жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Қозғалмалы ойындар
Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі
Павлодар қаласы « Қ. Бекқожин атындағы жалпы орта білім беру мектебі» мемлекеттік мекемесі
Қозғалмалы ойындар
(дене шынықтыру мұғалімдеріне арналған әдістемелік құрал)

Орындаған: дене шынықтыру мұғалімі
Ю. П. Классен
2021 ж
Мазмұны
|
|
Алғы сөз.............................................................................................. |
3 |
|
|
Дене шынықтыру сабағында меңгеруге арналған қозғалмалы жаттығулар..................................................................... |
4 |
|
|
Баскетбол ойынын техникасын меңгеру және оны бекітуге арналған қозғалмалы ойындар.......................................................... |
5 |
|
|
Қолданылған әдебиеттер................................................................... |
16 |
Алғы сөз
Дене шынықтыру тәрбиесінің басты мақсаттарының бірі өскелең ұрпақтың дене шынығуын және оның дамуының үндесуі.
Қозғалмалы жаттығулар мен қозғалмалы ойындар жас ағзаның барлық органдары жетілуінің әмбепбаптық құралы болып саналады. Аталмыш жаттығулар мен ойындар балалардың тек физикалық жағынан дамытып қоймай, сонымен қатар интелектуалды және психологиялық тұрғыдан дамуына әсері зор.
Мектеп оқушысын білім алумен тәрбиелеу бағдарламаларына аталмыш жаттығулар мен ойындар міндетті түрде кіргізілуі керек.
Балалардың әр түрлі заттарды дұрыс, нақты лақтыруына, ұстауына, ұстап алуына, бірі – бірінің қолына беруге үйрету, дененің қозғалыспен үндесуі – балалардың қозғалыс дайындығын жылдамдатуға, оқушының тұлғалық қасиеттерінің дамуына да көмегін тигізеді.
Аталмыш әдістемелік құралда қозғалмалы жаттығулар мен қозғалмалы ойындар берілген, мында баскетбол ойнау техникасын меңгеру толығымен көрсетілген.
Дене шынықтыру сабағында меңгеруге арналған қозғалмалы жаттығулар.
Ойын техникасын үйретуде қозғау техникасынан басталады. Дене тәрбиесі мұғалімдері мен спорт клубтарының тренерлері келесі жаттығуларды пайдаланады.
Қозғалу.
Жүгіру. Жүгіру кезінде қарапайым дағдыларды пайдаланған кезде алаңда тоқтау. Жүгіріс кезінде қарапайым дағыдылар пайдаланып, алаңға аяқты дұрыс қою техникасын, атап айтатын болсақ қарапайым жүгіру дағдылары қолданылады. Табанды алаңға дұрыс қою техникасы пайдаланылады.
Типтік жаттығулар:
Кәдімгі жүгіріс. Жүгіру жылдамдық - сигнал бойынша басталады. Кәдімгі жүгіріске өту. Әр түрлі сигналдар бойынша – жылдамдату үшін ауыстырып отыру қажет: отырып-тұру, бұрылу, секіру. Қатысушылар сапқа 2-3 қадам аралығымен тұру. Белгіленген ориентир бойынша топ адыммен немесе жүгіріспен орташа темпен қозғалады. Ориентирден серпіну өздігінен орындалады. Берілген сигнал бойынша орнында жүгіру адымнан басталып, сигналдан соң үдету жүгіріске айналады. Қатысушылар 8-10 метрге стартты үдету жүгіріспен бастайды.6 тұру мәнері: бетпен алға, арқамен, жартылай бұрылыспен т.б. Олар дыбыстау және көру сигналдарымен орындалады.
Қатысушылар 1-1,5 метрге бөлінген пунктілерден бірінің соңынан бірі жүреді. Мақсат, алдындағы партнерін озып кету.
Қиғаштау бойынша жүгіріс. Оқытушы күтпеген жерден жүгірушіге қарсы шығады, ол соқтығыстың алдын-алу үшін уақытында бағдарын өзгеруі тиіс. Шеңбер бойынша жүгіріс кезінде бір- бірлерінің артынан, алдына –ала екінші адымды санап алған жөн. Берілген сигнал бойынша жүрісті жылдамдатып, алдыңдағыны басып озу қажет.
Лекте. Оқушылар кезекпен допты алға—4-5 метрге жоғары лақтырады, содан ол жүгірісін жылдамдатып доп жерге түспейінше ұстап алуы тиіс.
Партнермен жұмыс жасаған кезде бір- бірінін қарап, аралары 1-1,5 метр болуы тиіс.Әр қайсысында алаңшада гимнастикалық таяқ болы тиіс, осы таяқ арқылы тіке қалыпты сақтауға көмегін тигізеді. Сигнал бойынша өз таяғын қойып, қарама- қарсы партнердің лақтырған таяғын алаңшаға түсірмей ұстап алу керек.
Аялдау.
-
Бірқалыпты жүгіріс аялдаумен ( еркін).
-
Алдында белгіленген жерде тоқтау.
-
Кенеттен болған сигнал бойынша тоқтау.
-
Келесі белгіленген тізім бойынша аялдау: ориентир немесе сигнал бойынша аялдау; бір орында бұрылып тоқтау; допты ұстап алған соң тоқтау.
Бұрылыстар.
-
Барлық бұрылыс жаттығуларын оң немесе сол аяққа тіреп жасау керек.
-
Мысалға берілген жаттығулар:
-
Барлық қатысушылар алаң жағында қозғалады. Команда бойынша аялдау немесе белгіленген бұрылыс орындалады (алға немесе артқа).
Топта төрт адамнан, лекке тұрады, олардың аралықтары 3-5 метр, алғашқы тұрған жүгірісті толық адымнан бастап екіншінің алдында тоқтайды, көп аялдамай бұрылып, екінші ойыншы бұрылғанша тоқтамайды. Бұрылыстар еркін орындалған кезде, кедергі жасауды кірістіру керек және содан барып белсенділеу керек. Мысалы: ойынға қатысатындар бірінің артында бірі тұрады. Алдында тұрған оқушы, жаттығуды орындауда қолындағы допты партнерінің қолына бермеуге тырысады.
Секірулер.
Алдымен бір орнынан секіру іске асырылады, содан соң ғана қозғалыс.
Жаттығулар:
Екі аяқпен гимнастикалық орындықтан секіру, орындық алдында түріп секіру. Осындай жаттығуды жартылай бұрылып орындалады. Орындыққа жартылай бұрылып тұрып, орындықтан бір аяқпен секіру керек.
Бір орында бір аяқпен(он, сол) алға секіру керек. Сапқа үш- үштен тұру қажет. Екі партнер бір – біріне алдынан секіріп шығып допты беруі тиіс, ал үшінші олардың арасында болады, берілген доптан секіру тиіс.
Баскетбол ойынын ойнағанда техниканы меңгеру және оны бекітуге арналған қозғалмалы ойындар
Ойын: «Допты алып жүру себетке дәл түсіру эстафетасы».
Дайындық. Ойын баскетбол алаңында ойналады. Ойынды өткізу үшін екі баскетболдық доп болуы тиіс. Ойыншылар екі топқа бөлініп, сапқа оң жақ бұрышта бір – біріне қарама – қарсы тұрады. Старттық сызық – алдыңғы сызық болып саналды. Алдында тұрған ойыншылар старттық сызыққа жақындап, әрқайсысы доп алады. Ал басқалары артқы сызық бойынша тұрады.
Мазмұны. Жетекшінің командасы бойынша «Дайындал! Жүгір!» дегенде бірінші ойыншылар алға жүгіріп, допты жерге соға отырып, қарама – қарсы жақта тұрған қалқанға соғып немесе допты себетке түсірулері тиіс, содан соң допты жерге соға отырып алаңның ортасына жетіп, келесі ойыншыға допты беруі тиіс. Ойын барлық ойыншылар белгіленген тапсырманы орындап шықпайынша аяқталмайды.
Ойынды тез қатесіз аяқтаған команда жеңімпаз аталады. Егер команда ойынды кештеу аяқтаса, бірақ қате жібермесе, ол да жеңімпаз аталады.
Тәртібі:
-
Алғашқы ойыншыларға белгіленген сигналсыз ойынды бастауға болмайды, ал келесі ойыншылар допты ұстап алмайынша әрі қарай жалғаспайды.
-
Доптың соңынан жүгіруге болмайды, допты әрдайым жерге соғып жүгіру керек.
-
Ойыншы қайтып келе жатқанда допты белгіленген жерден ғана өз командасына лақтыруы тиіс.

Сүрет 1. «Допты алып жүре себетке дәл түсіру эстафетасы»
Ойын: «Допты ортаншысына беру»
Дайындық. Ойынды бастау үшін баскетбол добы қажет. Ойыншылар екі топқа бөлінеді, әр команда шеңбер бойынша жарты адым қашықтығымен тұрулары тиіс. Екі команданың ойыншылары реттік нөмір бойынша саналады. Бірінші нөмірлі ойыншылар шеңбердің ортасына доппен шығады.
Мазмұны. Жетекшінің сигналы бойынша шеңбердің ішінде тұрған бастапқы ойыншылар екінші нөмірлі ойыншылар допты алып, үшінші нөмірлі ойыншыларға береді. Содан соң ойын қайталанады. Ортада тұрған бастапқы ойыншы допты соңғы ойыншыдан алған кезде, ол екінші нөмірлі ойыншыға беріп, орнымен ауысады. Ойыншы ортада тұрған басқа ойыншының орныда болып өткен соң ғана ойын аяқталады.
Ереже.
-
Допты алдына – ала белгіленген тәсілмен беруге болады.
-
Доп барлық ойыншыға белгіленген қатаң тәртіп бойынша беріледі.

Сүрет 2. «Допты ортаншысына беру»
Ойын: «Допты капитанға беру»
Дайындық. Ойыншылар екі тең топқа бөлінеді: әр топ капитанмен алушыны сайлайды. Шеңбердің ортасында капитан тұрады.
Мазмұны. Жетекшінің сигналы бойынша доп алаңға лақтырылады. Допты бірінші алған әр команданың ойыншысы өз командасының алушысына лақтырады, ал алушы өз тарапынан доп ұшып келе жатқанда ұстап алуы тиіс. Топтын алушылары бірінші допты ұстап алса, ойын қайта басталады, допты ұстап алған команда ұпай алады. Ұпайды көп жинаған команда жеңімпаз атанады.
Ереже.
-
Доппен жүгіруге рұқсат берілмейді, ойыншы екі қадамнан артық жасамауы керек, үшінші адымда ол допты басқаға беруі тиіс.
-
Допты ұшып келе жатқанда немесе қарсыласынан ұшқан кезде ұстап алуы тиіс.
-
Егер екі ойыншы бір уақытта допты ұстап алса, даулы доп беріледі.

Сүрет 3. Допты капитанға беру
Ойын: «Доптың артынан серпілу»
Дайындық. Ойыншылар екі командаға бөлініп, алаңнның бір жағында бір қатарға тұрғызылады. Әр топ реттік нөмір бойынша саналады. Топтардын алдынан старттық сызық сызылады. Жетекші доппен топтардын арасында тұрады.
Мазмұны. Кез келген нөмірді атап, жетекші допты алға қарай лақтырады. Аталған нөмірлі ойыншылар доптың артынан жүгіреді. Кімде- кім допты бірінші болып қолын тигізетін болса, сол командасына ұпай әкеледі. Содан соң допты жетекшіге әкеледі. Ал жетекші ойынды қайта жалғастырады. Көп ұпай жинаған команда жеңімпаз атанады.
Ереже.
-
Жүгіруді орташа немесе жоғары старттан бастауға болады.
-
Егер екі ойыншы бір уақытта допқа қол тигізетін болса, әр командаға бір ұпайдан қосылады.

Сүрет 4. «Доптың артынан серпілу»
Ойын: «Баскетбол доппен»
Дайындық. Баскетбол алаңында еркін команда (4-6 ойыншыдан) жайғасады. Капитандар ортаға шығады.
Мазмұны. Жетекші екі команданың арасында үрленген допты лақтырады, содан соң доп екі команданың біруіне түседі. Ол команданың ойыншылары бір- біріне допты беріп отырады. Доп баскетболдық қалқанға тиген кезде команда ұпай жинайды. Ойын басталғаннан кейін 5 минут өткен соң ойын тағы 10 минут жалғасады. Көп ұпай жинаған команда жеңімпаз атанады.
Ереже.
-
Ойын кезінде басқа ойыншыларды итеруге, сондай-ақ допты қолына алып жүгіруге болмайды.
-
Ережені бұзғаны үшін доп басқа командаға беріледі.
Ойын: «Пингвиндер жүгірісі»
Дайындық. Старттық сызық бойынша командалар сапқа тұрғызылады. Алдында тұрған ойыншылар аяқтарының ортасына баскетбол добын қысады.
Мазмұны. Жетекшінің сигналы бойынша допты сандарымен қысып тұрған ойыншылар ойынды бастайды, белгіленген межеге дейін барып қайта қайтып келуі тиіс, сосын допты қолмен өз командасының екінші ойыншысына беруі тиіс. Өз жұмысын атқарған ойыншы, лектін соңына келіп тұрады. Эстафетаны қатесіз, тез орындаған команда жеңімпаз атанады.
Ереже.
-
Ойын жетекшінің сигналы бойынша басталады.
-
Егер доп жерге түсетін болса, онда оны қайта сол тәртіппен ойынды жалғастыру керек.

Сүрет 5. «Пингвиндер жүгірісі»
Ойын: «Доппен жарысу»
Дайындық. Ойыншылар алаңның ортасына бір қатарға тұрады. Бір команда оң жақта, екінші – қалқанын сол жағында тұрады. Ойыншылар арасында қашықтық 3-4 қадам. Ойыншылар тәртіп бойынша саналады.
Мазмұны. Жетекші кез келген нөмірлі ойыншыны атап, допты лақытрады. Нөмірлері атанған екі ойыншы да алға жүгіре лақтырылған допты ұстауға тырысады. Допты бірінші ұстап алған ойыншы, команданың соңғы ойыншысына беріп, ал ол болса, қатар бойынша әрі қарай береді. Ал допты ұстай алмаған ойыншы, өз командасының ойыншыларын сол жағынан жүгіріп доптан озуға тырысады. Егер ойыншы доптан бұрын жететін болса, онда командаға ұпай беріледі. Басқа командада ұпай алады, себебі оның командасының ойыншысы допты иеленіп қалқанға тигізді. Көп ұпай жинаған команда жеңімпаз атанады.
Ереже.
-
Допты жоғалтқан ойыншы өз орнына келіп әрі қарай ойынды жалғастырады.

Сүрет 6. «Доппен жарысу»
Ойын: «Бесеуі шабуыл жасайды»
Дайындық. Баскетбол алаңында үш команда ойнайды. Бес адамды команданың 2-ші мен 3-ші зоналық қорғанысты қалыптастырады, әрқайсысының өз қалқаны болуы тиіс. Доп бірінші топта болады, олардың қарсыласы 2-ші бестік.
Мазмұны. Жетекшінің сигналы бойынша 1-ші бес адамды команда, 2-ші командаға шабуыл жасайды, олардың мақсаты допту себетке түсіру. 2-ші команда допты қолына түсірген соң, тоқтап 3-ші командаға шабуыл жасайды. Допты жоғалтқан 1-ші команда 2-команданың орнына зоналық қорғанысты қамтамасыз етеді. 3-ші команда қолына допты түсірісімен 1-ші командаға шабуыл жасайды. Ойын уақыты 10-15 минут.
Ереже.
-
Ойын жетекшінің сигналымен басталады. 2. Ойын баскетбол ережесімен өтеді.

Сүрет 7. «Бесеуі шабуыл жасайды»
Ойын: «Белгілеушілер»
Ойыншылар қол созым қашықтықта шеңбер бойынша тұрады. Олардың алдынан сызық сызылады. Шеңбер ортасында 2-3 адам тұруы тиіс. Ал 10 адамнан артық ойыншы болатын болса, онда шеңбер ортасына 1 ғана адам тұрады. Ойншылар допты ауа арқылы да, жерге соғу арқыы бір- біріне беруі тиіс, ал допты ұстай алмай қалған адам болса, ортада тұрушылардың міндеті- допты алып, оған белгі қою керек. Допты ұстай алмаған ортадағы ойыншының орнына шығады.
Ойын: «Мини – баскетбол»
Дайындық. Ойын баскетбол алаңында өтеді. Ойыншылар екі тең командаға бөлінеді. Бір –біріне қарама- қарсы сол бұрыштан сапқа тұрады. Старт сызығы ретінде беткі сызық саналады. Алдыңда тұрғандар старттық сызыққа тұрып, допты қағып алады. Ал қалғандары шеткі сызықта тұрады.
Мазмұны.

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген