәтижелі жұмыс жасайтын мұғалімнің кәсіби “бейнесі” мынадай қасиеттерден тұрады: жоғары кәсіби біліктілік, даралық қасиет, білімпаздық, ойлап табуға және ғылыми  зертеу жұмысына қабілеттілік, кәсіби қызметін өздігінен жетілдіруге ұмтылушылық. Дарынды оқушымен жұмыс мұғалімнің өзіне, қызметіне және кәсіби біліктілігіне жаңа, жоғары талаптар қояды. Тіпті оның кәсіби жетілуіне өзгеше емтихан болып табылады .

 

Ұлы ойшыл Плутарх кезінде былай депті: «…Көптеген табиғи талант дарынсыз ұстаздардың кесірінен жойылып кетеді. Олар дарынның табиғи құбылысына терең бойлай алмай, тұпарды есекке айналдырып құртып тынады». Міне, ұстаз осындай келеңсіздікке жол бермеуі керек.

Оқушылардың шығармашылық  қабілетін арттырып, ынталандыру үшін сабақтарды мынадай жолдармен өткізуге болады:

1.     Сабақта кең көлемде көрнекі құралдарды пайдалану;

2.     Сабақты түрлендіріп өткізу;

3.     Сабақта оқушылар өздері жасаған суреттер, схемаларды пайдалану;

4.     Техникалық құралдарды тиімді қолдану;

5.     Сабаққа қатысты бейнетаспаларды, фильмдерді көрсету.

«Ұдай еңбек ету- өнердің де, өмірдің де заңы» дегеніндей, оқушылардың шығармашылық  қабілеті мен белсенділігін артыруда мұғалімге үнемі ізденуге, тұрақты еңбек етуді міндеттейді.

     Әрине, артқарылған істер аз емес. Дегенмен, әлі де болса бізді ойландыратын, толғандыратын істер жетерлік. Атап айтқанда, олар – білім сапасын арттыру, оқушылардың біліміне, ойлау қабілетіне сай деңгейлеп  оқыту, ғылыми-ізденіс қабілеттерін қалыптастыру, тсс.. Өйткені, ХХІ ғасыр- білімділер ғасыры. Ендеше бізге ой өрісі жоғары дамыған, зерделі, жан-жақты парасатты ұрпақ керек екенін бір сәтте естен шығармағанымыз жөн.

Соңғы кездерде педагогикалық технология жөнінде жиі сөз қозғалып жүр. Адамзат баласының өз ұрпағын оқыту, тәрбиелеудегі ең озық, тиімді, ізденістерін, тәжірибелерін жалғасытырып, тың жолдарын іздеу, классикалық педагогиканың озық үлгілерін жаңашылдықпен дамыту жалғаса бермек. «Педагогикалық технология» дегеніміз не? Педагог- ғалым Беспалько өзінің «Слагаемые педагогической технологии» деген еңбегінде былай дейді: «Оқу тәрбие процесінің алдын ала жүйелі түрде жоспарлануы және оның тәжірибеде жүзеге асуы – белгілі бір педагогикалық жүйенің тәжірибеде жүзеге асу жобасы». Педагогикалық технология оқыту мақсатына жетудің тиімді нақты жолдарын көрсетеді.

Мектепте жұмыс атқаратын әрбір мұғалімге қазіргі таңда талап өте үлкен болып отыр.Мұғалім өзінің инновациялық іс -әрекетін қалыптастырып, оны меңгеріп, сол жаңа педагогикалық технологияларды оқу-тәрбие үрдісінде жүйелі пайдалану арқылы оқушылардың білім сапасын арттыруы қажет. Жалпы білім беретін мектептерде бүгін белең алып отырған кемшілік те жетерлік.

Олар мына төмендегідей:
- білім сапасының төмендігі
- білім сапасына мемлекет тарапынан реформалар жүргізілгенімен, оқудың нәтижесінің болмауы
- оқушылардың өздігінен білім алу дағдысының болмауы.
- Сабаққа қызығуының төмендігі
- Оқушылардың және оқытушылардың бірлескен шығармашылық еңбегінің болмауы

Оқу-тәрбие үрдісіне жаңа педагогикалық технологияларды ендірудің алғашқы шарты: мұғалімдердің иннновациялық іс-әрекетін қалыптастыру болып табылады. Жаңа педагогикалық технологияларды меңгерген әрбір мұғалім өз сабағын нәтижелі даму жағынан көре алады. Педагог алғаш жаңа педагогикалық технологияларды: оқып үйренеді, екнішіден, меңгереді, үшіншіден, жаңа педагогикалық технологияларды тәжірибеде қолданады, төртіншіден, оны дамытып, нәтижесін тексереді.

Жаңа педагогикалық технологиялар педагогика ғылымының жаңа саласы. Инновациялық үрдістің негізі – жаңалықтарды қалыптастыру, қолдану, жүзеге асырудың тұтастық қызметі. Инновация білім деңгейінің көтерілуіне жағдай жасайды. Инновацияны «жаңалық», «жаңа әдіс», «өзгеріс», «әдістеме», «жаңашылдық», ал инновациялық үрдісті «жаңа әдістеме құралы» деп атауға болады. Қоғамның дарында адамдарға деген қажетін қанағаттандары талабы оқыту, білім беру жүйесінің алдына баланың жеке қабілеті мен әлеуметтік белсенділігінің дамуына жол ашу, шығармашылық тұлға қалыптастыру міндетін қойып отыр.

Үйірме – баланы оқуға үйрету мен тәрбиелеу оның тұлға ретінде өзін-өзі ашуға, жалпы дамуының қалыптасуына жағдай жасайтын негізгі саты. Қазіргі таңдағы мұғалім оқушы үшін « дайын» білім көзі болмай, керісінше кіші мектеп оқушыларының танымдық іс-әрекетінің ұйымдастырушысы және үйлестірушісі бола білуі қажет. шығармашылық әрекетпен шығырмашыл тұлғаға мұқтаж екендігі дәлелденуде.

Қазіргі уақытта Қазақстанда білім берудің өзіндік ұлттық үлгісі қалыптасуда. Бұл процесс білім парадигмасының өзгеруімен қатар жүреді. Білім берудегі ескі мазмұнның орнына жаңасы келуде. Заман ағысына сай технологияларды қолдану ауқымы, түрлері өзгеріп отырады. Бірақ ең бастысы технологияларды тиімді, жүйелді қолдану керек. Республикада оқыту мазмұны жаңартылып, жаңа буын оқулықтарының негізінде жасалған бағдарламалар бастауыш мектептің жаңа жүйеге көшуін, әрбір мұғалімнен жаңаша жұмыс істеуін, батыл шығармашалық ізденісін, оқушылардың белсенділігі мен қызығушылығын арттыруды талап етеді. Сондықтан, мұғалім өз білімін жан-жақты жетілдіре отырып, оқушыны қызықтырып оқыту керек екенін айтқан. Ұлы неміс пегагогы А.А.Дистервег: «Жаман мұғалім ақиқатты өзі айтып береді, ал жақсы оқушының өзін ізденуге жетелейді, ойлауға үйретеді» – деген. Республикамыздың білім беру жүйесінң ең басты мәселесі – қазақ мектебі түлегінің деңгейін халықаралық дәрежеге жуықтату. Ол үшін мектепке заман талабына сай мемлекеттік білім стандарын енгізу, соған сәйкес кәсіби шеберлігін дамыған кадрларымен қамтамасыз ету өркениетті ғылыми әдістемелік бағытқа ынталандыру, жаңа базистік оқу жоспары мен жаңа буын оқулықтарына көшу, орта білімді ақпараттандыру, т.с.с. білім беру саласында жүйелі жұмыстар атқару еліміздегі ең маңызды әрі кезек күттірмейтін ауқымды істер.

Қазақстан Республикасының «білім туралы» Заңында «Білім беру жүйесінің басты міндеті – ұлттық және жалпы адамзаттың құндылықтары, ғылым мен жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға және кәсіби шыңдауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар, оқытудың жаңа технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық ғаламдық коммуникациялық желілерге шығу » делінген. Сондықтан оқыту да қоғамдық құбылысқа жатады.

Инновациялық технологияны оқыту екі бағытта жүргізіледі:

1.Білім, білік дағдыны меңгертуде ақпараттық технологиялардың мүмкіндіктерін тануға, оларды түрлі мазмұнды мәселелерді шешуге пайдалану;

2.Инновациялық технологиялар оқу-тәрбие үрдісін ұйымдастырудың ықпалдығын арттырудың ортасы болып табылады.

Қосымша білім беру мұғалімдері оқу үрдісіне ақпараттандыру технологияларды пайдалануға даярлаудың дидактикалық негізін оқыту мазмұнына, әдістеріне, оқыту мақсатына жетуге бағытталған оқытудың ұйымдастырылған пішімдеріне қойылатын талаптарды анықтайтын дидактикалық принциптерден құралады. Сонымен қатар ақпараттық жалпы қасиеттерін, оның түрлерін, адамды дамыту және тәрбиелеудегі ықпалық талдау негізінде, ақпарат оқу үрдісінің нақты сатысында, оқушымен әрекеттерінің әрбір мезетінде ықпалды қолданылуы тиіс екендігі анықталады. Бұл жерде мұғалім оқу-тәрбие үрдісінің жалпылай мақсатын ғылыми тұрғыдан қарастыруды түсіндіре отырып, оқушылардың шығармашылық дайындығын, тапсырманы орындау тәсілдерінің сәйкестігін анықтап отырады. Білім меңгеруде мұғалім мен оқушының біріккен еңбектері қажет. Қазіргі заманғы педагогикалық ой тұжырымдамада гуманизм идеялары, еркін білім беру, оқушының жеке тұлғалық күшін дамыту, оның шығармашылық потенциялының дамуы басты рөлді атқарып отыр. Олай болса қазіргі ұстаздар қауымының алдындағы белсенді, шығармашылық іс-әрекетіне қабілетті, еркін және жан-жақты жетілген тұлғаны дамыту. Оқушылардың шығармашылық іс-әрекетіне жағдай тудыру дегеніміз оқушыны білуге үйрету. Бастауыш сабақтарында оқушылардың ойлау қабілетін жан-жақты дамытуға бағыттайтын жаңа оқыту технологияларын тапсырмаларымен бағытталған.

Осының нәтижесінде оқушылардың жұмыстарының нәтижесі мынадай болады:

  • Газет, журнал, оқулықтармен жұмыс жасайды;

  • Интернетпен жұмыс жасайды;

  • Үнемі ізденісте болады;

  • Білім сапасын көтереді.

Мұғалімнің жұмысында:

  • психологиялық-педагогикалық дайындығы;

  • дайындықтардың көлемімен құрамы;

  • компьютерлік дайындықтың мазмұны қарастырылады

Болашақта ұстаздардың кәсіби қызметтерінде ақпараттық-технологияларды пайдалану даярлығын қалыптастыру моделі төмендегідей болмақ.

Shape20 Shape4 Shape3 Shape19 Shape18 Shape17 Shape16 Shape2

Интелектісі

Shape14 Shape15 Shape13 Shape12 Shape11 Shape10 Shape9 Shape8 Shape7 Shape6 Shape5

Шығармашылық қабілетін дамыту

Шығармашылық іс-әрекетке жағдай туғызу

Іс-әрекетін болжау

Жүйелі түрде шығармашылық әрекет жағдайы болуы

Есте сақтау

Ойлау мүмкіндігінің деңгейіне жету

Ойлауы

Ізденіске баулу

Шығармашылыққа баулу жолдары

ШЫҒАРМАШЫЛЫҚҚА БАУЛУ ЖОЛДАРЫ





















Білім беру жүйесінің міндеттерінің бірі – оқытудың жаңа енгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық ғалымдардың комуникациялық желілерге шығуы» (ҚР «Білім туралы» Заңның 86 бабы). Күн өткен сайын ғылым мен техника дамып, адамзат қиял жетпес ғажаптарға жол салып келеді. өзге өркенниетті мемлекеттерден қалып қоймай, білім беру саласын жетілдіру бүгінгі күннің өзекті мәселесі. «Халықты халықпен, адамды адаммен теңестіретін білім», - деп ұлы жазушымыз Мұхтар Әуезов айтқандай тәуелсіздік алған елімізді өркениетке апарар жолдың бастауында әрдайым мектеп тұрады. XXI ғасыр білімділер ғасыры болғандықтан, бүгінгі таңда зерделі, ой-өрісі жоғары, жан-жақты дамыған азаматты қалыптастыру мемлекеттің ең маңызды стратегиясы болып отыр. Бүгінгі күні еліміздің білім беру саласында ірі-ірі өзгерістер дүниеге келіп, білім берудің жаңа сатысына көтерілу кезеңінде түрлі-түрлі реформалар жасауда.Оқыту формасы бұрынғы білім беруді ғана негіз еткен дәстүрлі оқыту формасынан жеке тұлғаны қалыптастыру формасындағы сапалы оқыту жүйесіне өзгерді. Оқыту барысын зерттеп үйрену іс-әрекетін басты форма ете отырып, іс-әрекет барысында өзін-өзі басқару мен өзара әсерлесіп үйренуді іске асыру ерекшелігіне ие болады. Мұғалім оқыту мақсатына жету, түсіну негізінде оқыту іс-әрекетін мұқият жоспарлауға көшті және оқушыларды зерттеп үйренуге ұйымдастырудың алуан түрлі әдістерін қолдануда.



1.2 ИННОВАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ҚОЛДАНУ ДАЯРЛЫҒЫ

Shape41 Shape44 Shape42 Shape43 Shape39 Shape40 Shape36 Shape33 Shape34 Shape32 Shape35 Shape37 Shape38 Shape31 Shape30 Shape29 Shape28 Shape27 Shape26 Shape25 Shape24 Shape23 Shape22 Shape21

Оқу құралдары

Пәнді оқытудағы ақпараттық технологиялар

Жобалау білімділігі

Тұлғалық әрекеттік тәсіл

Педагогикалық жобалау

Уақытша даярлық

Ұзақ мерзімді даярлық

Білім беруді технологияландыру

Ақараттық білімділігі

Инновациялық технологияларды қолдану даярлығы

Проблемалық оқыту

Практикалық даярлық

Психологиялық даярлық

Сабақты бір сарынды өту оқушылардың пәнге қызығушылығын, білімге ұмтылысын төмендетеді. Сондықтан оқыту барысында сабақтың түрлерін, әдіс тәсілдерін өзгертіп отырған тиімді. Осыған орай бастауыш пәндерінде оқушылардың білімге деген деген ынтасын арттыру, интерактивті әдістерді пайдалануға, өз бетінше ізденіске, шығармашылық жұмыстарға қызықтыра білу біздің басты мақсатымыз. Бұл мақатты жүзеге асыру үшін әрбір сабақтарыңызды түрлендіріп өткізуге көңіл бөлу керек. Соның ішінде интерактивтік оқыту әдісіне тоқталып өтейік.

Интерактивті оқыту дегеніміз не, не үшін қажет және оны қалай қолдану керек деген сұрақтарға жауап іздеп көрейік. Интерактивті оқыту дегеніміз – белсенді әдістерді сабақта дағдысын шыңдап, дамыту. Интерактивті әдістеме не үшін қолданылады?

Shape57 Shape56 Shape55 Shape54 Shape53 Shape52 Shape51 Shape50 Shape49 Shape48 Shape47 Shape46 Shape45

Мультимедиялық құрал-жабдықтар

Компьютер бағдарламалары

Қашықтықтан оқыту

Интернет материалдары

Электрондық оқулықтар

Интерактивтік оқыту әдісі













Өзара қатынас үрдісінде білім беру нәтижелі болады, оқушылар пікірталас кезінде білгендерін үйреніп, есте сақтай алады. Оқушылар ақпарат алып қана қоймай, шешімді табу жолымен шешімнің дұрыстығымен бұл ойдың ұсынылған нұсқаларының ішіндегі ең жақсысы екендігін қисынды түсіндіре блуі және өз ойларын дәлелдеуі керек. Сабақ кезінде оқушылардың өзара оқушы мен мұғалімнің арасында катынастың мейлінше көп болуын оқытудың және білім берудің интерактивті әдісі деп атайды.

Интерактивті әдістеменің мақсаты жәй ақпарат беріп қоймай оқушыларды өздігінен жауап іздеуге бейімдеу.

Тәжірибеден мысал келтірейік:

1-қадам. Мұғалім «Тақырып аты» кезеңдерін айтып береді. Бұл интерактивті әдістің бірінші сатысы болады.

2-қадам. Мұғалім топты екі адамнан ұйымдастырады және әр кезең бойынша жоспар құруды тапсырады.

3-қадам. Мұғалім жұптың жауаптарын тексереді, одан соң оқушыға жеке жұмысты орындатады(тест).

Электрондық оқулық пен оқытудың негізгі мақсаты – «оқыту процесін үздіксіз және толық деңгейін бақылау, сонымен қатар ақпараттық ізденіс қабілетін дамыту». Сонымен қатар бастауыш пәндерінің сабақтарында электрондық оқулықтар да өзінің пайдасының сабақ процесінде зор екендігін көрсетіп отыр.

«Электронды оқулықтарды » пайдалану оқушылардың танымдық белсенділігін арттырып қана қоймай, ойлау жүйесін қалыптастыруға, шығармашылықпен еңбек етуіне жағдай жасайды.

Электрондық оқулық дегеніміз – мультимедиялық оқулық, осы себепті электрондық оқулықтың құрылымы сапалы жаңа деңгейде болуға тиіс. Электрондық оқулық оқушының уақытын үнемдейді, оқу материалдарын іздеп отырмай, өтілген және оқушының ұмытып қалған материалдарын еске түсіруге зор ықпал етеді.

Электрондық оқулықтың ең қажет элементі – аудиохабарлар. Мысалы: Құстардың дауыстарына қарай қандай құс екенін ажырата білу.

Shape64 Shape63 Shape58 Shape62 Shape61 Shape60 Shape59

оқушы

Электронды оқыту кешені

Ақпараттық –коммуникативтік технология

Электронды оқулық

Бір жағынан, электрондық оқулықтың келеңсіз жақтары да бар. Бұл – психологиялық, педагогикалық талаптардың, пәнаралық байланыстарының жоқтығы.













Shape102 Shape101 Shape100 Shape99 Shape89 Shape83 Shape82 Shape88 Shape86 Shape84 Shape87 Shape85 Shape98 Shape97 Shape96 Shape95 Shape94 Shape93 Shape92 Shape91 Shape90 Shape81 Shape80 Shape79 Shape78 Shape77 Shape76 Shape75 Shape74 Shape73 Shape71 Shape72 Shape70 Shape69 Shape68 Shape67 Shape66 Shape65

Оқыту мақсаты:

Бағдарламалық өнімдер

Оқыту әдістері:

Топтық әдіс, жеке-дара оқыту әдісі

Оқыту формасы:

Автономдық қашықтан оқыту

Оқыту мазмұны:

Теория, білімді тәжірибелік бекіту, білімді тексеру

Оқыту мақсаты

Оқу процесіндегі белсенділік пен түсінік, т.б.

Білімділік, тәрби-

елік, дамытушы-

лық және т.б. функциялардың

бірлігі

Соңғы үлгідегі ақ-

параттық-коммуникациялық

мүмкіндіктерін

пайдалануы

Назар салу, қабылдау, ойлау қабілеті, түсінігі, есте сақтау және т.б

Ерекшеліктері-

не сәйкес болуы

Мультимедиялық

Ақпараттық толықтырылуы

Оқушының денсаулығына кері әсерін тигізбеуі

Жаңа компьютер-

дің программалар

негізінде жасалы-

нуы

Оқулықтағы материалдардың ғылымилығы

Жаңа ақпарттық технологиялар ретінде

Психологияық жағынан

Дидактикалық құрал ретінде

Электронды оқулыққа қойылатын талаптар









































Оқу үрдісін заман талабына сай жүргізу үшін электронды оқулық пен инновациялық мүмкіндіктердің барлығын дерлік қамти алады.

Сонымен қатар электрондық оқыту құрылымы мен мазмұнына, оқыту әдістеріне оқытудың формасына және құрамына қойылатын кешен талаптарды анықтау қажеттігінен электрондық оқытудың әдістемелік жүйесін қалыптастыру мақсаты туындап отыр.

Электрондық оқулықпен оқытудағы жетістіктер:

  • таным белсенділігімен деңгейін арттыру;

  • білімді актуаландыру, компьютерді меңгеру;

  • пәнге қызығушылығын арттыру;

  • аналитикалық оймен дағды деңгейін арттыру,

  • өз ойын шығармашылық тұрғыда компьютермен жеткізу;

Оқыту үрдісін тек қана интерактивті әдіс-тәсілдер арқылы технологияландыру; екіншіден, интерактивті тақтаны пайдалану арқылы компьютерлік техника мүмкіншілігін толық пайдалану.

Компьютерлік технология мүмкіндіктерінің мұғалімге, оқушыларға берері:

  • оқушылардың компьютерлік сауаттылығын арттыру;

  • электрондық оқулықтарды қолдану;

  • оқушылардың өздік таным әрекеттерін ұйымдастыру арқылы ізденіс белсенділігін, шығармашылық қабілеттерін дамыту;

  • сабақ құрылымын тиімді құрастыру, жүйелі жоспарлау;

  • тапсырмаларды вариативті түрлендіру;

  • тірек материалдары арқылы шығармашылық жұмыстар орындату;

  • оқушыларды топтастырып, жұптастырып жұмыс жүргізу;

  • оларды өздік жұмыстарына өзіндік баға беру іс-әрекетін қалыптастыру;

  • деңгейлеп саралау технологиясы талаптарын жүзеге асыру, тапсырмаларды орындау нәтижесін бағалау.


1.3 ОҚУШЫЛАРДЫҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ҚАБІЛЕТТЕРІН ДАМЫТУ ЖҰМЫСЫНА ПЕДАГОГИКАЛЫҚ-ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ҚОЛДАУ


Оқушының таным белсенділігін дамыту, шығармашылық ізденістерге баулу бұл білім берудегі басты және күрделі мәселе болып табылады. Кезінде қазақ мектептеріндегі дидактикалық міндеттерді шешуге Ы.Алтынсарин үлкен үлес қосты. Ол өз еңбегінде «Балалармен қысқа, ашуланбай, байсалды сөйлеу, әрбір пәнді бар пейілмен және қарапайым тілмен түсіндіру керек, мұғалім жан- жақты білімді , өз ісінің шебері болу керек» деп атап көрсетеді. Ал Ахмет Байтұрсынов «Бала білімді тәжірибе арқылы өздігінен алу керек, мұғалімнің міндеті балаға жұмысты әліне қарай шағындап беріп, белгіленген мақсатқа қарай бағыттап отыру керек» деп ескертеді. Бастауыш сынып оқушысының шығармашылық әрекеті оның ойлауы мен іс жүзілік әрекеттері арқылы дамиды. Шығармашылыққа үйрететін сабақтарды жүргізуде, алдымен, мұғалім мен оқушы арасындағы ынтымақтастықты қалыптастыру қажет. Мұғалім бұл жағдайда дайын білімді түсіндіріп қоюшы, бақылаушы, бағалаушы емес, танымдық іс-әрекетін ұйымдастыратын ұжымдық істердің ұйытқысы. Сонда ғана оқушы  интеллектісінің көзін ашып,  шығармашылығын дамытады. Бастауыш сынып оқушыларының шығармашылығын қалыптастыру үшін әуелі мұғалім қызықтыру жолдарын іздестіру керек.  Шығарамшылықпен орындалатын жаңа материалды түсіндіруде мұғалім ақпарат беруші қызметінде ғана қалмай, мұғалім оқушының танымдық дербестігін қалыптастырудағы әрекеттерінің негізгі міндеттеріне тоқталсақ:

-білімді шығармашылықпен меңгерту дағдыларын қалыптастыру;

-білімді шығармашылықпен қолдануға дағдыландыру және оқу проблемаларын шешу шеберліктерін арттыру;

-оқу тапсырмасын орындау процесінде операцияларды қолдануға(талдау-синтез, салыстыру, жинақтап қорыту) үйрету;

-оқытудың ғылымилығын арттыру;

-ғылыми дүниетанымды қалыптастыру;

-мұғалім- оқушы үшін қарапайым ғана жан. Мұғалім асқан шеберлік танытса, оқушылар ерекше елиді, өздерінің күшіне деген сенімі қалыптасады;

- «сенің қолыңнан бәрі келеді. Сен қабілеттісің»- деп оқушының еркін билеп, сенім ұялату;

-оқушының кішкентай жетістігін(шығармашылыққа ұмтылысының өзін) мадақтау, көтермелеу: үздік шығармашылық жұмыстарды сыныпта оқытып, оған сыныптастарының жағымды көзқарасын ояту;

-белгілі тұлғалардың, өнер адамдарының шығармашылық лабороториясынан қызғылықты жайттарды әңгімелеу;

-шығармашылық процесті басқару үстіндегі мұғалімнің құптаушылық 

көзқарасы, сезім күйлері, ым-мимикасы.т.б.дидактикалық міндеттерді орындау;

-бастауыш сынып оқушысының бейнелі түрде ойлауын дамыту;

-ойлау үрдісінің бастамашыдық бөліктерін дамыту;

Оқу үрдісіне эмоциялық әр беруге мүмкіндік туады. 

Психологиялық әсермен қатар шығармашылық процестің өн бойында психологиялық ахуал тудырып отыру да бастауыш сынып оқушысы шығармашылығына басшылық жасаудың бір шарты.

Оған мынадай жағдай-ситуацияларды енгіздік:

- бірлескен шығармашылық(мұғалім мен оқушының рухани өмірінің 

бірлігі, қызығуы мен мақсатының ортақтығы);

-психологиялық қауіпсіздік, еркіндік, ашықтық, бостандық (екі жақтан да саналы түрдегі қажеттілік бар, таңдау құқығы бар);

-мұғалім- оқушының ата-анасынан да, құрбысынан да жақын ең сенімді досы;

-дербестендіру (педагогикалық үрдісте бастауыш сынып оқушысының психологиялық және физиологиялық ерекшеліктерін, сондай-ақ оқушының мүмкіндіктерін ескеру);

-оқушының шығармашылықпен айналысуы үшін мектепте, сабақ үстінде, үйде қолайлы жағдай туғызу. Оқу пәндерінің, сыныптан тыс жұмыстардың, оқу жүктемелерінің шамадан тыс көптігі де оқушылардың миын шаршатады, күш-жігерін тауысады.Әр қилы тапсырмаларды бір күнде орындай алмаған жағдайда мұғалімнен сөз есту, «екі»алып қалу қаупінің , уайымының өзі баланы жегідей жейді.Педагог осындай жайттардың алдын алуға тиіс;

-сыныпта, ұжымда өзара шығармашылық қарым –қатынас, шығармашылық ахуал орнату (бұл енжар, салғырт оқушыларды белсендіреді, шығармашылыққа араластырады.Әлі күнге дейін қазақ мектептерінде өлең, әңгіме жазатын қатарларын мазақ, күлкі қылатындар жеткіліктіОсындай келеңсіз құбылысқа ешқандай жол беруге болмайды.

Шығармашылықтың мәнін әрбір оқушы түсінуі тиіс);

-көркем шығармашылықты тежейтін үш кедергі бар: біреуі- «сәтсіздікке ұшыраймын, қолымнан еш нәрсе келмейді» деген үрей, қорқыныш сезімі; екіншісі- өзіне -өзі тым риза болмаушылық сезімі (не жазса соны ұнатпайды, кейде өзін-өзі жек көріп кетеді); үшіншісі- жалқаулық.міне осылардың алдын алып, ондай ситуациядан баланы құтқару жолдары;

- шығармашылық іске ден қойып, басын бастау- бала үшін жанның азабы.Бұл, әрине, жалқаулық не қызықпаушылық емес, өнер адамына тән мінездердің бірі. Сондықтан оқушыны шығармашылықпен айналысуына шабыттандыратын қандай да бір түрткі ойлап табу;

-ең бастысы, шығармашылық оқушыға шын ләззат, қуаныш сезімін әкелеуі тиіс.Бұл жаңаны жасау қуанышы.

Зерттеу еңбектері негізінде бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық әрекеттерін қалыптастырудың педагогикалық шарттары жасалынды [Кесте 3 қараңыз].

-оқушының назарын шығармашылық арнаға бұру үшін үнемі (елеусіз 

болса да) шығарым тапсырма- міндеттер, жаттығу, ойын түрлерін ұсынып отыруы керек;

-шығарым жаттығу, ойын-тапсырмалардың мазмұнын жеткіншектердің жас ерекшеліктеріне, қызығушылығына сай құру керек.(оның мазмұны оқушыны бірден еліктіріп, елітіп алып кетуі тиіс);

- тапсырма-міндетпен таныстырғансын, оқушы белгілі бір көркемдік шешім тауып, өз тапсырмасын ұтымды аяқтап шыққанға дейін оны назардан тыс қалдырмау керек;

- шығармашылықпен жеке –дара оқушы емес, сыныптың бүкіл оқушы

- өзі де шығармашылықпен айналысады және өзінің жазған дүниелері 

жөнінде оқушылармен үнемі пікір алмасады. «Өзі шығарма жаза алмайтын мұғалім жағада тұрып жүзуді үйреткен жаттықтырушымен тең».

-шығармашылық процеске оқушыны үнемі үзбей, сатылы түрде қатыстырып отыру керек;

 Шығармашылық –оқушы үшін- сұлулық пен әсемдіктің мектебі. «Баланың маңайында сөйленетін сөздер де әдепті, сұлу болуға тиіс.Және оқушынының маңайындағы адамдардың жүріс-тұрыстары да әдепті, сұлу болу – ға  тиіс.

