«Қосымша білім беруде ұлттық өнер арқылы музыкалық тәрбие берудің мән-мағынасы»

«Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің білім басқармасы» КММ
«Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның білім бөлімі» КММ
«Өнер мектебі»
Домбыра сыныбының ұстазы
Хасенов Жалгас Нурланович
Басқа өркениетті елдермен тереземіз тең болу үшін терең мағыналы, кең ауқымды «Ел болам десең, бесігіңді түзе» деген мақал тегін айтылмағаны жөнінде ойланған артық емес. Егеменді елдің ертеңі - оқу-біліммен өнегелі тәрбиемен өлшенеді. Бала болашағы - бір отбасының ғана емес, бүкіл қоғамның, халықтың, тұтас бір ұлттың бүгінін ертеңімен жалғайтын алтын көпір - асыл мұрат. Бүгінде қосымша білім беру мекемелерінде тәрбиеленіп жатқан бүлдіршіндердің арасынан болашақ небір майталман өнерпаздар, әншілер, жазушылар, ақындар қайраткерлер бір сөзбен айтқанда талай-талай мамандьқ иелері шығуы әбден ықтимал. «Бұлақ көрсең - көзің аш» - демекші солардың бойындағы әлі бүршік жармаған небір адами қасиеттерін ерте бастан байқап, жақсы нышандарға қарай баулу ең алдымен ата-ана мен педагогтердің сезімталдығы мен ізденімпаздығына көп байланысты. Осы маңызды міндетті орындау үшін баланың жалпы музыкалык қабілетін дамыту керек.
Бірінші мақсат музыкалық шығарманың сипатын сезіну, естігеніне бірге куану не күйіну, музыкалық бейнені түсіне білу. Музыка баланы толғандырады, қабылдаушылық қабілетін оятады.
Екіншіден баланың тыңдау кабілетін арттыру, неғұрлым жарқын және түсінікті музыкалық құбылыстарды салыстыруға, баға беруге баулу. Мүның өзі ең қарапайым музыкалық дыбысты тыңдап, ести білу мәдениетін, кейбір бейнелеу құралдарына ден қойып, еркін тыңдау қабілетін ояту.
Үшіншіден бала музыканы тыңдай отырып әнді, ойынды, көркем кейіпкерлерді, биді көз алдына елестете отырып өзінше қабылдайды. Мысалы, бала салтанатты адымдап келе жатқан сарбаздарға, маң-маң басқан аюға, үркек қоянға т.б. тән бейнелі қимылды іздейді, өзі орындайды. Музыка баланың сезімдеріне тікелей әсер ете отырып адамгершілік бейнесін қалыптастырады, жалпы бейімдеушіліктің дамуына қарай балалардың музыкаға деген әсерлі көзқарасы қалыптасып, есту қабілеті жетіле түседі, шығармашылық елестету сезімі пайда болады. Мысалы, «Туған жер» туралы, «Қазақстан» туралы әндер Отанымызға деген сүйіспеншілік сезімдерін туғызады. Музыканы қабылдау ақыл-ой үрдісімен де тығыз байланысты, яғни балалардың дыбыс үніне зейінді байқағыштықты, тапқырлықты талап етеді. Балалар дыбыс үніне құлақ салғанда, ұқсас және өзгеше дыбыстарды салыстырып, олардың бейнелік мәнімен танысады, көркем бейненің мағыналық ерекшеліктерін байқайды, шығарманың құрылымын түсіне білуді үйренеді. Өнер баланың әлемді тануына, саналылыққа, халықтың мәдени мұрасы байлығына рухани сусындауына, батылдық сезімдеріне, азаматтық, адамгершілік касиеттеріне бір сөзбен айтқанда жан-жақты адам болып қалыптасуына тәрбиелейді. Күй – қазақтың рухани мәдениетінің аса маңызды саласы. Халық композиторларының күйлері ұлы оқиғаларды, өмір шындығын суреттеген. Халық күйшілері әр түрлі ортада, әрқилы тұрмыста өмір сүргендіктен күйлердің айтайын деген ойы-мағынасы сан алуан. Ұлттық мәдениетіміздің түрлеріне: халық билері мен ән-күйлеріне, халық аспаптары арқылы төл мәдениетке ерекше көңіл белдік. Мақсатымыз балалардың бойына музыкалык тәрбие беріп қана қоймай, халқымыздың ғасырлар қойнауында қалыптасқан педагогикалык тәлімімен қиюластыра отырып, ұлттық мәдениетіміз бен өнерімізге деген сүйіспеншілігін оята білу.
Ол адам бойындағы барлық асыл қасиеттерді қастерлеп, мәпелеп, аялап баптау арқылы мысқылдап жиналады да біртіндеп кәсіпке, одан шеберлікке ұласады.
ЖАС ҰРПАҚТЫ МУЗЫКА АРҚЫЛЫ ТӘРБИЕЛЕУ
Қандай мамандық болсын өзіне тән ерекшеліктері бар. Қосымша білім беру педагогінің де жеке тұлғалық ерекшеліктері бар. Негізгі міндет: оқу, тәрбие жұмысын атқарып, оқушылардың көзқарастарын сендіруі қажеттілігін, мұратын қалыптастырады. Ол жай ғана білікті адам емес, өз пәнін жақсы меңгеріп және жоғары тұлғалы дәрежелі мұғалім болу керек. Қосымша білім беру педагогі өз сабағын шығармашылықпен ұйымдастыра отырып, әрбір сабақтың оқу-тәрбиелік міндетін, оның мақсатын алдын-ала бағдарлай біліп, қажетті әдіс-тәсілдерді таба білу, оқушының белсенділігін арттыру үшін өз сабағында баланың музыкалық шығармашылық қабілетін қалыптастыратын рухани байытатын құрал ретінде қарау мәселесін сезіне білуге дағдылануы тиіс. Мұғалім туралы қазақтың аса көрнекті қайраткері, ақын, аудармашы-ғалым Ахмет Байтұрсыновтың «Ең әуелі мектепке керек білімді, әрі педагогика, әдістемеден хабардар, оқытып білетін мұғалім» - деп баға бергені бүгінгі күнде де өз мәнін жойған жоқ.
Қосымша білім беру педагогінің қызметі – ұйымдастырушылық, танымдық, эмоционалдық т. б. біршене бағытта жүргізіледі.
Ұйымдастырушылық бағыт - мұғалімнің оқыту, тәрбиелеу процесін жоспарлау және ұйымдастыруға құрылады. Бұл оқу материалын іріктеу, оқу және тәрбие жұмыстарының түрлі формаларын, сабақ жүргізу барысын ұйымдастыру т. б.
Бұл үшін мұғалім мынадай заңдылықтарды білуге тиіс:
а) қосымша білім берудегі музыкалық қызметті ұйымдастырудың негізгі формаларын;
ә) ұлттық бағдарламаның мазмұнын, оның идеялық-теориялық негізін, дидактикалық принциптері мен әдістерін;
б) музыкалық шығарманың көркемдік және тәрбиелік мәнін;
в) оқушылардың жас ерекшеліктерін білуге;
г) оқыту-тәрбиелеу процесін ұйымдастырудың формалары мен әдістерін әр сынып деңгейіне байланысты таңдай білуге;
Танымдық бағыт мұғалімнің, оқушылардың ой-қызметін басқаруына байланысты құралады. Бұл үшін мұғалім:
а) ғылыми-теориялық, әдіснамалық және психологиялық- педагогикалық негіздерін білуге;
ә) білім мен дағдының дидактикалық принциптерінің қалыптасуын қадағалауға;
б) танымдық процестердің мүмкіншіліктерін және ақыл-ой қызметін бірте-бірте жетілдіру арқылы басқаруға;
в) оқытуды анық психологиялық түсініктемелер арқылы құра білуге;
г) пәнаралық байланысты қолдана отырып жүйелі білім беруге;
Қорытындылай келе, қосымша білім берудегі музыкалық өнер – балаларды тәрбиелеу құралы. Халық музыкасы сезімді, көңіл-күйді оятады, ал көңіл-күй психологиялық күйді тұрақтатады. Психологиялық күй адам санасында өмірге деген белгілі дәрежелі қатынасты бекітеді. Музыка өмір қозғалысында даму динамикасында шындықты бейнелейді. Музыканың мазмұны сезім, эмоцияға көңіл-күй болып табылады. Әдістеме – дидактикалық қағидалар негізінде әдіс-тәсілдер, мақсаттар мен міндеттер оқу-тәрбие үрдісін құратын педагогиканың бір саласы болып табылады. Халық музыкасы, халық әуені мен әуезі – тұлғаны оның сана-сезімін, құндылық қондырғысын, мінез-құлқын, адамгершілік қабілетін қалыптастырудағы ең күшті құрал. Қазақ халқының музыкалық мәдениеті – ұлттық ерекшелік болып саналады. XX ғасырдың музыка – тануында бүкіл дүниежүзінің музыкалық мәдениеті дамуы жағынан алуан түрлі екендігі бәрімізге мәлім, әрбір мәдениеттің музыка феномені әр түрлі болады да, тарихи жағында да әр түрлі болды.
Жалпы қорыта келе айтқанда оқушыларда музыка өнеріне дүниетанымын қалыптастыруда, халық қазынасын, халық тағылымын халық музыкасын тыңдатудың үлкен маңызы бар. Ал балалардың қаншалықты музыканы қабылдай алу дәрежесі мұғалімнің шеберлігіне және сабақта әдістемелерді дұрыс қолдана білуіне байланысты. Оқушылар музыканы қоршаған ортаны, өмір мен адамның сезімін бейнелейтін құралы ретінде түсінеді.
Қосымша білім беруде ұлттық өнер арқылы музыкалық тәрбие беру оқушыларды рухани-адамгершілікке тәрбиелеу, болашағына жол сілтеу – бүгінгі қажетті, кезек күттірмес мәселе. Рухани-адамгершілікке тәрбиелеу білім берумен ғана шектелмейді. Баланың сезіміне әсер ету арқылы ішкі жан дүниесін ояту нәтижесінде оның рухани-адамгершілік қасиеттері қалыптасады. Құрманғазының күмбірлеген күйін, Тәттімбет, Дина сияқты аттары аңызға айналған күй құдіреттерінің әсем де, сазды әуендерін бойына сіңіріп өскен жас жаман болмауы тиіс. Қазақтың ән өнері мен күй өнерімен сусындап өскен баланың бойында адалдық, тазалық, сенімділік, өзіне деген құрметі болады.
Демек, рухани-адамгершілік тәрбиесіндегі басты мәселе – баланы құрметтеу. Сондықтан, әрбір оқушы өзін-өзі рухани жетілдіру үшін, өзін тәрбиелеуге, өздігінен білім алуға ұмтылуы қажет екенін түсінуі тиіс деп ойлаймын. Өзінің оқушысын өз бетінше білім мен тәрбие алуға үйретпеген ұстаз қазір түпкі нәтижеге қол жеткізе алмайтынын біледі. Бала ықпал ету объектісі емес, ынтымақтаса қызмет ететін тұлғаға айналуы тиіс.
Әдебиеттер тізімі
1. Асқарбекова Ғ. Қазақстан мектебі «Айтыс өлеңдерінің тәрбиелік мәні» 2001 ж, №2, 40-43 б.
2.Есжанов Г. «Музыка сабағының тәрбиелік маңызы. Бастауыш мектеп». 2000 ж. №3 9-10 б.
3.Қалиев С., Жарықбаев Қ. «Қазақ тәлім – тәрбиесі», Алматы, «Санат», 1995.
4. Музыкалық-эстетикалық тәрбие туралы. //Қазақстан мұғалімі. 1989 ж. 21 апрель.
4.Ұзақбаева С. «Тамыры терең тәрбие», Алматы, «Білім», 1995.
5. Ұзақбаева С.А. Оқушыларға музыкалық-эстетикалық тәрбие беру. Алматы, 1998.
6. Ұлт тағылымы №3. 2004.
25-бет. 21.Ұлт тағылымы №4. 2004.
45-бет.
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Қосымша білім беруде ұлттық өнер арқылы музыкалық тәрбие берудің мән-мағынасы

шағым қалдыра аласыз