Көркем шығармашылық –оқушы үшін- сұлулық пен әсемдіктің мектебі. «Баланың маңайында сөйленетін сөздер де әдепті, сұлу болуға тиіс.Және оқушының маңайындағы адамдардың жүріс-тұрыстары да әдепті, сұлу болуға тиіс. Сұлу дене, сұлу қозғалысты көріп өскен баланың денесі де , қозғалысы да сұлу болады». Бұл ойдың оқушылардың шығармашылық қабілетін дамытуға тікелей қатысы бар.

Сабақ үстінде ұжымдық шығармашылық қалыптасуы үшін оқушылардың міндеттерін көрсетсек:

-өзіндік пікірлерін дәлелдеу;

-пікірталастар мен талқылауларға қатысуы қажет;

-өзінің жолдастарына, мұғалімге сұрақ қоюы;

- жолдасының жауабына пікір айту;

-сыныптастарының жауабы мен жазбаша жұмысын бағалау;

- үлгерімдері нашар сыныптастарын оқытумен айналысу;

үлгермеушілерге түсіндіру;

-өзіндік бағалауға жағдай туғызу, өзінің танымдық және практикалық әрекетін талдау;

-шығармашылық тапсырмаларды шешуде  бұрыннан білетін әдісті қолдана отырып орындау.

Оқушылардың көркем шығармашылық қабілеттерін қалыптастыруда  оқытуда сабақтарды түрлендіріп өткізудің маңызы ерекше.

Мұндай сабақтардың тиімділігін атап өтсек: сабақ құрылымының ұйымдастырылуы, сыныптағы оқушылардың іс-әрекетін бақылауға қолайлылық, оқу-танымдық тапсырмаларды орындаудағы ұжымдық бірлескен әрекеттің жүзеге асуы, оқыту уақытың үнемделуі.

Қорыта айтсақ, шығармашылық сипаттағы сабақтар түрлерін жүйелі ұйымдастыру арқылы оқушылардың танымдық белсенділігі қалыптасып, мұғалім берген ақпатартты, іс-әрекет тәсілдері мен бағадлау өлшемдерін қамтитын қоғамдық және ұжымдық тәжірибе тағлымдарын  игеріп қана қоймай, оқушы барлық іс-әрекетте шығармашылық бағыт ұстанады, қабілет, білігін ұштай түседі.

Шығармашылық сабақтарының оқушылар үшін мынадай маңызды жақтары бар:

-           оқушылардың танымдық іздемпаздығы қалыптасады;

-           сұрақтарды, мәселелерді терең талдауға үйренеді;

-           шығармашылық ой-өрісі артады;

-           кітаппен жұмыс, көркем және ғылыми әдебиеттер, баспа материалдарымен жұмыс істеу біліктерін қалыптасытады;

-           ұжымдық ой-пікірлері жетіледі, топ мүшелерінің пікірлерімен 

ортақ тұжырым жасауға үйренеді;

-           мұғалім мен оқушылардың қарым-қатынасы ынтымақтастықта 

болып, сенімділіктері артады;

-           оқушы өз ойын еркін айтуға, сөз мәдениетіне үйренеді;

-           білімін жүйелі түрде толықтырады;

-           өз әрекетін сын тұрғысынан қарауға;

-           тұжырым жасап қорытындылауға үйренеді;

-           оқу міндеттерін тиімді шешу мүмкіндігін тудырады.

Шығармашылық сабақтарды өткізу оқушы танымдық іс-әрекетін арттырудың құралы, сапалы білім берудің шарты, оқу үрдісін ұйымдастыру факторы, оқытудың жекелік бағдары болып табылады.


2.ҚОСЫМША БІЛІМ БЕРУДІҢ БАСТЫ МАҚСАТЫ – ШЫҒАРМАШЫЛ ТҰЛҒА ҚАЛЫПТАСТЫРУ


Тәуелсіз мемлекетіміздің ең басты мұраты өркениетті елдер қатарына көтерілу болса, ал өркениетке жетуде жан-жақты дамыған, рухани бай тұлғаның алатын орны ерекше. Осы орайда, оқушының танымдық, шығармашылық қабілетін дамыту – мұғалімдер алдында тұрған міндеттердің бірі. Оқушының шығармашылық қабілетін ашу, оны алға қарай дамыту үшін жоспарлы істің мақсаты мен міндетін айқындап алу қажет.

Мақсат – оқушылардың іскерлігі мен дағдыларын қалыптастыра отырып, шығармашылық жұмысқа баулу, ой-өрісінің дамуына мүмкіндік тудыру. Міндет – оқушылардың шығармашылылық қабілетін жан-жақты дамыту, ғылыми- зерттеу дағдыларын қалыптастыру. Алға қойған мақсат пен міндетті орындау үшін оқушы жастардың танымдық, шығармашылық әлеуетін жан-жақты өсіруге ден қою қажет. Шығармашылық дегеніміз оқушының белсенділігі мен дербес іс-әрекетінің ең жоғарғы түрі. Қосымша білім беру мекемесі әр оқушыға еркін шығармашылық жолын таңдауға мүмкіндік береді.

Қазіргі замандағы қосымша білім беру ұстаздар қауымының алдындағы үлкен мақсат: өмірдің барлық саласындағы белсенді, шығармашылық іс-әрекетіне қабілетті, еркін және жан-жақты жетілген тұлға тәрбиелеу. «Шығармашылық»  сөзінің төркіні этимологиясы «шығару», «ойлап табу» дегенге келіп саяды. Демек жаңа нәрсе ойлап табу, сол арқылы жетістікке қол жеткізу деп түсіну керек. Философиялық сөздікте «шығармашылық қайталанбайтын тарихи-қоғамдық мәні бар, жоғары сападағы жаңалық ашатын іс-әрекет»,- деп түсіндіріледі. Шығармашылық – өте күрделі психологиялық процесс. Ол іс-әрекеттің түрі болғандықтан, тек адамға ғана тән.

Ұзақ жылдар бойы «шығармашылық барлық адамның қолынан келе бермейді» деп қарастырылып келсе, қазіргі ғылым жетістіктері қабілеттің мұндай дәрежесіне белгілі бір шарттар орындалған жағдайда, кез келген баланы көтеруге болатындығы жайлы көп айтуда. Шығармашылық қабілетті тәрбиелеудің алғы шарттары: шығармашылық қабілетінің деңгейін анықтау (топтау, бақылау, қалыптастыру); қызығушылық және шығармашылық пен таным белсенділігін арттыру; оқушы мүмкіншілігіне (потенциалына) сай шығармашылық тапсырмаларды әдістемелік тұрғыда жүйелі түрде орындату.

Және шығармашылық қабілетін тәрбиелеу барысында кездесетін қиындықтар мен қарама-қайшылықтарды есепке алу; оқушының шығармашылық қабілеттерін тәрбиелеуді кезең бойынша сатылап дамыту; шығармашылық қабілеттерді тәрбиелеу үрдісін тәжірибе негізінде жинақтап, зерттеліп отырған мәселенің өсу динамикасын зерделеу; мұғалім өз ісіне ізденімпаздықпен қарап, сабақты шығармашылықпен өткізу. Осы мәселелер өз шешімін тапса, жан-жақты дамыған тұлғаны тәрбиелеу ісі өз мақсатына жетеді. Сондай-ақ, оқушы шығармашылығын дамытуға негізделген әдіс – тәсілдерді тек сабақта ғана емес, сыныптан тыс жұмыстарда үнемі қолданып отырса, сонда ғана көздеген нәтижеге қол жетері сөзсіз.

Шығармашылық тұлға бойында батылдық, еркіндік, ұшқырлық, сезімталдық сияқты қасиеттермен қатар ерекше ой қызметтері, қайшылықтарды түсіну, заңдылықтарды анықтау, шығармашылыққа деген құштарлық болуы керек. Оқыту сабақтарының шығармашылық сипаты оқушының танымдық белсенділігін оятып, шығармашылық қабілеттерінің дамуына, тәртіптілік пен жолдастыққа,  адамгершілік қасиеттеріне ісер етеді. Оқушының шығармашылық қабілеті тәжірибелік әрекеттері, ізденімпаздығы арқылы дамиды.

Шығармашылыққа үйрететін сабақтар жаңа технологияларды қолдану болып табылады. Шығармашылық қан түйіршектерін жіпке тізгендей еңбек етуді қажет етеді, осыны балаға ерте бастан ұқтыру керек. Қорыта айтқанда, жаңа технологиялардың әдіс-тәсілдерін сабақта және сыныптан тыс жұмыстарда үнемі түрлендіріп, тиімді пайдалану, оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамытудың бірден-бір жолы. Соның негізінде ғана тіл байлығы мол, сауатты да шығармашыл, елінің ертеңін ойлар жас жеткіншектерді тәрбиелей аламыз.

Шығармашылық қабілет – адамның өз ойын, сезімін, идеяларын жаңа және ерекше тәсілмен көрсету қабілеті. Бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық қабілеттерін дамыту – бүгінгі таңда білім беру саласында маңызды мәселе болып табылады. Балалар жасынан шығармашылықты дамыту арқылы өздерінің ішкі әлеуетін ашуға, жаңа білімдер мен дағдыларды меңгеруге мүмкіндік алады. Негізінен, шығармашылық қабілеттер тек өнер саласында ғана емес, кез келген салада маңызды рөл атқарады. Оқушының шығармашылық ойлауы, ерекше тәсілдермен мәселелерді шешуі, идеялар мен пікірлерді еркін жеткізе білуі оның жеке тұлға ретінде қалыптасуына және қоғамға пайдалы азамат болып өсуіне септігін тигізеді. Сонымен қатар, шығармашылық қабілеттің дамуы баланың өзіне деген сенімін арттырады, оның өзін-өзі бағалауы жоғарылайды.

7-11 жас аралығындағы оқушыларының шығармашылық қабілеттерін арттыру жолдарына тоқталар болсам, ең алдымен, ойын арқылы оқыту маңызды дер едім. Балалар ойын арқылы үйренеді. Ойын – шығармашылықты дамытудағы ең тиімді тәсілдердің бірі. Балаларға түрлі рөлдік ойындар, ситуациялық тапсырмалар беріп, олардың қиялын және шығармашылығын дамытуға болады. Мұндай әдіс балалардың тапсырмаларды орындауда өздерін еркін сезінулеріне мүмкіндік береді. Сондай-ақ, түрлі әдеби шығармаларды оқыту, оларға сұрақтар қойып, талдау жасау шығармашылық ойлауды дамытады. Әрбір әдеби шығарманың мазмұны мен идеясы туралы ойлауға, кейіпкерлердің іс-әрекеттерін бағалауға үйрету баланың жан дүниесін байытады. Оқушыларға жобалық жұмыстар жасату олардың шығармашылық қабілеттерін дамытуға жол ашады. Оқушылардың өздеріне қызықты тақырыптарды таңдап, сол бойынша зерттеу жүргізіп, нәтижелерін сыныппен бөлісуі тіпті нәтижелі болмақ. Аталмыш әдіс балалардың өздігінен жұмыс істеп, жаңалық ашуға ұмтылуына ықпал етеді. Оқушылардың қиялына ерік беріп, шығармашылық жұмыстар орындауға баулу маңызды. Олар әртүрлі жанрда жазба жұмысын жазып, түрлі тақырыптарды талқылау арқылы өз ойларын ашық әрі жүйелі жеткізуге үйренеді. Бұл әдіс балалардың тілдік дағдыларын жетілдіруге де септігін тигізеді. Балаларға сурет салу, қолөнермен айналысу сияқты көркем шығармашылық түрлеріне қатысу олардың шығармашылық қабілеттерін арттырады. Әрбір бала өзін түрлі бағытта көрсете алады. Әсіресе, мұғалімнің балалардың жеке таланттарын байқауы және оларды дамытуға ынталандыруы маңызды. Мұғалім шығармашылық қабілеттердің дамуына тікелей ықпал етуі керек. Ол әрбір оқушының қызығушылығы мен қабілеттерін байқап, соларға сәйкес әдістерді қолдануы тиіс. Оқушылардың шығармашылығын дамыту үшін мұғалім әртүрлі педагогикалық технологияларды қолдана отырып, оқыту процесін қызықты, тиімді және нәтижелі етеді. Мұғалім балаларды тыңдап, олардың пікірлерін бағалауы, әрбір оқушыға жеке көзқарас танытуы қажет. Негізінен, оқушыларының шығармашылық қабілеттерін арттыру – оларды өз қабілеттеріне сенімді, өз пікірін еркін айта алатын, қоғамға қажетті идеяларды ұсына алатын тұлғалар ретінде тәрбиелеу жолындағы маңызды қадам. Бұл қабілеттер мектеп қабырғасынан басталып, балалардың болашақта өмірде табысты болуына ықпал етеді. Сондықтан да әрбір ұстаз баланың шығармашылық қабілетін дамытуға арналған түрлі әдістер мен тәсілдерді меңгергені ләзім.

Кел, балалар, оқылық,
Оқығанды көңілге
Ықыласпен тоқылық.
Оқысаңыз, балалар,
Шамнан шырақ жағылар,
Тілегенің алдыңнан
Іздемей-ақ табылар деп Ыбырай Алтынсарин атамыз айтқандай қазіргі заман талабына сай, бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық қабілеттерін дамыту маңызды мәселелердің бірі болып табылады. Баланың шығармашылық дамуы оның тұлғалық қасиеттерін қалыптастырып, өмірде табысты болуына ықпал етеді. Бұл мақалада бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық қабілеттерін дамыту жолдары мен әдістері қарастырылады.

Шығармашылық қабілетінің маңызы.

Шығармашылық қабілеттер – баланың ойлауын, қиялын, өзін-өзі білдіруін дамытатын маңызды қасиеттер. Бұл қабілет оқушының тек академиялық білімін ғана емес, сонымен қатар тұлғалық дамуын, әлеуметтік қабілеттерін де қалыптастырады. Балалар жас кезеңінде қоршаған ортаға, адамдарға, жаңа идеяларға ерекше ынта мен қызығушылықпен қарайды, ал бұл шығармашылықты дамытудың тамаша мүмкіндігі болып табылады.


2.1. ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ҚАБІЛЕТТІ ДАМЫТУ ӘДІСТЕРІ

Бастауыш сынып оқушыларын шығармашылыққа баулуда ең тиімді әдістердің бірі – ойын. Ойын барысында балалар қиялдарын жүзеге асырып, ойлау қабілеттерін дамытуға мүмкіндік алады. Ойындар балалардың ынтасын арттырып, олардың белсенділігін дамытады. Оқушылар ойын арқылы жаңа дағдыларды игеріп, әртүрлі рөлдерге еніп, шығармашылықтарын толықтай іске асырады.

Шығармашылық тапсырмалар.

Оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту үшін түрлі тапсырмалар мен жобалар ұсыну қажет. Мысалы, тақырыпқа байланысты сурет салу, өлең жазу немесе әңгіме құрастыру сияқты тапсырмалар арқылы балалар өз ойларын ашық әрі еркін білдіре алады. Тапсырмаларды қиындату арқылы балалардың қиялын шыңдап, олардың шығармашылық әлеуетін арттыруға болады.

Интерактивті әдістер.

Технологиялардың дамуына байланысты, интерактивті әдістер балалардың қызығушылығын арттырады. Мысалы, компьютерлік бағдарламалар немесе түрлі мобильді қосымшалар арқылы оқушылар шығармашылық жобаларды жүзеге асыра алады. Бұл әдіс балалардың ақпараттық технологиялармен жұмыс істеу дағдыларын дамытуға да септігін тигізеді.

Топтық жұмыс.

Шығармашылық қабілеттерін дамыту үшін топтық жұмыстар өте тиімді. Оқушылар топта жұмыс істей отырып, идеяларды бөліседі, бір-бірінен үйренеді, ынтымақтастықты қалыптастырады. Бұл әдіс балалардың әлеуметтік қабілеттерін дамытып қана қоймай, олардың шығармашылық ойлауын да кеңейтеді.

Шығармашылық қабілеттерді дамытуда мұғалімнің рөлі ерекше. Мұғалім оқушыларға дұрыс бағыт-бағдар көрсетіп, олардың идеяларын қолдап, шығармашылықтарын шыңдауға мүмкіндік береді. Мұғалім оқушылардың жеке ерекшеліктерін ескере отырып, әр баланың қабілетін дамытуға жұмыс істей отырып, оңтайлы орта жасай алады. Бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық қабілеттерін дамыту – баланың жеке тұлға ретінде қалыптасуына ықпал ететін маңызды процесс. Оқушылардың шығармашылық қасиеттерін дамыту арқылы олар өздеріне сенімді, ой-өрісі кең, инновациялық ойлауы бар азаматтар болып өседі. Сондықтан мұғалімдер шығармашылық тапсырмалар мен әдістерді ұтымды қолдана отырып, балалардың қабілеттерін дамытуды басты міндеттерінің бірі ретінде қарастыруы тиіс.










2.3 ОҚУШЫЛАРДЫҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ҚАБІЛЕТТЕРІН АРТТЫРУ ЖОЛДАРЫ

Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңына сәйкес «Әр баланың жеке қабілетіне қарай интеллектуалдық дамуы, жеке адамның дарындылығын, талантын, қабілетін дамыту» сияқты өзекті мәселелер енгізіліп отырғаны белгілі. Өйткені ғылым мен техниканы, өндірісті әлемдік деңгейде дамыту үшін елімізге шығармашылықпен жұмыс жасайтын білімді, жоғарғы дайындығы бар білікті мамандар қажет. Сондықтан республикамыздың білім беру жүйесі де қоғам дамуымен бірге дамып, жетіліп отыр. Жас ұрпаққа сапалы білім мен ұлағатты тәрбие беру, өміріне жолдама алуына жағдай жасау үшін білім беру ісін әлеуметтендірудің маңызы зор. Жаңа заман мектеп реформасы тек мектептің басқару жүйесі мен оқу үрдісін қамтып ғана қоймай, сол мектептің бала оқытатын мұғалімдері түгелімен өзін-өзі жаңа бағытқа қарай кәсіби шеберлігін күнделікті жаңа технологияларды меңгере отырып, үнемі ұштай түсу яғни іздену үстінде. Кез келген оқу процесі қиыншылықтар мен қайшылықтар туғызып отырады. Ондай мәселелерді таным үрдістерін, есте сақтауды дамыту, көңіл-күй мәселесі, берілген білімді қабылдау, ойды дамыту, қиялына әсер ету сияқты факторларды оқушымен ынтымақтасқан түрде жүзеге асыру мұғалім мен мектеп психологының бірлескен қызмететеріндегі іскерлігі мен кәсіптік шеберлігіне байланысты болып отыр. Кез-келген оқу процесі болсын немесе күнделікті өмірде мұғалім балалардың жас және дара ерекшеліктерін, жеке психикалық жай-күйін бағалай алмаса, белгілі бір мақсатқа қол жеткізіп, сыныпта жақсы психологиялық климат жасай алмайтыны белгілі. Сондықтан қоғамдағы елеулі өзгерістер мен адамдар арасындағы қарым-қатынас құралдарының қарыштап дамуына байланысты жаңа адамды қалыптастыру заман талабы. Жаңа заман талабына сай оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту барысында қабілетті балаларға білім беруде, әр ғылымның бүгінгі даму дәрежесіне сәйкес жүргізу, бір жағынан, қоғамға талантты мамандар даярлауда тиімді болса, екінші жағынан, ерекше дарынды балалардың жеке өзіндік интеллектуалдық дамуын қанағат-тандыруды қамтамасыз етеді. Ерекше қабілеттілікті балалық шақта жалпы тұрғыдан қарастырған жөн. Ал уақыт өтуімен, тұлғаның есеюімен бұл қабілет өзінің арнаулы қырларын көрсетеді, пәндік дәрежеге, мазмұнға ие болады. Біздің жаңашыл ұстаздар жеке тұлғаның потенциялдық және шығар-машылық қабілетін ашып, терең ұмтылуына, ізденуіне, өзінің ішкі жан дүниесін тануға жол ашып, ықпал етуде. Білім мазмұнын жаңалау арқылы оқу - тәрбие үрдісінің сапасын жетілдіру үшін мектептің педагогикалық-психологиялық қызметімен бірлескен жұмыс бағдар-ламалары жасалып іске асырылуда.Оқушы шығармашылық қабілеттерін ашып, дамыту барысында біртұтас жүйелі және сапалы білім берудегі ұстаздардың іс-әрекетіне психологиялық қолдау көрсету үшін психологиялық қызмет алдына нақты кәсіби мақсат - міндеттерді қойды. Жалпы психологиялық қолдау, бақылау, зерттеу жұмыстары көзге көрінбейтін бірнеше рет қайталап салыстыруды, ұзақ уақытты қажет ететін күрделі үрдіс. Оқушылардың жеке тұлғалық ерекшеліктері, қасиеттері жеке тұлға қабілетіне сай бағытталған оқыту үрдісінде әр қырынан анықталып, жан-жақты педагогикалық – психологиялық тұрғыдан жүргізілген диагностикалық зерттеу жұмыстарының қорытындысы бойынша дамыту, түзету жұмыстары оқушылардың шығармашылық қабілеттерін арттырып, дамытты. Бұл жағдайды ойы жүйрік, ақылы жетік, бәсекеге қабілетті, өзгерістерге бейім оқушылардың шығармашылық қабілеттерін аша білуінен, сол сияқты, қоғам өзгерісіне байланысты жаңаша білім беру жүйесіне еніп, бәсекелестеріне қарсы тұрып, жаңа көзқараспен кәсіби құзырлығын дамытып, шыңдай білген жаңашыл ұстаздардың еңбек қоры-тындысынан көреміз. Мысалы: олимпияда, конференция, ғылыми жоба қорғау, сол сияқты оқушымен ұстаздың бірлескен шығармашылық зерттеу жұмыстары, ғылыми жоба қорғау, жекелей оқушының бірнеше жыл жүргізген зерттеу жұмыстарының нәтиже көрсеткіштері. Қазіргі таңда білім саласында жүргізіп жатқан реформаның басты мақсаты – ой-өрісі жаңашыл, шығармашылық жан-жақты қалыптасқан жеке тұлға тәрбиелеу. Бұл мақсатқа жетудің жолдарын шешу – бүгінгі күннің ең басты талабы. Жеке тұлғаның қалыптасуымен ақыл ойының дамуы және танымдық белсенділігін арттыру мәселесі баланың ерте балалық шағынан басталады. Бүгінгі таңда қоғамымыздың даму бағытында жан-жақты дамыған, сауатты, саналы азамат тәрбиелеу мәселесі жүктеліп отыр. Мұндай мақсаттың баянды болуы оқу-тәрбие жүйесінің үлесіне тиеді. Қазіргі оқыту үрдісінің мақсаты оқушыны жан-жақты қалыптасқан, бәсекелестікке бейім, жеке тұлға тәрбиелеу. Әрине сабақта әртүрлі жаңа технологиялар және олардың бөлшектері қолданылады. Бірақ оқушыларды білімді игеруде біраз проблемалар туындайды. Солардың ішінде мынандай өзекті мәселелерді атап айтуға болады:









  • Оқыту процесінде өздігінен жұмыс орындалары төменгі деңгейде.

  • Берілген тапсырманы дұрыс қабылдау және оны толық жүйелі түрде орындау

  • Алынған білімдерін басқа салаларда қолдана алмауы.

Шығармашылық – бұл адамның өмір шындығында өзін-өзі тануға ұмтылуы, ізденуі. Өмірде дұрыс жол табу үшін, адам дұрыс ой түйіп, өздігінен сапалы, дәлелді шешімдер қабылдай білуге үйренуі қажет. Адам бойындағы қабілеттерін дамытып олардың өшуіне жол бермеу, оның рухани күшін нығайтып, өмірден өз орнын табуға қөмектеседі. Адам баласының сөйлей бастаған кезінен бастап, бүгінгі күнге дейін жеткен жетістіктері шығармашылықтың нәтижесі. Өмірдегі сан алуан қиыншылықтарды шешу тек шығармашыл адамдар ғана қолынан келеді. Тек шығармашылық қана қандай түрге, қандай деңгейде болмасын адамдарға өмірдің мәнін түсінуге, бақытын сезінуге мүмкіндік береді. Мұндай күрделі мәселені шешуге үздіксіз білім беру ісінің алғашқы сатылары болып саналатын бастауыш мектептің орны ерекше, қазіргі замандағы ұстаздар қауымының алдындағы үлкен мақсат: өмірдің барлық саласындағы белсенді, шығармашылық іс-әрекетіне қабілеті, еркін және жан-жақты жетілген тұлға тәрбиелеу. Оқушының шығармашылық қабілетін дамыту барысында бірнеше шарт орындалуы қажет. Олар:

Шығармашылық қабілетін дамытуды ерте бастан қолға алу;

  1. Үнемі шығармашылық әрекет жағдайында болуы;

  2. Ойлау мүмкіндігінің саналылыққа, белсенділікке жету;

  3. Шығармашылық іс-әрекетіне жағдай туғызу;

Оқушының шығармашылық іс-әрекетіне жағдай туғызу дегеніміз – оқушының ойлай білуге үйрету. Мектеп табалдырығын жаңа аттаған бүлдіршіннен шығармашылық қабілетті талап етпес бұрын, оны соған үйреткен жөн. Оқушының зейінін, есін, қиялын, интелектісін дамыта отырып, ойлау қабілетін, шығармашылық іс- әрекетін жоғары деңгейде көтеруге болады.

Оқушымен жүргізілген жұмыстар:

1.Оқушының зейінін жаттықтыруға және дамытуға берілген тапсырмалар

2.Зейін тұрақтылығын дамыту және жаттықтыруға арналған тапсырмалар кестесінің көмегімен жүгізіледі





Шығармашылық

іс-әрекет















Зейін




Есте сақтау




Интелектісі



Ойлауы



Шығармашылық педагогикасының негізгі мақсаты – бүгінгі күн талаптарынан туындаған, озық қоғамға лайықты жаңа сана, рухани сапа қалыптастыру және дамытуда тың жолдар мен шешімдерін іздестіру болып табылады. Бастауыш сынып оқушыларының тұлғалығын тәрбиелеу үшін, ең алдымен олардың қабілеттерін дамытудың мәні зор. «Шығармашылық» сөзінің төркіні этимологиясы «шығару», «ойлап табу» дегенге келіп сияды. Демек жаңа нәрсе ойлап табу, сол арқылы жетістікте қол жеткізу деп түсіну керек. Философиялық сөздікте «шығармашылық деп жаңалық ашатын әрекетті атаған». Шығармашылық - өте күрделі психологиялық процесс. Ол іс-әрекеттің түрі болғандықтан тек адамға ғана тән. Ұзақ жылдар бойы шығармашылық барлық адамның қолынан келе бермейді деп қарастырылып келсе, қазіргі ғылым жетістіктері қабілеттің мұндай дәрежесіне белгілі бір шарттар орындалған жағдайда кез келген баланы көтеруге болатындығы жайлы көп айтуда. Кез келген бала оқу әрекетінде адамзат баласының осы кезге дейінгі жинақталған тәжірибесін меңгерсе екіншіден кез келген оқушы шығармашылық әрекеттер орындау арқылы өзінің ішкі мүмкіндіктерін дамытады. Оқу әрекетінен шығармашылық әрекеттің айырмашылығы – ол баланың өзін-өзі қалыптастыруына өз идеясын жүзеге асыруына бағытталған жаңа әдіс – тәсілдерін іздейді. Пәндердегі білім мазмұнында оқушының шығармашылық қабілеттерінің дамуы басты нысана болып алынуымен байланысты, оқулықтарда берілген тапсырмалардан басқа өздігінен бақылау жүргізу, қарапайым тәжірибе, эксперимент қою, мәтінмен, сызбамен, суретпен, диограммамен жұмыс істеу, жекеден жалпыны шығару, жалпыны жекелей қолдану т.б. сияқты оқушыны іскерлікке, дербестікке баулитын, ойына түрткі болып, шығармашылыққа жетелейтін, өздігінен ізденіске салатын, айналадағы дүниемен қарым-қатынасқа түсетін «жаңалық ашып», оның нәтижесінің «қызығына»бөлейтін әдіс-тәсілдер мен мазмұндық ойындар, қызықты тапсырмалар тұрақты жүргізіліп отырылуы біз көтеріп отырған мәселені нәтижелі ететіні нақтыланады. Осындай жұмыстарды үнемі жүргізу үшін шығармашылыққа баулуға, шәкірт бойындағы талант қөзін ашып, тілін байыту, сөздік қорын молайту, қиялын ұштау мен өз бетінше іздеуге зор әсерін тигізеді. Тәрбиелеп отырған жас ұрпақтарымыз еліміздің ертеңгі өмірінде білімді, білікті азамат, саналы қайраткер болып қалыптасу үшін, өмірден дұрыс жол таба білу үшін, дұрыс ой түйіп, өздігінен саналы шешім қабылдай білуге үйренуі қажет. Осы мәселені шешу үшін оқыту мазмұнында әдіс… тәсілдердің де озығын пайдалану керек деп ойлаймыз. Өз іс-тәжірибемізде дамыта оқыту және сын тұрғысынан ойлау арқылы төменгі сынып оқушыларының танымдық қызығушылығын қалыптастырып, шығармашылыққа баулуға көп көңіл бөлеміз.

Дәстүрлі сабақ

Шығармашылық сабақ

Сабақ мақсаты:

  1. Мұғалім үшін: жаңа материалды беру;

ә) оқушы үшін: жаңа білімді меңгеру

Сабақ мақсаты:

а) мұғалім үшін: оқушылардың жаңа нәтижеге бағытталған іс-әрекетін ұйымдастыру;

ә) оқушы үшін: шығармашылық «өнім» ойлап табу

Сабақтағы іс-әрекет түрі

а) мұғалім үшін: жаңа сабақты түсіндіру

ә)оқушы үшін: жаңа материалды тыңдау, есте сақтау

Сабақтағы іс-әрекет түрі

а) мұғалім үшін: оқушының шығармашылық іс-әрекетін ұйымдастыру

ә) оқушы үшін: жаңа нысанды зерттеу, құбылысты талдау

Сабақ құрылымы жоспар бойынша өтілуге міндетті

Сабақ құрылымы жағдайда байланысты жоспардан ауытқиды, өзгермелі.

Сабақ тақырыбына қөзқарас – кітапта баяндалған идеяға негізделген бір қөзқарас

Сабақ тақырыбына қөзқарас – мәселеге мамндардың түрлі көзқарасы

Шығармашылық сабақтардың ерекшеліктері

Оқушының жас ерекшелігі, қоршаған әлемге қызығушылық – бұл жастағы балалардың тақырыпты таңдауға нақты пән бойынша алған білімге сүйенеді, жүйелеу әдісін бастауыш сыныпта қолдану тікелей мұғалімнің көмегімен жүзеге асырылады. Бұл жұмысқа ата-аналарды да қатыстыруға болады. Бастауыш сынып жүйелеу әдісін қолдану төмендегідей жүйе бойынша жүзеге асыруға болады. Жоғарыда аталған жағдайларды ескеріп, жұмысыма жүйелеу әдісін қолдана бастадым. Бұны қолданғанда балалар тек қана өздерінің іс-әрекеттерін жоспарлауды ғана қоймай, сол жоспарларын жүзеге асыру үшін жаңа әдіс тәсілдерді ойлап табады, бірнеше саладан алған білімдерін бір міндетті шешуге қолданылады, табылған нәтижелерді талдап, болжаммен салыстырады, осы талдаудың нәтижесі арқылы жаңа міндет қояды. Жауапкершілікке тәрбиелейді, бастаған істі аяқтауға баулиды.

Жобалау технологиясының элементтерін сабақта да қолдануға болады.

Озық іс-тәжірибені үйрену, зерттеу, тарату және насихаттау

Shape103

Озық тәжірибе

пайдалану

қолдау



салыстыру

талпыну

іздену

таңдау

насихаттау

тарату



ұйымдастыру

үйрену



зерттеу

жоспарлау













2.4 ҮЙІРМЕ САБАҒЫНДА ЖАҢА ТЕХНОЛОГИЯНЫ ПАЙДАЛАНА ОТЫРЫП, ОҚУШЫЛАРДЫҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫН ДАМЫТУ

Оқушыларға заман талабына сай сабақ беру кез-келген мұғалімнің міндеті. Қазіргі кезде оқу-тәрбие процесіне инновациялық технологияны ендіру, тосын идеялар мен проблемалық ой тудырып отырса, оқушылардың да пәнге деген қызығушылығын арттыруға болады. Олай болса оқушыларды бастауыш сыныптан бастап шығармашылықпен жұмыс істеуге баулу аса маңызды. Оқушылардың белсенділігі мен танымдық іс-әрекеттері арқылы шығармашылығын дамыту, қажетті жағдайда айрықша шешім қабылдай алатын жеке тұлғаны дайындау, осыған орай оқытуды ізгілендіру, қазіргі мектептердің алдында тұрған үлкен міндет екені мәлім. Уақыт талабына сай оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту үшін оқытудың жаңа инновациялық технологияларын пайдаланған жөн. Оқу-тәрбие үрдісін даралауда оқушыны жеке тұлға ретінде қабылдау, яғни оқушының өзіндік танымдық іс-әрекетін қалыптастыруға бағыттау, білім беруде жеке оқытуды дамыту көзделуі қажет. Еліміздегі дербірші өзгерістер, қайта жаңғыртулар білім беру жүйесіне де айтулы реформалар мен жаңа мақсаттар әкелді. Білім беру стандартының жасалуы, төл оқулықтардың жазылуы, мектептердегі компьютерлендіру, инновациялық технологиялармен іздену, білім мазмұнын байыту, әлемдік білім кеңістігіне ену мақсатындағы жұмыстар сол өзгерістердің куәсі.Күн өткен сайын ғылым мен техника дамып, адамзат қиял жетпес ғажаптарға жол салып келеді. Өзге өркениетті мемлкеттерден қалып қоймай, білім беру саласын жетілдіру бугінгі күннің өзекті мәселесі. «Халықты халықпен, адамды адаммен теңестіретін білім», - деп ұлы жазушымыз Мұхтар Әуезов айтқандай тәуелсіздік алған елімізді өркениетке апарар жолдың бастауында әрдайым мектеп тұрады. XXI ғасырдың жан-жақты, зерделі, дарынды, талантты адамды қалыптастыру бағытындағы білім беру мәселесі мемлекетіміздің басты назарында. Қай кезеңде, қай заманда болмасын мектептегі басты тұлға мұғалім десек, дүниежүзілік даму деңгейінен кем түспейтін, иық тірестіре алатын, алған білімі мен тәрбиелік қазынасын туған еліне, азамат игіліне жұмсай алатын қазақтың ой танымының иесі, саналы азаматты жетілдіруге үлес қосатын бастауыш мектептің оқу-тәрбие процесі, оны ұйымдастырушы мұғалімге міндет жүктелген. Сонау XX ғасырдың басында Жүсіпбек Аймауытов: «Сабақ беру – үйреншікті жәй ғана шеберлік емес, ол – жаңадан жаңаны табатын өнер», - деген екен.Бүгінгі таңда жеке тұлға, яғни, дарынды, шығармашылық тұлға қалыптастыру білім мен тәрбие берудегі мемлекеттік істің ең маңыздысы болып отыр. Осы жолда педагогикалық технология оқыту мақсатында жетудің тиімді, нақты жолдарын көрсетеді. Жаңа технологияны меңгеру мұғалімнің интелектуалдық, кәсіптік, адамгершілік, рухани, азаматтық және басқа адами келбеттің қалыптасуына игі әсерін тигізеді. Өзін-өзі дамыту, бастауыш мектепте оқу-тәрбие үрдісін тиімді ұйымдастыруына көмектеседі. Қазіргі білім беру саласындағы озық технологияларды меңгермейінше сауатты, әрі жан-жақты маман болу мумкін емес.

Жалпы, «технология» грек сөзі, өнерпаздық, шеберлік, іскерлік деген мағынаны береді. Түсіндірме сөздікте «Технология» - бұл қандайда болсын істегі адамдардың жиынтығы делінсе, ЮНЕСКО-ның анықтамасы бойынша «Педагогикалық технология – бұл педагогикалық мақсатқа қол жеткізу жолындағы қолданылатын барлық қисынды ілім амалдары мен әдістерінің жүйелі жиынтығын және жұмыс істеу реті ». Қазіргі кезде қолданылып жүрген жаңа инновациялық технологияның негізіне мыналар жатады:

  • әрбір оқушының жеке және дара ерекшелігін ескеру;

  • оқушылардың қабілеттері мен шығармашылығын арттыру;

  • оқушылардың өз бетінше жұмыс істеу, іздену дағдыларын қалыптастыру;

  • кіші жастағы оқушылардың оқуға, оқу арқылы қабілеттерін дамытуына көп мүмкіндіктер бар.

Біз қала мектептерінің ұстаздары Жанпейсованың, Қараевтың еңбектерін, жергілікті авторлық бағдарламаларды басшылыққа алып шәкірттерді түрлі тапсырмалар беру арқылы деңгейлік оқыту идеяларын жүзеге асырып келеміз. Бастауыш мектепте оқытудың тиімділігін, сапасын арттыруда оқу мен жазу арқылы «сыни тұрғысынан ойлау» бағдарламасының стратегияларын көтеруге ретімен қолданылған тәсілдердің қай – қайсысы болмасын сабақтың сапасын арттыруға үлесі зор. СТО-ның әдіс-тәсілдерін оқушыларды тынымсыз ізденімпаздыққа баулиды. Оқушыны мұғаліммен, сыныптастарымен еркін сөйлесуге, пікір таластыруға, бір-бірінің ойын тыңдауға, құрметтеуге, өзекті мәселені шешу жолдарын іздеп қиындықты жеңуге көмектесетін бағдарлама.

СТО-ның нәтижелері:

  1. Әдіс түрлері;

  2. Белсенді практикалық іс-әрекетке баулу;

  3. Басқалармен қарым-қатынас жасай білу;

  4. Басқаларды тыңдай білу;

  5. Қажет болса көзқарасын өзгерту;

  6. Топтық тұжырымға келе білу;

  7. Топ алдына шығып, өз тұжырымын айта білу.

Әр мұғалім үнемі өз бетімен білімін көтеру дайындығын жетілдіру тиіс. Мұғалім теориясын практикамен байланыстырып, ғылым мен практиканың озат іс-тәжірибелерін әрдайым күнделікті сабағына пайдалануы қажет.

Shape119 Shape118 Shape117 Shape116 Shape112 Shape113 Shape115 Shape109 Shape114 Shape111 Shape110 Shape104 Shape105 Shape106 Shape107 Shape108

Мақсатқа жету жолдары

Көрнекіліктерді, техникалық құралдарды, дидактикалық материалдарды барынша пайдалану

Бағдарламалық материалдарды меңгеруі, үлгерімі нашар және дарынды оқушыламен үздіксіз жұмыс жүргізуі

Оқушы қызығушылығын арттыру ( ойын, ертегі, жұмбақ, жаңылтпаш, ребустар, сөзжұмбақ) пайдалану

Білімді меңгеруде жаңа технологиялардың әдіс-тәсілдерін қолдану

әр істі дұрыс ұйымдастыру

Мақсаты: оқушыларға оқу-тәрбие жұмысын жүргізу барысында өз бетінше ізденуге, шығармашылыққа баулу

ұстаз

мектеп





















«Мақал-мәтел» тақырыбы тұрғысында сан түрлі.

ОShape143 Shape138 Shape144 Shape136 Shape137 Shape142 Shape141 Shape140 Shape139 Shape135 Shape134 Shape133 Shape132 Shape131 Shape129 Shape130 Shape120 Shape127 Shape128 Shape125 Shape126 Shape124 Shape123 Shape122 Shape121

Туған жері Шығыс Қазақстан өңірі

«Шоқан асулары», «Сәтжан»деген шығармалары бар













1983 жылы қайтыс болған

1895 жылы туылған

Сапарғали Бегалин

Еңбек, өнер, білім

Жақсы мен жаман

Салт-дәстүр

Отан, туған жер туралы

Аң, жануар

Достық жолдастық

Ата-ана, жанұя, отбасы

лар жас ұрпақты отанын сүюге,адамгершілікке, ынтымақ – бірлікке, мейірімділікке, әдептілікке, еңбекке, ата-ананы құрметтеуге тәрбиелейді.



































«Оқу мен жазу арқылы сыни тұрғысынан ойлау» бағдарламасының стратегиялары бастауыш сыныпта оқытудың тиімділігін, оқушылардың шығармашылық қабілеттерін арттырарына қөз жеткіздік.



Shape145

Мұғалім

қызығушылық

таным

Нәтиже

оқушы



ой

Әдіс-тәсіл

ізденіс

Білім



















Инновациялық технологияны қолдану барысында оқушылардың сабаққа деген қызығушылығының күрт артқандығы байқалады. Сондай-ақ мұғалімдер де өздеріне қажетті әдістемелік, дидактикалық көмекші құралдарды молынан ала алады. Ой-өрісі дамыған, дүниежүзілік білім жүйесінен қалыспайтын жас ұрпаққа білім беру жолындағы ортақ міндетті өз дәрежесінде жүргізу үшін бір-бірімен тәжірибе алмасып, кемшілік және жетістіктерді айтып отырсақ, жұмысымыз өнімді болады деп ойлаймыз.

1-сурет

Сызбаны оқып үйрен: байланыстырып оқы, өз сөзіңмен сөйлеп үйрен.

Осындай тірек сызбалар арқылы бастауыш сыныптарда сөз таптарын байланыстырып оқыту өте тиімді. Зат есімге байланысты сөздерді сұрақ қою арқылы заттың сынының қандай болатынын табу, заттың санын білу мақсатында сұрақтар қою арқылы сан есімді табады. Сонымен қатар заттың қимылы мен іс-әрекетін білдіретін сөз табы етістік екенін айтқызбай-ақ табады. Суреттерді сөйлете отырып, оқушылардың логикалық ойлауы мен шығармашылық қабілеттері артады. Бастауыш сынып оқушыларының көпшілігінің сурет салуға деген ынталары өте жоғары.

Shape146 Shape152 Shape147 Shape153 Shape151 Shape150 Shape149 Shape148

сыны

(қандай?)

қызыл

аты

(не?)

гүл

саны

(неше?)

бір

қимылы

(қайтті?)

өсті









2-сурет

Тірек сызба бойынша заттың атын, сынын, санын, қимылын білдіретін сөздерге сұрақ қойып үйрен. (2-сурет).

  • Бұл не? – Бұл гүл.

  • Гүл қандай? – Гүл қызыл.

  • Неше гүл? – Бір гүл.

  • Гүл қайтті? – Гүл өсті.

С Shape157 Shape156 Shape154 Shape155 Shape161 Shape160 Shape159 Shape158

Қимылы

(не істеді?)

секірді

саны

(неше?)

бір

сыны

(қандай?)

көк



аты

(не?)

ешкі

өйлем құраймыз: Бір қызыл гүл өсті.





3-сурет

1.Сұрақтардың орнына заттың атын, сынын, санын, қимылын білдіретін сөздерді қойып жаз. (3-сурет).

Бұл (не?). Ешкі (қандай?). (неше?) ешкі. Ешкі (не істеді?)

2. Бір сөйлем құрастырып жаз.













Shape163 Shape162

Shape165 Shape164





Shape169 Shape168 Shape167 Shape166

қимылды

(не істеді?)

ойнады

саны

(неше?)

бір

сыны

(қандай?)

Көңілді

аты

(кім?)

бала









4-сурет

Алдыңғы үлгідегідей етіп өз беттеріңше орындаңдар. (4-сурет).

















Shape170



Shape175 Shape174 Shape172 Shape173 Shape171

5-сурет

  1. Тірек сызбамен сөйле. Керекті сөздер: бір, оқиды, ақылды, бала. (5-сурет).

  2. «Ақылды бала» деген тақырыпта әңгіме жаз. Ол үшін мына сұрақтарға жауап жаз.

  1. Асан қандай бала?

  2. Себебі ол нені көп оқиды?

  3. Апасы Асанға не сатып алып берді?

  4. Ол кітап қандай болды.

Shape176















6-сурет

1. Мына тірек сызбаны толтыр. (6-сурет).

Ол үшін сұрақ қойып, заттың атын, сынын, санын, қимылын білдіретін сөздерді тап.

2. Сол тапқан сөздеріңді қатыстырып, «Қорқақ бала» тақырыбына әңгіме жаз.



Shape182 Shape186 Shape183 Shape184 Shape187 Shape177 Shape185 Shape181 Shape180 Shape179 Shape178

Аты

(не?)

Ат

Бие

жылқы

Саны(неше?)



Бір

жалғыз

Қимылы

(не істеді?)



Шапты кісінеді

Пысқырды

оқыранды

Сыны

(қандай?)



Жүйрік

Боз

Ақ боз

Көк



























Shape189 Shape188

құрмалас сөйлем

жай сөйлем

лепті сөйлем

сұраулы сөйлем

хабарлы сөйлем

Құрамына қарай

Мағынасына қарай

Сөйлем түрлері

















Shape191 Shape190

Shape193 Shape192 . ? ! . ,

2.4 ҚОСЫМША БІЛІМ БЕРУДІҢ ЖАҢА ТЕХНОЛОГИЯНЫ ПАЙДАЛАНА ОТЫРЫП, ОҚУШЫЛАРДЫҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫН ДАМЫТУ

Қазіргі уақыттың негізгі талаптарының бірі – білімді, әлемнің бүтіндей бейнесін қабылдай алатын, шығармашылық таныммен тікелей қатынас жасайтын жаңаша, тәуелсіз ойлай алатын шығармашыл адамға айналдыру. Қоғамның әлеуметтік – экономикалық даму деңгейі сол қоғамдағы жеке адамның шығармашылық мүмкіншілігіне байланысты.
Гуманизациялаудың түпкі мақсаты – оқушыны жан – жақты танымдық ұмтылысы бар субъект етіп, шығармашылық тұлға етіп қалыптастыратын дамуға апару. Бүгінгі таңда білім сапасының алдында жүйеленіп дайындалып берген білімді, дағдарды меңгеретін, қайталайтын ой ғана емес, шығармашылық бағытта жұмыс істейтін, тың жаңалықтар ашатын, біртума ойлау қабілетімен ерекшеленетін жеке тұлға қалыптастыру міндеті тұр. Бұл, әрине, оқушылардың шығармашылық әрекетін дамытудың маңызды мәселе екендігін дәлелдейді. Мектептегі оқу үрдісінің негізгі мақсаттары – баланың білім игеру кезінде ойлау қабілетін қалыптастыру, сол арқылы таным әрекетін
белсендіріп, шығармашылық қабілеттерін тәрбиелеп дамыту болып табылады. Шығармашылық қабілетті тәрбиелеудің алғы шарттары мына нәрселерді жатқызуға болады:

1. Шығармашылық қабілет деңгейін анықтау.
2. Қызығушылық және шығармашылықпен таным белсенділігін арттыру.
3. Оқушы мүмкіншілігіне сай шығармашылық тапсырмаларды әдістемелік тұрғыда жүйелі түрде орындату.
4. Шығармашылық қабілетті тәрбиелеу барысында кездесетін қиындықтар мен қарама – қайшылықтарды есепке алып зерттеу.
5. Мұғалім өз ісіне ізденімпаздықпен қарап, сабақты шығармашылықпен өткізу.

Осы мәселелер өз шешімін тапса, жан – жақты дамыған, шығармашыл жеке тұлғаны тәрбиелеу ісі өз мақсатына жетеді. Жаңалыққа деген қызығушылық – басты ішкі талпыныс болып табылады. Бастауыш сынып оқушыларында жаңа, өзі білмейтін іске деген қызығушылық басым болады. Ондай істер баланың бар ақыл – ойын, ішкі күштерін жұмылдырады және ерекше қуат береді.
Қызығушылықтың арқасында білім де, оны игеру үрдісі де, интелекті дамытуда қозғаушы күш және жан – жақты дамыған адам тәрбиелеуде маңызды фактор болуы мүмкін. К. Д. Ушинский: «Еріксіз көндірумен, күштеумен алған білім дамыған ақыл тудыра қояр ма екен?» — деген. Оқушылар бойында «Шығармашылық әрекет тәжірибесін» қалыптастыру қажеттігі туралы И. Я. Лернер жазған болаты, қазіргі нарық заманындағы жағдай мұны дәлелдей түседі. В. В. Давыдов «Жеке тұлға негізінде шығармашылық бастау жатыр, жеке тұлғаның маңызы оның жасампаздыққа мұқтаждығына және қабілеттігіне байланысты» деп есептеген.
Б. Д. Эльконин шығармашылыққа мынадай анықтама береді: «Шығармашылық – бұл ерекше тұрғыдағы жасампаздық, жаңадан жасалған нәрсе, бұрыңғы нәрселердің механикалық қайталануы емес, өзінің соңғылығымен, біртумалығымен ерекшеленетін болса, өзін — өзі куәландыратын, дәлелдейтін болса, онда бұл нәрсені туғызған шығармашылық акт туралы сөз қозғауға болады». Әрине, мәселе тек басты ұғымның мәнін түсінумен шектелмей, оның мүмкіндіктеріде зерттелген. Айталық, оқушылардың шығармашылық мүмкіндіктері В. В: Давыдов пен
В. В. Репкин еңбектерінде қарастырылады. Бір нәрсені жасауға, тудыруға деген қабілеттілік балаларда мектеп жасына дейін де қалыптаса бастайды. Бұл кезде шығармашылық актілері ойын әрекетінде жүзеге асады да, даму өнімі «қиял, елес» болып есептеледі. Бастауыш мектепте шығармашылық қабілеттері оқу әрекетінде көрінеді, даму өнімі – «оқуға құштарлық, ынталық». Жасөспірімдік кезінде оқушы оқу әрекетінің жеке – дара субъектісі ретінде дами бастайды, В. В. Давыдов шығармашылық тұлғаның сипаттамасы деп осыны есептейді. Ендеше, оқыту негізгі ерікті қызығушылық жағдайда болуы керек.
Негізгі мектептің бүгінгі білім берудегі мақсаты – оқушыда өз жеке білім траекториясын тыңдау қабілеттігін қалыптастыруға жағдай жасау. Яғни, педагогикалық әрекет оқушылардың белгілі бір нәтижеге әкеп тірейтін әрекетіне бағытталу қажет. Шығармашылық әрекет – оқушыны өз жеке шығармашылық бағытын таңдау қажеттігін және шығармашылық өнім, нәтиже туғызуға бағытталған жауапкершілігін қамтитын әрекет.
Оқушылардың жаңа бір нәрсені ашуы: оқушы өзін белгілі бір жаңалықтардың авторы ретінде сезінеді, бұл оған белгілі бір пән төңірегіндегі қызығушылығын жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Шығармашылық әрекет оқушыны өзіне тарта, баули түседі.Оқушыға белгілі бір көлемдегі білім, білік – дағдыларды меңгерумен бірге табиғат, қоршаған дүние туралы түсініктерін кеңейте отырып, оларды шығармашылық бағытта жан – жақты дамыту – бүгінгі күннің талабы. Шығармашылық бұл шынай өмірде баланың өзін — өзі тануы.
Жалпы білім беру үрдісінде: — жаңа педагогикалық технологияларды ендіре отырып оқыту үрдісін демократияландыру және ізгілендіру, субъект қатынастар қалыптастыру, сабақтағы оқушының шығармашылық рөлін арттырып, еркіндігін қамтамасыз ету, сол арқылы оқушылардың даралық интеллектуалдық және шығармашылық қабілеттерін, бейімділіктерін ашу және дамыту.

Шығармашылық қабілеттердің белгілері ретінде :
— мәселені қарастырудағы қырағылық көрегендікті;
— ақылдың икемдігі, ойдың орамдылығы;
— әрекетті бағалай білуді қарастырады;
Адам әрекеті :
— шығармашылқтардағы қарама – қайшылықтардың болуы;
— әлеуметтік немесе жеке адамға деген мәнінің болуы;
— шығармашылыққа арналған шарттардың, жағдайлардың болуы;
— шығармашылық тұлғаның жекелік қасиеттерінің болуы;
— нәтиженің жаңалығы.

Шығармашылықтың негізгі сипаты жаңалық ашуға және тәсілдер табуға ұмтылу деп айтуға толық негіз бар. Шығармашылыққа, жаңа, тың нәрсе жасау тән десек, ертеден белгілі нәрсені қайталауды немесе көшіруді шығармашылық деп айтуға болмайды, бірақ бұрыннан белгілі, таныс нәрселердің өзінен қандай да бір ерекшелік табу, оны жаңаша түрде жасау, ерекше қасиеттерін табу шығармашылыққа тән құбылыс деуге болады.
Оқыту сабақтарының шығармашылық сипаты оқушының танымдық белсенділігін оятып, шығармашылық қабілеттерінің дамуына, тәртіптілік пен жолдастыққа, адамгершілік қасиеттеріне әсер етеді. Ұжымдық сабақтарда өзінің сыныптасының кемшілігін көруге, оған достық қолын созуға, өзгелердің існен сабақ алуға, әлеуметтік ұстанымның қалыптасуына өз ортасының пікірінің әсері зор. Мұндай сабақтарда оқушылардың ұжымдық ой – пікірлері қалыптасып сыныптағылардың пікірі бойынша ортақ тұжырым жасауға үйренеді. Ортақ іске өзін — өзі қосады, жолдасының жауабына пікір айтып, бағалауға үйренеді. Оқушының өзіндік жұмысы талқыланады.
Шығармашылық тапсырмалар орындауда шағын топтармен жұмыс жасау – бұл ең әйгілі стратегиялардың бірі, өйткені ол оқушылардың жұмысқа қатысуына, ынтымақтастық дағдысын тәжірибеден өткізуде, тұлға аралық өзара қарым – қатынаста (белсенді тыңдау, жалпы пікір қалыптастыру, түрлі көзқарастың шығуына рұқсат беру, өзгені тыңдап, өзін тыңдата білу) зор мүмкіндіктер береді. Топпен жұмыс жасауда аудиторияны үнемі айналып өтіп, тек қажет болған жағдайда ғана көмекке барыңыз. Шағын топта қандай дағдыларды меңгеру керектігін сезінуге мүмкіндік беріңіз.
Оқушыларды топтарға бөлуде, тәжірибелі әдістемешілер топ құрамын әр түрлі, яғни әр түрлі мүмкіндіктегі күшті, орташа және әлсіз оқушылардан құралуын қамтамсыз етеді. Әртекті топта шығармашылық ойлау ынталандырып отырады. Оқушылар уақытының көп бөлігін өз көзқарасын ұсыну, мәселелерді жан – жақты талқылау және сұрақты құрастыруды үйренуге жұмсайды. Мұндай топтар оқушылар арасында жүйелі қарым – қатынас орнатады. Топ құрамын ұзақ уақыт бойы өзгертпей сақтау топ ішіндегі шеберліктің қалыптасуына ықпал етеді. Сондай – ақ топ құрамын ауыстыру барлық оқушыға түрлі адамдармен жұмыс жасауына мүмкіндік береді. Сонымен бірге топ мүшелерін әр түрлі ролдерге бөлуге болады. Рөлдердің бөлінуі кез – келген оқушыны жұмысқа белсенді атсалысуына итермелейді. Егер топ құрамын тұрақты сақтаса, онда оқушылар арасындағы ролді ауыстырып тұруға болады. «Шағын топтардағы жұмыс» тәсілін пайдалану арқылы тапсырмалады орында:

Тапсырманың әр кезеңін орындауға қанша уақыт бергеніңізді жариялаңыз.
— Оқушыларды шағын топтарға бөліп, қажет мысалдарды, мәліметті таратыңыз, содан кейін тапсырманы орындауға кірісуін сұраңыз.
— Бір топтан екінші топқа жылжып отырыңыз және оқушыларға топтағы жұмыс ережесін орындауға көмектесіңіз.
— Топтағы жұмысты аяқтаған соң, тапсырманы орындаудың нәтижесі жөнінде баяндау үшін топ өкілдеріне сөз беріңіз.

Плакаттар, кестелер, суреттер және өзге де көрнекі құралдарды пайдаланғандарды қошеметтеп отырыңыз. Сіз өзіңіз де әр түрлі топтың тапсырманы орындау нәтижесін енгізетін кесте жасап алсаңыз болады.
Оқушының шығармашылық қабілеті практикалық әрекеттері, ізденімпаздығы арқылы дамиды. Шығармашылыққа үйрететін сабақтар жаңа технологияларды қолдану болып табылады. Мұндай сабақтарда оқушыға ерекше ахуал, мұғалім мен оқушы арасында ынтымақтастық қатынас қалыптасады.
А. Байтұрсыновтың пікірі бойынша, «бала білімді тәжірибе арқылы өздігінен алуы керек. Мұғалімнің қызметі – оның білімінің, шеберлігінің ұзақ жолды қысқарту үшін, ол жолдан балалар қиналмай өтуі үшін, керек білімді кешіктірмей, кезінде беріп отыру үшін, балаға жұмысты әліне қарай шағындап беру мен бетін белгілеген мақсатқа қарай түзетіп отыру керек» — деген. Осы тұрғыдан қытай халқының мақалында : «Тыңдасам ұмытамын, көрсем есте сақтаймын, жазсам түсінемін» деген екен. Мұғалім бұл жағдайда білімді түсіндіріп қоюшы, бақылаушы емес, бағалаушы емес, танымдық іс — әрекетін ұйымдастыратын ұжымдық шығармашылық істердің ұйытқысы. Тек осындай оқыту ған оқушы интеллектісінің көзін ашып, шығармашылығын дамытады. Оқушылардың шығармашылығын, ізденімпаздығын қалыптастыруда сыныптан тыс, жеке, ұжымдық жұмыстар ұйымдастыруда шығармашылық, пәндік апталықтар мен олимпиадалар, пәндік үйірмелер мен факультативтік сабақтардың, ата – аналармен біріктірілген сабақтардың маңызы зор.Барлық жұмыстарда оқушылардың қалауы, таңдауы мен ұсыныстарын ескеру қажет.
Оқушылардың танымдық ізденімпаздығы мен белсенділігін, шығармашылқ бағыттылығына негізделген жұмыс түрлерін пайдалану – олардың танымдық қажеттіліктерін қанағаттандыра алады. Бастауыш буында шығармашылықтың алғашқы сатысын іс — әрекет және ойын арқылы бастаған дұрыс. Сондықтан сабақты қызығушылықты ояту кезеңінде суретті ойындар, сөзжұмбақтар т.б. тәсілдерімен бастап оны тақырыпқа байланысты етеп алған дұрыс.
Оқушылардың назарын шығармашылық арнаға бұру үшін, үнемі шығармашылық тапсырма – міндеттер, жаттығу, ойын түрлерін ұсынған жөн. Шығармашылық жаттығу, ойын тапсырмалардың мазмұнын балалардың жас ерекшелігіне, қызығушылығына үйлесуі керек. Мұғалімнің ең үлкен міндеті бала белгілі бір көркемдік шешім тауып, өз туындысын ұтымды аяқтап шыққанға дейін оны назарынан тыс қалдырмай, шығармашылық бағыт – бағдар беріп отыру. Шығармашылықты тежейтін үш нәрсе бар: «Сәтсіздікке ұшыраймын, қолымнан ешнәрсе келмейді» деген қорқыныш сезім, екінші — өзіне тым риза болмаушылық сезімі, үшінші жалқаулық. Ондай жағдайда баланы құтқарудың жолдарын табу: — оқушылардың шығармашлықпен айналысуына мектепте, сабақ үстінде, үйде қолайлы жағдай жасау;
— шығармашылық бағытқа баланы жүйелі, саналы түрде қалыптасытрып отыру.
Оқушыларды шығармашылқ жұмысқа баулып, олардың белсенділіктерін, қызығушылығын арттыра түсу үшін шығармашылық қабілеттерін сабақта және сабақтан тыс уақытта дамытуда әр түрлі әдіс – тәсілдерді қолдануға болады.

Олар мынадай :
— тақырыпты мазмұнына қарай жинақтау, арнаулы бір тақырыпта пікірталас тудыру;
— логикалық ойлауын дамытатын ойын тапсырмаларды шешу;
— бергілген тапсырманы түрлендіру бағытындағы жұмыс (кері есетер құрастыру, мәтін мазмұнын өңдеу, шығарма, шағын мәтін, әңгіме құрау)
— әңгіменің ұқсастығын салыстыру, бөліктерге бөлу, ат қойғызу;
— қиялдау арқылы сурет салғызу;
— ұнатқан кейіпкерлеріне мінездеме беру (ақтап алу, қаралау);
— мәтін, әңгіме, ертегіні өз бетінше аяқтау.
Осындай жаңа технологиялардың әдіс – тәсілдерін қолдану арқылы оқушылар шығармашылығын арттыруға үлес қосуға болады.

Шығармашылқ жұмыстың оқушыларды ойлауға жетелеп, қызығушылығын оятып, шығармашылық қабілетін арттыруға, белсенділікке ынталандырады.
Қорыта келе айтарым оқу процесінде шығармашылық түсінігін жеке бастың қасиеті емес, оқушының оқу процесіндегі іс — әрекет құралы және табыстың белгісі деп білу керек. Оқу процесіндегі негізгі мәселе – оқушылардың белсенді іс — әрекеті және шығармашылықтың дамуына негіз болады. Оқушылардың іс — әрекеті неғұрлым үйлесімді, кемелденген, тиімді оқыту әдістермен ұйымдастырылса, онда олардың белсенділігі де, соғұрлым жоғары болып, шығармашылықтың дамуы қарқынды түрде көрінеді. Шығармашылыққа баулуда кез – келген әдісті тиімді қолдану өзіміздің құзырымызда. Оның сабақ үстінде болсын, сыныптан тыс жұмыс түрінде болсын, қай жұмыс түрінде де жемісін көруге болады. Тек әр жұмыс жетістігін марапаттауды естен шығармайық. Барлық жұмыстарда оқушының қалауын, таңдауы мен ұсыныстарын ескере отырайық. Сонда ғана шығармашылық жұмыс нәтижесіне жетуге болады. Шығармашылық жұмыс нәтижесі көп жылдық еңбекті талап етеді.

Бүгінгі таңда білім беру жүйесінің басты мақсаты – жан-жақты дамыған, өз ойын еркін жеткізе алатын, шығармашылық тұрғыда ойлайтын тұлға қалыптастыру. Осы орайда мектептегі қосымша білім беру жүйесінің рөлі ерекше. Қосымша білім беру – оқушылардың сабақтан тыс уақытта өз қабілеттерін, қызығушылықтарын, шығармашылық әлеуетін ашуға мүмкіндік беретін кең алаң. Ол оқушылардың тек академиялық білімін ғана емес, сонымен қатар әлеуметтік, эстетикалық, коммуникативтік дағдыларын дамытуға бағытталған. Ауылдық жерлерде орналасқан жалпы білім беретін мектептер үшін қосымша білім беру ерекше мәнге ие. Өйткені ауылдық мектептерде балалардың дамуына арналған қосымша орталықтар шектеулі, сондықтан мектептің өзі оқушыларға шығармашылық әлеуетін толық ашуға барлық жағдай жасауға міндетті. Бұл жағдай қосымша білім беру педагогіне зор жауапкершілік жүктейді. Педагог тек үйірме сабақтарын өткізумен шектелмей, оқушының тұлғалық қабілеттерін анықтау, әрбір балаға жеке бағыт беру, оны үйірмелерге тарту, шығармашылық белсенділігін арттыру сияқты міндеттерді атқарады.

Мектепте әр түрлі үйірмелер жұмыс істейді: көркем еңбек, музыка, би, әдебиет, экология, робототехника, спорттық және ғылыми-техникалық бағыттар бойынша. Қосымша сабақтардан бос уақытты тиімді пайдалану мақсатында педагогтар көрмелер, жарыстар, сайыстар, зерттеу жобаларын ұйымдастырады. Мысалы, көркем еңбек үйірмесінің оқушылары өз жұмыстарын мектеп қабырғасында немесе аудандық көрмелерде көрсетсе, ғылыми үйірме оқушылары тәжірибелік жобаларды конкурстарға ұсына алады. Осындай іс-шаралар оқушының шығармашылық қабілеттерін шыңдап қана қоймай, оның өз еңбегіне деген мақтаныш сезімін қалыптастырады, ұжымдық жұмысқа үйретеді, жауапкершілік пен ынтымақтастық қасиеттерін дамытады.

Қосымша білім беру педагогі мектептің шығармашылық өмірінің ұйымдастырушысы ретінде сабақтан тыс уақытта да белсенді жұмыс істейді. Ол оқушыларға жаңа бағыттарды үйретіп қана қоймай, шығармашылық ізденіс пен тәжірибе жасауға жағдай жасайды. Мектеп қабырғасында әр түрлі көрмелер мен жарыстар, тақырыптық күндер мен шығармашылық фестивальдер өткізу оқушыны өз қабілетін көрсетуге ынталандырады, қызығушылығын арттырады және жеке дара мүмкіндіктерін ашуға көмектеседі.

Осындай жүйелі жұмыс арқасында ауыл мектебінде оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту мүмкіндіктері кеңейеді, олардың жеке тұлғалық ерекшеліктері айқындалады, ал педагог өзінің кәсіби шеберлігін толық қолдана отырып, әр баланың бойындағы талантты аша алады. Қосымша білім беру педагогінің кәсіби және шығармашылық рөлі – ауылдық мектептегі оқушылардың жан-жақты дамуы мен шығармашылық белсенділігін қалыптастырудың негізгі кепілі болып табылады.

Қосымша білім беру жүйесі – оқушының еркін дамуына, өзін-өзі танытуына бағытталған тәрбие мен оқытудың ажырамас бөлігі. Бұл жүйеде оқушылар тек білім алушы емес, сонымен қатар ізденуші, зерттеуші, орындаушы және автор ретінде көрінеді.

Қосымша білім берудің мазмұны оқушылардың қызығушылығына қарай әртүрлі бағыттарда ұйымдастырылады: көркем-эстетикалық (сурет, музыка, би, қолөнер үйірмелері), ғылыми-техникалық (робототехника, бағдарламалау, тәжірибелік зерттеу жұмыстары), экологиялық-биологиялық, спорттық-сауықтыру, әлеуметтік және патриоттық бағыттағы үйірмелер мен клубтар. Осындай бағыттар оқушының жеке тұлғалық қасиеттерін, эстетикалық талғамын және өмірлік ұстанымдарын қалыптастыруға мүмкіндік береді.

Қосымша білім беру педагогінің басты міндеттерінің бірі – оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту, олардың өз бетінше ойлау, жаңа идеяларды жүзеге асыру және өзіндік шешім қабылдау қабілеттерін жетілдіру болып табылады. Бұл міндетті орындауда педагог әртүрлі әдіс-тәсілдерді тиімді пайдалана алады. Мысалы, жобалық әдіс оқушыны зерттеушілікке баулып, белгілі бір тақырып бойынша өз бетінше жұмыс жасауға үйретеді. Педагог мектептегі қосымша білім беру сабақтарында жобалық әдісті қолданғанда, оқушыларға нақты тақырып беріп, оны зерттеп, нәтижесінде өз идеяларын туынды ретінде көрсетуге мүмкіндік береді. Мұндай жобалар ғылыми, көркем немесе әлеуметтік бағытта болуы мүмкін. Мысалы, ауыл мектептерінде өткізілетін экологиялық жобалар оқушыларға өз қоршаған ортасын зерттеу, қоршаған ортаға қамқорлық жасау дағдыларын қалыптастырады, ал көркем бағыттағы жобалар – сурет, қолөнер, театрлық қойылымдар арқылы шығармашылық ойлау қабілетін дамытуға қызмет етеді.

Шығармашылық шеберхана әдісі оқушылардың идеядан нақты туынды жасау процесін қамтиды. Қосымша білім беру педагогі мұнда оқушыларға өз ойларын еркін білдіру үшін түрлі құралдар мен материалдарды ұсынады, мысалы, көркем еңбек үйірмесінде ағашқа немесе қағазға ою-өрнек салу, бояулар мен әртүрлі текстураларды пайдаланып туынды жасау, робототехника үйірмесінде өз жобасын құрастыру. Мұндай шеберханаларда педагог әр оқушының дара мүмкіндігін ескере отырып, бағыт-бағдар беріп, қажет болса түзетулер енгізеді, әрбір оқушының шығармашылық ізденісін қолдайды. Сонымен қатар шеберхана әдісі оқушылардың сабырлылығын, зейінін және талғампаздығын дамытуға ықпал етеді.

Проблемалық жағдайлар әдісі оқушылардың логикалық ойлау қабілетін, мәселені шешу стратегиясын және сыни тұрғыда ойлауды жетілдіреді. Қосымша білім беру педагогі сабақ барысында немесе қосымша шараларда оқушыларға белгілі бір қиындық немесе шешілмейтіндей көрінетін мәселе ұсынады. Мысалы, көркем еңбек үйірмесінде белгілі бір тақырыпқа сәйкес композицияны жасау үшін материалдарды тиімді пайдалану жолдарын табу немесе робототехника үйірмесінде берілген функцияны орындауға арналған механизм құрастыру сияқты тапсырмалар беріледі. Мұндай тапсырмалар оқушыларды ойлануға, өз шешімдерін дәлелдеуге, идеяларын сыни тұрғыда қарастыруға үйретеді.

Ойын және тренинг технологиялары педагогке эмоционалды көңіл-күй мен ынтаны арттыруға мүмкіндік береді. Қосымша білім беру педагогі балаларға ойын элементтерін қосып, шығармашылық конкурстар, рөлдік ойындар, топтық тапсырмалар ұйымдастыра алады. Мысалы, мектепте эссе жазу байқауы немесе сурет салу көрмесін өткізгенде балалардың бір-бірінің шығармашылық жұмыстарын бағалау, пікір айту арқылы ынтымақтастық сезімі, өз ойын жеткізу қабілеті дамиды. Сонымен қатар тренингтік сессиялар оқушылардың өз эмоциясын тануына, топ ішінде тиімді қарым-қатынас жасауға, сенімділік қалыптастыруға ықпал етеді.

Интерактивті және цифрлық ресурстарды пайдалану қазіргі заман талабына сай білім алу мүмкіндігін қамтамасыз етеді. Қосымша білім беру педагогі онлайн платформалар, интерактивті презентациялар, бейне сабақтар мен арнайы бағдарламаларды қолдану арқылы оқушылардың шығармашылық қабілеттерін арттыра алады. Мысалы, көркем еңбек немесе робототехника үйірмесінде оқушыларға бейне сабақ немесе виртуалды шеберхана ұсынылып, олар өз жұмыстарын цифрлық түрде жобалап, өңдеуге үйренеді. Бұл әдіс оқушыларға жаңа технологияларды меңгеруге, шығармашылық ойлауын кеңейтуге және өз жұмыстарын заманауи форматта көрсетуге мүмкіндік береді.

Қосымша білім беру педагогі осы әдіс-тәсілдерді үйлестіріп қолдану арқылы мектепте әртүрлі іс-шараларды ұйымдастырады. Педагог әр үйірменің жұмысы мен қосымша іс-шараларды үйлестіріп, әр оқушының шығармашылық дамуын бақылап, оларды ынталандырады, бірлескен жобаларға тарту арқылы командалық жұмысқа үйретеді.

Осылайша қосымша білім беру педагогі шығармашылық қабілеттерді дамытуда әртүрлі әдіс-тәсілдерді тиімді қолдану арқылы оқушылардың ойлау, зерттеушілік, эстетикалық және коммуникативтік қабілеттерін шыңдайды. Ол үйірме сабақтары мен қосымша іс-шараларды үйлестіріп, балалардың қызығушылығын арттырады, шығармашылыққа ынталандырады және олардың жан-жақты дамуына жағдай жасайды.

Педагог әр баланың жеке дара ерекшеліктерін ескере отырып, шығармашылық орта қалыптастыруы қажет. Мұндай ортада оқушы өзін еркін сезініп, ой еркіндігіне ие болады.

Қосымша білім беру педагогі – бағыт беруші, шабыттандырушы және кеңесші. Оның кәсіби шеберлігі тек пәндік біліммен шектелмейді, ол баланың жүрегіне жол таба білуде, оны жігерлендіруде, табысқа жетелеуде көрінеді. Педагогтің әрбір сабағы немесе үйірме жұмысы оқушы үшін жаңа ашылулар мен шығармашылық қуаныш әкелуі тиіс.

Қорыта айтқанда, қосымша білім беру – оқушының шығармашылық әлеуетін дамытуда тиімді тетік. Ол тұлғаның жан-жақты дамуына, өмірге белсенді көзқарас қалыптастыруға, өз мүмкіндігін тануға жағдай жасайды. Шығармашылық қабілеті дамыған оқушы – ертеңгі инновациялық қоғамның қозғаушы күші. Сондықтан қосымша білім беру педагогтерінің қызметі – елдің интеллектуалды және мәдени әлеуетін арттырудың маңызды бөлігі.


2.5 ОҚУШЫЛАРДЫҢ ЛОГИКАЛЫҚ ОЙЛАУДЫЫН ДАМЫТУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ


Ойлаудыдағы қабілеттілік – баланың жинақталған бірнеше істі меңгеру шамасын байқататын бір қасиеті. Қабілет – асыл мұра, бойға біткен зор қасиет. Әркімде бір ерекше көзге түсетін қасиет болады. Баланың орындайтын жұмыстары оның көңілінен шығатын болса, өсіп - өркендеуіне септігі тиеді, қабілеттілігі артады. Оның жан – тәнімен еңбек еткенінде ойлауды қабілеті жетіліп, қалыптасады, табиғи икемділігі күшейеді. Баланы қалаған, қаламаған қызметіне икемдеу қиын. Берілген тапсырманы орындаймын деп өзін - өзі қинайды. Бірақ нәтиже шығара алмайды. Ықылассыз болады, шаршай береді. Міне осындай күйге түскенде пайда болатын психологиялық енжарлық баланың моральдық – этикалық қағидадан ауытқып кетуіне де себепкер болады.

Қабілеттіліктің көзге көрінуіне септігін тигізетін не ? Отбасы да, мектеп те, жора – жолдастары да – бәрі де септігін тигізеді. Бірақ негізінде баланың өзі ізденуі тиіс. Осындай жағдайда мұғалімі де демеу беріп, жол сілтеу керек. Ол үшін баланың ағзасының «механикасын», бір нәрсеге бейімделуіне себебін тигізетін барлық компоненттерді, қала берді баланың өзінің қандай екенін түсіне білуіне ықпал жасауға болады. Жалпы даму дәрежесі жас ерекшелігіне сай, денсаулығы жақсы, оқуға даярлығы анық байқалған бала, мектеп қабырғасында жан – жақты жетіледі.

Ойлауды психологиясы – психологияда күрделі әрі қызығатын бөлім. Оның күрделілігі теориялық және практикалық көп жақты аспектісін зерттейді. Ойлауды заңдылығын тану психология өз алдына дербес ғылым болып қалыптасуына дейін көрінді. Ойлауды әр уақытта түрлі мәнер зерттеуінде қарастырылады гноселогия және логика, педагогика, физиология. Ойлауды табиғаты (сана) оның қатынасы туралы алғаш зерттеген философия.

Қазіргі заман философиясы ойларды, шындық іс-әрекетті бейнелеу процесі түрінде қалыптастырады. Түйсікден қабылдау ерекшелігі сезімдік бейнеден бөлініп, жалпылау, жалқылау сипаты заттар мен құбылыстың қасиетін шындық өмірмен байланысын көрсетеді. Философияда психологиялық зерттеу аспектісы ойлаудыға фундаментальды түсінік береді: ойлауды және сана, ойлауды және тану, ойлауды және сөйлеу ретіне. Арнайы ғылыми психологиялық зерттеуді ойлауды өзекті мәселе болып табылады. Тек ойлаудыды зерттеу арқылы ғана ойды адам өзіне бағыттай отырып өзіндік заңдылықты түсінуге әкеледі. Сонымен қатар ойлауды сыртқы әсерлерді толуға бағытталған ғылым. Бұл логикалық негізгі түсінік, жалқы түрден қалыптасатын кез келген ойлауды процессі. Логикалық ғылымда, логикалық ерекшелігі мен өңдеуіндегі жетістік пен тәуелсіздікке қарамастан өзіндік ойлауды заңы қалыптасады. Көп уақыт бойы ойлауды процесінің мазмұны, динамикасы, нақты ерекшелігі зерттелмеген. Ассоциативті психологияда нақты психологиялық зерттеуден формальды логика әсерін алғашқы кезеңнен қарастырады. Ассоцация ойлауды теориясына психологиялық өзіндік жаңалық енгізген жоқ, ол белгілі логикалық ойлауды заңдылықтарының әсерін өңдей келе ассоциациялық теория ұсынады. Бұл көзқарас ойлаудыдың механикалық концепциясына да өзгеріс енгізбеді, тек интелектуалды процес жүйесін қарапайым операциялар арқылы байланысуда. Сондықтан да ойлаудыдың психологиялық зерттенудің қалыптасуына ассоционизм сипата негіз болғаны да сол. Ол сын бірнеше бағытта қарастырылады. Ойлаудыдағы экспериментальды зерттеу вюрцбург мектебінде алғаш жүргізіледі, зерттеу заты ойланудың бір түрі – ауызша – логикалық ойлауды, ал оның әдісі ерекше әдіс интроспекция болды. Ойлауды актісінің мақсаты және белсенді сипатын, оның бүтіндігін ассациалы жеке әсерлерге жатпайтынын қабылдаудан арнайы ерекшелігі бар екені қарастырылды. Ойлаудыды экспериментальды зерттеу кейінен гештальт психология жалғастырады, олар өз шығармашылық ойлаудыларына қарай жаңа әдістемелік тәсілдер қарастырады.

Біріншісі – жүйеше немесе іс-әрекет түріндегі оның негізгі фунционалды компоненті, оқу. Оқу әрекетінің дайындаушылық функционалды компонеттері оқу іс-әрекетінің басқа жүйешесіне топталды. Ойлауды психологиясының дамуы мен қалыптасуына көп үлес қосқан вюрцбург мектебі болды. Негізін салумен О.Кюльпе ойлаудыға теориялық және экспериментальды зерттеу жүргізу арқылы кезеңдері мен принциптерін, арнайы талдады. Оның «кешенді теориясы» ойлауды актісінің продуктивті, репродуктивті психологиялық бірлік механизімін түсіндірді. Ал гештальтпсихология өкілдері К.Дункер ойлаудыдың творчествалық міндеті мен дамуын Ж.Пиаже мектебінде зерттеді. Дункер творчестволық ойлауды мәселесін зерттеуге, нақты анализ жасап негізгі механизмдеріне тоқталады. Ж.Пиаже еңбегінде генетикалық деңгейде зерттеу таным процесін, оның орталығы интеллектің операциялық теориясы болды.Адамның ойлану әpeкeтi тікелей – сезімдік таным процесстерімен де тығыз байланысты. Адамның ойы әрбiр нәрсенiң сипаты мен қасиеттерiн сезу арқылы ажыратып көрсете алады. Сөйтiп заттар мен құбылыстарды әртарапты танып бiлуге мумкiндiк туады. Адам тiлдiк материалдар негiзiнде ойланады. өз ой-пiкiрлерiнiң жуйесiн, нәрселер жайындағы нақты тyciнiктepiн жасайды. әрбiр ойдың ақиқаттығы ой талқысы арқылы қарастырылады. Адам ойының жуйелi болып, оның нәрселердiң мәнін тусiнiп бiлуi сөйлеу арқылы жузеге асып, өзгелерге жеткiзiледi. Адамның ойы тiлмен, анық сөйлеумен тығыз байланысты және ойлауды осы тiлдiк материал арқылы өзiнiң шындығы мен ақиқаттығын бейнелей алады.Ойлаудыдың қоғамдық мәні Ойлаудыдың тiлмен тыгыз байланысты болуы және оның қоғамдық мәні адам ойлаудыы дамуының қогамдық ­тарихи сипатта болатындығын көрсетедi. Адамның дуниетанымы, бiлiмi және өмip тәжiрибесiнен жинақттаған мағлұматтары ұрпақтан-ұрпаққа мұpa болып ауысып отырады. Бұл - тарихи фактор. Адам ақыл-ойының дамып жетiлуi мен бiлiмнiң өcyi әрбiр ұрпақ жасаған бiлiм қорын меңгерiп, оларды әлеуметтiк өмip қажеттiлiктерiн қанағаттандырып отыруға пайдаланады. Сөйтiп, тарихи даму адам баласының қоғам өмiрiндегi қарым-қатынасын нығайтады.Ойлауды процесі үшін зейін – мәселені дұрыс түсінуге және шешуге ықпал ететін фактор. Осы ойлауды және ес процесіне зейіннің тікелей ықпалы бар. Адамдардың арақатынасы жүйесінде бірін-бірі жақсы түсінісуіне, бір-біріне бейімделуіне зейін көмектеседі. Психиканың ерекше қасиеті ретінде зейін адамның еңбек процесінде қалыптасады. Мұндағы қажетті шарт – объектіні таңдап алып, сананы сол объектіге бағыттау. Зейін сыртқы орта құбылыстарына да, адамның өзінің ішкі психикалық күйлеріне де бағытталуы мүмкін. Сонымен, зейін дегеніміз айналадағы объектілердің ішінен керектісін бөліп алып, оның айқын бейнеленуіне көмектесетін психологиялық феномен болып табылады. Таным процестерінің бағыттылығы мен таңдамалылығы да зейінмен байланысты болады. Ойды анық және дәл қабылдауды, естің беріктігі мен таңдамалылығын және сөз арқылы ой әрекетінің бағыттылығы мен нәтижелілігін анықтайды. Демек, барлық таным әрекеттері функцияларының сапалы әрі нәтижелі болуы зейінге байланысты.Оқушылардың логикалық ойлауды қабілетін дамытып, оны тұрақтандырудың мәні зор. Ақыл – ой еңбек қабілеттерінің өсуі барысында олар білім, білік, дағды түрлерін тез игереді. Жасына қарай берілген тапсырманы дұрыс сапалы орындау – баланың даму деңгейін көрсетеді.Бастауыш сынып оқушылардың белгілі бір көлемдегі білімі, білік дағдыларын меңгертумен бірге адам, қоғам, табиғат, қоршаған дүние туралы танымдарын қалыптастыру, жеке бастың қасиеттерін жан – жақты дамыту, жоғары адамгершілік принцптерге тәрбиелеу – бүгіннің ең басты мәселесі болып табылады. Қазіргі кездегі қоғамда болып жатқан өзгерістерді ізгілендіру процесі – баланың еркін дамуының белсенді, шығармашыл болуын талап етеді. Оқушының ойлауды жүйесіне тереңірек үңіліп, автор идеясына ілесе отырып талдау жасаттырғаннан кейін оқушыларды қызықтырады, ішкі ойына қозғау салады, өмірдің беймәлім жақтарын көз алдына елестете алады. Соның нәтижесінде оқушылар өз ойларын жинақтауды үйренеді. Қазіргі білім беру жүйесі оқыту процессінің екі аспектісін қалыптастырады. Оқытудың мазмұнды аспектісі оқушылардың терең жан – жақты ғылым мен практика талаптарына сай келетін біліммен қаруландыру мақсатын көздейді. Оқытудың формальды аспектісі – оқушылар бойында білімді игеру дағдыларын қалыптастыру, соның негізінде өздігінен жаңа білімді алуға ашу және оқу материалын түсіну жолдарын жаңарту мәселелерін қарастырады. Практикада бұл екі аспектінің тең емес екендігі айқын көрінеді. Ұстаз қауымы оқушыларға мейлінше терең білім беруге тырысады. Алайда «көп білген кемеңгер емес, білімін пайдалана білген кемеңгер », демекші қазір мектептерде пәндердің мазмұны заман талабына сай күрделеніп келе жатыр. Оқушы қысқа мерзімде жалпыланған білім көлемін меңгеру қажет. Сондықтан оқушылардың логикалық ойлаудыын дамыту, олардың бойында логикалық ойлауды операцияларын қалыптастыру және тиімді жолдарын іздестіру мәселесі қазіргі таңда ұстаз алдында тұрған негізгі міндеттің бірі демекпіз. Оқушылардың логикалық ойлаудыын дамыту мәселесін шешу ұстазға ауыр жүк арттыратыны сөзсіз. Шынымен – ақ, оқушылардың ойлаудыындағы қателікті байқап, сол қателіктің мән – мағынасын түсіндіріп, ойлауды жүйесіндегі тізбектілікті, ойлауды операцияларын дұрыс қалыптастыра білу үшін ұстазға логика саласынан қажетті теориялық білім керек. Сол себептен оқыту практикасында бұл бір бөлек дидактикалық мәселені құрайды. Әлемдік педагогикалық практикада бұл мәселені шешудің кейбір тенденциялары пайда болуда. Олардың бірі – оқыту процессінде формальды аспектіге назар аудару.

Дж.Гилфордтың пікірі бойынша, ойлауды өзінің төрт ерекшелігімен сипатталады:

- өзіндік өзгешелігімен, жаңашылдығымен, айтылатын ойлардың ерекшелігімен, ойлауды жаңашылдығына деген айқын байқалатын ұмтылысымен;

- семантикалық иілімділігімен, яғни нысананы жаңа көзқарас тұрғысынан көру, оның жаңа қолданысын таба білу, қызметтік қолданылуын тәжірибе жүзінде кеңейту қабілетімен;

- бейнелік дағдылану иілімділігімен, яғни нысананы қабылдауды оның жаңа, көрінбейтін жақтарын көретіндей етіп, өзгерту қабілетімен;

- семантикалық спонтандық иілімділігімен, яғни түрлі ойларды белгісіз жағдайларда, атап айтқанда, бұл ойларға арналған бағдары болмаған жағдайда өндіру қабілетімен.

Шығармашылық ойлауды өзінің даму жолы барысында бірқатар кедергілерге: конформизмге (басқаларға ұқсас болуға ұмтылыс) бейімділік; күлкілі, ақылсыз, әдеттегіден тыс болудан қорқу сезімімен, сондай-ақ басқалар тарапынан кек қайтару қорқынышымен туылған ішкі цензураға; ескі білім мен ойларға қатысты ебедейсіздікке, олардың маңыздылығын қайта бағалауға; жауабын бірден табуға деген ұмтылысқа тап болуы мүмкін.

Шығармашылық ойлаудыды зерттеу психологияда төрт бағытта жүргізіледі:

  • шығармашылық ойлауды процесін зерттеу;

  • шығармашылық өнімдерін зерттеу;

  • креативтілікті қабілет ретінде зерттеу;

  • шығармашылық тұлға лардың ерекшеліктерін зерттеу

Ойлауды қиял мен ойлаудыдың бірігуінде пайда болады.

Ойлауды процесі екі негізгі тәсілмен жүзеге асырылады:

1) ұғымдарды қалыптастыру және меңгеру;

2) мәселелерді шешу.

Ұғымдарды қалыптастыру – бұл жай «ұқсас» нәрсені «ұқсас емес» нәрседен айыра білу. Ұғымдарды меңгеру – нәтижесінде субъекттің ұғымдардың әрқайсысына тән белгілерін танып үйрену процесі.

Мәселелерді шешу айтарлықтай дәрежеде ұзақмерзімді есте сақталатын меңгерілген ұғымдарға сүйенеді.

Мәселені шешу барысында әдетте 4 негізгі сатыны бөліп көрсетеді:

І – «түсініксіз нәрсені ұғыну», яғни сұрақ, мәселе, міндеттерді көріп, қалыптастыру. Сұрақтардың қойылуы «бастапқы түсініктің ғана болу» жағдайы, – ой жұмысының индикаторы жоқ.

ІІ – шешім нұсқаларының тым көп болуы. Субъект тәжірибесі нұсқалардың ықтималдығын бағалауды белгілейді;

ІІІ – болжамдардың ұсынылуы мен тым көп болуы. Болжамдардың тексерілуі мен біреуінің таңдалуы (әуел бастан бірнеше болған жағдайда). Болжамдардың тексерілуі кейде жеке сатыға бөлініп шығарылады;

ІV – мәселенің шешілуі, яғни сұраққа жауап берілуі, берілген сұрақ бойынша тұжырым жасау.

Ойлауды процесінің аталған сатылары шығармашылық ойлауды процесінің сатыларымен өте ұқсас:

1) дайындалу;

2) пісіп жетілу;

3) шабыттану;

4) шынайылығын тексеру.

Ойлауды операциялары. Ойлауды процесі келесі операциялардың көмегімен жүзеге асырылады:

* салыстыру –ұқсастық пен айырмашылық қатынастарын белгілеу;

* талдау – бейнелеу объектінің тұтас құрылымын оймен құрамдас элементтерге бөлу;

* синтез – элементтерді тұтас құрылымға біріктіру;

* абстракция және жалпылау – жалпы белгілерді бөліп көрсету;

* нақтылау мен дифференциялау – ұғынылатын объектінің жеке ерекшеліктерінің мәнділігіне қайта оралу.

С.Л.Рубинштейннің пікірі бойынша, аталған барлық операциялар ойлаудыдың негізгі операциясы – жанамалаудың, яғни неғұрлым елеулі байланыстар мен қатынастарды ашудың түрлі жақтары болып табылады.

Ойлаудыдың басты белгісі оның тап сол объективті болмысты жанамалап, яғни құралдардың көмегімен бейнелеуінен тұрады. қамтылады. Ойлауды құралдары ретінде алдыңғы ойлауды процесінде пайда болып, сөз арқылы бекітілген қайсыбір жалпыланған түсінік түріндегі ұғымдарды атауға болады. Ұғым мазмұны сөзбен бекітіледі, ал сөзді көріп немесе естігеннен кейін, біз бұл сөздің астарында болмыста не жатқандығын елестете аламыз. Демек, ұғым-сөздердің арқасында біз ойлай аламыз. Әйтсе де, кейде тілдің жақсы дамында ойлауды қабілетінің болуы жөнінде илюзия қалыптасып жатады. Бірақ бұл әркезде олай бола бермейді.

Ұғымның ойлауды құралы ретінде екі жағы болады. Сыртқы жағы сөздіктерде бекітіліп, көпшілікпен қабылданған мағынамен беріледі. Ішкі жағы жағдайлық болып табылатын, әрі адамның қажеттіліктеріне байланысты болатын мәнімен беріледі

Ойлаудыдың көмегімен тікелей түсініксіз болып табылатын болмысты қамтуға болады.

Логикалық ойлауды қабілетін дамыту» дегеніміз:

  • барлық логикалық ойлауды операцияларын (таңдау, жинақтау, салыстыру, жалпылау, саралау) арнайы жүйелі түрде қалыптастыру:

  • Ойлауды белсенділігін, өз беттілігін дамыту.

1 Логикалық ойлауды операциялары:

- талдау,

- жинақтау,

- салыстыру,

- жалпылау,

- саралау.

2 Ойлауды белсенділігін, өз беттілігін дамыту:

- Әртүрлі болжам, пікір айта білу,

- Мәселені шешудің бірнеше тәсілдерін ұсыну.

3 Трансформация әрекетін жетілдіру

- заттарды бөліктері арқылы құрастыру,

  • объектілер топтарының арасындағы қатынастарды анықтай білу.

Таным теориясы - гносеология - философиялық пән. Ол дуние­ танудың жалпы заңдылықтарын зерттейдi. Адамзат тарихының даму­ында қалыптаск:ан "болмыс", "материя", "сана", "сан", "тартылыс" тәрiздес басқа да ұғымы кең дәрежеде қарастырылады. Осындай та­ным теориясы мен философиялық принциптерге негiзделетiн ойлауды урдiсi өзара байланысты және бiр-бiрiн толықтырып отыратын жеке ғылыми пәндер - формалдық. логика мен психология арқылы да зерттеледi.

Логика ғылымы ойлаудыдың формаларын, ұғымдар мен пiкiрлердi, ой қорытындыларын және ойлауды заңдарын зерттейдi.

Ұғым- болмыстағы нәрселер мен құбылыстардың жалпы, мәндi және өзiндiк белгi-қасиеттерiн бейнелейтiн ойлауды формасы. Мысалы, "адам" деген ұғымның мәні оның өндiрiс құралын жасап шыгаратын қабiлетi бар, дыбысты тiл арқылы сөйлесетiн ақыл иесi екендiгiн бiлдiредi. Ал "емтихан" деген ұғымның мәнici ­ оқушылардың студенттердiң бiлiм деңгейiн анықтап, олардың дәрежесiн тиiстi белгiлермен анықтайтын оқу урдici. ұғымдардың мазмұны пiкiрлер арқылы ашылдыы. ұғымдa нәpce мен оның қасиет­белгiлерi арасындағы байланыстар ашық көрсетiледi. Пiкiрлер eкi турлi тәсiлмен құралады:

а) Тiкелей қабылдау арқылы құралатын пiкiрлер. Мысалы, мына бала сабaқты нашар даярлады жанама жолмен не ой қoрытындысы, ой талқысы арқылы жасалатын пiкiрлер.

б) Жанама жолмен қабылдау арқылы құралатын пікірлер не ой қорытындысы, ой талқысы арқылы жасалатын пікірлер. Логика ғылымында пікірлер бұдан басқа да негіздерге сүйене отырып, түрлі-түрлі болып бөлінеді.

Ой қорытындылары бойынша алғышарттар негізінде ұғымдар мен пікірлердің байланысысынан жаңа пікірлер аламыз не ой қорытындысын сөз арқылы шғарамыз.

Дедукция- латын сөзі, қазақша мағынасы – шығару. Ой қорытынсының бұл түрі бойынша ой жүйесі жалпы жағдайдан жеке, дара жағдайға қарай өрбиді. Индукциялық ой қорытындысы – ой қорытынсының жекеден жалпыға қарай дамып отырған түрі. Ой қорытысының үшінші түрі – тратукция деп аталады. Оған аналогия арқылы жасалатын ой қорытындылары жатады. Бұл - дара жағдайдан жекеге қарай өрбіп отыратын ой қорытындысы. Дедукциялық ой қорытындысының кең тараған түрі –силлогизм. Формальдық логикада зерттелетін мәселелер – дұрыс ойлаудыдың формалары мен заңдарды қолдана отырып, нәрселер мен құбылыстардың ақиқаттығы мен шындығын танып білуді мақсат етеді.

Ойлауды әрекетінің ерекше мәнді тағы бір жағы. Ол-ойлауды процессінің өзі. Психология ғылымы әрбір дара адамда осы ойлауды процессінің қалайша дамып, өрістеп отыратынын зерттейді. Оқыту процессінде ойлаудыдың дамуы, білімдерді ойлауды әрекеттері арқылы меңгеру, ойын, оқу, еңбек процесстерінде ойлаудыды дамыту мәселелері – психология,ылымы қарастыратын жайттар. Әрбір жеке адамда ойлауды процессі қалайша пайда болып, дамып жетіледі деген мәселенің мән-жайы психологи яда осы бағытта қарастырылады. Ал логика ойлаудыды таным процессі деп санап, шындықты, ақиқатты әр түрлі әдістер арқылы танып, білуге болатындығын анықтауды көздейді.

Ойлауды дербес процесс. Ойлаудыды психологиялық тұрғыдан зерттеу дегеніміз – оның ішкі, танымдық құпия мәнін және жемісті болуының себебін ашып көрсету, яғни психология детерменизм принципіне сүйене отырып ойлаудыдың мәнін зерттейді, әрбір адамның өзіндік оәлау ерекшеліктерін дамытып отыруға баса мән береді.

Ойлауды процесс інде талдау мен біріктіру әрекеттері болады. Талдау дегеніміз – ой арқылы әрбір оьекті мен болмыстың ерекшеліктерін, қасиеттерін, белгілерін ашып көрсету тәсілі. Талдау нәтижесінде ақындалған белгілер мен қасиеттер біріктіру деп аталады. Талдаудың физиологиялық негізі - мидың жоғары бөлігіндегі қозу мен тежеудің өзара байланысы. Ал біріктірудің физиологиялық негізі – мидың жүйке жүйесіндегі уақытша байланыстардың түйсініп қосылуы. Олардың өзара байланысы мен айырмашылығы салыстыру арқылы танылады және сол тәсілден анық көрінеді.

Салыстыру тәсілі жалпылау әрекетіне қарай ойысады. Мұнда заттардың жалпылық және мәнді белгілері ашып көрсетіледі. Ойлауды әрекетінде абстракциялау, нақтылау, жүйелеу тәсілдері де жиі қолданылады. Ондай тәсілдер белгілі мәселелердің түйінін шешуде адамның психологиялық толғаныстарының түр сипатын бейнелейді.

Ойлауды әрекетіндегі әр қилы тәсілдер мен амалдардың бәрі де жеке адамның ниет-тілегіне, мұқтаждығы мен қажеттілігіне тәуелді болып отырады. Ойлаудыдың кез келген әрекетінің туындауы белігілі бір ынта-ниетке байланысты.

Психологияда ойлаудыдағы ниеттің пайда болуы себебінің мынандай екі түрі бар:

1. Арнайы танымдық ойлауды. Бұл белгілі тілек мақсатқа сәйкес пайда болады.

2. Арнаусыз ой. Ойлаудыдың бұл түрі сыртқы жағдайдың әсеріне орай туады.

Адам белігілі бір мәселенің түйінін шешу ьарысында түрлі амал – тәсілдерді қолданып, алға қоойған мақсат – міндеттерді орындап шығу үшін ойланып – толғанады. Ойлаудыдың бұл түрі міндет – мақсатқа сәйкес жүзеге асады.

Оқушылардың ақыл – ой белсенділігінін өрістету олардың тұлға ретінде жетілуінің маңызды бұлағы болып табылады. Оқушылардың ақыл – ой әрекетін жетілдіруде логика - әдістемелік білімдердің орны ерекше. Сондықтан оқушыларды ғылыми таным әдістері, логикалық ойлауды операциялары және тәсілдерімен таныстырудың жолдарын анықтауды қажет етеді. Бұл мәселелердің маңыздылығы мен оны шешудің қажеттігіне Д.В.Вилькеев, П.Я.гальперин, П.И.Пидкасистый т.б. ерекше мән берді. Алайда бұл мәселе дидактьикада ерекше талданып, тиісті шешеімін таба қойған жоқ. В.А.крутецкий оқушылардың ойлауды қабілетін дамыту екі категорияға байланысты болатыны атап көрсетті: жинақталған білімдер қоры және білім алуға қажетті ойлауды операцияларын меңгеру. Ойлауды операцияларына жататындар: анализ және синтез, индукция және дедукция тб.Оқушылардың ақыл – ой дамуының негізін олардың меңгеретін ғылыми білімдерінің жүйесі қалайды. Оқушылардың санасында белгілі бір білім қоры болмайтын болса, онда олар олай болмайды. Мәселен, оқушылар үшбұрыштың биссектрисасы ұғымын тгеруі үшін, олар үшбұрыш және биссектриса ұғымдарын алдын ала білуі тиіс. Бірақ жеткілікті білім қоры болғанымен оқушы жасампаздықпен ойлай алмайтын жағдайларижиі кездеседі. Егер оқушы мәселені өз бетінше шешуге үйренбесе, тек қана белгілі бір үлгілер бойынша жұмыс істеуге ғана дағдыланған болса, жаңа жағдайлардың тууына байланысты олар алған білімдерін қолдануда дәрменсіздік танытып жатады. Мектеп тәжірибесінде оқушылар теореманы кітаптағы немесе оқытушының көрсеткен үлгісі бойынша еркін дәлелдеп береді де, егер сызбадағы әріптерді басқа әріптермен ауыстырып қоятын болса, не болмаса сызбаны басқаша орналастырған жағдайда теореманы дәлеледей алмай қалады. Бұл оқушылардың үлгілер арқылы жұмыс істеуге дағдыланып, ойлаудыдың жалпы логикалық құрылымын түсінбеуінің нәтижесі болса керек. Сондай – ақ, мектептегі оқушылардың білімділігін оқу пәнінің ұғымдарын, анықтамаларын, теоремалардың тұжырымдамаларын, формулалар, ережелер т.б. мазмұны мен көлемінің игерілу дәрежесіне қарай бағалайды да, ал қандай ақыл – ой әрекеттері арқылы нәтижелерге жететіні есекрілмейді.Совет психологтары мектеп оқушыларында математикалық, грамматикалық, географиялық және басқа ұғымдардың қалыптасу процесертін егжей тегжелі зерттеді. Тиісті білімді қалыптастыру үшін ақыл – ой қызметінің әдістері және осы әдістерді үйретудің тәсілдері анықталды. Сондай – ақ оқыту процесінде білімдердің қалыптасуының негізгі кезеңдері де анықталды. Балаға ақыл – ой тәрбиесін беруде ертеден келе жатқан қазақ халқының ауыз - әдебиеті, мақал – мәтелдер, жаңылтпаштар, шешендік сөздер, нақыл - өсиеттер, жұмбақтар болып табылады. Осылардың барлығы баланы тапқырлыққа, шешендікке, өнерге, ойлаудыға, қиялдауға, ойын, тілін дамытуға, тілін жаттықтыруға үйрететін этнопедагогикалық туындылар.Ойлауды теориясы нақтырақ тоқталсақ: ойлауды процессінің мағанасын түсіндіретін теорияларды 2 үлкен топқа бөлуге болады.

Бірінші топқа адамның интеллектуалды қабілетінің туа біткеннен пайда болатынын, өмір жолында өзгермейтіндігін жатқызамыз.

Екінші топқа адамның ес қабілеті негізінен өмір бойында дамуы, жетілуі жатады.Баланың ойлаудыы мен сөйлеу әрекетінде оның дұрыс қалыптаспаған себептері әртүрлі, баланың сөйлеуі мен ойлаудыын нәтижелі тәрбиелеу үшін оны білу маңызды. Жиі кездесетін себептердің алғашқысы – олардың сыртқы құбылыстарды тез қабылдауы. Ол біріншіден, қиын әрі қызық емес, жүйке-бұлшықет жүйесіне және көру мен есту аппаратарына ұзақ упқыт күш түсіретін бірсарынды жұмысты орындағанда туады. Әсерлердің, күшті эмоциялық толғаныстардың тым көп болуы, тынығудың жеткіліксіздігі ми қыртысының нерв қызметінің күшті тежелуін туғызады. Жүйке жасушалары сезімталдығынан айырылып, жаңа реакцияларға жауап беруін тоқтатады. Егер мұндай шаршаудың басталу жиілігі мен күші артса, әдеттегі демалғанға басылмайды, мұның өзі қажудың басталғанын көрсетеді. Ойы бөлініп, сөздерді байланыстыра алмайды.

Екіншіден, ата-аналар тарапынан балалардың күн тәртібіне жеткілікті мән берілмейді. Олар баларына көп уақыт теледидар көруге, қабылдап-түсінуге ауыр хабарларды көруге рұқсат береді. Нәтижесінде баланың ұйқысы қанбай, оқу процесінде материалды қабылдауға және онымен жұмыс істеуге, әрине зейінін шоғырландыра алмайды. Осыдан сөйлеу мәнері, сөздік қоры төмендейді, ойы шашаыраңқы болады.

Осында баланың тыныс алу жолында аденоидтердің /өскін/ шығуы болуы мүмкін. Бұл өскіндер мұрынмен тыныс алуға кедергі жасайды, осыдан барып миды қанмен қамтамасыз ету жүйесіндегі оттегі азаяды және оның қалыпты жұмыс істеуі бұзылады. Олар аузымен тыныс алады, көздерінің оты келіп, көмескіленеді. Балалар сыныпта отырғанымен өздерінің құрдастары істеп жатқан жұмысқа іс жүзінде қатыспайды. Бұл ауруды емдетпеген жағдайда аденоидтылық баланың үнемі ұйқышыл болуына және алаңдығыш болуына, ақыл-ойының төмендеуіне себеп болады.

Үшінші себеп – оқу материалының ақыл-ойды дамытуға бағытталмауы. Оқушының ақыл-ой белсенділігі практикалық әрекеттерден қолдау табатын сөйлеу әрекетінің негізі болып табылады. Егер оқу процесінде белсенді ойлануды талап ететін тапсырмалар болмаса мұғалім оқушыларға қаншалықты зейінді болуын қадағаласа да оқушылар өз тұрақтандыра алмайды.

Төртінші себебі – балаға дұрыс тәрбие бере алмау нәтижесінен тууы да мүмкін. Ата-аналар балаларға көп кітапшалар мен ойыншықтарды шектен тыс көп сатып әперіп, ерте жасынан театр, музей, көрмеге жиі апаратын болса бала үнемі жаңа бір әсер ауысуына дағдыланып қалады. Олардың әрқайсысы жайлы ойланбай жатып үлкендер күн аралатып жаңа тітіркендіруші құбылыс немесе объектіні көрсете берсе, бала қоршаған ортамен шала таныс болады. Оның зейіні де құмбылмалы бола да нәтижесінде әрбір жаңа әсерге алаңдауға дағды қалыптасады.

Бесінші себеп – бала ойының бөлінгіштігі. Мысалы, оқу процесі кезінде кеше көрген киноның әсерімен, сол фильм туралы ойлап отырады. Бұл фактілер селсоқ, темпераменті флегматик типтес оқушыларда жиі кездеседі. Ондай оқушы кездейсоқ қойылған сұраққа біліп тұрса да бірден жауап қайтармайды, ол жаңа материалдың мазмұнын ауыстару үшін үзіліс қажет.

Ойлауды адамның өмір тәжірибесі мен практикалық іс-әрекеттері нәтижесінде пайда болып, тікелей сезім процессінің шеңберінен әлдеқайда асып түседі. Адамның ойы тілмен, анық сөйлеумен тығыз байланысты және ойлауды тілдік материал арқылы өзінің шындығы мен ақиқаттығын бейнелей алады.

Адамның ойы әрқашанда сөз арқылы білдіріледі. Ой – сыртқы дүниені бейнелеудің ең жоғары формасы, сөз – ойды басқа адамдарға жеткізетін құрал. Ойдың сөз арқылы бейнеленуі арқасында адам өзінен бұрынғы жинаған тәжірибе мен білімді сақтап қала алады, ойды өмірді одан әрі жақсарту мақсаттарына пайдаланады.

Адамның ойлауды әрекеті тікелей сезімдік таным процесстерімен ғана емес тілмен де, сөйлеумен де тығыз байланысты. Сөйлеу, дыбысты тіл нәтижесінде нәрселер мен құбылыстардың мәнді, тұрақты белгілерін ой арқылы бейнелей алады. Мұнда тіл-адам ойының заттық қабыршағы болып табылады. Адам ойы әрбір нәрсенің сипаты мен қасиеттерін сөз арқылы ажыратып көрсете алады. Осыдан заттар мен құбылыстарды әртарапты танып білуге мүмкіндік туады.

Оқушыны жеткілікті білім қорымен қаруландыру және өз бетінше ойлаудыға үйрету мәселесі, егер оқушының білім алуға ынта – жігері, құмарлығы, қызығушылығы, білімдерді меңгеру әдістерін білуге құлқы болмаған жағдайда түпкілікті шешілуі мүмкін еместігі оның ақыл – ой белсенділігін төмендетеді. В.Ф.Паламарчук оқушылардың ойлауды қабілетін дамыту арқылы ақыл – ой белсенділігін арттыру оқытудың үш құрамды бөліктерін ескерту қажет деп есептейді: мазмұндық, амалдық /опреациялық/, мотивациялық.

Тапсырманы шешу кезінде бір тапсырманы жан-жақты қарастыру маңызды. Шешімін әр түрлі әдістермен табады. Тапсырманың шешімін әр түрін әдістермен шешкенде тапсырманың дұрыстығына көзіңіз жетеді. Тапсырмадағы қарастырылатын шама арасындағы тәуелділікті терең ашуға ашуға мүмкіндік береді: Кейбір тапсырмаларды әр түрлі әдістерімен (ашу) шешу әр түрлі қасиет әрекеттері немесе олардың шығатын ережелерге негізделген.

Оқытудың мазмұндық құрамдас бөліктеріне оқушылардың білуіне тиісті ұғымдар жүйесі, ережелер, заңдылықтар т.б. жатады. Оқытудың мазмұндық бөлігі оқу бағдарламалары мен оқулықтарда баяндалады. Оқытудың амалдық құрамдас бөліктеріне ақыл – ой қызметінің тәсілдерін меңгеру жатқызылады.

Білім – білімділіктің негізін құрайды. Білімдерді игерудің тәсілдерін қаншалықты тиянақты меңгеру жүзеге асырылса, білім негіздері соншалықты берік қалыптасады, оқушы білімінің және ол білімдерді алу жолдарының қажеттілігін саналы түсінетін болса, олардың ақыл – ойы соншалықты дамиды, дүниетанымы орнығады.

Педагогикалық зерттеулер оқушылардың білімдеі меңгеруде оқушылардың ақыл – ой дамуы мәселесіне ерекше мән берді. С.И.Якминская білімдерді қандай жолмен, қандай тәсілдермен алуға болатыны туралы білімдер мен оқушылардың ақыл – ой қызметін ұйымдастыру мәселесі оқытудың формальды әсерін қамтамасыз ететін логикалық білімдер қатарына талдау, салыстыру, жалпылау, классификациялау, ұғымға келтіру ережелерін орындау туралы білімдерді жатқызуға болады деп есептеді.

Оқу материалдарының ерекшеліктері тиісті білімдерді құру үшін қажетті заттың, перцептивалық және ақыл – ой әрекетінің әдістерін анықтайды. Демек, дұрыс білім мен ұғымдар қалыптастыру үшін мектеп оқушыларын ақыл – ой әрекетінің өз әдістеріне арнайы үйрету керек; осы әдістер арқылы оқылатын заттар мен құбылыстардың мәнді белгілерін байқауға, бөлуге, біріктіруге қол жеткізеді.

Арнайы ғылыми психологиялық зерттеуді ақыл – ой белсенділігі өзекті мәселе болып табылады. Тек ойлаудыды зерттеу арқылы ғана ойды адам өзіне бағыттай отырып өзіндік заңдылықты түсінуге әкеледі.

Оқушылардың білімдерді саналы меңгеруінің басты белгілерінің бірі олардың білгендерін айтып бере алуы мен әңгімелей білуі болып табылады. Сондықтан білгенін әңгімелеп бере алу – оқушы білімінің бір тұтастығының, ғылыми білімінің бірейлігінің, оның жүйелігінің нәтижесі.

Психологиялық – педагогикалық әдебиеттерге талдау оқытудағы ойлауды қызметінің тәсілдері, ғылыми танудың әдіс-амалдары мен логникалық әдістер ұғымдарының мазмұны, көлемі туралы бір мәнді пікірдің қалыптаспағанын көрсетеді. Анализ және синтез, абстракциялау мен жалпылау, салыстыру т.б. ойлауды операциялары немесе ақыл – ой қызметінің тәсілдері түрінде көрініс табатын болса, екінші жағынан олар ғылыми танымының әдістері мен амалдары, логикалық білімдер құрамына да енеді.

Ойлаудыдың негізгі принциптері мен амалдарын пайымдай білу тек логикалық ойлаудыды ғана емес, сондай-ақ басқа да ойлауды дағдыларын дамытып, жетілдіруге көмектеседі.

Ойлауды – құпиясы мол дүниені әр қырынан тануға, мәселені тереңнен түсінуге мүмкіндік беретін аса күрделі жан қуаты. Сөйлеумен тығыз байланысқан ойлауды ми қызметінің нәтижесі. Ойлауды – сұраққа жауап қайтарудан, мәселені шешуден, оның мәнісіне түсіне білуден жақсы байқалады.

Ойлану – түрлі тәсіл, амал-операциялардан тұрады. Олар: анализ (талдау), синтез (жинақтау), жалпылау, нақтылау, абстракциялау, жүйелеу т.б. «Ойлауды», «ой», «ойлану» ұғымдары - әрқайсымыз күнде айтатын «ақыл» деген сөздің синонимі. Ақыл – ойлауды процесіндегі ұғымдылық пен тапқырлыққа байланысты қасиет. Ойлану үшін білім керек. Бірақ білім бардың бәрі бірдей ақылды боп келе бермейді. Ақылдылық білімді тәжірибе жүзінде дұрыс пайдалана, қорыта білумен байланысты.

Қазақ халық ұғымында ақылдылық – ерен еңбектің жемісі. Ақылды болу үшін көп үйренңп, көп оқып, оны миға тоқып, көп білу қажет. Білім мен ақыл – егіз, ақылдылық қымбат қасиет, оны ерекше қадіртұтқан абзал. Ақылдың жақсы қасиетінің бірі – оның ұшқырлығы. Бұл мәселені тез шеше алу, ойға сергектік, белсенділік. Мұндайлар орынсыз асып-саспайды, ылғи да жағдаймен санасады, үнемі жаңаны аңғаруға, заттың әр қырынан көруге дайын тұрады.

Адамдар өз ұрпағын бесікке салғаннан бастап, оның ақыл-ойын ойдағыдай қалыптастырып, ойлауды-сөйлеу жүйесін дамыту жолында өзіндік әдіс-тәсілдерді (ертегі, аңыз, жұмбақ, айтыс, терме т.б.) шебер пайдаланып отырған. Халық осы мақсатқа орай мақал-мәтелдерді де, кісіні ойлантып, толғантатын даналық сөздермен уағыздарды, жаңылтпаш, санамақтарды, шашешендік толғаныстарды ұтымды пайдаланған.

Қазіргі психологияда ойлауды мен сөйлеу кең аспектілік феномен және процесс ретінде оны анықтау психологияға қойылатын міндет болып табылатын белгі. Шындық өмірде «ойлауды» тек міндеттерді шешу ғана емес, болу және белгілеу болып табылады. Ойлаудыдың жетістігі: әр кезеңде түрлі дамудың келуі оны оқу іс-әрекетінде қарастыру, тану, түсіну арқылы ой қортындысына келетінімен ерекшеленеді.

Соңғы жетістіктерді пайдалана отырып, қортындылай мазмұнын ашуға тырыстық. Ойлауды – күрделі психологиялық құрылым, ол ерекше компоненттер ретінде адамның, біріншіден, өзінің теңдестігін ұғынуды, екіншіден, белсенді, іс-әрекетшіл негіз ретінде өз «менін» ұғынуды, үшіншіден, өзінің психикалық қасиеттері мен сапаларын ұғынуды, төртіншіден, өзін-өзі әлеуметтік-адамгершілікк бағалаулардың белгілі бір жүйесін қамтиды. Ойлауды мен сөйлеудің өзара байланысы адамдарды нақты іс-әрекетке ниеттендіреді, оның нәтижесін болжау арқылы ой қорытындылайды.

Дұрыс ойлану және дұрыс қимыл дасау. Баяғыдан белгілі логикаға қарағанда адамдар эмоциалық іс-әрекетті көп жасайды. Осыған байланысты олар көптеген қателіктер жібереді. Көп жағдайда дұрыс шешім қабылдау үшін міндетті түрде кең болмаса да кішкене болсада ойлауды керек. Ал сөйлеу сол ойлаудыдың қорытындысы.

Ойлауды заттар мен құбылыстарды қабылдау немесе іс-әрекет түрлері арқылы жүзеге асырылды. Ол заттық, бейнелік, сөздік және символдық формада болуы мүмкін. Ойлауды формаларының қайсысы болсын белгілі бір деректерді беру үшін қызмет ететін бір тіл болып табылады.

Адамның оқу іс-әрекетіндегі ойлаудыдың қалыптасуын зерттеуде өзіндік саналық байқалуына да көңіл бөлінеді. Өзіндік бағалау арқылы өзінің мүмкіндіктерін, ойының ұшқырлығын, оның мәнділігін, жеке тұлға болып қалыптасудағы орнын білдіреді. Өзіндік баға субъектінің оқу әрекетінің деңгейін көтеруге, оқушының сөйлеу тілінің қалыптасуына мән береді.

Балалардың білімдерді саналы меңгеруінің басты белгілерінің бірі олардың материалды ұғынуы арықылы ой қорытындылауы, білгендерін айтып бере алуы мен әңгімелей білуі болып табылады. Сондықтан білгенін әңгімелеп бере алу – оқушы білімінің бір тұтастығының, ғылыми білімінің бірейлігінің, оның жүйелігінің нәтижесі. Жұмыс қорытындысында ескеретін жайт – баланың шығармашылық ойын жетілдіру олардың жеке басының, психологиялық сапаларының қалыптасып жатқанын білдіреді. Ол үшін алдымен жалпы оқытып – тәрбиелеу жұмысының жоғары мәдениеттілігі қажет. Оның құрамына мектепке дейінгі баланың танымдық қызығушылығының дамуы, оқытуда белсенді әдістердің қолданылуы, жауапкершілік сезімінің қалыптасуы, сабаққа саналы қатынасы, білімнің қажеттілігін түсіну, білім алуының еркін тәрбиелеу және еңбекті жүйелі жоспарлауға дағдылану жатады. Мұның барлығы бала бақшаның алдында тұрған міндеттерді шешумен тығыз байланысты – балаларға тек білім беріп қана қоймай, оларды оқуға, жұмыс істеуге үйрету қажет.

Ойлаудыды дамытудың жоғарғы кезеңдерінде – оның логикалық формаларында – ақыл-ой әрекеттері іштей сөйлеу тұрғысынан жүзеге асырылады, түрлі таңбалар жүйелері пайдаланылады. Алайда, мектеп жасына дейінгі баланың ойлаудыы таңбадан гөрі, бір жағдайларда нақтылы заттарды бейнелеп, басқа жағдайларды біршама жалпылама және схемалы боатын бейнелердің көбірек пайдаланады. Мұның өзінде бала мәселе шешуді зат немесе оның баламаларымен жүргізілетін бірсыпыра өрісті әрекет де түсінеді.

Математика сабағында оқушылардың логикалық ойлауды қабілетін дамыту оқу материалының мазмұны арқылы, оқушылардың оқу іс-әрекетін ұйымдастыру құралы мен тәсілдері арқылы жүзеге асырылады.

Мектеп практикасында математикалық есептермен жұмыс істеу процессінде негізінен оны шешу жолдары көзделеді, шешуді іздестіру оқушылардың тиісті есеп шығару іскерліктерін қалыптастыру мәселесіне жеткіліксіз көңіл бөлінеді.

Есептің шығарылу жолдарын жан - жақты талдау, оны басқа есептер шығаруға қолдану жақтары да аз қарастырылады.

Оқушы белгілі бір есепті шығару нәтижесінде алынған жаңа Сондықтан белгілі бір есепті қарастыру мақсаты аяғына дейін жеткізілмейді. Яғни фактілер пайдалануда шығарылған есеп оқушылардың білімдері мен іскерліктерінің арасындағы байланысты жеткілікті мөлшерде анықтай алмайды. Мұндай жағдайда есеп шығару процессінде оқушылардың логикалық ойлауды қабілетін дамыту жөнінде айту қиынырақ болады.

Бұл мақсатты мазмұнды есептер шығару кезінде жүзеге асыру мүмкіндірі бар.

1 - 4 сынып оқушыларының логикалық ойлауды қабілетін дамытуда мазмүнды есептермен жұмыс істеудің жалпы тәсілдерін үйрету негізгі орын алады.

Мектеп практикасында мазмұнды есептерді практикалық, графиктік, арифметикалық және алгебралық тәсілдермен шығарады. Негізінен кеңінен қолданылатын –арифметекалық және алгебралық тәсілдерге көп назар аударылады.

Баланың ойлауды қабілеті оның қиялын, сөйлеу мәнерінің дамып, есте сақта мүмікндігін арттырады. Ол үшін мұғалім сабақтарда тек жалаң түсіндіруден гөрі ертегі кейіпкерлерінің сөһздерін іс-қиымлдарын ойланып, мәтітіне келтірі қайталауға машықтау.

Оқушыларда мағыналы ойлаудыын тудыру әрекеті контексте жаңа элемент ендіру және өзгерту әдісі қолданылады. Мәтінің мазмұнын жаңғырту әрекеті: мәтінді: оқушы позициясында, ситуативті элементерін тауып, оларды контексте мағаналы сөз формаларын немесе сөз қосындыларын ендіру арқылы жою. Мұғалім ертегіні бастайды, оқушы оны жалғастырады. Мағыналы мазмұнды ойлауды арқылы тудыру әрекеті, мәтінің мазмұнын түсініп, кері байланыста қайта қабылдауы арқылы сөз арқылы қайталау.

Ойлауды мен ауызекі және жазбаша тілдің арасындағы айырмашылық келесі төрт параметрлерде көрініп тұрады – ситуативтілік, лексикалық жан-жақтылық, ақиқаттың сапалы белгілерін бейнелеуі, ақиқаттың белсенді жағын бейнелеуі. Сондықтан, оқушылардың ауызекі және жазбаша тілдерін салыстыру осы параметрлермен жүріп жатады. Берілген параметрлердің мазмұндарын қысқаша түсінік берейік.

Ситуативті – жеткізілетін ойдың бөлек элементтері қарым-қатынасқа түсетін адамдарға белгілі болғандықтан, айтыла бермеуімен көрінетін ауызекі тілдің ерекше сапасы. Ситуативті статусына тілдің сол қарым-қатынасқа түсу жағдайымен анықталатын мағынасын және паралингвистикалық әдістермен нақтыланатын тіл элементтері де ие болды: ымдаумен, қол былғалаумен, дауыс ырғағымен т.б.

Мазмұнды есептерді шығарудың арифметикалық және алгебралық тәсілдері өзара байланысты, өйткені мазмұнды есептерді алгебралық тәсілмен шығару арифметикалық тәсілге негізделген. Бұл мазмұнды есеппен жұмыс істелудің жалпы тәсілдерін қалыптастыру есепті шығарудың арифметикалық тәсілінен алгебралық тәсіліне көшу арқылы жүргізіледі деген сөз.

Логикалық есептерді шығара білу оқушылардың іс - әрекетінің тәсілдер жүйесін меңгертуден тұрады және бірнеше кезеңде қалыптасады:

Есептің мазмұнымен таныстыру, есептерді логикалық тәсілмен шығару іскерліктерін қалыптастыру.

2. Құрама мазмұнды есептермен таныстыру және құрама мазмұнды есеп терді арифметикалық тәсілмен шығару іскерліктерін қалыптастыру.

3. Жай мазмұнды есептерді алгебралық тәсілмен шығағу іскерліктерін алыптастыру.

4. Құрама мазмұнды есептерді алгебралық тәсілмен шығару іскерліктерін қалыптастыру.

Әрбір келесі кезең басталғанда алдыңғы кезең аяқталмайды, өйткені есептердің жаңа түрі пайда болады. Есепті құраушылардың арасындағы байланыстар ұлғая түседі, ол байланыстардың сипаты күрделене түседі, логикалық есептерді шешудің сандық аясы кеңиді. Есеппен жұмыс істеу үшін қалыптастырылған тәсілдер өздерінің мазмұнын жаңартады, жаңа жағдайда қолданылады, жаңа тәсілдер тудыра отырып, бір - бірімен сабақтасады.

Математикалық мазмұнды есептер шығару кезінде оқушылардың логикалық ойлауды қабілетін дамыту мақсатында есептерді талдаудың жалпы тәсілдерін қалыптастыру жұмыстарын жұргізу орынды Ол үшін есепті талдаудың мынадай кезеңдерімен таныстырған жөн:

1. Есептің мәнін оқып талдау.

Бұл кезеңнің мақсаты – есепте баяндалған жағдаймен танысу және оны терең ұғыну, оның нысанды жақтары мен объектілер арасындағы байланыстарды анықтау.

2. Есептің мәтінін математикалық тілге көшіру. Бұл кезеңде есептің объектілері үшін шартты белгілер алынып, олардың арасындағы байланыстарға математикалық, рафикалық нтерпретация беру – шешу моделін құру.

3. Модельмен жұмыс істеу.

Егер есеп жай болса құрылған модельмен есепті шығаруға болады, онда үшінші кезеңнің қажеттілігі болмайды. Логикалық есептерді шығарғанда оны ары қарай талдау керек болады. Талдау барысында қүрылған модеьл талданады және жетпейтін немесе артық элементтер анықталады, модель жетілдіріледі немесе қайта құрылады да осылардың нәтижесінде есепті шығару жоспары жасалады.

Мектептің сынып оқушылары мазмұнды есепті талдау іскерлігін жеткілікті меңгеру үшін мынадай жалпы тәсілдерді ұсынуға болады:

1) Есептегі нақты мысалдарды ( заттарды ) оның моделін ауыстыру.

2) Есептің объектілерінің арасындағы байланыстарды таңбалар арқылы бейнелеу.

3) Дайын графиктік модель бойынша есеп объектілерінің арасындағы байланыстарды түсіндіру.

4) Графиктік модель бойынша есепті құру.

Бастауыш сынып оқушыларының логикалық есептерді талдай білу іскерліктерін меңгеруі олар келесі сыныптарда бұл іскерліктерді мазмұнды есептерді алгебралық тәсілдермен шешкенде мүмкіндік береді.

Бастауыш сыныптарда математика есептерін шығару кезінде оқушылардың есептерді талдай білу іскерліктерін қалыптастыру оқушылардың логикалық ойлауды қабілетін дамытуға ықпал етеді.

Ақыл-ой әрекеттерін қалыптастыру міндеттерді шешу барысында (онтогенез бен өзекті генездің өзектілігіне қатысты) ойлауды әрекеттерін қалыптастыруды П.Я.Гальперин зерттеген. Ойлауды әрекеттері материалдық әрекеттердің түрлі деңгейдегі тақырыптық психологиялық құрылымдармен (қабылдау, елестету, ұғыну) әрекет жасауға ауысуы арқылы қалыптасады. Мұндай әрекет жасау, алдымен, дыбысталатын сыртқы тілдің, кейін ішкі тілдің құралдары арқылы жүзеге асырылады. Соңғы деңгей – «таза ойлаудыдың», «мінсіз» әрекеттің ең жоғары нысаны.

Операциялардың (әрекет ету нысанасы болып табылатын заттай немесе психологиялық тақырыптық құрылымдар: материалдық заттар, бейнелер, ұғымдар, нышандар, тұжырымдар, құрылымдар) өзгеруі ойлауды сипаттамаларының өзгеруіне әкеледі.

Ойлауды операцияларының қайтарымдылығы ойлауды процесінің аса маңызды сипаттамасы болып табылады. Ойлауды процесс ретінде ақпараттар тілдік нышандардан (көбіне, сөздер) тілдік бейнелерге үздіксіз қайтарымды аударып отыруды білдіреді.

Осы жерде ойды сөзге айналдыру мәселесі пайда болады. Ойлауды процесс ретінде бір нәрсе жөнінде ішкі толғаныс, бұлдыр елес болып табылады. Ойлауды осы процесстің нәтижесі ретінде аталған бұлдыр елестерді енді айқын бейнелей алатын сөз/сөздер болып табылады. Біріншісінен екіншісіне жетем дегенше, ойдың кемуі орын алады: процессуалды түрде пайда болған ой әркезде сөзден көрініс таба бермейді. Сондықтан болар, Ф.И.Тютчев: «Айтылған ой жалған болады», - деп жазған. «Айтылған ой» іштей сезілгенге ешқашан толықтай сәйкес келмейді. Әйтсе де, Л.С.Выготский: «Ой сөзде туылмайды, бірақ сөзде жетіледі», - деп санаған. Сол себепті, ойдың сөзге барабар айналуы үшін, бұл механизмдерді толық танып, сезініп, шыңдау қажет. Ойлардың сөзге дұрыс айналуын тап сол ойлауды нәтижелерін, оның сыртқы жақтарын зерттейтін логика басқарады.

Оқытудың нәтижесін көптеген әдебиеттерде оның үш функциясының (білімділік, тәрбиелік дамытушылық) жетуі тиісті жетістігі ретінде қарастырылу қажеттілігі ескертіледі. Өйткені оқыту - әрі білім, білік және дағдылар игерілетін, тұлғаны қалыптастыратын, әрі дамытатын біртұтас педагогикалық процесс.

Ал пәнді оқытуға қатысты алғанда, мәселен, математиканы бастауыш сыныпта оқытуда мынадай іс - әрекеттер:

- математика тілін меңгеру,

- математикалық түсінікті меңгеру,

- математикалық білік, дағдыларды меңгеру,

- математикалық жалпы интелектуалдық біліктілікті меңгеру

- оқу е ңбегіне қатысты білік пен дағдысын меңгеру, - деп есептеген.

Демек, мұндай интеллектуалдық біліктілік ой –іс әрекеттердің, сондай-ақ ақыл -ой операцияларын (анализ, синтез, аналогия, жалпылау салыстыру, дерексіздендіру, нақтылау) орындау барысында қалыптастырылады.

Оқытудың нәнижесінің толық та, терең де меңгерілуі барлық математикалық іс- әрекеттердің мейлінше кең мазмұнды орындалуына тәуелді.

Мектепте жүргізілген тәжірибелік жұмыстар нәтижені бақылау мынадай екі ұаымға әкеліп тірелетінін көрсетті: оқушының меңгерген білім деңгейін анықтау және бағалау.

Бастауыш сынып математика пәні бойынша тексерілетін білім мазмұнының құрамына мыналар кіреді: пәннің оқу материалы, яғни математикалық ұғымдар, терминдер, заңдылықтар, ережелер, білік пен дағдылар.

Мүмкін болатын нәтижеге жету үш деңгейде оқыту арқылы жүзеге асырылады:

- пәндік-мазмұндық, яғни оқылатын пән мазмұнының түпкі нұсқасының негізгі заңдвлықтарына, осы мазмұнды меңгерудегі сүйенетн әдіс-тәсілдеріне көз жеткізу;

- мазмұндық іс-әрекеттік, яғни оқушының білімді меңгеруінде оның іс-әрекеті мен білім мазмұнының үйлесуі, бір түрден екінші түрге алмасуы, өзгеруін қамтамасыз ету;

- жеке іс-әрекеттік, яғни меңгерген білімнің жеке т ұлғаның ауызша, жазбаша, практикалық жұмыста пайдаланылады. Мысалы: оқушының ереже айтуы және оның қолданылуын түсіндіріп немесе көрсетіп беруі де мүмкін.

Тексеру оқушыны жауапкершілікке де үйретеді. Оқушы өзінің жолдастары мен мұғалімінің алдында еңбегінің қаншалықты мәнді орындалғанын сезінеді. Жиі- жиі өткізіліп отыратын тексеру жұмыстары оқушының өзінің жұмысына (алдыңғы жіберген кемшіліктерді түзету жолында) қандай жауапкершілікпен , ынта мен қарайтынын да анықтайды. Алдында жіберген қандай да бір қатесін, кейінірек қайталамаса, баланың өз ісіне дұрыс қарағанын, жұмыс істеу қабілетінің жоғарылағанын, қатесін жоюға тырысқанын көреміз.

Тексеру кезінде оқушы бұрынғы меңгерген материалдарды қайталап еске түсіріп бұрынғыдан да берігірек меңгеріп, есіне сақтайды және де жаңа білімді меңгеруге септігін тигізеді, өйткені тексеру кезінде өткен матеориалдарды қайталап, еске түсіріп, бәрін біліп тұрған балаға жаңа материалды қабылдау жеңілге түседі.

Тексеру барысында оқушы жауапкершілікке, табандылыққа үйренеді, жіберген қатесін өзі түзеп, жолдастарының алдында өзінің оқуға ынтасы бар екенін, оқуға қабілеті жететіндігін көрсеткісі келеді, демек, жұмыс істеу ынтасы артады, ал бұл меңгеретін білімнің сапалы болуына себепші болады.

Мұғалім өзінің оқушыларын жете білгісі келсе, жиі – жиі тексеріс жұмыстарын жүргізгені дұрыс. Ал тексеру процессінде оқушының ауызша айта алмағанын жазбаша жеткізуі, жазбаша тексеру кезінде шығара алмағанын немесе практикалық іс - әрекеттегі атқарылмағандарын ауызша баяндап, әңгімелеп жеткізіп беруі мүмкін. Әр баланы жан – жақты зерттеп білмейінше ол баламен әрі қарай нәтижелі жұмыс істеу мүмкін емес.

Тексерудің бұрыннан қолданылып келе жатқан түрі - ауызша тексеру бұл оқушы мен мұғалім арасында қарым – қатынасты нығайтып, баланы жан - жақты тексеруге және нәтижесін қолма - қол айқындауға мол мүмкіндік береді . Ауызша тексерудің бірнеше әдіс – тәсілдері бар. Олар:

- әңгіме;

- сұрақ – жауап, әңгімелеу, яғни мұғалім мен оқушы арасында немесе оқушы мен оқушы арасында жүргізілетін «сұрақ - жауап».

Е.И.Перовскийдің ойынша, ауызша тексерудегі оқушылардың берген жауаптарының сапасы мынадай параметрлермен айқындалады:

- жауаптың тексерілетін материалдың мазмұны бойынша дұрыстығы, білімнің беріктілік көрсеткіші ;

- жауаптың толықтылығы ;

- жауаптың саналылығы ;

- жауаптың жүйелі байандалуы ;

- жауап беру барысындағы сөйлемдерінің дұрыс және анық құрылуы.

Г. Н Скобелев ауызша тексеруді былайша ұсынады :

1) «Мұғалім оқушыларға қоятын сұрақтарын алдын – ала дайярлап қояды;

2) Ол сұрақтар ретімен сынып оқушыларына айтылады ;

3) Қойылған сұрақтан соң біразырақ ойлануға уақыт беріліп , жауап беретін оқушыға мүмкіндік жасалады.

4) Қажеттігіне қарай сұрақтың жауабы толықтырылады және жөнделеді».

Ауызша тексеру білімді оқушылардың қаншалықты меңгергенінен мұғалімді хабардар етеді, жіберген ақауларын айқындауға және де әрі қарай жұмыс түрлерін жоспарлауға мүмкіндік береді.

Оқу қызметі, ақыл – ойдың жоғары белсенділігін арттырады. Дұрыс ұйымдастырылған оқу тәрбие процесі баланың тыянақты білім алуға қабілеттілігін арттырып қана қоймай, сонымен қатар бойының өсуіне, баланың дамуына оның денсаулығына да әсер етеді. Оқушының жұмыс істей алу қабілеті аралық көрсеткіш болып табылады. Ол бір жағынан оқу жүктемесінің сандық пен сапалық көрінісі, ал басқа жағынан - психофизиологиялық мәртебе мен ағзаның физиологиялық жүйесінің жағдайларымен байланысты болады. Ақыл – ой қабілетінің дамуы , сондай – ақ баланың бұлшық еттерінің жасына қарай биологиялық даму деңгейі , жеке тұлғасы мен психикалық ерекшелігі , оқушылардың нақты қызметін ағымдағы ерекшелігінің шартты жағдайы болып табылады.

Баланың ақыл – ойының жоғары жұмыс істеу қабілеті – ағзаның функциялық жағдайының қолайлы болуы мен денсаулығының жақсы болуына қызмет етеді. Осы орайда барлық жағдайына қарай балаларды салыстырғанда денсаулығы нашар оқушылардың ақыл – ой еңбегі денсаулығы жақсы оқушылардыкінен төмен сипатта болады. Оқушылардың ой еңбегінің төмендеуі - олардың шаршағандығын байқатады. Шаршау – оқушы қызметінің нашарлап , еңбек ету қабілетінің төмендегенін сипаттайды. Шаршағандық орталық жүйке жүйесінде өзгерістердің болуына байланысты. Шаршаған заңдылық бола тұрумен қатар, ол физиогикалық Қолайлы процесстер. Ол бір жағынан ағзаны өте шаршап кетуден сақтаса, ал екінші жағынан жұмысқа кірісерден бұрын ой қабілетінің жұмыс деңгейін белгілі бір мөлшерде реттеп отырады. Мұндай жағдайлар үнемі жұмыс істеу жүйесінде ағзаның функциялық кеңею мұмкіндігін үнемі толықтырып отыратын көрініс. Олар спорттық жаттықтыру негізінде оқушылардың оқудағы жұмыс істеу қабілетін ынталандырады. Сондықтан оқушыларды мектептен шаршататын жұмыспен айналыстырмай, оқу еңбегінің шаршатпайтын тиімді жолдарын құрастыру қажет. Бұл мәселеде тек қана оқу қызметінің мазмұны Ұйымдастыру формаларымен ғана шектеліп қалмай, олардың белсенділігін арттыруда, демалуына да қатты көңіл бөлген дұрыс.

Дене шынықтырумен шұғылданру ағзаны шынықтыру және онымен жане онымен жаттығу жасау емес, оның қалыпты дамуы аурулардан сақтайды. Бүкіл оқу процесіндр жұмыс істеу қабілетін арттырады

Егер оқушылардың оқу жүктемесі баланың функционалдық жүктемесіне сәйкес келмесе, әсіресе, ауру немесе денсаулығы нашар болса, оқу еңбегі лайықты ұйымдаспаса тұрақты күн тәртібі бойынша дем алмаса, мұндай жағдайларда қорыта айтқанда ағзаның өте шаршағандығы байқалады. Ұйқының бұзылуынан, қабылдауы, сезінуі, еске ұстауы, тез ашулану, себепсіз дау, себепсіз алаңдау т.б. осындай жағдайларда көңіл күйі шарасыздыққа тіреледі. Ой қабілетінің жұмыс істеуі және танымдық белсенділігі тез төмендеп, оқу үлгеріміне әсер етеді.

Демек, оқушының оқу қызметі кезінде ағзаның жұмыс істеу қабілеті заңды түрде өзгереді. Алғашқы кездерде біраз уақыт бойында еңбектің сандық және сапалық көрсеткішінің жақсарғандығы байқалады. Бұл жұмыс істей алу қабілетінің бірінші фазасы-жұмысқа кірісудің қалыптасуы, яғни ағза жұмыс істеуге кіріседі, күйіне келеді. Орталық жүйке жүйесінің белсенділігі артады, алмасу процестер деңгейі өседі. Мұндай жағдай сабақ бойындағы алғашқы 5-7 минут көлемінде байқалады. Яғни жұмыс істей алу қабілеті қалыптасқаннан кейін дамудың екінші фазасы жұмыс істей білу қабілетіне оңтайланады.

Ағзаның барлық жүйесі бір-бірімен байланысып келісімді, жоғарғы тиімділікті қамти отыра, психо-физиологиялық шығындарды азайта жұмыс істейді. Оқушы оқу ақпаратының белгілі көлеміндегі сапасын көбірек меңгереді. Сабақта осы фазаға, еңбекке ынта қою, күш салу, оқушылардың жағдайына, сыныптағы тазалық сақтау жағдайларына да байланысты болады. Кіші жастағы оқушыларға 15-20 минут жеткілікті. Осыдан кейін жұмыс істей алу қабілетінің үшінші фазасы-шаршаудың орның толтыру. Оқушылардың жұмыс істей алу қабілеті жоғары деңгейде болуы - психикалық жүйкесінің еркін эмоциялық мүмкіндіктеріне байланысты болады. Белгілі бір жағдайға байланысты шаршағаны байқалады, бірақ жұмыс істеуі керек және ол қажет. Демек алдын ала дене шынықтыру минутын өткізіп және де олардың іс-әрекетін өзгертіп отыру шарт. Сонымен қатар, қандайда бір балалардың көңіл күйін көтеретін диактикалық (ойын, аукцион ойыны, сақина тастамақ т.б.) тәсілдерді пайдалануға болады.

Жұмыс істей алу қабілетінің төртінші фазасы-шаршағанның орнын толтыра алмайтын фаза. Тіпті мұнда ерік күші де жұмыс істей алудың күрт төмендегенін жеңе алмайды. Ойлану мен оны ой елегінен өткізу ақпараты және жаңа білім алуға деген қабілеті төмендейді. Мұндай жағдай шаршаудың шегіне жеткендігін байқатады. Фазалардың сыртқы белгілері-енжарлық, ұйқышылдық, жұмысқа деген қызығушылығының жоғалуы, оны істеуге бой ұрмауы. Балалар бұл кезде өзі-өзіне көмек жасайтын тірек іздейді. Қолын партаға салып, басын қояды, жағын таянып қисайып жатады.

Мұның барлығы баланың ми қабының дүңгіршектерінің дамуына байланысты болатындығын көрсетеді. Оқу процесінің барысында баланың нақты функциялық процестерінің үнемі өзгерістерге түсіп отыруы - сабақ құрылысын ұтымды ұйымдастыруды мезгейді. Сабақ процесінде тәрбиелеу мен оқытудың түрлі амал тәсілдері, жекелік, топтық, ұжымдық, тәжірибелік түрлері пайдаланылады. Оқушының мектептегі, сыныптағы ортасы-сабақ процесінде оған үлкен әсер етеді. Оқушы меқтептегі, сыныптағы өмірінде әлеуметтік рөл атқарады. Оқушылардың оқу тәрбие процесін дұрыс жолға қоюда мұғалімдерден көптеген әдістердің жетістіктерін зерттеуді қажет етеді. Қазіргі оқытудың жаңа үлгісі жағдайында мұғалім не істеу керек, оқушыларға калай әсер етуі тиіс? Оқу тәрбие процесін қалай ұйымдастыру керек? Сабақ жолдарын ұйымдастырудың тиімділігі неде? Оның нәтижесі қандай болады? Деген сияқты сан қырлы сауалдарға жауап іздеу. Егер мұғалім өзінің айтқанын бұйрықпен орындатса, онда ол түсінікті. Яғни мұнда мұғалім оқушыларды тек өзін тындату туралы ойлайды. Бұл жағдайда көрсету бұйыру, бақылау баға әдістерімен жұмыс істету. Демек, осылар арқылы оқушыларға әсер ету. Екінші бір жолы: білім талап, бақылау баға. Мұның барлығы да оқушыларды оқыту мен тәрбиелеу процесінде мұғалімдердің қолданатын әдістері.

Білім мазмұнының басты ұстанымдарына сүйенсек, оқушы мен мұғалім рөлі, олардың әрқайсысының орны қандай болмақ? Баланы жеке тұлғаға бағдарлап оқыту және тәрбиелеу ұстанымы тұрғысынан қарасақ, "оқушы-субъект", яғни ол-өзіндік орны, өз көзқарасы, пікірі бар тұлға. Олай болса, ол тұлғаның басқа да қасиеттері мен қабілеттерін, болмысын ашып, тани білу керек.

Баланың танымдық, ақыл-ой қабілеттерін оқу-тәрбие процесін ұйымдастаруды есепке ала отырып, олардың интелллектуалды үздіксіз дамуын қамтамасыз ету, олардың пікірі мен көзқарасын бағалау, оларға ізгілік, адамгершілік тұрғысынан құрмет көрсету, білімді өздігінен алуына жағдай, ықпал жасау қажет.

Жалпы білім беру міндеттерін шешу, оқыту мен тәрбиелеу мәселелерінде ғылымға негізделген жаңашыл әдіс-тәсілдерді ойлап табуды талап етеді. Ал гуманитарлық білім мен тәрбие процессінде, бұл жаңа теория педагогиканың басты мақсаты ғана емес, міндеттерді де көрсететін жалпы және жеке ұстанымдарды, оқыту мен тәрбиелеудің мазмұны мен ұйымдастыру формасы. Қазіргі жағдайдағы педагогикалық іс-әрекеттің ерекшелігін, білім беруді ұйымдастырудың талаптарын айқындап, баланың логикалық ойлауды қабілетін дамытуға әсер ететіндей етіп нақтылау қажет.

Әлемде жаңаша логикалық ойлаудыдың негізіндегі бірлесу процессі жүріп жатыр. Жалпыадамзаттық құндылықтар алдыңғы жоспарға адамның дамуын қойып отыр. Сондықтан да руханият мәселесі білім беру процессінде айрықша мәнге ие. Таным туралы руханият мәселелерінің идеялары дүние жүзі әдебиетінде кеңінен орын алып келеді және ол адамның рухани дамуына септігін тигізуде. Жалпыадамзаттық күндылықтар әлеміне баулуда төменгі сынып оқушыларына Әл-Фарабидің, Қожа Ахмет Иассауидің, Құнанбаев Абайдың, Қүдайбердиев Шәкәрімнің, Сүлейменов Олжастың, т.б. еңбектерін қысқаша айтып таныстыруға болады.

Мұғалімнің білімділігі мен ықпалы әсерінен бала өзін-өзі тани түссе, одан әрі жетілуге ұмтылады, өмірлік тәжірибе жинақтайды, ақыл-ойы жетіледі, дамиды. Абай Құнанбаев мұғалім бір орнында тұрып қалмай, үнемі іздену, оқу, өсу үстінде болу керектігін, сол білгенін басқаға үйрету қажеттігін ескертеді. Осы айтылғандарға терең үңілсең, мұғалімнщ рөлі бұрынғыдай: білім беруші, ұйымдастырушы, нұсқаушы ғана емес, мұғалім баланы қанаттандырып, мотивтендіріп, олардың талап-тілегін қанағаттандыруға байланысты әрекеттерге түрткі болып, оның нәтижесіне жетуге жол көрсетуі, шығармашылық ізденіске баулып, салыстыруға, талдауға, ой қорыту, дәлелдеуге жетелеуі тиіс. Ол үшін оқушы арасьшдағы түсіністік, бірін-бірі қолдау, бақылау, бағалау, құрметтеу; шығармашылық ізденіс барысында ішкі сезім үйлесімі, талап-тілек үндестігі шығармашылық ынтымақтастықта дамуына әсер етуі шарт.

Мектептегі жүйелі оқу-оқушының ағзасына жан-жақты және үлкен әсер етеді. Бұл, әсіресе, кіші жастағы оқушыларда-оқуға бейімделгені бастапқы кезенде байқалады. Мектеп ұжымына, сабақ жүктемесіне, жаңа оқу тәртібіне көптеген оқушылар осы кезеңде бейімделіп кетеді. Ал кейбір оқушылар бұл кезенді өте ауыр сезініп, мектеп жағдайына бейімделе алмай жүреді. Басы ауырады, оқуға енжар қарап, үлгірімі төмендейді. Ал біртіндеп оқушылар ағзасының физикалық, психикалық әлеуметтік және қоршаған ортаға бейімделуі оқушылардың денсаулығының жақсылығынан байқалады. Оқу процесінде әрбір оқушының функциялық мәртебесін, бейімделу процесін және оқу көлемін жеңілдетуді дұрыс бағдарлап, бейімделуін тексеріп, тіркеп отыру қажет. Психологиялық зерттеулер балаларды мектепке бейімдеудің мынандай әлеуметтік-психологиялық үш кезеңін айкындайды.

Бейімделудің жоғары деңгейі. Бірінші сыньш оқушылары мектеп істеріне қызығушылықпен қарап, қойылған талапты дұрыс қабылдап, оқу материаддарын тез, жеңіл меңгереді. Мұндай оқушылар биязы, ұқыпты, аңғарғыш, берілген талсырманы ешкімнің көмегінсіз, тексеруінсіз өзі-ақ орындап отырады. Дәл осындай оқушы-сыныпта жақсы мәртебеге ие болады.

Бейімделудің орта денгейі. Мектеп туралы жақсы ойлары қалыптасқаны байқалады. Мұғалімнің сабақта көрнекілік құраларды пайдаланып, оны түсіндіргенін ұғады. Оқу материалдарын түсініп қабылдайды. Мұндай оқушылар үлкендер көрсеткен, берген тапсырмаларды ұқыпты орындайды, бірақ та бақылап отыруды қажет етеді. Өзіне қандай да бір оқу материалы қызық болғанда ғана қызығушылығы артады. Сыныптастарымен жақсы қарым-қатынаста болады.

Бейімделудің төменгі деңгейі. Мектепке деген жеке кезқарасы жақсы болмайды. Көңіл күйі түсіңкі, енжар, тәртілті әлсін-әлі бұзып, оқу материалдарын үзік-үзік тыңдайды. Мұндай оқушыларға ата-аналармен мұғалімдер жағынан үнемі бақылау болып, оған көмектесіп отырулары қажет. Дәл осындай оқушылардың жақын достары болмайды. Олар сыныптастарын жақсы білмейді.

Оқушылардың алғашқы мектепке келген кезінде оларға барлық жағынан жақсы жағдайлар жасалуы тиіс. Сонда ғана жаңа өмірге, ортаға бейімделу қажеттігін түсінеді. Оқуға бейімдеу кезеңінің барлық мақсаты, жүйесі-барлығына бірдей-бастауыш білім беру жүйесі.

Алғашқы айларда (кырқүйек, қазан) бала мектептік өмірге икемделіп, айналасын, өзінің ортасын танып біледі. Сыныпқа үйренгенше үш сағаттан оқиды. Әрине бұл сабақтардың өзі де жартылай аулада немесе жақын жердегі саябақта өткзілгені дұрыс.

Математикадан бастапқы кезенде сандар туралы ұғым, көлемі (үлкен, кіші) сандарды қосу, алу тұрғысынан сабақты ұйымдастыру қажет. Оқушылар осы кезенде заттар мен заттарды салыстыруға талпынады. Оларды байқайды. Сыртқы пішініне қарап, түр-түсін ажыратады.

Ұзындық, көлем, үлкен, кіші деген ұғымдарға үйренеді. Математикалық тіліде сөйлеу қалыптасады. Ары қарай оқушылыр пәндік көрнекіліктер арқылы сандарға қолданылатын амалдармен таныса отыра, сонымен қатар іс-тәжірибелік жұмыстарда да саяхаттарға шығып танысады. Математика сабағында оқушылардың әрекеті дидактикалық ойындарды ойлауды арқылы көрінеді. Ойлану, ойлауды қабілеті дамиды.

Оқушылардың математикалық ұғымдар мен амалдарды түсіне бастағанын түрлі саяхат сабағында және жақсы жабдықталған ойын бөлмелерінде өткізген ойындарынан байқауға болады.

Оқушылардың мектепке бейімделуі мен ақыл-ой қабілетінін дамуын мынандай жағдайда көруге болады:

1. Заттардың түр түсіне қарап (түстеріне қарай салыстыру, өлшемімен түріне қарай салыстыру); мектепке саяхат жасау, мектеп ауласында қыдыру, спорт аландарында болу, математика қабинетіне саяхат жасау.

2. Кеңістікті түсініп, заттардың орналасуын анықтауы: қала бойынша, саябақта, мектеп маңындағы аланда түрлі оқу ойындары арқылы тапсырманы орындайды.

3. Сандарды жиынтығына қарай топтау: заттардың саны, мектепке, саябақ, дүкендерге саяхат жасау.

Оқушылардың жас ерекшелігі мен оның дамуына қарай әр баланың ерекшелігін еске ала отырып оқуына, ойлану қабілетіне мүмкіндіктер туғызуы шарт. Баланың психикалық даму құрылымында ең бастысы айналаны қоршаған ортаны, әлеуметтік жағдайларды, жағымды-жағымсыз, этикалық, эстетикалық тұрғыдан баға бере білуі. Ойлану қабілетінің дамуы әр түрлі қызметті атқарған кезде түрлі ерекшелігімен байқалады.

Мысалы: оқу, еңбек, техникалық-құрастырушылық, көркем өнерде байқалады.

Кейбір пәндердің әдістемелік тәсілдері бастауыш сынып оқушыларының ойлауды қабілетіне жақсы көмектеседі. Мысалы: математика, сурет сабағы, әліппе, т.б. пәндер.

Ойлауды қабілетінің дамуы-үздіксіз дамытуды қажет етеді. Ойлауды қабілетінің үздіксіз дамуы-ойлаудыда бірінің орнын бірі басып, кең көлемде бірін-бірі толықтырып байытады. Ойлауды-ойлауды қабілетін жетілдерудің тірегі ғана болып қалмай, оқушы дамуының барлық кезеңдерінде үздіксіз жүріп отыратын процесс. Сабақ жағдайындағы түрлі тәсілдердің: ойын, саяхат, тез ойлап табу, жұмбақ, мақал-мәтелдер, жарыстыру т.б. элементтерді пайдалануда ойлауды қабілетінін даму деңгейі байқалады. Қабілеттіліктің кез - келген түрі жетіле бермейді. Алдын-ала жағдай жасалса ғана дамиды.

Баланы зерттеуде мынандай негізгі жағдайларға сүйену керек:

- оның көңілі қалаған нәрсені таба білуі;

- оның негізгі бейімділігі;

- қызметтің белгілі бір түріне бейімділігі, оған бағытталуы;

- психологиялық ерекшеліктеріне.

Міне, осыған орай балалардың ойлауды қабілетін анықтап, оның қабілетті болуына көмек жасап және әсер ету.

Баланың кабылдауын анықтау әдетте таңертеңгі уақытта, бапалар шаршамаған кезде жүргізіледі. Бала өмірінің белгілі бір кезеңінде әлеуметтік ұйғаруымен және өз көңілінің қалауымен басқа нәрсеге бейімделу үшін ең әуелі өз шамасын өзі білуге тиіс. Яғни, «мынаны білемін», «оны орындай аламын» немесе "шамам келмейді», «бойым жетпейді» деген тағы басқа сол сияқты. Осындай сарапқа салудың ең маңызды сатыларының бірі- жүйелі түрде жан-жақты жүргізілетін дәрігерлік тексеру (салмағын, бойын, көкірегінің көлемін өлшеу, қанның құрамын, көзінің көруін, бұлшық етінің күшін, түйсігінің шапшаңдығын, пайымдағыштығын т.б. анықтау) болып табылады. Жиі-жиі тексеру арқылы ағзаның белгілі бір мезгіл ішінде даму жолын тек есепке алып қана қоймай, баланың жетілу динамикасын анықтау қажет.

Динамикалық сипаттамалар, бұған керісінше, жүйелі әрекеттерді баяндайды, баланың ойлауды кабілеті қалай және қай бағытта өзгеріп бара жатқанын көрсетеді, қандай адам болып шығатынын болжайды. Баланың статистикасы мен динамикасын қоса сұрыптау арқылы адамның шын бейнесін елестетеді. Баланың тек статистикалық сипаттарын ғана зерттегенмен, айталық, ағзадағы қайта жетіліп тұратын мүмкіндіктерді - ғажап эволюциялық сұрыптану қасиетіне ие болған асыл қабілетті анықтау қиын. Талдаудың тағы бір сатысы-сұрақтарға ықыласын, бірдеңенің дәл келтіргіштігін, зер салғыштығын сұрақ қою жолымен байқау. Сұрақ қою ең негізгі тәсіл емес, ол «құпияның кілтін ашатын» әдістердің бірі ретінде ғана қолданылады. Сондықтан сұрақтар шешуші рөл атқармайды - қосалқы тәсіл болып табылады. Сұрақты сәтті шешу көптеген факторларға сынақтан етушінің түсініктілігіне, сұрақпен танысуына, өзінің талпыну ниетіне, онын сезімталдығы мен экспериментке деген көз қарасына, денсаулығына, сондай-ақ, толып жатқан жеке ерекшеліктеріне байланысты болады.

Оқушы: Мен кіммін? Нені оқуым керек? Не істеуім керек? Деген сұрақтарына мұғалім нақты кеңестер беруі тиіс. Себебі, оқуға бейімдеудің мәнісі-оқушының ойлауды қабілетінің дамуын анықтау болып табылады.

Біріншіден, мұғалім мейірбанды болып, балаларды қаз-қалпында сүюге тиіс; ақылдыны да, тентекті де, еркені де, жалкауды да, жақсы оқитынын да, жаман оқитынын да жақсы көруі керек. Мұғалім өз бойындағы барлық жақсы игі қасиеттерін-оқушыларды алаламай барлығын тең үлестіруі тиіс. Балаларға деген мейрімділік пен махаббат ішкі жан дүниенің күйзелісі емес, баламен немесе сыныппен қарым-қатынастың педагогикалық қызметінің ең басты, дәлді стимулы.

Екіншіден, мұғалім оқушыларды түсіне білуі керек. Бала кішкентай болғанымен оның ісі мен әрекеті көп. Балаларды түрлі ғылымға баули отырып, ойынға жан-тәнімен берілген балаларға қарағанда оларға маңызды тәрбие бердік деп жорамалдайды. Балаларды түсіну - демек олардың позициясын түсіну. Олардың сезімін бағалап, әрекеті мен ісін елеулі түрде қабылдау, олармен санасу деген сөз. Олардың әрекеттері мен істеріне ілгипатпен қарап, мүдделі, іскерлік білдіру керек. Оларға өктемдік көрсетпей, бүгінгі тіршілігін тірек ете отырып, ертенгі тіршілігіне жол ашуға көмектесу. Балаларды жақсы шеберлікке үйрету.

Үшіншіден, мұғалім оптимист болуы керек. Педагогика мен тәрбиенің күшіне сенуі қажет және міндетті де. Мұғалімнің дүниеге сенімі ғана баланы жігерлендіріп, оның бойындағы күштерді оятады. Дүниеге сенім (оптимизм) -тәрбиелеудің, ойлауды қабілетін оқыту процесінде, дамытудың әдістемелік жолдарын іздестретін нақты сенім.

Төртіншіден, болашақтың адамын, жаңадан қалыптасқан адамды бейнелеуге, ой қабілетін дамытуға міндеттіміз. 1-сынып оқушыларының ойлу қабілетін дамытуға мазмұнды мәтіндероқыту процесінде түрлі тәсілдермен білім алуына негіз бола алады.

«Орталықтармен» жұмыс барысында балалар ойлауды қабілетін дамытады және жетіддіреді:

- бірлесіп жұмыс істеуге үйренеді;

- бір-бірінен үйренуге талпынады;

- өздерінің білімдерін, тәжірибе жасау арқылы іс жүзінде пайдалануға үйренеді;

- өз ойларын еркін айтып қорытынды жасауға үйренеді;

- өз алдына шешім қабылдай білуге үйренеді. «Орталықтардағы» жұмыстарды қорытындылау (6-7 мин)

орталықтағы жұмыстарды бағалау (рейтинг арқылы);

жаңа сабақты қалай меңгергенін тақырыптық карта арқылы қадағалау;

оқушылардың білімің бағалау.

Осындай түрлі жұмыстарды тиімді тәсілдермен жүргізу оқудың мазмұнын жаңартады. Жаңа жағдайда жаңа тәсілдер тудыра отырып бірімен-бірі сабақтасады. Оқушылардың ойлауды әрекетін дамыту мақсатында түрлі тәсілдерді пайдаланған орыңды; демек, нақты мысалдар келтіру, затгардың суреттерін моделдермен ауыстыру.

Оқушылардың логикалық ойлауды қабилетін дамыту-оқу материалының мазмұны аркылы, оқушылардың оқу іс-әрекетін ұйымдастыру құралы мен тәсілдері арқылы жүзеге асады демекпіз.

Мектеп практикасында оқу мен жазу арқылы ойлауды қабілетін дамыту-баланың белсенділігін арттыруға, өз бетінше бір нәрсені ойлап, қорытуға белгілі бір жетістіктерге жететінін байқадық. Оқушылар-оқудың (сабақтардың) қызықты, жеңіл өтетіндігін, ұтымды бірлесіп жұмыс жасауға үйрететіндігін, білімін терендетіп, әрі тиянақтылығын арттыратынын біледі.

Есептердің арасындағы байланысты таңбалар арқылы бейнелеу. Бұл - дайын графиктік модель бойынша есеп объектілерінің арасындағы байланыстарды түсіндіру. Графиктік модель бойынша есепті құру. Барлық сабақтарда талдай білу-олардың іскерліктерін қалыптастыра отырып, оқушылардың ойлауды әрекетін дамытуға ықпал етеді.

Сабақ-оқытуды ұйымдастырудың негізгі формасы. Ал оқушылардың алатын негізгі білімдерінің сапасы-оқыту дәрежесіне тәуелді. Әрбір сабақ-оқу процесіндегі шешуші буын, сондықтан ол-оқытуды жетілдіру, кажетті технологиялық түрлендірулер мен мақсатты нәтижеге жетуді ойластыратын орталық, сонымен бірге жоғары шеберлікті, дамудың керектігін талап ететін, даму үстіндегі сапалы оқуды іздестіретін процесс. Әрбір сабақтың негізі-оның заңдылықтары. Бүгіннен ертең жақсы оқытуымыз керек, бұл-аксиома, сондықтан, бірінші кезекте әрбір ұстаз білімін жан-жақты жетілдіріп отыру-басты шарт. Келесі аса басты мәселе-шәкірттің психологиясына айрықша көңіл бөліп, терең зерггеу жүргізіп, оның барлық тәрбиесін назардан тыс қалдырмау. Оқытудың педагогикасына талдау жасап, оқыту әдістемесін жоспарлап, оны жүзеге асыруды ақыл-ой елегінен өткізіп барып кіріскенде ғана нәтиже береді.

Сабақтың практикалық негізі-педагогикалық заңдылықтардың талаптарын орындау. Сабақтың негізі материалын баяндауға қажеттіліктер: көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, оқытудың техникалық құралдары, теория мен практиканың органикалық үйлесуі, бірлігі, ретімен, жүйелілікпен құрылым түзейді.

Әрбір сабақты түсіндіру мен оқыту бүгінгі күн талабына сай болу үшін ұйымдастыру мен басқаруды жетілдіру керек. Сабақтың тиімділігінің басты белгісі-уақыт, олай болса, сабақтың әрбір минуты ұтымды пайдаланылуы міндетті. Сабаққа уақытылы еніп, өз уақытында аяқтап, сабақтың барлық элементеріне қажет материалдар толығымен сарапқа салынуы талап етіледі.

Келесі маңызды компонент-сабақтың мақсаты айкын болуы шарт. Оқушылар оқу материалдарын терең тиянақты ұғынып, меңгеруі үшін мұғалімдер өз уақыттырын аямай, оқушылар уақытын да ойластыруға міндетті. Бүгінгі және ертеңгі мектептерде үш біріккен мақсат-оқыту, дамыту, тәрбиелеу-сөзсіз сақталады, сабақтың тәрбиелік және дамытушы мәндерін шешпей, қарастырмай, тәрбие жұмысын өз дәрежесіне жеткізбей дамуды сөз ету қиын.

Дамыту мен тәрбиелеу сабақты оқыту арқылы жүзеге асырылады. Әдетте күнтізбелік, тоқсандық күнделікті жоспарлар жасалады, ол міндетті түрде іске қосылады.

Мектепке қоғамның қоятын талаптары мен мектептің кажеттіліктері де артып келеді. Сонымен бірге сабақтарға қойылатын талаптар да өсіп келеді. Күкделікті әрбір сабақты өткізу ұтымды, түсінікті етіп өтуге ұмтылғанда ғана мақсатқа жетіп отырамыз.

Әдістемеде оқыту барысында бес негізге сүйенеді:

Бірінші негіз-оқушылармен жеке жұмыс жасау, әр оқушыға жеке көңіл бөлу.

Екінші негіз-оқушылардың өзіндік жұмысы.

Үшіншісі-оқушылар жеке жоба жасағанда балама оқулықтарды пайдалануға шек келтірмеу (әлемдік практикада бар).

Төртіншісі-мұғалімнің шығармашылық ойының толық іске асуы.

Бесінші негіз-мұғалімнің оқушыға жеке кеңес беруі.

Жоғарыда атап көрсеткеніміздей, оқу процесі оқушының ойлауды қабілеті сана-сезімінің даму процесі бір-бірімен тығыз бірлікте жүреді. Оқушы бойындағы қабылдау, есте сақтау, ойлауды т. б. сенімді психикалық қасиеттер сабақ оқу арқылы кеңейіп, дамып отырады. С.Л. Рубинштейн оқытудың мақсаты «оқушыға белгілі бір білім туралы мағлұмат беру емес, ең бастысы, оның бойындағы қабілеттерді дамыту, балаға қандай материал ұсыну емес, оны бақылауға, ойлаудыға үйретуді көрсетеді: оқу процесінде оқушының үнемі әрбір жаңа тәсілдің түрлерін игеруімен, оның бірінен екіншісіне ауысып отыруымен байланысты» деп айтқан. Ал оқу процесінде барлығы оқу әрекетімен тығыз байланыста. Оқу әрекеті өзара байланысты үш кезеңнен тұрады:

1. Мотивациялық-даярлық кезеңі.

2. Орталық-еңбектік кезеңі.

3. Бақылау-бағалау кезеңі.

Оқушының оқу әрекетінің нәтижелері оның қоғамдық пайдасы түрінде емес, оқушы бойындағы өзгерістердің көрсеткіші ретінде көрінеді. Оқу әрекетін әрі былай қарастыруға болады; оқудың қозғаушы күші мен міндеттері, оқу әрекеті, оқушыларды бақылау, бағалау әрекеттері деп бөлінеді. Осыларға қысқаша түсінік береміз.

Оқу әрекеті құрылымындағы ең басты танымдық қозғаушы күштер. Оқыту мазмұнына сай мотивтер тәрбиелей алсақ, оқушы оның әрекеті, қоғамдық мәні, қоршаған орта құбылыстары туралы кең түсініктер алуға ғана бағытталмайды, еңбек арқылы олардың тәсілдерін меңгеруге бағытталады. Осындай қажеттілікті оқушының ынталылығы, қызушылығы, жауапкершілікті сезінуі, болашақ өмір жолын дұрыс таңдауға ұмтылуы айқын болады.

Оқу әрекетінің негізгі бөлігі-оқу міндеті. Оқу міндетін дұрыс түсінген оқушы әрекетінде саналық көрініс табады. Оқушы өз еңбегінің түпкі мақсатын түсініп, барлық әрекетті сол бағытқа жұмсайды. Ол оқушылардың өз бетінше жұмыс әрекетін арттырып, оқытудың тиімділігіне қол жеткізіп, ойлауды қабілетін, шығармашық әрекетін белсендіреді. Осыған қоса оқушылардың білімдеріндегі олқылықтар анықталып, уақытты тиімді пайдалануға мүмкіндік береді. Тапсырмаларды мұғалім өз қалауынша тақырып, тарау бойынша құрайды. Дегенмен, бір сыныптағы оқушылардың «өзара жолдастық көмегі» нәтижесінде білімдері субъективті бағалануы да мүмкін. Оқытудың модулдік жүйесін пайдалану оқытудың дайындық сапасын жақсартып, оқушы білімін бағалаудағы сабақтастықты қамтамасыз етеді және білім сапасын арттыруға ықпал жасайды. Бұл жүйемен оқыту барысында оқушы жыл бойы барлық тақырыптар бойынша үздіксіз жұмыс істейді. Сондықтан оқушылардың білімін бағалауда субъективті қателердің болуына жол берілмейді. Оқу әрекеті - тапсырманы дұрыс шешу жұмыстың тиімді тәсілдерін қалыптастырудың нәтижесі ретінде көрінеді. Оқушыны өзі игерген тәсілді дұрыс дамыта колдануға дағдыландыру.

Оқу әрекетінде бақылау-өте маңызды. Онда оқу әрекетікің жүйелілігі, толықтығы бақылануы тиіс. Бақылау-тек оқу әрекетінің тәсілдерін игеру құралы болып қоймай, дұрыс ұйымдастырылған жағдайда ойды, сананы дамытудың да негізгі құралы бола алады. Енді бақылаумен қатар жүретін бағалау. Бағалаудың бір түрі-рейтинг. Рейтинг арқылы оқушылардың-жұмыстың қандай түрімен айналысқандығы туралы толық мағлұмат алып отыруға болады. Рейтинг-білім мен біліктіліктің, оқушының жеке басындағы кешенді сандық және сапалық жиынтығы. Ұпайлар саны жинақтала бергенде қорытынды бағаның көтерілуіне мүмкіндік беріледі. Оқушының әр түрлі жұмыстарын саралап өткізу (тындап-түсіну, жазу, сөйлеу, оқу), оны рейтинг арқылы бақылау оқушының не жақсы, не нашар қабылдағанын бірден аңғартады, Мұғалім рейтингілік жүйе арқылы сынып оқушыларының психологиялық ерекшеліктерін, интеллектілік деңгейін біледі. Демек, мұны оқушылардың ойлауды қабілетін дамытудын әдістемелік тәсілдерінің бірі десек те болады.

Қандай сабақтарды ұйымдастыруда болмасын мұғалім сабақ жағдайындағы түрлі тәсілдерді ойластырады. Мұның өзі сабақтың мазмұны мен мәнін дұрыс түсінуге байланысты болады. Сабақ жағдайында түрлі тәсілдерді: ойын, саяхат, тез ойлап табу, жұмбақ, мақал - мәтелдер, жаңылтпаштар, мысалдар, жарыстыру т.б. элементтерді пайдаланумен қатар, мұғалім сабақта ашық өзара қатынастарды қамтамасыз етуге, оқушыларды сұрақ қоюға, оған жауап іздеуге, білім алуға, жауаіпы бірігіп әзірлеуге, мәселені талқылауға ынталандыруы тиіс.

Бұл әдістің бір түрі-жобалау. Жобалау тәсілі ойлана білуді үйретіп, белсенділікке баулиды. Соның нәтижесіңде оқушы өз білімін, түсінгенін ойлауды тұрғысында сөйлеу, жазу арқылы жеткізеді. Бұл мұғалімге оқушының жеке басына көбірек көңіл аударуға және оқушынын тұлға ретінде қалыптасуына жол ашады.

Логикалық ойлану қабілеті дамиды. Осы амал-тәсілдердің мол мүмкіндіктерін пайдалану арқылы және басқа да әдіс-тәсілдермен бірлікте сабақта оқушының ойлауды қабілетінің үзбей дамуына жол ашылатынын педагогтар жақсы біледі. Ең бастысы - мұндай тәсілдер енжар, іші пысып, не істерін білмей, бөгде істермен шұғылданып отыратын оқушыны қызықтыра түсіп, сабақта жұмыс істеуіне көмектеседі.

Оқушылардың логикалық ойлауды кабілетін дамытудағы амал-тәсілдер мазмұны жағынан айырмашылығы болады.

Оқушылардың оқу процесіндегі ойлауды қабілетін дамытудағы байқау әдісін пайдаланудың зор үлесі бар. Оқулықтарда байқау әдіс-тәсіліне көп материалдар қамтылған.

1. Сөзді оқы, екі топқа бөл (көз, көздер, үстел үстелдер, қоңыз, қоңыздар). Оқушылар бұларды екі топқа бөліп қорытынды жасайды.

2. Әріптерді қалай қосуды пайдалана отырып сөзді аяқтап жаз.

3. Әрбір оқушы осыңдай тапсырмаларды мұғалімнің көмегімен немесе олардың көмегінсіз өздері орындап шығады.

Сара дәптерге өте еңкейіп жазып отыр дейік. Әрине мұғалім оны байқаса да кедергі жасағысы келмеді, өйткені, Сара өз бетімен бір жақсы жолды тапқандай.

Ажар қасындағы Асанмен тапсырманы өздерінше талқылауға кірісті. Бірақ, олар басқаларға кедергі жасамай, сыбырласып сөйлесіп, ортак пікірге келді.

Оқу – адамның психикалық дамуының формасы, элементі. Кез келген оқыту белгілі бір мөлшерде адамды дамытады.

«Даму» ұғымы сөздікте «... мөлшерлік өзгерістердің белгілі бір өлшем шегінен шығып, сапалық өзгерістерге айналуы,»-деп түсіндіріледі.

«Даму» ұғымының психологиялық анықтамасы-жаңарту процесі, жаңаның өмірге келіп, ескінің жоғалуы деген мағынаны береді. Барлық табиғат құбылыстары сияқты бала психикасы да үнемі диалектикалық жолмен дамып, өзгеріп, бір деңгейден екінші деңгейге өтіп отырады.

Оқыту мен дамыту арасында тығыз байланыс бар екенін психология ғылыми жеткілікті дәрежеде дәләлдеп берді деп айтуға болады. Бұл мәселені түбегейлі зерттеп, бала дамуындағы оқытудың рөлін, алар орнын анықтаған көрнекті психолог Л.С. Выготский.

Ол дамуды оқытумен тең, керісінше оқу мен даму екі бөлек процесс деген көзқарастарды қатты сынға алды. Ең алғаш рет бала дамуының төмендегідей екі аймағы болатындығы жайлы теория ұсынды.

1.Бала дамуының жақын аймағы – баланың тек үлкендердің көмегі арқылы атқара алатын істері.

2.Бала дамуының қол жеткен аймағы – баланың үлкендердің көмегінсіз істей алатын істері.

Баланың дамуы бірінші аймақты меңгеру арқылы жүзеге асады. Дамудың қол жеткен аймағы жақын аймақпен өзара қызметтесе отырып, оны игерген кезде дамуға өріс ашылады.

И.Я.Лернер «даму» деген ұғымды педагогикалық заңдылықтарға негіздей отырып, адамның әртүрлі қиындықтардағы мәселелерді шеше білуге дайындығы деп түсіндіреді. Мұндай анықтама интеллектуалдық іс-әрекетті жоғары орынға шығарады. Мәселе қаншалықты күрделі болса, оны шешуге жұмсалатын ақыл-ой қызметі де соншалықты кең, аумақты, демек даму деңгейі де жоғары болады.

Л.В.Занков ақыл-ой қызметінің төмендегідей көрсеткіштері дамуды іске асырады деп есептейді. Олар байқампаздық, өз ойын еркін жеткізе білу, практикалық іс-әрекеттер атқара білу.

В.В.Давыдов ақыл-ойдың дамуының көрсеткіші ретінде жинақтай, қорытындылай алу дағдысын есептейді.

Тұтас алғанда барлық авторлардың даму туралы ойлары оқыту барысында баланың психикасының жаңа сапалық деңгейге көтерілуі дегенге келіп саяды және оның басты шарты ретінде әрекет алынады.

Мектеп оқушыларының танымдық қызығушылығын дамытудың негізгі факторы олардың білімі мен дағдыларының дәрежесі ғана емес, сонымен бірге, баланың маңызды психикалық қызметтерін, ақыл-ой жұмысының тәсілдерін қалыптастыруға мүмкіндік беретін оқу процесін жолға қою керектігі саналады. Оқушының шығармашылық қабілеті де оның ойлауды мен практикалық әрекеттері арқылы ғана дамиды. Ойлаудыға үйрететін сабақтарды дамыта оқыту сабақтары деп білеміз.

Дамыта оқытуды ұйымдастыру, балаға ақыл-ой әрекетін меңгеруге жағдай жасау деп қарастыру керек. Дамыта оқыту сабақтағы ерекше ахуал, мұғалім мен оқушы арасындағы ерекше қарым-қатынас. Мұғалім бұл жағдайда дайын білімді түсіндіріп қоюшы, бағалаушы емес, танымдық іс-әрекетті ұйымдастыратын ұжымдық істердің ұйытқысы. Тек осындай оқыту ғана баланың интеллектісінің көзін ашып, шығармашылығын дамытады.

Кейінгі жылдары дамыта оқыту психология мен педагогика ғылымдарының келелі мәселесіне айналды. Жүйенің авторлары « дамыта оқыту деп – оқыту мақсаты, міндеттері, әдіс-тәсілдері баланың даму заңдылықтарына сәйкестендірілген оқытуды» атайды. Оқыту арқылы баланың психикасында жаңа құрылымдар пайда болуы, яғни жаңа сапалық өзгерістер болуы тиіс деп есептейді. Жүйенің басты мақсаттарының бірі – баланы оқыта отырып жалпы дамыту, оның еркіндігін қалыптастыру, өз бетінше ізденуге, шешім қабылдауға дағдыландыру, жекелік қасиеттерін ескеру, басшылыққа алу, әрі қарай ұшқырлау, тұлғалыққа бағыттау. Дамыта оқыту – дәстүрлі оқытуға соңғы уақыттарға дейін балама жүйе деп қарастырылды. Дәстүрлі және дамыта оқыту жүйелерінің негізгі белгілерінің салыстырмалы сипаттамасы педагогикалық процесінің компоненттері мазмұнындағы басымдылық дәстүрлі иллюстрациялық түсіндірме әдісі дамыту оқыту мақсат оқушыларда білім, білік, дағды қалыптастыру байқампаздығын, ойлаудыын, практикалық әрекетін дамыту бастапқы мазмұн факторлар, мысалдар, тақырыптар, дәлелдер заңдылықтарды, теорияларды, ұғымдарды, ережелерді қорыту.

Оқытудың формалары жеке, топтық, фронтальді бірлескен ұжымдық іс-әрекет

Оқыту әдістері Ауызша түсіндіру, көрнекілік, практикалық проблемелық баяндау, ізденушілік, зерттеушілік, ойлауды, бақылау, бағалау оқытудың нәтижесін мұғалімнің бақылауы, бағалауы Өзін-өзі бақылау, өзін-өзі бағалау, рефлекция

Дәстүрлі оқыту әдістемесі негізінде метафизикалық (сандық, мазмұндық) әдіснама, ал дамыта оқыту технологиясының негізінде диалектикалық (интенсивті, сапалық, мәнділік) әдіснамасы жатыр деп айтуға болады. Дәстүрлі оқыту балада білім, білік, дағды алуға қажетті ақыл, сана бар деп есептеп, сол ақылға дайын білімді құю керек деген көзқарасқа, ал дамыта оқыту бала бойындағы табиғи қабілеттерді, ойлаудыды, жаңа белестерге көтеруді мақсат тұтатын принциптерге негізделген. Дәстүрлі оқыту жаттауға, есте сақтауға, ал дамыта оқыту дербес жұмыс істеуге, алған білімді пайдалана білуге үйретеді.

Дамыта оқытуда баланың ізденушілік – ойлауды әрекетін ұйымдастыру басты назарда ұсталады. Ол үшін бала өзінің бұған дейінгі білетін амалдарының, тәсілдерінің жаңа мәселені шешуге жеткіліксіз екенін сезетіндей жағдайға түсуі керек. Содан барып оның білім алуға деген ынта-ықыласы артады, білім алуға әрекеттенеді. Сабақ мұндай жағдайда төмендегідей 3 құрамдас бөліктерден тұратын болады.

1. Оқу мақсаттарының қойылуы.

2. Оны шешудің жолын бірлесе қарастыру.

3. Шешімнің дұрыстығын дәлелдеу.

Бұл – үшеуі дамыта оқытудың Д.Б.Элконин – В.В.Давыдов жасаған жүйесінің негізгі компоненттері.

Оқушы алдына оқу мақсаттарын қоюда ешқандай дайын үлгі берілмейді. Мақсатты шешу іштей талқылау, сосын жинақтау арқылы жүзеге асады. Мұғалім сабақ процесін ұйымдастырушы, бағыттаушы адам ролінде шешім табылған кезде әркім оның дұрыстығын өзінше дәлелдей білуге үйретіледі. Әр оқушыға өз ойын, пікірін айтуға мүмкііндік беріледі, жауаптар тыңдалады. Әрине, жауаптар барлық жағдайда дұрыс бола бермес. Дегенмен әр бала жасаған еңбегінің нәтижесімен бөлісіп, дәлелдеуге талпыныс жасайды, жеке тәжірибесін қорытындылауға үйренеді.

Мұндай көзқарасты ұлы Абай да уағыздап кеткендігіне тоқталған жөн. Қоршаған ортаның шындығын мойындай отырып, Абай ақыл мен сана еңбек барысында қалыптасатындығын айтады. Ол адамның ішкі сезімді қуаттарын біртұтас етіп алады. Оның он жетінші сөзіндегі қайрат, ақыл, жүректің сөз таластыруында тек бірлесіп ынтымақтасқан жағдайда ғана күш алатын үш түрлі жан құбылысын әдеби-публицистикалық тұрғыдан көрсеткенін байқаймыз. Бұдан бұл мәселенің ұлттық психологиямыз бен философиямызда да ежелден көтеріліп келе жатқандығын көруге болады.

Дамыта оқыту жүйесінде оқушылардың ойларын жетілдірудің маңызы зор.

Біріншіден – дамыта оқытуда білім даяр күйінде берілмейді, оған оқушы өз оқу әрекеті арқылы қол жеткізеді. Сабақтың алғашқы ізденіс кезеңінде жаңа ақпарат жайлы не білетіндіктерін ортаға салып, мәселені өз беттерінше шешуге талпынады. Сөйтіп олар осы мәселе туралы өз білімдерінің жеткіліксіз, таяз екенін сезіну арқылы сабаққа деген қызығушылықтары оянады, ішкі түрткілері пайда болады.

Екіншіден – дамыта оқытуда оқушы жоғары қиындықтағы мәселелерді шеше отырып өзінің санасының саңылауларын ашады. Әр оқушының өзінің деңгейіне дейін дамуға қол жеткізе алады. “Жақсы оқушы”, “Жаман оқушы” ұғымының болмауы, балаларды танымдық әрекеттерге ұмтылдырады, құштарлығын арттырады.

Үшіншіден – оқушының жеке басын дамытатын басты құрал – ол өзінің әрекеті. Сол себепті дамыта оқытудағы оқыту әдістері оқушыны белсенді жұмыс жағдайына қоя отырып, мәселелерді, қайшылықтарды шешу мақсатын қояды.

Төртіншіден – дамыта оқыту жүйесінің нәтижелі болуы оқушы мен мұғалімнің арасындағы жаңаша қарым-қатынасы арқасында ғана өз

Мұғалім мұны құптап, іштей қуанып отыр. Ал, Марат тіпті қынжылып, ренжіп отыр. Есіне ештеңеде түспей, қалай тапсырманы орындарын білмей дағдарып отыр. Айгерімнен сұрайын десе, мұғалімнен қаймығады. Енді тек мұғалімнен сұрау қажеттілігі туып отыр. Сөйтіп, мұны сезген мұғалім оған көмек көрсететін карточка береді. Енді бір шыдамсыз оқушы-Анар тез жауап беруге асығып отыр. Оған мұғалім қасына барып жауабын көреді. Сөйткенше, Самат пен Санат не істерін білмей тықыршып мұғалімнің мазасын алады.

Міне, осындайды байқап жүрген мұғалім сабақта бұлармен жекелей жұмыс жасап, тағы бір рет түсіндіруге әрекеттенеді. Сөйтіп, сабак соңында мұғалім оқушылардың ауызша жауап беруге дайындығын, оны меңгергендігін, ой қабілетін, олардың байқағыштығын, топқа бөліп топтастыра және қорытындылай алатындығына көзі жетіп, байқайды.

Кіші жастағы оқушылармен мұғалім сұрақ-жауап, яғни сөйлесу қарым-қатысына түседі. Сабақты сұрайды, айтады, түсіндіреді. Оған оқушылар жауап дайындайды, сұраққа жауап береді, айтады, әңгімелейді. Сөйтіп, кей жағдайда пікірталас туады. Оқушылар өз көзқарастырын дәлелдейді. Міне, осының өзінен мұғалім оқушылардың ойлауды қабілетінің қаншалықты дәрежеде екенін байқап, бірінші кезекте мұғалім:

1) оқу мәселесін, оның нәтижелі болуын;

2) сөйлетуге үйрететін материалдардың бағдарлама бойынша берілуін;

3) белсенді сөйлеу қарым-қатынасы және оның жемісті қорытындысын;

4) сөйлесуде белсенді болуын; олардың білуге ұмтылысын, білгендерін сұрап білуге құмар екендігін;

5) мұғалім пән туралы өзі білетін үстеме білімге оқушыларды баулиды [47] Сөйлесу, әңгімелесу өзінен өзі жоспарсыз айтыла салмайды. Сондықтан, сөйлесу мен әнгімелесу оқу процесінің керекті бір тәсілі деп қарауға болады.

Барлық пәндердің тақырыптарға байланысты берілген мәтіңдері бар. Осыған қоса, оқушылардың тәжірибелік жұмыстарында қарастырылған саяхат жасау, серуенге шығу барысыңдағы мақсатты тақырыптардың мәтінін айналадығы көргендерін суреттей отыра өздері құрастырады, сөйлеседі, әңгімелеседі, мазмұңдап айтады. Бұл олардың ізденіс жұмысы деп есептелінеді.

Оқушыларды мәтіннің тақырыбы қандай әріптерге (дыбыстарға) байланысты берілгенін көрсету қажет. Сонан соң оқушылар мәтінді оқып танысып, оның мазмұнын түсінуі тиіс. Оқушылар өздері оқып (іштей немесе сыбырлап) танысады. Содан кейін дауыстап оқытуға болады.

Біз төмендегі кестеде тақырыптық мәтіндермен жұмыс істеудің жолдары мен тәсілдерін көрсетіп отырмыз.

Мәтінді оқыту мақсатында сөйлемдер хабарлы, сұраулы немесе лепті ме, осыған көңіл аударып отырады. Жетекші сұрақтар арқылы ситуациялар туғызып, жаңа модельдеуге ықпал етіледі. Мұның бәрі оқушыны қиялдай отырып, өзінше (жанынан) сабақтағы мәтінге ұқсас мәтін ойластыруға ықпалын тигізеді. Модельдеп оқыту барысында оқушылары нақты заттардың, олардың суреттері және сызбаларының көмегімен мәтіннің тапсырмалық мақсатын түсініп орындайды. Әр түрлі үлгімен жұмыс істегенде оқушылар қысқаша қорытындылап отыруы қажет. Оқушылар осылардың қайсысын тез қабылдады, соны тексере отыра, келесіде қай модельмен жұмыс істеу керек соны шешіп алғаны дұрыс.

Мәтіннің тапсырмалық мақсатынап модельдік мақсаттың тиімді жағын қарастыра отырып, оның тапсырмалық мақсатын шешуді іздестіруі қажет.

Іздестіру-тапсырманы талдау тәсілінен топтау тәсіліне қарай көшу. Жалпы тапсырманы талдау тәсілімен орындау жиі кездеседі. Бұл тәсіл көбінесе тиімді деп есептелінеді. Оқушылардың мәтінді тапсырмаға қарай талдай отыра олардың ойлану, ойлауды қабілеті пайда болады. Олардың жеке өзінің жұмыс істеуге деген талпынысы артады. Мұндай жұмыстарды жұпқа немесе топқа бөліп орындатуға да болады.

Оқушылардың алған білімдерін тексергенде олардың жауаптарынан материалды меңгергені байқалады.

Зерттеу жұмысы-тапсырманы қалай орындаудан басталады. Ойлану кезеңінде кейбір қажетсіз деп тапқан артық нәрсені алып тастауы да мүмкін пәндерден кызығушылығы артады, кабілеті дамиды. Мұндай оқыту тәсілдері оқушылардың танымдық белсенділігі мен тиянақты білімді менгеру бағытында ойлауды қабілетінің дамуына да үлкен ықпал етеді.

Оқушылар мен сыныптық немесе топтық түрде жүргізетің әдістердің бірі. Оқушылардың кейбір пікірлерін тыңдауға олардың өзіндік талдауын байқауда жүргізетін әдістер. Әңгіме жүргізу оқушылардың алдына белгілі бір мақсатты қоюға және оны ұйымдастыруға байланысты. Мұғалім барлық оқушыларға бірдей сұрақ қояды, себебі барлығы да қойылған сұраққа дайындалуы керек. Сұрақтар оқушыға түсінікті, нақты және айқын болып, олардың ойлауды қабілетін дамытуға көмегі болатыңдай құрылуы тиіс. Әнгімелесе отыра тәрбиелеу жұмысы қатар жүреді. Педагогикада тәрбиелеудің үш түрі айтылады: сендіру, жаттыну әдісі, бағалау әдісі. Жалпы амал тәсілдердің екі түрі жиі пайдалынады.

1. Ұжымдық ойыннан біртіндеп рөлдік ойындар ойнауға бейімделеді. Мысалы, «үлкендер - бала», «бала-балалар».

2. Жәй ойыннан біртіндеп күрделі ойындарды ойнауға бейімделу. "Үлкендер-балалар" ойыны ол қалай іске асады? Алғашқы көздеген көзқарасқа қажетті білім әрекеті калыптасады. Одан кейін балаларды топтастырады. Бірақ та ойынның бүкіл мазмұны қазіргі өтіп жатқан жағдайды сипаттауы қажет. Оқу, тәрбие жұмыстарында жәй ойындарды ойнайды, бірақ ол мазмұнды болуы керек. Одан кейін олар ойынның нағыз кызған кезеңіне ауысады. Алдыңғы, соңғы ойындардың кезендеріне сактыкпен қарау қажет. Бұл ойындарда оқушылар тәрбиеші педагогтың рөлін атқарады. Педагогтың рөлін ойнаған оқушы қалған оқушылардың жұмысты қалай орыңдағандарын тексеріп, оларға талап қоя біледі. Сабақтағы менгерген материалды дұрыс орындады ма жоқ па байқайды. Кейде оқушылар директордың да рөлін орындайды. Мұндай ойындар балаларды қызықтыра отыра, оқу процесіне де, ой қабілетінің дамуына да ықпал етеді.

Сөйтіп, рөлдерді барлық оқушы орындап шығуына мұғалім көмектеседі. Ақырында оқушылардың өздері-ақ осындай ойындарды жалғастырады. Окуы, үлгірімі нашар оқушыларға бұл үлкен ықпал жасайды. Сөйтіп, ұжымдық ойыннан (үлкендер-бала, балалар-үлкендер) жекелік формадағы ойынға көшіп, оқудың мазмұнын меңгеруге бейімдейді. Сонымен қатар бұл жеке тұлғаның ойлауды қабілетін дамытудағы негізгі база болады. Бұл айтып отырғанымыз тәсілдердің бірі ғана.

Ал ең маңыздырағы өздерінің істегенін шығармашылық тұрғыда ой қорытып, басты негізгі мәселе етіп, келесі ойынның түріне осылай біртіндеп келесі ойынға көшуі табиғи жағдай. Бұл окушының өмір талабына ерекше карап, оны іс жүзіне асыруға қабілетгілік танытуы деп ұғу керек. Олардың жан-жақты, болуына жол ашылады. Яғни «өзімен өзі болу және басқалармен» деген мәнге ие болады. Бұл жағдайларда психологтар оқу-тәрбие жұмыстарына үнемі көмек көрсеткені дұрыс және оларға мұғалімдер мен педагогтар барып, кеңесіп отырғаны жөн. Психологтар оқу-тәрбие қызметінің дұрыс бағыттарына жол сілтеп, әдістемелік көмек көрсетеді. Мүмкіңдігінше ата-аналармен тығыз байданыста болып, семинарлар мен қурстар жүргізу жолдары қарастырылса жақсы болар еді. Жалпы мұндай жұмыстар оқушылардың оқуды меңгеруі, оқыту процесіңде қандай жағдайларға кездесті, түсініктері қалай деген сауалдарымен, тәрбиенің басты принциптерімен танысады.

Бүгінгі дидактиканың бағыттарында бұрынғыдан қандай ерекшелігі бар?

Аталған жаңа инновациялық мәнде оқытудың, педагогика ғылымына тигізген жағымды әсері-басты ерекшелігі. Мұның өзі республика мектептерінде кеңінен колданылып, жаңадан ой түйіндерінің тууына түрткі болып, дәстүрдегі демеуші білім берумен шектелуте қарсы әрекет жасауға мүмкіндік берді. Сөйтіп, оқытудың жаңа типі пайда болды. Бұрынғы басты деген оқытудың кейбір кезендері жаңа типті оқыту әрекетінің бір элементіне айналып кетті. Мысалы, ұйымдастыру, өткен сабақты қайталау, жаңа сабақты өту, үйге тапсырма беру, бекіту сияқты сабақтардың кезеңдері "Жаңа сабақ". "Өткен сабақты қорыту», «Қайталау», «Жинақтау», «Бақылау» сияқты жеке-жеке сабақтың типіне ауысты. Дәстүрлі оқыту жүйесінде, көбінесе, оқушының дүние танымдық ойлауды қабілеті көзден таса қалып, жекелеген білім нысандарын меңгерту көзделеді. Дәстүрлі оқыту әрекетіңде оқушының оқу еңбегінен гөрі мұғалімдердің сабақ беру әдістері басымдық рөлде болып, оқушылардың білім меңгеру нәтижесі ескерілмей отырғаны бүгін жаңалық емес.

Ал, сабақтың маңызы-оқушылардың ойлауды қабілетін дамыту арқылы жаңа білімді оқушының жадында берік ұстауы, өмірдегі тәжірибесіне ол білімнің жарауы, оны көз алдына елестетуі, берілген міндеттерді дұрыс шешуі, жаңа ұғымдардың маңызын ашуы.

И. Лернер дидактикалық категорияларды оқыту көрінісі ретінде былай тізбелеп: оқытудың мазмұны, оқытудың әдістерін төрт негізгі элементтерге жіктейді. Олар:

1) әсемдік туралы білім алу;

2) танымдық қызметті, іс-әрекетті жүзеге асыру;

3) қабілет пен икемділікті дамыту, шығармашылықты ұштау;

4) эмоционалды-сезімдік тәрбиенің тәжірибесін жинау.

В.И. Загвязинский дидактикалық ұстаным оқытудың танымдық заңдылықтары және дидактикалық нысаның тәжірибедегі межесі деген пікірді ұсынады. Біздің әдістеме нысанына қажетті дидактикалық ұстаным:

1) ғылымилығы;

2) қиындык деңгейі мен түсініктілігі;

3) көрнекілш және т.б. нәтижесіңде оқыту мазмұны сарапталады, оқу материалының логакалық жүйесі мен көлемі мөлшерленеді; оқыту әдістерін, құралдарын, олардың түрін саралайды. Бұрынғы дидактикалық ұстанымдарды модернизациялау, яғни бұрынғыларды жаңа ұстанымдармен сабақтастырып, соңғы нәтижені болжау-аксиологиялық ұстанымға бағындыру арқылы жаңа оқыту іс-әрекеті жүзеге аспақ. Осындай бағыттағы талап мақсаттардың бірі - сабақ процесін дидактикалық принципте дұрыс ұйымдастыру. Оқытылатын әр сабақ оқушы ойын тебірентіп, талаптандырып, осы ізденушілік белгілі бір тұжырым, қорытынды, нәтиже жасауға дағдыландырады. Соңдықтан, сабақ әдістемесін жетілдіру, оның білік, іскерлік, тәрбиелік маңызын көтеруде мұғалімнен көп ізденіс жасағанды қажет етеді. Оқу процесіне терең үніліп сабақ қаңдай бағытта, мазмұны каңдай максатта ұйымдастыруды және не жөніңде екеніне педагогиканың дидактикалық заңдылыктарына талдау жасай отырып, сабаққа әзірлену, ұйымдастыру, оларды жүргізу, материалдарды қаңдай әдістермен іске асыруды жан-жақты қарастыруды талап етеді.

























ҚОРЫТЫНДЫ

Қосымша білім беру ұйымдарындағы бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық қабілеттерін дамыту – қазіргі білім беру жүйесінің маңызды міндеттерінің бірі болып табылады. Бұл бағыт оқушының қиялын, ойлау қабілетін, шығармашылық ынтасын және жеке тұлғалық қасиеттерін жан-жақты дамытуға мүмкіндік береді. Қосымша білім беру педагогының рөлі ерекше: ол білім алушының жеке ерекшеліктерін ескеріп, оқу-тәрбие процесін тиімді ұйымдастырады, жаңа педагогикалық және ақпараттық технологияларды қолдану арқылы шығармашылық тапсырмаларды әрлендіреді, оқушыны белсенді қатысуға ынталандырады. Шығармашылық қабілеттерді дамыту барысында көркемдік іс-әрекеттер, жобалық жұмыстар, ойын әдістері, заманауи технологиялар белсенді қолданылады. Бұл әдістер балалардың танымдық белсенділігін арттырып, жеке шешім қабылдау, өз пікірін білдіру, топпен жұмыс жасау дағдыларын қалыптастырады. Косымша білім беру педагогтарының кәсіби шеберлігі, шығармашылыққа деген ынтасы мен инновациялық әдістерді қолдануы оқушылардың шығармашылық потенциалын ашуға, олардың дара тұлға ретінде дамуына, білім сапасын арттыруға тікелей әсер етеді. Сондықтан қосымша білім беру педагогтары әр білім алушының дарындылығын ескеріп, оған жеке бағытталған шығармашылық іс-әрекеттер ұйымдастыруға міндетті. Осылайша, қосымша білім беру ұйымдарындағы шығармашылық жұмыстар тек білім беру процесінің сапасын көтеріп қана қоймай, сонымен бірге оқушыларды болашақтағы шығармашылық және инновациялық қабілеті жоғары тұлға ретінде тәрбиелеуге мүмкіндік береді.

Инновациялық технологияны қолдану барысында оқушылардың сабаққа деген қызығушылығының күрт артқандығы байқалады. Сондай-ақ мұғалімдер де өздеріне қажетті әдістемелік, дидактикалық көмекші құралдарды молынан ала алады.

Ой-өрісі дамыған, дүниежүзілік білім жүйесінен қалыспайтын жас ұрпаққа білім беру жолындағы ортақ міндетті өз дәрежесінде жүргізу үшін бір-бірімен тәжірибе алмасып, кемшілік және жетістіктерді айтып отырсақ, жұмысымыз өнімді болады деп ойлаймыз. Оқу-тәрбие процесіне инновациялық технологияны ендіру дегеніміз – келешек ұрпақтың еркін дамуына, жан-жақты білім алуына, белсенді болуына жағдай жасау. Баланың бойындағы қабілетін ашуға одан әрі жетілдіру, зерттеушілік бөлігін және оңтайлы шешім қабылдауға ынталандыру, өзін өзгелермен салыстыруға, өз пікірін сапалы, шебер ортаға сала білуге жетелеп жан-жақты даму үшін гормониялық негіз жасалады. Осындай жұмыстарды үнемі жүргізу үшін шығармашылыққа баулуға, шәкірт бойындағы талант қөзін ашып, тілін байыту, сөздік қорын молайту, қиялын ұштау мен өз бетінше іздеуге зор әсерін тигізеді.

Қазіргі таңда жаңа педагогикалық ойлауға оқыту мен тәрбие үрдісінде де, елеулі өзгерістер орнығуда. Мұндай өзгерістер бастауыш сыныпта оқыту мен тәрбие үрдісін ұйымдастыруға жаңаша талаптар қоюда. Бүгінгі таңда әрбір білім мекемесінің, әрбір педагогикалық ұжымның өзіндік келбеті, өз оқушысы, өзіндік тәрбиелік мәні яғни жүйесін құру қажеттілігі мұғалім іс-әрекетін тиімді ұйымдастыруды талап етеді. Ғылым - әлемді танудың қайнар көзі болса, негізгісі – білім. Ал, білімнің іргетасы бастауыш мектепте қалыптасады. Бастауыш мектеп – бұл жалпы білім беретін мектептің оқушыларды оқыту, тәрбиелеу, дамыту және өзін-өзі іске асыруына, белсенділігін жетілдіруіне, қызығушылығын, қабілетін арттыруда қолайлы жағдай туғызатын негізгі буыны. Сондықтан мектептегі тұтас педагогикалық үрдіс сапалы нәтижеге жетуі үшін, оның бастауыш буындағы оқу-тәрбие үрдісі заман талаптарын қанағаттандыратындай деңгейде ұйымдастырылуы, ғылыми негізделуі және әдістемелік қамтамасыз етілуі тиіс. Бастауыш сатыдағы оқу - тәрбие жұмысын бөліп-жарып қарау мүмкін емес. Бастауыш саты мұғалімдерінің педагогикалық қызметін ұйымдастыруында оқыту барысында бастауыш сынып оқушыларының оның белсенділігін жетілдіру, шығармашылық қызығушылығын арттырудың алғы шарттары ретінде ұсынылады және төмендегідей жетістіктерді жетулерін көздейді:

  • Бастауыш мектептің сынып кабинеттері және оларды заман талабына сай жабдықтау;

  • Бастауыш сыныпта қазақ тілі сабағында пайдаланылатын аудио-видео құралдар жасау .

  • Бастауыш сыныптарға арналған электорондық қазақ тілі оқулықтарын, мультимедиялық оқыту бағдарламаларын дайындау.

Қазіргі уақытта тәжірибелі педагогтар мен әдістемешілер қазақ тілін оқыту барысында техникалық құралдарды, атап айтқанда, проекциялық дыбысты жазып тын аппараттарды, диафильм, видеофилым, теледидарды пайдалану сабақты жандандыратынын, оқушылардың ол пәнге қызығушылығын арттыратындығын, өздігінен ізденуі мен шығармашылық бағытта ізденістер жасауына мүмкіншіліктер жасайтындығын дәлелдеп отыр. Техникалық құралдарды пайдаланып өткізілген сабақта оқушылар жалықпайды, жаңа оқу материалына қабылдауда олардың әртүрлі сезім мүшелері (көру, есту т. б.) қатысады, оқуға қызығушылығы артып, түсіндірілген матералдарды тез қабылдауына мүмкіндік туады. Әрине, техникалық құралдар мүғалімнің рөлін еш уақытта да атқара алмайды. Ол мүғалімге тек көмекшілік қызметін ғана атқара алады, оны бірсыпыра жұмыстардан босатады.

Сонымен бастауыш білім үздіксіз білім берудің алғашқы басқышы. Осыған орай оқушыға белгілі бір көлемде оқыту барысында білім дағдыларымен бірге, шығармашылығын, қызығушылығын арттыру мақсатында, белсенділігін жетілдіру және оларды шығармашылық бағытта, жан-жақты дамыту – бүгінгі күннің басты талабы.

Сонымен бірге, бастауыш мектептің негізгі міндеттері – баланың жеке басын бастапқы қалыптастыруды қамтамасыз ету.

Оқушылардың белсенділігі мен танымдық іс-әрекеттері арқылы шығармашылығын дамыту, қажетті жағдайда айрықша шешім қабылдай алатын жеке тұлғаны дайындау, осыған орай оқытуды ізгілендіру, қазіргі мектептердің алдында тұрған үлкен міндет екені мәлім. Уақыт талабына сай оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту үшін оқытудың жаңа инновациялық технологияларын пайдаланған жөн. Оқу-тәрбие үрдісін даралауда оқушыны жеке тұлға ретінде қабылдау, яғни оқушының өзіндік танымдық іс-әрекетін қалыптастыруға бағыттау, білім беруде жеке оқытуды дамыту көзделуі қажет.

Оқушылардың ой - өрісін, қиялын алған білімімен толықтырып жан жақты дамуына түрлі әдіс – тәсілдердіңсабақ процессінде педагогикалық – психологиялық мәні мен маңызы ашып көрсетілді.

Ол біріншіден, басқа адамның реакциясы мен қозғалысының интерпритациясы (қызарды – «яғни, уайымдады»); екіншіден, адамның заттық қозғалысын (тікелей бақыланатын немесе алдын ала белгілеген), іс-әрекетін тұтастай және ісінің (сыйлық әкелу – «яғни, жақсы қарайды») нәтижесін түсінуі (интерпритация, түсіндіру, алдын ала айту); үшіншіден, сөздік өнімін түсінуі (ауызша және жазбаша). Оның бұл тұжырымынан адамның ойлауды әрекетінің маңызды екені және тұлғалық дамуда басқалармен қарым-қатынаста да байланыстылығы көрінеді.

Оқытудың жолдарын сұрыптап алу дидактиканың маңызды мәселесі дей келе, әр оқушының ойлауды қабілетін дамыту іс - әрекетіне ұтымды пайдалану ол кіші жастағы оқушылардың оқитын пәнінің қажетсінуіне мүмкіндік туғызатын басты құрал екенін тәжірибе жұмысымыз анықтай түсті. Сонымен, жоғарыда баяндалған жеке қорытынды нәтижелері кестелерімен өрнектеліп тұжырымдалған тәжірибе жұмыстары педпгогикалық - әдістемелік мазмұны зерттеудің ғылыми болжамындағы мәселелерді айқындауға мүмкіндік бергені толық дәлелденді.

Оқу-тәрбие процесінде ойындарды қолдану баланы дамытуда оқу – танымдық әрекетінің дамуында мынадай мақсаттар жүзеге асырылады:

1. Символикалық бейнелерге, психикалық әрекеттің құралы ретінде (есте сақтау), салалы қатынасты қалыптастыру;

2. Логикалық ойлаудыды және көрнекі – бейнелі операцияларды меңгеру;

3. Оқу типі тапсырмаларына деген жағымды кең қатынасты дамыту;

4. Танымдық белсенділікті жетілдіру.

Бастауыш сынып оқушысының ойлауды процесін дамытуда ойын әрекетінің зор рөл атқаратын интелектуалдық дағдыларының маңызы ерекше. Біздің, әсіресе ойын түрлерінің, соның ішінде ұлттық ойындардың дамыту- тәрбиелеу мүмкіндіктері мол екеніне көзіміз жетті. Аға ұрпақ өз білгенін, өз көкейіне тоқығанын кейінгі ұрпаққа мирас етіп кеткен. Солардың бірі - ұлт ойындары. Ойын баланың көңілін өсіріп, ойын сергітіп қана қоймай, оның таным-түсінігін де арттырады. Ойнай білген бала сол халықтың мінез құлқынан, ой санасынан, тұрмыс-салтынан хабар алады.

Оқытылатын әр сабақ оқушы ойын тебірентіп, талаптандырып ізденушілік белгілі бір тұжырым, қорытынды нәтижесінде ғана сапалы нәтиже беретіні айқындалды. Оқу процесіне терең үңілу ойлауды әрекетін қандай бағытта мазмұнды ұйымдастыруды талап ететіні жөнінде педагогикалық дидактикалық заңдылықтарына талдау жасай отырып, сабаққа әзірлену, ұйымдастыру, оларды жетілдіру материалдарды қандай әдістермен іске асырудың жолдары жан – жақты қарастырылды.

Балалардың ойлаудыын дамытуға байланысты мұғалімдерге әдістемелік ұсыныстар:

  • Олар балалардың зейінін ұйымдастыра отырып, ең алдымен, қазір олардың не нәрсеге назар аударулары қажет екенін айтып олардың зейінін бір нәрседен екінші нәрсеге аудара білуі арқылы ойлауды процесін дамытуға ықпал ету керек.

  • Тәжірибелі мұғалім логикалық тапсырмалар мен ойынды сабақта бірін-бірі ауыстырып отыратын және балаларды шаршатпайтын әдістердің әр алуан түрлерін қолдануы керек.






Пайдаланылған әдебиеттер:


  1. Қосымша білім беру жүйесі мен оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту. Алматы: Білім, 2023.

  2. Мектептегі қосымша білім беру технологиялары. Астана: Фолиант, 2024.

  3. Оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту әдістемесі. Шымкент: 2024.

  4. Бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық ойлауын дамыту. Алматы: 2023.

  5. Қосымша білім беру педагогінің кәсіби шеберлігі. Түркістан: Білім-Пресс, 2022.

  6. Педагогикалық ізденіс. Алматы, Рауан 2024.

  7. Мектептің оқу тәрбие үрдісіне инновациялық технологияларды енгізу жолдары. 2024

  8. Бастауыш мектеп №5 2025.

  9. Бастауыш мектеп №6 2025.

  10. Қазақстан мектебі №4 2025.

  11. Оқушылардың шығармашылық әрекетін дамытудың кейбір ғылыми-педагогикалық проблемалар.2024.

  12. Баланың шығармашылық қабілетін дамытудың педагогикалық шарттары мен іс-әрекет бағыттары. Бастауыш мектеп №5,6 / 2024.

  13. Шығармашылық үрдіс // Бастауыш мектеп №12 / 2025.

  14. Шығармашылық әлеуетті ынталандыру және қалыптастыру..2025

  15. Оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту.2024.

  16. Дарынды балалардың шығармашылық қабілеттерін анықтау теориясы.2024.

  17. Қошанова М. Оқыту үрдісіндегі көрнекілік әдіс.2021.

  18. Сардарова Ж. Жаңа ақпараттық технологияның шығармашылық қабілет дамытудағы рөлі.2023.

  19. Бастауыш кластардағы оқу-үрдісінде оқушылардың қызығушылығын арттыру арқылы дамыта оқыту.2023.

  20. Танымдық шығармашылыққа баулиық.2022.

  21. Оқушылардың шығармашылықпен жұмыс істеуге баулу.2023.

  22. Оқушылардың шығармашылық қабілеттерін арттыру.2022.

  23. Оқушылардың шығармашылық қабілеттерін тәрбиелеу маңызы.2023.

  24. Оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту..2023.


Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
02.04.2026
0
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі